289
Жинақтағы өлеңдері бір-бірімен сабақтаса келіп, бөлінбес біртұтас
жұмыр дүниеге айналып сала береді. Бұл оның өлеңдеріндегі
тақырып аясының бірлігін танытса керекті.
Кезінде Міржақып шығармашылығына
қатысты ол ұлтшыл-
байшыл болды, ұлт мəселесін көтере отыра, буржуазияның сой-
ылын соқты, əлеуметтік теңсіздікті көре білмеді деген пікірлер
көп айтылды. ХХ ғасыр басындағы
ағартушы-демократтар бұл
мəселені мейлінше мол жырлағаны мəлім. Өзіндік бағыт-бағдары,
ұстанған əдеби қағидасы болғанмен, сол тұстағы əлеуметтік
мəселелерден Міржақыптай ақынның тыс қалуы мүмкін емес еді.
ХХ ғасыр басындағы ақындар əлеуметтік теңсіздікті көрсетудің
басты шарты ретінде əйел теңсіздігін алғанын жоққа шығара ал-
маспыз. Қазақ ақын-жазушыларынан кезінде бұл мəселеге соқпай
кеткені кемде-кем.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген көзі ашық, көңілі сара ақын
қазақ қыздарының басындағы бұл қайғы-қасіретке
жаны егілмей
тұра алар ма?! Əйел теңсіздігі тақырыбына көлемді жанрдағы
алғашқы қадам болып табылатын “Бақытсыз Жамал” романын бы-
лай қойғанда, ақын “Оян, қазақта” да бұл мəселеге қалам сілтемей
қала алмады.
“Жесір даулары хақында” өлеңінде жесір дауы, қалың мал дəстүрі
сынға алынады. Ақын əдетке айналған ескі дəстүрдің бүгінгі уақыт
талабына
ілесе алмайтынын ашық айтып, ескі салттың тамырына
балта шабудың қажеттігін өмір өзі көрсетіп отырғанын дəлелдей
алды.
Қазақ əйелінің
көрген қорлық-зорлығы, қазақ балаларын жа-
стай үйлендіретіні,
көп қатын алу, əмеңгерлік сияқты мəселелерді
Міржақып осы өлеңінде тілге тиек етіп, бұларды қазақ қоғамындағы
əлеуметтік теңсіздіктің бір белгісі ретінде көрсетеді.
Адамның қызығады малына адам,
Адамдығын санайды тағы адам.
Баланың қор болуын ойламайды,
Қылады өз басының қамын адам.
Міржақып бірақ жалпы қазақ қанына сіңген құдандалыққа,
елдің сыйластығының белгісі ретіндегі “қалың малға”
қарсы
емес. Жастардың өз еркімен үйленіп, екі жақты келісім болғанын
қалайды: