А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Лирикаллық шығармалардың өзіндік ерекшелігі, оны талдауда



Pdf көрінісі
бет73/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (3)

Лирикаллық шығармалардың өзіндік ерекшелігі, оны талдауда 
оқушының таным белсенділігін арттыру жолдары. Лирикалық шығармаға 
поэтикалық тіл қызмет етеді. Поэтикалық тіл ақынның жан тебіренісін, биік 
сезімін жарыққа шығарады. Образды ой мен поэтикалық тілдің тереңіне 
үңіліп, лирикалық қаһарман арқылы жарыққа шығатын авторлық 
толғанысты, дүниетанымды, ақындық мақсат, мүддені, сезім-күйді тану, 
оқушыларға ғана емес, ересектер үшін де біршама күрделі. Авторды жете 
түсіну үшін дүниетанымдық, тілдік әлеуеттің де жоғары болуы қажет. Ал, 
оқушыларда бұл әлі қалыптасу үстіндегі үдеріс.
Кӛркем шығарманың тууы мен оқырман санасында сәулеленуінде 
үштік одақтың бірлігі болуы керектігі кейінгі зерттеулерде жиі айтылып жүр. 
Сонда таным, дискурс автор → кӛркем шығарма → оқушы арасында қалып-
тасады. Автор ӛмір сүрген уақыт, орта, кезең, таным-түсінік, құндылықтың 
кӛркем шығармадағы бейнесін оқушының қабылдауы, түсінуі, зерделеуі, 
бағалауы кӛптеген факторларға қатысты. Мәселен, жыраулық поэзияның 
дүниеге келген тұсы мен бүгінгі уақытты немесе ХVІІІ –ХІХ ғасыр 
туындыларын, тіпті кешегі кеңес кезеңіндегі шығармалардағы уақыт, кезең, 
құндылық бүгінгі ұрпақ санасында қалай жаңғырады? Белгілі бір дәрежеде 
түсіну болғанымен, түйсіну қаншалықты жүзеге асады? Бүгінгі уақыт пен 
құндылық қандай, оның арақатысы қаншалықты деген мәселелер туындайды. 
Поэтикалық мәтінді зерттеген кӛптеген ғалымдар поэтикалық тілдің
табиғатын жан-жақты қарастырады. Кӛркем мәтінге филологиялық талдау 
жасаған Ю.В.Казарин. Поэтикалық мәтінде ой ӛрнегі бірнеше формада 
кӛрініс табатынынын айтады.
- Ӛлеңдегі графикалық форма (тармақ, шумақ, шрифт, тіпті мәтіннің 
жазылу қалпы мен түсі де енеді); 
- Ӛлеңнің дискурстық формасы (екпін, қарқын, ырғақ, әуенділік 
белгілері); 
- Ӛлеңнің фонетикалық (фондық) формасы (мәтіннің мағыналық 
фонының құрылымы); 
- Ӛлеңнің тілдік формасы (поэтикалық мәтіндегі тіл бірліктері ӛрне-
гінің жиынтық жоспары). 
Кӛркем шығарманы талдаудағы басты ұстаным мазмұн мен пішінді 
(форманы) бірлікте қарастыру екендігі белгілі. Кӛркем мәтінмен алғашқы 
ұшырасуда кӛзге кӛрінетіні оның формасы. В.Г.Белинскийдің айтқанындай 
«Сӛз - ойдың кӛрінісі», яғни ойдың киімі - сӛз. Автор толғанысы мен ой 
түйінін қандай сӛзге орады, қандай сӛзді таңдап, талғап алды? Ойды қалай 
ӛреді? Бұл ӛлеңнің алғашқы қалпында кӛзге ұшырасады. Ӛлеңнің графикалық 
формасы кӛркем шығарманың бейтарап қалпы сияқтанғанымен, мәтінді 
визуалды қабылдауда, белгілі бір дәрежеде, алғашқы әсерді қалыптастырады. 
Сондықтан кӛркем шығарманы талдаудағы кӛрнекі құралдың бірі кӛркем 
мәтіннің ӛзі болуы заңды.
Ӛлеңнің дискурстық формасы оқушының кӛркем шығарманы кӛркем 
қабылдауын ұйымдастыру міндетіне қызмет етеді. Әдіскер-ғалым
Ә.Қоңыратбаев: ... «Я. А. Коменский әсерді, адамның қабылдауын сезімінен 


160 
бастайды. Бала қай затты болса да әуелі бес сезім арқылы (кӛру, есту, қол, 
тіл, сипау) танып біледі. Балаға керегі сӛз, ереже емес, кӛркем сӛздің ӛзін 
тӛтелеп оқып, содан білім, әсер, қоғамдық таным алу. Соның кӛбін бала 
мәтіннің ӛзінен ғана алады. Алғашқы жинақтау – кіріспе сӛз емес, тексті 
оқудан ӛткізіп, соның нақты мазмұнын игеру. Оқудан соң шығарманың 
тақырыбын тапқызсақ – бұл тексті оқудан туатын алғашқы жинақтау болмақ. 
Екінші саты – сол шығарманың формасын таныту. Бұл – арқылы категория-
сына құрылған жұмыс, танымның ғылыми сатысы. Оның шығарма идеясын 
тапқызу арқылы жинақтаймыз. Соңғы жинақтау тұсында болса сол екі оқудан 
алған білімі мен әсерін ӛздігінше игеріп байытады. Бұл үш сатының үшеуі де 
жүйелі түрде жатығу арқылы іске асады. Ол тез саналы оқуға (қол), есте 
қалдыруға негізделеді. Жүйелі түрде жүргізілген жаттығулар білімді дағдыға 
айналдырады. Бізде де нақты тексті сабақтан алшақтатып, немесе соның 
мазмұнын кіріспе сӛзбен қабаттастырып ӛзі айтып беріп, жүрдек, саналы 
оқуға, шығарма мазмұнын игеруге мән берілмейтін жайттар бар. Ондайда 
мұғалім негізгі обьект болған кӛркем мәтінен де, оқушыдан да қол үзеді. 
Сӛйтіп, бос сӛзге әуес мұғалімдер текістің ӛзін оқудан туатын алғашқы 
сезімдік қабылдауды елемейді»
1
– дейді.
Ендеше кӛркем қабылдауды ұйымдастыруда ӛлеңді мәнерлеп оқуға 
басымдық береміз. Мәнерлеп оқу кӛркем мәтінді аудиалды қабылдаудың 
тетігі. Автордың ой-пайымымен кӛркем шығарманы сӛйлету күрделі
әрекеттің бірі. Кӛркем мәтіннің болмысына терең бойлап, жете меңгермейін-
ше оны сӛйлету қиын. Ӛлеңдегі әр сӛз, бунақ белгілі ой ағымын ұсынады. 
Оны дәл сол мәнінде тиісті ырғағымен оқу үлкен шеберлікті талап етеді.
Т.Ф.Қурдюшева орта мектеп іс-тәжірибесіндегі кӛркем шығармаларды 
қабылдаудың тиімділік әсерін 4 кезеңге бӛліп қарастырады. 1 кезең – 
қабылдауға дайындық; 2 кезең – мәтінді оқытудан кейін қалыптасатын 
қабылдау, 3 кезең – талдау кезіндегі тереңірек қабылдау, 4 кезеңі – қабыл-
даудағы жинақтау, қортынды
2

Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында классикалық әдістердің бірі 
саналатын шығармашылық оқыту әдісінің бір тәсілі – кӛркем мәтінді 
мәнерлеп оқу. Әдіскер-ғалым З.Я.Рез шығармашылық әдістің бірнеше 
тәсілдерін ұсынады. Кӛркем мәтінді мәнерлеп оқу, сахна шеберлерінің оқуы 
т.б. Кӛркем мәтінді мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы, әуезі, қарқыны, екпіні – 
барлығы да ӛлеңді қабылдауда жағымды жағдай туғызушы компоненттер 
болып есептеледі. Ӛлеңдегі ой кідірістері, психологиялық кідірістердің де 
ӛзіндік ықпалы болады.
Мәтіннің мағыналық фонының құрылымы - кӛркем мәтіннің пішінінен 
мазмұнына қадам жасауды нұсқайтын нысан. Егер әр сӛзді таңба деп 
қарастыратын болсақ, әр таңба бір ойдың бейнесі. Поэтикалық ӛлең мәтіні
1
Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1987. -33 б. 
2
Проблемы преподавания литературы в средней школе / Под ред. Т. Ф Курдюмовой. 
– М., 1985.


161 
тарихи-мәдени, рухани болмыстың, автордың шығармашылық әлемінің 
құрылымы мен жүйесін танытатын кӛптеген таңбалардың құрылымы болып 
есептеледі. 5-сыныпта оқылатын М.Мақатаевтың «Мен таулықпын» ӛлеңінің 
мәтініне назар аударалық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет