81
Не боп қалды! Далаға жалғыз шықпа дедім ғой саған!
деп оның
таңдайын басты. – Әже... Сырттан... өліп қапты.
Әу, шыбыным.
Енді... енді ешқайда кетпейікші-а?
Мақұл, күнім, мақұл. – Әже, – деді сәлден соң тағы да.
Не жарығым?
Біздің үйге нағып ешкім келмейді?
Ұйықтай ғой, қарағым, ұйықтай ғой. Кейін бәрі де келеді. Қалампыр таң
аппақ атқанша көз ілмеді» [93, 38 б.].
Байқағанымыздай,
бұлардың
барлығы
бірінші
жақта
айтылып,
коммуникацияға жылулық, мейірім сыйлайтындай. Мәтіндегі
қарағым
қаратпасының шығу тарихы жайлы мынадай пікір бар: «Ал ең көп
қолданыстағы әрі көне сөздердің бірі «қарағым». Ол «қарашық» сөзімен тарихи
жағынан мағыналас.
Көзімнің қарашығы деген мағынаны білдірсе керек-ті.
Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» кітабының аудармасында
«Ұлым
саған айтайын өсиетін дананың, Білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым»
деген сөздерді кездестіруге болады. Соған қарағанда бұл сөздің ерте заманнан
қолданып келе жатқанын білуге болады» [119].
Мәтін зерттеуде
әрқашан мәтіннен тыс болмыс, мәдениет болатыны
жоғарыда айтылды. Ол болмыс пен мәдениетті кейіпкер тілі, баяншы сөзі
арқылы аңғаруға болады. Қазақтың өзіндік болмысы мен мәдениетін танытатын
тағы бір тілдік бірліктер – туыстық атаулар. Туыстық –
тарихи-этникалық
ұғым. Оның қалыптасуы мен дамуы белгілі бір этностың өмірімен, тұрмыс-
тіршілігімен, мәдениетімен,
әдет-ғұрып, салт-санасымен байланысты келеді.
Д. Исабеков шығармаларында бұл атаулар өте көп кездеседі. Мәселен:
«Есік
алдындағы үлкен шайла астында үш-төрт немересі пырылдап ұйықтап
жатыр. Кең төсекте аунай-аунай әрқайсысы әр тұсқа шашылып қапты. Анау,
басы төсектің аяқ жағына қарап қалғаны – үлкен баласы Жарылқаптың
ортаншы ұлы, ала мысықты құшақтап ұйықтап жатқаны – Мүсіркептің
Достарыңызбен бөлісу: