75
оларға тілтанушы, мәдениеттанушы ғалымдардың берген анықтамаларын
саралай келе, бұл ұғымдарды аялық білімнің бір түрі деп санайды: «Реалия –
белгілі бір ғана ұлттың өміріне, тұрмысына тән олардың материалдық, рухани
мәдениеттерін және тарихи-әлеуметтік дамуын көрсететін сөздер мен сөз
тіркестері» [115, 190 б.].
Реалиялар тілде, бір жағынан, белгілі бір этникалық
топтың ғасырлар бойғы жинақтаған тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші
кумулятивтік қызмет атқарса, екінші жағынан, көркем шығармаларда
қолданылу арқылы мәтіннің эмоционалды-экспрессивті мәнін күшейтетін
стилистикалық қызметімен ерекшеленеді. Осыған орай Ә. Әлметова әртүрлі
мәдениеттер мен тілдерді салыстыра келіп, реалияларды былайша бөліп
көрсетеді:
1. Тек қана бір тілге тән реалиялар, басқа тілде мүлдем жоқ: Қазақ тіліндегі
үйге кірген адамға
«Нан ауыз тиіңіз деу» (басқа тілде жоқ).
2. Екі тілде де кездесетін реалиялар. Бірақ біреуінде ол қосымша мағынаға
ие. Қазақ халқында
шай ішу шөл басумен бірге тамақтану ұғымын берсе, өзбек
халқында
шайхана – шөл басу мағынасында ғана.
3. Әртүрлі қоғамда ұқсас функциялар әртүрлі реалиялар арқылы жүзеге
асады:
Қазақ тілінде сарыауыз балапан фразеологизмі орыс тіліндегі
у него
молоко на губах не обсохло фразеологизміне сәйкес келеді.
4. Әр тілдегі ұқсас реалиялар өз ұлтына тән мағыналық бояумен
ерекшеленеді: Орыс тіліндегі
Отбивать хлеб фразеологизмі «зорлық жасау»
мағынасын берсе, қазақ тіліндегі
Нанынан айырды тіркесі «жұмыссыз
қалдырды» деген мағынаны береді [115,184 б.].
Ғалымдар мұндай реалияларды тіл мен мәдениеттің тоғысынан,
сабақтастығынан туындаған сөздер ретінде қарай отырып, оларды
этнографиялық, фольклорлық,
мифологиялық, тұрмыстық, қоғамдық-саяси,
тарихи, ономастикалық, т.б. топтарға бөледі. Д. Исабеков шығармаларынан
қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін танытатын реалияларды жиі
ұшыратамыз. Жазушының тілдік коды арқылы біз, яғни оқырман «оның»
мәтіннен тыс болмысы мен танымын, мәдениетін түсінеміз, автор арқылы сол
заманның, ұлттың, жалпы қазақ халқының өзіне тән мәдениетін көреміз.
Мысалы:
«– Күнім-ай, әшейін. Бір кесе айран да ішпеді-ау! Сен шал бүлдіріп
келгенсің ғой, баланы түн ішінде әбігерге салып. Ертең ертемен сонау
Байырқұмға жүреді екен тағы. Е, құдай, өзің жар бола көр әйтеуір. Жол-
жөнекей бірдеңеге ұрынып қалмаса жарар еді» [93, 20 б.]. Бұл мәтіннен
қазақтың қашанда Алладан жақсылықты, қамқорлықты, тыныштықты ғана
тілеген наным-сенімі көрінеді.
Алла, құдай, тәңір, жаратқан, жасаған
ұғымдары бір-біріне эквивалент синоним ретінде жұмсала береді.
«Қанағат қарын тойғызар» дейтін қазақтың құдайға шүкіршілігін айтып,
«барға қанағат» деп тіршілігін жасайтын атадан балаға дарыған қасиетін,
қазақтың қанына сіңген шүкіршілік сезімін Д. Исабеков шығармаларына арқау
еткен.
«Екі қария қуаныштан жүректері жарыла жаздап есікке жарыса
ұмтылады. Қартайғанда ата-ана перзентінің алдында бала болады екен-ау!
«Ой айналып кетейін сенен! Матасекіліңнен де айналдым-ау. Дүр етіп жетіп
келді әні, о шүкірім»
дейді екеуі» [93, 23 б.]. Анасы баласын
шүкір деген асыл
76
сөздердің бірімен атауы ерекше іңкәрлікті көрсетеді. Сол арқылы өміріне, бала-
шағасына, тұрмыс-тіршілігіне шүкіршілік танытушы ананың бейнесі көз
алдымызға келеді. Қазақтың әрбір күніне Аллаға алғысын білдіруі де жазушы
туындыларынан табылады:
«Қарекең осы өміріне күн сайын мың шүкіршілік
Достарыңызбен бөлісу: