114
екенсің десеңіз, кез келген қазақ оның аңқаулығын айтып тұрғаныңызды бірден
түсінеді. Ғылымда осы сияқты танымдық мағына арқылы қалыптасқан ұғымдар
логоэпистемалар деген терминмен аталып жүр. Логоэпистемалар, ең алдымен,
тіл мен мәдениет сабақтастығынан туындайды. Логоэпистемаларға әртүрлі
деңгейлі лингвоелтанымдық құнды тіл бірліктері жатады: сөздер, ұғымдар,
қанатты сөздер, сөз тіркестері, фразеологизмдер, прецеденттік мәтіндер, т.б.
Мұндай тілдік бірліктер нақты бір ұлт тіліне қатыстылығымен, коммуникация
барысында
қайта
құрылмайтын,
бірақ
қайта
жаңғыртыла
алатын
тұрақтылығымен, дидактикалық, символдық, семиотикалық сипаттарымен
ерекшеленеді. Ал оларды көркем шығармада қолдану автордың когнитивтік
базасының, яғни аялық білімінің кеңдігін айғақтайды. Ә. Әлметова
логоэпистемалар туралы өз еңбегінде былай дейді: «Логоэпистема өмірде бір
затқа, құбылысқа меңзей, соны нұсқай еске түсіре айтылады. Ал сол еске
түсіетін зат пен оған арнап айтылатын сөздің не ұғымның арасындағы байланыс
халықтың жадында ұмытылмай, жүздеген жылдар өтсе де, сақталып тұрған
болса, онда логоэпистема да өмір сүреді» [115, 199 б.]. Д. Исабеков
шығармаларында оның аялық білімін танытатын мынадай логоэпистемалар бар:
Төрттен жаңа асса да қолына орақ алған кішкене сіңлісінің, құрт-құмырсқа
құрт-құмырсқа мен бидайдың қылтығын жеп қоймасын деп аузы бір қабат
дәкемен таңылып, «жылаған балаға да емшек жоқ» екенін тумай жатып
түсінген бір жарым жасар інісінің әкесі болатынына қуандық.
Автордың соғыс жылдарындағы аштық кезеңді суреттеуде тілімізде
бұрыннан бар «Жыламаған балаға емшек жоқ» мәтелін қолдануы – оның сөз
таңдауындағы ең бір ұтымды тұсы деуге әбден болады. Балалық шағын
сұрапыл соғыс өрті шарпыған, әкесінен тірідей айырылған, ата-ана мейірімінен
алыс қалған бейкүнә сәбилердің жай-күйін жеткізуде дәл қолданылған тіркес.
Өздерінің сәбилік тағдырлары кісі мүсіркейтін халде бола тұрып, отқа
салса күймейтін, суға салса батпайтын Алпамысты аяды, кірпігі айқасса
түсіне ыстық күлше кіретін күйде жатып зынданға қапылыста түскен
Достарыңызбен бөлісу: