Аккузова айнур абдыжалиловна


бір атым насыбайдан қалады



Pdf көрінісі
бет64/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

бір атым насыбайдан қалады» деген қазақтың санасына сіңіп кеткен 
мақалдары шынайы достықтың белгілерінің бұзылу, бұзылмау амалдарын 
сипаттайтын аялық білімді көрсетеді. Сол арқылы ой жиегінен өткізіп, бұл 
мақалдарды кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты көрсету мақсатында 
қолданады. Қазақи ортада өсіп-өнген қарапайым қазақ жазушының бұл ойын 
қиындықсыз түсінетіні анық: «Берішке тән бір қасиет – көрсеқызарлығында. 


111 
Әкеме де оның осы мінезі ұнамайды. Біреудің жақсы малы, әсем мүлкі, ыдыс-
аяғына дейін қызыға қарайды. Сонан соң достық қарым-қатынасын көлденең 
тартып «қаладым» деп қиыла өтінеді. Бірде алады, бірде көңілі қалады. Алса-
берген адамнан жақсы жоқ, көңілі қалса – қызығуы қызғанышқа айналады. 
Былтыр қыста ол әкемнің Арқа жақтан бір сиырдың құнына сатып әкелген 
ер-тұрманын көре салып қалау сала келген. Әкем бермеді. Жалпы, исі қазақ ат 
иесінің көзі тірі тұрған көзінде ер-тұрманын сұрамайды, ол жаман ырым
Ер-тұрман әке өлсе балаға, аға өлсе ініге мұра боп қалады, мұрагер жоқ болса, 
марқұмның үзеңгі досы мен көңілі жақын адамына аманат ретінде 
тапсырылады. Сондықтан әкем тіксініп, үзілді-кесілді бас тартқан. Беріш 
тойған масадай торсиып кеткен. Сол бойы үйге де келмей әкеммен жарты 
жыл бойы араз боп жүрді. Ақырында әкем оған күміс сапты қамшысын беріп, 
үйге шақырып, ескі кірбіңнің ізін жуып-шайған болды. Ақ көңілмен ұсынылған 
қамшы түрткі болды ма, әлде, ол оқиғаның әлдеқашан ескіргені себеп болды 
ма, әкем шақырғанда, ол да маңғазсымай әйелі, үлкен қызы үшеуі кештетіп 
жетіп келді. Бұл жолы Беріштің көңілі қатты қалып, әкеммен арадағы ала 
арқанын біржолата үзіп кеткен секілді» [93, 47 б.]. Қазақтың ата салтында ер-
тұрманды сұрауға болмайтынын, ол атадан балаға мұра болып қалатын 
жәдігерлердің бірі екендігі туралы оқырманға таныс аялық білімге сүйенген 
жазушы ер-тұрманның ерекшеліктері мен иесінің оған деген көңілі туралы 
оқырманға толық әрі нақты танымдық ақпаратты ұсынады.
Көркем шығармада ұлттық дүниетанымды көрсетудің бір тәсілі – 
ментальді тілдік бірліктерді қолдану. Д. Исабеков шығармаларында қазақ 
дүниетанымындағы «уақыт» пен «кеңістік» ұғымдарын білдіретін тілдік 
бірліктер бозторғай шырылдағанша, күн арқан бойы көтерілгенде, күн бақан 
бойы көтерілгенде, күн қазық бойы көтерілгенде, сүт пісірім уақыт, ет 
шайнам уақыт, қазан қайнам уақыт, бие сауым уақыт, сиыр сауым уақыт 
және ат шаптырым жер, таяқ тастам жер, қозы көш жер, т.б. тіркестер 
арқылы көрінеді. Көшпелі қазақ халқының шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі 
төрт түлік малмен байланысты болғандықтан, халқымыз уақытты малдың 
төлдеу, өрістен қайту, күзеу уақыттарымен байланысты немесе сол малдан 
алынатын тағамдарды дайындауға кеткен уақытпен анықтап отырған. Яғни 
олар ертедегі сағат және кеңістіктегі мөлшерлерді анықтау құралдарының рөлін 
атқарған десек те болады. Бұл туралы тілтанушы ғалым А. Жаңабекова өзінің 
антропоөзектік бағытта жазылған «Қазақ дүниетанымындағы «уақыт» 
ұғымының тілдік парадигмасы» атты зерттеу еңбегінде былай дейді: «Қазақтың 
ата тегіндегі «уақыт» ұғымы бейнелі, эмоционалды сипатқа ие. Олар уақыт пен 
кеңістік өлшемдерін болмыс, яғни белгілі бір құбылыстар мен табиғат 
заңдылықтарына сәйкес салыстыру, орайластыру, байланыстыру, яғни уақыт 
пен кеңістік өлшемдерін шендестіріп елестету арқылы жасалған. Мысалы ат 
шаптырым жер дегені шамамен отыз шақырым жер, осы сияқты қозы көш 
жер дегені шамамен он бес шақырым жер. Мұндай халықтық өлшемдерді 
көшпелілер ойлау, логикалық тұрғыдан өлшеу, парықтай алу, табиғи 
сезімталдық қабілеттерінің арқасында ойлап тапты» [140, 47 б.]. Ғалым айтып 
кеткендей, бұл ұғымдардың бәрі де болмыспен, дүниетаныммен байланысты 


112 
туған ұғымдар және мұндай сөздерді қолдану шығарманың эмоциялық сипатын 
арттырады. Д. Исабеков өз шығармаларында осындай тіркестерді молынан 
пайдаланады. Мысалы:

 Жазған-ау, саған не болды? 

 Салмағы қандай еді-ей? Бір шелек судың ауырлығындай бар ма? 
Әйелі үн шығармай жымиып күліп алды.

Қайдағы бір шелек су! Қымыз толы торсықтан сәл-ақ ауыр. Балаңды 
бір алып деп ойлайсың ғой деймін («Дермене»). 
Жауап ала алмаған сұрақ иесі ет шайнам уақыт әрі-сәрі боп тұрды да, 
тез-тез басып шығып кетті («Тіршілік»).
Атқа қамшы тартып, арқан бойы ұзай бергенімде ұлыған боранмен 
араласып, арт жағымнан әлсіз бір дыбыс естілгендей болды («Гауһар тас»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет