Аккузова айнур абдыжалиловна


кеңкелес, безгелдек, милау, алжыған, оңбаған заржақ, нақұрыс, иттің



Pdf көрінісі
бет79/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

кеңкелес, безгелдек, милау, алжыған, оңбаған заржақ, нақұрыс, иттің 
баласы және т.б. Осындай стильдік қолданыстарды көркем шығармада 
пайдалану арқылы автор кейіпкердің мінезін сомдап, замана бейнесін дөп 
беруге ұмтылады, эстетикалық, мәдени тәрбиелік ықпал етуді көздейді.
Көркем мәтіннің прагматикасына әсер ететін ауызекі сөйлеу стилінің тағы 
бір белгілерінің бірі – үнемдеу тәсілін қолдану арқылы тілдік қатынас жасау. 
Оның тілдің даму барысындағы морфонологиялық үдерістің нәтижесіндегі 
құбылыс екені белгілі. «Жалпы үнемдеу заңы – белгілі бір дыбыстың, буынның, 
сөздің, сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Буындардың, 
дыбыстардың бірте-бірте түсуі сөздің формасының өзгеруінен болады. Түркі 
тілдеріндегі сөздердің қысқару, ықшамдалу процесі әртүрлі болғандықтан, 
белгілі бір сөздердің морфологиялық, фонетикалық сипат алып түрленуі, 
құбылуы тіл тарихының жемісі болып саналады. Үнемдеу заңы тарихи жазба 
ескерткіштерде, қазіргі түркі әдеби тілдерінде және диалектілерінде көптеп 
кездеседі. Үнемдеу заңының әсерінен сөз басында, ортасында, аяғында кейбір 
дыбыстар бірте-бірте айтылмайды» [145, 136 б.]. Жазушының шығармаларында 
«болам, берем, айтам, жүрем, түсінем, кеп қалар, оқып ем, білмейм» сынды 
етістіктер кездеседі. Автор үнемдеу әдісімен жасалған етістіктерді пайдалану 
арқылы кейіпкер тілінің шынайылығын, ауызекі сөйлеу стилінің белгілерін 
танытады. Себебі оқырманды сендіру үшін кейіпкер тіліне шынайылықты 
көрсететін тілдік бірлікті енгізу көркем мәтіннің прагматикасына қызмет етеді.
Бүгінгі таңда тіл түрлі аспектіде қарастырылып, зерттелу шеңбері кеңейе 
түсуде. Соғай орай жоғарыда айтып кеткеніміздей морфеманың фонологиялық 
құрылымын 
және 
фонеманың 
морфологиялық 
қызметін 
зерттейтін 
морфонология деген сала бар. «Морфонологияның зерттеу нысаны ретінде 
морфемалар жігіндегі дыбыстық алмасулар мен дыбысталудың түрлі нұсқалары 
танылады. Зерттеушілер морфонологияны фонетика мен морфологияны 


131 
жалғастырушы буын ретінде қарастырады, кейде морфологияның бір саласы 
деп таниды. Қазақ тіл білімінде морфема жігінде болатын дыбыстық 
өзгерістерді дыбыстық алмасу, қыстырма дыбыс қосу, ықшамдау деп үшке 
бөледі. Дауысты дыбыс редукциясы, дауыссыз дыбыстардың түсіріліп 
айтылуы, апакопа, гаплология құбылыстары морфонологияға жатады. Мысалы, 
ағайын, әкел, әпер, қарлығаш, бүгін, былтыр, сәресі, сексен. Дыбыстық 
алмасулар фонетикада қарастырылғанымен, олардың барлығы тек фонетикалық 
тұрғыдан түсіндіруге келмейді, себебі дыбыс өзгерістері морфемалар жігінде 
пайда болып, морфонологияның зерттеу нысаны болады» [146]. Осындай тілдік 
өзгерістерге ұшыраған тілдік бірліктер жазушы шығармаларынан орын алған. 
Мысалы: «Пашат мырза, ғасыр құрылысы салынатын бопты дегенді есітіп
жұмыс іздеген қазақтар осылай қарай ағылуда» [93]. «Естіп» сөзі құрамына 
тағы бір «і» дыбысының қосылуы арқылы морфонологиялық өзгеріске ұшырап 
тұр. Осылайша сөз ортасына дауыссыз дыбыс қосылып, эпентеза құбылысы 
болып тұр. Ал «осы уаққа дейін екі ойлы болып кеп едік» деген сөйлемде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет