Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет53/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

тірек сөздер:
• Қазына
• Старшын
• Расправа
• Айшуақ хан 
• Қаратай сұлтан
пікірің қажет
Нұралы ханның 
беделден 
айыры луына 
не әсер етті?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


64
жағында казактар қазақтардың 4 мың нан астам 
жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте су ық 
болуы жағ дайды одан сайын қиындатып жiбердi. 
Жұт басталды. Дала тұрғында рының 10 000-нан 
астам жылқысы мен сиыры қы ры лып қалды. Мiне, 
осындай қиын-қыстау жағдайда Кiшi жүздiң шега-
ра шебiне таяу ауыл дарында бұқаралық қозғалыс 
басталып, ол көп ұзамай азаттық кү ресiне ұласты. 
Көтеріліс Елек, Қобда, Ойыл, Жем және Сағыз өзендері алабын қамтыды.
1783 жылдың көктемiнде қазақтар Орал шегара шебiне шаб уыл жа-
сай бастады. Қазақ жасағы 
Гирьял бекiнiсiндегi сарбаздарды тұт қын ға 
алып, малдарын айдап кеттi. Орынбордың солтүстiк-
шы ғы сында тама руының жасақтары шабуылдау-
мен болды. Орынбор коменданты қазақ даласы на 
Орын бор казактарының жазалаушы әс керлерi мен 
башқұрттардың 1500 сарбазын жiбердi. Қазақ кө-
те рi лiс шiлерi оларға табандылықпен қарсылық 
көрсеттi. Қазақтардың тастан тұрғызған бекiнiсi дұшпанның баса-көктеп 
бiрден лап қойған шабуылы кезiнде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам 
қазыналық жұ мыстарды атқаруға жiберiлдi. 
Қазақтардың әскери бекiнiстер мен сауда керуендерiне шабуылы 
жиiлей түстi. Мұның өзi орыс мемлекетiнiң Орта Азия хандықта рымен 
жасалатын сауда-саттық деңгейiн құлдырата төмендетiп жi бер дi. Қарағай 
бекiнiсiне бiрден лап қойған шабуыл жасалды. Көте рiлiсшiлер Орынбор 
мен Елек қорғанысының екi арасын байланыстыратын даңғыл жолды өз 
бақылауына алды. Көтерілісшілердің жалпы саны 7 мың адамға дейін 
жетті. 
1785 жылы қазақ жасақтары Төменгi Орал шегара шебiнiң ай мағында 
патша үкiметiнiң әскерлерiмен кескiлескен шайқасқа түстi. С. Датұлы 
2700 сарбазы бар жасаққа, старшын 
Барақ 2000, Тiленшi батыр 1500 
сарбазы бар жасақтарға басшылық еттi. Бұларға қарсы казактардың үш 
отряды жасақталды. 
Ру старшындарының Нұралы ханмен және 
оның төңi ре гiндегi лермен арадағы күресi күшейе 
түстi. Ханның халық көте рi лiсiн басып-жаншып 
тоқтатуға мұршасы келмедi. Ол – ол ма, кө те рi-
лiс шiлер халыққа жексұрын болған оны орнынан 
түсiрудi талап еттi. Қазақтардың да, отаршыл 
билеушiлердiң де көз алдында өзiнiң беделiнен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет