32
қабілеттілігі.
Стратегиялық басқаруды бәсекелестік артылықшылықтар
деп анықтама беруге болады. Бәсекелестік артықшылықтар – ол
нарықтағы фирманың жағдайы. Ол бәсеке додасында жеңіп шығуға
көмек етеді және сатып алушыларды өзіне қаратуға ықпал етеді.
Стратегиялық басқару синергизмді (бірнеше
органдардың
бірігіп бір бағытта іс-әрекет жасауы) пайдалануды ұйғарады. Бұл
бәсекелестік артықшылықтарды алу стратегиясы. Ол үшін екі әлде
онанда көп бизнес шарушылығын бір қолда ұстау қажет.
Экономикалық теорияда бәсекені зерттеушілерінің бірі Адам
Смит (1723-1790).
Оның ой-пікірлері, еңбектері классикалық
экономикалық теорияның негізін қалыптастырады. Оның
еңбектерінде бәсеке баға және сапа бәсекесі ретінде қарастырылған,
басқаша айтқанда бәсекенің негізгі
және ең оңай формаларын
пайдаланған.
А. Смиттің пікірі бойынша, бәсекеге қабілеттілік – ол ең алдымен
әрбір тауарды өте төмен шығынмен өндіру және рынокқа ең төмен
бағамен ұсыну.
Экономикалық теорияның тағы бір классигі Давид Рикардо
бәсекелік артықшылықтардың халықаралық аспектісін зерттеген.
Оның зерттеу пәні – ол елдердің бір-бірімен сауда жасауларының
пайдалы болу жағдайлары.
Экономика ғылымдарының
классиктерінің пікірлерінің
арқасында экономикалық теорияда бәсекеге және бәсекелік
артықшылықтарға деген жеңіл үстірт көзқарастар үстемділік алды.
Олар бәсекені тек баға мен сапа бәскесі деп қарастырды.
Кейінгі жылдардағы авторлардың
ішінен Гарвард бизнес
мектебінің профессоры, бәсекелер және
бәсекеге қабілетті қазіргі
теориясының негізін қалаушы М. Портерді атауға болады. Ол
қазіргі бәсеке және бәсекеге қабілетінің маңызын көрсете білген:
М. Портер коммерциялық ұйымдардың бәсекелестік қабілеттлігіне
әсер ететін факторлар тобын анықтады. Олар:
•
рынокқа кіру кедергілері (лицензиялық, инвестициялық,
ноу-хау);
•
тұтынушылардың бағалық билігі (тұтынушылар аз кезінде);
•
жабдықтаушылардың бағалық билігі (жабдықтаушылардың
аз кезінде);
•
қызмет және тауарлар ауыструшылар қауіпі (ұқсас тауар мен
33
қызметтердің пайда болуы);
•
бар фирмаларды шоғырландыру дәрежесі (салалардың
құрылымы, сұраныстың жағдайы).
Достарыңызбен бөлісу: