Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет16/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

Бәсекелестік жетістіктердің 
шешуші факторларын сараптау 
Тап осы саланың қаражаттық және бәсекелік жетістіктерін 
сипаттау үшін жетістіктің шешуші факторлары басты анықтамашы 
болып табылады. Оларды теңестіру - стратегияны әзірлеудің басты 
басымдықтардың бірі. Бұл факторлар стратегияны әзірлеудің негізі. 
Бірақта олар саладан салаға өзгеріп отыруы мүмкін. 
Жетістіктің шешуші факторларының типтері және олардың 
құрастырушылары:
1. Технологиямен байланысты факторлар:
- ғылыми зерттеудегі тереңдік (әсіресе ғылымды қажетсіну 
салаларында);
- өндіріс үдерісі жаңалыққа қабілеттілік;
- өнімге ендіретін жаңалықтарға қабілеттілік;
- тап осы технологияда сарапшылардың рөлі.
2. Өндіріске байланысты факторлар:
- шығыны төмен өндірістің тиімділігі (өндіріс көлемінде үнемдеу 
тәжірибе жинаудың тиімділігі);
- өндіріс сапасы;
- негізгі қордың жоғары тиімділігі;
- төменгі шығынды кепілдейтін өндірістің орналасуы;
- барабар білікті жұмыс күштерімен қамтамасыз ету;
- жоғары еңбек өнімі;
- үлгілер мен көлемдердің өзгеруіне байланысты өндірістің 
иілмелігі.
3. Таратуға байланысты факторлар: дилерлер санының көптігі;
компанияның меншік сауда орындары; тез жеткізу.
4. Маркетингпен байланысты факторлар: сату әдісі, сатып 
алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру: тауар таңдау 
мүмкіндіктің кеңдігі; коммерциялық өнер; сатып алушыларға 
кепілдік.
5. Біліктілікке байланысты факторлар: талантты адамдардың 
болуы; тауардың сапасын бақылаудағы «Ноу-Хоу»; жобалау 
саласындағы сараптаушылар; технологиялар; жарнамалау қабілеті 
және т.б.
6. Ұйымның мүмкіндіктеріне байланысты факторлар: жоғары 
дәрежелі ақпараттық жүйе; рыноктың жағдайына байланысты 
болған өзгерістерге тез көңіл аудару; басқару үдерісін жете білушілік 


38
және басқарушы «Ноу-Хоу».
7. ЖШФ (жетістіктің шешуші факторларының) басқа да типтері: 
ұнамды абырой және абыройдың өзін жетекші ретінде сезіну
қаржылық капиталға қол жеткізу мүмкіндігі; патенттік қорғау; 
жалпы төмен шығындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет