160
Жүйелі тәсілдеме арнайы ғылыми пәндердің мазмұнына жалпы
теория жүйесіне қызмет етеді, ал басқару ісі жалпылай түрде
жүйелерді ретке келтіруші ретінде анықталуы мүмкін.
Жүйелі тәсілдеме ХХ жүз жылдықта пайда болды деуге болады,
әйтсе де, XVIII және XIX ғасырларда ғылым әр түрлі жүйелерді
зерделемеді деп бір жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте,
астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау (есептеу)
жүйелерін зерделеді. Жүйелі тәсілдеме әскери мақ-саттарға (атом
бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды,
алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы
басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.
Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш
тізбекті кезеңді қамтиды:
- бірінші кезеңде салалар анықталады, басқару субъектілері
қызметінің ауқымы мен саласы нақтыланады. Қызметтің ақпараттық
қажеттілігінің баламалы (бағдарлы) салалары мен ауқымдары
белгіленеді;
- екінші кезеңде қажетті зерттеулер (жүйелі талдау) жүзеге
асырылады;
- үшінші кезеңде белгілі мәселелерді
шешудің баламалы
нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап
алынады (сараптық бағалаулар, оның ішінде, тәуелсіз сараптама
қолданылады).
Жүйелі тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің
құрылымдық және функциялық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі
жетілдіруге бағытталған. Мақсатқа
жеткізетін жолда кездесетін
кедергілерді, кемшіліктерді анықтап, жою. Мұнда ең алдымен
басқарудағы жүйелі тәсілдеменің қағидалары алға шығады. Нақты
тәжірибеде ол қабылданған шешімдерді жан-жақты пысықтап, оны
жүзеге асыруы ықтимал барлық нұсқаларын талдайды. Әлеуметтік
жүйеде бұл қағида басқарушылық міндетті шешу үрдісінде саяси
және мәдени мәселелерді тығыз байланыстыруды ұйғарады.
Басқару үрдістері пайда болғалы бері жүйелі талдау кеңінен
қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық
бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса
ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерделеуді, экономиканың жалпы
жұмыс істеу үрдісінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне,
осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғу керек.
161
Экономикадағы жүйелі тәсілдеме –
басқару саласындағы ірі,
кешенді мәселенің ғылыми негізделген шешімін әзірлеу әдісі болып
табылады.
Жүйелі тәсілдеменің философиялық негізі оның негізгі
қағидаларын айқындап береді: жүйелердің динамикалығы,
құбылыстардың байланысы, өзара ықпалдастығы мен өзара
байланысы; басты
буын қағидаларының кешенділігі, тұтастығы
және иерархиялығы.
Үрдістер мен құбылыстардағы жүйелі тәсілдеме өзара
байланыстардағы зерделеудің екі формасын ұйғарады:
1) жай кездері қосалқы жүйелер немесе жүйе элементтерінің
арасындағы өзара байланыстар қандай да бір аспектіде, көбінесе
экономикалық
аспектіде зерттеледі;
2) әлдеқайда күрделі жағдайда көп аспектілі тәсілдеме
қолданылады. Бұл арада өзара байланыстар басқарудың саяси,
экономикалық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік-экологиялық
және психологиялық аспектілері қоса ескеріліп, зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: