Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет



Pdf көрінісі
бет79/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

23. Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері
Нарықтық қатынас кәсіпкерлік міндетті істі орындайтын, 
нарықтық шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қызметін 
ұйғарады. Дәстүрлі кәсіпкерлік қызмет тек пайда алу үшін ғана 
өндіріс факторларын жүйелі пайдаланып келді. Өтпелі кезеңді бастан 
кешіріп отырған қоғамның нақты жағдайына сәйкес нарықтық 
экономиканың тиімді құрылымын қалыптастырудың қажеттілігі 
мен осы өтпелі нақты жағдайға сәйкес келетін стандарттарды, әдет-
дағдыны қалыптастыру қажеттілігін ұштастыруы тиіс күрделі де 
ұзақ уақытты керек ететін міндетті шешім алу қажет.
Кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайда:
- алдымен жаңа экономикалық қатынастар мен жаңа 
экономикалық құрылым пайда болады, сонан кейін осы қатынас пен 
құрылымға араласатын адамдар жаңа әлеуметтік сапаны иеленеді;
- кәсіпкерлер пайда болуы үшін кәсіпкерлік заң тұрғысынан 
реттеліп, белгілі бір іспен айналысуына қажетті тауашасын 
(нишасын) алуы керек;
- реформа стратегиясын саналы түрде таңдау кәсіпкерліктің 
айрықша жолмен қалыптасуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің айрықша 
қалыптасуына тән бір нәрсе – бұл айрықшалықтардың стратегиялық 
мінез-тәртібі шектеулі күйінде қалған. Бұл мінез (яғни, айрықшалық) 
кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайлардың ерекшеліктерімен 
ғана анықталып қоймай, сонымен бірге осы заманғы экономикалық 
ахуалдың өзіндік ерекшелігіне де қатысты болады;
- кәсіпкерлікке тән мінез өндірістік секторлармен айналысатын 
көптеген кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімді мақсаттарының шамадан 
артық көрсетілетін әсері болып табылады (қызметкерлерді 
көбейтуге ұмтылыс).


170
Кәсіпкерлік қызмет – мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан 
және қызмет көрсетуден жүйелі түрде пайда алуға бағытталған 
қызметін өз тәуекелімен дербес жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгілері:
1) нарықтық экономика субъектілерінің дербестігі. Ешкім де 
басқа біреуді кәсіпкерлік қызметтің ана түрін істейсің немесе мына 
түрімен айналысасың деп мәжбүрлей алмайды;
2) өндіріс факторларын қисындастыруға, инновацияға, жаңа 
енгізулерге негізделген бастамашылдығы;
3) тәуекелдік;
4) таза табысты жүйелі алуға бағытталғандығы;
5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіби қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет