168
салыстырмалы түрде аз шығынмен басқару жүйесінің түпкі
мақсаттарына әлдеқайда толық әрі тұрақты қол жеткізу мүмкіндігі
жатады.
Басқару үрдісінің тиімділігін бағалауда сандық және
сапалық тұрғыдан бағаланатын көрсеткіштер пайдаланылады.
Бұл көрсеткіштер нормативтік (мөлшерлемелік) сипатқа ие
болып, басқару аппаратының нормативтік
сипаттамасы ретінде
пайдаланылуы мүмкін. Оған мыналар жатуы мүмкін:
- өндірушілігі;
- үнемшілдігі;
- бейімділігі;
- икемділігі;
- оперативтілігі;
- сенімділігі.
Басқару аппаратының өндірушілігі басқару аппаратында істейтін
бір қызметкерлерге шаққанда (келетін) ұйым өндіретін түпкілікті
өнім санымен анықталады.
Басқару аппаратының үнемшілдігі –
объектімен немесе
өндірістік қызметтің нәтижелерімен өлшенетін басқару аппараты
іс-әрекетінің салыстырмалы түрдегі шығыны (басқару аппаратын
ұстап тұру үшін қажетті шығынның үлес салмағы, басқарушы
қызметкерлердің үлес салмағы және т.б.).
Басқару жүйесінің бейімділігі өзгермелі
жағдайлардың белгілі
бір диапазонында тапсырылған функцияны тиімді орындау
қабілетіне қарай анықталады. Бұл диапазон салыстырмалы түрде
неғұрлым кең болса, жүйе соғұрлым бейімді бола түседі.
Басқару құрылымының икемділігі басқару аппараты
органдарының шешім қабылдау үрдісінде
пайда болған ахуалға
сәйкес өзінің рөлін өзгертіп, бәсекелестік күрес, болжауға келмейтін
белгісіз жағдай жиі ұшырасатын нарықтық қатынаста айрықша
артықшылық болып табылатын жаңа байланыстарды орнатудағы
ерекшелігін сипаттайды. Ол нарық ахуалдарына жылдам икемділік
танытатын шағын және орта кәсіпорындарға тән.
Басқарушылық шешімдерді қабылдаудың оперативтілігі
басқарудағы мәселелерді
дер кезінде анықтауды, сондай-ақ жолға
қойылған үрдістің тұрақтылығын сақтай отырып, алға қойылған
мақсаттарға жылдам әрі көп пайда табумен қол жеткізуді қамтамасыз
ету үшін шешімдерді шапшаң қабылдауды ұйғарады.
169
Басқару аппаратының сенімділігі
тұтастай алғанда оның алға
қойған мақсатына сәйкес толассыз іс-әрекет жасауын (іркіліссіз
жұмыс істеуін) сипаттайды. Басқару аппаратының сенімділігін оның
орындаушылығымен, яғни міндеттердің (жоспарлы, бағдарламалы,
тапсырыстың және т.б.) орындалуын қамтамасыз ете алатын қабілеті
арқылы салыстырмалы түрде толық сипаттауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: