178
Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне
мыналарды жатқызуға болады:
1. Адам,
оның қажеттіліктері, мүдделері, себептері,
құндылықтары, нұсқамалары басқаруды ұйымдастырудың бастапқы
сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.
2. Басқарудың тәсілдемесінде, қағидаларында
және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару
әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте –
тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі
білінеді.
3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде
көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер
экономикалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп
оқуы керек.
4.
Ұйымдастыру
ісінде
менеджментке
жағдайдың
өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни
жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді
ұйымдастыру тән.
5. Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын
талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері –
тапқырлық, байланысқа бейімділік, сенімділік. Бұл сапалар басқару
өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды. Менеджменттің басқару
өнерімен қатар қойылатыны кездейсоқ емес.
Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп
саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:
- еңбек өнімділігін арттыру;
- бәсекеге жарамдылық;
-
тұтынушыға бағдарлану, яғни маркетинг;
- іс-әрекетте еркін болу, әрі ереже бойынша жұмыс істеу.
Басқару үрдісі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені қолдану
өнері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайларға қарай
басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді.
Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін
көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік және
ағымдық) белгілейді.
Ескі стилді ұстанатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің
басты, яғни қағидалық айырмашылығы, міне, осында.
Жеке кәсіпорын мен тұтас экономиканың экономикалық жағдайы
179
түпкі есебінде үш негізгі факторлармен анықталады:
- техника мен технологияның деңгейі;
- жұмысшы күшінің сапасы мен еңбек мотивациясының кеңінен
пайдаланылуы;
- өндірісті ұйымдастыру және басқару (менеджмент).
Менеджметтің жағдайы техника мен технологияның деңгейіне,
жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент
– бұл экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Аса көрнекті
экономист Альфред Маршалл (1842–1924 ж.ж.) басқаруды үш
дәстүрлі – капиталмен, еңбекпен және жермен қатар өндірістің жеке
факторы ретінде бөліп көрсетуі тегін болмаса керек.
Техника мен жаңа технологияның дамуы өндіріс ауқымының
өсуі
басқаруды қиындатып, оны арнайы білімді талап ететін
ерекше қызмет түріне бөлді. Мәселені шешу қажеттілігі тәжірибені
белсенді түрде байытуға, өндіріс пен еңбекті басқарудың тиімді
әдістерін іздестіруге, басқару ғылымының пайда болуына әкеп
соқты. (Басқару тәжірибесін жүйелеуге талпыныс Англияда XIX
ғасырдың басында орын алды. Басқару бойынша алғашқы оқулық
–
математика, инженер профессоры, ағылшындық кәсіпкер Ч.
Бебиджаның «Экономика машин и производства» (1832 ж.) атты
кітабы болды).
Бұл анықтамадан бөлек басқалардың көптеген анықтамалары
бар. Оның біреуі менеджментті адамдармен қалай қарым-қатынас
жасаудың тәсілі ретінде, билік және басқару өнері ретінде, ептілік
және әкімшілік машық (административные навыки) және т.б.
ретінде қарастырады.
Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен
тікелей байланысты. Танымал америкалық менеджер Ли Якокка
«Карьера менеджера» кітабында адамдармен қарым-қатынас
жасай білу, олардың мінез-құлқын танып,
жұмысқа ынталарын
ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі
элементтерін бөліп көрсетеді. Осы заманғы басқару ғылымы –
пән аралық болады. Басқарудың әрбір функциясы айрықша ғы-
лымға жатады: индустриялық социология, инженерлік социология,
әлеуметтік психология, әлеуметтік инженерия (экономика) және
т.б. Шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық
тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетинг
теориясын біріктірді.
180
Менеджмент мәселелерімен бүгінгі таңда әр түрлі білім
саласының мамандары – математиктерден
антропологтарға дейін
айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: