И. А. Зимняя педагогикалық психология


Тұлғалық-іс-әрекеттік келістің тұлғалық компоненті



Pdf көрінісі
бет39/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Тұлғалық-іс-әрекеттік келістің тұлғалық компоненті
Тҧлғалық-іс-әрекеттік келісті оның тҧлғалық және әрекеттік 
компоненттерінің бірлігі ретінде анықтай келе, оның біріншісінің 
тҧлғалықпен немесе соңғы уақыттарда ол тҧлғалық бағытталған 
келіспен байланысты екенін атап ӛтейік (И.С. Якиманская, Е.В. 
Бондаревская, М.Н. Берулава, В.В. Сериков және т.б.). Сӛздің кең 
мағынасында тҧлғалық тәсіл барлық психикалық процестер, қасиеттер 
мен жағдайлар нақты бір адамға тән, олардың «туынды екені, адамның 
жеке 
және 
қоғамдық 
тұрмысына 
тәуелді 
және 
оның 
заңдылықтарымен анықталатынын» қарастырады [235, 26 б.]. С.Л. 
Рубинштейн атап ӛткендей, «тұлғаның психикалық бейнесінде 
тұлғаның әр түрлі жақтарын сипаттайтын әртүрлі салалар немесе 
қасиеттер кӛрініп отыр; бірақ осындай ӛзгешеліктер мен қарама-
қайшылықтардың осындай саналуандылығы жағдайында негізгі 
қасиеттері бір-бірімен адамның нақты қызметінде әрекеттесе және 
біріне бірі ӛзара еніп тұлға бірлігін құрайды» [194, ІІ т., 102 б.]. 
Тҧлғалық тәсіл К.К. Платонов бойынша адамның барлық психикалық 
қасиеттері, оның әрекеті, оның жеке-психологиялық ерекшеліктері 
нақты бір тҧлғаның ӛзіне, тҧлға негізінде қалыптасады [174].
Тҧлғалық – іс-әрекеттік келіс ӛзінің тҧлғалық компонентінде 
оқытудың ортасында оқытылатын адамның ӛзі – оның мотивтері, 
мақсаттары, оның қайталанбас психологиялық қалыптасуы яғни, тҧлға 
ретіндегі оқушы, студент деп санайды. Оқушының қызығушы-
лықтарынан, оның білімі мен іскерлігін есепке ала отырып, мҧғалім 
(оқытушы) сабақтың оқу мақсатын анықтайды және барлық білім беру 
процесін оқушы тҧлғасын қалыптастыруға бағыттап, тҥзетіп отырады. 
Оған сәйкес, тҧлғалық-іс-әрекеттік келісті жҥзеге асыру барысындағы
әрбір сабақтың мақсаты әрбір нақты оқушының және барлық топтың 
позициясынан қалыптасады. Мысалы, сабақтың мақсаты былай 
қойылуы мҥмкін: «бҥгін сендердің әрбіреулерің есептің белгілі бір тҥрін 
шығарып ҥйренесіңдер». Мҧндай тҧжырым бойынша оқытушы ӛз 
білімінің бастапқы, сол кезеңдегі деңгейін бағалап, содан соң қол 
жеткізген жетістігін, ӛзінің тҧлғалық ӛсуін бағалауы қажет. Басқа 
сӛзбен айтқанда, оқушы сабақтың аяғында бҥгін нені ҥйренгенін, нені 
білмегенін немесе кешегі кҥні не істей алмайтыны туралы сҧрауы керек. 
Оқытуға байланысты мәселені осылайша қою барлық әдістемелік 


75 
шешімдер (оқу материалын ҧйымдастыру, пайдаланылған әдістер, 
қҧралдар, жаттығулар және т.б.) оқушы тҧлғасының жеке ерекше-
ліктері, оның қажеттілігі, мотивтері, қабілеттілігі, интеллекті мен басқа 
да жеке-психологиялық ерекшеліктері арқылы ӛтуі қажет.
Тҧлғалық-іс-әрекеттік келістің тҧлғалық компоненті кез-келген 
оқу пәнін оқыту процесінде оқушылардың ҧлттық, жыныстық, жас 
ерекшеліктік, жеке-психологиялық, мәртебелік ерекшеліктері макси-
малды деңгейде ескеріледі. Бҧл ескеру оқу сабақтарының ӛзінің 
мазмҧны мен формасы арқылы, оқушымен, студентпен қарым-қатынас 
сипаты арқылы жҥзеге асырылады. Оқушыға, студентке арналған 
сҧрақтар, ескертулер, тапсырамалар тҧлғалық-іс-әрекеттік келіс 
жағдайында олардың тҧлғалық, интеллектуалдық белсенділігін алға 
тартып, олардың оқу қызметіндегі қателерді, шалыс басулар мен сәтсіз 
әрекеттерді қажетсіз тіркеп отырмай, қолпаштап және бағыттап 
отырады. Осындай әрекеттерді қолдану арқылы А.К. Маркова атап 
ӛткендей, оқушылардың тек жеке-психологиялық ерекшеліктері ғана 
есепке алынбайды, сонымен қатар оқушының психикасының ары қарай 
дамуы, оның танымдық процестері, тҧлғалық қасиеттері, әрекетшілдік 
сипаты және т.б. қалыптасуы жҥзеге асырылады. Бҧл – тҧлғалық-іс-
әрекеттік келістің тҧлғалық компонентінің негізгі кӛріністері.
Бҧл жерде ӛзінің тҧлғалық компонентінде бҧл тәсіл student - 
centred approach – оқушыда шоғырландырылған К. Роджерсің тәсілі мен 
А.Маслоудың гуманистикалық психологиясының негізінде қалыптасқан 
келіспен салыстырылуы мҥмкін. Қазіргі уақыттағы отандық еңбектерде 
(И.С. Якиманская, Е.В. Бондаревская, В.В. Сериков) тҧлғалық 
бағытталған оқытудың біртҧтас тҧжырымдамасы ҧсынылып отыр. Бҧл
тҧжырымдамаға сәйкес, оқыту оқушының оқу қызметін арнайы 
ҧйымдастыруды болжап, «ең басынан таным субъекті болып 
табылатын» оқушының тҧлғасын дамытуға бағытталады. Сол себепті 
тҧлғалық-бағытталған келісті оған қарағанда жалпырақ тҧлғалық –іс-
әрекеттік келіске жатқызуға болады, себебі оқушының оқу қызметін 
ҧйымдастыру, онымен ӛзара әрекеттесу - дербес, жеке проблема. С.Л. 
Рубинштейн атап ӛткендей, «тҧлғалық жақты жалғыз аспект қылу - 
психикалық қызметтің заңдылықтарын зерттеу ҥшін жолды жабу деген 
сӛз» оның ҥстіне адамның жалпы әрекеті мен мінез-қҧлығын қосайық. 
Осыған сәйкес, қарастырылып отырған тәсілдің екінші аспекті ретінде 
оның әрекеттік компоненті бола алады. Алайда, оларды осылай ажырату 
әрине шартты ажырату және ол теоретикалық тҥрде жҥргізілуі мҥмкін. 
Оқытудағы тҧлғалық-әрекеттік тәсілде әрекеттік компонентті анықтай 
келе, оның екі компоненті (тҧлғалық және әрекеттік) бір-бірімен 


76 
тҧлғаның әрекеттің субъектісі болғандығынан тығыз байланысты, ол ӛз 
кезегінде басқа факторлардың әсерімен (мысалы, қарым-қатынас) оның 
тҧлғалық дамуын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет