131
лықты (объективтілік), ілтипаттылықты, сезгіштік (әсіресе, әлсіз
оқушыларға), адал ниеттілікті, тӛзімділікті, шыдамдылықты, әділетті-
лікті, балаларға деген шынайы сҥйіспеншілікті жатқызады. Бҧл жерде
«балалар мен жастық шаққа деген сүйіспеншілікті мұғалімдік
мамандыққа деген сүйіспеншіліктен ажырата білу керек: балаларды
ӛте жақсы кӛріп, жастық шақты терең ұнатып, ал мұғалімдік іс-
әрекетке кӛңіл соқпауы мүмкін; керісінше, мұғалімдік іс-әрекетке
қарсы болмай, тіпті оны басқалардан артық кӛріп, бірақ, балаларға,
жастық шаққа мүлдем кӛңіл соқпауы мүмкін» [83, 606 б.]. Сірә, тек
шәкірттер мен педагогикалық мамандыққа деген шынайы сҥйіспен-
шіліктің бірігуі ғана мҧғалімнің кәсіптілігін қамтамасыз ететін болар.
Қазіргі кездеггі зерттеушілердің барлығы, дәл балаларға деген
сҥйіспеншілікті ғана мҧғалімнің маңызды тҧлғалық және кәсіби қыры
деп есептеу керектігін, және де оларсыз тиімді педагогикалық іс-
әрекеттің мҥмкін еместігін кӛрсетеді. В.А. Крутецкий осыған адамның
балалармен жҧмыс істеуге және араласуға бейімділігін қосады.
Сонымен қатар, мҧғалім ҥшін ӛзін-ӛзі жетілдіру, ӛзін-ӛзі дамыту
тілегінің маңыздылығын да атап ӛтейік, себебі, К.Д. Ушинский дәл
кӛрсеткендей, мҧғалім оқу ҥстінде болса ғана ӛмір сҥреді, ол қалай
оқуды тоқтатса, оның бойында мҧғалім ӛледі. Осы маңызды ойды П.Ф.
Каптерев, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және
тағы басқа педагогтар мен психологтар да атап кӛрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: