И. А. Зимняя педагогикалық психология


§ 3. Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық



Pdf көрінісі
бет77/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

§ 3. Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық 
(индивидтік) алғышарттары (нышандары)
 
 
Проблеманы қарастыру тәсілі
Педагогикалық іс-әрекет субъектісі қҧрылымының психофизио-
логиялық компонентін қарастыру барысында бірден екі қиындық 
кездеседі. Біріншісі, В.Д. Небылицын кӛрсеткендей, «жүйке жүйесі 
қасиеттері мен қабілеттердің немесе тіпті олардың элементтері 
арасындағы байланысқа қатысты қаншама-бір бӛлшектенген 
гипотезаны құру, сірә, әлі де болса ертерек; ол үшін жүйке жүйесінің 
қасиеттері жӛнінде, және қабілеттердің ӛзі жайлы кӛбірек білу 
керек» [147, 352 б.]. Екінші қиындық, сондай-ақ, индивидтің белгілі бір 
психофизиологиялық кӛрсеткіштер мен мінез-қҧлықы, оның іс-
әрекетінің сипаты арасындағы эмпирикалық айқындалатын тәуелділікті 
байқамау мҥмкін еместігінде. Сірә, осы қиындықтардан ӛту, адамның 
жоғары жҥйке іс-әрекеті типінің қандайда бір комплекстік 
психофизиологиялық кӛрсеткіші мен оның іс-әрекетте, мінез-қҧлықта 
неғҧрлым ықтимал кӛрінуі арасындағы жалпы байланыстың ӛзін 
орнатуда болып табылады. Бҧл жерде, В.Д. Небылицыннан кейін 
аталған функционалды-мінез-қҧлықтық проблема жедел сенімділік 
тҧрғысынан ауысады. Бҧл В.Д. Небылицын бойынша, «оптималды 
жҧмыс ӛлшемдерінің тҧрақты сақталуын» яғни, белгілі бір уақыттық 
кезеңдерде, және де кҥрделенуші, ӛзгеруші жағдайда сақталуын 
ҧйғарады. Педагогикалық іс-әрекеттің нақ осы кӛрсеткіштермен 
сипатталатыны анық. 
Педагогтың субъекттік құрылымынң
психофизиологиялық компоненті
Педагогтың 
субъекттік 
іс-әрекет 
сипатына 
қандай 
психофизиологиялық кӛрсеткіштер әсер етуі мҥмкін деген сҧраққа 
жауап, темпераменттің негізгі қасиеттерін В.С. Мерлин мектебінің 
тҥсініктемесі бойынша сипаттау негізінде берілуі мҥмкін. Осындай 
қасиеттер ретінде болатындар: сензитивтілік, реактивтілік, белсенділік, 


137 
реактивтілік пен белсенділік ара қатынасы, реакция қарқыны, иілгіштік 
немесе ригидтілік, эмоционалдық қозушылық, экстраверсия немесе 
интроверсия. Мҧндай кӛрсеткіштер ретінде сондай-ақ эмоционалды 
ҧстамдылық немесе невротизм бола алады; қабылдаудың талдаулық 
немесе синтетикалық типі; когнитивті стилді анықтаушы аяға 
тәуелсіздік немесе тәуелділік, және жалпы, суреттеуші болғанмен де, 
темперамент типі мінез-қҧлықтағы жоғары жҥйке іс-әрекеті типінің 
кӛрінісі ретінде болады, яғни кҥш–әлсіздік, ҧстамдылық-ҧстамсыздық, 
қозу мен тежеу процестерінің теңесу жылдамдығы кӛрсеткіштері 
бойынша. Бҧл жерде айта кетеін жайт, В.С. Мерлин тҥсініктемесінде 
жоғары жҥйке іс-әрекетінің қасиеттері ең алдымен, іс-әрекет стиліне, 
соның ішінде педагогтың даралық стиліне де әсер етеді. Одан кейінгі 
ықпалдардың барлығы жанамаланған.
Осындай функционалды – мінез-қҧлықты байланыстарды орнату-
дың дҧрыстығы К. Юнгтың жалпы интроверсияның, соның ішінде 
ойшыл типтегі интроверсия мен мҧғалімнің, педагогтың субъекттілік 
ерекшеліктерінің тікелей байланысы жайлы пікірімен мақҧлданады. 
«Әрине, – деп жазады К. Юнг, – иррационалды интроверттелген 
типтер мұғалім ретінде мүлтіксіз адамдар емес. Оларға парасат пен 
парасат этикасы жетіспейді...» [239, 87 б.], деп ары қарай 
жалғастырады: «Жеке, мұғалім ретінде оның әсері аз, себебі оған ӛз 
оқушыларының ақыл құрылысы белгісіз. Оқу ӛз негізінде, егер ол тек 
кездейсоқ теоретикалық проблема болып табылмаса, тіпті оны 
мүлдем қызықтырмайды. Ол нашар мұғалім, ӛйткені оқыту кезінде, ол 
оқытудың мазмұндалуына қанағаттанбай, ол тек оқу пәнін ғана ойлап 
тұрады» [239, 68 б.]. 
Жоғарыда айтылғандардан келесі қорытынды жасауға болады:
психофизиологиялық компонент жеткілікті зерттелмеген және 
анықталмағанмен де, ол шынайы бар және болашақта ары қарай зерттеу 
ҥшін қызықты ретінде белгіленуі керек. Жҥргізілген зерттеулер 
негізінде (Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, А.Я. Никонова, Н.А. Аминов. 
С.К. Кондратьева, Л.М. Митина және т.б.) жорамалдауға болатын жайт, 
педагог іс-әрекетінің тиімділігі және оның субъект ретіндегі жайлы 
кӛңіл кҥйі басқа тең жағымды ықпалдарда келесілерді қамтамасыз етеді: 
қҧрылымға енетін барлық – мнемикалық, логикалық, сенсорлық-
перцептивтік және атенциалдық (Б.Г. Ананьев терминдерінде) 
функциялар бойынша интеллектуалдық дамудың оптималды (жастық 
кӛрсеткіштер 
бойынша) 
деңгейі; 
дифференциацияның 
жоғары 
кӛрсеткішімен синтетикалық, тҧтастық, аяға тәуелсіздік,
когнитивті 
стиль (Г.А. Берулава); ойлаудың иілгіштігі және конвергенттілігі; 


138 
белсенділік, 
реакциялардың 
жоғарғы 
қарқыны, 
лабилділік, 
амбиверттілік; эмоционалды ҧстамдылық, ӛзін-ӛзі реттеудің жоғары 
деңгейі.
Осы кӛрсеткіштер нышандар, алғы шарттар ретінде болады, бірақ 
олар субъект қҧрылымының дербес компоненті болып табылады, және 
де адамның кәсіби жарамдылығын анықтау ҥшін диагностикалау 
обьекті бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет