И. А. Зимняя педагогикалық психология


  Педагогикалық қабілеттердің құрылымы



Pdf көрінісі
бет81/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

 


143 
Педагогикалық қабілеттердің құрылымы 
Қазіргі кезде, Н.В. Кузьмина және оның мектебі дамытып отырған, 
педагогикалық қабілеттер тҧжырымдамасы толық жҥйелік тҥсініктеме 
болып 
табылады. 
Біріншіден, 
бҧл 
тҧжырымдамада 
барлық 
педагогикалық қабілеттер педагогикалық жҥйенің негізгі жақтарымен 
байланыстырылған. Екіншіден, алдыңғы анықтамаларға қарағанда,
олар «педагогикалық іс-әрекеттің объектіне, процесіне және нәтижесіне
деген ерекше сезімталдық» ретінде анықталған. Ҥшіншіден, осы 
сезімталдықтың қандай да бір қҧрылымдық ҧйымдасуымен кӛрсетілген, 
тек олардың жинағымен, жиынтығымен шектелмеген. Тӛртіншіден, 
педагогикалық қабілеттердің деңгейлігі бӛлінген. Бесіншіден, осы 
тҥсініктемеде,
бір жағынан жалпы және арнайы педагогикалық 
қабілеттер байланысы, келесі жағынан, арнайы педагогикалық пен басқа 
арнайы қабілеттер байланысы анықталған [100]. 
Осы тәсілде, басқаларындағы сияқты, педагогикалық іс-әрекет 
субъектісінің қабілеттері, педагогикалық іс-әрекетте қалыптаса және 
дами отырып (бірақ олар педагогкиалық іс-әрекетпен басылып 
тасталынуы да мҥмкін), елеулі мӛлшерде оның табыстылығын 
анықтайтыны атап кӛрсетілген. Бҧл олардың болашақ педагог ҥшін 
арнайы талдануының маңыздылығын анықтайды.
Н.В. Кузьминаның дәлелдемесінде 
педагогикалық жҥйе бес 
қҧрылымдық элементтерді (мақсаттар, оқу ақпараты, коммуникация 
қҧралдары, шәкірттер мен педагогтар), және бес функционалды 
элементтерді (зерттеушілік, жобалаушы, конструктивті, коммуникатив-
ті, ҧйымдастырушылық) қамтиды. Осы элементтер даралық педагоги-
калық іс-әрекеттің де функционалды элементтері болып табылады 
(зерттеушілік, жобалаушы, конструктивті, коммуникативтік, ҧйымдас-
тырушылық), мҧның ӛзі олардың негізінде жатқан қабілеттердің бес 
ҥлкен тобы жайлы айтуға мҥмкіндік береді.
Педагогикалық қабілеттерді, іс-әрекет субъекті болып табылатын 
педагогтың біріншіден, ӛз педагогикалық іс-әрекетінің объектісіне, 
процесіне және нәтижелеріне ..., екіншіден, шәкірттерге қарым-қатынас, 
таным, еңбек субъектілері [100, 56 б.] ретіндегі сезімталдығының 
ӛзегеше 
формасы 
ретінде 
қарастыра 
отырып, 
Н.В.Кузьмина 
педагогикалық қабілеттердің екі деңгейін бӛледі: перцептивті-рефлек-
сивті және проективтік. Бірінші деңгей сезімталдықтың ҥш тҥрін 
қамтиды: эмпатиямен байланысты обьект сезімі, мӛлшер немесе әдеп 
сезімі, және қатыстылық сезімі. Сезімталдықтың осы кӛрінулері 
педагогикалық ішкі тҥйсік негізінде жатыр.


144 
Педагогикалық қабілеттердің екінші деңгейі Н.В. Кузьмина 
бойынша, – оқытудың жаңа, ӛнімді тәсілдерін жасауға сезімталдықпен 
ара қатынастағы проективті қабілеттер. Бҧл деңгей гностикалық, 
жобалаушы, конструктивтік, коммуникативтік, ҧйымдастырушылық 
қабілеттерді қамтиды. Бҧл жерде осы қабілеттердің әрқайсысының 
жоқтығы 
қабілетсіздіктің 
нақты 
формасы 
екені 
кӛрсетіледі. 
Гностикалық қабілеттер шәкірттердің оқыту әдісін жылдам және 
шығармашылық тҥрде игеруінен, оқыту тәсілдерінің таңдамалылы-
ғынан кӛрінеді. Гностикалық қабілеттер мҧғалімде ӛзінің оқушылары, 
ӛзі жайлы ақпараттың жинақталуын қамтамасыз етеді. Жобалаушы 
қабілеттер тәрбиелей оқытудың бҥкіл оқу кезеңінде орналасқан 
тапсырмалар-міндеттердегі соңғы нәтижені елестете алу қабілетінде 
кӛрінеді, бҧл ҥйренушілерді тапсырмаларды ӛз бетінше орындауға 
дайындайды. Конструктивті қабілеттер бірлескен ынтымақтастықтың, 
іс-әрекеттің шығармашылық жҧмыс атмосферасын қалыптастырудан, 
сабақты, ҥйренушінің дамуы мен ӛзіндік дамуының қойылған 
мақсатына неғҧрлым сай ҧйымдастыруға деген сезімталдықтан кӛрінеді. 
Коммуникативті 
қабілеттер 
педагогикалық 
мақсатқа 
сәйкес 
контакттарды, қатынастарды орнатудан кӛрінеді. Бҧл қабілеттер Н.В. 
Кузьмина бойынша, тӛрт факторлармен қамтамасыз етіледі: 
сәйкестендіруге қабілеттілік, шәкірттердің даралық ерекшеліктеріне 
деген сезімталдық, жақсы дамыған ішкі тҥйсік, суггестивті қасиеттер. 
Оларға тағы тіл мәдениеті (мазмҧндылық, ҥндеулік, әсер етушілік) 
факторын қосамыз. Ҧйымдастырушылық қабілеттер шәкірттерді топта 
ҧйымдастыру тәсілдеріне таңдамалы сезімталдықтан, олардың оқу 
материалын игеруінен, ҥйренушілердің ӛз-ӛздерін ҧйымдастырулары-
нан, педагогтың ӛз іс-әрекетін ӛзі ҧйымдастыруынан кӛрінеді.
Н.В. Кузьмина мектебін зерттеушілердің қорытындысы аса
маңызды: педагогикалық қабілеттер жалпы қабілеттердің дамуының 
жоғары деңгейін ҧйғарады (бақылампаздық, ойлау, қиял) және басқа 
арнайы қабілеттер, мысалы, поэтикалық, жазушылық, әртістік, 
педагогикалық іс-әрекет саласына педагогикалық бағыттылық пен 
педагогикалық қабілеттер болған кезде ғана, оның ҥстіне тек олардың 
ары қарй дамуы жағдайында ғана қосылады. Педагогикалық және басқа 
арнайы қабілеттер ара қатынасының ҥш тҥрі бӛлінеді: арнайы 
қабілеттер педагогикалық іс-әрекетке: а) кӛмектеседі, ә) бейтарап және
б) кедергі жасайды.
Қабілеттілік тҥсініктемесінде жалпы қабілеттіліктер, атап 
айтқанда, педагогикалық қабілеттерге қатысты Н.А. Аминовтың [5] 
кӛзқарасы қызықты болып отыр. Егер Н.В. Кузьмина теориясында 


145 
қабілеттер жіктеуінің негізі сезімталдық болып табылса, Н.А. Аминова 
ҥшін мҧндай негіз ретінде табыстылық болады. Табыстылықтың екі тҥрі 
бӛлінеді: даралық (адамның ӛз-ӛзіне қатысты уақыттағы жетістіктері) 
және әлеуметтік (басқалардың жетістіктеріне қатысты бір адамның 
жетістігі). Бірінші тҥрі – бҧл даралық (ресурстік) табыстылық, екіншісі 
– бәкелестікке тӛтеп бере алушылық қабілеттілігі. Даралық, ресурстық 
табыстылық – бҧл табысқа жету тәсілдері, оған жалпы (перцептивті) 
және арнайы қабілеттер жатады. Соңғысы Н.А. Аминов бойынша, 
эмоционалдық, еріктік, мнемикалық, атенциондық, имаженативтік 
қабілеттерді
қамтиды. Ӛзіндік қабілеттерді автор терминалды деп 
атайды. Олар адамның бәкелестікке тӛтеп бере алушылық қабілеттілігін 
қамтамасыз етеді және жоғарылатады. Педагогикалық іс-әрекетке деген 
терминалды қабілеттер ӛз қҧрылымында эмоционалды жану 
синдромының 
(эмоционалдық 
ресурстардың 
жҥдеуі) 
дамуына 
қарсылықты ҧйғарады.
Осылайша, педагогикалық қабілеттерді психологиялық талдау 
деңгейінде оларды жіктеудің келесі негіздері анықталды: педагогикалық 
іс-әрекеттің тиімділік шарттары (Н.Д. Левитов, Ф.Н. Гоноболин, В.А. 
Крутецкий), педагогикалық іс-әрекеттің тҥрлі компоненттеріне 
сезімталдық (Н.В. Кузьмина, А.А. Реан), психикалық функциялар мен 
кҥйлердің психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланыстыратын 
әрекеттер нәтижелерінің валенттілігі (Н.А. Аминов). Басқа да негіздер 
бӛлінуі мҥмкін: Х. Гарднердің морфологиялығы, Дж. Холландтың 
әлеуметтігі және т.б. 
Педагогикалық қабілеттерді қарастырудағы маңызды проблема-
лардың бірі олардың қалыптасуы мен диагностикалануы болып 
табылады. Б.М. Теплов кӛрсеткендей, диагностикалау қабілеттердің 
сандық анықтауын қоса отырып, міндетті тҥрде сапалық талдаумен 
жҥзеге асырылып және анықталуы тиіс. Н.А. Аминов тестік 
әдістемелерді қамтитын педагогикалық қабілеттердің тестерінің 
батареясын 
әзірлеген: 
педагогикалық 
қабілеттердің 
алғашқы 
компоненттерінің кӛрінуін анықтау ҥшін (жеті тест); педагогикалық 
потенциалды анықтау ҥшін (алты тест); педагогикалық шеберліктің 
қаншалықты деңгейде екенін анықтау ҥшін (жеті тест). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет