80 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4(57). 2011
ортадан екіншісіне тілдік тасымалдар жасауды
тудыру және түсіну қабілетіне қатысты. Ақпа-
раттық тасымалға негізделген
әрекеттер келесі-
дегідей болу мүмкін: тыңдап отырып түсінген-
нен біраз мақсаттық мақалалар жазу, диаграм-
малардан сөйлем жазып алу, кейбір суреттер
жайында өз пікірін ұсыну...
– ақпараттық бос кеңістік ұстанымы қатынас
кезіндегі адамдардың арасындағы ақпараттың
түрлі деңгейлерін ескереді, ол біраз жақсы жат-
тығулар жасауға мүмкіндік береді: студенттерде
ақпараттың түрлі
бөлшектері бар және оларды
сұрақтар мен жауаптар арқылы алмасу, студент-
тердің сөйлеп жатқанда ұйқасатын түрлі жауап-
тарды таңдауына болады.
– Мазмұны үшін түзету ұстанымы граммати-
калық нақтылыққа қарағанда берілген коммуни-
кативті мазмұнына көп екпін жасауды білдіреді.
Сондықтан қателер алдыңғы әдістемелерден
гөрі сан алуан қатынасқа ие болады.
– Шынайы материалдарды қолдану студент-
терге нағыз, ойдан құралмаған тілге жол ашады,
ол – студенттерді тілдің табиғи кейпімен бетте-
су үшін құнды.
– Сөйлемдердің өз ретіне шифрланғандарын
(немесе әңгіме, сурет-әңгіме) енгізу – бүтіндік
пен үйлесімділік және дискурстың басқа да ас-
пектілерімен жұмыс жасағанға жақсы жол.
– Тілдік ойындар коммуникативті болып табы-
лады, себебі олардың қатынастың 3 белгісі бар:
ақпараттық бос кеңістік, таңдау және кері бай-
ланыс.
– Рөлдік ойындар түрлі
әлеуметтік контекстер
мен рөлдерді, қатынастарды түсінуге мүмкіндік
береді.
– Жұптық және топтық жұмыстар – жиі қолда-
нылатын әрекет [5].
Психологтардың анықтауынша, кез келген
адам естігенінің – 10%, көргенінің – 50%, істе-
генінің – 90%-н жадында сақтап қалады екен
[6], сондықтан қатысымдық бағыттағы ойындар
мен басқа тілдесім әрекеттері білім алушыны
қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмты-
лушы, ізденуші, белсенді әрекет иесі ретінде
рөл атқаруына ынталандырады.
Коммуникативтілікке бағыттылған ұстаным
– тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде
қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті комму-
никативтік мүмкіндіктерін
тудыруға бағыттал-
ған оқыту. Қатысымдық бағыттағы ұстаным оқу
жұмысының алдына қойған мақсаттарын айқын-
дауға септігін тигізеді.
Тіл үйретудегі қатысымдық (коммуника-
тивтік) бағытты ұсынған әдіскерлер Е.И.Пассов,
А. А. Леонтьев, В. Г. Костомаров, А. Н. Щукин,
М.Н. Вятютнев, Г.А.Китайгородская, Г. В. Рого-
ва, И. Зимняя, В. А. Скалкин, Б. А. Лапидус, Н.
И. Гез, Э.П.Щубин, И. Л. Бим, т.б. бұл әдістің
ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан
ең тиімді екендігін дәлелдеп отыр.
И.Л. Бимнің пайымдауынша: «Шет тілдерді
оқытудың коммуникативті әдісі іс жүзінде тіл
үйретудің жалпы коммуникативті бағдары соң-
ғы нәтижеге, яғни шет тілді қатынас құралы, ха-
лықтар арасындағы өзара түсіністік орнату құ-
ралы ретінде пайдалана алуға дайын, жан-
жақты дамыған, білімді тұлға қалыптастыруға
бағытталуы керек». Сол себепті қатысымдық
бағытта оқыту тіл үйренуші
жеке тұлғаның әр
түрлі сөйлеу жағдаяттарында қарым-қатынасқа
түсуін, яғни қатысымдық құзыреттілікке ие бо-
луын мақсат етеді. Осы мақсатқа сәйкес сөйлеу
әрекетінің барлық түрі өзара байланыста қарас-
тырыла келіп, үйренушінің тілді сапалы меңге-
руіне бағытталады.
Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқыту-
дағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіз-
демесін жасаған профессор Ф. Ш. Оразбаева
оқылым,
тыңдалым, жазылым, айтылым, тілде-
сім үдерістерінің сөйлеу және ойлау механизм-
деріне байланысты аспектілерінің әдістемелік
жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс де-
геніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қа-
рым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі
бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тіл-
дік қатынас пен әдістемелік категорияларына
тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен
тұратын; тіл үйретудің
тиімді жолдарын тоғыс-
тыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде
іс жүзіне асыратын әдістің түрі», – деген анық-
тама береді.
Е.И. Пассов: «Оқу материалын коммуника-
тивтік бағытта ұйымдастыру мәселесі әзірге
теориялық тұрғыда және оның айтылым әре-
кетін үйретуге қатысты
проблемалары аясында
ғана қарастырылған. Ал сөйлеу әрекетінің бар-
лық түріне қатысты коммуникативтік әдістің
барлық деңгейлерде жүзеге асырылуы әлі шеші-
мін таппаған», – деп, аталмыш мәселенің өзекті-
лігін баса көрсетеді.
Сондықтан ендігі кезекте алға қойылатын
міндет – коммуникативтік
әдістің барлық дең-
гейлерде дамуына үлес қосып, оқытушылардың
осы бағыттағы әдістемелік шеберлігін шыңда-
тып, нақты нәтижелерге қол жеткізу [7].
Қазіргі заманда жалғыз ұтымды әдістеме
ретінде коммуникативтік әдіс қолданылып жүр
дегеннен гөрі, әрбір оқытушы өзіне тиесілі
әдіспен коммуникативтік бөлшектерді енгізе
отырып, практикалық әдістемені қолданып жүр
деген дұрыс [8]. Яғни, жоғарыда айтылып кет-
кен Л.Н. Толстойдың сөзімен еріксіз келісеміз.
Сондықтан бір әдістемемен шектелмей, білім
алушылардың
сұраныстары мен мақсаттарын