Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 77 Ж. Керімова


Коммуникативті бағыттағы белсенділік-



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#38392
1   2   3   4   5
Коммуникативті бағыттағы белсенділік-
тер мен әдістер. 
Коммуникативті бағыт сыныптағы өзара 
әрекетті жақсартатын жол және тілдің коммуни-
кативті қолданысы ретінде таңдалған материал-
дардың алуын түрін пайдаланады. Осы мате-
риалдарға негізделген кейбір критериялар мен 
олардан алынған кей әрекеттер мен әдістер 
(Джонсон 1982 және Ларсен-Фриман 1986) ке-
лесідегідей: 
– тасымалдың ақпараттық ұстанымы, бір тілдік 


80  ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4(57). 2011 
ортадан екіншісіне тілдік тасымалдар жасауды 
тудыру және түсіну қабілетіне қатысты. Ақпа-
раттық тасымалға негізделген әрекеттер келесі-
дегідей болу мүмкін: тыңдап отырып түсінген-
нен біраз мақсаттық мақалалар жазу, диаграм-
малардан сөйлем жазып алу, кейбір суреттер 
жайында өз пікірін ұсыну... 
– ақпараттық бос кеңістік ұстанымы қатынас 
кезіндегі адамдардың арасындағы ақпараттың 
түрлі деңгейлерін ескереді, ол біраз жақсы жат-
тығулар жасауға мүмкіндік береді: студенттерде 
ақпараттың түрлі бөлшектері бар және оларды 
сұрақтар мен жауаптар арқылы алмасу, студент-
тердің сөйлеп жатқанда ұйқасатын түрлі жауап-
тарды таңдауына болады. 
– Мазмұны үшін түзету ұстанымы граммати-
калық нақтылыққа қарағанда берілген коммуни-
кативті мазмұнына көп екпін жасауды білдіреді. 
Сондықтан қателер алдыңғы әдістемелерден 
гөрі сан алуан қатынасқа ие болады.
– Шынайы материалдарды қолдану студент-
терге нағыз, ойдан құралмаған тілге жол ашады, 
ол – студенттерді тілдің табиғи кейпімен бетте-
су үшін құнды. 
– Сөйлемдердің өз ретіне шифрланғандарын 
(немесе әңгіме, сурет-әңгіме) енгізу – бүтіндік 
пен үйлесімділік және дискурстың басқа да ас-
пектілерімен жұмыс жасағанға жақсы жол. 
– Тілдік ойындар коммуникативті болып табы-
лады, себебі олардың қатынастың 3 белгісі бар: 
ақпараттық бос кеңістік, таңдау және кері бай-
ланыс. 
– Рөлдік ойындар түрлі әлеуметтік контекстер 
мен рөлдерді, қатынастарды түсінуге мүмкіндік 
береді. 
– Жұптық және топтық жұмыстар – жиі қолда-
нылатын әрекет [5]. 
Психологтардың анықтауынша, кез келген 
адам естігенінің – 10%, көргенінің – 50%, істе-
генінің – 90%-н жадында сақтап қалады екен 
[6], сондықтан қатысымдық бағыттағы ойындар 
мен басқа тілдесім әрекеттері білім алушыны 
қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмты-
лушы, ізденуші, белсенді әрекет иесі ретінде 
рөл атқаруына ынталандырады. 
Коммуникативтілікке бағыттылған ұстаным 
– тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде 
қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті комму-
никативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағыттал-
ған оқыту. Қатысымдық бағыттағы ұстаным оқу 
жұмысының алдына қойған мақсаттарын айқын-
дауға септігін тигізеді.
Тіл үйретудегі қатысымдық (коммуника-
тивтік) бағытты ұсынған әдіскерлер Е.И.Пассов, 
А. А. Леонтьев, В. Г. Костомаров, А. Н. Щукин, 
М.Н. Вятютнев, Г.А.Китайгородская, Г. В. Рого-
ва, И. Зимняя, В. А. Скалкин, Б. А. Лапидус, Н. 
И. Гез, Э.П.Щубин, И. Л. Бим, т.б. бұл әдістің 
ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан 
ең тиімді екендігін дәлелдеп отыр. 
И.Л. Бимнің пайымдауынша: «Шет тілдерді 
оқытудың коммуникативті әдісі іс жүзінде тіл 
үйретудің жалпы коммуникативті бағдары соң-
ғы нәтижеге, яғни шет тілді қатынас құралы, ха-
лықтар арасындағы өзара түсіністік орнату құ-
ралы ретінде пайдалана алуға дайын, жан-
жақты дамыған, білімді тұлға қалыптастыруға 
бағытталуы керек». Сол себепті қатысымдық 
бағытта оқыту тіл үйренуші жеке тұлғаның әр 
түрлі сөйлеу жағдаяттарында қарым-қатынасқа 
түсуін, яғни қатысымдық құзыреттілікке ие бо-
луын мақсат етеді. Осы мақсатқа сәйкес сөйлеу 
әрекетінің барлық түрі өзара байланыста қарас-
тырыла келіп, үйренушінің тілді сапалы меңге-
руіне бағытталады. 
Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқыту-
дағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіз-
демесін жасаған профессор Ф. Ш. Оразбаева 
оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілде-
сім үдерістерінің сөйлеу және ойлау механизм-
деріне байланысты аспектілерінің әдістемелік 
жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс де-
геніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қа-
рым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі 
бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тіл-
дік қатынас пен әдістемелік категорияларына 
тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен 
тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыс-
тыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде 
іс жүзіне асыратын әдістің түрі», – деген анық-
тама береді. 
Е.И. Пассов: «Оқу материалын коммуника-
тивтік бағытта ұйымдастыру мәселесі әзірге 
теориялық тұрғыда және оның айтылым әре-
кетін үйретуге қатысты проблемалары аясында 
ғана қарастырылған. Ал сөйлеу әрекетінің бар-
лық түріне қатысты коммуникативтік әдістің 
барлық деңгейлерде жүзеге асырылуы әлі шеші-
мін таппаған», – деп, аталмыш мәселенің өзекті-
лігін баса көрсетеді. 
Сондықтан ендігі кезекте алға қойылатын 
міндет – коммуникативтік әдістің барлық дең-
гейлерде дамуына үлес қосып, оқытушылардың 
осы бағыттағы әдістемелік шеберлігін шыңда-
тып, нақты нәтижелерге қол жеткізу [7]. 
Қазіргі заманда жалғыз ұтымды әдістеме 
ретінде коммуникативтік әдіс қолданылып жүр 
дегеннен гөрі, әрбір оқытушы өзіне тиесілі 
әдіспен коммуникативтік бөлшектерді енгізе 
отырып, практикалық әдістемені қолданып жүр 
деген дұрыс [8]. Яғни, жоғарыда айтылып кет-
кен Л.Н. Толстойдың сөзімен еріксіз келісеміз. 
Сондықтан бір әдістемемен шектелмей, білім 
алушылардың сұраныстары мен мақсаттарын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет