78 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4(57). 2011 талабы интенсивті әдістердің дамуына алып
келді. Заманауи технологиялардың дамуы ау-
дио- мен видеобаспалардың, компьютерлердің
оқу үрдісіне енгізуіне және қашықтан оқуды
тілді меңгерудегі перспективалық форма ретін-
де рәсімдеуге септігін тигізді.
Жаңа оқыту әдістерінің пайда болуымен қа-
тар ең ұтымды да әмбебап оқыту әдісінің жа-
салуы жайлы жиі хабарланып жатты. Мұндай
жағдай 1950 жылдары аудиовизуалды әдіске қа-
тысты орын алды, ол әдіс – аз уақыт ішінде қа-
тынастың ауызша формасын меңгеруде ең
жақсысы болып жарияланды. Ұқсас жағдай кей-
бір интенсивті әдістер пайда болғанда туын-
дады. Дегенмен, әдістеме саласындағы зерттеу
мен жұмыс тәжірибесі өмірдің барлық жағдайы-
на жарайтын әмбебап әдістеменің жасалуы жү-
зеге асуы қиын міндет екендігіне көзімізді жет-
кізеді, ал әдістің ұтымдылығы оқытудың нақты
шарттары мен мақсаттарымен анықталады [1].
Әдістің ұтымдылығы жайында танымал
әдіскер П. Хэгболдт былай деп айтқан: «Оның
тәсілі тілді меңгеруде ең жақсысы, ғылыми
және сол уақытта ең тезі деп айтып бағатын
адам барлық аурудан емдейтін әмбебап дәріні
жарнамалайтын дәрігерге ұқсайды. Бұндай әдіс
тек аямпаз немесе мұңды күлімсіреуді тудыруы
мүмкін, себебі ол әр жексенбілік газетте жария-
ланатын «француз, неміс және испан тілдерін 20
сағатта үйретемін» деген сияқты айқайшыл
хабарландыруды еске түсіреді» [2, 85].
Ұқсас ойды Л. Н. Толстойдан да байқай ала-
мыз: «Бір жаман не жақсы әдіс болмайды,
әдістің кемшілігі тек бір әдіске сүйенгендігінде»
[3].
Әдістемедегі барлық тіл оқытудың тікелей,
саналы және әрекеттік бағыттарына сүйене оты-
рып, қазіргі заманғы оқыту әдістерін тікелей
(интуитивтік), саналы, құрама, интенсивті деп
бөлуге болады [1, 182].
Шет тілдерін оқытудағы қазіргі заманғы
әдістер жайында төмендегі кесте түсінік береді:
Шет тілдерін оқытудағы әдіс-бағыттар
Тікелей
Саналы
Құрама
Интенсивті
Табиғи
Тікелей
Аудиовизуалды
Аудиолингвалды
Әскерлік
Ауызша
«Гувернантка әдісі»
Грамматикалық-аударма
Саналы-практикалық
Саналы-салғастырмалы
Оқылым
Коммуникативті
Тандем-әдіс
Суггестопедиялық
Эмоционалды-мағыналық
Активтендірушіліктер
Гипнопедия
Ритмопедия
«Экспресс-әдіс»
«Интелл-әдіс»
Коммуникативті әдіс шет тілін оқытудағы ең
белсенді әдістемелерінің ішінде жетекші орын
алады. Ағылшын тілі үшін әдістің өзге атаулары
– «оксфордтық» немесе «кэмбридждік» – қол-
данылады. Шынында-ақ, ағылшын тілінен бөлек
кез келген тілді оқытуда қолданылып жүрген
осы әдістің негізі Британдық жетекші универси-
теттердің оқытушы – лингвистері мен психолог-
тарының бірлескен күшінен туындаған. Комму-
никативті әдіс негізінде «Headway» мен «New Cambridge English Course» (ағылшын тілі), «Neumen neu» (неміс тілі), «Le Nouvelle sans Frontiers» (француз тілі) сияқты танымал оқу
құралдары жазылды.
Коммуникативті әдіс жанды ерікті қатынас
үдерісінде негізгі тілдік дағдыларды (жазбаша
және ауызша сөйлеу, грамматика, оқылым мен
тыңдалым) бір мезгілде дамытуға бағытталған.
Студентті басқа тілде сөйлесуге үйрету – оқыту-
шының басты міндеті. Шет тіліндегі лексика,
грамматикалық құрылымдар, сөз тіркестері сту-
дентке оқып жатқан материалдың тез және берік
бекінуіне септігін тигізетін шынайы эмоционал-
ды жағдай контексінде ұсынылады.
Коммуникативті әдіс оқушы мен оқытушы
арасындағы психологиялық тосқауылдың жойы-
луын ұйғарады. Білім алушылар өздері мен
оқытушы арасындағы қашықтықтың жоқтығын
сезіне бастағанда, олармен қатынас қызықты,
көңілді болса, оқушыларға өзге тілде сөйлей
бастау оңайға түседі. Оқытудағы көптеген ойын
элементтері сабақты жандандырады, студент-
тердің эмоционалды көңіл-күйін сақтап отыра-
ды, олардың уәжін күшейтеді. «Жұптық»,
«үштік» жұмыстар, студенттерге қызық тақы-
рыптардағы пікірсайыстарға қатысу – осының
барлығы мұғалімге студенттердің жеке тұлға-
лық ерекшеліктерін ескеруге, сабақтарды шы-
ғармашылық және қызық етуге және де сол
мезетте оқытушыға студентке сездіртпей, оқыту
үдерісіне толыққанды бақылау жүргізуге мүм-
кіндік береді [4].
Бұл бағыт, әдетте, коммуникативті деп
аталады. Алайда оның бастапқы кезеңдерінде
функционалды немесе мағыналыдеген басқа да
ұғымдар синоним ретінде қолданылды. Тіл оқы-
тумен байланыстағы коммуникативті термині
тілдің семантикалық аспектісімен белгіленген
қатынасын білдіреді.
Құрылымдық әдістемелердің (structuralist
methods) дағдарысы Чомскидің сынынан кейін,
әсіресе «Синтаксистік құрылым» (1957) атты