124. Фоностилистикалық нормадан ауытқудың түрлерін
көрсетіңіз:
А. О жақта күн жылы
болғанмен, бұ жақта қыс.
В. О аяқтан, бұяқтан келіп жатқан адамдар легі таусылар емес.
С. Бұл жерде жүре бергенше қалаға кел.
D. Бұл жерде көретін қызық қалған жоқ.
Е. Қалада тұрады.
125.Фонетикалық-интонациялық ерекшеліктер қай стиль-
дің нормасына тән?
А. Көркем стильдің
В. Ресми іскери стильдің
С. Ғылыми стильдің
D. Сөйлеу стилінің
Е.
Публицистикалық стильдің
126. Коммуникативтік сөйлеу қызметінде стилистикалық
дағды мен қабілетті қалыптастыруға тәрбиелейтін сала:
А. Практикалық стилистика
В. Экспрессивті стилистика
С.
Функционалды стилистика
D.
Прагмастилистика
Е. Көркем сөз стилистикасы
127. Тиісерге қара таппай жалақтап,
Тентек аяз өз деміне тұншықты - қай стиль үлгісіне
жатады?
А. Шешендік стиль В. Ғылыми стиль
С. Сөйлеу стилі D. Ресми стиль
Е. Көркем
әдебиет стилі
128. Стиль түзуші прагматикалық факторлар:
А. Радио, теледидар В. Ғылым, білім
С. Әдебиет, өнер D. Баспасөз
Е. Адресант, адресат
129. Ойды мәнерлі жеткізудің бейвербалды тәсілдерін
зерттейтін ғылым саласы:
А. Интонация В. Паралингвистика
С. Орфоэпия D. Фонация Е. Кинесика
130. Публицистикалық стильдің ауызша түрі:
А.
Шаршы топ алдында сөйлеу
В. Ауызекі сөйлеу С. Ауызша сөйлеу
D. Жазба тілде сөйлеу Е. Кітаби сөйлеу
Достарыңызбен бөлісу: