45
арасында болатын қатынасты ғана зерттеген болар еді. Ендеше
оны бұлайша түсіну қате.
Шындығында, синхронды әлеуметтік лингвистика – белгілі
бір даму сәтіндегі тіл мен қоғам байланысына қатысты болып ке-
летін қатынастар мен үрдістерді зерттейтін әлеуметтік лингвисти-
ка бағыты. Қатынас осы байланыстың қалпын, ал үдеріс олардың
қозғалысын (динамикасын) сипаттайды.
Синхронды әлеуметтік
лингвистиканың зерттеу аясына макроәлеуметтік проблемалар
енеді [13]. Айталық, әрбір тіл тұтынушысының өзіндік әлеуметтік
мінездемесі болады: белгілі бір білім деңгейі, мамандығы, өзіндік
құндылық, бағыт-бағдарлар жүйесі т.б.. Міне, осындай әртүрлі
әлеуметтік ерекшеліктегі адамдардың тіл қолданысын сипаттау
синхронды әлеуметтік лингвистиканың нысаны болып саналады.
Сондай-ақ оның зерттеу
аясына тілдік ахуалды сипаттау, тілдік
әлеуметтенуді зерттеу, «жағдаятты грамматиканың» негіздерін
меңгеру және т.б.
проблемалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: