Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Микроәлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет28/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105
Микроәлеуметтік лингвистика – кіші әлеуметтік қауым-
дастықтағы тілдің қолданылу мәселесін зерттейтін әлеуметтік 
лингвистиканың бағыттарының бірі. Микроәлеуметтік лингви-
стика әлеуметтік психологияның көптеген негізгі ұғымдарын: мы-
салы, әлеуметтік рөл, кіші топ (формалді / формалді емес), рефе-
рентті (эталонды) топ, бастапқы топ / екінші топ көшбасшы және 
аутсайдер т.б. қолдана отырып зерттеушінің басты назарын адам 
мен оның тікелей қоршаған ортасына аударады. Микроәлеуметтік 


49
лингвистика түрлі мәртебе мен рөлдердегі қарым-қатынасқа 
түсшілердің тілдік бағытынның тетігін ашу мақсатында сөйлесім 
әрекетін, айталық, дәрігер мен емделші, ері мен әйелі, мұғалім 
мен оқушы, сот, сатталушы мен қорғаушы т.б. жұптап, үшемдеп 
зерттейді.
Микроәлеуметтік лингвистиканың айналысатын проблемала-
рын екі түрлі сұраққа жауап бере отырып топтастырып беруге бо-
лады: 
1) белгілі бір кіші әлеуметтік топта қандай тіл (тілдер) қолда-
нылады?
2) кіші әлеуметтік топтың мүшелері тілді (тілдерді) қалай 
қолданады? 
Міне, осы сұрақтар негізіндегі жауаптар микросоциолингвис-
тиканың зерттеу нысанасын көрсетеді.
2.4 Теориялық әлеуметтік лингвистика
Теориялық әлеуметтік лингвистика (жалпы әлеуметтік лин-
гвистика) – әлеуметтік лингвистиканың онтологиялық не-
гізін, пәнін, өзге ғылымдар арасындағы орнын, ұғымдық аппа-
ратын түсіндіретін, зерттеу әдістерін анықтайтын әлеуметтік 
лингвистиканың саласы. Ол сондай-ақ ең басты проблема ретінде 
зерттелетін тіл мен қоғам арасындағы мынадай өзара байланы-
старды қарастырады: 
1.Тіл – әлеуметтік құбылыс деген жалпы тұжырымды нақты-
лайтын жорамалдар жүйесін қарастырады. 
2.Тілің табиғатымен байланысты болатын және тілдің ішкі 
дамуымен ерекшеленетін тіл дамуының барынша маңызды 
заңдылықтарын анықтайды.
3.Тілдің түрлі әлеуметтік-экономикалық, этнолингвистикалық 
және мәдени жағдайлардағы қызмет етуін зерттейді. 
4.Әлеуметтік және жағдаяттық ауысуларға қарамастан қарым-
қатынастың түрлі салаларындағы тілдің қолданылуы мен қызмет 
етуін зерттейді. 


50
5.Қарастыратын мәні қарым-қатынасқа қатысушылар орындай-
тын әлеуметтік рөл, қандайда бір сөйлеу актілері жүзеге асатын 
әлеуметтік-психологиялық жағдай, сөйлеушылардің бір кодтан 
екіншіге ауыса алу қабілеттілігі т.б.факторлармен байланысты бо-
латын тілдік қатынас үдерісіне талдау жасайды.
6.Бір социумда қатар өмір сүретін тілдердің ара қатынасын, 
өзара әсер етуін; қарым-қатынасқа түсуші тілдердің интерферен-
ция және тілдік біліктерінің өзара ауысу проблемаларын; тіларалық 
құылымдардың – интердиалектілер, койне, пиджиндердің пайда 
болу үдерістерінің теориялық негіздемелерін зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет