Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


 Әлеуметтік лингвистиканың басқа да зерттеу бағыттары



Pdf көрінісі
бет29/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105
2.5 Әлеуметтік лингвистиканың басқа да зерттеу бағыттары
Қолданбалы әлеуметтік лингвистикажекелеген ел-
дер мен аймақтардағы тілдердің қызмет етуі, дамуы мен өзара 
қарым-қатынасынның түрлі әлеуметтік проблемаларын шешуде 
әлеуметтік лингвистиканың эмпиристік және теориялық зерттеу-
лер нәтижелерін тәжірибелік тұрғыдан пайдалануды қарастыратын 
әлеуметтік лингвистиканың саласы. 
Экспрементті әлеуметтік лингвистика – белгілі бір 
әлеуметтік белгілермен жіктелетін тілдік фактілерді сауална-
ма, сұхбаттасу, бақылау және тестілеу жолымен таза әлеуметтік 
лингвистикалық тәжірибемен материал жинаумен айналысатын 
әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер бағыты. Әдетте мұнда өте 
көсанды информанттар қатыстырылады.
Проспективті әлеуметтік лингвистикатілдік дамуды 
жоспарлау мен болжам жасау проблемаларымен айналысатын 
әлеуметтік лингвистика саласы.


51
3 ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Әлеуметтік лингвистика пәнін белгілі ғалым Н.Б.Мечковская 
«Социальная лингвистика» атты оқу құрылында негізгі үш 
мағынада түсіндіруге болады деп қарастырыды: Біріншіден, 
бұл «Тіл және қоғам», яғни тіл мен қоғам арасындағы өзара 
қатынастың барлық түрлерін (тіл және мәдениет, тіл және тарих, 
тіл және этнос, тіл және дін, тіл және мекте, тіл және саясат, тіл 
және бұқаалық қарым-қатынас т.б.) қамтитын тіл білімінің саласы. 
Екіншіден, әлеуметтік лингвистика пәнін кейде сөйлеушілердің 
тіл таңдау жағдаятынан көруге болады. Тілдік қатынаста үнемі 
қандай да бір тілді не оның вариантын таңдау мүмкіндігі тұрады. 
Айталық, қостілділік жағдайында сөйлеуші белгілі бір тілді 
таңдайды, оны таңдап алған соң енді сол тілдің әдеби түрінде ме, 
диалектісінде сөйлеу ме, әлде кітаби, әлде ауызша түрі ме, ресми 
терминді қолдана ма, не оның қарапайым синонимін пайдалана ма 
деген таңдаудың алдында тұрады.
Үшіншіден, әлеуметтік лингвистиканы кейде сөйлеушілердің 
түрлі әлеуметтік және жас ерекшелігіне қарай топтарындағы тілдің 
қолданылу жағдайын зерттейтін пән ретінде түсініледі. Шын 
мәнінде бұл лингвистикалық социологияның нысаны, яғни мұнда 
қоғамның әлеуметтік құрылымын бұрыннан белгілі әлеуметтік 
белгілермен қарастыра отырып (әлеуметтік жағдайы, білімі, кірісі, 
қызығушылық мінездемесі, саяси ұстанымы т.б.) тілді қолдануы 
бойынша бөлектеп көрсетеді: орта білімді адамдар көбінесе былай 
сөйлейді, жоғары білімділер осылай сөйлейді, ал гуманитарлық 
бағыттағы жоғары оқу орнын бітірмегендер олай сөйлемейді т.б. 
[19, 207.]. 
Біздің қарастыруымызда әлеуметтік лингвистика пәні кең 
мағынада (бірінші көрсетілген мәнде) түсініледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет