Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


тарапынан жүзеге асырылатын қоғамдағы тілдік жағдаятты



Pdf көрінісі
бет75/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105
тарапынан жүзеге асырылатын қоғамдағы тілдік жағдаятты 
(языковая ситуация) өзгертуге немесе тұрақтандыруға 
бағытталған саяси, әлеуметтік және лингвистикалық шара-
лар жүйесі.
Ел-елдегі тілдік жағдаяттың әртүрлі болуына байланысты тіл 
саясаты да алуан түрлі болып келеді. Тіл саясатының өзіндік сипа-
тына қарай әр ұлттың ана тілі тағдыры шешіледі. Демократиялық 
бағыттағы саясат ұстанған мемлекет әр этностың ана тілінің өмір 
сүруі мен дамуына жағдай туғызса, кертартпа саясатқа бой ұрған 
мемлекетте бірді-екілі тілдің дамуына ғана мүмкіндік туғызып, 
қалғандарын іс жүзінде тежеп, шағын этностардың ана тілін олар-
ды бірыңғай мемлекеттік, әкімшілік тіліне көшіруге тырысады. 
Осы жолда қолда бар мүмкіншіліктің баршасын іске қосып бағады. 
Олай болса, тіл саясаты екі түрлі бағытта жүргізіледі деп түюге 
болады. Бір бағыты – тілді тұншықтыру, екіншісі – тілдердің еркін 
дамуына жағдай жасау.
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеу өз мақсатына орай, кез 
келген жүзеге асырылып отырған тіл саясатының мәселелерін, 
оның идеологиялық негізі мен практикалық нәтижелерін бірдей 
қарастырады. Енді осы зерттеулерге назар аударайық. 
1959 жылы Э.Хауген У.Ваинрайхтың еңбегін негізге ала оты-
рып, алғаш рет «Тілдік жоспарлау (Языковая планирования) » 
терминін енгізді.
Бұл термин бастапқыда «тіл нормасы», «тіл мәдениеті», «тіл 
этикасы» деген сияқты ұғымдарда қолданылды. Кейін Э.Хауген 
оны мынадай ұғымдарда қолдануды ұсынды: 
1) норма таңдау; 
2) нормаларды жүйелеп, бекіту; 
3) тілдік бірлестікке жаңа нормалар енгізу.
Кейін 1969 жылы бұл ұғымды Х.Клосс екі түрлі тұрғыдан 
қарастырды: алғашқысында тілдің ішкі құрылымына, яғни әдеби 
нормалар қалыптастыру, терминологияны дамыту, орфографи-
яны жетілдіру т.б. қолданса, екіншісін тілдің қоғамдағы күйін, 


159
атқаратын қоғамдық қызметін, өзге тілдермен қарым-қатынасын 
сипаттауда пайдаланды.
Мұнан кейінгі жылдарда «тілдік жоспарлау» ұғымы саяси-
әлеуметтік проблемалармен байланыстырылатын болды. Ол 
әлеуметтік, экономикалық және саяси проблемаларды тілдің 
қатысы арқылы шешетін құрал ретінде әлеуметтануда, саясаттану-
да қолданылатын болды.
Тілдік жоспарлау немесе тіл саясаты прблемасы – кез келген 
мемлекет айналып өте алмайтын құбылыс. Ол әсіресе бір әкімшілік 
аумақта әр түрлі тілдер немесе бір тілдің қосымша жүйелері (подя-
зык) қатар өмір сүргенде пайда болады. Мұндайда тілдік қозғалыс 
(языковая подвижность) орын алады, яғни адам топтарының бір 
тілден екінші тілге өтуі етек алады. Көптілділік жағдайында тіл-
дік қозғалыс қашып құтыла алмайтын құбылысқа айналады. Ол 
ақырында, бір ұрпақтан соң өз ана тілінен безіп, өзге тілді ана 
тілі ретінде тануға әкелуі мүмкін. Кейбір ғалымдар, оның ішінде 
А.Мартине қостілділік жалпы тұрақсыз құбылыс, ол ерте ме, кеш 
пе глоттофогияға – бір тілді екінші тілдің жұтып қоюына әкеледі 
дегенді айтады. 
Енді бір ғалымдар француз лингвистері Р.Балибар мен 
Д.Лапартаның сөйлеушісі азшылық болып келетін тілді ығыстыру 
үстем таптың өндірісті ұйымдастыруда тілдік бірыңғайлықты 
пайдаланғысы келетін материалдық мұқтаждығына сай келеді деген 
пікірін қуаттай отырып, мұндай абсолюттік тілдік бірыңғайлыққа 
кез келген бюрократия талпынады деп қосады. Осы турасында 
қазақсатндық белгілі социолингвист-ғалым Б.Хасанұлы былай 
дейді: «Мұндай кертартпа саясат ұстанған елдің әкімшілігі күллі 
этносты біртілділікке көшіру үшін алдымен олардың ұлттық сана-
сезімін жоюға әрекеттенеді. Ол үшін этносаралық қатынас құралы 
ретінде бір тілді ғана «ұлы» деп көрсетіп, қостілділікті насихат-
тайды. Содан кейін барып, шағын этнос тілінің болашағы жоқ 
дегенді желеу ете бастайды. Бірте-бірте «ана тілі» деген ұғымды 
көмескілендіре келе, оны санадан аластатып, елдегі көпшілік бо-
лып отырған халық тіліне немесе дүние жүзіне кең тараған «ұлы» 


160
тілге біржола көшіреді. Ақыр соңында өз ана тілінен бас тартуға 
мәжбүр етіп, елдің әкімшілігі сөйлейтін, сол арқылы қолдау тауып, 
кең таралып ұлтаралық қатынас құралына айналған үстем тілді 
ана тілің деп иландыруға дейін апарады. 
Міне, осындай жағдай біздің елімізден де көрініс берді. Соның 
бір нышаны – орыс тілі - екінші «ана тілі» деген ұран, екінші ны-
шаны – ұлттық-орыс қостілділігін еліміздің баламасыз қатынас 
құралы деп уағыздау. Бұл ұрандар елімізде орыс тілінен өзге тілдің 
күллісін қоғамдық қызметі мен өміршеңдігі жағынан тығырыққа 
әкеп тіреді. Соның басты салдары – қазақ атаулының орыс тіліне 
ойыса бастауы, қала қазағы төрінен ана тілінің ығыса, аластаты-
лып, оның орнын орыс тілінің басуы, қазақ нигилистері мен ата-
тек, дәстүр-салтынан мақұрым мәңгүрттердің көбеюі» [28, 8-9.]. 
Әлеуметтік лингвистикалық әдебиеттерде тіл саясатына байла-
нысты «жоғары-төмен», «мәнді-мәнсіз», «үстем-бағынышты», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет