Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Тілдердің қызметтік жүктемесі



Pdf көрінісі
бет73/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105
 Тілдердің қызметтік жүктемесі
Тіл
Қоғамдық салалар
Отбасылық 
қа
тынас
Фо
льклор
Өнер
Қоғамдық-с
аяси
өмір 
Көрк
ем әдебиет
Іс қағаз
дарын 
жүргіз
у және с
аяс
ат
Білім б
ер
у
Ғылым
М
ер
зімді 
баспасөз Үлт
ара
лық 
қа
тынас
Әлемдік қа
тынас
Жалпы ортақ тіл
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
Халықаралық тіл
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
-
Ұлтаралық тіл
+
+
+
+
+
+
+
+
+
-
-
Ұлттық тіл
+
+
+
+
+
+
+
+
-
-
-
Ұлыс тілі 
(диаспора)
+
+
+
+
+
+
+
-
-
-
-
Тайпа тілі
+
+
+
+
-
-
-
-
-
-
-
Диалект
+
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-


155
Осы мәселелерге қарап отырсақ, қарым-қатынасқа түсуші 
тілдердің бір-біріне әсер ету бағытын ғана көріп қоймаймыз, оның 
нәтижелі көріністерін де байқаймыз. Қостілділікке икемді көбіне 
тайпа тілдері мен ұлыс тілдері болады екен. Өзге тілді меңгеру олар 
үшін өз ана тілдері атқармайтын салалардағы (ғылым, білім беру, 
қоғамдық-саяси өмір т.б.) қарым-қатынас мүмкіндігін алып келеді. 
Осыған ұқсас мүмкіндіктерді көптілді мемлекеттердегі ұлтаралық 
қатынас тілін меңгерген қостілді тұтынушылары да алады.
Қалай болса да қостілділік билингвистер үшін әлеуметтік 
артықшылықты тудырады. Дегенмен қостілділік өсумен қатар 
бірінші тілге өзге тілдің әсерін де әкеледі. Бұл әсердің сипа-
ты билингвизмнің пайда болуы мен өмір сүруінің әлеуметтік 
жағдайына байланысты болады. Қоғамдық қызметтік жүктемесі 
бірдей тілдердің өзара араласуы олардың құрылымына әсер ет-
пейді. Айталық, қазақ тілінде туысқан түркі тілдерінің бірі – өзбек 
тілінен ауысқан ешнәрсе жоқ [49, 232-234.]. 
Аралық тілдің пайда болуындағы қажеттілік қандай да бір 
әкімшілік-шаруашылық ұйымдағы қоғамның әлеуметтік өмірінің 
ерекшелігімен анықталады. Егер мұндай ұйым бірнеше этникалық 
топтардан тұратын болса, олар тек өз ана тілдерін меңгерген бол-
са, мұндай түрлі топ өкілдерінің қарым-қатынас жасау мүмкіндігі 
нөлге тең. Тілдік бөгетті жеңу үшін олар бір-бірінің тілін үйренсе, 
онда олар мультилингвистерге айналар еді, яғни барлық этностар 
бір-бірінің тілдерін меңгеруіне тура келер еді. Егер көпэтносты 
қоғамдағы тілдер ондап, кейде жүздеп кездессе (Индияда – 179, 
Қазақстанда – 128, Филиппинде – 93 т.б.), бұл тұрғындардың ба-
сым көпшілігі үшін алынбас қамалға айналары сөзсіз.
Міне, осындай жағдайда этносаралық қатынаста аралық тілді 
қолдану қажеттілігі пайда болады. Оның тиімді тәсіліне әдеттегі 
билингвизмге (біржақты бірқырлы (однофокусный) немесе 
екіжақты) қарағанда біржақты көпқырлы (многофокусный) билин-
гвизм сай келеді. 
Сондықтан көптілді мемлекеттегі аралық тілдің пайда болуы 
мен қызмет етуі қарым-қатынас жасау қажеттігін туындайтын 
табиғи процесс болып табылады.


156
Аралық тілді таңдауға түрлі объективті, тіпті субъективті фак-
торлар әсер етуі (империяны басқарушылардың ана тілі, топтарды 
басқарушының тілі, саны көп этнос тілі немесе басқыншылардың 
шет тілі) мүмкін. 
Дегенмен соңында өзіне жүктелген қоғамдық қызметті 
орындауға жарамды тіл жеңіске жетеді.


157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет