Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


«ірі-кіші», т.б. терминдер бар. Олардың ішінде көбірек  қолданылатыны – «можаритарлы-миноритарлы»



Pdf көрінісі
бет76/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105
«ірі-кіші», т.б. терминдер бар. Олардың ішінде көбірек 
қолданылатыны – «можаритарлы-миноритарлы» тілдер деген 
термин. Бұл терминнің жоғарыдағылардан ерекшелігі сөйлеуші 
санына байланысты емес, тілдің қызмет ету сипатына байланысты 
қолданылуында. Мысалы, Белгияда фламиндықтар саны жағынан 
француздардан басымдылық танытқанымен олардың тілі француз 
тіліне қарағанда миноритарлық тіл болып табылады.
Миноритарлық тіл – қызмет ауқымы шектеулі тіл. Соның 
әсерінен оның ішкі құрылымында, айталық лексикасындағы 
бүтіндей қабаты қалыптаспайды немесе қолданудан шығып 
қалады. Кейін келе мұндай тіл өз сөйлеушілерінің тастанды тіліне 
айналуы мүмкін. Оның әлеуметтік-психологиялық айғағын шетел-
дік лингвистер тілден безу (языковая отчуждение) деп көрсетеді.
Тілден безу бастапқыда адамның өз ана тілін толық мәнде 
қолдану мүмкіндігі жоқтығынан пайда болады. Өз ана тілін қолдану 
жарамсыздығы мен можаритарлық тілді толық меңгермеушілік 
адамның қарым-қатынас құралынсыз қалуына әкеледі де, 
қоғамның белсенді мүшесі болуына кедергі жасайды. Сондықтан 
миноритарлық тілде сөйлеушілер арасында можаритарлық тілге 


161
толығынан ауысу құлшынысы артады. Ал кейбіреулерінде өз ана 
тіліне мансұқ етушілік пен өшпенділік қалыптасуы мүмкін. Мұны 
американ ғалымдары «Self hatred» (самоненависть) «жеккөрушілік, 
өшпенеділік» деп атайды. Біздің республикамызда орын алған 
жоғарыдағыдай жағдай, яғни қала қазағының орыс тіліне ойы-
суы, мәңгүрттікке бой алдыруы мен өз ана тілінен безген ұлттық 
нигилистердің шығуы – осының көрінісі. 
Көптілділік жағдайындағы мұндай біржақты қостілділіктің 
орын алуы миноритарлық тілдің біржола жойылуына әкелді. Ол 
процесті тек тіл саясатының мақсатты жұмылдырған іс шаралары 
арқылы тоқтатуға болады. Мұндай іс шаралардың негізгі екі түрін 
бөліп көрсетуге болады:
1) үкімет органдарының тіл дамытуға байланысты құқықтық 
актілері;
2) қоғамдық және жеке ұйымдардың іс әрекеті. 
Әрине оның ең мәндісі, сөз жоқ, мемлекет тарапынан арнайы 
ұйымдастырылған тілдерді қолдануды реттейтін түрлі деңгейдегі 
құқықтық актілер болып табылады.
Тіл аясындағы заңдылық актілер көптеген ғасырдан бері бар. 
Европадағы осындай актілердің бірі – 813 жылы Турск соборының 
діни өсиеттерді латын тілінің орнына ана тілінде жазу туралы 
қаулысы.
XІX ғасырға дейін түрлі елдердегі заңдар можаритарлық тілдің 
пайдасына байланысты қабылданған болатын. Ал XIX ғасырдың 
екінші жартысынан бастап, миноритарлық тілдерді қорғайтын 
заңдар шығарыла бастады.
Канадалық зерттеуші Дж. Тури деген ғалым өзі талдаған 
147 конституцияның 110-да тілге қатысты баптар бар екендігін 
анықтаған. Бұлар әр түрлі: біреуі аумақтық принципті көздесе, енді 
бірі жекелік принципті, тағы бірі тек жалпы принципті, қайсы бірі 
оны әкімшілік заңдастыру аппаратымен бекітуді көздейді. Ал енді 
бір елдерде үкімет органдарының өздерінше «либерализм» деп 
атайтын тіл проблемасын араласпаушылық саясаты ұсталынады. 
Бұл жердегі тіл проблемасына араласпаушылық шын мәнінде 


162
басқарушы топтың ұтымдылығы үшін мажоритарлық тілдің ба-
сым болуына немесе қалыптасқан тілдік жағдаятты сақтауға 
бағытталған бүркемелеушілік болып табылады. Мұның үлгісі 
ретінде АҚШ-ты айтуға болады. Олардың конституциясында ре-
сми тіл өкілеттілігінің жоқтығы кездейсоқтықтан емес, саналы 
түрдегі акт, яғни ағылшын тілінің үстемділік жағдайы үшін әдейі 
жасалған. 
Тіпті мектептердегі оқу тілін таңдаудың өзі көптеген лин-
гвистердің айтуы бойынша тілдік және мәдениеттік теңсіздікті 
заңдастыру құралы және миноритарлық тілді ығыстыру болып 
есептеледі.
Кез келген тіл, мейлі оның сөйлеушілері санаулы ғана болсын, 
ұлттық құндылық және жалпы адамзат мәдениетінің маңызды 
бөлшегі болып табылады. Сондықтан қандай тіл болмасын ең 
болмағанда жазу өнері мен оқу тілі болуға, сондай-ақ тәрбие тілі 
ретінде мектепке дейінгі және бастауыш деңгейінде қолдануға 
құқы бар.
Сонымен жоғарыда айтылғандай тіл саясаты түрлі мақсатқа 
бағытталуы мүмкін. Р.Филаипсон мен Т.Скутнабб-Кангас тіл 
саясатының көпшілікке танымал болған бағыттарын былайша топ-
тап көрсетеді:
1.Белгілі бір тілдің (тілдердің) ассимилияциялауына бағыт-
талған саясат. Оның өзі: а) мажоритарлық тілдің пайдасы үшін 
миноритарлық тілге ашық түрде тыйым салу; ә) миноритарлық 
тілдің қоғамдық қызмет аясын тарылту мақсатындағы бүркемелі 
тыйым салу.
2.Қалыптасып отырған тілдік жағдаятты сақтауға бағытталған 
саясат. Оның өзі: а) миноритарлық тілді ашық дискриминациялау; 
ә) миноритарлық тілді бүркемелі түрде дискриминациялау.
3.Мажоритарлық тілді дамытуға бағытталған саясат. Оның өзі: 
а) мажоритарлық тілді ашық қолдау; 
ә) мажоритарлық тілді жасырын қолдау. 
Белгілі бір мемлекеттегі тіл саясаты кейде орталықтанған түрде 
жалпы мемлекет бойынша да, кейде аймақтық сипаттарда жүруі 


163
мүмкін. Сондай-ақ тіл саясатының белгілі бір өмір салаларын 
қамтитын түрлері де кездеседі. Айталық экономикадағы тіл сая-
саты, тұрмыстық қамтамасыз ету саласындағы тіл саясаты, білім 
беру саласындағы тіл саясаты т.б..
Тілдің аман сақталуы мен дамуының кепілі әсіресе үш түрлі са-
лада міндетті түрде қолданылуынан көрінеді:
1) тұрмыста; 
2) білім беруде; 
3) саяси-қоғамдық өмірде (оның ішінде әкімшілік пен өндіріс 
саларында).
Әсіресе алғашқы екеуінің орны айрықша. Өйткені егер тіл 
отбасындағы қарым-қатынастың құралы болмаса, ол тіл өлі тілге 
айналады. Егер тіл мектепке дейінгі мекемелерде немесе баста-
уыш мектепке тәрбие тілі, оқу тілі ретінде қолданылмаса, ол тіл 
жұтаңдайды, дамымайды, соңында өлі тілге айналары сөзсіз.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта айтқанда, тіл сая-
саты қандай да бір тілдік ортадағы тіл тұтынушылардың бағыт-
бағдарын қалыптастыруға және өзгертуге бағытталған сол мем-
лекетте өмір сүріп отырған халық тілдерін дамыту жөніндегі 
мемлекеттің саясатын көрсетеді. Қоғамдағы мемлекеттік тіл-
ді, этникалық тілдерді дамытуға арналған заңнамалық актілер 
жиынтығы ұлттық саясаттың тілдік аспектілерін, тілдердің нор-
малануы мен стандартталуы мен өзіндік дамумен байланысты 
мәселелерді қамтиды, проблемаларын қарастырады. Тіл саясаты 
белгілі бір аймақтағы этносаралық қатынастарды реттеуге немесе 
оны ушықтыруға да себебін тигізуі мүмкін. Ғалымдардың пікірін-
ше, тіл саясатының басты мақсаты тілдердің мәдени құндылық 
факторы ретіндегі қызмет етуіне жағдай жасау, сол арқылы 
жалпыұлттық бірлікке сәйкестендіру болуы керек. 
Тіл саясатының тиімділігі мен нәтижелігі тіл тұтынушы субъек-
тілер мен тіл саясаты объектілерінің қатынасын реттеуге қатысты 
болады. Тіл саясатының субьектісіне мемлекет, басқа да ресми 
органдар жатса, тіл саясатының обьектісіне тілдік топтардың 
өкілдері, жалпы тіл тұтынушылары жатады.


164
Тіл саясаты тілдік топтар өкілдеріне қатысты жүргізіледі және 
тілдік жағдаятқа немесе тілдік проблемаға мемлекеттің көзқарасы 
ретінде көрінеді. Бұл өз кезегінде алдымен сол тіл саясатының ба-
стау көзі болып та саналады. 
Ғалымдар тіл саясатының бірнеше түрлерін ажыратып 
көрсетеді. Қолданылатын шаралар мен құралдарға байланысты 
радикалды-этатикалық немесе либералдық тіл саясаты болып 
бөлінеді. Сондай-ақ тіл саясатының түріне ассимиляциялауды, 
мәдени плюрализмді және автономизмді жатқызады. Тілдік асси-
миляциялау радикалды-этатикалық әдіспен жүргізіледі, яғни бел-
гілі бір ұлтты мемлекеттен бөлектейді, үлкен тілдік топтар тілдік 
азшылық ұлыстарға басымдылық көрсетіп, тұншықтырады. 
Тіл саясатындағы автономизм мемлекеттің жүргізіп отырған тіл 
саясатына қарамастан өз кеңістігі ішінде белгілі бір диаспораның 
тілін дамытуды көздейді. Мәдени плюрализм сол мемлекет 
аумағындағы барлық ұлттар мен ұлт тілдерінің дамуына жәрдем 
береді, ол ынталы әрі төзімді түрде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет