Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата30.01.2017
өлшемі1,49 Mb.
#3041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

15

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Economics and Management

гуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді 

дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, 

салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді сала-

лардың бірі болып табылады.

Туристік индустрияда қауіпті төмендетудің қолайлы 

әдісі диверсификация болып табылады. Бұл инвестици-

ялық салымдарды бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ 

обьектілерді салуды қарастырады. Диверсификация ка-

питал салуда әртүрлі салымдарды қолданып бір уақытта 

банкрот болудан сақтайды. Туристік компаниялар геогра-

фиялық шектерге байланысты, немесе қызмет көрсету 

спекторы бойынша қауіпті сақтандырады. Олар елдің сы-

ртқы саудасына шығып, халықаралық жоғары деңгейдегі 

туристік компаиялардың арасында өздерінің филиалдарын 

ашып, ұлтаралық байланыс орнатады.

Осылайшы тәуекел менеджменті негізінде қауіпті 

төмендету үшін мақсатты жұмыстар жүргізіледі. Пайда 

табу немесе оны көбейту өнері (ұтыс, пайда) шару-

ашылық қызметтің негізі болып табылады. Тәуекел ме-

неджментінің соңғы міндеті қауіпті жағдайда көп пайда та-

буды көздейді.

Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фак-

тордың әсері өте жоғары. Кейбіріне тоқталып өтсек: ме-

лекеттің әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі мен мәдени-

еттің жетілуі, өмір сүрудің төменгі көрсеткіші, халықтың 

табысы және туристік салаға деген халықтың көзқарасы.

Әдебиет:


1.  Квартальнов В. А. Теория и практика туризма: учебник. — М.: Финансы и статистика, 2003.

2.  Вавилова Е. В. Основые международного туризма: Учеб. пособия. — М.: Гардарики, 2005.

3.  Вукулов В. А. Халықаралық туризм тарихы мен теориясы. — Алматы, 2005.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры: қаржы еркіндігінің стратегиясы

Тажикова Жанат Жұманқызы, аға оқытушы; 

Райымбекова Айман Төребекқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

«Болашақ» университеті, (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Қ

азақстандықтар үшін өздерінің зейнетақы жинақ 



қорын бақылап отыру игі дәстүрге айналып келеді. 

Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 4 триллион теңгеден 

астам жалпы зейнетақы қаржысы жинақталған Бірыңғай 

жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) осы үрдісті ерекше 

атап көрсетеді.

Бүгінде тұрғындардың көпшілігінің бойында өзінің бо-

лашағына деген жауапкершілік сезімі қалыптасқан. Жи-

нақтаушы зейнетақы қоры енгізілген он бес жылға тарта 

уақыт ішінде қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақ 

қорын «бақылап» қана қоймайды, сонымен бірге, өздерінің 

жұмыс берушілерінен міндетті түрде және толық көлемде 

зейнетақы жарнасын аударып отыруды талап етеді. Жеке-

меншік қорлардағы зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға бірік-

тіргеннен кейін де жинақтаушылар өздерінің міндетті жар-

наларының толық сақталып отырғандығына көз жеткізеді. 

Сонымен бірге, олар өз қаржыларының жекеменшік зей-

нетақы есепшоттарында жинақталып жатқанына куә бо-

лады. Қордағы қаржы қордың немесе мемлекеттің емес, 

толық көлемінде азаматтардың иелігінде. Оның толық 

сақталуына «Қазақстан Республикасының зейнетақымен 

қамтамасыз ету туралы» Заңы кепілдік береді.

Республикамыздағы бүкіл әлеуметтік қамтамасыз ету 

жүйесін құру тұрғысынан келгенде, тұрғындардың жи-

нақтаушы зейнетақы қорына деген көзқарасының маңызы 

өте ерекше. Сонымен бірге, алдағы жылдарға БЖЗҚ-ны 

дамыту стратегиясын дайындау барысында «Жинақта-

ушылармен біріге отырып, қаржылық еркіндікті қа-

лыптастыру» атты қор міндетін белгіледі. Осыдан келіп, 

қордың стратегиялық бағдарлары айқындалады: БЖЗҚ — 

еліміздің барлық жұмыс істейтін тұрғындары қатысатын, 

адам құқын және заң басымдылығын сақтайтын, есеп беру, 

ашықтық және этикалық тәртіп үрдістерін бұлжытпай 

орындайтын әлеуметтік жауапкершілігі бар ұйым.

Бүгінде БЖЗҚ — бұл зейнетақымен қамтамасыз етудің 

бір ғана жүйесі. Алайда, уақыт өте келе жинақтаушы 

үдерістің маңызы артады. Сөйтіп, қор қаржы жүйесінің 

маңызды бөлігі ғана емес, сонымен бірге, еліміздің бүкіл 

экономикасының маңызды саласына айналады.

Қордың топ-менеджерлерімен кездесуге келе жатып, 

осыдан біраз уақыт бұрын, жекеменшік ЖЗҚ-ларды 

бірыңғай орталыққа біріктірген кездегі адамдардың 

көңіліндегі күдіктерді ой елегінен өткізді. Бұл ретте же-

кеменшік жинақтаушы есепшоттардағы ақпаратқа қол-

жетімділіктің де маңызы ерекше зор. БЖЗҚ-ға кезекті 

жекеменшік қордың активтерін қосу туралы ақпарат та-

ратылғаннан кейін өздерінің жинақталған қаржыла-

рының жағдайын, инвестициялық кіріс көлемін, жұмыс 

берушінің жарна төлемдерін аудару мәселелерін білгісі 

келгендер БЖЗҚ офисіне топ-тобымен келіп, ұзын кезек-

терге тұратын еді.

Жинақтаушы қорларды біріктіргеннен кейін бар 

болғаны бірнеше айдың ішінде бұл міндетті ойдағыдай 

шешті. Оған орталықты аралау барысында көз жетті: 


16

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Экономика и управление

ұзақ-сонар кезектер жоқ, электрондық кезек кестесі іске 

қосылған, адамдар өздерін толғандырған барлық мәсе-

лелер бойынша жауап алады.

Тіпті, бір офис бір күннің ішінде бір мыңға дейін зей-

нетақы жинақтаушыларын қабылдаған күндер де болды. 

Дегенмен, өңірлік жүйелерді шұғыл дамыту БЖЗҚ-ның 

колл-орталықтарындағы және ақпараттық залдарын-

дағы қызметкерлердің шұғыл да жоғары кәсіби жұмы-

сының нәтижесінде алаңдаушылықтың алдын алды. Енді 

адамдарды өздерінің жинақ қорларына жарналардың ау-

дарылуы емес, басқа ағымдағы мәселелер қызықтырады. 

Дәстүрлі және бүгінгі озық байланыс каналдарын кең 

көлемде пайдалана отырып, тұрғындарға ақпарат беру 

жөнінде кең көлемдегі филиалдық жүйені және шұғыл жұ-

мысты ұйымдастыра отырып, ахуалды түбірімен өзгертті.

Қараша айының басында бүкіл республикамыз бой-

ынша БЖЗҚ-ның 240 офисі жұмыс істей бастады. Оның 

ішінде тек 2013 жылдың өзінде ғана қосымша қызмет көр-

сететін 87 орталық ашылды. Оның ішінде бұрын бірде-бір 

жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қоры болып көр-

меген, тұрғындар жеке зейнетақы шотынан анықтама алу 

үшін ондаған шақырым жол жүретін елді мекендерде 28 

нүкте ашылды.

Қор республикамыздың барлық тұрғындары үшін ба-

рынша қолжетімді болуға тырысуда.Барлық 160 аудан ор-

талықтары мен облыстық маңыздағы қалаларда офистер 

жұмыс істейді. Бұл ретте өте қолайлы жұмыс кестесі жа-

салды: барлық филиалдар және қызмет көрсететін көп-

теген офистер жұмыс күндері таңертеңгі сағат 8-ден кешкі 

7-ге дейін үзіліссіз жұмыс істесе, сенбі күндері таңертеңгі 

сағат 9-дан күндізгі сағат 13.00-ге дейін келушілерді қа-

былдайды. Кадр мәселесі де оңтайлы шешілді. Қабыл-

данған қызметкерлердің 60 пайыздан астамы жекеменшік 

ЖЗҚ-ларда жұмыс істеп тәжірибеден өткен адамдар.

Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізумен қатар, са-

лымшыларға жедел ақпарат беру мәселелерімен де ай-

налысады, Осы орайда, ахуалды оңтайландырумен қатар, 

БЖЗҚ-ның кідіріссіз жұмыс істейтін жүйесін қалыптасты-

руда маңызды болды. Тек бір жыл ішінде ғана біз 11 ішкі 

нормативтік акт қабылданды. Оның ішінде салымшыларға 

стандартты қызмет көрсету, офистерді ашу, ауыстыру, жа-

будың жұмыс стандарттарын қалыптастыру сияқты мәсе-

лелер бар. Астана және Алматы қалаларында бүгінгі 

күннің сұраныстарына жауап беретін 2 офис ашылды. 

Олар жан-жақты жабдықталған және өңірлік жүйені да-

мытуда, ескі бөлімшелерді жаңғыртуда басшылыққа 

алатын қызмет көрсетудің жаңа үлгілерін өмірге енгізді.

Жүйені дамыту тек қана өңірлік жүйені дамыту жо-

лымен ғана жүргізіліп отырған жоқ: бүгінгі заманның 

адамдары үшін қызмет түріне қашықтықтан қол жеткізу 

тетіктерін игеру де өте маңызды. Бұл офистердегі кезек-

терді болдырмауға, ақпарат немесе қызмет көрсету түр-

лерінің уақытын азайтуға ақпарат алуды офис жұмы-

сының кестесіне тәуекелдіктен шығаруға мүмкіндік береді.

Ақпарат алу үшін кезекте тұрған адамдар жоқ, тек 

электрондық кезек қана жұмыс істеп тұр. Сондықтан 2 

минут ішінде мен формулярды толтырып, логинді және 

уақытша пароль алынды. Сұхбат жүргізіп болғаннан кейін 

БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы өзімнің жеке ка-

бинетіме кіріп, басқа қордан аударылған қаржы көлемі, 

инвестициялық кірістің аударылуы, менің жұмыс бе-

рушімнің тұрақты түрде аударып тұратын жарналары си-

яқты барлық ақпаратпен жан-жақты таныстырылды.

Тұрғындарды жинақтары туралы толық ақпаратпен та-

ныстырып тұру басты міндет. Бұрынғы жинақтаушыла-

рымыздың көпшілігіне ақпаратты бұрынғысынша пошта 

арқылы конвертпен жіберіп тұрады. Алайда, бұл — үздік 

үлгі емес. Сондықтан қазір қызметкерлер салымшылар 

офиске келген кезде сандық формат арқылы: электронды 

пошта немесе жеке кабинет арқылы ақпарат алу туралы 

қосымша келісім жасауға тырысады. Егер жыл басында 

интернет-ақпарат алуды таңдаған салымшылар 107 мың 

адамды құраса, 1 қарашадағы мәлімет бойынша олардың 

саны 3 есе артты. Қазірдің өзінде БЖЗҚ-ға келген са-

лымшылардың 39 пайызы ақпарат алу жүйесінің алуан 

түрлері арқылы ақпарат алу туралы шарттарына қол 

қойды. Болашақта болжам бойынша, салымшылардың 75 

пайызы осындай шарттарға қол қоятын болады. Бұл ретте 

ХҚО және e-gov электрондық Үкімет сайты сияқты ка-

налдар кеңінен пайдаланылады.

Салымшыларға қызмет көрсетудің қолайлы түрлерін 

дамытуды одан әрі жалғастыратын болады, Android және 

iOS операциялық жүйелері бойынша, сонымен бірге, 

Windows Phone жүйесі бойынша жұмыс істейтін план-

шеттер мен смартфондар үшін көп функциялы қосым-

шалар іске қосылды. Ұялы байланыстың барлық түрлері 

адамдарға онлайн режімінде call-орталығымен немесе 

жақын маңдағы филиалдармен байланыс жасап, БЖЗҚ 

барлық жаңалықтарымен танысуға мүмкіндік береді. Ең 

бастысы, өздерінің жеке зейнетақы шоттарындағы жаңа-

лықтарымен танысады. Сонымен бірге, электрондық 

сандық қол қою арқылы www.enpf.kz сайтындағы жинақ 

қорымен танысуға мүмкіндік алады. Сөйтіп, қордың 10 

миллионнан астам салымшыларының ақпарат алу әдісін 

таңдауға мүмкіндігі бар, ең бастысы — олар еліміздің және 

әлемнің кез келген өңірлерінен қордың қызметіне қол жет-

кізе алады. Ешкім тұрғылықты жеріндегі офиске тәуелді 

емес. Бұл БЖЗҚ жұмысының маңызды қорытындысы. 

Атқарылған жұмысты қорытындылай келіп, ұйымдастыру 

мәселелері шешілді, жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету 

іске қосылды және кідіріссіз жұмыс істейді, база, мұрағат 

қабылданды, бірігу толығымен іс жүзіне асырылды деп 

айтуға болады. Енді жаңа міндеттер туралы айту керек.

Бұрынғысынша, тұрғындардың барлығын жинақтаушы 

зейнетақы жүйесімен барынша толық қамту ең басты 

тақырып болып қалуда. Салымшылардың зейнетақы бо-

лашағы да, жүйенің өзі де енді жарна түсімінің көлеміне 

және жиілігіне байланысты. Сондықтан 2015 жылдың ба-

сынан бастап, БЖЗҚ жұмыс берушілерден келіп түсетін 

түсіміне күн сайын мониторинг жүргізіп отыратын болады. 

Бұл техникалық жағынан әбден мүмкін. Қордың жұмыс 

берушілердің өз қызметкерлерінің жеке ақпараттық жүй-


17

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Economics and Management

есіне аударатын жарналардың неліктен жүйелі және толық 

мөлшерде жүргізілмейтіндігінің себебін анықтау үшін ті-

келей салымшылармен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.

Бұл ретте кәсіпорынның тоқтап қалуы, қызметкердің 

жұмыстан шығуы, кезекті еңбек демалысында болуы, сы-

рқаттануы сияқты әртүрлі себептер болуы мүмкін. Алайда, 

егер бұл тікелей заң бұзушылыққа байланысты болса, қор 

мұндай оқиғаның кез келгені бойынша материалдарды 

салық органдарына жіберуге дейін шара қолдана алады. 

Сонымен бірге, өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдармен 

де жұмыс жүргізу жалғасады. ЖЗҚ жұмыс істей бастаған 

15 жыл көлемінде бұл мәселенің түбегейлі шешімін табуға 

мүмкіндік болмады. Әлі күнге дейін ерікті зейнетақы жар-

насы жөніндегі сегмент толық дамымай отыр. Бұл сегмент 

тиісті дәрежеде жұмыс істесе, өзінің болашағын ойлайтын, 

өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін әрбір адамды ын-

таландырар еді. Қор зейнетақы жинақтаушы салымда-

рының осы түрінің кең таралуы үшін жұмыс істейтін бо-

лады. Адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту 

үшін бүкіл республика бойынша тұсаукесерлер өткізілетін 

болады. Осылармен бір мезгілде жарнаның бұл түрін ба-

рынша тартымды ету үшін ерікті жарна төлеушілерге са-

лынатын салықты азайту жөнінде заң қабылдау мақсатын-

дағы бастама бойынша да жұмыс жүргізілуде. Міндетті 

және кәсіби міндетті зейнетақы жарналарын тарту жөнін-

дегі бірден-бір қор бола отырып, БЖЗҚ өзіне бірқатар 

нормативтік-методикалық сипаттағы мәселелерді қабыл-

дайды. Мәселен, актуарийлік есеп айырысуды жүргізу 

жөнінде БЖЗҚ жанынан актуарийлік орталық құрылған, 

зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі көптеген ұсыны-

стар оның жұмысының нәтижесіне байланысты. Сонымен 

бірге, зейнетақы өнімдерін одан әрі дамыту мақсатында 

кадрларды оқыту және даярлау жөніндегі жұмыстар жүр-

гізілуде. Мәселен, 1 қарашада міндетті кәсіби зейнетақы 

жарналары бойынша есеп шоттардың саны 336 мыңнан 

асты. Ал 2018 жылдың басында Президенттің Жар-

лығымен бекітілген Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту 

концепциясына сәйкес зейнетақымен қамтамасыз етудің 

шартты-жинақтаушы компоненті сияқты түрі енгізілетін 

болады. Жұмыс беруші өз жұмысшыларының кірісінен 

5 пайыз көлеміндегі міндетті жарнаны БЖЗҚ-ның жеке-

шелендірілген шартты-жинақтаушы есепшотына аударып 

отыратын жұмысшылар оған қатысушы бола алады.

Жаңа жүйе зейнетақымен қамтамасыз етудің бөліп-та-

рату және жинақтаушы түріндегі қағидаларын қолдайды. 

БЖЗҚ тарапынан оны дамыту талап етіледі. Себебі, 

жаңа есепшоттарды, тіпті өмір бойы жарна түсіп тұратын 

есепшоттарды ашу қажеттігі туындайды. Жалпы алғанда, 

қор үшін әлі де көп жұмыс атқаруға тура келеді. Салымшы 

қорды өзінің болашағын жоспарлаудағы серіктесі ретінде 

қабылдауы керек. Оларды оқыту, қаржылық кеңес беру, 

ақпарат беру жұмыстарын кеңейте отырып, салымшы-

лармен жан-жақты жұмыс жүргізетін болады. Еліміздің 

азаматтарына зейнеткерлікке шыққан кезде қаржылық 

тәуелсіздікке ие болуы жолында сауатты шешім қабыл-

дауы үшін көмек көрсетіледі.

Әдебиет:


1.  Сахариев С. С. Финансы: учебник. — Алматы: Юридическая литература, 2004.

2.  Илиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. — Алматы, 2005 − 552 б.

3.  Мельников В. Д., Ли В. Финансы. / Учебник. — Алматы, 2005.

4.  Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. Оқулық — Алматы.: ИздатМаркет, 2004. — 248 с.

5.  Финансы: учебник для вузов / под ред. М. В. Романовского — М.: изд. «Перспектива», 2000.

6.  История финансовой мысли и политики налогов — М.: ИНФРА-М, 1996.

7.  Сумароков В. Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования — М.: Финансы 

и статистика, 1996.

8.  Финансы: учебное пособие — под ред. А. М. Ковалевой — М.: Финансы и статистика, 1998.


18

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Государство и право

ГО СУД А РСТ В О   И   П РА В О

Мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мағынасы

Жомартқызы Мария, заң ғылымдарының кандидаты, доцент

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Ж

ер қолданушылардың мемлекеттік тіркеу құқықтық 



мінездемесін баспаларда, жер құқығы бойынша 

оқулықтарда мойындалды, т. с. с. монографиялық әдеби-

етте Г. А. Аксененок жер қолданушыларды тіркеуге алу 

заң актісі екені, ол жер қолданушылардың құқықтырымен 

көзқарастарын қорғап, күшейтетінін көрсетеді.

Жер қолданушылардың мемлекеттік тіркеуге алынуы 

құқықты мағынасы нормативті актілерде де бекітілді, онда 

жер қолданушылықтың мемлекеттік тіркеуге алынуы 

заңды акт екені жазылған, жер қолданушылыққа жер 

учаскелерін қолдануға құқығын хаттайды. Тек мемле-

кеттік тіркеуге алудан кейін ғана жер қолданушыға жер 

учаскесін қолдануға құқығы бар екенін күәләндыратын 

құжат беріледі.

Жер қолданушылықтың мемлекеттік тіркеуіне қа-

рағанда мемлекеттік есептің құқықтық мінездемесін ұзақ 

уақыт мойындалмады. Өйткені есеп жүргізу нәтижесінде 

құқық міндеттерді орнату жүргізілмейді, сондықтан мем-

лекеттік ортақ теория және құқықтың, ғылымның уәкіл-

дері есептің құқықтық мағынасын, теріс мойындады, оны 

статистика-экономикалық мағынасы бар көптеген жұмы-

стардың бірі деп саналды.

Мемлекеттік жер есебінің құқықтық мағынасын мой-

ындау және оның мәліметтері толық дәлелді және мемле-

кеттік жер кадастрының жүйесінде жерлерді бағалау кең 

таралуы тиіс. Жерлердің кадастрлық бағасының заңды 

мағынасы туралы сұрақ заң әдебиеттерінің жер када-

стрының елде заңды жүргізумен қатар назарды өзіне ау-

дартты.


И. Н. Ведениннің ойынша жер кадастрының құқықтық 

мағынасы-ол жер қолданушылардың құқықтарымен мін-

деттерінің көлемі және мінездемелеріне белсенді әсер 

етеді, оны жер сапасын жақсартуға, жер құнарлығын кө-

теруге қажетті шаралар қолдануға итермелейді.

Жер қолданушылардың тіркеуге алынуы, мемлекеттік 

жерге меншіктік туралы принциптерді сақтау, бірлескен 

мемлекеттік жер қорын тәуелсіздігі және орнатылған 

тәртіппен берілген жерлерге жер қолданушылардың 

құқықтық қорғау қажеттілігімен қамтамасыз етеді. Жер-

лерді тіркеуге алуды жер қолданушылықтың мемлекеттік 

жазулары ретінде қарастыру керек, оның көмегімен жер 

қолданушылардың нақты жер участігіне құқығын заңды 

түрде көрсетеді. Жер қолданушылықтың тіркеуге алынды, 

жер қолданушылардың әр түрлі бұзушылықтардан 

құқықтарын қорғау туралы болып табылады. Олар жер 

қолданушылық және жерлердің дұрыс қолдануын, оның 

мақсатымен мағынасына қарай тұрақтылылығын қамта-

масыз етеді.

Тіркеуге алу негізі болып жер қолданушыларға қайта 

өңделу ретінде, қатысты мемлекеттік органдардың заңда-

рымен қаралған қажетті құжаттардың негізінде жер 

учаскелерін жеке немесе заңды тұлғаға белгілі мақсат үшін 

беру шешімі болып табылады, т. с. с. тұрғылықты жердің 

шекараларын бекіту және қоныстандыру жобасын іске 

асыруға қажетті құжаттарды ұсыну. Мемлекеттік тіркеуді 

хаттаудан кейін жер қолданушыға немесе жер иелеріне 

құжат беріледі (бекітілген формасы бар мемлекеттік акт) 

қолдануға құқық және жер учаскесіне, оның учаск жоспа-

рымен қоса жеке меншіктік құқығы бар құжат.

Жер учаскелерін беру туралы шешімдерде, олар 

қандай мақсатта беріледі және жерлерді қолданудың не-

гізгі шарттары көрсетіледі. Жерлерді беру, қолдану при-

оритеттерінде ауыл шаруашылық жер қолданушыларына 

беріледі. Құжатта учаскенің қолдануға және жеке мен-

шікке берілу құқықтары, сол сияқты мақсатты бағыт-

талуы, бөлінушілігі немесе бөлінбеушілігі, сервитуттары 

және басқа шектеулері көрсетіледі.

Алынған мәліметтер негізінде жерлердің ресми 

тұрақталуы жер қолданушылардың арнаый шешімдердің 

мемлекеттік органдардың мақсаттары және белгілеулері 

жүргізіледі, оларға жер берілгені үшін, жер қолданушы-

лардың жерді қолдану құқығы бар құжаттарды толтыру 

және беру болып табылады.

Жер қолданушылардың мемлекеттік тіркеуі, жер када-

стрының негізгі құрама бөлігі сияқты жерлерді құқықтық 

қатынастарда зерттеп, олардың жағдайларын анықтайды. 

Бірақта мемлекет жердің иесі ретінде тіркеумен қатар 

нақты жер қолданушылардың дұрыс қолдануын бүкіл 

қоғам қызығушылығына бақылау жүзеге асырылады. Бұл 

мақсаттарда жер ресурстарының құқықтық ғана емес, 


19

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



State and Law

экономикалық және табиғи жағдайларында санау қажет. 

Ал бұл біздің елімізде жерді қолдану құқығы, оның ша-

руашылық мақсатта қолданумен бөлінбестей байла-

нысты жер қорының бөліктерінің бағытталуына қатысты. 

Сондықтан жер қолданушылығы және мемлекеттік жер 

есебінің тіркеулері бірлескен түрде жүзеге асырылады. 

Бұл тіркеу және есеп құжаттауының бірлігімен қамта-

масыз етіледі. Әр район (қала) бойынша мемлекеттік жер 

кадастырының кітабында барлық жер қолданушылықтың 

әр жер қолданушыларын және жер-су құрылымы және 

сапалы жағдайлары бойынша жерлердің мемлекеттік 

қорларын тіркеу жүргізіледі. Жер кадастрлық кітабында 

кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жер-су және са-

палы жағдайлары бойынша, жеке тұлғалардың усадьба 

учаскелерін санап тіркейді.

Жер есебі, жер қолданушылығының тіркеуінен өз-

гешелік елдің жер қорын қамтиды. Сондықтан жер есебі 

өзі жинақтауы, жүйелеуі және сапа жағынан жан-жақты 

талдауы, жер ресурстарын шаруашылық қолдануын және 

орналастыруына мемлекеттік шаралар жүргізді. Мем-

лекет талаптарды, мазмұндарды және оны жүргізу тәртіп-

терін анықтайды. Ол орнатады: жер есебінің мазмұны ту-

ралы ақпараттар және оларды алу әдістері, есеп және есеп 

беру мазмұндарының формаларын құжаттау, есеп бе-

рудің мерзімдерін көрсету: жер есебін жүргізуін бақылау 

тәртібі, есепті жүзеге асыратын тұлғалармен органдар. 

Есептің орнатылған тәртібі бүкіл республика территори-

ясында міндетті болып табылады. Мемелекеттік жер ка-

дастрының негізгі бөлігі болып табылатын, есеп жердің 

шаруашылық жағдайларын зерттеу және табиғи қатына-

старын зерттеуді бастады.

Жер есебінің негізгі бөлігі жер инвентаризациясы 

болып табылады, ол есептік бір уақытта шараларды 

көрсетеді. Оны мәліметтерін қатысты анықтау мақса-

тында, кадастрлық құжаттауда, тұрғылықты жерлерде 

бар қажетті шаралары бойынша жүргізіледі. Алынған 

кадастрлық мәліметтерге және бірінші кезегіне есептік 

анықтамалар енгізеді. Инвентаризацияны жүргізу кезінде 

жоспарлы-картографиялық және басқа материалдардың 

өндірісінде қолданады. Мәліметтер натурасының көр-

сетілуіне қатысты жерді зерттеу кезінде жүргізіледі. 

Тұрғылықты жерлерге арнайы суреттер жүргізілмейді.

Мемлекеттердің, қоғамдардың ғылыми –орнатылған 

жобалауды, программалауды, жоспарларды жүргізу 

үшін мемлекеттің материалды мүмкіншілігін білу қажетті. 

Адамдық, материалдық және табиғи ресурстардың есебі, 

соның ішінде маңызды рөлді жер алады, қажеттілігін 

шарттайды.

Ұйымдық-шаруашылық қызметтерін орындай отырып, 

мемлекет территориалдық жоғары басқарушылықтың 

құқығын тасушы және бірлескен мемлекеттік қорлардың 

жер меншіктілігін басқаруды жүзеге асырады, ол жер ка-

дастрыне маңызды мемлекеттік маңыздылық береді. Мем-

лекеттік және қоғамдық қажеттіліктерін орнатуда када-

стрлық мәліметтері үлкен мәнге ие болады.

Сонымен, халық шаруашылығының салалар арасын-

дағы жерлерді бөлу және қайта бөлу, т. с. с бөлек жер қол-

данушылардың салалар арасындағы ішінде, білім алу және 

жерлерді қолданушылар өзгерістері жер құрылымдық ор-

гандардың мемлекетте жер кадастрының материалдарын 

қолданумен іске асады.

Жер басқа мүлік қатынастарының объектілерімен өз-

гешелігі, ол табиғаттын экологиялық қызметтерін орын-

дайтын бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезде жерлердің көп бөлігі сутексізденген, аса 

үлкен жер аудандары айналыстан шыққан, яғни ауыл ша-

руашылығында қолдану жарамсыздығына келтірілген. 

Жер асты салалардың қалдығынан, өндірістердің, т. 

с. с химиялық қалдықтардан ластанады. Бұл сұрақтардың 

шешімін қабылдауда елдің жер ресурстарының сапалы 

жағдайлары туралы нақты және толық ақпараттармен 

қамтамасыздану керек.

Жер кадастрының мәліметтері арендалық төлемдерге 

жер салығын санау үшін, алым алыну кезіндегі қатерді 

толтыру сомаларын анықтауда ү. лкен мәнге ие болады. 

Салық салудың дифференциясы сол сияқты жер сапаны 

есептеу қажеттілігін және оларды бөлек табиғи-экономи-

калық зоналар бойынша объективті шарттайды.

Әдебиет:


1.  Қазақстан Республикасының Кониститутциясы 30 тамыздағы 1995 жылы.

2.  Ерофеев Б. В. Жер құқығы. — М., 1998.

3.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастырын жүргізу туралы тәртібі. — 2003.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет