9. Таңертең тамақ ішіуіміз керек пе?
«Бал таба қалсаң
Же оны шамаңа қарап,
Артық жеп қойсаң
Жиренерсің құсып тастап». Сүлеймен Пайғамбар (с.ғ.с.)
Сұрақ: – Біздің қазақ «таңғы ас тәңірден» деп жатады, енді осының мағынасын айта
кетіңізші. Сонда таңертең тамақ ішпеуіміз керек пе?
Жауап: – Адам ояна салысымен, бірден тамақ ішеді. Асқазанның қалауына сана бағынады,
асқазан билеуші болады. Шартты рефлекс бойынша асқазан әрқашан да таңғы тамақты
күтеді. Мен үшін таңғы тамақтың қажеті жоқ, не болар болмас қана, себебі ағзам түні
бойы демалды, қуат жұмсаған жоқ. Адам неге ұзақ демалыстан кейін асқазанын таңғы
аспен толтырып алуы тиіс? Сондықтан тағы қайталаймын: «Сіз тамағыңызды тынымсыз
дене қимылын жасап барып ішуіңіз керек.
Таңғы астың қажеті жоқ деуімнің себебі, таңғы асты жегенде, түні бойы жиналған қуат
бекер рәсуә болады. Таңертең сіздің тәніңіздің, ақылыңыздың, рухыңыздың қуаты өте
жоғары деңгейде болуы керек. Тек осылар ғана, сіздің шабыттық және тәндік жұмыстар
атқаруыңызды іске асырады.
Мен оқушылар мен студенттерге, таңертең ерте тұрып, аш қарынға оқудың пайдасын
ылғи да түсіндіремін. Студенттердің көпшілігі кешке тойып алып сабаққа
дайындалмақшы болады. Не болады? Оларға сабақты меңгеру үшін көп күш жұмсауға
тура келеді. Тамақ ішкеннен кейін мидың қабілеті төмендейді. Осы студенттерді түні
бойы демалдырып, таңғы тамақты оянғаннан кейін үш сағаттан кейін берсеңіз, олар
ғұлама сияқты көрінеді. Мен осыны мыңдаған ОҚЫРМАНДАРЫМА, көптеген
ғалымдарға, пенделерге, дәрігерлерге т.б. айттым.
Енді түсінікті болар, неге таңертең тоя тамақ ішуге қарсы екенім. Ауыр тамақ қортылу
үшін көп қуат шығындайды. Жүйке қуаты басқа мақсаттарға жұмсалғандықтан, миға
жетпей қалады, адамдар осы себепті милау, таяз ойлы болып қалады. Енді осыны басқа
қырынан қарайық. Ұзақ жылдар бойы адамдар санасына сіңіріліп келген қағида, «таңғы ас
17
ең маңыздысы, ол тәннің және ойдың ауыр жұмыстар атқаруына қуат береді». Осының
бәрі ғылыми негізделмеген, мүлдем кереғар қате пікір.
Таңертең тоя тамақ ішкеннен кейін, сіз тоқтық пен жайбарақаттықты сезесіз, бірақ күш
қосылмайды. Осы тамақтың ас қорыту жүйесіне сіңірілуі және ағзаға қуат беруі үшін
біршама уақыт керек. Ас қорыту өте күрделі ағым. Таңғы астың әрбір қоспасы өңделіп,
жасауша сіңіре алатын, өте кішкентай химиялық бөлшектерге айналуы керек.
10. Әсет Ризаұлының ұзақ аштық ұстау себептері
«Егер де бір нәрсеге ең қарапайым әдістермен жетуге болатын болса, ешқашан күрделі
қадамдар жасама. Бұл өмірдің ең дана ережелерінің бірі». Ремарк
–
Әсет Ризаұлы, адамның азып-тозуының басты себебі неде деп ойлайсыз? Өзіңіз осының
бәріне душар болып, басыңыздан қалай өткізіп, осыдан қалай құтылғаныңызды алдыңғы
шығарған кітаптарыңызда жазып жүрсіз. Сіздің алдыңғы жазған кітаптарыңызды біреу
оқыса, енді біреу оқымаған шығар. Осыны қысқаша тағы қайталай кетсеңіз?
Сұрақтарыңа орай адамдардың қалай азып-тозуының және осыдан құтылу жолын және
кітаптарымның тақырыбына арқау болып жүрген жағдайды қысқаша қайталап айта
кетейін:
“Ақылдыға – ишарат, ақымаққа – таяқ.” Қазақ мақал-мәтелдері
Ашыққанға дейінгі Әсет Ризаұлының жалпы жағдайы:
Салмағым 103кг, оң қолымның қан қысымы 160/80, ал сол қолымның қан қысымы 130/80,
қан тамырымның 1 минуттағы соғысы 82. Бойым 174 см, негізгі салмағым 76...80 кг
аралығында болуы керек, артық салмақ 28 кг, немесе бір қапшық жүкті өз еркіммен тәулік
бойы арқалаудамын. Ағзаның әрбір артық салмағының 1 см кубына, сенсеңіз де,
сенбесеңіз де тамақтандыру және жақсы қалыпта ұстап тұру үшін 1 км (капилляр) өте ұсақ
түтікшелер қажет.
Сондықтан артық салмақ, жүрек пен тыныс алу мүшелеріне ауыр жүк. Тамырдың соғуы
мен қан қысымының көтерілуі қауіпті шепке дейін көтеріліп зардапқа ұрындырады, мен
осыны өз басымнан өткізудемін. Осыдан бірер апта бұрын үлкен дәретім қан аралас
шықты.
Бұл дегеніміз екі бүйректің санаулы күні ғана қалды, соңғы кезде жүрегім тағы шаншып
ауыра бастады, күніне бір қорап темекі тартамын, бұдан 5...6 жыл бұрын арақты
бұрынғыдай емес, анда санда 2...3 айда аңыратып тұрып ауырып құлағанша сілтейтінмін.
Осыдан он шақты жыл бұрын аузым құрғамай, үзбей ішетінмін.
“Әркімнің ниетіне лайық Алла оған рақым, шапағат етпеген болса, ол ең зиян тартушы
пенде.” Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
18
Жалпы түр тұлғам, келбетім: Бет әлпеті қара қошқылданып түнеріп кеткен, ойы дұрыс
емес, бұрыс, екі көзі құтырған иттің көзіндей қанталап, қарны қабақтай, беті табақтай,
бұғағы салақтап жүрген, жүрісі баяу, санасы жартылай ояу, көңілі қаяу, о дүниеге таяу
пендені бұрын кездестірсеңіз – соны мен деп білерсіз. Өзімнің көңіл күйім, сезінуім:
өзімді онша жақсы сезінбеймін, нашар сезінемін, артық салмақ жерге қарай басып, денем
ауыр тартып, тынысым тарылып, қимылым баяулап, жүрек соғысым жиілеп, жалқаулық
желкеме мініп алып диванға ұрмай-соқпай жатқызып, теледидардың алдына жіпсіз байлап
қойды. Не жұмыс істегім, не кітап оқығым, не таза ауада жүріп жаттығу жасағым, не
рухани істер істегім келмейді.
Осының салдарынан өткен былтырғы жылды сандалып бос өткіздім. Қазақша айтсам
настық басып, жан емес тәнім билеп, нәпсінің құлына айланып кеткенімді өте жақсы
сезініп түсінудемін. Осы қалыпқа өзім саналы түрде келдім. Алдыңғы ашығуларымда
бұдан да сорақы қалпымды, ұзақ мерзімдік ашығудың көмегімен жазылып алғанмын.
Осы өздеріңіз оқып отырған кітапты жазуға не түрткі болды? Мен өзімнің ашығу ілімімен
шұғылданып жүргеніме 12 жыл болды, осы ашығуды ұстанған жылдары: ағзамдағы болып
жатқан физиологиялық, психологиялық өзгерістерді, әр ашыққан күнімді, айымды қағаз
бетіне мұқият түсіріп отырдым. Ашығып ораза тұтудың арқасында денсаулығымды жас
күнімдегіден де артық түзеп, барлық сырқаттарымнан жазылып алдым.
Бірақ, осы жылдарда жазылып кетуімнің себебі не, қандай күштер әсер етеді деген
сұрақтардың жауабын таба алмай жүргенмін. Көпшілік «қалай жазылып алдың, не әсер
етті? » – деп қайта-қайта сұрай береді, нақ ғылми тұрғыдан және рухани түсіндіріп айта
алмаймын. Осы сұрақтарыма жауап іздеп, талай рухани кітаптарды, ашығу туралы
диетолог әлемдік дкңгейдегі ғалымдардың еңбектерін ақтардым, іздендім. Нәтижесін осы
шығармама түсірдім.
–
Менің пайымдауымша, қазіргі адамзаттың ашқан ұлы жаңалығы, ерікті түрде ашығу
және дұрыс тамақтану, тыныс алу арқылы өзінің тәнін, санасын, рухын тазарту. Ашығу
мен дұрыс тамақтануды, тыныс алуды ғылыми негіздей отырып, солмайтын жастыққа ие
болу. Адам ашығу, дұрыс тамақтану арқылы, мезгілсіз қартаюдың алдын алады. Қартайып
масылға айлану қорқынышы әркімнің жүрегінің түбінде ұялап жатыр! Бірақта терең ойлы,
дұрыс пайымдайтын адамдар аз емес.
"
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес
Еңбектен бұдан өзге бәрі жалған". Абай
Менің негізгі мамандығым агроном. Ол кезде мен бейберекет өмір сүрудің нәтижесінен
қатты ауырып жүргенмін, себебі тамақты кез келген уақытта талғамай қалай болса солай
ішу, арақ пен темекіні рухани қараңғылықтың салдарынан алғашында: дәреже, мақтан
көріп үйреніп, соңынан қалай маскүнемге және темекі мен ашты шәй ішетін бәңгішеге
(наркоман) қалай айналып кеткенімізді білмей де қалдық.
19
Осы әдет Кеңес үкіметінің тәрбиесімен өскен, сол кезеңде қызмет істеген ауыл
шаруашылық мамандарының бәріне тән ерекшелік болды десем қателеспеймін, себебі
ауыр жұмыстан қажығанда демалысымыздың сиқы осы болды, басқадай демалуға
болатынын білмедік, 10 шақты жылдар бойы заңды демалысымызды да ала алмайтынбыз,
ерте көктемнен қар түскенше тәулігіне 16...18 сағаттан жұмыс істеп, балаларымыздың
түрін апталап көрмейтінбіз. Осындай бейнет пен тозақтың салдарынан, әсіресе ауылды
жерде тұратын 50 жастан асқан азаматтардың, қазіргі кезде түгелдей дерлігі әр түрлі
созылмалы аурулармен ауырады, ал негізгі бөлігі мезгілсіз ажалдың құрбаны болуда.
Менің шырғалаңым өзім білетін адамдардікінен анағұрлым артық еді. Жүрегім
қысып, жаным жай таппай, жүрегім қысқанда жаным шығып кете жаздайтын. Дәретім
уақытылы шықпай, үнемі іші қатып жүретін. Ішімді жел кеулеп, ұйықтай алмайтын. Өзім
араққа салынғаным соншалық, нақ маскүнемнің өзіне айналдым. Жанұя мен балаларға
қалай қарағанымды өзің де біліп отырған шығарсың. Арақ іше бастағанда иіскеп біле ме,
әлде бір-біріне хабарлайма білмеймін – пенде баласына жақсылық әкелмейтін, көңілдері
қарау, бір қапшық жемді пайда көретін, адамшылықтан жұрдай «кісі киік достарым»
өтірік мақтап, сумаң қағып, жан-жақтан қаптап, қолма-қол пайда болатын. Осындай
мазасыздықпен өзімді құздың ернеуіне әкелдім.
Мыңдаған опықтар болды. Өзімнің қазіргі жазып жүрген жазбаларымда айтылғандай,
біздің елімізде мың-мыңдаған адамдар осы мазасыздықты жаман әдетке айландырып
алған. Кей кездерде өзіме-өзім қол жұмсасам ба деген ойлар да басыма келетін. Мені
провизор (дәрі-дәрмек жасаудың маманы) бауырым Қамбар, қызым Айнұр Алматыдағы
маскүнемдерді жасырын түрде гипнозбен, инемен емдейтін емханаларға да бірнеше
қабат апарды, біраз жүргеннен кейін арақты қайта қалай ішіп қоятынымды өзім де
байқамай қалатын болдым.
Арақ ішкеннен кейін жүрегім қысып, жаным мен тәнім де мазасызданып қайта ауыратын
болдым. Себебі арақтың уыты жасауша деңгейіме түсіп кеткен, маскүнемдік пен
темекіден емделудің бірақ зиянсыз жолы бар, ол – ашығу, дүркін-дүркін тәнің толық
тазаланғанша ашығу! (Ашығу арқылы толық тазаланғаннан кейін арақ пен темекінің
исінен-ақ жүрегің айни бастайды).
Енді өзіме келсек осындай надандықтың, рухани қараңғылықтың салдарынан
салмағым 110 кг болып, керек десеңіз еңкейе алмай өз аяқ киімімді әзер киетінмін.
Жүргенде ырс-ырс етіп, тұздың көп шоғырлануынан табаным бастырмайтын. Осылай
ғұмыр кешудің нәтижесінде 45 жас шамасында жүрегім қысып, бүйрегім істемей, қан
қысымым 70-ке дейін күрт төмендеп, асқазаным тоқтап қалып, ұсақ түтікшелері
(капиллярлары) жарылып кетті, аузымнан қара қан тоқтамай, жансақтарда (реанимация)
өлі мен тірінің арасында 12 тәулік жаттым, жансақтардан шыққаннан кейін ауруханада
тағы бір ай жаттым, сол кезде маған күні-түні ине қойып (система) гемодез т.б.
витаминдермен қоректендірді, ал асқазанымның үстіне мұз қойды, мұздың ызғарын
мүлдем сезбедім.
Менің бірге туған сүйікті бауырым провизор Қамбар Ризаұлы Мұқашбектегі өзінің
қанының жартысын құйып, аудандық жансақтар (рениамиация) бөлімінің меңгерушісі
20
Дәулет Көпжасарұлы Абақов ажал шеңгелінен әрең дегенде алып шықты. Ауруханада
қозғала алмай жатқан 50 күнде, төсегімнің қасына отырушы медбике Нұргүл
Абылханованы арнайы тағайындады. Әлі күнге дейін осы ақ халатты абзал жандарды
ризашылық сезіммен ауық-ауық есіме алып қоямын. Осыны оқып отырған оқырман
қауымның ауруларын түгел жинақтаса, сол аурулардың түгелі дерлік менің бір басымда
болды десем шындықтың ауылынан онша алыс кете қоймаймын. Келесі жылы да жүрегім
қатты қысып жансақтарда бір апта емделдім, содан аурухана біртіндеп екінші үйіме
айнала бастады.
"Жәй ғана білім алу күнкөрісіңе көмектеседі. Өз бетіңше біліміңді жетілдіру – табысқа
әкеледі". Джим Рон
Поль Брэгтің «Здоровье и долголетие» атты кітабы менің қолыма 2000 жылы
қаңтар айында тиді. Осы т.б. ашығу туралы кітаптарды мұқият, ыждағаттылықпен оқып,
бірте-бірте санама толықтай сіңіріп алдым. Сонан соң ойланып, ішкен дәрілерім әсер
етпейтін болған соң: «қараптан қарап арам өлгенше, қарманып өлейін», – деп кітаптағы
«ауру – қылмыс, қылмыскер болмайық» деген ұранды басшылыққа алып 3 күндік
ашығуға бірден тәуекел еттім, нәтижесінде 3 тәуліктен кейін аяғымның бастырмай
ауырып жүргені бірден жоғалып кетті.
Содан кейін, бір күні таң ата, тәнім мен жанымды ойша бөліп алып, өзіме-өзім
жағдайымды айтып, мұңымды шақтым. Бұрынғы қылығың сұмдық деп айттым. Егер де
табиғаттың заңдылық жолымен жүрсем, онда өзімнің бейнетімнен құтылатынынымды
айттым. Мазасыздығының ешнәрсені білдірмейтінін айттым. Егер өзімнің жүйке күшімді
қайта құрсам көптеген сұрақтарыма жауап таба алатынымды да сездім. Мен өзімнің
өмірімде табиғаттың барлық заңдарын бассыздықпен бұзуға әрекеттеніп, нәтижесінде
тәнімді, мінез-құлқымды, жанымды ауруға шалдықтырғанымды да өзіме айттым.
Мен өзімнің тәніме ағымнан жарылып айттым, менде сиқырлы дәрі жоқ деп. Менің
ендігі қолымнан келетіні, табиғаттың жолымен жүріп, адамша өмір сүру керек дедім.
Табиғи өмір сүрудің алғашқы баспалдағы ретінде үш тәулік бойы таза судан басқа ештеңе
ішіп-жемей аштық бағдарламасын ұстауды ұсындым. Ол үшін, толық тыныштықта
демалдым. Осылайша өзімнің ағзамдағы улардан тазалауды бастап, өмірге байсалды
көзқараспен қарап, өзімнің тауқіметтерімді талдай бастадым. Үш күннен кейін іле-шала
он күндік ашығуға кірістім. Нәтижесінде ағзам улардан арылғаннан кейін өз басымда
керемет өзгерістер болды. Ақылым айқындалып, санам тазарып, ойым мөлдірленіп,
өзімнің шырғалаңдарымды өзім шеше бастадым.
Мен өзімнің тамақтану бағдарламамды күрт өзгерттім де, 30 күндік ет жемейтін
мәзірге отырып, барлық өлі тамақтардан: шәйдан, кофеден, қант-кәмпиттен,
консервіленген тамақтардан, тұздан, темекіден, ішімдіктен, сырадан, кока-кола
өнімдерінен т.б. түгелдей бас тарттым.
Сонан кейін тағы да екі қабат 7...10 күндік ашығуды өткізіп, денем жеңілдеп,
денсаулығымның күрт жақсара бастағанына көзім жетті. Ұзақ ашығуға біртіндеп 3-4 жыл
дайындалдым. 2000 жылы Наурыз айында 21 тәулік ашықтым, сондағы ағзамның
21
тазаланғанын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес! Алғашқы ұзақ 21 тәуліктік ашығу
бағдарламасын ұстап жүргенімде кейбір көрші, өсекті судай сапыратын келіншектер:
«Әсет жынданып кетіпті, аузына мүлдем тамақ салмайды екен», – деп өсектеп, сыртымнан
күлетін, бірақ олардың сөзіне мән де берген жоқпын «Ит үреді, керуен көшеді, денсаулық
елге емес өзіме керек», – деп алған бетімнен қайтпадым, нәтижесінде тамаша
денсаулықпен марапатталдым.
2001 жылы ораза айында 27 күн ашықтым, 2002 жылы ораза айында 38 тәулік, ал
2003 жылы ораза айында 40 тәулікке жеткіздім. Осы ашығу барысында қыста қардың
суын, қалған уақытта қайнар тұманың не құдықтың суынан басқа аузыма нәр татпадым.
Аралық кезеңдерде анда-санда тәуліктеп ашығып жүрдім, бірақ кітаптағы шарттарды
толық сақтадым деп айта алмаймын, себебі денсаулығың жақсара бастағанда, баяғы «таз»
қалпыңа түсіп пендешілік жеңіп кетеді екен.
2004 жылы да 40 тәуліктік ашығуға, ораза аяқталарда яғни 9 Қарашада кірісіп
кеттім де Желтоқсанның 19-да 41 тәуліктік ашығуды ойдағыдай аяқтадым. Бірақта, 2005
жылы Алматыға көшемін деп, Ұржардағы үйімді сата алмай, осыларды сылтау қылып
ашығуды салақсып ұстай алмай, өзімді жан емес тән билеп, ауру мен настық қайта меңдеп
алды. 2006 жылғы 50 күндік ашығуымда ыстық қайнаған суға таза бал және лимон қосып
іштім. Соңғы 15 күнінде тек қайнаған ыстық су ғана іштім. Себебі балдан адамның жүрегі
қайтып қалады екен, ағза өзі қажеттісін ғана қабылдайды. Ыстық суға таза бал мен лимон
салып, ерітіп ашығуды өзімнің ашығу іліміне қосқан қомақты үлесім деп білемін. 2007
жылы наурыз айының 16-нан сәуірдің 24-не дейін 40 күндік аштық ұстадым.
Ескерту: Естеріңізде болсын! Егерде сусамыр (қант диабетімен) ауыратын болсаңыз
ішетін суыңызға бал қоспаңыз, қанытыңыз көбейіп кетеді! Тек қана таза ыстық су
ғана ішіңіз!
–
Әсет Ризаұлы, өзіңізді қазір қалай сезінесіз? Оқырмандарға осы туралы қысқаша
айта кеткеніңіз дұрыс болар?
Қазір көңіл күйім өте жақсы, шаршауды білмеймін. Ашығудан кейін күннен күнге
тәніме де, жаныма да керемет буырқанған қуат құйылып жатқанын сеземін. Өзімнің
жасарып, жас кезімдегідей қайратты, сымбатты және 8-10 жылға бірден жасарып
кеткеніме жанымдағы жұбайым, балаларым, жақсы араласып жүрген достарым да
таңырқап қарайды.
Тәнім ғана тазаланып қана қоймай, жаным мен рухым да тазаланғаны соншалық,
бұрынғы өмірдің күрделі шешілмейтіндей көрінетін шырғалаңдары өзінен-өзі қарапайым
шешіліп, тұрмысым да түзеліп, нақ бақытты болудың не екенін тәндік, жандық, рухани
тұрғыдан да түсіне бастадым. Соңғы 3-4 жылдың аралығында маған тылсым дүние
түсінікті бола бастады. Ойлау жүйем мен өмірге деген көзқарасым мүлдем өзгеріп кетті.
11. Өзіңді ұзақ ашығуға шыдауға қалай иландырасың?
«Ынта – иманнан. Ынтасыздық – екі жүзділіктің салдары».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
22
–
Әсет Ризаұлы, ұзақ ашығуға шыдауға өзіңді қалай иландырасың?
–
Мен ашыққан әр күнімде мына қағидаларды қайта-қайта қайталап отырамын:
1.
Бұл күні мен өзімді, тәнімді табиғат қолына тапсырдым. Мен
Жаратушыдан ішкі тазалығымды тазалауын және жаңартуын сұраймын.
2.
Ашыққан кездегі әр минутымда, өз ағзамнан қауіпті уларды қуамын.
Әрбір ашыққан сағатымда бақытқа кенеле беремін.
3.
Сағаттан сағат өткен сайын, менің ағзам өзін өзі тазалайды.
4.
Мен ашыққан уақытымда, ғасырлар бойы адамзат ұстаздары қолданған
тәнді, рухты, сананы тазалау әдісін қолданамын.
5.
Ашығу барысында өз жағдайымды толықтай бақылай аламын.
Ешқандай да өтірік қарын ашу сезімі менің ашығуымды тоқтата алмайды.
Мен өз ашығуымды сәтті аяқтаймын, себебі табиғат күшіне сенемін.
Осы сөздерді қайталай отырып, мен өз ағзамның әрбір жасаушасын (клеткасын)
басқарамын. Басқару сана арқылы жүреді. Ашығу әркімнің жеке ісі. Алған бетімнен
қайтпаймын, тазаланып болғаннан кейін болатын ғажап өзгерістер жайлы ғана ойлаймын,
осыған қуанамын. Себебі, осы ашығу әдісімен шұғылданып жүргеніме 9 жыл болды, қадір
қасиетін толық түсініп алдым деп нық сеніммен айта аламын. Өзіме де басқа адамдарға да
пайдасының орасан зор екеніне күмәнім жоқ.
–
Жалпы осы кезде өзіңді қалай ұстауың керек?
–
Ниет адамнан, Рахым Алладан. Өз келеңсіздіктеріңізді біреуден көрмеңіз, біреуге
жала жаппаңыз, біреу үшін біреу өмір сүрмейді, біреу үшін біреу тамақ ішпейді. Өзіңіздің
бақытты, немесе сорлы болуыңыз тікелей өз қолыңызда, анығырақ айтсақ пайымдау мен
санаңызда. Не ойласаң сол болады. Үнемі жақсылық ойласаң жақсылық, үнемі
жаманшылық ойласаң жаманшылық болады. Біздің қазекеңде мынадай жаман әдет бар.
Үнемі жоқтан және өзін меңдеп алған ауруынан басқаны айтпайды, аузын қу шөппен
сүртіп отырады.
Есіңізде болсын! Жоқ деп ойлаған ниетіңе байланысты Жаратушы жоқшылықтың
есігін ашып қояды, ауруымнан жазылмаймын деген ниетіңізге байланысты созылмалы
сырқатыңыздан айықпайсыз – себебі, сіздің қалауыңыз бен ниетіңіз осы, Алладан тек
осыны ғана тілеп отырсыз, Алла сіздің тілегіңізді қабыл етуде. Аузыңыздағы сөзге абай
болып сөйлеңіз, айтқан сөзіңіз де қабылданатынын ұмытпаңыз.
12. Барлық ой өрісімді жүрегіме шоғырландырып ұйып тынығуға (медитация
жасауға) – санамды, ақыл-ойдымды нұрландыруға (созерцания) үйренуі
"Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын?
23
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын? !" Абай
Күнделікті таңертең ерте күн шығар-шықпаста және кешкі уақытта 30 минуттан
РУХАНИ ашылуға, барлық ой өрісімді жүрегіме шоғырландырып ұюға (медитация) ,
санамды, ақыл-ойды нұрландыруға (созерцания) үйрендім.
Жаратушыдан : «Маған өзімнің бейнеттерімнің барлығынан құтылатын қуат
бере гөр», – деп сұрадым.
Өзіме-өзім: «Менің тәнім ашықаннан кейін тазарды, менің ойым лас емес,
мөлдір де шабытты. Ойлау жүйем құртуға емес, құруға бағытталды» деген
сөйлемдерді қайта-қайта қайталап айтып өзімді иландыра бердім. Жаратушыдан:
«
Маған тағдырды қасқайып қарсы алатын алаңсыздық,
Өзгертуге болатынды өзгертетін батылдық,
Осының айырмасын түсінетін даналық бере гөр», – деп сұрадым.
Осы байсалды рухани нұрлану барысында өзімді мазалап жүрген сұрақтардың бәріне де
жауап таптым. Қазір мен өзімнің тауқіметтерімнен түгел құтылдым, апта сайын
24...36 сағат, әр жылдың наурыз айында не болмаса ораза айында ұзақ 40-50 тәулік
ашығып: тәнімді, жанымды, рухымды, нәзік денелерімді тазалаймын.
13.
Ертедегі философтар ашығудың маңызын білген бе?
Ертедегі грек философтары өздерінің шәкірттеріне тамақты тарта ішетін мәзірді бірінші
орынға қоюды үйретті. Эпикур, Сократ, Платон т.б. философтар өздерінің шәкірттерінің
тамақ мәзірін бірінші орынға қойды, осы тамаққа деген қатаң талап, бұлардың тағам
құрамына қандай маңыз бөлгенін көрсетеді. Осы алыптардың даналық сүю ілімі
(философиясы) , нешеме ғасырлар өтсе де, әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Лас денеден
–
лас ойлар және керісінше таза, аурусыз денеден мөлдір ойлар туындайды. Дене қалай
улардан тазаланады, ләззат әкелетін ой өрістің деңгейі де жоғарлай береді.
14. Өзіңіздің денсаулық ілімінің жолындағы мұғаліміңіз кім болды?
Мен тек қана әр түрлі рухани деңгейде жазылған кітаптарды көп оқып, ізденіп
Жаратушының көмегімен өзіме-өзім мұғалім болдым. Өзіме-өзім ғана жәрдемдестім. Мен
өзіміздің оқырмандарымызды, өзім басымнан кешкен оқиғалардың негізінде – тәнін,
рухын, жанын, нәзік денесін табиғаттың заңына сәйкес қоркетендіріп, осы заңды
басшылыққа ала отырып, ашығу арқылы денсаулығын жақсартып, жойқын жүйке күшін
құруды үйреткім келеді. Құрметті оқырмандар! Осы кітапта баяндалатын денсаулықты
шыңдайтын, жетілген жүйке күшін құратын, қисық жолыңызды түзейтін бағдарламаны –
сіздерге беріп отырмын, қабыл алыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |