Жасару құпиясы. Ауру


Біздің өркениетті дамыған тамағымыз маңқа тудырады



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата01.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3171
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Біздің өркениетті дамыған тамағымыз маңқа тудырады 
      
Қазіргі  тамақ  құрамы  –  шырыш  пен  маңқа  тудыратын  тамақ.  Қазіргі  тамақтың 
басым  бөлігі  қуырылып  пісіріледі,  ал  қуырылған  тамақ  түгелдей  шырыш  пен  маңқа 
тудырады. Сүттен дайындалған тамақтар да шырыш пен маңқа тудырады. Жер бетінде 
үлкейгеннен кейін бір де бір хайуан сүтпен қоректенбейді. Қазіргі  мәзір май, майдың 
өнімдері маргарин, гидрогенді және тоң майлардан тұрады, ал осыларды адам ағзасы 
сіңіре  алмайды.  Саудаға  түсетін  барлық  жартылай  дайындалған  тағамдардың  90 
пайызы гидрогенделген майдан жасалған. 
Біздің қалыпты температурамыз Цельсия бойынша 36, 6 градус. Осы майларды сіңіріп 
қорту  үшін  150  градус  ыстық  қажет.  Біздің  дамыған  тамағымызда  көп  мөлшерде 
өңделген  синтетикалық  сыр  қолданылады,  ал  табиғи  түрі  тұзбен  қанықтырылған 
(тұздың зияны жөнінде айтқанбыз). 
     
Біз жұмыртқаны көп жейміз, ал оның құрамында қанықтырылған май холестерин 
өте  көп.  Құрамында  көрінетін  және  көрінбейтін  майы  бар,  қуырылған  етті  де  көп 
жейміз.  Қазіргі  өркениетті  тамағымыз  –  шырыш  пен  маңқа  тудыратын  тамақ  екені 
бәрімізге белгілі. 
 
120. Ашығу кезеңінде кіші дәретіңізден шырыш пен маңқа табасыз 
          
Кіші  дәретті  зерттеу,  қанда  шоғырланған  шырыш  пен  маңқаның  мөлшерін 
анықтайды. 3 тәулік ашығып, күніне 2 – 3 литр су ішіп көріңіз. Таңғы кіші дәретіңізді 
құтықшаға  құйып,  салқын  жерге  тұну  үшін  қойып  қойыңыз.  Бірнеше  күннен  кейін, 
осының  ішінен  кілегей  бұлтын  көресіз.  Неғұрлым  көп  тұрған  сайын,  бұлт  соғұрлым 
қоюлана түседі. Менің көзқарасым бойынша аптасына 24 сағат ашығу мол мөлшерде 
қоймалжың кілегейден арылуға көмектеседі. 
Осы  шырыш  пен  маңқаның  біразы,  ұзақ  жылдар  бойы  біздің  қанымызда  айланып 
жүреді.  Қыста  адам  ауыр  тамақ  ішкенде,  ағза  шырыш  пен  маңқаға  толып,  өзін-өзі 
тазалауға  мәжбүр  болады.  Артығы  тұмау  түрінде  сыртқа  шығарылады.  Біздің 

 
111 
ағзамызда  бұдан  басқа  да,  не  болып  жатқанын  кім  біледі.  Ағза  өзін-өзі  тазалайтын 
механизм. Шамасы жеткенінше улар мен маңқаны өзі тазалайды. 
Бірақ адамдар қиыншылықты қалай қабылдайды? Олар денесінің қызуы көтерілгенін 
сезеді.  Қызудың  көтерілуі  –  табиғаттың  өзіне  тән  ерекшелік.  Өлгендерде  қызу 
болмайды, тек өмірлік қуаты барларда ғана, осы қызу табиғаттың пеші сияқты жұмыс 
істейді. 
       
Бақытсыз  надан  адам  айтады,  суық  тиді,  аяғымнан  сыз  өтті  немесе  уақытында 
жылы киім кимедім деп. Бірақ бұл ғылми тұжырым емес. Қыста суық тию – адамның 
ағзасындағы  шоғырланған  артық  улы  –  шырыш  пен  маңқадан  тазалауға  деген 
табиғаттың талпынысы. 
Ішкі тазалау механизмі міне осылай. Мен тағы-тағы қайталап дәлелдеп айтамын, суық 
тию деген болмайтын нәрсе.  
     
Маңқа-шырыш  тудырмайтын  табиғи  тамақпен  тамақтанатын,  менің  талай 
достарым, қыс айларында шомылуға қатысады. Ашығу ағзадан шырыш пен маңқаны 
тамаша тазалайтынын сеземін. Әрине, мен маңқа тудырмайтын тамақтарды қолдануға 
тырысамын,  бірақта  апта  сайынғы  24  сағаттық  ашығу,  менде  жиналған  шырыш  пен 
маңқаларды тазалауға жәрдемдеседі. 
      
Өзіңізге  кішкентай  тәжірибе  жасап  көріңіз.  Бірнеше  ай  бойы  шырыш  пен  маңқа 
тудыратын  тамақтарды  ішпеңіз,  аптасына  бір  қабат  ашығыңыз,  егер  мүмкін  болса  7 
тәулік ашығыңыз. Кіші дәретіңізді мұқият тексере келе, қаныңызда қанша маңқа мен 
шырыштың  жиналғанын  көресіз.  Ашығудан  кейін  өз  тамағыңыздың  құрамын  шикі 
көкөніске, жемістерге, крахмалы жоқ бұқтырылған жеміске алмастырыңыз. 
Маңқасы  жоқ  тамақ  дегеніміз  осы.  Жаңғақ  пен  дәндер  шырыш-маңқа  тудырмайды, 
сондықтан да жоғарыда айтылған тағамның құрамына күнбағыстың дәнін, тұздалмаған 
арахистің майын, жаңғақтың түр-түрін қолдануға болады. Ет пен балықты аптасына 3 
қабаттан артық жемеңіз. Ұннан жасалған тағамдарды, нанды көп жемеңіз. Ашығу мен 
маңқасыз тамақтың әкелетін жақсылығы туралы сізді сендірмей-ақ қояйын. 
Өзіңіздің  кіші  дәретіңізді   зерттеңіз.  Қол  орамалыңызды  күніне  қанша  рет 
қолданатыныңызға назар аударыңыз. 7 тәуліктік ашығу шырыш пен маңқаның ғажап 
тазалағышы. Мен өзім, қазанның аяғы, қарашаның басында 7 – 10 тәуліктік ашығуды 
ережеге  айландырдым,  қыстың  қарсаңында  ағзамда  жиналған  маңқадан  арыламын. 
Мен маңқасыз мәзірмен өмір сүруге тырысамын, бірақта лекциялармен саяхаттағанда 
өзім  тамақтанатын  шикі  көкеніс  пен  жемістер  табылмай  қалады,  сондықтан  осы 
күнәмді ашығумен жуамын. 
 121. 
Ашығудың көмегімен темекі тартудан, арақ, шәй, кофе ішуден құтылу 
       
Көпшілік өркениетті адамдар химиялық уланудың бір түріне бейімделген. Темекі, 
арақ,  шәй,  кофе  –  өзіндік  бәңгілер  (наркотиктер).  Осы  заттардың  бәрінің  құрамында 
өте қауіпті улар бар. Ғалымдар байсалды түрде адамның темекіге деген құмарлығын 
зерттеді,  сіз  әр  қораптың  сыртынан  «темекі  тарту,  сіздің  өміріңізге  қауіпті»  деген 

 
112 
ескертуді  оқисыз.  Бүкіл  дүние  жүзінде  темекінің  адам  тәніне  ететін  әсерін  зерттеу 
жалғасуда. Маған қайталауға рұқсат етіңіз: «ТӘН АҚЫМАҚ». Т 
ән  бәрін  де  қабылдайды.  Көміртек  қосындыларын,  темекінің  никотинінін,  арақты, 
шәйдің  және  кофенің  құрамындағы  қара  майды  (смоланы).  Ағзада  осы  улар  мен 
бәңгілерді  залалсыздандыратын  механизм  жоқ.  Қауіп  туралы  қаншама  ескертілсе  де, 
өз ағзасын талқандауға адам еш нәрсе аямайтындай болып көрінеді. Жоғарыда аталған 
бәңгілер,  алғашында  көмектесіп  жеңілдететіндей  көрінеді,  соңынан  орталық  жүйке 
жүйесін бұза бастайтынын да білу қажет. Ашығу зиянды әдеттерден құтылудың жолы. 
Осы әдеттердің ашығу арқылы кеткенін өз басым өмірімде талай көрдім. 
        
Осыдан бірнеше жыл бұрын, темекіні сұмдық көп тартатын бір әйел маған келді. 
Күніне кем дегенде 4 қорап темекі шегіп, 5 жұтым арақ және көп мөлшерде кофе, шәй 
ішеді  екен.  Өзінің  жүйке  жүйесінің  тозып  біткенін  айтты.  Қалам  ұстаса  қолы 
дірілдейді, тәбеті жоқ, терісі салбырап, ұйқысы қашып, көзі алақ-жұлақ етеді. Жаман 
болғаны сонша, өзін-өзі өлтіру ойы меңдеп алған. Ашығу көмектеседі деп естіп маған 
келіпті. Ол бәріне де дайын еді. Себебі шыңыраудың жиегінде тұрды. 
         
Мен оны ашықтырдым, бірақ өзінің сүйікті уларын ішуге тиым салған жоқпын. 
Ол темекісін шегіп, аздап арағын ішуді жалғастыра берді, бірақ ашығудың 3-ші күні 
оның  ағзасы  көтеріліске  шықты,  өзі  жиі  ішетін  улардан  жиіркене  бастады.  Әрбір 
темекі  тұтатқан  сайын,  арақ,  кофе  ішкен  сайын  жүрегі  айнып,  қатты  қысылып 
қалшылдап селкілдей бастады. 
Оның  ашығуы  10  тәулікке  созылды.  Бұл  ұзақ  жылдар  бойы  өзінің  ағзасын  улармен 
уламаған  алғашқы  күндері  болды.  Мен  оның  ашығуын  10-шы  күні  тоқтаттым,  оның 
оныншы  күнгі  кіші  дәреті  шіріп  кеткен  қоймалжың  сұйық  болды.  Сіз  білесіз  –  бұл 
улардың қалдығы. Мен оны маңқасыз мәзірге он күн отырғыздым, сонан соң қайта 10 
тәулікке  ашықты.  Екінші  ашығуында  күнделікті  кіші  дәретінде  зор  мөлшерде  улар 
байқалды. Менің бақылауымда он айдай болды. 
        
Мен  оны  емдеудің  алдында  және  емдеуден  кейін  болған  өзгерістерді  
салыстырдым,  екеуі  бір  адам  деп  ешкім  ойламас  еді.  Оның  терісінің  құлпырғаны 
соншалық,  бұлшық  еттері  бұлтылдап,  қолдары  әдеміленіп  майысып  тұратын  болды. 
Қор  болып  жаншылған  жан  иесінен,  бақытты,  уайымсыз  адамға  айналды.  Оның 
темекіге, араққа, шәй, кофе ішуге деген әдеттері жойылды, қазір бақытты әйелдердің 
бірі.  Оның  табысы  өсті,  сүйкімді  болғаны  соншалық,  өзіне  жас,  сұлу,  қабілетті  жар 
тауып алды. 
      
Мен  темекіге,  араққа  т.б.  тәуелді  болып,  жар  басынан  құлауға  шақ  қалған  талай 
адамдарды  мысалға  келтіре  аламын.  Осы  адамдар  ашығудың  көмегіне  жүгінді,  ал 
ашығу ғажайып жасады. Темекі, арақ, шәй, кофе ішу әдетінен құтылғысы келсе, өзінің 
мәселелерін  қарапайым  ашығу  жолымен  шеше  алады.  Тән  тазаланған  уақытта  уды 
қабылдамайды. Таза, дені сау, мамыражай дене уларды әрқашанда ысырып тастайды. 
Ашығу  –  улы  заттардың  қандайына  болмасын  тойтарыс  беретін,  ағзаны  тазалаудың 
ұлы әдісі. 

 
113 
122. Ашығу артық салмақты азайтады 
       
Беделді  мәлімет  бастауларынан  белгілі,  біздің  еліміздегі  еркектердің,  әйелдердің 
және  балалардың  65...70  пайызы  артық  салмақтан  зардап  шегіуде.  Байсалды 
дәрігерлердің білуінше, артық салмақты адамдар – ауру адамдар. Олар жазылмайтын, 
созылмалы  түрде  ауыратын  аурумен  ауруға  бейім  тұрады.  Семіз  адам  өзін  жақсы 
сезіне алмайды. 
Біріншіден  –  оған  ылғи  ауыр  салмақ  көтеріп  жүруге  тура  келеді.  Енді  салмағы 
қалыпты адамға күн ұзаққа 10 килограмм көтертіп қойыңызшы, ол әлсіреп, шаршап, 
шаруасы бітеді. Семіз адам, өзінде қанша артық салмақ бар, сонша салмақты көтеріп 
жүруге мәжбүр. 
      
Толық  адамдарға  дене  тынымсыздығы  тән  емес.  Олардың  көпшілігі,  сәті  келсе 
болды, бірінші кездескен орындыққа отыра қалып, керекті істі істеуге өздерін өздері 
әрең  күштеп  істейді.  Семіз  адамдардың  артық  майы  демалу  мүшелерінің  жұмысын 
аурлатқан себебі, тыныс алулары ауыр болады. 
 123. 
Артық салмақ ауыр жүк 
      
Ағзаның әрбір артық салмағының 1 сантиметр кубына, сенсеңіз де, сенбесеңіз де, 
тамақтандыру және жақсы қалыпта ұстап тұру үшін 1 километр капилляр түтікшелер 
қажет.  Сондықтан,  артық  салмақ,     жүрек  пен  тыныс  алу  мүшелеріне  ауыр  жүк. 
Тамырдың  соғуы  мен  қан  қысымының  көтерілуі  қауіпті  шепке  дейін  көтеріліп, 
зардапқа  ұрындырады.  Сақтандыру  компаниясының  есептері  бойынша,  толық 
адамдардың  өмірлері  қысқа  болады.  Қазіргі  уақытта  семіз  адамдар  көбейіп  бара 
жатыр. 
Біріншіден, біздің елде тамақ мүлдем дұрыс емес. Орташа қазақстандық тамақты өте 
көп  жейді.  Біздің  асханалар  тамақ  арасында  тамақ  іш  деп  шақырады.  Радио  мен 
теледидар қораптағы жексұрын тамақты же деп жар салады. Адамдар мол мөлшерде 
сүт,  балмұздақ,  ыстық  сосиска,  еттің  қуырылған  неше  түрін,  қуырылған  майлы 
картофелді, торттарды үзбей жейді. 
      
Біз  машина  әлемінде  өмір  сүреміз.  Тамаққа  тыңқия  тойып  алып,  ағзамызды 
ешқашанда  жаттығулармен,  дене  қимылдарымен  жеңілдетпейміз.  Автокөлік  жаяу 
жүргізбей тастады. Біз отыратын ұлтпыз. Біздің балаларымыз сағаттар бойы сарылып 
мектептен  кейін  компьютерде  отырады.  Адамдар  өздерінің  көптеген  уақыттарын 
теледидарды  көруге  шығындайды.  Осы  отырып  өмір  сүруіміз,  толық  адамдардың 
қаптауына әкеп соқты. 
 124. 
Қазақстандықтардың денсаулығын жоятын тағамдар 
           
Толық  адамдар  осындай  тағамдарды  қолданады.  Бұлар  белоктармен 
қанықтырылған, ұшқыштарға арналған көміртектері төмен жұмыртқа, памидор немесе 
котлет  және  ананастан  дайындалған  тамақтар.  Журналдан  соң  журнал,  газеттен  соң 
газет,  теледидар,  радио  бәрі  де  ағзаны  бұзатын  мәзірлер  туралы  айтады.  Күніне  800 
килокалориямен қамтамасыз ететін сұйық диета да бар. 

 
114 
Сары  май  мен  сүт  мәзірі  және  бар.  Өте  мол  мөлшерде  тамақтың  бір-ақ  түрінен  
тұратын  мәзір,  бірақта  менің  көзқарасымша,  адамның  қалыпты  салмағын  ұстап  тұру 
үшін,  ғылми  негізделген  ашығуды  ғана  ұстау  керек.  2  –  3  тәулік  ашықаннан  кейін 
тәбетіңіз  жоғалып,  3-ші  күннен  бастап  тамаққа  зауқыңыз  соқпайды.  Егер  адамдар 
калориясы  төмен  арнайы  мәзірге  отырса,  қарны  қатты  ашып,  азап  шегеді.  Көпшілік 
өркениетті адамдар химиялық уланудың бір түріне бейімделген. 
Темекі,  арақ,  шәй,  кофе  –  өзіндік  бәңгілер  (наркотиктер).  Осы  заттардың  бәрінің 
құрамында  өте  қауіпті  улар  бар.  Ғалымдар  байсалды  түрде  адамның  темекіге  деген 
құмарлығын  зерттеді,  сіз  әр  қораптың  сыртынан  «темекі  тарту,  сіздің  өміріңізге 
қауіпті»  деген  ескертуді  оқисыз.  Бүкіл  дүние  жүзінде  темекінің  адам  тәніне  ететін 
әсерін зерттеу жалғасуда. 
Маған қайталауға рұқсат етіңіз: «ТӘН АҚЫМАҚ». Тән бәрін де қабылдайды. Көміртек 
қосындыларын,  темекінің  никотинінін,  арақты,  шәйдің  және  кофенің  құрамындағы 
смоланы.  Ағзада  осы улар  мен  бәңгілерді  залалсыздандыратын  механизм  жоқ.  Қауіп 
туралы  қаншама  ескертілсе  де,  өз  ағзасын  талқандауға  адам  еш  нәрсе  аямайтындай 
болып көрінеді. 
Жоғарыда аталған бәңгілер, алғашында көмектесіп жеңілдететіндей көрінеді, соңынан 
орталық  жүйке  жүйесін  бұза  бастайтынын  да  білу  қажет.  Ашығу  зиянды  әдеттерден 
құтылудың  жолы.  Осы  әдеттердің  ашығу  арқылы  кеткенін  өз  басым  өмірімде  талай 
көрдім. 
125.  
Құйырығы  тегенедей,  бөксесі  жарты  түйенің  етіндей,  кеудесі  есіктей  жас 
келіншектің арықтауы  
          
Бір  жас  келіншектің  толғаны  соншалық,  үйрек  сияқты  балпаңдап  жүре  алмай 
қалды.  Құйырығы,  бөксесі  бір  бөлек,  кеудесі  бір  бөлек.  Ол  басқа  тамақтарды 
айтпағанда,  қазы  қарта,  ет,  нан,  тәтті  мен  балмұздақты  көп  жеді.  Тұрпатының,  дене 
бітімінің  бұзылуынан  жүйкесі  жұқарып  психиаторға  барыпты,  нәтиже  болмағаннан 
соң  интернеттен  мені оқып,  маған  келіпті.  Мен  оған  бұрынғыдай  талдырмаш  қыпша 
бел болу үшін және салмағын түсіруге уақыт керек дедім. 
Өзінің  шын  аты  болмаса  да,  мен  оны  Талшыбық  деп  атайын.  Талшыбықта  35 
килограмм  артық  салмақ  болды.  Алғашында  жақсы  мәзірге  отырғыздым.  Таңертең 
жемістер,  түсте  шикі  салат  пен  пісірілген  көкөністер,  нан,  күріш,  картофелді 
жегізбедім.  Кешкі  тамаққа  памидор,  кішкене  асқан  балық  немесе қатты  қайнатылған 
жұмыртқа.  Барлық  тәтті  тағамдардан  бас  тартты.  Алғашқы  екі  аптада  24  сағаттан 
ашықты. Үшінші аптада 3 тәулік ашықтырдым. 
Бесінші  аптада  7  тәулік  толығымен  ашықты.  Осы  алма  кезек  ашығу  мен  тамақтану 
ғажайып  жасады.  Көз  жанары  жалтылдап,  терісі  құлпырып  жасарып  кетті.  Ол  қазір 
менің мәзіріммен өмір сүреді, аптасына 36 сағат, жылына 4 қабат 7 тәуліктен ашығады. 
Егер  сізді  салмағыңыз  мазаласа,  осы  кітапта  жазылған  ашығу  бағдарламасын 
басшылыққа алыңыз. 

 
115 
Сіз  24  сағаттық  ашығудан  бастаңыз.  Мен  толық  адамдарға,  ашығуды  аптасына  24 
сағаттан үш қайтара ұстаудың бағдарламасын жиі беремін. Егер адам артық тамақ жеп 
қойса,  онда  осы  аптасына  3  қайтара  ұстаған  ашығу  салмақты  жоғалтуға  сеп  болады. 
Салмақ азайту үшін ұстаған аштықтың нәтижесі керемет болады. Ағза өзінің жастық 
шағын тез қайтарып алады. 
 126. 
Ашығу – бұл жекпе жек 
           
Біздің  үзбей  тамақ  жеу  әдетіміз,  тамақ  ішпей  қалған  уақытымызды  ашығу  деп 
санаймыз. Бірақ бұл ашығу емес. Ашығу емделудің ең бір көне әдістерінің бірі, бірақта 
тағы айтамын: ТӘН АҚЫМАҚ. Сіз әрқашан ашыққан кезде, тамақ ішетін сәтті жіберіп 
алмай,  жадыңызда  ойша  сақтап  жүріңіз.  Егер  сіз  жігерлі  адам  болсаңыз,  ашығуды 
өміріңіздің  ажырамас  бөлшегіне  айландырасыз.  Артық  салмақ  сізді  ауру,  әлсіз, 
мезгілсіз қартайтуға әкелуіне жол бермеңіз. Өз денеңіздің иесі болып, семіруіне жол 
бермеңіз. Өзіңізге бағдарлама жасап алыңыз, бірақта бір аптаның ішінде арықтаймын 
деп ойламаңыз. 
Қалыпты салмаққа келу үшін уақыт керек. Қалыпқа келіп, сымбатты да әдемі болғанда 
өзіңізді  өзіңіз  мақтан  тұтыңыз.  Кімнің  болса  да,  өзін  тамаша  сергек,  көңілді 
сезінгенінде, өзі үшін мақтанғысы келеді. Осылай болу үшін еңбектену керек! Ашығу, 
өзіңді-өзің  тежеу,  дұрыс  тамақтану  –  міне  денсаулықтың  өтемі.  Өзіңіздің 
салмағыңызға,  қарныңызға,  бөксеңізге,  қолдарыңызға  үнемі  назар  аударып  жүріңіз. 
Осы кітапты мұқият, ыждағаттылықпен оқып шығып, арықтағыңыз келсе қолданыңыз. 
Ашығу  мерзімін  анықтағыңыз  келсе  дәрігермен  ақылдасыңыз.  Бағдарлама 
жасалғаннан кейін, сіз жақсы нәтижеге жетем деп өзіңізді иландырыңыз. Санаңыздың 
илануы  денсаулықты  түзетуде  маңызды  орын  алады.  Ашығу  оңай  емес,  арықтау  да 
қиын.  Тек  санаңыз  иланып,  дұрыс  әрекет  жасағанда  ғана,  сіз  көздеген  нәтижеге 
жетесіз. Бүгіннен бастаңыз. 
127. Ашығу қан тамырларын жасартады 
        
Автокөлік  апатынан  қаза  тапқан  адамдардың  санын  естігенде  шошимыз.  Жылына 
бәленбай мың адам өліп, бірнеше жүздегенмың адам жараланып, өмірлік кембағал болып 
қалады.  Ұшақ  апатынан  өлгендерді  естігенде  жағамызды  ұстаймыз.  Әлемдегі  соғыс 
ошақтарында  қаза  тапқандардың  санын  айтса  тітіркенеміз.  Бірақта,  әрбір  секунд  сайын 
жүрегі қысып өліп жатқан адамдардың саны қатты әсер етеді. Әрбір екінші өлген адамның 
ажалының себебі жүрек ауруы. Жүрек ауруы біздің елдің қамшысы деген атауға ие болды. 
 
Қазір осы ауру індетке айналды. Жүрек ауруы бірден жабыспайды. 
Қан тамырларын тоздыру үшін де талай уақыттың өтуі қажет. Бұған ұзақ уақыт темекінің, 
арақтың, аса майлы тамақтың (әр түрлі еттер, жұмыртқа, сүт тағамдары) әсерлері керек. 
Тағы бір себеп дене қимылының аздығы. Қан тамырының тозуы жар басына жиі әкеледі, 
бірақ құрбандық осы қатерді айқын сезінбейді. Адам өзінің қан тамырларының 50 пайызы 
бітеліп  қалғанын  тіпті  сезбей  де  қалады.  Тіпті  білгір  мамандардың  өздері  де,  қазіргі 
зерттеу әдістерін қолданып қауіпті еш нәрсе таба алмауы мүмкін. Қан тамырларын бітеп 
тастайтын зат – холестерин немесе арам еттер. 

 
116 
Бітелу  біртіндеп  басталады,  қан  тамырларының  іші  жіңішкере  беріп,  жүректің  бұлшық 
еттерін  жұмыс  істететін  мөлшерде  қанның  құйылуын  қамтамасыз  ете  алмайды.  Қан 
тамырлары  тіпті  жіңішкере  бастағанда,  жүрек  пен  қан  қысымының  ауруы  белгі  бере 
бастайды.  Қан  тамырларының  бұзылуы  жас  шағынан  басталып,  біртіндеп  тозып  бітеле 
бастайды.  Сонан  соң,  әлдекім  таңертең  өзінің  күнделікті  күйбеңіне  кіріскенде,  кенеттен 
көзі қарауытып, жүрегі қысып өліп кетеді. 
Өлмей  қалған  жағдайда,  өмірлік  кембағал  болып  қалады.  Өзіңнің  қан  тамырларыңның 
тазалығын,  басқа  заттармен  ластанбауын  тұрақты  түрде  тексеріп отыруың  керек,  әйтпес 
жүрегің қысуы мүмкін. Қалыпта тағам да тамырларға қақ тұрғызып, бейнетке ұшыратады. 
Адамдардың көпшілігі, қатерге ұшырамай, өзінің қан тамырларының жағдайын білмейді. 
Ауру  қыспағанша,  олар  өздерінің  жаман  әдеттерінен  арылмайды  және  өзінің  қалыпты 
тамағын жей береді. 
 
128. Сіздің жас мөлшеріңіз қан тамырларының жағдайымен айқындалады 
      
Бұрыннан  белгілі  жайды  қайталауға  рұқсат  етіңіз.  Сіздің  жасыңыз  бұл  сіздің  қан 
тамырларыңыздың  жағдайы.  Есіңізде  болсын,  көпшілік  жағдайда  қан  тамырларының 
бітелуі жас күніңнен басталып, мөлшері 55-ке келгенде жүрек-қан тамырлары ауыруына 
әкеп тірейді. 
      
Мен ашығу жүрек-қан тамырларының ауруын емдейтін әдіс деп есептемеймін. Ашығу 
алдын алу шарасы. Мен осы кітапта тұрақты түрде айтып келемін, ашығу дегеніміз ішкі 
тазалау.  Ол  біздің  қан  тамырларымыз  қиналмай  жүректі  қоректендіріп  тұру  үшін  оның 
тазалығын сақтауына жәрдемдеседі. Тамырлардың жүйесі арқылы, қан қоректік заттармен 
барлық ағзаны қамтамасыз етеді. Ағзадағы қан айналу тұрақты және біркелкі болуы керек. 
Егер  қан  айналымы  ағзаның  бір  бөлігінде  бір  сәтке  тоқтап  қалса,  онда  алапат  соққы 
аламыз.  Егер  бұл  көздің  айналасында  болса,  соқырлыққа  ұшырататын  қан  құйылады. 
Бүкіл ағзаны бөгетсіз қоректендіру үшін, тамырлар таза болуы керек. 
      
Қазір таза, иілгіш, серіппелі қан тамырлары бар 70 – 80 тіпті 90 жасқа келген еркек, 
әйелдерді сирек болса да табуға болады. Жастары ұлғайғандықтарына қарамай, олар жас, 
себебі  олардың  қан  тамырлары  қозғалғыш,  серіппелі,  тозбаған.  Егер  осы  адамдардың 
ағзалары  улардан  таза,  денсаулықтары  жақсы  болса,  неге  оларға  әлі  талай  жылдар  өмір 
сүрмеске? 
    
Інжілден білеміз, бүкіл әлемдік топан судың алдында кейбір адамдардың 900 жыл өмір 
сүргендерін.  Біз  бұған  күлеміз,  олардың  есептеулері  басқаша  болған  деп.  Біз  осылай 
болмады  деп  қалай  айта  аламыз?  Бәрі  мүмкін,  себебі  осы  адамдар  өздерінің  қан 
тамырларын  тамаша  қалыпта  ұстау  үшін,  қалай  өмір  сүру,  қалай  тамақтану  керектігін 
білді  ғой.  Қан  тамырлары  өзінің  жұмысын  дұрыс,  жақсы  атқарғанда  бүкіл  ағзаның 
жұмысы тепе-теңдік қалпын сақтайды. 
     
Біз айтамыз, адам қартайып бара жатыр деп, бұл бір нәрсені ғана білдіреді, ол өзінің 
қан тамырларын сақтау үшін қалай тамақтану, қалай өмір сүру керектігін білмейді. Қан 
тамырлары,  қашан  өзінің  міндетін  дұрыс  атқармай  бұзылғанда,  адамның  денесінің 
бөліктеріне  қан  дұрыс  бармағандықтан,  адамдар  аурушаң,  ұмытшақ,  әлсіз  болады.  Олар 
біртіндеп өледі, себебі оның денесі мен миына қан дұрыс бармайды. 

 
117 
     
Біз ашыққан уақытта, бүкіл өмірлік күш ағзаның ішкі тазалығын және қан тамырларын 
тазалауға  жұмсалады.  Міне,  10  тәулік  ашықаннан  кейін  бүкіл  дене  жеңілдеп,  ақыл 
ұшқырланып, есте сақтау қабілеті артады және дене қимылына деген зор құлшыныс пайда 
болады.  Мен  есептеймін,  біз  ашығу,  дұрыс  тамақтану  бағдарламасы  арқылы  қан 
тамырларын  тазалап,  өз  жүрегіміздің  өмірін  ұзартуымыз  қажет.  Егер  денсаулық  үшін 
айқаста  жеңімпаз  болғымыз  келсе,  өзіміздің  қан  тамырларымызды  өмірдің  кілті  деп 
санауымыз керек. 
     
Күнде  майлы  ет  жей  берсеңіз,  сіз  өз  ағзаңызда  уларды  шоғырландыра  бересіз.  Есеп 
айырысуға  тура  келеді.  Ағза  майды  аз  ғана  тілейді,  біз  майлы  тамақты  күнделікті  көп 
қолданамыз, соңы жүрек-қан тамырлары ауруына әкеп соғады. Таңертеңгі тамақты ішпе 
деуімнің  бір  себебі  осында.  Сырт  әлпетіне  қарасаң  сау  сияқты  көрінетін,  таңертең  ет, 
жұмыртқа, картофель, кілегей, кофе ішетін көптеген ер, әйелдерді білемін. Сыртынан сау 
сияқты көрінетін осы адамдардың жүрек ауруының құрбаны болып, біреулері молаға, енді 
біреулері  өмірлік  кембағал  болып  қалғандарын  да  білемін.  Сіз  өз  ағзаңыздың 
физиологиясын  білмегендіктен,  осылай  тамақтану  керек  деп  ойлайсыз.  Тамақ  ішу  – 
ләззәтанудан да тереңірек ілім. 
      
Осы  кітаптағы  бағдарламаны  бастамас  бұрын,  жүрек-қан  тамырының  маманымен 
кеңесіңіз. Ол сіздің жүрегіңіз бен қан тамырыңыздың жағдайын айтсын. Қан қысымы мен 
тамырдың соғуын тексеріңіз, сонан кейін жыл бойы ашығу мен қатаң мәзірді ұстаныңыз. 
Дәрігерге  қайта  барыңыз.  Мен  сенімдімін,  ол  өз  ағзаңызғбен  ғажайып  жасадыңыз  деп 
айтпасына. 
                           129. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет