Жасару құпиясы. Ауру


  Бір  ғасыр  ғұмыр  сүрген  Науалы  тұрғыны  Данабек  Байсалханов  ақсақалдың



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата01.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

178.  Бір  ғасыр  ғұмыр  сүрген  Науалы  тұрғыны  Данабек  Байсалханов  ақсақалдың 
туған жерге шығарған толғауы 
 
179. Бұл кітапта баяндалғанның бәрі де, ғылыми дәлелдерге негізделген  
 
180. Қортынды сөз 
  
Кітаптің кілті 
 
Біз семірттік денені азықпенен, 
Байлап бердік жанды оған қазықпенен. 
Ұйқы, тамақ, күйлеген сорлы дене 
Құтылар ма осындай жазықпенен.             Шәкәрім әулие 
  
Ашығу – тазаланудың әдісі. Тамақ жеген кезімізде, ағзамыз пайдалы заттарды қабылдап, 
зиянды  және  бөтен  заттардан  арылғысы  келеді.  Бірақта,  ағза  осыларды  үнемі  ажырата 
алмаса,  бас  қуыстарында  т.б.  жерлерде  шоғырланып  жинала  береді.  Тіпті  таза 
тағамдардың  да  қалдықтары  қалып  отырады,  сондықтан  да  ағза  тазалау  жұмыстарын 
жүргізуі үшін, ара-тұра ашыққан пайдалы.  Ашығу – табиғаттың бізді үйрететін әдісі. 
Жануарларға  қараңызшы:  олар  ауырған  уақытта  ашығуға  кіріседі;  бір  жерге  тығылып 
алып тазаланып, өзіне шипа болатын шөптерді тауып, емделіп жазылып жатады. Сіз үйіңіз 
бен жићаздарыңызды шаң басып кетсе, тазалау кере екенін білесіз. Бірақта өз ағзаңызды 
жоқ дегенде аптасына бір қабат тазалап отыру қажет екендігін және жұмыс жасап жатқан 
миллиондаған  жасаушыларыңыздың  (клетка)  да  дем  алғысы  келетінін  түсіне  алмайсыз. 
Егер  де  өзіңізді  өзіңіз  тазалағыңыз  келмесе,  онда  дене  мүшелеріңіз  сіз  үшін  осы 
жұмыстарды  атқаруға  мәжбүр.  Осы  тазалану  барысында  адамның  қызуы  көтеріліп, 
танауынан су, көзінен жас ағып, түшкіріп-мүшкіріп, терісі бөртіп берекесі кетеді. 
 
Ашығу: денсаулыққа жетелейтін салауатты өмір сүрудің әдеті, егер жағдайы келсе кімнің 
де  болмасын  аптасына  24  сағат  ашыққаны  дұрыс.  Осы  мезетте  рухани  істермен  ғана 
шұғылданыңыз: өзіңізді шабыттандыратын жақсы кітап оқып, жанға жайлы әуен тыңдап, 
сезіміңіз  бен  ойыңызды  тазалаңыз.  Ашығудың  мәселелері  өзің  көз  алдыңа  елестетуге, 
көңіліңе келтіруге зауқың жоқ өткен кезеңдерде жатыр. 
Өткен кезеңдердегі настық, ластық адамға бейнет шеккізеді. Әрбір күнәң, әрбір қателігің 
шоғырланып  жинала  береді.  Барлық  бақытсыздық,  шарасыздық  осы  жойылмаған 
настықтың  салдарынан  болады.  Ашыққан  уақытта  адам  осы  зиянды  қалдықтардан 
құтылады, нұр құйылып өзін бақытты, жеңіл сезіне бастайды. Сондықтан да ораза бүкіл 
діндерде орын алған. 
 
Ашығу  –  өзіңді  бірдеңеден  тежеу  емес,  керісінше  тамақтану.  Сен  өз  тәніңді  тамақтан 
тежеген  мезетте  басқа  денелерің  тамақтанып,  жұмыс  істей  бастайды.  Ашығу  –  тек 
тамақтан бас тарту емес, кейбір сезімдерден, өзіңді мазалап бөгет жасап жүрген ойлардан 

 
10 
да бас тарту. Үнемі жеу, ішу, шоғырлауға құмартудың орнына бас тарту мен азат болуды 
да үйрену қажет. Топтастырып, жинау – кері кетуіңді үдетеді. Әрбір жаман ойың, сезімің 
және  қалауың,  қыстағы  ағаштың  бұтағына  жабысқан  қырау  сияқты.  Қырау  еру  үшін 
көктемгі күннің шуағы қажет, сол мезетте біз өзімізбен өзіміз боламыз. 
Біз  өзімізде  шоғырланып  қалған  керексізден  құтылған  кезде,  Жаратушының  құдіретті 
лебі,  өзіміз  арқылы  өтіп,  рухани  әрекетімізге  жан  бітіргенін  сеземіз.  Кім  де  кім  өзінің 
басына, жүрегіне керексіз нәрселерді топтастырып алса, өзінің рухани дамуына жол таба 
алмай қалады. Сен өзіңнің тәнің, басың, жүрегің, өкпең, асқазаның т.б. мүшелерің өзара 
үйлесімді қызмет атқарулары үшін еңбектенуің қажет. Ашығудың нақ шындығы осында 
жатыр.  Біздің  бір  дәрігер  жолдасымыз  айтады:  «Үнемі  ораза  тұтып,  ашығуды  қалт 
жібермейтін адамдардың үлкен дәреттерінде жағымсыз иіс болмайды. 
Егер  өзіңіздің  үлкен  дәретіңіз  бен  жіпсігенде  шығатын  теріңіздің  иісі  сасып  кетсе,  онда 
сіздің тәніңіздің не жүйкеңіздің ауыратынының белгісі. Мүмкін сіз қарсы болып, бүгінгі 
жеген  жаман  тамақтың  салдары  деп  айтарсыз.  Жоқ,  олай  емес.  Тағы  бақылау  жүргізіп 
көріңіз: егер өзіңіз бірнеше күн аралығында мазасыз, күйгелек, қызғаншақ т.б. болсаңыз 
исің өзгеріп кетеді. Осының бәрі денеңнен иіс арқылы бөлініп шығады». 
 
Бірнеше тәулік бойы ашығу пайдалы, бірақ осы кезеңге сәйкес қолайлы жағдайың болу 
керек. Ашығуды демалыс күндері не айларында ұстаңыз. Ашыққан кезіңізде ауа тамақты 
алмастырады,  сондықтан  да  ашығуды  таза  ауасы  бар  жерде  өткізуге  тырысыңыз, 
саяжайыңызға  жалғыз  кетіп  қалсаңыз  тіптен  жақсы,  ал  ауылды  жерлерде  тұратын 
ағайындарда осы мүмкіншіліктердің бәрі де бар. Көпшілігі байқайды, ашығу барысында 
арқасы, басы ауырып, жүрек соғысы жиілеп кетеді. Біз табиғаттың арнаулы сыбырлаған 
даусын  ести  алмағанымыздан:  «Мен  енді  ешқашанда  ашықпаймын!  ».  Бұл  дұрыс  емес. 
Осы  белгілер  болашақта  дәл  осы  мүшелеріңнің  ауруға  шалдығатынын  айтып  тұрған 
табиғаттың ескертпесі. 
Егер өзіңіздің осал жеріңізді білгіңіз келсе бірнеше тәулік ашығып көріңіз; егер де белгілі 
бір мүшең ауыра бастаса, онда осы жерден кесел шығуы мүмкін, сондықтан да алдын ала 
алу  шараларын  қарастыра  беріңіз.  Егер  дұрыс  ашықсаңыз,  онда  қауіпті  емес,  сізге 
пайдасынан  басқа  зияны  жоқ.  Осының  дәлелі:  бастапқы  екі  тәулікте  өте  ауыр  болып, 
сонан  соң  келеңсіздіктер  мен  қарын  ашу  сезімі  жоғалып  кетуінде.  Егер  осы  ашығудың 
салдарынан  болса  ауруыңыз  өрши  түсер  еді,  жоқ,  керісінше  сіз  тыныштық  пен 
алаңсыздық күйге енесіз. Әлі күнге дейін ара-тұра ашықаннан бір де бір пенде өлген жоқ, 
керісінше миллиондаған адамдар қомағайлықтан өліп жатыр. 
«Адам тәнінде қарыннан жаман ыдыс жоқ. Бірнеше рет асаған тамақ адамға 
жеткілікті. Егер қажет болса, қарынның үштен бірін тамаққа, тағы үштен бірін суға, 
қалған үштен бірін тыныс алуға қалдырсын». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
  
Бастапқыда ашығу бір сұмдық боп көрінуі мүмкін, себебі ағза үшін мұндай тазалану өзі 
әдеттенбеген  аласапыран  жәйт.  Бірақта  бастапқы  әсермен  баға  беруге  болмайды. 
Керісінше ауырып жүрген адамдардың тазалануы қажет, аурудың себебі артық қоқыс пен 
қалдықтардың,  улардың  кенеттен  қанға  араласып  кетуінен.  Адамдардың  басым  бөлігі 

 
11 
ашығу  әлсіретіп,  жүдетіп  жібереді  деп  ойлайды.  Бастапқыда  дұрыс  шығар,  ал  бірнеше 
тәулік  ашықаннан  кейін  өңіңіз  нұрланып,  көз  жанарыңыз  жалтылдап,  қимылыңыз  да, 
денеңіз  де  жеңілдеп  құлпырып  шыға  келесіз.  Ашығам  деушілер  бәрін  басқаша  түсіну 
керек.  Қолайсыздық  сезілсе,  осы мазасыздық  жоғалғанша  жасқанбай  оразаны ары  қарай 
жалғастыра бергені жөн. 
Егер сіз ашығуды жарты жолда тоқтатсаңыз, ыстығы көтерілге науқастың, ыстығын түсіру 
үшін  дәрі  ішкенімен  бірдей.  Өзінен  өзі  түсінікті,  олар  бірден  өзі  жақсы  сезініп  кетеді, 
бірақ  олардың  түсінбейтіні,  келешекте  өзін  белгілі  бір  қатерлі,  созылмалы  ауруға 
дайындап  жатқандығы.  Өзіңіздің  ағзаңызға  еркіндік  беріңіз,  ағза  лықа  қоқысқа  толып 
тұрғанда,  өзі  барлық  қалдық  пен  қоқыстарды  шығарып  тастауға  не  ерітіп  жіберуге 
тырысады.  Денеміздің қызуы  көтерілетіні  осыдан.  Осы,  ағзаның  тазаланып  жатқанының 
дәлелі,  бұған  шыдау  керек.  Ағзаның  жұмысына  көмектесу  үшін  ыстық  қайнаған  су 
ішуіңізге болады. 
Бірінен  кейін  бірін,  жеделдете  бірнеше  кесе  ыстық  су  тартып  жіберсеңіз  қызуыңыз  тез 
түседі:  қан  айналымы  жақсарып,  тамырлары  кеңіп  қалдықтар  мен  қоқыстарды  табиғи 
шығару жолдары мен тері тесіктері арқылы шығара бастайды. Ашыққан кезеңде ыстық су 
ішу өте пайдалы. Қайнағаннан кейін тұндырып барып ішіңіз. Суық сумен майлы ыдысты 
жуған  кезде  толық  тазаланбайды,  таза  жуу  үшін  ыстық  су  қажет.  Ағзада  да  осылай 
болады,  ыстық  су,  суық  су  шая  алмайтын  талай  қоқыстарды  ерітіп  оларды  бүйрек, 
тесіктер т.б. арқылы шығарып тастағанда, сіз өзіңіздің тазаланып жасарғаныңызды сезесіз. 
Ыстық  суды  ашыққан  мезетте  үзбей  ішуіңізге  болады.  Ыстық  су  түтіктердің  бәрін 
тазалайтындықтан  қан  тамырларының  қатуы  мен  буын  ауруларына  таптырмайтын  дауа. 
Үйренбегендіктен  бастапқыда  ыстық  суды  ішу  біртүрлі  жағымсыз,  бірақта  біртіндеп 
рахаттана бастап соңынан ләззат аласыз. Ыстық су табиғи зиянсыз дәрі, бірақ арзан және 
қарапайым болғандықтан ешкім де салиқалы түрде қабылдамайды. Баяғыда біреу ыстық 
судың  көмегімен  дәрігерлер  дәрімен  жаза  алмаған  ауруын  жазып  алған.  Күдер  үзген 
дәрігер  осы  ауруды  көруге  келгенде,  ол  өзінің  қалай  жазылғанын  айтады,  сол  кезде 
дәрігер  былай  дейді:  «Мен  ыстық  судың  шипалық  талай  қасиетін  білемін,  бірақта  мен 
ыстық суды сата алмаймын ғой! ». 
 
Тағы  бір  айтайын  дегенім,  көп  күндік  ашығуды  қалай  аяқтау  жөнінде,  егер  де  бірден 
бұрынғы тамақтанғандай тойып алсаң өліп кетуің мүмкін. Осындай жағдай Әсет Ризаұлы 
бұрын Ұржарда тұрғанда, бірге қызметтес болған Абылханов Қыдырғали деген азаматтың 
басынан  өткен,  ол  Әсеткееліктеп  7  тәулік  ашығуды  ұстады.  Әсет  оған  аштықтан  қалай 
шығу керек екенін түсіндіріп айтса да, ашығудан шығарда еттен жасалған мәнтіге бірден 
тойып алып, ішегі түйіліп өліп қала жаздаған. 
Сондықтан  да  бірінші  күні  жеңіл  жеміс,  көкөністерден  дайындалған  салат  пен  сұйық 
көже, келесі күні салат пен осы көжеге аздап кептірілген нан қосып ішіңіз, үшінші күні аз 
мөлшерде  қалыпты  тамаққа  көше  беруіңізге  болады.  Осы  жайында  төменіректе  кеңінен 
тоқтала  кетермін.  Осы  нұсқауларды  мүлтіксіз  сақтасаңыз  ғана  қауіп-қатер  болмайды. 
Осындай ашығудан кейін сезіміңіз ұшқырланып, ақыл ойыңыз нұрланып, өзіңізге тылсым 

 
12 
дүние ашылып, жасарып, бұрынғы нас басып, қалдық толы тәніңіздегі қоқыстардың күлі 
де қалмай жанып кеткенін сезесіз. 
179. Сенушілер! сіздерден бұрын болғандарға сияқты, ораза сіздерге де парыз, (мүмкін 
иманды боларсыздар).  
180.  белгілі  бір  күндерде.  Бірақта, біреулеріңіз  науқастанып  не  жолаушылап 
жүрсеңіздер:  оразаның  осы күндерін  басқа  уақытта  тұтсын.  Шамасы  келіп 
ұстамағандарға,  орнына  кедейлерді  тойындыру  парыз.  Кім  имандылықпен  қандай 
болмасын қайырымдылық  жасаса,  ол  оның  өзіне  қайырымдылық  болады.  Егер 
біле білсеңіз, сіздің оразаңыз – өзіңіз үшін жақсылық. 
181.  Рамазан  айы,  осы  нұсқауды  адамдар  басшылыққа  алып,  ізгілік  пен зұлымдықтың 
айырмасын  түсінулері  үшін  сіздерге  Құран  түсірілген  ай. Сіздердің  ішіңізде  кім  осы  ай 
бойы  үйінде  болса  ораза  ұстау  парыз:  кім сырқат  болса  немесе  жолаушылап  кетсе 
оразаның  қаза  болған  күндерін басқа  айда  ұстасын.  Құдай  сіздерге  ауырлық  емес, 
жеңілдік  тілейді.  Ол  сізді  тура жолмен  бастап  жүр,  сол  үшін  сенушілердің санын  тез 
толтырып Құдайды ұлықтап, ризашылықта болыңыз. 
 
КОРАНЪ. Перевод съ арабского языка. Г.С.Саблукова. Третье изданіе. Казань. 
Центральная Типографія. 1907 г. Глава (2) Корова, стихь 179, 180, 181.стр.51     
(Орысшадан аударған: Әсет Ризаұлы Мұқашбеков) 
 
 
Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың осы кітапты жазудағы мақсаты, ашыққан кезеңде болатын 
ғажайып құбылыстарды тікелей өзіне тәжірибе жасап, Өзінің он екі жылдық ашығу 
тәжірибесін сараптамадан талдап, ғылыми түрде дәлелдеп, денсаулығының қалай күрт 
өзгеріп кететініне оқырмандардың көздерін жеткізіп, осы жеке тәжірибенің басқаларға да 
сауабы тиер ме екен деген ой. 
 
2. Ауырмай ұзақ ғұмыр кешу мен жасару құпиясы 
 
  
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар 
Еңбегің мен ақылың екі жақтап». Абай 
 
 
Жаратушы пендені жаратқанда, оның ішіне өзін-өзі емдеп алу ағымын да қоса жаратқан.  
Адамның ашыққанда жазылып кетуінің бар құпиясы мен сыры да осында бұғып жатыр. 
Өкінішке орай, осы әдісті жұмыр басты пенде ғана қолданғысы келмейді, себебі нәпсінің 
құлы.  Бұл  пендені  ЖАН  емес  ТӘН  билейді.  Осы  әдісті  мүлтіксіз  қолданатын  жан-
жануарлар  мен  хайуанаттар  ғана.  Осының  бір  дәлелі  ретінде  сіздерге  өзім  көріп  куә 
болған жағдайды айта кетейін. 
 
 
3. Қарғаның ғасырлап жасайтындағы құпиясы 
 
Мен өзім саналы өмірімді табиғатпен біте қайнасып жатқан жапан далада агроном 
болып  өткіздім.  Біз  жақта  күнбағысты  аса  көп  мөлшерде  өсіретіндіктен,  қарға  дегеніңіз 
жыртылып  айырылады.  Құстардың  ішіндегі  ең  ақылдысы  осы  қарға  болар  деген 
қортындыға  келдім.  Қулығына  найза  бойламайды.  Ең  ғажабы  жаздың  шіліңгір  шілде 
айында  өзен  жағалай  қонып  ауыздарын  ашып  отырады,  оның  себебі  өзен  суының 
ылғалымен дем алып шөлін осылайша басады, бірақ 40 күн бойы нәр сызбайды. 

 
13 
Өздерін-өздері  осылай  тазалайды.  Қарғаның  ғасырлап  жасайтындағы  құпиясы  да 
осында бұғып жатқанына өз басым шек келтіре алмаймын. Далада жүргенде ауа райына, 
өсімдіктерге,  дала  құстарына,  олардың  мінез-құлықтарына  жіті  көңіл  бөліп, 
ерекшеліктерін  еске  сақтап  жүретінмін.  Өзімше  осылардан  қортынды  шығарып, 
табиғатпен  керемет  үйлесімділік  жасап  жатқандарына  таң  қалатынмын!  Табиғаттың 
таңғажайып  күшіне  табынатынмын,  өз  жұмысымның  барысын  табиғаттың  жолына 
қиюластыруға тырысатынмын, нәтижесі жаман болған жоқ.   
 
4. 1932-
33 жылдарғы елімізде болған алапат ашаршылық 
 
Бұл  айтып  отырғаным  Өскемен  қаласында  тұратын,  пайғамбар  жасынан  асқан, 
бұрын  қызметтес  болған   Владимир  Тен  деген  корей  жолдасымның  үйінде  болғанымда: 
1932-
33 жылғы ашаршылықты, 1937-38 жылғы қырып-жоюды (репрессия мен террорды) 
көзімен көрген, сол заманның куәгерлерінің бірі, Владимир Теннің 90-нан асқан анасының 
өз аузынан естіген әңгімем. Ашаршылық кезінде қиыр шығыстан ауып келген  корейлер 
мен  үркіп  Қытайға  қашып  бара  жатқан  қазақтар  бір  жағдайда  болған.  Сол  кезде  тау 
бөктерін жағалап шұрайлы жерлерде қоныс теуіп диханшылықпен шұғылданған бір орыс, 
не бір басқа ұлт өкілдері қырылды ма, жоқ! Олардың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып 
жүрді. 
 
Біздің Ұржар, Алакөл өңірінде орыспен қоныстас егін салған және көл, су жағалап 
балық аулауды кәсіп еткен қазақтар да дін аман қалған. Ол кезде Алакөлдің балығы бүкіл 
қазақты тамақтандыруға жететін, әлі де жетеді. Біздің ішкері жақтағы мал баққан қазақ, ет 
және  мал  өнімдерінен  басқа  тамақ  барын  білмеген,  жалқаулықтың,  ала  ауыздықтың, 
надандық  пен  настықтың  салдарынан  жер  ананың  қадір-қасиетін  түсінбеген.  Елімізде 
болған 1932-33 жылдарғы алапат ашаршылықта 1, 5 млн қандастарымыз ашаршылықтан 
қырылған  уақытта,  адамдардың   кейбіреулері  аштықтан  емес,  бас  сап  қомағайланып 
жегендіктен,  тамақ  бірден  аш  өзекке  түсіп  кетіп,  қолма-қол  отырған  жерлерінде  өліп 
кеткен. 
Сол жылдары қиыр шығыстан ауып келген корейлер таң қалып жағаларын ұстаған: 
«Осыншама  мол  тамақтың  ішінде  жүріп,  мына  қазақтардың  шыбынша  қырылғандары 
қалай? », – деп. Менің бұның бәрін тәпіштеп жазып отырғаным, бала күнімізде ауылдағы 
Кусақ  өзенін  жағалай  ойнап  жүргенімізде,  ары  кетсе  жарты  метрдей  тереңідікте,  бетін 
ғана  жаба  салған  адам  сүйектерін  жиі  тауып  алатынбыз.  Себебі,  біздің  Науалы  ауылы 
Тарбағатай  бауырындағы  Қытайға  өтетін  үлкен  күре  тамыр  керуен  жолының  бойына 
орналасқан.  Ал  Қытайдың  Шәуешек  қаласы  біздің  ауылдан  120  шақырым.  Ашаршылық 
жылдары босқан халық осы жол бойында ақ жоңқа боп аштан қырылған. 
 
5. Біздің ұлттың тамақ жеу ерекшелігіміз 
  
Біз өте ауыр қуатты да, нәрлі тамақ ішетін халықпыз, ең кемшілігі осы нәрлі тамақты 
жатар алдында жейміз, осылай тамақтануымызға  сәйкес дене қимылын жасамаймыз және 
жиын тойымыз, өлім жітіміміз де баршылық. Одан сырт туған күн, бала тойы т.б. толып 

 
14 
жатқан бас қосуларды жинақтай берсең, тапқан таянғанымызды ішіп жеуге ғана шашатын 
халық сияқтымыз. 
Кей кезде ойлаймын, осы біздің қазақ «қамшының сабындай қысқа өмірінің жартысын 
ұйқыға,  қалғанын  тойға  жұмсай  ма?  »,  –  деп.  Осы   жағдайларда  ат  нөпір  дастархан 
жайылып, көл – көсір табақ, тамақ тартылады. Осы уақытта жесең де жейсің, жемесең де 
жейсің.  Біздің  тамақтануымыз  Еуропа,  шығыс  халықтарының  мәзірінен  мүлдем  бөлек. 
Осылардың салдарынан біздің ішегімізде шоғырланып қалған улар мен кір қоқыстар өте 
көп. Осыларды тазалап еріту үшін қазақ атамыз баяғыда саумал ішіп тазаланып отырған. 
 
6. Бір үзім нанның қуаты 
 
Менің  айтайын  деп  отырғаным  өте  маңызды,  мұны  оқыған  аса  білімді  адамдардың 
арасында да білетіндері некен саяқ. Алғашында қызықсыздау көрінгенімен, мені тыңдаған 
сайын  өмірлеріңізді  өзгертетін  іліммен  таныс  боласыздар.  Көз  алдыңызға  елестетіңіз: 
Белгілі  бір  себептермен  сіз  ұзақ  уақыт  тамақ  ішпесеңіз  әлсіздіктен  мүлдем  қозғала  да 
алмай қаласыз. Тіпті сіз қанша білімді, бай болсаңыз да, сіздің байлығыңыз бен біліміңіз 
әлдекімнің әкеп берген бір үзім нанына татымай қалады. 
Бір  шайнап  жұтқаннан  кейін-ақ  тәніңізге  қуаттың  құйылып  жатқанын  байқайсыз.  Бұл 
керемет  емес  пе?  Осы  бір  тілім  нанның  өзі  сіздің  ішіңіздегі  неше  түрлі  қуатты,  іс 
әрекеттерді қайта іске қосып жіберді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де бір тілім нанның қуаты 
мен  күші  70  жүк  вагоны  бар  пойыз  құрамасын  жер  шарын  бір  қабат  айналдырып  шыға 
алады. Осы бір үзім нанның құрамындағы элементтердің қуаты сіздің ойыңыз, сезіміңіз, 
еркіңізден де жоғары тұрғанын бір сәтте болмасын ойланып көрдіңіз бе? 
Осы  бір  тілім  нанды  тек  қарның  ашқанда  ғана  жеп  күш  қуатыңды  қалпына  келтіресің. 
Осының  нәтижесінде  іс  әрекетіңді,  сөзіңді  сөйлеуіңді,  ойлауыңды,  сезінуіңді  ары  қарай 
жалғастыра бересің. Әрине, қазір де, бұрын да бүкіл әлемде тамақ мәселесі бірінші орында 
болған, әлі де бола береді. Осыны шешу үшін тіршілік иелерінің бәрі де тырбанып жұмыс 
істейді, осы үшін талай төңкерістер мен соғыстар да болды, болып та жатыр. 
 
7. Біз дастарханда отыра білеміз бе? 
 
Тамақ ішіп болғаннан кейін, бірден тұрып кетпеңіз, сол сияқты дастархан басында, ішіп 
болғаннан  кейін  1-2  сағат  отырып  та  алмаңыз.  Біраз  ғана  уақыт  отырып,  жайлап  қана 
терең  тыныс  алыңыз,  сол  кезде  қуат  барлық  мүшелеріңізге  бірдей  тарап,  өзіңізді  өте 
жақсы  сезініп,  қандай  жұмыстың  болмасын  түбін  түсіретін  боласыз.  Адамдардың 
көпшілігі ұсақ-түйекке көңіл аудармайды, бірақта бәрі осы ұсақ-түйектен басталмай ма. 
Сіз өзіңіздің өреңізді, сезімталдығыңызды арттырғыңыз келе ме? Ол үшін дастархан басы 
ең қолайлы жағдай. Ол үшін қасығыңызды, кесеңізді шылдырлатпауға тырысыңыз – бұл 
байқампаздық пен сақтануды дамытудың жақсы жаттығуы. Мен адамдардың ыдыстарын 
түсіріп алып, қасықтарын шылдырлатқанынан-ақ білемін, оның өресі жетіспей жатқанын. 
Тіпті  ол  жоғары  білімді  немесе  аты  әйгілі  адам  болсын,  егер  ара  қашықтықты  сезбесе, 
оның дипломының не пайдасы, атақ абыройының не пайдасы бар, кемшілігі басынан асып 
жатыр. 
Мысалы,  біз  кесені  әпергіміз  келді,  бірақта  қайда  тұрғанын  мөлшерлей  алмай,  жерге 
түсіріп  сындырып  алдық.  Бұл  ұсақ  нәрсе  болып  көрінгенмен,  ол  кісінің  өмірдегі  де 

 
15 
жағдайы  осылай,  көп  қателік  жібереді.  Осы  адамдарға  ішкі  аңғарымпаздық  жетіспейді, 
осыны  өмірде  де  қайталайды.  Затқа  өзің  ие  болу  үшін,  алдымен  ой  елегінен  өткізіп  ие 
болып  ал,  егер  ойша  көз  алдыңа  елестете  алмасаң,  осы  затқа  ешуақытта  да  қолың 
жетпейді.  Дастархан  басына  отырар  алдында  қайта-қайта  тұрып  жүрмес  үшін  бәрін 
түгендеп тексеріп алғаннан соң бірақ отыр, өмірде де солай. 
Тамақты  сүйсініп  сүйіспеншілікпен  же,  сол  кезде  тамақтың  хош  исі  бұрқырап  өзінің 
эфирлік заттарын сізге бере бастайды. Тамақ өзіне ғарыш сәулесін шоғырландырып алған: 
күн, жұлдыздар, ал табиғаттың төрт элементі (су, ауа, топырақ, от) өздерінің өшпес іздерін 
қалдырып, оларды әртүрлі күш, қуат, бөлшектермен қанықтырған. Тамақта осыны өсірген 
адам еңбектерінің де қолтабы бар, ол тіпті бізге өз тарихын да айтып бере алады. 
 
8. Әсет Ризаұлының тамақтануының  жеке бағдарламасы 
 
 
Саналы адам алған бетiнен таймайды, бiрақ бiрбеткей емес. Кун-Фу-Цзы 
 
 
Сұрақ: - Әсет Ризаұлы, өзіңіздің тамақтану мен салауатты өмір бағдарламаңызды 
айта кетсеңіз. 
Жауап: - Жәрәйді айтайын, мұнда тұрған ешқандай құпия жоқ. 
Сұрақ: - Тамақты қалай шайнайсыз, қалай жұтасыз? 
Жауап:  -  Тамақты  асықпай  әбдән  ұсақталғанша  шайнаймын,  сұйық  тамақты  да  аз-аздан 
ғана дәмін келтіріп барып, ұрттап-ұрттап қана ішемін. 
– 
Менің  жеке  тамақ  ішу  бағдарламам,  жоғарыда  айтылып  өткен  шарттарды  сақтай 
отырып,  таңертең  тұрып  3-4  шақырым  жүріп,  жүгіріп  келген  соң  20-25  минут  дене 
жаттығуларын,  тыныс  алу  жаттығуларын  жасаймын,  сонан  соң  аз  ғана  суға  пісірілген 
күрішпен  аузымды  ашамын,  себебі  күріштің  қасиеті  іштегі  уларды  өз  бойына  сорып 
алатындығында. Қуырылған асты жемеймін. Қуырылған тамақ адам ағзасына шырыш пен 
маңқа  шоғырландырады.  Ата  бабаларымыз  сияқты,  шәйді  тамақ  жердің  алдында  ішіп, 
асқазанымды тамақ қабылдауға алдын ала дайындаймын. 
Тамақтан соң сұйық ішпеймін, ішетін шәйім тек қана көк шәй. Етті былай пісіремін, ет 
қайнап көбігі, майы бетіне шыққан соң сорпасын түгелдей төгіп тастаймын да суық суға 
бір  шәйіп  алып,  қайтадан  таза  су  құйып  ары  қарай  толық  пісіремін.  Бұлай  істеуімнің 
себебі,  еттегі  сорпа  бетіне  қалқып  шыққан  холестериннен,  майдан  осылай  құтыламын. 
Етті онша көп жемеймін, бірер үзіп қана аузыма саламын, түскі тамақ алдында 1...2 алма 
жеймін, кешке тамақ ішпеуге тырысамын. Еш уақытта тоя тамақ жемеймін, екі-үш асаған 
тамақ маған жеткілікті. Тамағымның негізгі құрамы көкөністер мен жемістерден тұрады. 
Салатты тамақтың алдында емес, тамақпен араластырып жеймін. 
Сұрақ: – Сіздің жұмыс күніңіз, бос уақытыңыз қалай өтеді? 

 
16 
Жауап:  –  Менің  күнім,  кейбір  адамдардың  жылынан  тығыз.  Менде  жұмыс  пен  ізденуге 
деген  өлшеусіз  қуат  бар.  Мен  шаршамаймын,  маужырамаймын.  Мен  әркез  рухани  және 
денелік тынымсызбын. Маған Қазақстанды, алыс және жақын шетелдерді аралап көптеген 
лекциялар  оқуыма,  жазу  жазуыма  т.б.  міндеттерді  орындауыма  тура  келеді.  Осының 
бәріне уақытым да, күшім де жетеді. 
Барлық бос уақытымды көбінесе жеке өткізуді дұрыс көремін. Ерте қартайған адамдардан 
аулақ жүремін, себебі маған жаман әсер етеді. Олар өздерін ұзақ уақыт бойы, қартайып 
біткен  адамбыз  деп  иландырып  алып,  нәтижесінде  осыдан  қартайып  кеткен  адамдар. 
Осылардың  көпшілігі,  осыдан  30  жыл  бұрын  рухани  өліп  қалған  адамдар,  жерлеуімізге 
шығын шығармайық деп, жер бетінде текке жүрген адамдар деп есептеймін. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет