Жасару құпиясы. Ауру


 Ет жемейтін адамзаттың ұлы тұлғалары



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата01.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

22. Ет жемейтін адамзаттың ұлы тұлғалары 
 
 
«Жер бетiндегi ғұлама данышпандар аспандағы жұлдыздарға ұқсайды. Жерде де, суда 
да  жұлдыздарға  қарап  жол  табуға  болады.  Жұлдыздар  көрiнбесе  жолаушылар  адасуы 
мүмкiн». Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 
Поль Брэгг секілді, қоғамның әр деңгейінде және ғасырдың әр уақытында мыңдаған 
адамдар «ет жемейтіндер» болған, олар өздерінің денсаулығын түзеумен қатар, өмірдің 
шындығын да іздеген. Олардың қатарында адамзат алыптары: Пифагор, Сократ, Платон, 
Климент Александрский, Плутарх, Ашока патша, Леонардо да Винчи, Монтень, Акбар, 
Джон Мильтон, сэр Исаак Ньютон, Эммануэль Сведенборг, Вольтер, Бенджамин 
Франклин, Жан-Жак Руссо, Ламартин, Перси Биши Шелли, Ралф Уолдо Эморсон, Генри 
Дэвид Торо, Лев Толстой, Джордж Бернард Шоу, Рабиндранат Тагор, Махатма Ганди, 
Альберт Швейцер, Адольф Гитлер және Альберт Эйнштейн. 
 
23. Ашығу iлiмi қай кезде, қай елде бастау алған? 
 
 
«Көпшiлiктi  күштеп  белгiлi  бiр  жолмен  жүргiзуге  болады,  бiрақ  не  үшiн  екенiн 
түсiндiрудiң қажетi жоқ». Кун-Фу-Цзы 
 
 
Ашығу емдеудiң ең бiр көне әдiстерi. Iнжiлде 74 жерде қайталанады, ал Құран Кәримнiң 
Бақара  сүресiнiң  182,  183  және  184-шi  аяттарында  айтылады.  Осы  әдiс  бәрiне  бiрдей, 
әсiресе  жабайы  аңдар  кең  қолданады.  Емдеу  туралы  көне  жазбаларда  –  ашығу  табиғи 
әдiспен емделудiң тiзiмiнде бiрiншi орында тұр. Ал оның қай елде алғаш қолға алынғалы 
туралы нақты ғылыми дерек жоқ. 
 
Деседе әр елде қалыптасқан түсiнiкте түрлiше. Мысалы, Англияда 30 тәулiк аштық ұстау 
ең  жақсы  деп  есептелiнiп,  емханаларында  30  күндiк  ашығу  әдiсiн  қолданады.  Онда 
дәрiгерлердiң көмегiмен ашығушы адам төсекте ғана жатады, тұруға бiрнеше минут қана 
рұқсат етiледi. Америкада 30 күн, Германияда 21 тәулiк, ал Франция 14 тәулiк ашығуды 
жақтайды,  Ресейде  осылардың  бәрi  бар.  Қандай  мерзiмге  ашығу  жақсы  нәтиже  беретiнi 
жайлы мамандардың өз араларында әр түрлi көзқарастар бар. 
 
24. Қазақстандағы аштықпен емдеу орталығы 
«Аштан өлмейсiң, 
Астан өлесiң! ».     Шалқар Әбiшұлы 

 
32 
 
Қазақстанда ашығу iлiмiнiң орталығы: Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы. 
Бұнда аштық ұстау жолыменен, адам ағзаларындағы жыйналып калған улы заттардан, 
(улардан, тұздардан, кұм мен тастардан т.б. қоқыстардан) табиғи жолмен тазалау тәсiлi, 
бiр кадам алға басқан. Бұл игi iске бас-көз болып жүрген азамат: Қазақстан Республикасы 
Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесi, ақын, жазушы «Аштықпен емдеу 
орталығының (АЕО) » директоры Қыстаубайтегi Шалқар Әбiшұлы. 
 
Осы азаматты ұйымдастыруымен және өзiнiң қаржылай көмегiмен 1992 жылы аталмыш 
орталық өз жұмысын бастап, күнi-бүгiн қызметiн абыроймен атқарып келедi. Дәрi-
дәрмексiз емдейтiн «Аштықпен емдеу орталығы» Қазақстан Республикасының денсаулық 
сақтау министрлiгiнің арнайы рұқсатын алып, облыстық денсаулық сақтау басқармасында 
есепте тұрғандыктан, бұл ауруханада барлық медициналық тәртiптер қатаң сакталған. 
Ауруларға барлык жағдайлар жасалған. Кез-келген сырқат адамдар өздерiнiң 
ауруларының түрлерiне карай, орталықтың жоғарғы дәрежелi дәрiгерлерi мен тәжiрибиелi 
мейiрбикелерiнiң күнделiктi бақылауларымен, бұл жерде 3-5-7-10-15-21 тәулiкке дейiн 
аштық ұстап жата алады. 
 – 
Бұл орталыққа қандай науқастар келуге болады? Оларды қандай әдiспен 
емдейдi?
 
–  
Ешкандай дәрi
-
дәрмексiз, аштықпен емдеумен қатар, ұзақ жылдар бойы 
созылып келе жаткан созылмалы ауыр науқастардың: сусамыр, 
  
қан қысымы, қан 
аздығы  т.б.  көптеген  аурулардың  түрлерiн  халықтық  басқадай  емдеу 
әдiстерiменен емдеп, бүйректегi, қуықтағы, өттегi кұмдар мен тастарды, пышақсыз 
(операциясыз) түсiрiп, денедегi барлық iсiктердi, жараларды, күйiктердi жазады.
 
 
«Аштықпен  емдеу  орталығының»  кай  жерде  екенiн  бiлгiлерi  келген  адамдарға: 
Директоры Шалқар Әбiшұлы Қыстаубайтегінің ұялы телефоны: +7 701 770 23 13;
 
«Аштықпен емдеу
 
орталығының» мекен жайы:
 
Қазақстан  Республикасы,
 
Оңтүстiк  Қазақстан  облысы,  пошталык  индексi: 
160002,  Шымкент  қаласы,  Гагарин  көшесi,  №  56  үй.
 
Бас  дәрiгерiнiң  жұмыс 
телефоны:  (87252)  56
-57-
04,  орынбасарының  телефоны:  (87252)  56
-05-95, 
анықтама  телефондары
: 56-10-06, 56-23-
21.  Аурулардың  жататын 
орындарынын бәрi 2
-
кiсiлiк орын. Күнделiктi төлем ақысы бiр орынға 1500 тенге, 
(люксте 
– 
3000)  ,  бұл  бағанын  нарықтық  қатынастың  өзгеруiне  байланысты, 
өзгерiп  тұруы  мүмкiн.  Орталықта  жатып  емделген  адамдарға,  еңбекке 
уақытша жарамсыздығы туралы анықтама (бюллетень) берiледi.
 
  
25. Әлсіздік қалай түсіндіріледі 
 
 "
Бiр  сағат  бiлiм  iздеу,  үйрену  түнi  бойы  намаз  оқып  шыққаннан  артық.  Бiр  күн  бiлiм 
үйрену үш ай ораза тұтқаннан да артық".        Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
  

 
33 
Біз еселаң, ақылсыз әлемде өмір сүреміз. Өркениет дамудың адам қуатына қоятын талабы 
зор.  Біз  туыстарымыз  бен  достарымыздың  арасында  қалыпты  өмір  сүруді  ұстануымыз 
керек.  Парыз  –  қатал  әмірші.  Біз  бұған  бағынуға  тиіспіз.  Жанұяны  асырау,  авткөлік 
жүргізу, өз жұмысыңа жауап беру, үй шаруасын істеу, бала тәрбиесі, қоғамдық, азаматтық 
парызың т.б. мыңдаған істер қуат тағы да қуатты керек етеді. Қуат – аса бағалы зат, оны 
қорапқа  салып  сақтап,  сатып  ала  алмайсың.  Көпшілік  қуатты  темекіден,  ішімдіктен, 
кофеден,  ащы  шәйдан,  пепси  –  коладан,  дәрілерден  іздейді,  бірақ  бұлардың  бәрі  де 
қателеседі. Қуат – табиғатпен нақтылы бірігіп өмір сүруіңнің сый-сияпаты. 
26. Ашығу – керемет тазалағыш, бірақ аурудың дәрісі емес 
 
Адамдар телефонмен де, ауызша да сұрайды: «Ана-мұна ауруларымнан ашығу жаза ма? 
». Ашық та, айқын айтайын – мен емдеумен шұғылданбаймын және ашығуды ем ретінде 
қолдан  деп  те  кеңес  бере  алмаймын.  Мен  табиғаттан  басқа,  ешқандай  дәріге  сенбеймін. 
Біздің  қолымыздан  келетіні,  өмірлік  күшті  сондай  дәрежеде  нығайтып,  ауруды  емдеу 
ағзаның  ішкі  өз  мәселесі  болуы. Менің мақсатым,  әлсіздіктеріңді жеңетін  өмірлік  күшті 
нығайтқанның үстіне нығайта түсу әдісіне үйрету. 
 
27. Тәулiк 4 сағаттан алты кезеңге бөлiнедi 
 
«Ерте тұрған адамның несiбесi артады, ал таңғы ұйқы – ризығыңды 
кемiтедi». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)     
  
Тәулiк  4  сағаттан  алты  кезеңге  бөлiнедi.  Бұл  –  жылдың  төрт  мезгiлi  сияқты. 
Жылдың  мезгiлiнiң  алмасуына  байланысты,  бiздегi  басым  ерекшелiктерiмiз  де  өзгерiп 
тұрады.  Мысалы,  жазда  От  ерекшелiгi,  күзде  Ауа  ерекшелiгi  басым  болады.  Сондай-ақ, 
бiздiң денемiзде – ерекшелiктерiмiз тәулiгiне алты қабат өзгерiп тұрады. 
Мысалы, түнгi сағат 2-ден таңғы сағат 6-ға дейiн Ауа әрекет қылады. Ауа жеңiл, 
анық, таза сондықтан таңғы 6-да, немесе күн шығардан бiр жарым сағат бұрын тұру өте 
пайдалы. Осы кезде ауа кеңiстiгi өзiн күн қуатымен қанықтырады, күн шығардан жарты 
сағат бұрын, күн өзiнiң ерекше  жайлы шуағын төгедi. Барлық дiн ағымдарында, ғылми 
тұрғыдан  да  ерте  тұруға  кеңес  беретiнi  осыдан.  Ауа  тәнiмiзден  –  улардың  шығуына, 
iшегiмiздiң  босауына  жауапты,  сондықтан  да  Ауа  ерекшелiгiнiң  кезеңiнде  тұрсаңыз,  ол 
жақсы жұмыс атқарып денедегi уларды, қалдықтарды уақтылы шығарып тастайды. Ерте 
тұрған  адам  күнi  бойы  сергек  жүредi.  Таңғы  сағат  8-ден  кейiн  тұратын  адамдар  өздерiн 
нашар сезiнiп, күнi бойы шаршап жүредi, бұндай ұйқы ағзаға жеңiлдiк әкелмейдi. 
         
Таңғы сағат 6-дан күндiзгi 10-ға дейiн Су әрекет қылады. Су ауыр болғандықтан осы 
аралықта  тұрған  адамдарды  үнемi  ұйқы  басып  жүредi.  Осы  кезеңде  тамақ  iшпеуге 
тырысыңыз, себебi денеңiзде Судың мөлшерi көбейгендiктен, ауа қозғалысы баяу болып, 
денеңiз  ауырлап,  iштегi  отыңыз  маздап  жана  алмай  бықсып  тұрады,  сондықтан  да  осы 
аралықта  iшкен  тамағыңыз  толық  қортылмайды  да  қаныңызды  былғайды.  Таңғы  10-нан 
күндiзгi  2-ге  дейiн  От  әрекет  қылады,  сондықтан  да  тамақты  күндiзгi  11-12  аралығында 
iшiңiз, ал келесi тамақты 5-6 сағат өткiзiп барып, күн ұясына отырғанша қабылдаңыз. 

 
34 
         
Күндiзгi  2-ден  кешкi  6-ға  дейiн  Ауа  әрекет  қылады.  Осы  аралық  жеңiл,  шабыт 
тудыратын  кезең,  адам  жұмыс  iстеуiне,  спортпен,  үй  шаруаларымен  шұғылдануға 
таптырмайтын  кезең,  осы  кезде  денеңiз  жеңiлдеп,  қандай  iске  болмасын  құлшынып 
тұрасыз. 
         
Кешкi 6-дан түнгi 10-ға дейiн қайтадан Су әрекет қылады. Осы кезеңде  күнi бойы 
тыным  таппаған  адам  шаршағанын  сезедi,  ұйқысы  келедi,  сондықтан  да  түнгi  10-нан 
кешiктiрмей ұйқыға жатуыңыз керек, егер де өзiн-өзi зорлап түнгi 10-нан кейiн жатса, бұл 
аралық қайтадан Оттың әрекет қылатын кезеңi (түнгi 10-мен 2 аралығы) , сағат түнгi 11-
ден кейiн адамның ұйқысы ашылып кетедi, қайтадан қуат құйылғанын сезедi. 
         
Түнгi  10-мен,  түнгi  2  аралығы  ұйықтауға  ең  жайлы  уақыт,  осы  кезеңде  iшкен 
тамақтарыңыз iшегiңiзде қортылып, адам тәттi ұйқының құшағында болады. 
         
Кей кездерде дене бiтiмiнде От ерекшелiктерi бар адам түн ортасында тұрып алып 
тамақ  iшуi  мүмкiн,  себебi  осы  кезде  От  сырттан  да,  iштен  де  әрекет  қылып  жатады, 
сондықтан осы қылықтарына қарап бұндай адамдарды сөгiп, жазғыруға болмайды. 
Түнгi  2-ден  кейiн  ұйқы  үстiртiн,  түс  көредi,  мұндай  ұйқы  адамның  басы  мен 
денесiне  демалыс,  мамыражайлық  қалып  бермейдi.  Тәулiгiне  6-сағаттан  артық 
ұйықтамаңыз, ұзақ ұйқы маубастық пен жалқаулыққа жетелейдi. Жылдың төрт мезгiлiн, 
тәулiктiң  алты  алмасуларын,  iшетiн  тамағыңызға  сәйкестендiрiп,  бұрынғы  әдеттерiңiздi 
осыған  сәйкес  өзгертсеңiз,  дүркiн-дүркiн  ашығып,  ағзаңызды  тазалап  отырсаңыз,  ажал 
жеткенше денiңiз сау, ширақ та шырайлы қалпыңызды сақтай аласыз. 
 
28. Ашығудың керемет 
  
"Адамдар да өсiмдiк тәрiздi, жақсы күтiлмесе, жайнап өспейдi". Ш. Монтескье 
 
 
Ашығу  –  «қан  тамырларын  тазалағыш»  (атеросклероз  т.б.)  ,  сондай-ақ  бүкiл  ағзаны  да 
тазалап,  қуатты  арттырып,  оның  тепе-теңдiгiн  сақтайды.  Қан  қысымы,  жүрек  аурулары, 
үнемi  шаршап  жүрудi,  уланғанды,  iшек-асқазан,  бауыр,  бүйрек  ауруларын,  қызудың 
жоғарлауын,  грипп,  iш  қатуды,  май  басуды,  сусамырға  (қант  диабетi)  ,  қатерлi  iсiк 
(онкологиялық)  ,  көксаулыққа  (туберкулез)  ,  кiшi  дәреттiң  тоқтамауына  (простатит)  , 
белсiздiкке (импотенция) , жүйке жүйесi мен көтерiлетiн (шизофрения) ауруларына  т.б. 
толып  жатқан  ауруларға  ем  және  осы  аурулардың  алдын  алып,  ұйқысыздықты  емдеп, 
жүйке жүйеңiздi жөндеп, көздiң көруiн, құлақтың естуiн, танаудың иiс сезу қабiлеттерiн 
жақсартады. 
Сондай-ақ,  маскүнемдiктен,  бәңгiшiлiктен  (наркоман)  ,  темекi  шегуден  адам  өз  еркiмен 
бас тартатын болады. Себебi, ағза толық тазаланған кезде уларды қабылдамайды, жүрегi 
айнып: арақ, темекi, бәңгiлердiң иiстерiнен жиiркенетiн, қашатын болады. 
Қазiргi адамдардың денсаулығы күннен-күнге нашарлап бара жатқаны ешкiмге де 
құпия  емес.  Өкiнiшке  орай  бiз  бұны  өзгерте  алмаймыз.  Тамақ  iшу  тәртiбiмiз  бен  iшкен 
тамағымыздың сапасына, жүйке жүйемiздiң қалпына – денсаулығымыз тiкелей тәуелдi. 

 
35 
Бүгiнгi  күнi  ашығу  сыртқы  ортаның  зиянды  әсерлерiнен  құтқарып,  бiзге  ең 
қымбатты:   өзiмiздiң,  балаларымыздың,  ата-аналарымыздың,  туған  туыстарымыздың, 
достарымыздың денсаулықтарын сақтауға мүмкiндiк бередi! 
Өзiмiздiң ағзамызды (организм) ашығудың көмегiмен тазалай, шыңдай отыра, бiз 
көптеген  аурулардың  себептерiн  жоямыз.  Бiздiң  уақытымызда  ашығу:  асып-тасығандық 
емес – қажеттiлiк. 
 29
. Ашығу – холестериннiң ағымын реттейдi 
 
 «
Үмбеттерiм  үшiн  ең  қатты  алаңдайтын  жайларым:  қарын  шығарып  семiру, 
ұйқышылдық, жалқаулық және өзiнiң әлсiздiгiне сенiмдi болу».   
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 
Ашығу  –  мидың,  гормондарының  жұмысын  жақсартып,  майларды  қорытады. 
Сондай-ақ, адамның бас сүйегiнiң iшiндегi қысымды (внутричерепное давление) қалпына 
келтiрiп, қан тамырларын тазалайды, тамыр қабырғасына қатып қалған холестерин қағын 
ерiтiп,  қан  тамырларын  жас  күнiңiздегiдей  серiппелi  қалпына  келтiредi.  Қан 
тамырыңыздың  таза  әрi  серiппелi  болуы  –  ұзақ  өмiрдiң  кепiлi.  Бүкiл  әлемдiк денсаулық 
сақтау  ұйымының  дәйегi  бойынша,  адамдардың  басым  бөлiгi  жүрек-қан  тамыры 
ауруларынан  өледi  екен.  Ашығу  –  әр  түрлi  деңгейде  бiздiң  жүрегiмiз  бен  қан 
тамырларымызды қорғайды. Нелiктен? 
 
Қазiр түсiнесiз. Аздап сабыр сақтаңыз. Сiздiң ойыңызша          холестерин зиян ба? 
Осының  деңгейiн  төмендету  үшiн,  арнайы  дәрiлер   жасалған.  Не  себептi?  Әйелдердiң 
эстроген  гормоны  холестериннен,  сондай-ақ  бiздiң  миымыздың  жасаушалары  да 
холестериннен тұрады. Холестерин запыран (желчь) қышқылдарын бөлшектеп, майларды 
қортуға  жәрдемдеседi.  Бұл  бiзге  өте  қажет.  Барлық  келеңсiздiк,  бiз  тамақтанғанда 
холестерин  –  баратын  жерi  бауырға  емес,  керiсiнше  қан  тамырларына  барып, 
қабырғаларына  қақ  болып  жабысып  қалғандықтан  тамырларымыз  жiңiшкерiп,  бiтелiп 
қалады.  Бұл  дегенiңiз  –  инфаркт  және  инсульт  (жүрегiңiз  қысып,  миыңызға  қан 
құйылады). Бұл – тiл аузыңыздың байлануы, одан әрi өлiм.         Холестерин өз бетiнше 
ағзада  жүрiп  тұра  алмайды.  Ол  iшекпен  сiңiрiлген  кезде,  оны  жоғарғы  және  төменгi 
сатыдағы   липидтер  (жабысқақ  май  қалдықтары)  көлiк  сияқты  керектi  жерiне 
тасымалдайды. 
 
Әр  липидттiң  бағыты  әр  түрлi.  Жоғарғы  сатыдағы  липидтер  холестериндi  – 
бауырға,  ал  төменгi  сатыдағы  липидтер  –  қан  тамырларына  жеткiзедi.  Ашығу  –  жоғары 
сатыдағы липидтердiң деңгейiн көбейтiп, төменгi сатыдағылардың санын күрт азайтады. 
Осының  әсерiнен  бiздiң  жеген  холестеринiмiз  қан  тамырларына  емес,  бауырға  тiкелей 
барады.  Сөйтiп  қан  тамырларымыз  қоқыстан  таза  болады  да,  қан  тамырларының 
қабырғасына қақ тұрып қалмайды (атеросклероз болмайды). 
 
 

 
36 
 30. 
Жүрек ауруы бiрден жабыспайды 
 
 
«Менiмен  салыстырғанда  сендер  кәдiмгi  жанып  жатқан  отқа  өздерiн  өздерi 
тастайтын жынды көбелек немесе шегiртке сияқтысыңдар. Мен сендердi отқа түсуден 
сақтау  үшiн  белбеулерiңнен  ұстап  қанша  тартқаныммен,  қолымнан  шығып  кетiп, 
өздерiңдi отқа тастай бересiңдер».      Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 
Қан тамырларын тоздыру үшiн де талай уақыттың өтуi қажет. Бұған ұзақ уақыт темекiнiң, 
арақтың, аса майлы тамақтың (әр түрлi еттер, жұмыртқа, сүт тағамдары) әсерлерi керек. 
Тағы бiр себеп дене қимылының аздығы. Қан тамырының тозуы жар басына жиi әкеледi, 
бiрақ құрбандық осы қатердi айқын сезiнбейдi. Адам өзiнiң қан тамырларының 50 пайызы 
бiтелiп  қалғанын  тiптi  сезбей  де  қалады.  Тiптi  бiлгiр  мамандардың  өздерi  де,  қазiргi 
зерттеу әдiстерiн қолданып қауiптi еш нәрсе таба алмауы мүмкiн. 
 
Қан  тамырларын  бiтеп  тастайтын  зат  –  холестерин  немесе  қақ.  Бiтелу  бiртiндеп 
басталады,  қан  тамырларының  iшi  жiңiшкере  берiп,  жүректiң  бұлшық  еттерiн  жұмыс 
iстететiн  мөлшерде  қанның  құйылуын  қамтамасыз  ете  алмайды.  Қан  тамырлары  тiптi 
жiңiшкере  бастағанда,  жүрек  пен  қан  қысымының  ауруы  белгi  бере  бастайды.  Қан 
тамырларының  бұзылуы  жас  шағынан  басталып,  бiртiндеп  тозып  бiтеледi.  Сонан  соң, 
әлдекiм таңертең өзiнiң күнделiктi күйбеңiне кiрiскенде, кенеттен көзi қарауытып, жүрегi 
қысып өлiп кетедi. Өлмей қалған жағдайда, өмiрлiк кембағал болып қалады. 
     
Өзiңнiң  қан  тамырларыңның  тазалығын,  басқа  заттармен  ластанбауын  тұрақты  түрде 
тексерiп  отыруың  керек,  әйтпесе  жүрегiң  қысуы  мүмкiн.  Қалыпты  тағам  да  тамырларға 
қақ тұрғызып, бейнетке ұшыратады. Адамдардың көпшiлiгi, қатерге ұшырамай, өзiнiң қан 
тамырларының жағдайын бiлмейдi. Ауру қыспағанша, олар өздерiнiң жаман әдеттерiнен 
арылмайды және өзiнiң қалыпты тамағын жей бередi. 
      
Бұрыннан  белгiлi  жайды  қайталауға  рұқсат  етiңiз.  Сiздiң  жасыңыз  бұл  сiздiң  қан 
тамырларыңыздың  жағдайы.  Есiңiзде  болсын,  көпшiлiк  жағдайда  қан  тамырларының 
бiтелуi  жас  күнiңнен  басталып,  мөлшерi  55-ке  келгенде  жүрек-қан  тамырлары  ауруына 
әкеп тiрейдi. 
      
Жүрек-қан  тамырларының  ауруын  емдейтiн  әдiс  – үзбей  ашығып  тұру.  Бұл  –  алдын 
алу  шарасы.  Ашығу  дегенiмiз  –  iшкi  тазалау.  Ол  бiздiң  қан  тамырларымыз  қиналмай 
жүректi қоректендiрiп тұру үшiн оның тазалығын сақтауына жәрдемдеседi. Тамырлардың 
жүйесi  арқылы,  қан  қоректiк  заттармен  барлық  ағзаны  қамтамасыз  етедi.  Ағзадағы  қан 
айналу тұрақты және бiркелкi болуы керек. 
Егер  қан  айналымы  ағзаның  бiр  бөлiгiнде  бiр  сәтке  тоқтап  қалса,  онда  алапат  соққы 
аламыз.  Егер  бұл  көздiң  айналасында  болса,  соқырлыққа  ұшырататын  қан  құйылады. 
Бүкiл ағзаны бөгетсiз қоректендiру үшiн, қан тамырлары таза болуы керек. 
      
Қазiр  таза,  иiлгiш,  серiппелi  қан  тамырлары  бар  70...80  тiптi  90  жасқа  келген  еркек, 
әйелдердi сирек болса да табуға болады. Жастары ұлғайғандықтарына қарамай, олар жас, 
себебi  олардың  қан  тамырлары  қозғалғыш,  серiппелi,  тозбаған.  Егер  осы  адамдардың 

 
37 
ағзалары  улардан  таза,  денсаулықтары  жақсы  болса,  неге  оларға  әлi  талай  жылдар  өмiр 
сүрмеске? ! 
 31. 
Бiз айтамыз, адам қартайып бара жатыр деп 
 
 
Iнжiлде мынадай сөз бар: «Ар ұятыңа қарай жаза немесе силық аласың. Өлшемiңе қарай 
сыбаға аласың». Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 
Бiз айтамыз, адам қартайып бара жатыр деп, бұл бiр нәрсенi ғана бiлдiредi, ол өзiнiң қан 
тамырларын  сақтау  үшiн  қалай  тамақтану,  қалай  өмiр  сүру  керектiгiн  бiлмейдi.  Қан 
тамырлары,  қашан  өзiнiң  мiндетiн  дұрыс  атқармай  бұзылғанда,  адамның  денесiнiң 
бөлiктерiне  қан  дұрыс  бармағандықтан,  адамдар  аурушаң,  ұмытшақ,  әлсiз  болады.  Олар 
бiртiндеп өледi, себебi оның денесi мен миына қан дұрыс бармайды. 
 
     
Бiз ашыққан уақытта, бүкiл өмiрлiк күш ағзаның iшкi тазалығын және қан тамырларын 
тазалауға  жұмсалады.  Мiне,  7...10  тәулiк  үзбей  ашықаннан  кейiн  бүкiл  дене  жеңiлдеп, 
ақыл ұшқырланып, есте сақтау қабiлетi артады және дене қимылына деген зор құлшыныс 
пайда  болады.  Бiз  ашығуды  үзбей  ұстап,  дұрыс  тамақтану  бағдарламасы  арқылы  қан 
тамырларын  тазалап,  өз  жүрегiмiздiң  өмiрiн  ұзартуымыз  қажет.  Егер  денсаулық  үшiн 
айқаста  жеңiмпаз  болғымыз  келсе,  өзiмiздiң  қан  тамырларымызды  өмiрдiң  кiлтi  деп 
санауымыз керек. 
     
Күнде  майлы  ет  жей  берсеңiз,  сiз  өз  ағзаңызда  уларды  шоғырландыра  бересiз.  Есеп 
айырысуға  тура  келедi.  Ағза  майды  аз  ғана  тiлейдi,  бiз  майлы  тамақты  күнделiктi  көп 
қолданамыз, соңы жүрек-қан тамырлары ауруына әкеп соғады. Сырт әлпетiне қарасаң сау 
сияқты  көрiнетiн,  таңертең  ет,  жұмыртқа,  картофель,  кiлегей,  кофе  iшетiн  көптеген  ер, 
әйелдердi  бiлемiз.  Сыртынан  сау  сияқты  көрiнетiн  осы  адамдардың  жүрек  ауруының 
құрбаны болып, бiреулерi молаға, ендi бiреулерi өмiрлiк кембағал болып қалғандарын да 
бiлемiз.  Сiз  өз  ағзаңыздың  физиологиясын  бiлмегендiктен,  осылай  тамақтану  керек  деп 
ойлайсыз. Тамақ iшу – ләззәтанудан да тереңiрек iлiм. 
 
32. Ашығу  – қан қысымыңызды қалыпқа түсiредi 
 
 
«Зерденiң  жұмысын  жақсартуға  аса  маңызды  жағдай  жүйкелердiң  саулығы  болып 
саналады, бұған тек дене жаттығулары керек».   К.Д. Ушинский 
 
 
Сiздiң  тамырларыңыздағы  қан  қысымның  жоғарлап  не  төмен  түсуi  қан  тамырларының 
қабырғасында  құралатын  простогландин  гормонының  деңгейiне  тiкелей  тәуелдi.   Осы 
гормоны дұрыс құралмаған адам: қан қысымының не төмендiгiнен, не жоғарлылығынан 
запа  шегiп,  қасiрет  тартады.  Қан  қысымы  секiрмелi  болады.  Егер  қан  қысымы  жоғары 
болса – инсульт не инфарктқа жиi ұшырайды. 
 
Пенде  болғаннан  кейiн   адам  ашуланбай,  ренжiмей  тұра  алмайды.  Осы  кезде  қан 
тамырлары  тарылып,  қанның  ұюы  артады,  нәтижесiнде  қан  қысымы  көтерiлiп,  қан 

 
38 
тамырының бiр жерiне қан ұйып қалып, кiшкентай түйiршiк (тромб) пайда болады. Осы 
ұйыған  қанның  түйiршiгi,  қан  ағысымен  тамырларды  аралап  жылжи  бередi.  Егер  тамыр 
тарылып,  жiңiшкерiп  кетсе,  онда  осы  қан  түйiршiгi  кептелiп  қалып,  осы  маңдағы  тiн 
қорексiз қалады. Осы ұйыған қан түйiршiгi жүрек тамырына кептелсе – адам инфаркт, ал 
ми қан тамырына кептелсе – инсульт алады. 
 33. 
Ашығу – қанның ұюын төмендетедi 
 
«Ұйқы тынықтырады, 
Жұмыс шынықтырады».   Қазақтың мақал-мәтелдерi 
 
 
Ашығу  –  адам  жүйке  соққысын  алған  кезде,  қанның  түйiршiктенiп  ұюын 
болғызбайды. 
Ашығумен емделу үш кезеңге бөлiнедi: 
Бiрiншi  кезең –  ағзаны  тазалау;  ашығу  –  жасаушалардың  және  тiндердiң   (ткань) 
анатомиялық құрылымын қайта қалпына келтiредi. 
Екiншi  кезең –  ағзаны  өзiндегi  артық  май  мен  тамақ  қалдықтары  арқылы  жетiспейтiн 
микро-макро  элементтермен  толықтырады;  ашығу  –  жасаушалардың  биохимиялық 
ағымдарын реттейдi. 
Үшiншi  кезең –  ағзаны  қайта  қалпына  келтiру;  ашығу  –  ағзадағы  мүшелердiң  жұмыс 
жасау қабiлеттерiн қайта қалпына келтiредi. 
 
 
34. Сусамырмен ауырғандар қаныттан емес, тамыр тарылғаннан өлед 
 
«Ауру батпандап кiрiп, 
Мысқалдап шығады». Қазақ мақал-мәтелдерi 
 
 
Ашығудың қасиетi тағы мұнымен тоқтап қалмайды. Көптеген адамдардың 40...60 
жастың аралығында қандарындағы қант мөлшерi көтерiлiп кетiп – сусамыр (қант диабетi) 
ауруының екiншi түрiне шалдығады. Не себептi? Себебi, ұлтабар (поджелудочная железа) 
жылдар бойы тозады. Егер де сiздiң өтiңiз дұрыс болмаса немесе сылып алынып тасталса, 
онда ұлтабар жиi запа шегедi. Ол  қанытты ыдырататын нашар инсулин бөледi. 
 
Қаныттың  қан  құрамында  көбеюi  тамырды  жiңiшкертiп  жiбередi  және  барлық 
тамыршақтардағы қан айналымы бұзылады. Тамыр мен тамыршақтар тарылғаннан кейiн 
қан баратын жерiне толық бармайды. Сусамырмен ауырғандар (қант диабетi) – қаныттың 
көптiгiнен  емес,  тамыр  қысылып,  тарылғаннан  өледi.  Қан  аяқтың  табанына, 
башпайлардың  түбiне  дейiн  бармағандықтан  гангрена  (сүйектiң  шiруi)  пайда  болады, 
сонан соң дәрiгер ол адамның аяғын кесiп тастайды. 
Қан  көзге  бармайды  –  көздiң  көруi  нашарлайды.  Қан  бүйректерге  бармайды  – 
бүйрек  қысады,  бауырға  бара  алмайды  –  бауыр  бұзылады.  Жүректi  нашар  қамтамасыз 

 
39 
етедi – жүрегi қысып о дүниеге кетедi. Осы науқастардың қан қысымы жоғары болып, жиi 
суқараңғы соқыр болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет