46. Кедейдiң бiр тойғаны – шала байығаны
«Бал таба қалсаң
Же оны шамаңа қарап,
Артық жеп қойсаң
Жиренерсiң құсып тастап». Сүлеймен пайғамбар (с.ғ.с.)
Бiздiң ауыл – Науалыда менiмен көршi екi кемпiр бар-тын. Тұрмыстары онша емес,
жұпыны. Ауылды жерде жаназа болғанда «нәзiр» деп елдiң бәрi шақырсын, шақырмасын
бара бередi. Симаған көпшiлiктi үй иелерi қайта дастархан жайып, екiншi тамаққа
отырғызады. Әлгi екi кемпiр бiрiншi тамаққа ыңқия тойып алған соң, екiншi тамаққа
кiрудi аңдып, сәтiн күтiп тұрады. Симаған екiншi кезектегi жұрт кiрген кезде, менiң
көршiлерiм, түк көрмегендей болып, төрге барып жалпиып отырып алады.
Өздерi тойса да, көздерi тоймай тамақты тағы жапырады. Бiр күнi қызық жағдай болды.
Осы көршiлерiм бiр бай адамның жаназасында, әдеттегiдей екiншi отырысқа кiредi.
Дәулеттi адамның үрiм-бұтағы қой-ешкi, құнажын-тайынша, сиыр соймайтыны белгiлi.
Кемiнде iркiлдеп тұрған екi ту бие сояды. Оларға да атақ керек қой: «Па, шiркiн!
Бәленшекеңнiң жаназасында сойылған жылқының қазысы бес елi, табан қазы болыпты! »,
–
деген. Бұл әңгiме келесi бiр бай өлгенше жалғаса бередi.
Алдыңғы дастарханда ыңқия тойып, сүйретiлiп шыққан екi кемпiр, тамақ кеңiрдекке келiп
тұрса да, жылы-жұмсақ қазы-қартаға жаудай тиедi. Тамақ iшiп бола бергенде, жуандау
кемпiр ойбайлап отыра кетедi. Ел аң-таң: «Бұл мешкейге не боп қалды? ». Көпшiлiк
47
болған соң, iшiнде бәрi бар ғой. Жаназаға келгендердiң арасында бiр дәрiгер бар екен,
қараса қарынының сыртқы етi тамақ симай жыртылып кетiптi. Дәрiгер қолма-қол алып
кетiп, қарнының жыртылып кеткен жерiн тiгiп бередi.
Жиналған жұрт: «Әй, бейшара кемпiр, жақсы-ақ адам едiң, қомағайлықтан ендi өлетiн
болдың-ау! », – деп жорамал жасап, өз беттерiнше кетедi. Әлгi кемпiрдiң есекке мiнiп
жүретiн, көзi жөндi көрмейтiн – қаңбақ шалға ұқсайтын, ербиген шоқша сақалды, мiнезi
шадыр, басы айнатаз, бойы бiр жарым метр, көп қатын алған саркiдiрлеу келген қалқиған
қалақтай шалы бар. Екеуi тойға барғанда – шалы мас болып қалса, есегiн жетектеп, өзiн
қолтығына қысып алып жүре беретiн.
Көршiмiз. Үй арасында үй жоқ. Менiң әдетiм таң бозынан тұрамын. Көршi жақтан
айғай-шу шықты. «Е, әлгi байқұс кемпiр өлiп қалып, шалы мен балалары ботадай боздап
отыр-ау, шалына обал болды ғой. Қой кiрiп көңiл айтып шығайын», – деп шалдың үйiне
бет алдым. Өз көзiме өзiм сенбедiм. Шүйкедей шалы кеше ғана қарнын тiктiрген кемпiрдi,
үйдi айлана қуып таяғымен сабалап жүр.
–
Әй, жынды шал! Арқамнан ұра бер, тек басымнан ұрма! – деп кемпiрi балпаңдап қаша
алмайды.
–
Ой, ата! Не болып қалды? Жайшылық па? !
–
Кеше есегiм ауырып жаназаға бара алмап едiм... Мына әкеңнiң аузы........... кемпiрi,
жаназада отырғанда тамақты өлгенше жеп, қарны жарылса да, маған бiр жапырақ ет ала
келмептi.
–
Апа, сарқыт неге ала келмедiң?
–
Әсет балам! Әкелейiн-ақ деп едiм, емханаға түсiп қалған жоқ емеспiн бе!
47. Ашығу әдiсi – iшегiмiздi жұмсақ түрде, зиян тигiзбей тазалайды
«Ей адам баласы, азға қанағат қыл, ал сен болсаң – бай болайын дейсiң, тағы да солай
жасайсың. Мұндай әдетiңдi қой, азға қанағат ет, бала шағаңның саулығын тiле, одан
артық байлық жоқ екенiн бiлгенiң жөн». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Ашыққанда тамақ қалдықтары тiк iшекте iсiнiп, қоймалжыңға (гель) айналады. Осы
қоймалжың – iшектiң қабырғасындағы нәзiк түтiкшелердiң арасына кептелiп қалған
барлық шырышты сiңiрiп орап алады. Сондай-ақ, iшектiң iшiндегi қоқыр-соқырды,
шiрiктi, дәреттiң қатып қалғанын бойына сiңiрiп, өзiне орап алып далаға шығарып
тастайды. Шығарғанда iшектiң нәзiк қатпарларына тиiспейдi, бұған тиiсуге болмайды,
себебi оның құрылымы өте нәзiк. Бұған тиiсуден Құдай сақтасын!
Ылас шырыш қабығының астында, бiздiң қорғанышымызға жауап беретiн – Т–
лимфоцит қысылып, тұншығып жатыр. Қалдық пен кiр-қоқыстың, шiрiктiң астында
көмiлiп жатқан қорғаушымыз (иммунитет) қайтiп көмек бередi?
48
Iшектiң iшiнде бiздiң көмекшiлерiмiз: бифидоколи және лактобактериялар
мекендейдi. Олар бiздiң микрофлораларымызды құрайды. Олар келiп түскен тамақтың
сiңiрiлуi мен шығарылуына және iштiң қатуы мен өтуiне жауап бередi.
Антибиотиктер тек қана зиянды бактерияларды өлтiрiп қана қоймайды, сондай-ақ
iшегiмiздегi пайдалы микрофлораны да қырып, жусатып кетедi.
Қазiр дисбактериоз (iшектегi пайдалы бактериялардың дәрiнiң әсерiнен жоғалып
кетуi) балалардың үйреншiктi ауруына айналды. Сiз бiлесiз бе, елiмiздiң үлкен
адамдарының 80 пайызы осы дисбактероиоздан запа шегетiнiн? Науқас қолына түскеннiң
бәрiнiң де дәмiн татып көредi. Бифидумбактерияны, лактобактерияны, примадофилистi,
социдафилистi... Осылардың бәрi де алмастырғыш немесе iшегiңiзге бөтен бактериялар
келiп қоныс тебедi. Дәрiнi iшкен кезде, iшудi доғарсаң баяғы қалпыңа қайта түсесiң.
Себебi, бөтен бактериялар бiздiң iшегiмiзге үйлеспейдi.
Ашығудың емдiк бағдарламасын қабылдағаннан, кейiн ашығу – өзiңiздiң iшегiңiздiң
табиғи микрофлорасын қалпына келтiредi. Бiздiң бифидум-, коли-, лактобактерияларымыз
әлсiз болса да дамып сауығады, өсiп-өрбидi. Осының салдарынан дисбактериоз бiржола
кетедi. Бiздiң iшегiмiздегi қорғаныс қабiлетiмiз (иммунитет) қалпына келедi, Т-
лимфоциттерiмiз жұмыс жасай бастайды. Бұл әрине өте тамаша. Бұл дисбактериозды
емдеудiң басқа бағыты.
Бiз iшегiмiздi тазалап, барлық қоқыр-соқырды, артық улы заттарды шығарып, ластық
пен настығымыздан құтылып, өзiмiздiң табиғи микрофлорамызға қорек бергенде, ол
дамып зиянды микрофлораны антибиотиксыз-ақ өзi қырып тастайды. Бифидум-, коли-,
лактобактериялар да бiздiң күзетшiлерiмiз. Олар бөтен бактериялардың кiрiп кетпеуiн
қадағалайды, жiбермейдi. Сондай-ақ, iшегiмiздiң қажеттi және керектi заттарды ғана
сiңiруiн реттеп отырады.
48. Ағзамыздың сау болуы iшектiң жұмысына тiкелей байланысты
«Әлдекiм бiр мұсылман досының ұнататын тағамын дайындап берсе, Алла мұндай
адамды тозақтан қорғайды». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Iшегi дұрыс жұмыс жасамаса, адамның басы жиi ауырады. Сондай-ақ,
буындардың, әйелдердiң емшек бездерiнiң дұрыс болмауы тiкелей iшектiң қызметiне
тәуелдi. Бұл арада қандай байланыс бар? Сiздiң iшегiңiз қалыптан шыққан уақытта, тесiк
шырыш қабаты пайда болады. Тесiк дейтiн себебiмiз, ол iшке микробтарды жiбере
бастайды. Сiздiң iшегiңiзге тұрақты түрде цистоанаэробты (олар ауасыз ортада өмiр
сүредi) бактериялар түсе бастайды. Бұл анаэробтар сiңiп ауа жоқ буындарға барады,
нәтижесi – буындардың iсуi, қабынуы. Бұлар сiздi қорғайтын микрофлараның түгелдей
көзiн жояды.
Дәрiгерлер жиi айтады: «Сiзде созылмалы ангина, ол буындарыңыз iсiгеннен кейiн
тiптi қабынып кеткен» – деп. Ангинаның «қабыну» себебi, сiз оны антибиотикпен
емдедiңiз. Сiздiң пиелонефритiңiз (бүйрек ауруы) осы себептен асқынып кеткен.
49
Антибиотиктер сiздiң барлық қорғанысыңыздың быт-шытын шығарып – сiздiң
iшегiңiздегi шырышты қабатыңыз тесiлгендiктен, цистоанаэробтар iшке енiп кеткендiктен
буындарыңыз ауырады. Егер де, ангинаны ашығу арқылы емдесеңiз, сiздiң буындарыңыз
сау болар едi. Сiздiң ауруларыңыздың асқынуы мен қабынуы – iшегiңiздiң тазалығына
тәуелдi деп айтатын себебiмiз осы.
49. Әйелдер үшiн ашығудың маңызы зор
«Тамақты тарта жесең санаңды ашады, көп жесең ұйқы басады». Ф.Бэкон
Әйелдердiң гормондары экстрогендi, пайда болғанда тiк iшекке лақтырылады. Егер де
iшегiңiздi нас басып, шiрiген шырыш қабыршақ пердесi жауып тұрса, онда қажеттi
гормондарды ағза сiңiре алмайды да ағзада бейберекеттiк басталады. Осының салдарынан
–
фиброма, эндометриоз, ерте және ауыр климакстар туындайды. Егер де
фибриомаңыздан арылғыңыз келсе неден бастау керек? Әрине, iшектiң тазалығынан.
Ашығу – iшек-құрлысыңыз, дисбактериоз, гастроэзофагит, холецистит (бауыр)
ауруларына ем. Емшек бездерi, мастопатия, жатыр фибромасы, аденома простатының
алдын алады. Бүйрекке, қуыққа тас байлануын, тiк iшек, көтеу (геморрой) , аяқтың қан
тамырларының кеңуiн (варикоз) , аяқтағы тамырларда қан ұйып қалуының себептерiн
азайтады.
Ашығу – iшектегi запыранды алып шығу арқылы холестериннiң бауырға баруын
қамтамасыз етiп, қан тамырларында қақ болып шөгiп қалмауын реттейдi. Ашығу – iшектiң
бетiндегi түтiктердiң арасындағы шөгiп, бiтелiп қалған шырышты, қоқыр-соқырды,
маңқаны тiптен жұмсақ тазалайды.
Егер сiздiң асқазаныңызда не iшегiңiзде жара болса, ашығыңыз. Жараңыз тамақ
бармағаннан кейiн өзiнен-өзi тартылып жазылып кетедi. Көптеген адамдардың жағдайы
ашығып тазалана бастағанда-ақ: жалпы жағдайы мен кейбiр мүшелерiнiң жұмыс жасауы
жақсара бастайды.
50.
Бала таппайтын бедеу келiншектiң бала табуы
Осыны баяндаушы Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданының Ақжар ауылының
тұрғыны Мұхаметкәрiмқызы Аманғайша. Аманғайша 1963 жылы дүниеге келген. 1976
жылы созылмалы бүйрек iсiгi (глаумеронефит) деген анықтама қойылды, ал 1980 жылы
бедеулiк белгiсi (бала көтермеу қаупi) анықталды. «Арада 11 жыл өткенде мен өздiгiмнен
жүру былай тұрсын, бiреудiң сүйемелдеуiнсiз орнымнан тұра алмайтын халге жеттiм.
Дәрiгерлер мен бақсы-балгерлерден үмiтiмдi үзген соң Поль С Брэгтiң «Ашығу кереметi»
мен Малаховтың кiтаптарын ыждағаттылықпен ден қойып оқи бастадым.
Өзiм бiр тәулiктен бастап, бiртiндеп 10 тәулiкке дейiн ашығып, ағзамды артық тамақ пен
улардан тазалай бастадым. Ашығудың адам ағзасына тазалық пен жеңiлдiк әкелетiнiне
көзiм жеттi. Осы сәтте қазақ мақалы: «Қатықсыз қара суда да қасиет бар» – деген сөзiнде
терең мән бар екенiн түсiндiм. Ашығу барысында қайнаған таза су ғана iштiм. Қорыта
50
айтқанда ашығу арқылы өз ауруларымнан құлан таза жазылып, сау саламат қалпыма келiп
үлкен жетiстiкке жеттiм.
Менiң жеткен жетiстiгiм: 1992 жылы жүктi болып, 1993 жылдың тамыз айында
«Құдайдың қуатымен, Алланың арнауымен» өздiгiмнен босанып қолақпандай Арман атты
ұл тауып алдым, осы менiң басымнан өткен жағдай мен үшiн де, туыстарым мен жора
жолдастарым үшiн де бiр керемет ғажайып болды. Қазiр қуаттымын, шаршамаймын, өз
қалауым бойынша бiр адамдай жұмыс iстеп, ұлымыз екеумiз бақытты, шат-шадманды
өмiр сүрiп жатырмыз».
51. Өзiңiздiң рухани күшiңiздi жоғары деңгейде ұстаңыз
«
Денсаулығың, ахуалың бар кезiнде Алланы танып, жалбарынып жүр, қиыншылыққа тап
болған кезiңде Ол да сенi таниды». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Тiптi бiр тәулiк ашықанның өзiнде де, сiз ағзаңыздың тазаланғанын бiлуiңiздi
қалаймыз. Қартаймайтын, ауырмайтын, шаршамайтын дене құрып жатырмын деген
ойдың өзi, ашығу кезеңiнде жiгерiңiзге – жiгер қосып, рухани күшiңiздi еселей түседi.
Өзiңдi-өзiң мүсiркеу, т.б. керiтартпа ойларды басыңнан қу. Күнделiктi ашыққан әр күнi
қайталаңыз:
52. Ашығу біздің өмірлік күшімізді сақтайды
«Iлiм жолы қиын жол, сабырлы бол. Сонда ғана iлiмге ие боласың. Алла тағала
мұсылманның бiлiмдi болуын қалайды». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Кеңінен түсіндіруге тырысайын. Біз тамақты жұтқан кезде ұсақталады, қортылады,
сіңіріліп – өзгеріп, қалдығы ағзадан шығарылады. Адамның төрт мүшесі зиянды
қалдықтарды аластатуға жауап береді: ішек, бүйрек, өкпе және тері. Бұл мүшелер жақсы
жұмыс істеу үшін, ағзамыз жоғары деңгейдегі өміршеңдікке, яғни қуат мүмкіншілігіне ие
болуы керек. Артықты шығару үшін қуат жұмсау қажет.
Өңештен, тік ішекке дейін 10-12 метр аралықтағы ас қорту жолымен тамақты
өткізу үшін де аса көп мөлшерде өмірлік қуат кетеді. Бүйректегі екі миллион сүзгіден
сұйықты тазалап шығару үшін, ағзамыздағы миллиардтаған клеткалардың қорегін өңдеу
үшін, бауыр мен өтте жүретін химиялық ағымдарға да тіршілік қуаты қажет. Өкпенің
көмегімен ағзамыздағы 5-8 литр қанды оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газынан
тазалау және теріміздің 96 миллион тесігі арқылы тәніміздегі уларды тер түрінде бөліп
шығару үшін де зор мөлшерде өмірлік қуат қажет.
53. Ашығу кезiнде қандай шарттарды сақтау керек?
«Қомағай да ашқарақ болып жүрме,
Тамағыңа пышақ тақағандай тәбетiңдi бөге».
Сүлеймен Пайғамбар (с.ғ.с.)
51
Ашығу кезiнде мүлдем тамақтың исi болмасын, шамаңыз кесе саяжайға жалғыз кетiңiз,
ауылды жерде тұрсаңыз есiк алдындағы асханаңызға бөлек шығыңыз, ал тiптi болмағанда
жеке терезесi ашылатын, тамақ исi келмейтiн бөлмеге шығыңыз. Теледидер, радио т.б.
дегендердiң көзiн құртыңыз. Жататын бөлмеңiз таза, ауа мол болсын. Адамдармен көп
араласпауға тырысыңыз, егер шамаңыз келсе күнделiктi күйбiң тiршiлiгiңiздi жалғастыра
берiңiз, шаршасаңыз жатып дем алыңыз. Ұйқыңыз келсе неғұрлым көп ұйықтаңыз.
–
Ашығу барысында қандай кiтап оқу керек?
–
Ашығу барысында осы оқып отырған кiтабыңызды ғана қайталап оқи берiңiз,
өзiңiзге ұнаған жерлерiн жаттап та алыңыз. Басқа әңгiме кiтап т.б көңiлiңдi алаңдатпаңыз,
себебi сiз табиғаттың операция жасайтын бөлмесiнде жатырсыз. Сiздiң ашығу
барысындағы әр секунд, минут, сағаттарыңызда табиғат сiздi емдеп, тазалап жатыр,
осыны естен шығармаңыз!
–
Табиғаттың операция бөлмесi дегендi қалай түсiндiресiң?
–
Сiз жалғыз емессiз, жаныңызда сiздi емдеп жатқан табиғат дәрiгерлерi (ауа, су,
күннiң шуағы т.б.) қоршап, сiздiң өз тәнiңiздi емдеуге мүмкiншiлiк бергенiңiзге олар да
қуанып, тек қана тәнiңiздi ғана емес, жаныңыз бен рухыңызды да қоса емдеп жатыр.
Себебi, сiз осы табиғаттың төл баласысыз, қай ана баласының ауру, жаман болғанын
қалайды? Олардың сiзден күтетiнi, тек қана өзiңiздiң емделем, жазылам деген ғана
қалауыңыз бен ынтаңыз. Алланың әдiлдiгi де осында, таңдау жолын өзiңiз ғана қалап
алатындай етiп өзiңiзге ерiк берген, осыны терең түсiне бiлсеңiз, өз тағдырыңызды өзiңiз
ғана шешiп, сау саламатты, шексiз бақыт пен қуаныш, байлыққа толы ғұмыр кешесiз,
жұмыр басты пендеге осыдан артық не керек?
–
Осыған жан ұяң қалай, қошаған ортаң қалай қарайды?
–
Сiздiң жақсы жолға бет бұрып, өмiрiңiздiң күрт жақсылыққа өзгергенiн байқаған
жанұяңыз, туған туысыңыз, жора жолдасыңыз, елiңiз де сiзге елiктей бастайды. Қай
пенденiң де болмасын өзiне-өзi жамандық тiлемейтiнi белгiлi, бiрақта ол сорлылар көзiн
ашпаған күшiк сияқты адасып, түнектен шығарға жол таба алмай адасып жүр ғой. Оларға
шамшырақ бола бiлiңiз, осы кiтаптан алған iлiмiңiзбен бөлiсiңiз, отырған-тұрған
жерiңiзде, алысқа бармай-ақ өз басыңыздан өткен жақсы бетбұрыстарды айтып
насихаттап жүрiңiз, көпшiлiкке шапағатыңызды тигiзiңiз.
54. 24-
36 сағаттық ашығуды қалай өткiзу керек
«Ойлы адам оза бередi, ойсыз адам тоза бередi».
Қазақ мақал-мәтелдерi.
– 24-
36 сағаттық ашығуды қалай өткiзу керек?
–
Сiздiң 24 сағаттық ашығуыңыз, түскi астан – келесi түскi немесе кешкi тамақтан,
ертеңгi кешкi тамаққа дейiнгi аралықта болу керек. Осы кезеңде жемiс, шырын т.б.
тағамдарды аузыңызға салмайсыз, дәмiн де татпайсыз, тек таза су ғана iшуге болады. 24
52
сағаттық ашығуда бiр-ақ нәрсеге рұқсат. Егер қаласаңыз бiр стакан таза суға кiшкене
қасықтың үштен бiр бөлiгi мөлшерiнде табиғи бал немесе лимон шырынын қосуға болады.
Бұл қоспалар улар мен маңқаның, шырыштың ерiткiшi.
Сонда судың дәмi кiрiп, бүйректегi сүзгiлерден жеңiл өтедi. Ашығуда бүйрек ең
маңызды жұмыс атқарады. Мiне сондықтан да, ашығудың қай түрiнде болмасын
қайнатылған ыстық суды көп iшу керек. 24 сағат ашықаннан кейiн, кiшi дәретiңiздi шыны
құтыға құйып, салқын жерге бiрнеше апта сақтап қойыңыз. Сiз өз көзiңiзбен шыққан
уларды, шырышты, маңқаны, қиыршықтарды көресiз.
Осы 24-36 сағаттық ашығуды қазiр көптеген адамдар ұстайды, әсiресе бiр орнында
тапжылмай қызмет iстейтiндер және ұзақ ашығуға шыдай алмайтындар, олар апта сайын
белгiлi бiр күндi белгiлеп алып сол күнi 24 не 36 сағаттық ашығуды қиналмай-ақ
ойдағыдай өткiзедi, тiптi қалыптасып алғандары сонша, өздерiнiң аш екендерiн де ұмытып
кетедi. Ашығудың осы қысқа түрiн кiм болмаса да ұстай алады.
55. 7…10 күндiк ашығуды қалай өткiзу керек
«Бабы келiскен iстiң бағы жанады». Қазақ мақал-мәтелдерi
–
7…10 күндiк ашығуды қалай өткiзу керек?
–
7…10 күндiк ашығу кезеңiнде сiздiң асқазаныңыз бен барлық iшек жолдары
жиырылады, ал ашығу мерзiмi аяқталған кезде былай iстеуiңiз керек. Ашығудың 7-шi
күнi, мөлшермен кешкi 5-те, 4-5 памидордың қабығын аршып тураңыз да, қайнап жатқан
суға салып жiберiп, бiрден шығарып алыңыз.
Тәбетiңiз келген кезде суытып барып жеңiз. 8-шi күнi таңертең ұсақталып туралған
сәбiз бен капустаға апельсиннiң жартысын сығып, шырынын қосып жеңiз. Осыдан кейiн
кiшкене табақшамен бұқтырылған көкөнiс, жемiс жеуге болады. Осы тамақпен
кептiрiлген қара нанның 2 тiлiмiн жеңiз. Осыларды таңертең жеу қажет. Күнi бойы суды
қанша iшем десеңiз еркiңiз.
Түскi тамаққа майдаланып ұсатылған сәбiз, апельсиннiң шырыны қосылған туралған
капуста. Салаттан кейiн екi жемiс көжесiн – сәбiзден, капустадан, асқабақтан немесе көк
бұршақтан дайындалған, осыған екi тiлiм қара нан қосып жеуге болады. Мұндай тамақта
май болмайды.
Тоғызыншы күнi таңертең, қандай болмасын жаңадан үзiлiп алынған жемiс алма
т.б. жеуге болады. Осыған 2 кiшкене қасық бөрткен бидайды 1 кiшкене қасық балға
араластырып қосыңыз. Күндiз ұсақталған сәбiз, капустадан жасалған салат, бiр жемiс
көжесi, бiр тiлiм нан. Кешке салаттан, памидор т.б. көкенiстерден пiсiрiлген көже iшiңiз.
Оныншы күннен бастап, өзiңiз үйренген қалыпты тамағыңызға көше беруiңiзге болады,
бiрақ мөлшерден тым асырып жiбермеңiз.
53
Жетi мен онкүндiк ашығудың арасында айырмашылық азғантай ғана. 10-шы күннiң
кешкi 5 мөлшерiнде памидор жеп, жоғарыда айтылған ереженi басшылыққа алыңыз. Өзiң
жейтiндей ғана жеңiз, артық жемеңiз. Есiңiзде болсын, сiз тамақсыз 7-10 күн өмiр сүрдiңiз,
осы уақытта тәбетiңiз жоғалды. Сiз тамақ iше бастағанда қуат бiрден құйылмайды, ол
үшiн уақыт керек және ағзаңыз уды тазалаудан, тамаққа қанығу бағдарламасына көшу
үшiн де белгiлi мерзiм қажет.
Кеспе сияқты жiңiшкелеп туралған тұздалмаған капуста мен сәбiз қосқан салат,
сiздiң iшегiңiздiң қабырғасына жабысып тұрған қалдықтарды сыпыртқы сияқты
тазалайды. Сондықтан да, тамақ iшер алдында – салатты бiрiншi жеудi ережеңiзге
айландырыңыз. Себебi, бiз ағзамызды тек табиғи тамаққа ғана бейiмдеуiмiз керек.
Көпшiлiк адамдар тамақтануды көже iшу мен нан жеуден бастайды, бiздiң пiкiрiмiзше,
бұлай тамақтану мүлдем қате, себебi шикi көкөнiстер тамақ алдында ас қорыту сөлiнiң
бөлiнуiне көмектеседi.
Шикi көкенiстiң құрамында табиғи сөл мол, бұл ас қорытуға ең қажет зат. Сондықтан да,
тамақты көкөнiс салаттарынан бастауларыңызды талап етемiз, осылай бiрнеше жыл
әдеттенсеңiз, сiздiң ағзаңыз тамақ алдында басқа нәрсенi қабылдамайды. Осының
нәтижесiнде, сiздiң тағамыздың құрамында, көкөнiс мөлшерi 60 пайызға жетедi. Шикi
көкөнiстер мен жемiстерде өмiрлiк күш мол, бұл табиғаттың күн қуатын шоғырландырып,
бiзге дайындаған тiрi тамағы.
Мiне, сондықтан, тамақ құрамының мiнсiз мәзiрiнiң 60 пайызы шикi көкөнiстер мен
жемiс-жидектерден, 20 пайызы ақуыздан (белоктан) құралуы керек деп есептеймiз. Бұл
ақуыз (белок) ет, балық, жұмыртқа, табиғи iрiмшiк-сыр немесе өсiмдiктен жаңғақ, дән
түрiнде болады. Бөрттiрiлген бидай да белок азығының маңыздысы.
Соңғы 20 пайызының өзi үшке жiктеледi. Бiрiншi бөлiгi табиғи крахмал – наннан,
күрiштен, бұршақтардан алынады. Екiншi бөлiгi табиғи қант – балдан, шырындар мен
кептiрiлген жемiстерден алынады. Үшiншi бөлiгi табиғи қанықпаған майлар – күнбағыс,
соя т.б. өсiмдiк майлары.
Табиғи крахмал, қант және майлар – бұлар жоғары мөлшерде шоғырланған тамақ,
сондықтан осыларды аздап, мөлшермен ғана қолданыңыз.
56. Түйе балуанның қайта түлеуi
«Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мiнез-құлыққа
байланысты». Әл – Фараби
Өзiмнiң ашығу жөнiндегi шәкiртiм, әрi досым, ашығу iлiмiн бiлмейтiн «бұрынғы»
Тiлеубердi Сарайбайұлы Құлиевті есiме аламын. Екеумiз жалындаған жастық студенттiк
шағымызды Алматы қаласында бiрге өткiзгенбiз. Тiлеубердi мырза да, мен де ауыл
шаруашылығы саласында бас маман, басшы болып ұзақ жылдар бойы қызмет iстедiк. Ол
Алматы мен бұрынғы Семей обылысында. Кейiннен 30 жыл өткен соң, тағдыр бiздiң
жолымызды Алматыда қайта түйiстiрдi.
54
Ол өзiн қартайдым деп санағанда, 60 жас мөлшерiнде болатын. Неге осылай
шештi? Қазақстандықтардың орташа ғұмыры: ер адамдардiкi 58, ал әйел адамдардiкi 63
жас. Мiне сондықтан 60-қа таман өмiрiмнiң талай жасын жасадым деп, ендi ол кәдiмгi
қариялардың қатарына өзiн-өзi қосып, өлетiн күнiнiң жақындап қалғанына мойын ұсынып
қойған. Ертеректе Тiлеубердi мырза самбо күресiнен студенттер мен жастар арасында
республикамыздың бiрнеше дүркiн жеңiмпазы әрi түйе балуаны болған.
Бiр күнi менiң алдында жазған кiтаптарымды оқыған, өзара ашығу туралы әңгiме
қозғалған. Тiлеубердi мырза қатты қызығып, менiмен бiрнеше қабат жеке сұхбаттасты.
Республикалық теледидардан, радиодан сөйлеген сөздерiмдi, лекцияларымды тыңдады,
көрдi.
Осы лекциялар, оқыған кiтаптары Тiлеубердi мырзаның көзқарасын өзгерттi. Ол
осы әлемдегi мыңдаған адамдар тыңдағанды тыңдады. Адам қашан өзiнiң ағзасын
мәпелейтiн iлiммен танысады, сонда оған өмiрдiң құпиясы ашылады. Тiлеубердi мырзаға
да өзiн жас сезiнгiсi келдi. Ол осы әдiстi өзiне қолдануға бел буды. Тiлеубердi мырзаның
ерекше қасиетi – шыдамдылығы мен алған бетiнен қайтпайтын табандылығы мен
қайсарлығы.
Ол менiң өз басымнан өткен оқиғаларды тыңдап, бүгi-шiгесiне дейiн түсiнiп алғаннан
кейiн, ертеңiне 24 сағаттық ашығуға кiрiстi. Ол бiрден табиғи тамаққа көштi. Ашығу мен
табиғи тамақ өзiнiң жасын ұмыттырып жiбердi. Оған 60 жас болса да, 13 тәулiк
ашықаннан кейiн өзiнiң 40 жасар кездегiсiнен де өзiн күштiрек сезiндi. Ол ашығуын,
табиғи тамақтануын, табиғат заңдылығын сақтауды жалғастыра беруде. Әр күнi белестен-
белеске шығуда. Оның күшейгенi соншалық, бұрын жоғарғы қабатқа өз бетiнше шыға
алмайтын, қазiр жүгiрiп шығатын болды.
Тiлеубердi мырзаның бұрынғы түрi қара-қошқыл «негр» сияқты түнерiп кеткен
болатын, семiздiктен өз аяқ киiмiн өзi кие алмайтын, жүргенде ауа жетпей ентiгiп
қалатын, оң аяғын тұздың шоғырлануынан сүйретiп басатын. Қазiр түрiнiң өзгергенi
соншалық бiрден 10-15 жасқа жасарып, көз жанары жалт-жұлт етiп, iс-қимылы ширап,
«негрден» аққұбаша келген келбеттi, байсалды, сүйкiмдi, бауырмал, мейiрiмдi адамға
айналып, қалжыңдағанда, лекция оқығанда, шахмат ойнағанда өзiнен жастарды бет
қаратпайтын болды.
Орташа адам ойлайды, 50-ден кейiн шаруам бiттi деп. Тiлеубердi мырза керiсiнше
екенiн дәлелдеп бердi. Өмiрдi қанша сүргенiң маңызды емес, оны қалай өткiзгенiң
маңызды. Мен досым Тiлеубердiнiң iстеген iсi арқылы, әрбiр адам табиғат заңдылықтарын
сақтаса, жастықтың ләззатына рахаттануына болатынын дәлелдегенiн мақтаныш тұтамын.
Қандай жаста болмасын, табиғат керi шегiнуге мүмкiндiк бередi. Сiз өзiңiздiң ескi тозығы
жеткен денеңiздi, жаңа, уақыттың әсерiне ұшырамаған денеге ауыстырып ала аласыз.
Бiр жылдық ашығу мен табиғи тамақтану, табиғи заңдылықты сақтау бағдарламасынан
кейiн айнаға қараңыз, осы аралықта болған өзгерiстерге өзiңiз таң қалатын боласыз. Егер
сiз осы кiтаптағы бағдарламаны ұстансаңыз, туған туыстарыңыз, достарыңыз сiзбен
болған керемет өзгерiстерге назар аударады. Сiз осы өзгерiстердi көрiп қана қоймайсыз,
сезесiз де. Осының бәрiне өз денеңiздiң қожайыны бола алсаңыз ғана қол жеткiзесiз.
55
Тiлеубердi мырза сияқты 24 сағаттық ашығудан бастаңыз. Осы кiтапта айтылған дұрыс
тамақтануды қайталап оқып шығыңыз. Өзiңiзге көмекке табиғаттың 9 дәрiгерiн
шақырыңыз, олар өзiне-өзi көмектескен адамға, мақсатына жету үшiн, әрқашан көмек
беруге әзiр.
–
Әсет Ризаұлы, «Жасару құпиясы» атты кiтап менiң құтқарушым болды. Бiрден
кiтапта жазылған ашығу әдiстерiн iс жүзiнде қолдана бастадым. Ашығуды бастағанда
ағзаңыздың қай жерiнде кiнарат бар, сол жерiңiз ауыра бастайды екен. Сондықтан да осы
белгiлер бiлiнген мүшелерiңiзге басты назар аударыңыз, емделудiң жолын қарастырыңыз!
Ашығу – сiздiң ағзаңыздағы талай жылдар бойы созылмалы ауруға айналып
кеткен, оңтайлы сәтiн күтiп бұқпантайлап бұғып жатқан созылмалы сырқатыңызды
қозғап, түп-тамырымен жұлып алып тастауға әрекеттенедi. Сондықтан да осы
келеңсiздiктерге шыдап, ашығуды жалғастыра беруiңiз қажет, рахатын мен сияқты
соңынан көресiз.
Достарыңызбен бөлісу: |