77. Адам қаңқасы қалай өседi, немен қоректенедi?
«Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл – қуатына сәйкес
әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиiмдi болса, күш –
қуаты кемiген кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сондай-ақ бозбалаға қолайлы
тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал». Ибн - Сина
Барлық мүшелердiң негiзi қаңқадан бастайық. Бiздiң сүйектер минералдарды ең көп
қолданады – кальций мен фосфорды. Қаңқа құралып болса, сүйектерге қорек керек жоқ
деп пайымдайды, бұл дұрыс емес. Зерттеулерге изотопты қолданғаннан кейiн, әбден өсiп
жетiлген сүйектiң өзi тұрақты түрде минералдармен қоректенетiнiн биохимиктер
анықтады. Бұл дегенiмiз, сүйектер тiршiлiк етiп қоректенедi, қанша мөлшерде емес, қалай
тамақтанғанында.
Сүйектер тiрi сүйек жасаушаларынан тұрады, олар да басқа жасаушалар сияқты
минералдармен қоса басқа қоректiк заттарды қажетсiнедi. Сүйек сынғанда, осы қажеттiлiк
арта түседi. Егер сүйек өсуi мен өмiр сүруiн тоқтатса, сынған сүйек өмiр бақи бiтпеушi
едi.
Осы кезде жасаушалар тек минералдарға емес, өзiн-өзi сақтау үшiн қалыпты
тамаққа да зәру болады. Сүйек еттерiне де әртүрлi тағам қажет. Сүйектердiң бiтiсiуiне
осының маңызы зор. Тамақтану жасаушаны қалпына келтiруде маңызды жұмыс атқарады
немесе дұрыс тамақтың алатын орны ерекше. Оташы дәрiгер, сынған сүйектiң қайта
қалпына келуi үшiн, тамақ басты орында екенiн бiледi.
78. Адамның шашы түсiп, терiсiне неге қотыр қаптап кетедi?
«Адам үшiн денсаулықтан артық бағалы зат жоқ». А.А.Семашко
72
Терiнiң, шаштың жасаушалары тағамның үзбей келуiн тiлейдi. Терiңiздiң үнемi
түлейтiнiн, шашыңыздың күнi-түнi жылдап өсе беретiнiн есiңiзге алсаңыз, осы тiптi
түсiнiктi бола бастайды. Үйлерiнде мал немесе ит пен мысық ұстайтындар бiледi,
хайуандардың терiсi олардың айнасы екенiн. Егер терiсi мен жүнi жақсы қорек алса, онда
дененiң басқа да жасаушаларының жағдайы жақсы болғаны.
Әр түрлi тағамдардың терi мен жүнге де тигiзетiн әсерi әртүрлi болатыны лабораториялық
тәжрибелерден белгiлi. Тамақтану жөнiндегi мамандар, адамның қандай тамақпен
қоректенетiнiн терiсiне қарап ажырата алады. Әр түрлi витаминдердiң жетiспеуiн,
адамның терiсiнiң аурушаңдығын көрсетедi, терiнiң түрi өзгерiп кетедi.
79. Асқазан мен iшек қалай жұмыс жасайды?
«Мөлшерден тыс тоқтық та, аштық та және басқа да ауытқушылықтың бәрi-бәрi де
денсаулыққа қолайсыз». Гиппократ
Асқазан мен iшектiң жиырылу жұмысын атқаратын iшек жолдары, тәуелсiз
теп-тегiс жылтыр бұлшық еттерден тұрады. Ол толқынның қозғалысы секiлдi
қозғалып, қортылған ас қойыртпағы мен қалдықтарын тоқ iшекке алып келiп,
шығарып тастайды. Осы теп-тегiс бұлшық еттердiң жасаушалары жұмысын жақсы
iстеу үшiн, өте жақсы тамақ керек.
Iшектiң жұмысын жақсарту үшiн, қоздырғыштар мен iш өткiзетiн дәрiлер жиi
қолданылады. Осы «жеделдеткiштер» бұлшық еттiң жасаушаларын зорлайды, ал осы
жасаушаларға бар болғаны табиғи өмiрмен ұштасқан жақсы тамақ қана керек. Бiз
iшкi тазалығымызды сақтауға тиiспiз. Өз денемiзге ауру тудыратын уларды және
зиянды қалдықтарды жинауға тиiс емеспiз. Өзiңдi сақтау – табиғаттың керемет заңы.
Егер бiз бақытты, зор денсаулық пен ұзақ өмiр сүргiмiз келсе, бiз табиғатқа қарсы
келмей, онымен бiрiгiп жұмыс iстеуiмiз керек.
Егер сiз заңдылықты бұзуға әрекеттенсеңiз, онда ол сiздi бұзады. Табиғат
заңдылықтары ақиқат заңдылық! Егер бiз осымен жүрсек, тамаша денсаулықпен
марапатталамыз! Дененiң iшкi тазалығын қалай да сақтау керек, өз денеңдi таза
сақтаудың төте жолы: дүркiн-дүркiн ашығу.
80.
Сал ауруы (паралич) Тұрсынғалидың ашығып барып тұрып кетуі
Телефоны: +7 701 243 41 99; (871238) 41 51 83 үйі; Қарағанды қаласы.
Қарағанды қаласының тұрғыны, Тұрсынғали Қызырұлы Әмірханов деген
азаматтан хат алдым, енді осы хатты сіздердің назарларыңызға қаз-қалпында
ұсынып отырмын.
Әсет аға, қалай ауырғаным жайына келер болсам, ол өзі ұзақ әңгіме. Жас кезде
денсаулықты ойламаймыз, аурудың алдын алып дұрыс емделмейміз. Өз
73
денсаулығымызға, болашағымызға нем құрайды қараймыз. Дәрігерлердің кеңесін, ақылын
тыңдамаймыз, дұрыс емделмейміз. Ағзамызды арақпен, темекімен улаймыз. Оған дұрыс
дем алмайтынымыз, дұрыс тамақтанбайтынымыз, орынсыз ашуға беріліп, жүйкемізді
тоздыратынымыз қосылғанда, қайта біздің денсаулығымыздың мұншалықты
мықтылығына қайран қалам.
Әскерден келген 1976 жылы уақытша Ұржарда ПМК «Межколхозстрой» құрылыс
мекемесінде жұмыс істейтінмін. Тамыз айының басы, түскі асымызды ішіп, темекі тартып,
көлеңкелеп отырғанбыз. Отырған жеріміз салынып жатқан шошқа фермасының комплексі
«кормоцехтің» түбі болатын, биіктігі төрт қабат. Төртінші қабатта істейтін жұмысшылар
құралдарын қалдырып кетсе керек.
Өзіңіз білесіз далалы жерде «құйын» жиі соғады. Сондай құйындардың бірі
төселген қара қағазды (рубероидты) көтеріп, үстінде жатқан балтаны сырғытып
құлатады.Төменде, жерде отырған 5...6 жігіттің ортасындағы менің басыма түседі ғой.
Абырой болғанда сабымен тиген. Әйтпесе төртінші қабаттан қара құсқа тиген балта
дүзімен, темір жағымен тигенде, мойнымды қиып түсер еді ғой!
Көретін жарығым бар екен, әйтеуір жаным аман қалды. Есімді білмеймін, бір
жұмадан кейін Ұржардағы ауруханада көзімді ашыппын.
Бір аптадан кейін көзімді ашып, есімді жидым. Тіпті кірпіктерімнің қимылына
ауырсынам. Бүкіл тұла бойым ауырып жанымды шығарады. Сөйтіп жатып аузымды
ашатын, тілімді қимылдататын халге жеттім. Әрбір болар-болмас ернімнің, тілімнің, басқа
да дене мүшелерін айтпағанда сәл қимылдың өзі, жанға бата ауыртып келіп жатты.
81. Жанымның тәнімнен бөлініп ұшуы
Әсет аға! Бір айта кетейін деп отырғаным, сонда мені ауруханаға әкеле жатқанда
«мен» денемнен бөлек, әлде бір бу, әлде бір жеңіл газ сияқты, «жедел жәрдем» көлігінің
соңынан ұшып отырдым. Кейде алыс қалып қоям, жан ұшыра қалып қалмайын деп
жанталасам. Содан денемді зембілге (каталкаға) салып, бір ұзын дәлізбен (коридормен)
әкеле жатқанда «мен» бу сияқты төбені бойлап денемнің соңынан қалмай ілесіп отырдым.
Ақ халатты дәрігерлер денемді қоршап тұрғанын, сөздерін естімеймін, бірақ өз
денемді – сол өзім жатқан бөлменің жоғарғы бір бұрышында, жаңағы бу сияқты
жоғарыдан бақылап, көріп тұрдым. Бұл менің сізге айтайын деген, өзім бастан кешкен
түсініксіз, екінші ғажайып жағдайым еді. Ол кезде бұл құбылысты ауырғандағы
сандырағым деп ойлап, тіпті мән де бергемін жоқ. Кейіннен осындай жағдайларды,
«өлімді» (клиническая смерть) бастарынан кешкендердің мақалаларын оқығаннан кейін
ғана барып түсіндім.
Құдай сақтап тірі қалдым, өзіме-өзім келе бастадым. Қасымда қатар төсекте Елтай
ауылының бір жылқышы ақсақалы жатыр. Мен ауруханаға түскенде ол кісінің аяғын қара
санынан кесіп тастаған екен. Жайлауда қарлы бұршақтың астында қалып, содан аяғының
бас бақайын үсітсе керек, қышып болмады дейді. Естуіңіз бар шығар, Елтайда Қайролла
деген хирург бар еді ғой. Сол Қайролла құрдасым еді, соған барып көрсетіп едім: «Ештеңе
етпейді, бір бақайсыз да өмір сүресің», – деп кесіп тастады дейді.
74
Содан шіру (гангрена) басталып, жоғарылай-жоғарылай қара санға жеткен ғой.
Дәрігерлерге деген ақсақалдың өкпесі қара қазандай! Ол кісіні түсінуге де болады.
Дәрігерлерді балағаттап, боқтап жатады. Күні бойы маған: «Дәрігерлерді тыңдама, істе
дегендерін істеме, керісінше істе! », – деп құлақ етімді жейді. Бұл жерде ол кісіні кінәлап
отырған жоқпын.
Бірақ, тамшы тас теседі дегендей сол кісінің әсері де болған болу керек, орнымнан
ерте тұрып кеткеніме. Әйтпесе дәрігер қозғалмай 45 күн төсекте таңулы (постельный
режим) жатасың деген. Жаңағы ақсақалдың әсері бір, өзімнің ішкі күшім екі себепкер
болып 23 күн дегенде басымды көтеріп, ақырындап-ақырындап режимді бұзып, тұрып
кеттім.
Алғашында басымды көтергенімнің өзіне көп шыдай алмайтынмын. Соған
қарамастан ақырындап орнымнан тұратын болдым, қабырғаны жағалап дәретханаға барып
жүрдім. Бір күні дәрігерім марқұм Александр Усатов көріп қойып, қатты ренжіп, ұрысты.
Өмір бойы қан қысымың жоғары болып, өмір бойы басың ауыратын болады. Неге
дәрігердің нұсқауын, режімін сақтамайсың? – деп. Ол кезде мен өмір бойы сол бір
қателігімнің зардабын шегемін деп ойлаппын ба?
82. Сал ауруына ұшырауым
2003 жылдың наурыз айының аяғында 49 мүшел жасыма қараған шағымда,
таңертеңгісін орнымнан тұра алмай қалдым. Сол жақ аяқ-қолым, денем қозғалмайды, жан
жоқ. (Парализован! )
Содан міне неше жыл болды 2-ші топтағы мүгедекпін. Дәрігерлердің
бақылауындамын. Алғашқы жылдары бір жарым, екі ай сайын ауруханаға жиі түсіп,
жағдайым өте қиын болды. Астанадағы республиқалық емханаға да диагнозымды анықтау
мақсатымен және ондағы дәрігерлердің деңгейі, сапасы да жоғары болғандықтан сонда
жатып, тексеріліп жүрдім.
Ауруханадан бір жылдан артық шыға алмадым. Сол жақ денем, аяқ қолым
салбырап, қимылға келмейді, өзім шешініп, киіне де алмаймын! Сауығудың, жақсарудың
орнына, қайталап ауырып қала беремін.
Жаман ойламай жақсылық жоқ деген, қанша ойламаймын десем де, өлім туралы
ойлауыма тура келді. Біткен шығармын дедім. Өйткені ауруханада жатып он төрт күн
алатын системалардың, укол, дәрілердің көмегі бір айдан аспайды. Қайта нашарлап
қаламын, қайта ауруханаға түсемін. Осындай жағдайда қалай өлімді ойламайсың? Әйтеуір
тіл-ауыздан айрылып бақырайып, қимылдай алмай жатып қалмасам екен, деп тілейтінмін.
Негізі өлетініңді, өлім барын ойлаған дұрыс дейді ғой
83. Ашығу туралы қазақша кітап табуым, алған әсерім
Алматыға бір келгенімде, өзіңізге жақын күйеу бала болып келетін менің досым –
Төкеш Тілегенұлы Бошаевтың сіздің кітабыңызды бергені бар. Сол кітабыңыз үйде
жататын. Бір күні саудасы болмай, жұмыста уақыт өткізе алмай жүрген келініңіз Гүлниса,
кітабыңызды жұмыста уақыт өлтіру мақсатпен оқиды ғой. Үйге аузының суы құрып келді.
75
«Деген сен оқитын кітап екен, «ауырам», «ауырам» дегенше, мына Әсет ағаңның кітабын
оқып, ашығу арқылы емделмейсің бе? », – деп кітабіңізді менің қолыма ұстата салды.
Бір кітабыңызды күн-түн демей бас алмай оқып шықтым. Кітаптан алған әсерімді
тілмен айтып жеткізу мүмкін емес! Ауылдың адамдарының аттары, қызықты күлкілі
оқиғаларға құрылған кітаптың мазмұны, ауылға – Науалыға барып келгендей болдым. Өте
тартымды, дәмді жазылған!
Бұны айтып отырған себебім, Әсет аға, мынау сіздің жасап жүрген жақсылығыңыз,
адамның денсаулығын түзеу, ағзасын тазалау ғана емес, жалпы адам ағзасын ғана емес,
жан-дүниесін, санасын тазалау, ояту жолындағы ерен еңбегіңізді көбіміздің әлі де
түсінбей жатқанымыз, қарнымды ашырады. Осы бір айтқандарым мыңнан біреуге жақсы
әсер етіп жатса, онда менің басты мақсатымның орындалғаны.
Сонымен сіздің «Жүйке жүйесінің тылсымы» кітабыңыздан әсерленген мен қашан
ашыққанша асықтым, өзімді-өзім ашығуға мұқият әзірледім. Денсаулығым нашарлап, қан
қысымым көтеріліп, әлсіздік меңдеп, емханаға жататын кезбен тұспа-тұс келді. Іштей
қандай қиын болмасын шыдауға, ашығу арқылы денсаулығымның жақсаратынына,
ағзамның тазарып жеңілденетініне сенімім мол болды. Өйткені сіздің «Жүйке жүйесінің
тылсымы» кітабыңыздан күш алып, қаруланған едім. Бір жағынан ойым, ашқарақпын ғой,
қарным ашып әл кетсе система алам ғой, сол ағзама әл беріп қолдау жасар.
Сөйтіп емханаға жаттым, сіздің екі кітабыңызды алып алғанмын. «Жүйке
жүйесінің тылсымы» мен «Рух пен тәннің саулығы». Бір айта кететінім Малаховтың бес
томдығын оқып, голодовать еткенге, чистка жасағанға неше жыл бойы иланбай
келгендігім. «Мен ашыға алмаймын, аштан өліп қалам! » дейтінмін. Бір күн тамақ
ішпесем, қарным ашып көзім қарауытып, әлім кетіп дірілдеп, қашан келініңіз алдыма
тамақ қойғанша, жеп қоя жаздайтынмын.
84. Мен қалай ашықтым, қалай сауықтым
Аштықтың ләззатын сіздің кітаптарыңызды оқи жата, емханада ашығу барысында
алғаш сезініп, рахатына баттым! Алғашқы екі-үш күн қиын болды, бірақ кітап үлкен
демеу. Бір бөлмеде екі адам жаттық. Қасымда ашығудың не екенін жақсы білетін,
түсінетін бұрынғы Советтер Одағының күрестен неше дүркін олимпияда жүлдегері,
қазірде құрметті демалыстағы татар ұлтының өкілі Ринат абзи. Екінші жылға айналған,
таңертең дене жаттығуларын жасауды әдетіме айналдырғанмын.
Бірінші күні жасағаныммен екінші күні әлім кетіп, зауқым соқпай, көңіл күйім
болмай дене шынықтыру жасай алмадым. Күні бойы жаттым, кешкісін кітаптағы
айтылғандай «Таң» сусынының бір бөтелкесін тақыл-тақыл ішіп жаттым. Күндіз түс
кезінде бал қосып, лимонмен қайнаған су ішемін. Үйге айтып қойғанмын маған ешкім
ештеңе әкелмесін, келмесін деп. Бірақ, келмей қояма, келгендері сол «Таң», айран,
морковтың сөлін, лимон әкеледі.
Дәрігерім Игорь Антонович Сосновский, өз мамандығын жетік білетін көптен осы
шахтерлер емханасында істейтін қаладағы, арқадағы білгір мамандардың бірі. Күнде
таңертең келе бөлмемізге кіріп, халімізді сұрап, көңіл күйімізді біліп шығу әдеті. Қалай
76
ұйықтадық, қалай дем алдық, қалай тамақтандық бәрін сұрап жағдайымызды, көңіл
күйімізді білу күнделікті жұмысының негізі.
Бірінші мен жатқан күні, асхананы мақтап аспаздардың өз жұмыстарын жақсы
атқаратындықтарын, өте дәмді дайындайтындықтарын, ресторандағыдай екенін мақтан
етіп, асханадан тамақтануымды сұраған. Мен үндемей құтылғам. Екінші, үшінші күні де
сұрап болмаған соң қасымда жатқан шыдамай, «Что же вы испытываете его, он же
голодует! » – дегені.
Алып жатқан еміме қайшылығы бола ма деп дәрігеріме аштық ұстап жүргенімді
айтпаған едім. Мұны естіп, білгеннен кейін Игорь Антонович қайта қуанып, үлкен қолдау
көрсетіп пайдалы екенін айтып қуаттады. Кімнің әдісімен ашығып жүргенімді сұрады.
Мен неше жылдай Малаховты оқып, бірақ ашығуға шешім қабылдай алмай келгенімді, ал
енді өзімнің жерлесім, ағайымның кітабын оқып сөзсіз сеніп, иланып ашығуға бел
буғанымды айтып өзіңізді Әсет аға, мақтан еттім!
Шынын айтсам сіздің бастан кешкен оқиғаларыңыз бен менің өмірім де ұқсас,
өткен, ауруға келген жолдарымыз да бірдей екен. Өйткені заманымыз да, заманымызға сай
ішіп-жеуіміз, әдетіміз де бірдей болды емес пе? Сондықтан да болуы керек мен сізді
жақсы түсініп, мүлтіксіз сеніп қабылдадым.
Сонымен алғашқы үш күн өтті. Төртінші күннен бастап өзімді өте сергек, бойыма
керемет бір күш – қуат құйылып тамаша сезіне бастадым. Кешкі тоғыз жарым, ондарда
ұйқы басып жатып қалам, таңғы бес жарым-алтыларда ұйқым әбден қанып, тынығып
ерекше қуанышты сергек сезімде оянамын.
Бұл менің басымнан кешкен соноу бала кезімнен кейінгі, көп жылдарды араға
салып қайта сезінген сергектік жан рахаты еді. Қанша жыл болды түнгі үш-төртке дейін
ұйықтай алмай, теледидарды ұйықтатып, не болмаса кітап оқып әбден шаршағанда –
әлсіреп барып көзім ілінетін. Соның өзінде түнімен неше вагон түсіріп, шаршаған
адамның кейпінде мыж-мыж болып, ұйқым қанбай быт-шытым шығып тұратынмын .
Өзімді «Үкі-Соваға» жатқызатынмын. Ал енді болса тіпті басқаша, тұяқ
серіппестей қатты сәбидің тәтті ұйқысы. Таңертеңгілік бойымдағы сергектік, қайнап
тұрған күш-қуат, әсіресе өзім-өзім болғалы, ұятта болса айтайын таңғы таза ауамен дем
алып, таң салқынын сезіну бақытына ие болып соны басымнан өткердім!
Таңертең үш-бес шақырымға дейін жаяу парк ішінде серуендеймін. Парк сол мен
жатқан ауруханадан алыс емес тиіп тұр. Жүре бергім келеді. Дене жаттығуларыма тағы да
қимылдар қосып бұрынғымнан ұзағырақ жасаймын. Бесінші-алтыншы күндерден бастап,
асқазанымның, ішектерімнің: өзі-өзінің қалдықтарымен, артық май, шырыш т.б.
денемдегі толып тұрған қоқыр-соқырлармен қоректеніп жатқанын тыңдап, сезіп
рахаттанамын.
Тағы бір айтатын жағдай – танаудағы, кеңсірігімдегі қоймалжың сұйықтардың,
маңқаның ағзамнан толық шығып тазаланғандығым. Аяқ-қол буындарындағы тұздардың
77
тарқап жеңілденгендігім. Мені көріп қызықпаған, қалай дұрыс ашығу керектігін
сұрамаған адам қалмады.
Сөйтіп, Әсет аға, мен сіздің арқаңызда былтыр (2008 ж) төрт мәрте, биыл екі рет
он-он күннен ашығып, әдетке салауаттық өмірді тәртібіме айналдырдым. Осы ашығу
барысында салмағым тұрақты 88 (сексен сегіз) кило. Ашығуға дейін 100 (жүз) кг
болатынмын. Өзімді өте ауыр сезінетінмін. Қазір Құдайға шүкір! Өте жеңіл, сергек
сезінемін. Келесі ашығу мерзімін асыға күтіп жүремін...
85. Дала жыртқыштары, үй хайуандары неге ауырмайды?
Етпен қоректенетін жыртқыш және етпен қоректенетін үй хайуандарының ішектері
салыстырмалы түрде қысқа болады (өз денесінен үш есе ұзын) , ал шөппен қоректенетін
жануарлардікі алты есе ұзын болады. Ішектерінің қысқа болу себепті жыртқыштар
өздеріндегі шіріп, бұзылған тамақ қалдықтарын уға айландырмай уақтылы шығарып
тастайды. Адам, шөппен қоректенетін жануарлардікі сияқты ішектері ұзын болғандықтан,
ол ауыр тамақ жегенде ағзасында улы заттар пайда болып, бүйректің жұмысына күш
түсіп, әртүрлі сырқаттардың дамуына жол ашылады.
Есіңізде болсын! Адамның ішегі өзінің бойынан 6 есе, ал жыртқыш
хайуанаттардың ішектері 3 есе ұзын, сондықтан олар уланбайды, жеген
тамақтарын қолма
-
қол далаға шығарып тастағандықтан кіру мен шығу үнемі тепе
-
теңдікте болады. Ал адам баласының кейбіреулерінің үлкен дәреті тәуліктеп не
апталап денесінен шықпайды, енді ол уланбағанда кім уланады! Ол ауырмағанда
кім ауырады? !
86. Тамақ ішкен соң 2 сағаттан кейін үлкен дәретке отыруың шарт
Есіңізде болсын! Тамақ ішкеннен кейін 2 сағаттың аралығында ішкен
тамағыңыздың қалдығы үлкен дәретпен сыртқа шығарылып тасталуы керек. Сол
кезде Сіз ауырмайтын, солмайтын, қартаюды білмейтін сыңғырлаған
денсаулықпен марапатталасыз, себебі сіз уланып үлгермейсіз. Барлық
аурулардың себебі
–
қан улануда!
Даналықпен әрі ақылмен өмір сүре өзіңізді сөгіп сынайтындардың сөзін қаперіңізге
алмаңыз. Жаратушымен және табиғатпен оңашада болыңыз.
87. Қан улану, өздiгiнен улану дегенiмiз не?
«Көп жасау – деннiң саулығы, бақытты болу – адамның өз қолындағы iсi».
А. М. Кирхенштейн
Бiз бiлемiз, тән ет мүшелерiнен құралатын өзара байланысқан жеке
жасаушалар, олар бiр-бiрiнсiз өмiр сүре алмайтын бөлiнбейтiн бiр бүтiндi құрайды.
Осы әр түрлi мүшелердi бiр-бiрiнен бөлiп қарау көзқарасы өте ұзаққа созылды, егер
бiр мүше аурса қалғандарының да зардап шегетiнiн түсiнбей, әр мүшенi жеке бөлiп
емдеуге бейiмделдi. Тән неше түрлi қызмет атқаратын таңқаларлық бiр бүтiн. Бiр
бөлiгiне жақсы болса бәрiне жақсы, бiреуiне жаман болса бәрiне жаман.
Өзiнен-өзi улану (интоксикация) аз зерттелген, осы ғасырда күнделiктi
кездесетiндiктен, қас жаудың нақ өзiне айналды. Мазасыздық, ашушаңдық, көңiлсiздiк,
78
орынсыз қозу, т.б. келеңсiздiктер қанның бұзылғанының кепiлi. Бiзде қалыпты жағдайда –
қамсыздық, көтерiңкi көңiл күй, сенiмдiлiк, сергектiк болу керек. Тағдыр кейде тәлкекке
салса да, қасқайып қарсы тұрып рухани мойымаймыз, кейде тағдыр қолдаса да мұң
шерiмiз тарқамайды. Көңiл күйдiң бұлай құбылуы, қанның тазалығына байланысты. Ең
жаманы, өзiнен-өзi улану – өршiп жинала бередi. Осыдан құтылу үшiн, салауатты өмiр
салтын ұстанып, мiндеттi түрде ашығу керек.
88. Ағза уланғанда не болады?
«Тоқ адам асты таңдап iшедi,
Аш адам тамағынан өткендi iшедi». Жүсiп Баласағұни
Ағзаңыз уланған кезде, сiз себепсiз уайым шегiп, енжарлықтан құтылмайсыз.
Күндердiң күнiнде, қайтадан тың, сергек қалпыңызда ұйқыдан тұрып, талай кедергiлердi
бұзып, жеңiске жетесiз. Газет, журнал, радио, теледидар – бәрi сiзге енжарлықтан
құтылатын құрал тауып беремiз деп жар салады. Қайсы ғажайыпты қолдануға болады?
Есiңiзде болсын – ғажайып, сиқыр болмайды, тән мен жанды жазатын жеңiл жол жоқ. Нақ
бiлiңiз, қанның улануы (аутоинтоксиация) – бiздiң ең қорқынышты жауымыз.
Барлық аурулардың себебi қанның улануы. Жүректiң, бауырдың, бүйректiң,
буындар мен қан тамырларының ауруының, мезгiлсiз қартаюдың, басқа себептермен
салыстырғанда бiрден-бiр себепкерi. Қанды таза ұстау жарты жұмыс. Сiз асқазаныңызға
алдыңғысын қортып үлгере алмай жатқанда, қосымша тықпаштағанның үстiне нығарлай
берiп, қосымша жұмыс тауып бересiз.
89. Қан уланбау үшiн не iстеу керек?
«Сорлы адам, өзiнiң қателiктерiн қайтсе де жасырады». Кун-Фу-Цзы
Сiз, осы тақырыпты тамақтануыздың бағдарламасы етiп алуыңызды қалар
едiк. Бұл бағдарламаның сiзге жақсы денсаулық беруге мүмкiншiлiгi бар. Шикi
көкөнiс пен жемiстерден тұратын тағамдар – тазалағыш. Көкөнiс пен жемiстер, тек
қана витамаиндер мен минералдарға және басқа да қоректiк заттарға ғана бай емес,
ол қышқылдықты түсiретiн сiлтiлiк әрекет те бередi. Тамақтану мәселелерiмен
әуестенетiн адамдар, әр түрлi пiкiрлердiң көптiгiнен, кей кездерi милары да ашып
кетедi.
Кейбiреу белогы жоғары тамақты, ендi бiреуi төменгi көмiртектi, үшiншiсi шикi
көкөнiстердi немесе өсiмдiк – сүт аралас мәзiрлердi ұсынады. Әркiм өзiнiкiн мақтайды.
Осы мәзiрлердiң бiр де бiреуiн мүлтiксiз сақтау мүмкiн емес. Қазiр мөлшермен 200 түрлi
азық – түлiк бар.
Осылардың санына сәйкес тамақ дайындауға болады. Бiз ашыққан уақытымызда өз
ағзамызды тазалаймыз, тазаланғаннан кейiн ол өзiне қажеттi тамақты таңдайтын болады.
Ең бастысы – тамақ құрамынан қазiргi өркениеттiң жексұрын тамақтарын алып тастау.
Олар, өзiңiз жейтiн тамақтың санымен салыстырғанда онша көп емес.
79
Мынадай көне мақал бар: «40 жасқа жеткенде адам өзiне-өзi дәрiгер, немесе
ақымақ». Егер адам 30 жасқа толғанда өзi iшетiн тамақтарды таңдай алмаса, келешекте
қатты кеселге ұрынады.
Бiздiң денелiк және ақыл – ойлық iс әрекетiмiз өмiрлiк күш қорымызбен
қоректенедi, бiрақта әркiмнiң сұранысы әртүрлi. Мысалы, мен дене қимылын жақсы
көремiн, себебi тынымсызбын. Дененiң қимылына басқа қуат, ақыл – ойға одан басқа
қуат, рухани дамуға тiптен басқа қуат қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |