antithetic(al) [,ænti’θetik(l)] adj [қ-з: antithesis]
antithetically [,ænti’θetikli] adv [қ-з: antithesis]
antitoxic [‘ænti’tɒksik] adj уланғанға, уытқа
қарсы, антитоксиндік
antitoxin [,’ænti’tɒksin] n уға қарсы дəрі,
антитоксин
anti-trade [‘ænti’treid] n антипассат
(тропикаларда Оң. Ш. я Солт. Ш-тан экваторға
қарай соғатын жел өтінде жататын, батыстан
соғатын жел)
anti-trust [,ænti’trʌst] adj трестерге, үлкен
өндірістік монополист корпорацияларға
қарсы бағытталған (бəсекені өрістету үшін),
яғни монополияға қарсы ♦~ legislation – монополияға қарсы заңнама antityphoid [‘ænti’taifɒid] adj тифке, сүзекке
қарсы
antler [‘æntlə(r)] n бұғы мүйізі; бұғының қос
мүйізінің біреуі, бір тармағы
antleredadj [қ-з: antler]
antlion [‘ænt,laiən] n (зоол) құмырсқа-арыстан
(құмырсқа жəне т.б. қоректенетін жəндік)
antonym [‘æntənim] n антоним, мағынасы
бір біріне қарама қарсы сөзер ♦'Old' has two ~: ‘young’and ‘new’. – «Көне» сөзінің екі антонимі бар: «жас» жəне «жаңа». anurous [ə’nu:rəs] = anourous anus [‘einəs] n (pl~es) (анат) артқы тесік
(қорытылған зат денеден сыртқа шығатын
тесік) (anal adj)
anvil [‘ænvil] n 1. төс (ұстаханадағы үстіне
қойып қызған темірді ұратын темір кесек)♦on (upon) the ~ – жұмыс үстінде, қарастырылуда ♦~ chorus – риза еместер дабыры ♦between the ~ and hammer – екі оттың арасында(сөзбе- сөз: тоқпақ пен төстің арасында) 2. (анат)
құлақ қуысындағы сүйектердің бірі
88
89
anxiety [æŋ’zaiəti] n 1. алаңдау(шылық),
қобалжу(шылық), абыржу(шылық) ♦We waited for news with a growing sense of ~. – Біз хабарды тағат таппай күттік. ♦Не caused his parents great ~ by cycling long distances alone. – Ол өте алыс жақтарға велосипед теуіп, əке-шешесін алаңдатты.♦The ~ies of the past week had left her exhausted. - Өткен аптадағы алаңдаулар оны қалжыратып кетті. ♦The doctor's report removed all their ~ies. – Дəрігердің баяндамасы олардың үрейін басты. 3. ~ for smth/to do smth өте
істегісі келу, істегісі келіп алаңдау ♦~ to please one’s parents – əке-шешесінің көңілін табуға алаңдау anxious [‘æŋkʃəs] adj 1. ~ (about/for smb/ smth) алаңдаған, қобалжыған, үрейленген,
абыржыған ♦I am very ~ about my son’s health. – Мені ұлымның денсаулығы қатты алаңдатады. 2. алаңдатарлық,
қобалжытарлық, үрейлендіретін,
абыржытатын♦We had a few ~ moments before landing safely. – Аман-есен қонардың алдында біршама қобалжытқан сəттер болды. 3. ~ for smth/(for smb) to do smth/that... біреу/бірдеңе
үшін қатты алаңдау, бірн-ні өте істегісі
келіп қобалжу♦~ for their safety – олардың саулығына абыржыған (олар аман ба екен деп абыржыған) ♦~ to meet you – сенімен кездесуге асығулы ♦They were ~ that aid should be sent promptly. – Олар жəрдем тезірек келсе екен деп тағат таппауда. anxiously [‘æŋkʃəsli] adv any I [‘eni] indef det 1. (болымсыз сөйлем жəне
сұрақтарда қолд., if/whether-ден кейін; hardly. never, without, т.с.с. кейін; сондай-ақ prevent, ban, avoid, forbid сияқты етістіктерден кейін
келеді) (a) ештең(к)е, ешқандай, еш, ешбір,
қандай да бір болмасын, бірдеңе, т.с.с. ♦I didn't eat ~ meat. - Мен ешқандай ет жегемін жоқ.
♦Do you know ~ French? – Сен французша бірдеңе білесің бе? ♦There was hardly ~ free time. – Ешбір бос уақыт бола қоймады. ♦We did the job without ~ diffi culty. – Біз жұмысты ешбір қиындықсыз тындырдық. ♦To avoid ~ delay please phone your order direct. – Қандай да бір кешігіс болмасы үшін заказыңды телефонмен бер. ♦It did not seem to be ~ dis- tance to the road. – Жолға дейін пəлендей бір алыс сияқты болып көрінбеді. (b) ешбір,
ешқандай, кез келген, жалпы ♦I haven’t read ~ books of Tolstoy. – Мен Толстойдың ешбір кітабын оқыған емеспін. ♦I wonder whether Mr Black has ~ roses in his garden? – Мен осы Мистер Блəктің бақшасында жалпы раушан гүлі бар ма екен деп ойлаймын. ♦They bought a dog to prevent ~ burglaries. – Олар кез келген ұрлық-қарлықтан сақтану үшін ит сатып алды. 2.(a) кез келгені, (арасындағы) біреуі
♦Take ~ book you like. – Қалаған кітабыңды ала бер. ♦Give me a pen - ~ pen will do. – Маған қалам бер – кез келгені жарайды. ♦Phone me ~ day next week. – Келесі аптада кез келген күні телефон соқ. (b) ешбір, ешқандай да ♦Hasn’t it got ~ tail? – Бұның ешбір құйрығы жоқ па? ♦I can’t see ~ door in this room. – Мен ешқандай да есік көріп тұрғамын жоқ бұл бөлмеде.
3. кез келген, барлық, қай ... болмасын ♦Any fool could tell you that. – Кез келген ақымақ оны саған айтар еді. ♦You’ll fi nd me here at ~ hour of the day. – Сен мені бұл жерден күннің қай уақытында да табасың. 4. жай,
қарапайым, көптің бірі ♦This isn’t ~ old bed – it belonged to Shakespeare. – Бұл жай төсек емес – бұл Шекспирдікі (болған). ♦She isn’t just ~ woman – she is the Queen. – Ол жай əншейін əйел емес, ол – королева. 5. ~ time кез келген
уақытта ♦Come around ~ time. – Қай уақытта болмасын келе бер.
any II [‘eni] indef pron 1. (болымсыз сөйлемдер
мен сұрақтарда қолд.; if/whether-ден кейін;
hardly, never, without, т.с.с. кейін) (a) ♦I can’t give you ~. – Мен саған ештеңе бере алмаймын. ♦Have you got ~? – Ештеңең бар ма? (b) ♦She didn’t spend ~ of the money. – Ол ақшаның ешбірін жаратпады. ♦If he had read ~ of those books we would have known the answer. – Егер ол кітаптардың біреуін болса да оқыса, жауапты білген болар еді. 2.(idm)
*smb isn’t having ~ (ауызекі) құлықсыз,
келіспеген ♦I tried to get her to talk about her divorce but she wasn’t having ~. – Мен оған өзінің ажырасқаны айттырайын деп едім, лəм демеді.
any III [‘eni] indef adv 1. (faster, slower, bet-
ter, т.с.с. кейін; сұрақтарда жəне if/whether-
ден кейін) ♦I can’t run ~ faster. – Мен бұдан тез жүгіре алмаймын.♦Is your father ~ better at all? – Жалпы əкең тəуір ме? ♦I can’t af- ford to spend ~ more on food. – Мен тамаққа бұдан көп жұмсай алмаймын. 2. ~ more (US anymore) енді, қазір, бұдан былай ♦She does not live here ~ more. – Ол енді (қазір) мұнда тұрмайды.
any IV [‘eni] determiner, pron (a) ~ of ♦~ them are liers – Олардың кез келгені суайт. (b) ~ other басқа бір, басқадай♦Are there ~ other room. – Басқа бір бөлме жоқ па? (c) if~ ♦I don’t suppose there will be more than a dozen left, if ~. – Оншақты тал (дана) ғана қалған шығар деп ойлаймын, егер қалса. (d) in~ case/ at~ rate қайткенде де, қайтсе де, дегенмен,
сонда да, не болса да ♦There was nothing else to be done. At ~ rate, I had learnt something. – Бітірерлік дымы қалмапты. Дегенмен де мен біраз жайтты ұқтым. ♦In ~ case, he was a rude old man. – Қайткенде де, ол бір дөрекі шал еді. (e) ~ use ♦I tried, but it wasn’t ~ use. – Мен тырысып көрдім, алайда ештеңе шықпады. (f) to have~ idea еш хабары болу,
қандай да бір болмасын ақпары болу♦I haven’t ~ idea where he is. – Оның қайда екендігінен еш хабарым жоқ.
anybody [‘enibɒdi] (кейде anyone) indef pron 1. біреу, ешкім, ешбіреу, біреу-міреу, кімде
кім ♦Did ~ see you? – Сені ешкім көрмеді ме? ♦Hardly ~ came. – Ешкім келмеді дерлік (деуге болады). ♦Anybody who saw the accident should phone the police. – Оқиғаны көрген кімде кім полицияға телефон соғуы керек. 2. кім болсын,
кімнен болсын ♦Anybody will tell you where the bus stop is. – Автобус тоқтайтын жерді кім де болсын саған айтады. ♦Ask ~ in your class. – Класыңдағы кімнен болсын сұра. 3. (болымсыз
сөйлемдерде) ешкім, біреу ♦She wasn't ~ before she got that job. – Ана жұмысқа тұрғаннан бұрын ол ешкім де емес еді (оны ешкім де елемейтін).
anyhow [‘enihau] indef adv 1. (кейде anyway)
дегенмен де, қайткенде де, сонда да, бəрі ♦It was felt that the scandal would damage her repu- tation, but the press reported it ~. – Жанжал оның беделін түсіретіні сезіліп еді, алайда газеттер бəрібір бұл жөнінде жазды. ♦Any- how, you can try. – Қайткенде де (дегенмен де) тырысып көргін. 2. қалай болса солай,
ыбырси ♦The books were lying on the shelves just/all~. – Кітаптар сөрелерде əшейін ыбырсып жатты. anyone [‘eniwʌn] indef pron = anybody anyplace (US) = anywhere anything [‘eniθiŋ] indef pron 1. бірнəрсе,
ешнəрсе, ештеңе ♦ Did she tell you ~ interest-
ing? – Ол саған қызық ешнəрсе айтпады ма?
♦If you remember ~ at all, please let us know. – Егер есіңізге бірнəрсе түсе қалса, бізге айтсаңыз. 2.♦Is there ~ in these rumours? – Бұл алып қашпа сөздерде бірнəрсе бар ма екен (неге айтылып жүр екен)? 3. бірнəрсе, бірдеңе
♦I'm very hungry - I'll eat ~. – Қарным сондай
ашты – не болса да жеймін. ♦Anything will do to sleep on. – Ненің үстіне болса да жата кетемін. 4. (idm) *~but не болса да ... емес
♦The hotel was ~ but satisfactory. – НЕ болса да қонақ үй көңілдегідей емес екен.*~like smb/smth (ауызекі) қайткенде де ұқсас ♦He isn't ~ like my fi rst boss. – Ол қалай дегенде де менің бірінші бастығыма ұқсамайды. *like~ (ауызекі) өте көп, жылдам, қатты, сəтті, т.с.с.
♦The thief ran like ~ when he heard the alarm. – Ұры қоңырауды ести сала жан ұшыра қаша жөнелді. *or~ (ауызекі) тағы сол сияқты
деген мағ. ♦If you call a meeting or ~, put up a notice. – Жиналыс немесе тағы бірдеңе шақырсаң, хабарлама іліп қой. *~ else тағы
бірдеңе деген мағ. ♦Would you like ~ else to eat. – Жеуге ештеңе қалайсыз ба? anyway [‘eniwei] indef adv = anyhow 1
anywhereI [‘enimweə(r); US -hweər] (US кейде anyplace) indef adv 1. еш жерде (-ге),
кез келген жерде (-ге), бір жаққа (-та) ♦I can’t see it ~. – Мен оны еш жерден көріп тұрғамын жоқ. ♦If you want to go ~ else, let me know. – Егер бір жаққа барғың келсе, маған айт. 2. кез келген жерге (-де), бір
жерге (-де) ♦Put the box down ~. – Жəшікті кез келген жерге қоя сал. ♦We can go ~ you like. – Біз сен қалаған қай жаққа да бара аламыз. 3. (болымсыз сөйлемдерде) ешқайда
♦I don’t want to go ~. – Менің ешқайда да барғым келмейді.
anywhereIIindef pron еш жер ♦I haven't ~ to stay. – Менің тұратын (баратын) еш жерім жоқ. ♦Do you know ~ (where) I can buy a type- writer? – Басу машинкасын қай жерден сатып алсам екен?
90
91
aorta [ei’ɔ:tə] n (анат) аорта, қолқа (жүректің
сол жағынан бүткіл денеге қан апаратын
артериялық жүйенің күре тамыры)
aortic [ei’ɔ:tik] adj (анат) аорта(лық),
қолқа(лық) ♦~ arches – аорта доғалары apace [ə’peis] adv (архаизм) тез, жылдам
♦Work is proceeding ~. – Жұмыс жылдам басталуда.
apanage [‘æpənidʒ] n 1.отбасының белгілі бір
мүшелерінің бақылауына берілген жер я табыс
көзі 2.біреудің үлесі, несібесі 3.өзінділік,
өзіндік қасиет
apart [ə’pα:t] adv 1. қашық, (бір-бірінен)
алшақ, аулақ ♦The two houses stood 500 me- tres ~. – Екі үй 500 метр алшақ (қашықта) тұрды. ♦The employers and the unions are still miles ~. – Жалдаушылар мен кəсіподақтар бір-бірінен əлдеқайда алшақ (яғни, келісімге келуден алыс). 2. алшақ, шетте, бөлек, аулақ
♦She keeps herself ~ from other people. – Ол өзін басқа елден аулақ ұстайды. 3. бөлек, жеке
♦You never see them ~ these days. – Оларды қазір бір-бірінен бөлек көрмейсің. ♦These pages are stuck together - I can’t pull them ~. – Мына парақтар жабысып қалыпты – оларды ажырата алмаймын. 4. сынған, бөлшектенген
♦to fall ~ from decay – шірігеннен ыдырау ♦I'm sorry, the cup just came/fell ~. – Ғафу өтінемін, мына кесе қазір ғана шағылып қалды. 5. ~ from (кейде көбіненсе US aside from) prep (a) (бірн-ден) басқа, есепке алмағанда♦Apart from his nose he is quite good-looking. – Мұрнын айтпасақ, ол əжептəуір келісті (жігіт). (b)
басқа, қосымша, үстіне ♦Apart from the inju- ries to his face and hands, he broke both legs. – Беті мен қолдарын жаралағаннан басқа, ол екі аяғын сындырыпы. 6. (idm) *to be poles ~ (бір-бірінен) мүлде алшақ, кереғар *jok- ing~ салмақтап, расын айтқанда *to put/set smb/smth ~ (from smb/smth) біреуді/бірн-ні
даралау, артық етіп көрсету ♦His use of lan- guage sets him ~ from most other modern writers. – Оның тілді шебер қолдануы оны көптеген қазіргі заман жазушыларынан даралайды. *to take smb/smth ~ қатты сынау, сынға алу ♦He took my essay ~ but I found his criticism help- ful. – Ол менің эссэмді қатты сынады, алайда оның сыны пайдалы деп ойлаймын. ♦to take smth ~ бөлшектеу, сындыру *to tell/know A and B ~ A мен B-ді ажырата білу *worlds~ мүлде бөлек, өзгеше *to grow ~ бір-бірінен
алыстау, суыну
apartheid [ə’pα:thait, heit] n апартеид
(Оңтүстік Африкада бұрын болған нəсілдік
жіктеу, кемсіту саясаты)
apartment [ə’pα:tmənt] n (abbrapt) 1. пəтер 2.
бөлме 3. (US) = fl at apartment block (Brit) (USapartment house)
көп пəтерлі үй
apartness [ə’pα:tnis] n оқшауланушылық,
оқшаулық
apathetic [,æpə’θetik] adj бейжай, немғұрайды,
бойкүйез
apathetically [,æpə'θetikli] adv бейжай,
немғұрайды, бойкүйез(дене, -дікпен)
apathy ['æpəθi] n~ (towards smb/smth)
бейжайлық, немғұрайдылық, бойкүйездік,
меңіреулік ♦Extreme poverty had reduced them to a state of ~. – Тақыр кедейлік оларды меңіреу күйге түсірді. apatite [‘æpətait] n (мин) апатит (кристалды,
тұтас күйінде кездеседі, түсі - əртүрлі, фосфат
тыңайтқыштарды өндіруге қолд.)
ape [‘eip] А. n 1. адам тəріздес маймыл
(горилла, чимпанзе, орангутан, гиббон 2. (idm)
*to act (to play) the ~ қылжақтау, маймылға
ұқсау, ақымақтану *to go~ қылжаққа басуВ. v қылжақтау, маймылдану
ape-man [‘eipmən] n примат (адамның арғы
тегі, маймылдан адамдық қалыпқа өткен
аралықта өмір сүрген)
aperient [ə’piəriənt] n, adj (кітаби) (медиц)
ішті өткізетін (дəрі)
aperitif [ə’perətif; US ə,perə’ti:f] n аперитиф (ас
алдында тəбет көтеретін алкогольді ішімдік)
aperture [‘æpətʃə(r)] 1. қуыс, саңылау, тесік,
ойық 2. (оптика) апертура (оптикалық аспапқа
жарықты енгізуге қажет дөңгелек саңылау)
apery [‘eipəri] n 1. маймылша жүріс-тұрыс,
қылжақ 2. ақымақтық, сасық қулық
apex [‘eipəks] n (pl~es or apices [‘eipisi:z]) 1.
төбесі, жоғарғы нүктесі, ұшы 2. шарықтау
шегі 3. шатырдың, үйдің төбесінің арқалығы
4. (астрон) ♦solar ~ – күннің ең биік нүктесі aphasia [ə’feiziə; US -ʒə] n (медиц) афазия
(мидың зақымдануынан болатын сөйлеу я есту
қабілетінің жартылай не толық жоғалуы)
aphasic [ə’feizik] n, adj афазиямен ауыратын (адам)
aphelia [æ’fi :ljə] pl ofaphelion aphelion [æ’fi :ljən] n (астрон) афелий (планета
не комета орбитасының күннен ең қашық
нүктесі)
aphid [‘eifi d] n = aphis aphides [‘eifi di:z] pl of aphis не aphid aphis [‘eifi s] (кейде aphid) n (plaphides [‘eifi di:z]) өсімдік биті (өсімдіктерге зақымды
насеком, шіркей)
aphonia [æ’fəunjə] n (медиц) афония (дыбыс
органдарының зақымдануына байланысты
дауыстың жоғалуы)
aphony [‘æfənji] = aphonia aphorism [‘æfərizəm] n афоризм, нақыл сөз
(гректің aphorismos = aphor (анықтау) + ismos
(-изм)) м.: “Art is long and life is short” – «Өнер
– ұзақ, ал, өмір – қысқа»
aphoristic [,æfə’ristik] adj афористикалық [қ-з: aphorism]
aphrodisia [,æfrəu’diziə] n, adj нəпсіге
ынтықтық, тəнге құмарлық (сөз төркіні:
гректің Aphrodite Афродита – махаббат
құдайы)
aphrodisiac [,æfrəu’diziæk] n нəпсіге ынтықтықты,
жыныс органдарын қоздыратын (дəрі)
aphtha [‘æfθə] n (pl ~ae) 1. аузы уылу 2. (ве- терин) аусыл (сиырда, т.б. қара малда аузы
көпіріп я аяғы сылтып ауыратын жұқпалы ауру)
aphthae ['æfθi:] pl ofaptha aphyliousadj (бот) жапырақсыз, жапырағы жоқ
apian ['eipiən] adj ара, араның (жəндік)
apiarian [,eipi'eəriən] А. adj омарта(-лық,
-ның), ара өсіру, өсіретін В. = apiarist apiarist ['eipiərist] n омарташы, ара өсіруші
apiary ['eipiəri] n омарта, ара ұясы салынған жер
apical ['æpikəl] adj жоғарғы, ең биік нүктедегі
(-нің), шарықтау шегіндегі
apices ['eipisi:z] pl ofapex apiece [ə’pi:s] adv əрқайсысы, əрбіреуі ♦We ate an orange ~. – Біз əрқайсымыз бір апельсиннен жедік. ♦The cakes cost a dollar ~. – Кэкстің əрқайсысы бір доллардан тұрады. ♦They have three books ~. – Олардың əрбіреуінде үш кітаптан.
aping [‘eipiŋ] = apery apis [‘eipis] n ара (жəндік)
apish [‘eipiʃ] adj (жақтырмай) 1. қылжақтау,
маймылға ұқсау, ақымақ қылықтар істеу 2.
біреуге жөні жоқ берілу; біреуге ақымақтана
еліктеу ♦His ~ devotion irritated her. – Оның (жігіттің) маймылша берілгендігі оның (қыздың) жынына тиді.
a-plenty, aplenty [ə’plenti] adv өте көп, мол,
жетіп артыларлық
aplomb [ə’plɒm] n өжеттік, беріктік, апломб.
♦She performs the duties of a princess with great ~. – Ол өзінің принцессалық міндеттерін өжеттікпен орындайды. ♦Ms. Sharpe handled their hostile questions with ~. – Шарп ханым олардың ызалы сұрақтарына абыроймен жауап қайырды. apocalypse [ə’pɒkəlips] n 1. табу, ашу (əсіресе,
дүниенің болашағы ж.) 2. theApocalypse ақырзаман 3. зардап, қырғын, нəубет, зұлмат
♦3000 died in the ~ of the earthquake. – Зілзала
(жер сілкінгеннен) зардабынан 3000 адам көз
жұмды.
apocalyptic [ə,pɒkə’liptik] adj ақырзаман,
нəубет, зұлмат не осыларға қатысты
apocalyptically [ə,pɒkə’liptikli] adv [қ-з: apoca- lyptic]
apocarpous [,æpəu’kα:pəs] adv (бот) апокарпті,
бөлек
apocope [ə’pɒkəupi] n (лингв) апокопа; сөздегі
соңғы буынның не дыбыстың түсіп қалуы
Apocrypha [ə’pɒkrifə] n 1. апокрифалық
кітаптар (Көне өсиеттің (Ветхий завет, Old
Testament) еврейлер еврей жазбалары деп
танымайтын я протестант Інжіліне (Библия)
енбеген кітаптар) 2. авторы, түпнұсқасы
күманды кітаптар
apocryphal [ə’pɒkrifəl] adj 1. апокрификалық
2. нағыз емес, жалған, ойдан шығарған ♦Most of the stories about his private life are prob- ably ~. – Оның жеке өмірі жайлы көптеген əңгімелер ойдан шығарылған болар.
apodial [‘æpədəl] adj (зоол) аяқсыз, аяғы жоқ,
аяққа ұқсаған нақты мүшелері жоқ
apogee [‘æpəʤi:] n 1. (астрон) апогей (айдың,
басқа да аспан денесінің я жасанды серіктің
(спутник) Жерден ең қашық нүктесі) 2.
(ауысп. мағ.) шарықтау шегі, шыңы; ең алыс
нүкте ♦the ~ of his political career – оның саяси карьерасының шыңы apolitical [,eipə’litikl] adj бейсаяси, саясатқа
қызықпайтын, бойкүйез