banishment [‘bæniʃmənt] n қуу, кетіру, бездіру
♦lifelong ~ - өмір бойы бездіру
banister [‘bænistə(r)] n 1. = baluster
2.басқыштың қанаты ♦children sliding down the
150
151
~(s) – басқыштың қанатымен сырғанап түсіп
жатқан балалар
banji [‘bænʤəu] n (pl ~s) (муз) банджо (джазда
қолд-н шекті аспап)
bank I [bæŋk] A.n 1.өзен аңғары, жағасы;
аңғар, жаға; еңіс ♦Can you jump over the op-
posite ~? – Қарсы жағаға секіре аласың ба?
2.жиек, үйме(к), төбе, үйінді; борасын, күртік
қар ♦low ~s of earth between rice-fi elds – күріш
алқаптары арасындағы аласа топырақ
жиектері ♦~ of clouds – түйдек бұлттар
3.қайраң, теңіз түбі жотасы 4.ұшақтың бір
жаққа аууы, жантаюы 5.шахта аузындағы
қабат B.v 1.(ұшақ, т.б.ж.) бір жаққа ауу,
жантаю, қисаю ♦The plane ~ed steeply to the
left. – Ұшақ солға тігінен жантайды. 2. (phr v)
*~ up (a) үю, үйілу, жиылу, қайраңдану ♦The
snow has ~ed up against the shed. – Қораның
түбін қар басып қалды. (b) жиектеу, бөгеу
♦to ~ up a stream – ағысты (топырақпен)
бөгеу ♦to ~ the river with sand bags at fl ood
stage – тасқын кезінде өзенді құм салынған
қаптармен жиектеу 3.бұрылғанда жеңіл болу
үшін жолдың бұрылмаларын көтеру 4.оттың
үстіне тамызық үю
bank II [bæŋk] A.n 1.банк (ақша, құнды
қағаздар сақтайтын мекеме) ♦to have money
in the ~ - банкте ақшасы болу ♦a ~ account –
банктегі есеп-шот ♦a ~ loan – банк берген
қарыз (кредит) 2.(құнды ақпарат, заттар, т.с.с.)
банкі, қоймасы ♦a ~ of information – ақпарат
банкі (қоймасы) ♦a blood ~ - қан қоймасы
(банкі) B.v 1.банкке ақша салу 2. ~ (with smb/
smth) (белгілі бір банкте) есеп-шоты болу
♦Who do you ~ with? Where do you ~? – Есеп-
шотың қай банкте? 3. (phr v) *~ on smb/
smth біреуге/бірн-ге үміт арту, иек арту ♦I
am ~ing on your help. – Мен сенің көмегіңе
үміт артамын. ♦He was ~ing on the train be-
ing on time. – Ол поезд уақытында келеді деп
үміттеніп тұрған болатын.
bank III [bæŋk] n 1.қатар, тіркес ♦a ~ of seats –
орындар қатары 2. (муз) орган клавиштерінің
қатары 3.кемедегі ескекшілер қатары
bankable [‘bæŋkəbl] adj банкке қабылдауға я
онда айналдыруға болатын
bank balance тұтынушының банктегі есеп-
шотындағы балансы
bank bill банк векселі, банк құнды қағазы
bank book банк кітапшасы
bank card = cheque card (cheque)
bank draft бір банктен екіншісіне ақша аудару
(кезінде қолд-н құжат)
banker I [‘bæŋkə(r)] n 1.(a) (Канадада
Ньюфаундлəнд жағасында) треска (балық)
ұстайтын кеме (b)осы кеменің балықшысы
2.(Австралияда) тасиын деп тұрған өзен
banker II [‘bæŋkə(r)] n 1.банкир 2.(карта
ойнында) банкир
banket [bæŋ’ket] n (тау-кен ісінде) банкет
(құрамында алтыны бар кварц жынысы)
bank holiday 1.мейрам күндері (банктердің
жабылуы) 2.банк қызмет етпейтін күн
banking [‘bæŋkiŋ] n 1.банк ісі 2.ұшақтың
қисаюы, аууы, жантаюы
bank manager n банк басқарушысы, менеджері
bank note [‘bæŋnəut] n банкнот, (қағаз) ақша
bank rate [‘bæŋreit] n банк курсы, банктегі
қарыздан алынатын өсім деңгейі
bankrupt [‘bæŋrʌpt] A.adj 1.банкрот, қарызын
өтей алмайтын, қарызға белшесінен батқан
♦Seventeen years of war left the country ~. – Он
жеті жыл бойы соғыс елді банкрот қылып
кетті. 2.to go ~ банкротқа ұшырау, тақырға
отыру, қарызға белшесінен бату ♦The recession
has made many small companies go ~. – Тоқырау
көптеген шағын кəсіпорындарды есеңгіретіп
кетті. 3. (жақтырм) тоқыраған, кері кеткен
♦~ of ideas – ойдың тоқырауы, ойға кенде
♦a society that is morally ~ - моральдық
тоқырауға ұшыраған қоғам B.v ♦Government
taxes almost ~ed us. – Үкімет салықтары бізді
тақырға отырғызды десе де болады. C.n
банкрот (адам я компания)
bankruptcy [‘bæŋrʌpsi] n 1.банкроттық,
банкротқа ұшыраушылық ♦There has been a
sharp increase of ~ies in the last two years. –
Соңғы екі жылда банкротқа ұшыраушылық
күрт өсті. 2.тоқырау, құлазу ♦the moral ~ of
this materialistic society – осы материалистік
қоғамның моральдық тоқырауы
bank statement [‘bæŋk ,steitmənt] n банктегі
есеп-шот жөніндегі дерек
banned [bænd] adj тиым салынған ♦the ~ party
– тиым салынған партия
banner [‘bænə(r)] A.n 1.баннер, плакат, керме
(ішіне ұран жазылған, екі жағынан екі адам
кере ұстайтын мата) ♦The marchers carried
~s with the words «No Nuclear Weapons» in
large letters. – Шерушілер үлкен əріптермен
«Ядролық қаруға жол жоқ» деп жазылған
кермелерді алып жүрді. 2.(көне қолд) ту, жалау
3.белгі, символ 4. (idm) *under the ~ (of smth)
(a)бірн-ң туы астында (b)қағидаға, идеяға,
ұранға сүйене ♦She fought the election under
the ~ of equal rights. – Ол сайлауға тең хұқық
ұранына сүйене түсті. ♦The party fought the
election under the ~ of social justice. – Партия
сайлауға қоғамдағы əділеттік туы астында
түсті. B.v (US) тамаша, ғажап ♦a ~ year for
American soccer – Америка футболының
тамаша жылы
banneret(te) [,bænə’ret] n жалау
banner headline [,bænə(r)’hedlain] n (кейде
streamer) басты тақырып (газеттің)
bannock [‘bænək] n (Scot) сұлы, жүгері ұнынан
жасалған жайпақ, тəтті нан
banns [bænz] n (Brit) шіркеуде екі жастың
некелесетіні ж. жариялау ♦to have one’s ~ called
– алдағы некелесетіні туралы жариялату
banquet [‘bæŋkwit] A.n 1.банкет (ресми
ас, қонақасы) ♦a wedding ~ - үйлену тойы
(банкеті) B.v 1.банкет беру, ұйымдастыру
2.банкетте болу
bantam [‘bæntəm] A.n 1.тауықтың кішкентай
түрі 2.кішкентай сотқар, тентек адам B.adj
титтей
bantam weight [‘bæntəm weit] n жеңіл
салмақтағы боксшы (51-53.5 кг) не күресші
(52-57 кг)
banter [‘bæntə(r)] A.n əзіл, достық қалжың
♦players exchanging light-hearted ~s with
the crowd – көрермендермен жылы жүзді
қалжыңдасып жатқан ойыншылар B.v
əзілдеу, жылы қалжыңдау
bantering [‘bæntəriŋ] adj əзілдейтін, əзілқой,
ойнақы ♦~ tone of voice – ойнақы дауыс ырғағы
banteringly [‘bæntəriŋli] adv
banting [‘bæntiŋ] n 1.жабайы өгіз (Оңт-Ш
Азияда) 2.диетамен арықтау жолы
Bantingism [‘bæntiŋizm] = banting
bantling [‘bæntliŋ] n (жақтырм) жүгермек
(бала ж.), азғын
Bantu [,bæn’tu:; US кейде ‘bɑ:ntu:] A.n the
Bantu (кейде the Bantus) Банту (Орт. жəне
Оңт. Афр-ғы қара нəсілді адамдар) B.adj
1.банту тілі 2.бантулық (адам)
banyan [‘bæniən] = banian
baobab [‘beiəbæb; US ‘baubæb] n баобаб
(Афр-қ жеміс ағашы)
bap [bæp] n (Brit) дөңгелек жұмсақ нан
baptism [‘bæptizəm] n 1.баптизм, шоқындыру
рəсімі (христиан дін-гі суға түсіру не су бүрку
арқылы) 2.(idm) *a ~ of fi re (a)жауынгердің
алғашқы ұрысы (b)алғашқы қиын іс ♦a
young teacher facing her ~ of fi re – ең алғашқы
қиындық алдында тұрған жас мұғалім
baptismal [bæp’tizml] adj шоқындыру(ға),
баптизм(ге қатысты, -нің, т.с.с.)
Baptist [‘bæptist] n баптиcт (христиан дін-гі
бір тармақты ұстанушы)
baptistery [‘bæptistəri] n 1.шіркеудегі
шоқындыру рəсімі болатын орын 2.шоқындыру
рəсіміне қажет ішінде суы бар астау
baptize, -ise [bæp’taiz] v шоқындыру
bar I [bɑ:(r)] A.n 1.бар, сырахана 2.бар,
(тойда) арақ-шарап тарататын орын 3.бар,
кафе, шайхана ♦coffee ~ - кофе бары ♦snack
~ - жеңіл тағамдар бары 4.(ағаш, темір, т.б.)
сүймен, кесек, үзік, сынық, білік ♦a long iron
~ - ұзын темір сүймен ♦a ~ of chocolate –
шоколад тақтасы, сынығы ♦~ of soap – сабын
кесегі 5.тор бекітпе, торкөз; салма, ысырма,
тұтқа, бекітпе, тиек, ілмек ♦There’s a strong ~
on the door. – Есікте мықты салма бар. ♦They
fi tted ~s to their windows to stop burglars getting
in. – Олар терезелеріне ұрылар кірмес үшін
торкөз (бекітпелер) орнатты. 6.жіңішке
жолақ (түстің, жарықтың, т.б.) ♦At sunset there
was a ~ of red across the western sky. – Күн
батарда батыс аспанда қызыл жолақ алаулап
тұрды. 7.өзен сағасындағы шығанақ, қайраң,
қайыр, саяз жер; салынды, үйме (желмен,
сумен келіп үйіліп қалған қар, топырақ, құм)
8.кедергі ♦Bad English is a ~ to getting a good
job. – Нашар ағылшын тілі жақсы жұмысқа
ие болуға қолбайлау. 9.медаль, награда
орнына тағылатын жолақ(ша) 10.(муз) такт,
такт сызбасы, кестесі 11.(залда адамдарды я
тараптарды тиісінше бөліп тұратын) бөгет,
қанат, кедергі 12. the ~ (a) барристерлер,
адвокаттар (b) заңгерлер 13. (idm) *to be be-
hind ~s түрмеде болу, «торкөз» артында болу
♦The murderer is now safely behind the ~s. – Кісі
өлтіруші қазір тып-тыныш түрмеде отыр.
*to be called to the ~s адвокат я заңгер болу
152
153
14.түтік, білте (м.: электр жылытқышындағы
жылу беретін түтік) B.v 1.(есікті, қақпаны, т.б.
темір я ағаш) ысырмамен, салмамен, таяқпен
бекіту 2.бөгеу 3. ~ smb from smth/doing smth
біреуге бірн. істеуге бөгет болу, жолын бөгеу
♦She was ~red from competition. – Ол сайысқа
жіберілмеді. 4. ~ smth with smth бірн-ге
жолақ, т.б. салу, торлау ♦a sky ~red with clouds
– бұлт торлаған аспан C.prep 1.(біреуден,
бірн-ден) басқа, есептемегенде ♦The whole
class is here ~ two that are ill. – Класта ауырып
жатқан екеуінен басқасы түгел. 2. (idm)
*~ none бəрін алғанда, есептегенде ♦That’s
the best meal I’ve ever had, ~ none. – Мен еш
жерден мұндай тамақ ішкен емеспін.
bar II [bɑ:(r)] n бар, метеорологиялық қысым
бірлігі
barb [bɑ:b] n 1.тікен, тікенек 2.жебенің,
қармақтың басы, тісі 3. (ауысп. мағ.) ащы сөз,
тікен сөз ♦cruel ~s of ridicule – əжуаның ащы
тікендері 4.мұртша, қыл(шық); қылқан 5.үй
көгершіндерінің бір түрі
barbarian [bɑ:’beəriən] n, adj варвар, жабайы,
тағы, тұрпайы ♦~ tribes – варвар тайпалары,
жабайы тайпалар ♦football supporters act-
ing like ~s – жабайыларша азан-қазан болып
жатқан футбол жанкүйерлері
barbaric [bɑ:’bærik] adj 1. жабайы, тағы,
тұрпайы ♦~ invaders – жабайы жаулаушылар
2.тағы, қатыгез ♦~ cruelty – шектен шыққан
қатыгездік ♦~ taste – тұрпайы талғам
barbarically [bɑ:’bærikli] adv
barbarism [‘bɑ:bərizəm] n 1.тағылық,
жабайылық, тұрпайылық 2.(лингв) варваризм
(қолдануға болмайтын шетелдік я дөрекі сөздер)
barbarity [bɑ:’bæriti] n 1.тағылық, қатыгездік
2.стильдің, талғамның, сөздің шикілігі,
тұрпайылығы
barbarize, - ise [‘bɑ:bəraiz] v 1.тағылан(дыр)у,
тұрпайылан(дыр)у 2.тұрпайы сөйлеу
barbarous [‘bɑ:bərəs] adj 1.мəдениетсіз,
дөрекі, тұрпайы ♦~ sounds – тұрпайы үн(дер)
2.қатыгез
barbarously [‘bɑ:bərəsli] adv
barbarousness [‘bɑ:bərəsnis] n
barbate [‘bɑ:beit] adj (биол) мұрты, қылшығы
бар, мұртты, түкті
barbecue [‘bɑ:bikju:] A.n 1.шашлық, кəуап
пісіруге арналған мангал (темір қаңқа)
2.барбекю (сыртта шашлық, т.б. пісіріп өткізе-
тін кеш) 3.отқа қақтап пісірген ет, тамақ B.v
етті отқа қақтап пісіру ♦~d chicken – отқа
қақталған (гриль) тауық
barbed [bɑ:(r)bd] adj 1.мұртшасы, қылшығы
бар, қылқанды, т.с.с. 2.тікенді, тікені, тісі бар
♦a ~ hook – тісі бар қармақ ♦~ wire – тікен
сымтемір ♦~ wire fence – тікен сымтемірмен
қоршалған дуал ♦(ауысп. мағ.) ~ comments –
уытты сын
barbel [‘bɑ:bəl] n кейбір балықтардың
мұртшалары
barber [‘bɑ:bə(r)] A.n шаштараз (адам) ♦I’m
going to to the barber’s (shop) to get my hair
cut. – Шаштаразға шашымды жасатайын
(қидырайын) деп бара жатырмын. B.v шаш,
сақал алу, күзеу, жасау
barber’s itch сақалдың арасына шығатын
бөртпе, қышыма
barber-shop шаштараз, шаш қырқатын кеңсе
barber’s pole шаштараз (кеңсесінің) белгісі
(иреңдеген қызыл-ақ жолағы бар сырық)
barber(r)y [‘bɑ:bəri] n (бот) барбарис (ащы
қызыл жемісті, тікенекті бұта)
barbican [‘bɑ:(r)bikən] n мұнара (бекіністің,
қамалдың)
barbie [‘bɑ:(r)bi] = barbecue
barbiturate [bɑ:’bitjurət] n барбитурат
(ұйықтататын күшті дəрі)
barbituric [,bɑ:bi’tjuərik] adj (хим) барбитур,
барбитур қышқылының я содан алынған ♦~
acid барбитур қышқылы
Barbizon School [‘bɑ:bizɔn sku:l] n Барбизон
мектебі (ХІХ ғ-ң ортасындағы француз
суретшілерінің тобы; Барбизон – Париж
түбіндегі село)
barbwire [,bɑ:(r)b’waiə(r)] = barbed wire
barcarole [,bɑ:kə’rəul] n баркарол (пианиноға
арналған муз. шығарма)
bar code [‘bɑ:(r)kəud] n товардың сыртында
болатын жіңішке, жуан жолақтар, оны
компьютер оқып товар туралы мəліметтер біле
алады
bard [bɑ:(r)d] n 1.бард (бұр-ғы замандағы
кельт-дің ақын, жыршысы) 2.ақын, бард
bardic [‘bɑ:(r)dik] adj бардтардың поэзиясына
қатысты ♦~ poetry – бардтар поэзиясы
bare [beə(r)] A.adj (-r, -st) 1.жалаңаш, жалаң
(a) ♦~ legs – жалаң аяқтар ♦~ to the waist –
беліне дейін жалаңаш (b) ♦~ fl oors – жалаңаш
еден (c) ♦~ hill side – жалаңаш тау бөктері
(d) ♦~ trees – жалаңаш (жапырақсыз)
ағаштар ♦~ head – жалаң бас ♦~ hands – құры
қол (яғни, құрал-саймансыз) ♦(ауысп. мағ.) ~
facts/truth – жалаң фактілер/шындық 2.бос
♦a room ~ of furniture – жиһазы жоқ бөлме ♦~
shelves – бос сөрелер 3.болмашы, тек қажетке
ғана жарайтын, жалпы(лама) ♦the ~ necessi-
ties of life – тіршіліктің талғажауы, жүрек
жалғауға ғана жететін нəрселер ♦a ~ ma-
jority – болмашы (жеткілікті) көпшілік ♦in
~ outlines – жалпылама түсініктер 4. (idm)
*the ~ bones (of smth) (бірн-ң) ең негізгі,
бастапқы бөлігі *to lay smth ~ əшкерелеу,
ашу, əйгілеу *to lay ~ the truth шындықты
ашу *~ dislike ашық жақтырмау B.v 1. (a)
жалаңаштау, көрсету ♦to ~ one’s chest –
кеудесін жалаңаштау ♦to ~ end of wire – сым
темірдің ұшын жалаңаштау (b) ашу, əйгілеу
♦to ~ damaging new facts – зиян келтіретін
жаңа фактілерді əйгілеу 2. (idm) *to ~ one’s
teeth тісін ақситу *to ~ one’s heart/soul ішкі
сырын ақтару, біреуге жан сырын ашу
bareback [‘beə(r)bæk] adj, adv жайдақ,
ертоқымсыз ♦to ride ~ - атқа жайдақ міну
barebacked = bareback
barefaced [‘beə(r)feist] adj 1.жалаң бет,
беті ашық 2.өжет, батыл ♦a ~ approach –
өжеттікпен жақындау 3.именбестен,
шімірікпестен ♦a ~ lie – шімірікпестен алдау
barefoot [‘beə(r)fut] adj, adv жалаң аяқ
barefooted [,beə(r)’futid; ‘beə(r)futid] = barefoot
barehanded [,beə(r)’hændid; ‘beə(r)hændid] adj,
adv жалаң қол
bareheaded [,beə(r)’hedid; ‘beə(r)hedid] adj, adv
жалаң бас
barelegged [,beə(r)’legid; ‘beə(r)legid] adj, adv
жалаң аяқ (сан мен балтырды қоса)
barely [‘beə(r)li] adv болмашы (ғана), ғана,
мардымсыз; əрең (дегенде) ♦We ~ had time
to catch the train. – Біздің тек поезд тауып
мінуге ғана уақытымыз болды. ♦He can ~ read
and write. – Ол əрең оқып жаза ғана алады.
♦The room was ~ furnished. – Бөлме аздап қана
жиһаздалыпты. ♦She’d ~ sat down before he
started fi ring questions at her. – Ол отырып та
үлгерген жоқ, анау оны сұрақтың астына
алды.
barenecked [‘beə(r)nekt] adj, adv мойны ашық
barf [bɑ:(r)f] (US) A.v құсу B.n құсық
barfy adj
barfl y [‘bɑ:(r)fl ai] n (US) (сөзбе сөз = бар
шыбыны) бардан шықпайтын адам
bargain [‘bɑ:gin] A.n 1.келісім, байлам
2.саудаласу бағасы, арзандатылған товар ♦I
might buy a TV if I can fi nd a ~ in the sales.
– Егер маған арзан баға кезіксе, телевизор
алуым əбден мүмкін. ♦to be a ~ - арзандатылу
♦These shoes are a ~ at $22. – Бұл аяқ киімдер
арзандап $22 тұрады. ♦~ holiday – заттар
арзанға сатылатын апта ♦~ clothes –
арзандатылған киімдер 3. (idm) *to keep your
side of ~ байламға берік болу *to strike a ~
байламға, келісімге келу *a bad ~ (a)тиімсіз
келісім, байлам (b)ұтымсыз сауда *to drive a
hard ~ өте ұтымды байламға қол жеткізу *a
good ~ (a)тиімді келісім, байлам (b)ұтымды
сауда *into the ~, in the ~ қосымша, оның
үстіне ♦She was a distinguished scientist and
a gifted painter into the ~. – Ол белгілі ғалым,
оның үстіне дарынды суретші болатын. B.v
1.~ (with smb) (about/over/for smth) саудаласу,
шарттасу, келісімнің, байламның шарттарын
талқылау 2.(phr v) *~ smth away (арзанға)
беріп қою, беріп жіберу ♦The leaders ~ed
away the freedom of their people. – Басшылар
халқының бостандығын талақ етті. *~ for/on
smth (нашар я қолайсыз нəрсе) күту не оған
əзір болу ♦The exam was more diffi cult than I
had ~ed for. – Емтихан мен күткендегіден гөрі
əлдеқайда қиындау болды. ♦Tom didn’t ~ on his
wife returning so soon. – Том əйелін тым ерте
келеді деп күтпеген еді.
bargain basement [‘bɑ:gin,beismənt] n
дүкеннің арзандатылған заттар сататын
астыңғы қабаты
bargain counter [‘bɑ:gin kauntə(r)] n
дүкеннің арзандатылған заттар сататын
бөлігі
bargain hunter [‘bɑ:gin hʌntə(r)] n
арзандатылған заттар іздеуші адам
bargainer [‘bɑ:ginə(r)] n саудаласушы
bargaining [‘bɑ:giniŋ] n саудаласу, шарттасу
♦After much hard ~ we reached an agreement. –
Біз ұзақ саудаласқаннан кейін келісімге келдік.
bargaining counter [‘bɑ:giniŋ ,kauntə(r)]
басымдық беретін нəрсе ♦Ownership of the land
154
155
gives us a strong ~ counter. – Жерге иелік бізге
əжептəуір басымдық береді.
bargaining position [‘bɑ:giniŋ ,pə’ziʃn]
саудаласу, шарттасу халі, жағдайы ♦ We are
now in a rather poor ~ position. – Біздің қазір
саудаласу жағдайымыз нашарлау.
bargain sale [‘bɑ:gin seil] n 1.арзан зат
2.арзандатылған сауда-саттық
barge [bɑ:ʤ] A. n 1.баржа, сал 2.мерекелік
үлкен қайық B. v 1.баржамен тасу 2.ауыр, епсіз
қимылдау, қорбаңдау ♦ a big man who ~d along
the street dragging his heels – көше бойымен
аяғын сүрете басқан ірі адам 3.(phr v) *~
about ары-бері қорбаңдау, ебедейсіз жүру *~
in/into smth ентелей, қорбаңдай кіру; əңгімеге
килігу, сөзді бөлу ♦ Don’t ~ into the conversa-
tion. – Əңгімеге килікпе(гін).
bargee [bɑ:’ʤi:] n ( Brit) ( US barge-man)(a) баржа
капитаны, бастығы (b) баржа экипажы мүшесі
barge-man = bargee
barge-pole [‘bɑ:ʤpəul] n 1.баржаны басқаруға
арналған ұзын таяқ 2. (idm) *not to touch smb/
smth with a ~ біреуді/бірн-ні білгісі келмеу,
араласқысы келмеу
baric I [‘beərik] adj ( хим) барий(дің)
baric II [‘bærik] adj барометр(дің)
baritone [‘bæritəun] n ( муз) 1.баритон (дауыс)
2.баритон (əнші)
barium [‘beəriəm] n ( хим) 1.барий (жұмсақ
күміс түсті металл) 2. ~ meal барий тамағы
(ішек-қарынды рентгенге түсірмес бұрын
жұтылатын я егілетін хим-қ зат)
bark I [bɑ:k] A. n ағаш қабығы B. v 1.ағаш
қабығын аршу 2.терісін сырып алу ♦ He ~ed his
shins against some stone steps. – Ол тізесінің
төменгі жағын тастарға сырып алды.
bark II [bɑ:k] A. n 1.(a) арсыл, шəуіл, үру
(иттің, т.б.) (b) ( ауысп. мағ.) тарсыл, ырсыл
(оқтың, жөтелдің, т.б.) 2. (idm) *smb’s ~ is
worse than his bite ( ауызекі) ашуланғанмен
зілі жоқ, ашуы қатты болғанмен ниеті оң
деген мағ. B. v 1.(a) ~ (at smb/smth) (ит ж.)
арсылдау, үру, шəуілдеу ♦ Our dog always ~s
at strangers. – Біздің ит ылғи да бөтендерге
үреді. (b) ( ауысп. мағ.) тарсылдау, ырсылдау
(оқтың, жөтелдің, т.б.) 2. ~ (at smb); ~ smth
Достарыңызбен бөлісу: |