да партия семсерлері қулықты ойлап тауып «Союзхлеб»
дегенді ұйымдастырып, 1929 жылы 6 маусымнан бастап
егін піскен бойда қамбаға құйдырмай, «Қызыл керуен»
атандырып Отанға деп жөнелте бастаған. Күн сайын 7 мың
463 вагон толы астық қиырдан-қиырға, одан соң шетелге
кетіп жатқан. Егер жоспарлы астықты тапсырмаса «Контр
степных гигантов» деген қаулы бойынша түрмеге жаба
бастаған. 1928 жылы Ақтөбе облысының кеңшарлары бо-
йынша әрбір елді мекенде 40-50 диқан қалып, олар 70-200
гектарға ғана егін салыпты. Бұл облыстағы егіс көлемінің
50-60 пайызы екен. Өйткені көп шаруашылықтарда тұқым
қоры болмаған. Бай-кулакпен күрес қызып тұрғанда,
тәркілеудің топалаң көрінісінде Акулов, Гориенко, Оги-
щенко және басқалары үкіметтің арып-ашыққандарына
астық бергенше далада шіріп қалған астықты жасырған,
олардан 5-6 тоннадан астық тартып алынған. Сол жылы
100 000 рубльге Жұрын элеваторы салынып, жиналған
астықтың 80 пайызын Отанға жіберіп үлгеріпті. «Астық
жинаудың мылтықсыз майданы жүріп жатыр», – деп жа-
зады «Степная правда» газеті (1929 жыл, №25 (252)). Ал
сол газеттің 29 (286)-санында: «...На вечернем заседании
сессии ВЦИК 21 ноября были заслушаны доклады замнар-
комфина т. Карпа, бюджет РСФСР на 29-30 годы составля-
ет 159 миллионов 450 тыс. рубль...» деп халыққа қаржы
беріп жарылқап жатырмыз демей ме? Бұл кезде қызыл
жағалы, жырық етектілердің өліп-өліп, өлім сарқытындай
тірі қалған адамдарды түрмелерге жинап жатқанын Сталин
сезді ме, болмаса оларға жігер-қайрат, айбат беріп желік-
тіре түскісі келді ме, газеттің 292-санындағы бас мақалада:
«...В чистке Соваппарата неудивительно поэтому, что бур-
жуа всех стран питают к ГПУ животную ненависть. Нет та-
32
кой клеветы, которую бы не распространяли про ГПУ. А это
значит, что ГПУ правильно отраждает интересы револю-
ций (Сталин)», – делінген. Көсем нұсқады, ГПУ айтқанын
асыра орындады. Жоғарыдағы «Степная правда» газетінің
83 (290)-санында жазылғандай, терроршы кулактар үш
ағайынды – Александр, Михайл, Андрей Пузанневті ОГПУ
ұстап, он-он бес минут тексеріп, оларға Кеңес үкіметін
құлатуға әрекет, астық дайындауға қарсы үгіт жүргізген
деген айып тағып атып жіберген. Газеттің осы санындағы
хабардың бірінде революциялық әскери кеңес басшысы
Ворошилов жолдасқа «Астық майданы дайындаған вагон-
дарды Ақтөбеден Москваға жөнелттік» деген телеграмма
да кездеседі. Бұл газеттің 1929 жылдың 15 желтоқсанын-
да жарыққа шыққан саны болатын. «Хлебный фронт» бо-
йынша әрбір бес күн сайын 67 395 пұт астық дайындалып,
Отанға жөнелтіліп отырған. Елде халықтың аштығын еске-
ру назардан тыс қалғаны өзінен-өзі түсінікті. Аштықтың
бұғауы бұғананы үзіп жатса, не түрлі жыртқыштық оқиға
да қылаң береді екен. Оған ОГПУ басшысы Кемердің Ақтөбе
крайкомының жиналысындағы есебінде: «Батбаққара ау-
данында 1932 жыл мен 1933 жылдың ақпан айына дейінгі
аралықта аштан 4781 адам өлген, өлім тыйылған жоқ.
Азық жоқ. Аш адамдар көп. Ойыл ауданында 353 аштан
өлген, 167 адам ашығып өлімші халде, шұғыл көмек ке-
рек. Ал Темір ауданында 566 жанұя адамдары аштыққа
ұрынған. Көмек жетпеген. Торғай ауданының ауылда-
рында күн сайын 2-3 адам аштан өледі. Милициялардың
тексеруі нәтижесінде үш адамды сойып, етін кашіге ара-
ластырып сатып тұрған жерінен Безматерный деген зұлым
қолға түсіп, тергеу жұмысы жүріп жатыр. Батбакарин ау-
данында Қ. Абдрахманов, Ж. Ерғалиев дегендер қоймадан
160 пұт астықты ұрлаған. Ойыл, Табын, Темір, Ақтөбе,
Ақбұлақ аудандарында үкіметке қарсы 107 бай, діншіл 10
адам елге іріткі салып жүр. Олардың 34 ұсталып түрмеге
жабылды. Ақтөбеде Е. Қаналин «Союзплодовощта» қызмет
істеп, ұрлық жасап екі рет сотталған, мекеме бастығы ком-
мунист Шілдібаев азық-түлік ұрлауға көмектескен. Олар
да жазасын тартады», – делінген. Бұл есепке ОГПУ-дың
облыстық бөлім бастығы Кемер және ОГПУ орынбасары,
33
СПО бастығы Бурдаков, Духовичтің қол қойған құжатын
көресің (ф. 13. оп. 2. акт обкома 40391). 1921 жылдан бастап
аштықта қырылған халықтың есебі туралы құжаттар сараң
ашылады. Қызыл империя шу дегеннен улы тырнағын
қазақ еліне батырып, онсыз да жартылай қырылған
халықтың 1922 жылы жиналған жаңа егінінің 417 мил-
лион пұт астығын салық есебінде тартып алған екен. Ауыл
айтқыштары: «Айналайын үкімет, ажал бергеніңе шүкір
ет, бетімдегі бес тесік үшін, жаныма біткен екі қолым үшін,
артымда қалған ізім үшін, үйдің мұржасынан қисық түтін
шыққаны үшін, қызыл жағалының қадірін ұққаным үшін,
бір үзім нан таба алмай көзімнің шыққаны үшін, сүрінсем
өле кетейін деп тұрған арса-арса түрім үшін, іштен тына-
тын үнім үшін, көретінім күн емес, қап-қараңғы қауіпті
түнім үшін», – деп зарлаған халықтан 277 миллион сом
салықты алтынға балағанға теңгеріп жинап алды. Соны
орындаушы қызыл жағалылар ырқ-ырқ күліп: «Дала-
да тышқан көп, соны аулап жесеңдер өлмейсіңдер, итті,
мысықты жеп тауысыпсыңдар. Көлдің балығы үкіметтікі,
оны ұстауды байқаңдар. Айтпақшы, мия тамыры, дән
араластырған көк сабан, борық, доңызқоға түйнегін, тары
кебегін, атқұлақты – бәрі-бәрін теріп жесеңдер, борсықтай
аппақ боп семіресіңдер. Ақылды, іскер әйелдер адал шөп
түрлерінен отыздан астам тағам дайындап, жанұясын
аштықтан аман сақтап жүр. Өлмейсіңдер, ең бастысы,
әлемді жақсылығымен жарылқайтын үкімет өлмеуі ке-
рек», – деп кейбірі үгіт айтпады деймісің. Сонда сақалын
тарамдаған қарияның: «Далада тышқан құрыған. Тышқан
аулау, терісін мемлекетке өткізу науқаны нені қойсын?!» –
деген сөзінің жаны бар. «Актюбинская правда» газетінің
(18 және 26 наурыз, №6, 12. 1932 ж.) сандарында:
«Қазақстан 4 миллион штук тышқан терісін дайындауы ке-
рек. Әсіресе жеті ауданда тышқан мол. Торғай және Ақтөбе
аудандарының құмды өңірлерінен тышқанды ерте аулап,
жоспарды асыра орындауға болады», – дей келіп: «Облыс-
та сүт өнімдерін дайындау наурыз айында 51 862 центнер
ғана, бұл аз, сиыр қысыр қалған ба? Облыста көктем егі-
сіне тұқым қоры 15 пайыз ғана, жұмысшы күші де жет-
пейді. Облыста 109 кеңшар бар, оларға Москва (РОСТА)
3-0203
34
дәнді дақылдың тұқымын жеткізуі керек еді, әлі күнге
тұқым келген жоқ. СССР қаулысы бойынша Қазақстанға
107 000 тонна, оның 49 000 тоннасы бидай тұқымын Мәс-
кеу жеткізуді жобалаған. Бірақ 5 наурызға жоспардың
5 пайызы ғана орындалып, шаруашылықтар тұқым қо-
рынсыз отыр», – дейді. Міне, халықтың өзі өндірген азық
өнімін үкіметке деп жинап алып, шаруаның қарбалас
уақытында көмек болмаса аштықты әдейі ұйымдастыру
демей не дер екенсің? Қатайған қатыгездік жасырын
түрде, қанішер зұлымдық заңдастырылған белгісіз күйде
жүргізіліп жатқанда, аққу ұшып, қаз қонатын көлде
балық жоқ, даласында тышқан жоқ, туған жердің ыл-
диы мен өрі, сай-саласы, жазық даласы өлікке толды.
«Жүдегенді демеп, жылағанды жұбататын үкімет қайда?»
деген зарды қызыл жаға тыңдар ма? Тірлігіне үнемдеген
азығын тонайды, алдымен заң осылай деп айтады. Үгітке
көнбесе қызыл жаға мылтыққа жүгінеді. Бермесін тартып
алады. Сорлы халық «Ажал тау сыртында деп жүрсек, ту
сыртымызда, іштен шыққан ұрпағымыздан болғаны ма?»
деп естен танады. Елдегі ақыл иесі қариялар: «Аштық:
«Қайдан табайын?» – дейді. Қайғы: «Мұңымды кімге
шағайын?» деп тынады. Тірісінде бір-бірінің етін жесе де,
сүйегін далаға тастамайтын халық дала толған өлікті, қала
толған өлікті жерлеп үлгере алмағанын естігенбіз», – деп
отырушы еді. Осы қалың қайғыны Қазақстанның Орта-
лық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы әрі аш халық-
қа жәрдем ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы
Сейітқали Меңдешев Бүкілодақтық Атқару Комитетінің
төрағасы М.И. Калинин мен Ұлт істері жөніндегі халық
комиссары И.В. Сталинге халықты аштық қырғынынан
сақтауды айтып үсті-үстіне хабарлап көмек сұрайды.
Еділ бойындағы аштыққа ұрынған деп 23 миллион ха-
лықтың біразын қазақ жеріне қоныс аударуға шешім
шығарып, олардың көшіп келіп кейбірі әлсіздерді тонап,
талап зәбірлеп жатқаны, қазақ еліндегі аштықтың үлкен
нәубетке айналғанын, кейбір ауыл түгелдей қырылып қал-
ғанын, 460 мыңнан астам бала қамқорлықсыз қаңғып, бі-
разы өліп жатқанын баяндайды. 1922 жылғы 25 шілдеде
С. Меңдешев басқаратын комиссия атынан: «Қазақстанда
35
аштық ұлғайып шегіне жетті. РКФСР-дың орталық ор-
гандарынан ашыққандарға жәрдем көрсетуді сұраймыз,
босқындарды қабылдауға мүмкіндік жоқ, келгендерін
кері қайтарып алуды өтінеміз», – деп дабыл қаққанға
ешқандай көмек болмаған. Бұл деректерді де тарих жоққа
шығара алмас. Сол кезді есіне алған есті қарияның бірі:
«Мәскеуде адамның қанына отырмаса дерті жазылмайтын
антұрғандар отырған шығар!» – деп түңіліпті деседі. Әлді
адам әлсіздің етін жеп жатқан оқиғаны жоғарыда айттық.
Бүгін не ертең өзім де өлемін-ау дегендердің бір әулиеден
жұмақ пен тамұқтың рахаты мен бейнетін сұрай берген
соң:
– Асықпасаң, жұмағының да, тамұғының да қызығын
тездетіп өзіміз көрерміз, – депті. – Қан су емес, жас емес,
жүрек сорлы тас емес, бірақ тарихта әрбір көсемнің
өзгенің көзіне көрінбейтін жетекшісі болады. Егер ол
тасжүрек Ібіліс болса, халықтың қаны судай шашылудан
кенде болмас, – деп ақын жүректі әулие жер шұқыпты. Ел
еңсесін көтертпей есалаң қалыпқа түсіріп, үрейлі халықты
басқарудың жолын тапқан сталиндік заманның 1921
жылғы «Петроград жауынгерлік ұйымы туралы іс», осы-
дан кейін арасын суытпай «Эсерлер процесі», одан кейін
мылтықты кеудеге тақап, қылмыскер жаппай атылсын
деген ұрда-жық үнмен «Шахтинский процесі», «Пром-
партия ісі», «Меньшевиктер процесі», «Тухачевский ісі»,
«тексіз космополиттер», «соттан тыс органдар», «әйгілі
үштіктің ерекше процесі», сайып келгенде, мұның бәрі
тырс етсең тыраң еткізетін, кеңірдегіңді алмаспен қиып,
о дүниеден қылаң еткізетін, қалың қайғы-қасіреттің зар-
дабы қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайды. Жоғарыдағы
істерге байланысты деп ұсталғандардың көбін үштік
он-он бес минут қана сұрақ-жауаппен істі жауып, атуға
үкім шығарып, жазаны өтей салғандығы туралы дерек-
тер жетерлік. Сонымен, аштық отыз екінші жылдарға
ұласты делік. Сол екі ортада Қазақстанда 1928 жылы 27
тамызда «Байлардың шаруашылығын конфискілеу ту-
ралы» декрет қабылданып, 630 бай тәркіленіп, олардан
140 000 бас мал тартып алынды. Сүргін кезеңдерінде 37
миллиондай малдан айырылу халықтың тірлігін обадай
36
опырып кетті. ОГПУ-дың 1933 жылдың 6 қыркүйектегі
өлкелік кеңес хатшылығына тапсырылған хатта (ф. 13.
оп. 2.): «Батбаққара ауданындағы 70 ауылдың 18-і қалған.
Бәрі өлген. №1, 3, 5, 6, 7 ауылдарда адам етін жеу, өлген
ит-мысықты жеп өлу фактісі бар. Темірде 30 адам өлген.
Екінші ауылда ашыққандарға көмекке бөлінген астықты
бай Айманқұловқа берген. Қылмыстық іс қозғалды...
Ырғыз ауданында 60 адам аштан өлген, ашыққандарға
дер кезінде көмек жетіспей жатыр... Екінші ауылда Дүрия
Сүлейменованың төрт баласы бар, күйеуі өлген, бір қысыр
сиыры бар, аштыққа ұрынған. Бір пұт тары бергіздік.
Ол қаншаға жетеді?! Қарақұмдағы 35 шаруашылықты
мекендейтін кедейлер аш, Жаңаталапта ТОЗ құрылыпты,
бағымдарында 128 жылқы, 113 түйе бар, басқадай азық
қоры жоқ. Сегізінші ауылда сельпо бастығы Ұзақбаев
атқамінер, інілері – Танманбет, Бекманбет, Кеуімбет
болып «біз үштікпіз» деп әлсіздерге зәбір көрсеткенін
анықтадық. Ауылдардың бірде-біреуінде дәрігер жоқ.
Ауру, түрлі індет бар», – делінген. Бұл – ОГПУ-дың бір
ғана жолсапарындағы обкомға жазған құпия хаты. Бұдан
талай ауыл-аудандарда аштық белең алған қалпынан
тоқтау таппағаны байқалып тұр.
* * *
Ұлтымыздың ойшылдары, даналары, біліктілерінің
қай-қайсысы болмасын, дербес мемлекет болуды, басқа
республикалармен экономикалық қарым-қатынас арқылы
дамуды көздеп, сол жолда күрескендігі де белгілі. Олар
қырғыз-қайсақ деген сөзден құтылып, РКФСР құрамында
болса да Қазақ Автономиялық КСР-ін құру мақсатында
1920 жылғы 26 тамыздағы Бүкілодақтық Орталық Атқа-
ру Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі-
нің декреті бойынша әкімшілік-аумақтық шекара, қар-
жы, техникалық құралдар, басқа да толып жатқан істер
тетігін белгілеген болатын. Оған Т. Рысқұлов, С. Қо-
жанов, А. Байтұрсынов және басқаларының құнды ұсы-
ныстары, қосымшалары тапсырылған. Бұған И. Сталин
көнер ме? Егер Кеңес Одағына, бір партияға, бір ұлтқа
негізделіп құрылмаса, лениндік идея да жүзеге аспасы
37
белгілі. Сондықтан Сталин ұлтшыл, солшыл, оңшыл де-
ген сықылды саяси астар беріп басқыншылық тәртіпті
нығайтпаса, онсыз да мешеу елдер бет-бетімен түйе
айдағандай болады деп түсінбеді деймісің. Сондықтан Ста-
лин: «Қырғыз партия ұйымдары ұлттық саясат негіздерін
жете меңгермеген және оны практикада бұрмалайды», –
деп бір тәртіптеп алса, 1923 жылы ГПУ-ға Алашорданың
қызметінде нендей шикілік барын тексеруді тапсырып
табыстайды. Көсем айтты, жүз пайыз орындалады. «Степ-
ная крестьянская газетаның» 154-санында, 17 наурызда
Орынбор қаласының облыстық съезінде: «...На съезде стоял
вопрос о форме будущей власти. Комиссар г. Оренбурга
Букейхан, призывал голосовать за конституционную мо-
нархию», – деген сықылды мәліметтерден Сталин хабар-
дар емес дейсің бе? Сөйтіп, Кеңес Одағында 1927 жылы
қуғын-сүргін басталды да кетті. Онсыз да аштықтан еңсе
көтермей, қырылып жатқан халықты осы кезде де түн
ұйқысынан шошытатын үрей кезді. Ерлі-зайыптылар
түнде ұйқыға жатар алдында таңға тірі шығамыз ба, жоқ
па деген күмәнмен бақиласып жататын-ды. Тарих ғы-
лымдарының кандидаты З. Байдосов 1922-1923 жылғы
аштықта қазақтардың 800 мың адамы қырылып қалды
деуі, қандай деректен алса да, тым аз деп жоғарыда айттық.
Өйткені, ол кезде халық саны да нақты емес және далада
босып, қырылып қалған адамды кім санап көмді дейсің?!
Сондықтан екі-үш жылға созылған аштықта кем дегенде
екі миллион адам аштан өлген болуы әбден мүмкін.
«Степная правда» газетінің 1929 жылғы 48 (255)-санын-
да төмендегіше мәлімет бар: Ресей соғыстарда халқының
екіден бір бөлігінен айырылды, 1 миллион 700 мың адам
өлді, 300 мың адам жараланды, 500 мың адам шетел тұт-
қынында өлді. Германия 67 миллион халықтан 65 мил-
лионға азайды, Австро-Венгрия 52 миллион халқынан
49 миллионға, Франция 39 миллионнан 35 миллионға
азайды. Соғыстың үш жылында Англия, Франция, Герма-
нияда өлім 7,11 пайызға өсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс
зардабы осындай болуымен қатар, жер шарында испан
тұмауы 12 миллион адамды жалмап кеткендігін газет жа-
зады. Мұндай адам шығыны қазақ елінде де болды ғой. Ис-
38
пан тұмауы да талай қазақты ажалынан бұрын о дүниеге
әкеткенін бабаларымыздан қалған сөздер нақтылай түседі.
«Жылың тұман болсын, ауруың тұмау болсын» деп қарғаса,
енді бір сөзін «Тұманның соңы жұт, тұмаудың соңы құрт»
деп түйіндеген. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде халық
зарын шексе де тірілері болашақтан үмітін үзбеді. Кеңес
үкіметі жарылқайды деген сенім мықты еді. Капиталис-
тік қоғамнан көрген зәбірден түңіліп, буржуазиялық
саясатқа жиіркенішпен қарады. Оған дәлел ретінде га-
зеттің 1929 жылғы 22 тамыздағы санында жарық көрген
М. Горькийдің «Если вспыхнет война» мақаласындағы:
«Фашистердің «стальный шлем», «война родит героев»,
«бесстрашные люди» сықылды Американың сақтандыру
ұйымы 1913 жылы ұрланған мүлік үшін 2 миллион доллар
төлесе, 1927 жылы 17 миллион доллар төлеген. Банды мен
ұрыларды мұндай ынталандыру, мемлекеттің сақтандыру
қоры арқылы қаржыландыру буржуазияға тиімді әрі өте
керек...» – деген ойын алға тартамыз. Демек, Кеңес үкіметі
мұндай бандылар мен ұрыларға жол бермей, заңмен қатаң
жазалайтынын санаға жеткізіп отыр. Газет 25 қарашадағы
санында 33 кулактың 1000 пұт астықты халықтан жасы-
рып, тығып қойған қоймасы табылғанын жазады. Демек,
ұрлықпен күрес бастау алғанын оқушы түсінеді. Аштан
өліп жатқандар обалымызға бай-кулактар қалып отыр
деп ұғынады. Көп ретте өзі солай болғаны анық та шығар.
Өмір-тіршіліктегі, ғаламдағы, бүкіл әлемдегі түрлі-түрлі
өзгеріс бір елден екінші бір елге ауысып, жаңарып неме-
се азып-тозып жатпай ма? Кеңес Одағы бірегей біртұтас
әділетті мемлекет атанып, дүлегей айбарын әлемге
танытқан тұста еркіндік аңсаған халықтың бас көтерулері
жиі екенін газеттің хабарларынан білеміз. «Степная
крестьянская газетінің» 1927 жылғы 30 тамыздағы
142-санында электр столына отырғызылып, өлім жаза-
сына кесілген Ванцетидің ұлы Саккоға: «Сенің әкең –
қылмыскер емес, әлемдегі таңдаулы адамдардың бірі,
еркіндік аңсаушы, адам құқын қорғауды заңдылықпен
шешуді талап етуші. Әкеңнің адалдық жолындағы
ісі жұмыр жердегі қорланушы халықты оятады! Сау
болыңдар, еркіндік аңсаушылар, сау болыңдар, әйелім,
39
балаларым, достарым!» – деген сөзі бар. Кейін Сакко да
электр столына отырғызылып өлім жазасын тартады. 28
тамызда әлемнің түкпір-түкпірінде Сакко мен Ванцетидің
жерленген күнінде ереуіл толқулары болғанын жазады.
Олардың есімімен талай көшелер аталады. Еркіндік туын
көтергендерді өлім жазасына кескендерге қарғыс айты-
лады. Газеттің осы санында хабарланғандай, КСРО ОАК-
нің сессиясы 1927-1928 жылдың бюджетіне 6 миллиард
88 мың рубль қаржы бөледі. Бұл қаржы еркіндік аңсаған
елдің қажетін өтеді ме, өтемеді ме, оны уақыт тарихтың
қараңғы қойнауына жасырды. Ақпарат құралдарындағы
хабарларда Арал балық зауыты 500 000 центнерден балық
өндірсе, оның өнімі де аш-жалаңаштардың өмір-тірлігіне
бұйырмай, Отанға жөнелтіліп жатқан көрінеді. Жоғарыда
Еділ бойынан қазақ еліне 23 миллион халықтың біразы
жер аударылуын Сталиннің бұйрығы екенін айттық.
Оларға азық-түлік, үй жағдайлары құпия тапсырыстармен
нәтижелі қаралса, жергілікті жерлерде олардың тарапынан
үстемдік, тартып алу, тонау, түрлі ұрлық, зәбір көрсетулер
байқалып жатқан. «Актюбинская правда» газетінің бір са-
нында: «Жетіқара ауданының РПС мекемесінің бастығы
Молчанов: «Егер жұмыс істей алмасаң, аштан өл! Өлігіңді
итіме жегізем!» – деп қазақтарды қорлады», – деген ақпар
бар. Шовинизмдік көзқарас басқа жерлерде де байқалған.
Аштық, зорлық-зомбылық, ар-намысты қорлау, өлімші
ету, мазақ, түрлі жазалау сықылды дүмпуге шыдамаған
халықтың наразылығы күшейіп, ақырында 1929-1932 жж.
аралығында 372 көтеріліс болғаны аздап айтылады.
Бұл толық зерттеуді, шындықты келер ұрпаққа ашық
жеткізуді талап етеді. Орыстілділердің қазақ жеріне қо-
ныс аударулары толассыз жүргізіліп отырған. Мәселен,
Ақбұлақ ауданына 388 жанұя көшіп келісімен, билікті
қолдарына алып, шаруашылықтардың азық-түлігін, мал-
мүлкіне қожалық етіп, жергілікті қазақтарды шеттете
бастаған (ф. 13. оп. 2. 31-бет). Осындай қорлық ереуіл,
көтеріліс туғызбай қайтеді?! «Ұра берсең жылқы да шам
шығарады» деп еркіндіктің нақты жолын аңсаған ұлт
көсемдері Сакко мен Ванцетидің есімдерін тарихымызға
алтын әріптермен жазу керек-ақ. Қызыл жендеттердің
40
жылтырақ саясатына малданғандар мен тесік құлқынын,
орынтағын күйттегендердің шындық айтуға батылы жет-
пей, қайта ұлттың даналары мен ұлы тұлғаларын түрмеге
тоғытып, атып, тіпті тұқымына дейін жойып жатты. Са-
ясаты қарапайым халықты қолдау емес, қорлауға ай-
налды. Оған дәлел сол, 1920 жылы елден аластатылған
Әлихан Бөкейханұлы, Жаһанша Досмұхамбетұлы, Ах-
мет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқайұлы және барлығы
47 адамға сот болып әр түрлі жаза алса, 1937-1938 жыл-
дары «Алаштың» көш бастар көсемдері «халық жауы» деп
атылып кетті. Халқымыздың данасы Ахметті жоқтаған
ақын Уәлі Беспақұлы:
...Айдарлым түсті азапқа,
Болатын тұтқа қазаққа.
Ахметке қол салу –
Көрсеткен бізге мазақ па?
Кетсем де белден тозағым,
Досыма қолды созамын!
Ахаң мен Жақаң айдалды,
Кімнен мен сірә озамын?!
Өзіме-өзім оқ аттым,
Өсекті қардай бораттым.
Осылай жүріп мен сорлы,
Абыройымды тонаттым, –
деп зарлаған толғауы халық жадынан ұмытылар ма?
Сталиндік зұлматты кешіре алар ма? Торғай екеш торғай
да ұясын қорғайды, қорғанышынан айырылған ұяда не
қалады?! Жылан жатады өз інінен безінген. Ұяға қайтып
келіп қонақтайтын құсты аңдиды. Жылан ылаңы да құпия.
Сол сықылды ессіздік, үрей, қорқақтық, сатқындық кеу-
делерге бір ұяласа, одан еркіндікті, азаттық ойды, ақылды
сұраудың өзі қиянат. «Жатыпатар жалбаңбайым» деп
іштен тынып күпіңді бүркеніп, ажал қашан келер екенсің
деп бүк түсіп жатасың. Халық аузында «Сужүректік...
түбіңе сол жетеді, өлім, үрей – ағайынды екеуі» деген
41
мәтелге айналған сөз қалды. Оны түсінгендер күрсінер,
түсінбегендерге бәрібір. 1931 жылы Батбаққара ауданын-
да 46 246 жанұя болған, тәркілеу, тартып алу дүрілдеген
тұста қару асынғандардан дірілдегендер малдарын сойып,
етін жерге көміп, өзен-көлге тастап, қорқыныш-үреймен
жаппай аштыққа өздері ұрынған. «Оқтаусыз мылтық та
атылады, пышақты кезенбе» деп суық қару ұстамаған
қарапайым халықтың өз ажалынан бұрын өлгендерінен
1932 жылы 12 884 адам тірі қалғанын, олардың иелігінде
бар болғаны 8597 мал қалғанын айтып, аудан хатшы-
сы Ибрагимов пен аудандық кеңес басшысы Торғаев
амалсыздықтан жұқарса, оны кім тыңдапты?! Қарапайым
есепке жүгінсек, 46 246 жанұяның әрқайсысында 4 адам-
нан болды дегенде, 184 874 адамның аштан қырылғанынан
қалғаны 12 884 болса, ажалынан бұрын өлген 171 990
адамның обалы кімге? Қызыл жендеттерге ме? Бәрібір
бір өлім деп, қайраты барлар көтеріліс жасамай қайтеді?!
Бұл бір аудандағы, бір кезеңдегі қанды қырғынның
көрінісі болса, қазақ еліндегі көптеген аудандарда қан-
шама халықтың қырылғанын айтып жеткізу қиын шы-
ғар. Өйткені шындықты айту мылтықтың қарауылына
іліндірген қауіп-қатерлі кезеңде әркімге жан тәтті. Бір
күн болса да көрер жарықты қимау баршылық. «Кештік
өмірің болса, түстік мал жи» деген қазақы пиғыл және
бар. (ф. 13. оп. 2. 5 февраля, 1933 г.) Социализм, адамдарға
жасалған қатыгез сынақ ерте ме, кеш пе, капитализмге
айналып соғар деушілер де табылған шығар, ертеңін бол-
жайтын естілер болмады деймісің. Голощекиннің нұс-
қауымен Сталиннің келісімі бойынша 1930 жылы 20 ақ-
панда Орталық Комитеттің: «Экономикалық жағынан
артта қалған ұлт аудандарындағы коллективтендіру және
кулактармен күрес туралы» қаулысын орындау мақсатын-
да белсенділер жойқын зұлымдықты танытып, сүргінді
бастаған. 1932 жылғы 7 тамызда Қазақстаннан қазақтар-
ды тазарту үшін колхоз мүлкіне қол сұққан адам ату жаза-
сына бұйырылатын болған. Мұны естіп үрейленбей, зәрең
зәр түбіне кетпей көрсін. Қостанай ауданының Қызыл-
жар ауылдық кеңесінің бастығы Жармұхамбетовтің жан-
ұясы да көппен бірге аштыққа ұрынса, үрейлілік емей
42
немене? Ал Шалқар ауданы хатшысының мына хаты:
«Шалқар ауданының 18 ауылында 58 шаруа, 733 адам
«Нан бер, тойындыр, жұмыс жасаймыз, егін егеміз!» деп
отыр. Ауданға БК(б)П крайкомының және КСНК-ның
1931 жылғы қаулысы бола тұра ашыққандарға көмек,
азық жеткізу бес-алты айдан бері болған жоқ», – деген
мәтінмен обком хатшысы Жармұхамбетовке, облиспол-
ком бастығы Ивановқа тіреп жазылыпты (ф. 85. оп. 1.
41-іс, 1932 ж.). Мұндай зобалаң, топалаң қырғында алды-
мен кісілігі мықты, ажалдан бұрын адалдығын ойлайтын
елдегі жақсылар өледі. Халық сүт бетіндегі қаймағындай
ардақтыларынан айырылғасын, сұм-сұрқия, жағымпаз,
қорқақ, сатқын, қаскөй ойлы, өсекшіл ойсыз, есалаң
ессіздер, дәрменсіз дәлдірлер көбейіп, ұлттың қадірі кете
ме деп ойлағандар да болған. Дағдарған елдің саналы
адамдары бүйте берсе азғантай ұлттар да жойылып ке-
тер деп күмәнданбады деймісің. Көтерілістердің шығу
себептерінің негізі «қарынның ашқаны емес, қадірдің
қашқанына» тұяқ серпердей сұс көрсету болды ма?
1920 жылдары КГБ-ның қарамағындағы ғалымдар адам
миындағы ақыл-есті, кісілікті жоюдың тәсілін тауып,
тіпті адамның қабырғаларын титаннан жасатып, сезімсіз,
тасжүректілікті құпия дайындап, іске асырып жатты.
Қылмысым жоқ дегендерді ұрып-соғып, әбден қажытып,
одан соң бір стақан химиялық қоспасы бар су ішкізіп,
тергеуші не айтса соны қайталатқызып, қылмысы жоқ бол-
са да қылмыскермін дейтіндей амалды да жүзеге асырды.
Ал ірі ғалым Иванов негр әйелдің жатырына маймылдың
ұрығын жіберіп қолшоқпар, аяусыз адамды дүниеге
әкелмектің жұмысымен айналысты. Мұның бәрі тек Кеңес
Одағының халықтарын ғана емес, әлемді үрей арқылы
жеңіл басқарудың жолдары, жоспарлары емес пе екен?!
Білікті ұлыларымыз қырғынның себептерін болжап, одан
құтылудың жолын таппай дал болғаны анық.
Аштық қазақ елін бүтіндей қаусатып, үрерге ит,
тігерге тұяқ қалдырмай жатқанын біле тұра, Мәскеудің
тапсырмасымен көшіп келушілер тоқтамаған. Ақбұлақ,
Қостанай және басқа елді мекендерге Ресейдің орта
Волжский облысынан 3777 жанұя, былайша 13 427 адам
43
көшіп келген. Оларға бірден 3500 пұт астық бөлініп, үй
жағдайына орналастырылған (ф. 13. оп. 1. 1932 ж.). Осы
папкіде Тұрыстай, Жалмұрат, Бекмұрат Тынышбаев-
тар губернияның Адам ауданында тұрып, Орск қаласына
көшіп кеткен байлар «Қазақстан керек емес, қорлау, өлу,
не түрлі зәбірлеуге шыдамадық. Патша кезінде қалай
жақсы тұрдық, Орскіде солай өмір сүреміз» деген сөз
қалдырыпты. «Мал-мүлкін тәркілеуге үлгермедік», – де-
ген ОГПУ бастығы Титов пен СПО бастығы Духовичтің қол
қойып, обкомға тапсырған мәліметі де, оған қоса «Торғай
ауданында күніне 25 адам аштан өледі, Обаған ауданын-
да 300 адам өледі, Батбаққара ауданында – 585 адам, Се-
мизорда – 10-15 адам, Ойыл ауданында 181 адам аштан
өлген. Меңдіқара ауданында екі айда халқының елу па-
йызы ісіп-кеуіп кеткен, өлім алдында», – деген ақпаратты
да ОГПУ хатқа тіркеп көрсеткен. Азық көмегі жоқтығын
айтқан. Мұндай хат-хабарлар Мәскеуге дейін жетіп
жатқан. Бірақ тым-тырыс, үнсіздік, аштықтың лаңына
тоқтау салып, көмек беруді Мәскеу қаперіне де алмаған.
ОГПУ-дың шындықты айтып, шала бүлінуі де саясаттың
мың қатпар қулығы деуге саяды. Өйткені, ашыққандарға
көмек көрсету үшін адамдар жіберіп, жай-күйді нақты
анықтадық, бай-кулактардың зымияндық әрекеті бо-
йынша қылмыскерлерді түрмеге жауып, шара қолданып
жатырмыз, социализмнің адал ісін бүлдіргіштерге жол
бермейміз дейтін деректер көп. Айта кетелік, аштық
1934 жылға дейін тоқтамаған (ф.13. оп. 3. 1934 ж., 11-20-п.).
«Ырғыз ауданында, – деп жазады аудандық партия
комитетінің секретары. – 120 адам аштан өлді. Екі жетім
балалар үйінде – 470 бала, Ырғыз интернатында – 300 бала
бар. Оларды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтуға жос-
пар бойынша 419 039 рубль керек болса, алғанымыз
54 372 рубль. Тұрмыс ауыр, аш-жалаңаштыққа көмек
жетпей жатыр... 1931 жылы 13 ақпандағы «Степная прав-
да» газетінде жарияланған Голощекиннің баяндамасын-
да: «...Астық дайындау компаниясында республика бо-
йынша 182 аудан жоспарларын орындай алмады. Ет өн-
діру майданында да кешірімсіз кемшіліктер жетерлік,
1 апрельден бастап 700 000 тонна ет дайындап Отанға
44
жөнелтуге тиістіміз», – делінген. Революцияға дейін әр
үйде 40-50 мал болса, кедейленіп аштық ауырлығын тар-
тып, аман қалған үйлердің әрбірінде бірер бас мал қалғаны
анық. Оны да белсенділер тартып алмай тынбаған.
* * *
– Аймағамбет әкеміз түбінде бәрі жақсы болады деп,
қиындықты сезінбегендей болушы еді. Күс-күс қолын
уқалап отырып жалғыз биені аман сақтасам деп арман қып
іштей тынатын. Сосын жаман-жұман киімдерін реттей бас-
тайтыны әлі көз алдымнан кетпейді, – дейді Арыстан. –
Ауылда өлім көп, жетісіне кемі екі адамды жерлейді.
Қанша мұңайса да сыр білдірмейді. Жекендіде ірі тұл-
ғалы, қайратты Айдос деген болды. Кісі өлсе сол қайрат
көрсететін. Қыста жердің тоңы күрек бойынан асады, үш-
төрт адам қабір қазғанда қатты қиналады. Шаршағандары:
«Біздің Айдос тоңның жігін біліп қопарады», – деп мақтап
қояды, ақкөңіл Айдос соған мәз бола ма, тоңға лом темірді
ұрып қадап, кіршілдетіп опырып береді. Әйтеуір бір жеті
сайын кейде үш, кейде төрт адам өліп жатады, оны орап
көметін мата да жоқ, кейбір әйелдер екі көйлегі болса
біреуін береді. Өлікті қазақша жерлеу тәсілін үйренсін
дей ме, көбіне ер балаларды молаға ертіп апарады, – деп
Арыстан заман қайғысын булығып айтқанда ішім алай-
түлей болады. Жұрт өліп жатыр екен, халықтың қырғыны
көп екен деп уақыт бәрібір күтіп тұрмайды. Жаратқан өз
билігін өзі біледі, тек адам баласы ғана қысқа ғұмырын-
да өзгелермен қырқысып, пендешілікке салынады. Сүт
бетіндегі көбіктей әр күн жоғалады, қайта оралмайды.
1932 жылы қазақ елінде бар болғаны еңбекке жарамды
657 000 адам делінсе, аштықтан қанша халықтың қырыл-
ғанын оп-оңай есептеп шығаруға болады. «Актюбинская
правда» газетінің 1932 жылғы 4 қазан күнгі санында мек-
тептерде – 927 000 оқушы, техникумдарда – 38 000, жоғар-
ғы оқу орындарында – 9500 жастар оқыған деген дерек бар.
– Ана дүниеге бала әкелді – ел қуанды, өлді – жер қуанды.
Өмір мәнін осылай түсінер едің, бірақ зұлым күшті қайте-
сің? – деді Арыстан күрсініп.
45
– Бүлдіріп, тас-талқан еткен жаулықты жойып,
жаңасын жайнатамыз деген ұран бар емес пе? КСРО Халық
Комиссарлар Советі мен БК(б)П Орталық комитеті және
КСРО Наркомземі 1932 жылғы 5 сәуірдегі қаулысында:
«1480 совхоз ұйымдасты, онда 2,5 миллион ірі қара, 4,7
миллион қой-ешкі, 850 мың шошқа өсіріледі», – деп жа-
зады. Бұл жойылып кеткенді қаншалық жаңарта ала-
ды? Белгісіз. Ақтөбе облысы бойынша егістікке дән
себу 9 пайыз орындалған, тұқым қоры жоқ, жұмысшы
күші жетіспейді. Облыс бойынша 65 000 тонна ет да-
йындалып Отанға өткізілген. Елдің жаппай аштыққа
ұрынуын ойлап, азық қорын сақтау мәселесі айтылмайды.
Зұлымдықтар деректерден көрініп тұрса да, барлық пәле
бай-кулактардан деп із кесіледі. «Жетіқара ауданындағы
Ворошилов кеңшарының байы құл ұстаған, 300 ірі қара-
сы бар екен. Кеңшардың жылқысын ұрлап малына қосып
алған, 20 центнер шөп, біраз астық ұрлаған фактілері
анықталды. Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп, елден қашып
көшіп кетпекші болған екен. Қылмыстық іс көтерілді», –
деп жазыпты құжатта.
– Пенде үстемдік иесі болсын, басқа болсын, көбі кінә-
кемшілікті өзінен іздемей сорлайды. Бір зауалдың, үлкен
нәубеттің орны мың жылда да толмайды, қазақ ұлтын текті
сапасынан айырған зор қайғы ұмытылар ма? Сегізінші ата-
дан бастап қыз беріп, қыз алатын бабалар заңы, тектілікті
сақтау ғылымы – дала құдіреті болған бірлік көзден
бұл-бұл ұшып, асылынан айырылып, жасығы қалған,
сұм-сұрқиясы жалмауыздай жұтынып, «жатыпатарға»
айналғанын еске түсірудің өзі ауыр. Қазақ еліндегі аштық
қырғыны қолдан күштеп жасалғаны ұлтты жоюды мақсат
еткені түрлі деректерден белгілі емес пе? – деді Арыстан.
– Дұрыс айтасың, 1932 жылдың 28 қыркүйегінде
өткен крайкомның төртінші пленумында: «Облыс бо-
йынша Отанға астық тапсыру 31,7 пайызға орындалға-
нын кешіруге болмайды, – дей келіп Голощекин одан
ары, – Развитие животноводства в ауле является задачей,
которую нельзя изолировать от задач оцененных», – деп
жиналғандарды жерге тірідей қазықтай қағып, зекіп өтпей
ме. Жаны алқымға келген талайының аяқ-қолы дірілдеп,
46
малдың жоқтығын, егіннің шықпағанын дәлелдеп, бір
ауыз сөз айта алды дейсің бе? Түсіністіктің болмағанын
әрбір дерек айғақтайды. Құзғын-жалмауыздың үстемдігі
жалындырады, тіміскілеуі түбіңе жетеді. Өмір мен өлім
белдескенде өлім жеңеді. Аштықта жастығын қалдырған
Ақан Ыбырайұлы былайша зарлап еді:
Заман жаман ит боп қапқан балақтан,
Имансыз ғып зұлымдарды жаратқан.
Ар-ожданды санадағы кірлетіп,
Адамдықты ит пен құсқа талатқан.
Шайтан кеулеп, көкіректі күпті етіп,
Аузымызды айға қарай қаратқан.
Татар дәмі таусылғанда адамдар,
Үміт күтті ме екен, дорақтан? –
дегенін кім ұмытар дейсің...
– Әлгінде тіміскілеу дедің. Ол да өзіміздің қорқақ адам-
дарымыз ғой, олардың ұрпағы өлмейді, тірі жүре бере-
ді, – деді Арыстан тағы бір ойдың шетін қозғап.
– Тіміскілеудің сорақысы аштық нәубетімен бірге кел-
ген ойран 1927 жылы басталып 1953 жылға дейін Кеңес
Одағында 40 миллион адамды қуғын-сүргінге ұшыратып,
қазақ елінде 103 мың адам ұсталып, оның 25 мыңы табанда
атылып кеткен. НКВД жанынан үштік, «Ерекше мәжіліс»,
«Әскери трибуналдар» құрылады, оның төрағасы НКВД-
ның бастықтары, олар Мәскеуден арнайы дайындықтан
өтіп, бұйрық бойынша «қылмысты істің» үкімін ғана
оқып, оны тез орындайды. Қарапайым пікірлесудің кере-
гі жоқ, жоспар уақыт күттірмейді. Мәселен, «Темірбек
Жүргеновтің ісін 1938 жылы 14 ақпанда КСРО Жоғарғы
Соты әскери алқасының көшпелі мәслихаты 15 минут
қана қарап, ату жазасын бірден кескен. Ақтөбе облысын-
да 1789 адамның 30 пайызының қылмысты ісі осылай
шапшаң қаралып, атылып кеткен», – деп жазады тарих
ғылымдарының кандидаты З. Байдосов.
Таң атады, күн батады, табиғат уақыт керуенімен
өзгереді, жақсы-жаманды да көз көріп, құлақ естіп жатады.
47
Ажал түу алыста емес, дәл қасыңда екенін сез мейлің, сезбе
мейлің, өзің түсін. Өлгенді жоқтағанмен шер көңіл басы-
лар дейсің бе? «Главгруппаның» №2 комбинат туралы про-
токол көшірмесін қарап көріңіз! «Варшава университетін
бітірген «Қанды-ағаш – Гурьев» теміржолында қызмет
істейтін Вацлав Антонович Богуцкийді 1938 жылы 10 қа-
занда «Польша тыңшысы» деп үштік ұстап, сол түнде-ақ
атып жіберген. «Актюбнефть» тресінде студент-инженер
Трампенау диплом жазып отырған жерінде ұсталып, де-
реу шетел шпионы деп атылған (ҚР ҰҚК архиві. №49 332,
28-том). Қазан айының 5-де Ырғыз ауданына жіберілген
дабыл мынадай: «Аса қауіпті деп 1-категорияға – 21 адам
(атуға – 3 адам), 2-категорияға 60 адамды ұстап, оның
ішінде ұлтшыл-контрреволюционер – 40 адам, байлар –
20 адам, панисламистер – 15, шетел тыңшылары 5 адам
деп тұтқындайсыздар! Бұл істерді жүзеге асыруды санк-
циясыз, ың-шыңсыз өткізіңіз!» Ақтөбе облыстық НКВД
басқармасының бастығы Ф.П. Демидовтың бұйрығы осы.
Ол жүз пайыздан асыра орындалады.
– Оған Мәскеуден берілген бұйрық та осы бағытта бол-
ды. Әр облыстың, аудандардың үштігі осындай темірдей
тәртіппен «қылмыскерді» ұстауға кірісті ғой, – деді Арыс-
тан әңгіме өзегін одан ары жалғап.
– Ойыл, Темір аудандарынан да талай жазықсызды о
дүниеге аттандырып, қылмыскер деп таныған деректер
жетерлік. Мәселен, ОГПУ-дың аса құпия делінген (ф. 13.
оп. 2. 6 сентября, 1933 г.) дерегінде: «Карвинен Вильям
Павлович – фин, 1915 жылы туған, НКВД СССР шпион
болғаны үшін (2.04.38.) атты. Калашников Александр Ан-
дреевич – орыс, 1901 жылы туған, Орынбор қаласындағы
бұрынғы НКВД қызметкері, НКВД-ның астыртын
әңгімесін жариялап сөйлегені үшін сотталған. Қарабаев
Жұма Орынбордағы астыртын ұйымға қатысы барлығы
үшін сотталған», – делінген.
– Бір ауданда тұрып бір ауыл мен екінші ауылды
көрмеген бір ағамыз: «Мен не көрмедім, Ботагөз бен Ши-
ліні де көрдім», – депті. Сонда ел мен елдің арасы қырық-
елу шақырым жер ғой, сондай ауылдың аңқау колхозшы-
сын да жапонның шпионы деп ұстаса не жорық?! Бірде
48
әкем Бақаевтың ат жаратып жүрген нағашысын айдала-
дан ұстап, үштік түрмеге әкетіпті. Сонда әкемнің күпісін
шешіп, қамыға айтқан: «Мерекеге ат жаратуды қоям ба,
қайтем?» – деген сөзі кей-кейде есіме түседі, – деді Арыс-
тан...
– Жоғарыдағы құжатта Жоғарғы соттың консультанты
Нұртаз Байменшин, сондай-ақ Темір ауданының колхоз-
шысы Әбілғазы Қарағұлов контрреволюциялық үгіті үшін,
Ойыл ауданы «Жаңа талап» колхозының колхозшысы Ха-
сан Қаражанов ұлтшылдық ұйым мүшесі болғаны үшін
ұсталып, Хасан түрмеде өлген. Құлжанов Құсайын Ойыл
өңіріндегі зиянкестік әрекеті үшін, Құспанов Жалғаспай
контр әрекеті үшін, Мектепов Тұрнияз лаңкес, терроршы,
Мұхтыбаев Жанар саяси сенімсіз, Лим И Габ – кәріс жер
ауып келген, шпиондық әрекеті үшін, осы сықылды толып
жатқан адамдар 1937 жылдың 25 қарашасында үштіктің
шешімімен атылғаны бар, түрмеге қамалғаны бар. Ал
ОГПУ-дың 1933 жылғы 13 мамырдағы (ф. 13. оп. 2. 46-б.)
жазбасында ОГПУ бастығы Бурданов пен СПО бастығы Ду-
хович: «Бай-кулактар 30 центнер астық ұрлаған, 10 адам-
ды жауапқа тарттық. Тамды МТС-ында 70 адам астық
ұрлаған, оларды түрмеге жаптық. Ақбұлақ ауданында 2 аш
кедей 40 кг астық ұрлаған, астығын тартып алдық. Аштан
өлетінін айтып жылады. Көмек берілмепті. Ырғыз ауда-
нында Досанов, Баймұратов егін даласынан астық ұрлаған,
оларды да түрмеге жаптық. Ақтөбе ауданында қойма
күзетшісі Омаров 7 пұт бидай ұрлаған, үйін тінттік, азық
жоқ, аштыққа ұрынған. Батбаққара ауданында Тәкібаев,
Нұғыманов, Көшенов, Елемесовтер 2 ат, 2 өгіз, 4 сауын
сиырды ұрлаған. Қылмыстық іс қозғадық. Ұрылардың
қолына кісен салынды. Жетіқара ауданында Бойко, Чер-
нуха дегендер байдың атын, сиырын ұрлап, байды атып
өлтіріп, әйелін жаралаған. Қылмыстық іс қозғалды...» –
деген. Демек, аштық зобалаңы 1934 жылы да тоқтамаған.
Бір таңғаларлығы, қазақ халқының аштықтан қырылып
жатқанын әлем білген, сөйте тұра «Қызыл крест»
қоғамының көмек көрсетпеуіне Сталиннің ықпалы болды
ма деген күмәнді сұрақ мазалайды. Тіпті теміржолмен жо-
лаушылап жүргендердің 129 адамы аштан өлсе, не сұмдық
49
дерсіз?! Ал (9 сәуір, 1934 ж., №1 папкі) Ақтөбе обкомының
секретары Досовтың Мирзоянға жазған хатында облыс бо-
йынша құрқұлақ ауруынан 150 адам өлгенін, дәрі-дәрмек
жетіспейтінін айтып, аштықтың тоқтамағанын, қосымша
азық керектігін, Торғай, Жетіқара, Ырғыз, Шалқар ау-
дандарына 450-455 центнер азық жеткізілгенін жазады.
– Аштық қырғыны «халық жауы» деген қырмен
сабақтасып жатты ғой, – деді де Арыстан ойын одан әрі
жалғады. – Елге жолым түскенде мола басына барып
құран бағыштап, дұға оқимын. Сонда ұрпағына туыс-
туғанының, ата-анасының моласы қалғанына да шүкір
дейсің, ал зұлмат жылдарда қазақтың сүйегі айдалада ша-
шылып қалды ғой. Соны ойлағанда көкірек қан жылайды.
Бауыры бүтін пенде жоқ, сүйген жарым ерте дүние салды.
Одан кейін ұлымды Астанада қаражүрек қаскөйлер өлтіріп
кетті. Бәрі еске түскенде суға түскен қанттай езілесің.
Қазақ тарихы қанмен жазылған деп іштен тынасың.
– Егер Сталиннің саясатымен халқымыз қырылмағанда,
бұл күнде, ең кем дегенде, қазақтың саны жиырма алты
миллионға жетіп, бәлкім одан да асып кетер ме еді?!
Көсемнің қанды қырғынды саясаттандырып жасауына,
қан теңізіне халықты білдірмей батыруына ойлап тапқан
қулық-сұмдығының ептілігіне найза бойламас. Өзек
өртейтін өкінішті жұртқа жариялап, кеңінен танысты-
рып, «кеше кім едік, бүгін кімбіз?» деуде де салақтығымыз
баршылық. Ұрпақ өсті, аспан асты тыныштық, бірақ жара-
лы жүректер ата-анасының қайғысын ұмытпайды. Сонау
жетпісінші жылдарда Ізмұқанмен әкесі бір Сақыпкерей
Мәжитұлы Құрамысовтың әйелі Қанапия, оның анасы
Зылиқаны да көрдім, дәмдес болдық. Кейуана бұйығы,
тым-тырыс күйінде отырады да, терезе алдында тоқтаған
машинаның дыбысы шыққан бойда есікке тұра ұмтылады.
«Қара машина... аман-сау қайта әкелген шығар. Қатты
сағындым ғой, жүзіңді бір көріп өлсем арманым жоқ», –
деп күбірлейтін. Сексеннен асқан кезде екі арысын іздеп:
«Ізмұқан мен Сақыпкерей үйді таба алмай жүр ме?! Біз
мұндамыз, Жамбылда», – деп көшеге шығып кететін еді.
«Біздің бұл қалаға көшіп келгенімізді, ұлы Шапайдың
басшылық қызметте екенін қайдан біледі. Ұлды өсірдік,
4-0203
50
немерелерін көрсін. Нағима деген келініміз адал сүт ем-
ген енесін де, мені де өбектеп бағып отыр», – деген бо-
луы мүмкін-ді. Сол ана қара жерге жамбасы тигенше
«Ізмұқан мен Сақыпкерей тірі жүрсе келеді, түсім жақсы,
олар келеді, көремін, сүйіп мауқымды басамын» деумен-
ақ о дүниелік болды. Әйтеуір 1957 жылы ақталғаннан
кейін адамдардың жүзіне ұялмай қарайтын болдым, –
дейтін Сәуле Құрамысова. Ал Қанапия жан күйігіне шы-
дай алмай, көкірегінен өлең жолдарын да ағытатын еді.
Сақыпкерей Шу ауданында бірінші хатшы боп жүргенде
«халық жауының» тұқымы деп жазықсыз атылып кетті.
Өкініштер қор көңілде тұрақтап,
Жас сорғалап қара көзден бұлақтай.
«Қара машинада» кеткендері келмеді,
Таусылды үміт, сөніп қалған шырақтай.
Тән қартаяр жан азабымен,
Мезгіл өтті, жылт-жылт еткен сынаптай.
Махаббатты қабірлерге әкетті,
Қандыауыздар күндіз-түні құрғатпай, –
дейтін өлең жолдары Сәуле мен Қанапия замандастары-
ның қалың қасіретінің үніндей еді. Сол жылдарда Қазақ-
стан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшылығында
отырған Сталиннің бажасы С.Ф. Реденстің қолынан 1938
жылдың 25 ақпан мен 13 наурыз аралығында қазақ бас-
шыларынан 560 адамды ату жазасына үкім шығарылған.
Сталиннің саясаты міне осы, үштік кімді аяпты дейсің?
Ұлтты жою, тірі қалғанын құлдық есепте үреймен өлмесе
де, өлімші етіп ұстаудың бұдан асқан зұлымдығын адам-
зат тарихынан таппайсыз. «Халық жауының» әйелдері,
ұрпағы қоғамдық ортадан аластатылды. Қайғы-қасіретіне
дауа таппай толғанған әйелдер:
Қарашада қан бүркіп жауған жауын,
Азаматсыз қалып тұр біздің ауыл.
Емшектегі перзентке үміт етіп,
Қиналсам да көтердім қайғыны ауыр.
51
Қара арғымақ ариды бел кеткен соң,
Туған елім жүдеді ер кеткен соң.
Арнасынан өзендер асып барады,
Кілең жесір көз жасын көлдеткен соң.
Тербеймін әнге қосып бесігімді,
Әкең аттап кетіп еді есігімді.
Тыныштық деп атыңды атандырдым,
Кем етпегей бір Аллаһ несібіңді!
Таң қаламын ұйтқыған заманыма,
Әкең келсе, балам-ау, таланыңа.
Жылдар өтіп барады хабар күткен,
Жүрек күпті, жан жаралы, қара мына, –
деп зарлағанда аналардың қайғысы адамзат тарихында бұ-
дан былай қайталанбаса екен дейсің. Тағдырдың жазғаны-
нан озған кім бар деп жаны түршігіп отыратын аналар да
төбе басына кетті. Олардың: «Әйелдің көреген көзі алыс-
ты болжамаса шаңырағын шайқалтпайтын міндетінен
жаңылады, бауыр етің – балаларыңның бақытын ойла!» –
деген сөзін аманат қып жүктеп алғандай сезінесің кейде...
* * *
Кейінгі ұрпаққа көргеніңді айтып жеткіз дегенді
ұғып, сексеннен асқан Баян мен Гүлбайрам ой құшағында
толғанып сөз бастар еді. Қалада жүрсе де даласын қимайды.
Айнадай жарқырап жататын Ақкөлде қалдырған
жастығын ойлайды. Пай-пай, Қанжығалы, Домбыра-
лы, Қыздың төбесі, Толағай, Қыран шыңы деп аталатын
өңірлерде Ұлы Дала аңызына айналған Асан Қайғы болып-
ты. Көл бетіндегі қызғылтым сәуле күн жарығымен ойнап,
жаныңды баурап әкетеді. Кербез табиғат жамандықты ой-
латпайын десе де, Баянның көзі көрген, өз басындағы және
замандастарының өмірінен еш уақытта ұмытылмайтын
қайғылы көріністер бар, аянышты үндер мен қуғын-
сүргіннің қасіретке толы ащы мұңы, шері тағы бар. Оны
көлден ескен жел айтады, қыздың жиған жүгіндей қатпар-
қатпар тарғыл тастар айтады, жапырағы сыбдыр қаққан
52
қалың жыныс орман айтады. Елдің зары, ашу-ызасы, кет-
кен кегі, төгілген қаны, құнсыз еңбегі, жауыздықты кеше
алмайтын аруақ үні ешкімді бейжай қалдырмас. «Әне,
Ақкөлдің сыртындағы зират басынан ақ киімді, ақ сақалды
қарт сарнап келе ме? Аштан қырылып сүйегі көмусіз
қалғандарды жоқтай ма?» – деп Баян тірлік сүрлеуінен
сыр ашты. Ақынжанды сол қария қарсы алдындағы қара
мылтықты, қара киімдінің ажал боп көрінген үрейлі
түрінен сескенбей термелей жөнелді:
Ауданнан келген ақ байпақ,
Үнем жоқты тұр байқап.
Өлеңім – өлмес азығым,
Қарайсың неге бас шайқап?
Ауылдың тарқап базары,
Сынғаны қашан назары?!
Жөн айтқанға сірә да,
Сегіз жыл үкім жазады.
Адамнан совсем тазардық,
Жаны барлар жазалы.
Ауданнан келген ақ байпақ,
Өле кетсем алдыңда,
Көрімді кімдер қазады?!
Тойған биттей быттиған,
Сатқынның өтті мазағы.
Дала қалды тазарып,
Садақа қылып мал-жанды.
Тарихқа жазалық,
Кісі жегіштерді, қаралы.
Қу бас толы жан-жағым,
Асылдарым, ардағым,
Ертеңім, елім қорғаным.
Коммунизм деп жүрсең де,
Статьямен сорладың.
Заман неге тарылды?
Өкіл біткен аш қасқыр,
Қанға үймелеп жабылды.
Түрмедегі қызымды
Бір көруге сағындым.
53
Құрығы үштік ұзын-ды,
Дегеніне бағындық.
Қинайтын көрінеді лагерьде,
Дүрен деген залымың.
Жараттың Құдай адамды
Ақылсыз ғып, надан ғып.
Шошаңдатпа мылтықты,
Ойлай көрме жамандық.
Дымын қоймай тінткілеп,
Сыпырып алдың адалды.
Өкімет хабар берді ме?
Аштан қыр деп халықты.
Сталин айтты дегенің,
Өтірік айтқан сөз бе екен?
Қырылғандарды білмейтін,
Жан-жағы толған ез бе екен?
Күнде-күнде тінткілеу,
Үрейленіп жалықтық.
Шығындай сал оғыңды,
Жақсылық күтіп тарықтық.
О дүние жайлы екен,
Жұмағы да қалыпты.
Кеткендер бағы жаныпты,
Кеңшілікті күтем деп.
Жан қинадық, зарықтық.
Өзің де көрге келерсің,
Алдыңнан шығам, ұмытпа?
Білтелі шамды жарық қып.
Өлім күтіп өле алмай,
Шықпаған жаным қор болды.
Ақ байпақ киген белсенді,
Құдайдан да зор болды.
Байтақ дала қан сасып,
Тарихта қалар сын болды, –
деп аруақ үн қатқандай еді. «Өлгеннің құны сұраусыз,
бетін де топырақпен жасыруға шамасы келмей ел тоз-тоз
болған, жарылқаймын деп жанын алатын саясатты кім
түсініпті?!» – деп Баян толғанса, Арыстанның айтқан
мына сөзі еске түседі:
54
– Қаскөй адамның тірі жүргені өлімнен де қорқынышты.
Әкелеріміз айтатын, кісі етін жегендердің көзі қанталап,
беті сиырдың желін майындай іркілдеп тұрады деп. Түйсігі
бұзықтан адамдық қасиет таппайсың, ондайлардың
қолына билік тисе ажалдан бұрын өлтіреді дейтін.
Баян сәл үнсіздіктен кейін: «Өткенге өкінбе деседі,
бірақ ащы сабағын ұрпақтың құлағына құймасаң,
тәуба мен шүкіршіліктен айырылып, бетімен лағып ке-
тер еді. Аспаннан аяғы салбырап түскендей есалаңдар
тәубені білмейтіндер ғой», – деп бүгінгі бейбіт өмірдің,
тыныштықтың, барлықтың сұрауы қатты болғанын есінен
шығарар ма?
– Жұрт біле бермейтін, білгендері ұмыта бастаған, қалың
қазағым деп ар туын биікке көтеріп, намысын жыртқан
талай боздақтың есімі архивтерде шаң басып жатыр. Көбі
ұсталып атылған немесе түрмеде отырып, небір зымияндық
қорлық көріп, өмірден өткен. Қ. Арғынғазиев, М. Атания-
зов, Т. Жаманмұрынов, Ш. Хасанов, Н. Бермұхамедов,
М. Сәрсенбаев, С. Хасанов, Ж. Арғынғазиева, М. Тұн-
ғашин, А. Ақмұхамедов, Ә. Досов және басқалары ел-
дегі қуғын-сүргінге, заңсыздыққа, ақ байпақтардың жа-
налғыштық әрекетіне қарсылық білдірмеді дейсің бе?
Адамдар тағдырына араша түсемін деп жанын шүберекке
түйіп тызақтағандардың өздері кінәлі болатынын тари-
хи құжаттардан енді көріп-біліп отырмыз, – деп Арыстан
толғана сөйледі. Ақылға сыймайтын қырғынды көрген
Баян да өткеннің бәрін сөге жамандап, тарихты кінәлағысы
келмесе де, жақсылық та, жамандық та адамнан емес деп
қалай айтсын?! Тасжүрек адам қан ішуді мақсат етсе, оған
көнбеске амал қалмасы анық-тын. Құдағиы Баянның
үнсіз отырғанына бір қараған Гүлбайрам ойын жүйеледі.
«Кәкімжан бай деп танылып, мал-мүлкі тартып алынып,
өзін атып тастады. Осы топалаңда жасырынып қашып
шыққан Айдарбекті көрші орыс пешінің үстіне шығарып,
жаман-жұман заттардың арасына жасырды. Содан аман
қалған Айдарбек бала кезінде жүрегіне қорқыныш
ұялатқан үрейлі көріністі есінен шығармай, кейде ұйқыда
жатып шошитын-ды. Кейін оқыды, білім алды, прокурор
болып қызмет атқарса да, 58-бапты көрсе әке-шешесі, ба-
55
уырлары көз алдына келе ме, әйтеуір қағаз арасынан орда-
лы жылан шығып, атылғандай сезінеді. Деректерді біледі,
1935 жыл мен 1941 жылдың 22 маусымы аралығының
өзінде Одақ бойынша 19 миллион 840 мың адам «халық
жауы» атанып сотталған. Оның жеті миллионы бірден
атылып кеткен. Басқадай жазалылар тіптен көп. Түрмелер
мен лагерьлерде өлгендерде есеп жоқ. Қылмыскерлер деп
сотталғандарды түрмелерге сыйғыза алмай, мектептерді
де түрмеге лайқаттапты. Сол жазықсыз атылғандардың
ішінде Айдарбектің шаңырағынан он үш адам оққа ұшқан.
Қазір олар тірі болса жүздеген Кәкімжановтар өмір сүрер
еді, тірлікте адамын жоғалтқаннан артық қайғы бар
ма?» – деп Гүлбайрам өзінің немерелерінің шат жүзіне
толқи қарады. «Ақтан тіле, ұрпағым!» дегендей көкірек
үні бар-тын. 1917 жылы Ахмет Байтұрсынов қазақтардың
саны жеті миллионға жетті деп жүрекжарды қуанышын
білдірсе, содан бері тоқсан үш жыл деп есепке шағып, жы-
лына екі жүз мың өсім болды дегенде, бүгінде 26 миллион
қазақ болатын еді. Міне, бұдан кейін сталиндік қырғынды
кешіріп көр, қан сасыған саясатын мойындап көр, оның
үрейі әлемді теңселткенін, социалистік елдерде екі жүз
миллиондай халық қуғын-сүргінге түсті деген деректі
жоққа шығарып көр!
«Кейде өткенге өксіп налудан пайда жоқ деп түйеміз», –
деген Гүлбайрамның сөзі менің есіме «Қаракөл» кеңша-
рының бір айтқышы Берияның түрмесінде болып қайтқан
туысына:
– Түрме дей ме, қараңғы үй дей ме, әйтеуір қалай,
жанға тыныш па? – деп сұрағанда, дым көрмегендей, дым
білмегендей болған кінәлі:
– Бір байқағаным, түрмеден гөрі қараңғы үйде уақыт
шапшаң өтеді. Өйткені, таңның атқанын, күннің шық-
қанын, айдың, жылдың нешінші күні екенін, тоқсан
нешінші жыл деп санап әуреге түспейсің. Бар білетінің –
статьяңның тармағы, жазалаушылардың маңдайыңнан
тиетін қару-жарағының, гүрзісінің ауыр-жеңіл салмағы,
содан басқаға басың қатпайды. Сынған сүйектерің шор
болып тез бітеді, кесілген сан етің тыртық болып қара
қотырланады. Жаныңда өліп жатқанның сасық иісін
56
әтір иісіне балап, үйреніп кетесің, баланда деп аталатын
дәмді тамағы қазы-қартадан кем емес, әкеміздің үйінде
жатқандай шалжиып жатып ұйқыға батамыз. Тамақ түр-
меден, ажалды ойласаң келіп тұрады үлгергенге. Шұ-
жықтай боп семіріп, қара тасты да кеміріп, темірден де
бал шығарып талшық табамыз. Адамдық жайбарақат
тұрмыстан айырмашылығы сол, зікір салғандай тергеген-
де қаққан қазықтай қалшиып, тағы қай сүйегімді сынды-
рар екен деп ойлап тұрсақ та арымаймыз, тырнақ астынан
ине жүгірткенде театрда отырғандай жанымыз рахат та-
уып кеңкілдеп күлеміз. Махаббатын аңсаған жүрек от боп
жанады, сағыныштан жылағанда көзіңнен жас емес, қан
ағады. Еркіндік деген түрмеде, айтпақшы, түрмеде төрт
бұрыш болмайды, үш бұрыш, кейде көзіңе қос көрініп бес
бұрыш болады. Сол бұрыштарда жаналғыштар бір-біріне
допша лақтырып, сілікпеңді шығарғанда ақ құс боп ра-
хаттанып ұшып жүресің. Денең түрлі түсті бояуға еніп,
умаждалған қағаздай күйге түскенде бір жұтым су бер-
се, сайрап қоя бересің. Жаусың ба десе – жаумын дейсің,
террориссің бе десе – дәл солай, менің лаңкестігім әлемде
жоқ дейсің. Қазақ елін шетелге сатқың келді ме десе –
әрине, қымбатына сатып пайда тапқым келді дейсің. Жа-
пон шпионымысың десе – әрине, құмда ізім білінбейтін,
суда жүзім көрінбейтін таңдаулы жапон шпионымын
дейсің. Ал жалаңаш етіңе ыстық, қызған темір басқанда
көзіңнің оты жарқ етеді, сосын «айналайын, жұмағым
екенсің» деп жаныңда тұрған Ібілістерді құшақтап сүйіп
аласың. Ленин де түрменің қорлығын көріпті дейді,
біздің түрмеде көргеніміз оған қарағанда ойын-сауық
мекені дегенді нендей пиғылда айтып отырғанын ұқпаған
алаңғасарлау жігіт:
– Бәсе, елдің тайлы-таяғы қалмай және өңкей ақылды
дейтіндерді түрмеге әкетуші еді. Біз сияқты ашыққан
елдің жұртында қалған сорлыға түрме бақытын көруді
жазбас, – дегені есімізден кетер емес.
– Ауылда еркек кіндікті тым аз қалды ғой. Әйелдер
шаруаның қиындығын арқалап, алдаусыратқан саясатқа
мәз боп жүре бердік, оның үстіне үрейліміз, – деді
Гүлбайрам замандасы Баянға көз қиығын тастап... Түр-
57
медегілер ажал сағаты тақады ма деп түңілгенде адам-
дардың таза жүректі болуын Баян тілеген де болар. Қатал
тағдырды жары Абдолбақи да басынан өткерген. Қуғын-
сүргін зобалаңында бір ағайыны түрмеден хат жазыпты:
Басымнан бақыт құсы кеткен ауып,
Қу тақыс жаусың дейді, жала жауып.
Пендеде алакөздік көбейген соң,
Әлділерден әлсізге төнді қауіп.
Түс көрдім, осы жазда өлем шығар.
Жалғызды бір Аллаға жарылқа деп,
Тілегім аманаттап берем шығар, –
дей келіп жалалаған замандасына арнап:
Есенбісің, Тұрге?
Өсіп едік бірге.
Түрмеге жаптың-ау,
Тірідей кіргір көрге, –
деп, ауыр ой үстінде өлеңді жатқа айтып, толғанып дом-
быра шертеді. Балаң жастығын жүрегі жылап отырып ай-
тады. «Жатыпатар» Тұрге араққа тұншығып өлді, әйелін
әкесі Қорғалжындағы шалға бір шелек бидайға сатып
жібереді. Тірліктің қара дауылында адамдар жыртқыш
тәрізді болып кетеді екен, – деп іңгәлап жарық дүниеге
келмей жатып әкесінен айырылғанын айтады. Одан соң
бір үзім нан үшін, сәбиінің жанын сақтау үшін анасы
Серікбаймен тұрмыс құрады. Бірақ о да сәтсіз, қайырсыз
болады, тумаған баланы бақпаймын деп қыстың көзі
қырауда үйінен айдап шығады. Зәре ана сегіз жасар ұлын
жетектеп Ұялы ауылындағы туыстарына жаяу жол тарта-
ды. Ана жүрегі дімкас, оның үстіне ақтүтек боран баста-
лады. Ауылдың қарасы көрінді-ау деген кезде күртіктеп
болдырып, баласын бірде арқалап, бірде жетектеп келе
жатқан ана аз-кем ыққа тығылып дем алады. Үстіндегі бар
лыпасын балаға жабады. Біраздан соң ана жан тапсыра-
ды. «Елге жет!» деген соңғы сөзі-тін. Ботадай боздап бала
нағашысының үйіне жетеді. Нағашым көрші-көлеңмен
58
шұғыл жиналып анамды әкелуге кетті. «Түнде түсімде
тонымның жағасы жыртылып жүр еді», – деп нағашым жы-
лап жүр. Сол жылау шындыққа айналды, анам о дүниелік
болды, – деп отбасына келген зұлымдықты кешіре алмай-
тын еді. Сол қайғы ма, анасын жоқтап өлең шығарды.
Анам түссе есіме,
Ақын боп жырлап кетемін.
Анам түссе есіме,
Жаяулап елге жетемін.
Жұмақта болғай тағдырың,
Ұялы болды мекенің.
Ақтүтек боран алдымнан,
Шығар ма екен тағы да?!
Рухың жүдеу жадымда,
Тағдырға пенде бағынған.
Үмітіңді үздің бе
Қансорғышқа табынған?!
Шикі жас едім, қайтейін?!
Арқалап-ақ өтер ем.
Ақтүтек сол бір ажалдан,
Адаспай елге жетер ем.
Өкініш болған өмірім,
Анадан қалдым айырылып.
Қаскөйліктің кәрімен,
Қанатым қалды қайырылып.
Анасы барлар жадымда,
Отырар «айым, күнім» деп.
Жетімдік жазды бағыма,
Қайғырумен жүрдім тек.
Жібектей жұмсақ үндерге,
Анам дедім алаңдап...
Жан жарым келіп жұбатты,
Қарсы алатын күлімдеп.
Ұрпағым өсті ұлағатты,
Азамат болды біртіндеп.
Аналар, тірісіңдер,
Жарық бердің алау ғып!
Қуанамын өздеріңе,
Жүрегімді жалау ғып, –
59
деген Абдолбақидың Төлеген, Балқия, Жомарт, Ғайша,
Абылай, Нұржамал, Өтеген, Наурызбай деген балалары
сегіз шаңырақ болып, Баянның немере-шөбересі өсіп-
жетіліп, Астанада әр түрлі қызметте жүр. Абдолбақи
Ақмола теміржолында машинист болып ұзақ жыл
қызмет етті. Баян сексеннің сеңгіріне шықса да, ерінің
өмірдегі жан қайғысына ортақ болғанын, сегіз перзент-
пен қуандырғанын айтып, ақылға сыймайтын зобалаң
жылдардан көрген-білгенін ұрпағына жеткізіп, тәубесін
естеріне салып отырады. Көкірегіндегі «Адамдар неге бір-
бірін жау көріп жалалады екен?» деген сұраққа әр түрлі
жауап іздейді. Адамдар тарихының болмашысы жоқ,
ұсақ-түйегіне дейін маңызды деп ойын түйеді. Аштық...
қырғын... түрме... соғыс – бәрінде де қан теңізі жатты.
Қара қарғалар қонатын адам қаны қалың еді...
«Бірден атыңдар!»
– Ойылда лаңкестер революцияны құлатамыз деп дүрлі-
гіп жатыр. Контрлар толып жүр деген қауесет те болған
көрінеді, – деген Арыстан айтар ойына одан ары салмақ
сала сөйледі. – Бәрін де құжатпен анықтаған жөн, әйтпесе
бетімен лағып сөйлеу қай кезде де болған ғой...
– Құжат не дейді сонда?
– Оның ішінде ОГПУ-дың деректері нендей өткір
оқиғаны мөлдіретіп баяндайды. Милиция бастығына кір-
ген қызыл жағаның бірі: «Елде қара қасқыр адам жеп жа-
тыр дейді. Қорқынышты, бірақ Құдай сақтар», – деп орыс-
ша айтпай ма. Әлгінің сөзін ауданға барғысы келмегенге
жорыған бастық: «Құдайдың әке-шешесін айтып берші.
Сол әке-шешесін айта алмайтындар көбейгесін Сталин
көсем діншілдердің зиянды екенін айтқанын неге түсініп,
ұғынбайсың? Үштікті қасқыр жемейді, оған оқ өтпейді.
Суға батып, тереңге батып кетпейсің, қару-жарақ бар, ат
арбамен зырлатып жетіп барасыңдар. Жоғал енді, көзіме
көрінбей!» – депті. Сол зырлағандар Ақтөбеден шығып,
күн-түн қатып Ойылға жетеді. Онда да үштік бар, онда да әр
ауылда «жатыпатарлар» бар. Қылмысты тез табуға көмек
беріп, атарын атып, түрмеге әкетеріне кідіріс болмас. Қара
мылтықтың аузына кім ілікпейді? Мылтық тұрғанда бөгет
жоқ. Неге кідіреді? Жолдары ашық. Ақ дегені алғыс бол-
60
майды, қарғысқа айналады. Кім жылап-сықтамай жатыр,
ұсталғандар жылар, қарғар. Бәрібір. Аштықта азып-то-
зып, ісіп-кеуіп өлімші болғандар қарсы келмес. Жазған
қағазға қол қой десең – қоя салады. Сосын ат, асып таста,
өзің біл. Басты мақсат – жоспарды орындап, басшылықтан
алғыс алу. Бәлкім, байрақ берер. Біреулер зобалаң дейді,
қайдағыны айтады, бәрі заңдылықпен тәртіп бойынша іс-
телетін істе қайшылық жоқ. Милицияның әрбіреуінің ойы
осындай. Тәртіп, бағыну, бағындыру. Басқаның қажеті
жоқ. Жұрт қырылып жатса да басы ауырмайды. Өлсе жер
көтереді. Бағыт – мәңгілік социалистік қоғам, оны орна-
ту үшін адамдардың жан дүниесі, ақыл-ойы, ми қауашағы
түп-түгел тазаруға тиіс. Ескіні түгел қиратып, жаңалықты
дамытуға жанталас тұсында өзің де қатал талап қойып,
өлімнен қорқу емес, жаңа адамдарды тәртіптеудің ама-
лын тауып ширыға түсуді міндетім деп түсінуге тиістісің.
Аяушылықты ұмытып, мейірімсіздікті жан дүниеңе сіңіре
білмесең, өзіңе қауіп төнеді, басың екеу емес. Қылыштай
қиып түс. Қанды тізеден кешіп жүрсең де селт етпе! Өйтке-
ні сен – болашақтың халқын азат етушісің. Іс-әрекетіңнің
бәрі де жұмыр жердегі бүкіл пенденің қараңғылықтағы
сезімін оятып, жарық күн шапағатын дарытатын болады.
Қырылып-жойылудың соңы үлкен жаңалықты туғызып,
көрсоқырдың да көзін ашады. Сақаудың да тілін шығарып
сайратады, таскереңнің де бітелген құлағының жарғағын
жаңартып, жаңалықты естіртіп қуантады. Іріп-шірігендер
құрып бітіп, күннің көзімен құлпырған кезең келеді. Со-
сын да халықтың аштықтан қырылуын заңды құбылысқа
балайды. Сәулетті жолда тазалығымызға кедергіні табанда
жойып тастауға тиістіміз. Ең қауіптісі, БК(б)П қатарына
кіріп, революцияның жетістігін талқандауға әрекет
етуші ұлтшылдарды тазарту қажеттігі жөніндегі құпия
жұмыстарды анықтайтын Ақтөбе облысындағы ОГПУ-
дың ерекше бөлімінің аса құпия (№2, 8.06.33 ж.) хабар-
лама жазбасындағы «Ұлттық-буржуазиялық, байлардың
төңкерісшіл контрреволюциялық мақсатындағы қылмы-
сының ашылуын» жаның шошымай оқи алмайсың. «Бұл
ұйымның көптеген мүшелері алашордашылар, саясат-
пен қаруландырып, тұтқа-тірегі болып отырған, байдың
61
тұқымы, бұрынғы Жер басқармасы бастығының орын-
басары, Алашорда ұйымының мүшесі Қажығали Жұма-
баев БК(б)П мүшелігіне өткенде контрреволюциялық
ұйымды басқару үшін жасырын жұмысын білдірмеуді
мақсат еткендігі, оған экономикалық құлдырауды, қа-
йыршылықты, жаппай аштықты себеп етпек арам ойы
болғандығы анықталды. Кеңес үкіметін құлату үшін
халықтың басқа жаққа көшуін ұйымдастырып, елдегі
ұжымдық бірігуге, шаруашылық құруға 1931 жылдан бас-
тап қарсы үгіт жүргізген. Бұл кезде ол ауылдар бойынша
хатшылық қызмет атқарған. Байларды тәркілеудің зиян-
ды екенін, соның кесірінен халық аштыққа ұрынды деп
үгіт жүргізген. Жұмабаев өзінің қызмет бабын пайдала-
нып, партия, кеңес жұмысында жасырын жүрген алашор-
дашылар – Нәренов, Молдағұлов, Нұрпейісов, Көптілеуов,
Жұмағалиевтарды қанатының астына алып, қорғап,
үгіттеп халықтың жаппай елден көшіп, мал-мүлкін аман
сақтауға тапсырмалар беріп, орындалуын қатаң қадағалап
отырған. Жұмабаевтың жауабының түрін қараңыз:
– Төңкерісті дайындаудағы мақсатыңыз неде?
– Халықты аштықтан аман сақтау қажет, басың іс-
темесе, аяққа күш түседі, байлықты сақтауға да бас ке-
рек. Байларды тәркілеуге, жартылай көшпелі халықты
бірден кеңшарға ұйыстырып, малды ортаға салып, ке-
дейлерге ерік беруге қарсымын. Кедей ұқсатымсыз, қор
сақтай алмайды, бір күн ашықса көзіне көрінген азықты
жеп қояды, ертеңін ойлауға миы жетпейді. Ортақ байлық
деп жиналсын-ақ, бірақ сол ортаға түскен малды жоспар
бойынша етке өткіз деп неге қыстайды, қайда әкетіп жа-
тыр? Малсыз қазақ өледі. Малдың өнімі ғана қандай
жұттан да аман алып шыққанын білеміз. Әбілқайыр
ханның қырық жылға жуық ел басқарған тұсында да жұт
болған, халық малдың өнімін азық етіп аман қалған. Бас
амандығына қатысты тәртіп-тәрбиені неге ұмытамыз?!
Қазіргі саясаттарың бойынша бүкіл қазақ елі қайыршы,
аштықпен қырылып жатыр. Мұны тоқтатпаса қазақ қал-
майды, сондықтан шетелге қолынан келіп, күші жеткенін
көшіріп, ұлтты сақтауымыз керек.
– Мұның Кеңес үкіметінің саясатына, теңдік, еркіндік
идеясына қарсылық екенін түсінесің бе?
62
– Идея жақсы, оны орындаудың жолдарында кешірімсіз
қателіктер толып тұр, соның мысалы халықтың аштан қы-
рылуы тоқтамай тұрғаны емес пе? Қайшылық көп, түсінік
аз. Бағыт-бағдар тіл табысумен емес, қарудың күшімен,
озбырлықпен жүріп жатыр, – деген Жұмабаевтың тер-
геу амалындағы жауабы ОГПУ-дың ызасын келтіреді.
Одан кейін Табын ауданының бұрынғы райком хатшы-
сы Имандосовтың, одан соң мал дайындау мекемесінің
бұрынғы бастығы, БК(б)П мүшелері Жұбанқұловтың
жауаптары да қазақ халқының өмір сүруі, бүкіл тірлігі
малға байланыстылығын айтып, малды ортаға жинап,
жоспарлы түрде етке өткізіп құртуға қарсылықтарын
ашық білдірді. «Кеңес үкіметінің саясаты қазақ халқы
үшін жақсылыққа негізделмеген. Себебі, байлардың ма-
лын ортаға салып, оны түгелдей етке өткізіп, тартып
алуы аштық қырғынын әкелді. Байлар қарсылықсыз ма-
лын ортаға салды, оларды атып, түрмеде шірітпей малды
өсіруге ақылшы, кеңесшіесебінде ұстауға болмайтын ба
еді? Халықтың мойнына түскен салық мөлшері шамадан
тыс күйзеліске ұшыратқанын неге білмейсіздер?» – дей
келіп Өтепбергеновтің: «Халықтың малын тартып алу –
еуропалықтардың пайдасын ғана ойлау, басқа халықтың
мұң-мұқтажымен санаспай қырғынды ұйымдастыруы
екеніне көзіміз жетті. Көшіп келіп қоныстанғандарға
сұраған малын береміз, үй-жайын қамтып, тіпті көмекке
жеткен азықты оларға екі есе көп беріп жатырмыз.
Отарлық езгінің шарықтау биігі адамдардың ажалынан
бұрын қырылуына әкелді. Шындық осы, мұндай сұмдық
қылмысты Сталин білмейтін болар, «оларға бәрі жақсы,
«Кіші октябрь» жемісін беруде» деп Голощекиннен бастап
хабар жеткіздіңдер, қанша халықтың аштан қырылғанын
жасырып отыруға кім шыдайды?» – деген сөзін үкіметке
қарсылық демей көр. Түсінік жазбасында Имандосов та,
Өтепбергенов, Тілегенов те ауылдың айтқыштары жыр-
лап, жер қойнына кеткен мына өлеңді ішінде сақтайды:
Атаңа нәлет Николай,
Жал мен жая жегіздің.
Айналайын үкімет,
Шөп-шөңгені жегіздің.
63
Өлсең – орның қара жер,
Жасасын көсем дегіздің.
Әбілқайыр тұсында,
Халқы тұрды тарықпай.
Айналайын үкімет,
Өтірікке жарытты-ай.
Өзгертемін деп ит әлек,
Тірлік еткен қалыпты-ай.
Өліп жатқандар әнекей,
Құс боп ұшты қалықтай.
Өлгендер де жазықты,
Төлей алмаса салықты-ай.
Айналайын үкімет,
Тынысты әбден тарылтты-ай, –
деген қағытпада тарихи шындық жүректен-жүрекке
жетіп, тірілердің құлағында қалды. Оны қызыл жағалы
естісе де өлеңді кім шығарғанын таппай, еңбегі еш бол-
ды. Бос әуремен тынды. ОГПУ-дың қармағына ілінген
Қырылдақов, Қолдыаяқов, Шопанов, Бекмағамбетов,
Жұбанқұловтар тергеу жауаптарында Қарақалпақ және
Түрікмен елдеріндегі Кеңес үкіметіне қарсы бандылық
топтарды айтып, аштыққа ұрынған ауыл халқының жа-
нын сақтап, құтқарудың амалы таусылғанын, сол жаққа
көшіп барудан басқа мүмкіндік жоқтығын ел арасында
насихаттағанын растайды.
Ал болыстық басқарманың ұлы, «Овцевод» кеңшары-
ның бұрынғы директоры БК(б)П мүшесі Айсин «Кеңес
үкіметі ұйымдастырған шаруашылықтарды қарулы кө-
теріліспен басып алып, малды, азықты ашыққандарға
бөліп беру керектігін, онсыз халық түгел қырылады»
дегенді айтыпты. Н. Шамғоновтың түсінігі бойынша, мал-
ды құртып, үкіметтің жинап алуынан қырғын басталды
делінген. Кеңшарларды бандылық жолмен тартып алуға
құрылған топта Бүребаев, Бекбауловтар Темір аудандық
партколлегия хатшысы Есенғариннің туыстары екенін,
«Олардың азғырғанына еріп топқа қосылуымды кінәлі-
мін деп есептеймін, бұдан былай СССР-дың адал азаматы
болуға ант етемін», – депті Айсин (5.06.33 ж.) қорытынды
жауабында...
64
* * *
Контрреволюциялық қозғалыстың дем берушісі, ұйтқы-
сы өлкелік орталықтан басталғандығы анықталған. Оның
құрамында БК(б)П мүшесі, бұрынғы Ойыл ауданының
прокуроры Нұрпейісов, бұрынғы Алашорда ұйымының
мүшесі, бұрынғы Ойыл аудандық атқару комитеті
председателінің орынбасары Жұмағалиев және байдың
тұқымы, СССР Ішкі сауда жөніндегі Қазақстан бойынша
өкілі Наренов Кеңес үкіметін құлатудың түрлі жолдарын
қарастырған. Ерпейіс Нұрпейісов өзінің түсінігінде: «1932
жылдың қаңтар айының басында сот қызметкерлерінің
Алматыдағы жиналысына барып, «Наркоматтан» Жұма-
ғалиевті кездестіріп, бос уақытымызда Нареновтың
үйіне бардық. Жұмағалиев аштық қыспағын айта келіп
халықтың біразы Волга бойына, Башқұртстанға көшіп
жатқаны, егер азық іздеп көшпесе қырылып қалатын түрі
бар. Халық ет, астық тапсыру жоспарын орындаудан бас
тартып отыр, мүмкіндік жоқ. Наренов көшіп кеткендердің
елге қайта көшіп келмеуін ойластыру керек. Өйткені,
түрлі жоспар, салық халықты қырғынға ұшыратып отыр
(8.06.33 ж.).
Осыдан кейін Наренов Табын ауданына келіп, Нұрпейі-
сов, Көбеновтермен әңгімелесіп: «Біздің қазақ мы-
надай ауыр жағдайда тірі қалып, өмір сүре алмайды.
Бандылардың жұрттан тартып алған малын қайтартып,
бандиттік ұлттық саясатымызға жатпайды», – деп
түсінік берген. Одан кейін Қожахметов Ойыл ауданының
күйі барлары қашып көшіп жатқанын, Ыстыбаев бас-
шылығындағы қызметкер астық тапсыру жоспарын
орындаудан бас тартып, қоймадағы астықтың біразын
рұқсатсыз ашыққандарға таратып бергені үшін партия
қатарынан шығарылған... Одан кейін «Қожахметовтың
үйінде Нұрпейісов, Медетов, Көпжасаров, Жұмағалиевтар
жиналып, бас қостық. Мәселен, Қарақалпақ еліне жап-
пай қоныс аударудың жөн-жобасын талқыладық. Ал
мен Қарақалпақ және Түркімен елінде кеңшарлар мен
кооператив басшыларын, коммунистер мен активтерді
бандылық топтар өлтіріп жатқанын естідім, мен ол жаққа
65
бара алмаймын», – деп Жайынов түсінік береді. Сондай-ақ
үштіктің тергеушілеріне Д. Нұртілеуовтің жазбаша пікірі
былайша екен: «Ойыл ауданының «Сартоған», «Күпсен»,
«Құмсай» ауылдарында Әлиев байдың баласы, арғы ата-
лары Әбілқайыр ханнан тарайды. Боранбаев кеңшарды
құлатуға үгіттеп контрреволюциялық ұйымға мүше бол-
ды. 11 ауылда Ермұханов, Ажайықов сықылды байлар,
молданың ұлы, қойма меңгерушісі Тілекешов, байдың
ұлы, кеңшар хатшысы Дарыбаевтар көрші кеңшарлардың
малын ұрлаумен айналысып, көктем егініне қажетті тұқым
қорынан 50 пұт бидайды өз топтарының қажеті үшін жа-
сырды. Нұрпейісовтердің үгітімен екі жүзден астам жанұя
басқа жаққа көшіп кетті. Қазір жұмысшы күші жоқтың
қасы».
Бұрынғы Ойыл ауданы «Колхозодақ» мекемесінің бас-
тығы, БК(б)П мүшесі Хасен Жауынбаевтың түсінігі: «Ойыл
ауданы орталығында контрреволюциялық топ жұмыс
жасады. Оның құрамында Нұрпейісов, Қожахметов,
Аманов, Алшынбаев, Шектібаев, Амантұрлин, Жұбаев,
Ишанов, Жұмағалиевтер болып, олардың әрбір ауылда
топтары құрылып, қажетті тапсырмалар алып тұрды
(22.05.33 ж.).
Темір аудандық партиясының бұрынғы хатшысы
Абдуғали Акимовтың жазбаша куәгерлік сөзі: «М. Наре-
нов маған туыс болады. Туғанның айтқанын орындама-
саң, қиянат деп түсініп байлардың малын тәркілеуден
сақтадым. Оны мойындаймын. Басқадай Кеңес үкіметіне
қарсы ісім болған жоқ (15.06.33 ж.). 8 ауылда 300 сауын
сиырдан – 80, 210 жұмыс көлігінен 85-і ғана қалған, мал
ұрланған, сойылған. 41 шаруашылықта тұқым қорын
ұрлау орын алған. Ал Шалқар ауданының 3 ауылдық
партиясының хатшысы Марқа Құбалдиннің түсінігі:
«Кеңшардың қырманынан молда Нұртайға 21 қап астық
берген. Бақбергенов хат жазып Кемелов арқылы Аралба-
ев, Шүкіров оқып танысқасын, Қарақалпақтағы банды-
лық топтың бастығы Бөлекбаев пен Дәрібаевқа тапсы-
рылмақ еді. Мақсаты Бижан-Ханды қарумен қамтамасыз
ету, ол үшін пойызды тонау, Жалғасов арқылы оқ-дәрі,
қару ұрланғанын білемін, өзімнің оған қатысым жоқ».
5-0203
66
Сонымен БК(б)П-ге кандидат, облыстық соттың бұ-
рынғы мүшесі Көптілеуовтің өтініш жауабы: «Өзімді
жауаптымын деп түсінем, контрреволюциялық ұйымға
Жауынбаевтың үгітімен қосылып кеткенімді мойындай-
мын. Кешірім өтінем (19 наурыз, 1933 ж.)».
Облыстық ОГПУ бастығы Кемер, сосын Титов қол
қойып, куәландырған (9.06.33 жылғы 988841-3) құжаты
бойынша контрреволюциялық ұйымдардың қылмыстық
ісі аяқталып, Табын, Темір, Шалқар, Ойыл, Ақбұлақ ау-
дандары бойынша және Ақтөбе облысының 6 ауданы-
ның орталығынан 45 адам тұтқындалғаны белгілі бола-
ды. Күрделі де қайғылы оқиға. Ұсталғандар атылды ма,
түрмеден аман шықты ма, оны сөз етпегенде халықтың
ағыл-тегіл төгілген қанының үстіне социализм қызыл
жалауын желбіретіп, дым білмегендей, дым көрмегендей
жып-жылмағай саясатты дамытып, көшті ілгері тарта
жөнелді. Бүкіл Одақтың еңбекшілерінің ұлы көсемдері
В.И. Ленин мен Сталиннің саясатына шаң жуытпай, «ком-
мунизм ана қырдың астында» деп тартып кеткен қазақ хал-
қының жүрегіндегі шемен шерді қашанғы бүкпелейміз?
* * *
Ел аузында тарыққанда, ескіні аңсап зарыққанда әр
түрлі сөз қалған. Бірі ханды жоқтаған, енді бірі патшаның
жақсылығын айтып мысалдаған.
Әбілқайыр бабамыз,
«Қара қылды қақ жар», – деп,
Айтқан оған Данамыз.
Төле бидің ақылын
Әбілқайырдан табамыз.
Кеңес үкіметі жасасын! –
деуге жетпеді ғой шамамыз.
Аштан өліп барамыз,
Жан шығар алдында,
Хан-сұлтанды еске аламыз.
Қансорғыштар көбейді,
Қалай тірі қаламыз?!
67
Күн көсемге сиынып,
О дүниеге барамыз!
Бүйте берсек ақыры,
Коммунизмге жетпей қаламыз, –
деп тақпақтатқандар әр елде, әр ауылда айтқыштарға
айналды. Әлсіз халық тірлік тұтқасын ұстап, тырмы-
сып бақты. Бірақ социализмнің рахман нұры жетпеді.
Ажал өткелінен көбісі өтпеді. Ой бөлінді, опасыз саясатқа
алданғандай сезінді.
Сонымен коммунизмге жете алмай, капитализм-
де баспаған төбелер қалды деп қоғам жаңаша өзгеріске
ұшырағанда да қиындық етектен алып, ұры-тонаушылар
шығып, барды бүлдіріп, құртушылар да табылғанын кө-
зімізбен көріп, әйтеуір еркіндігімізге ештеңе тең келмес
деп шүкірлік еткен мезгілді де ұмыта қоймаспыз. Сонда
деймін-ау, бұл күнде әлемде бір адам зәбір шексе не өлімге
ұшыраса араша түсіп жататындар бар. Ал Сталиннің зама-
нында тұтас халық қырылып, жер бетінен жойылып кету
қаупі туғанда әлемнен бір жылы үн шықпапты. Бұрқанып
теңіздей толқып жатқан адамдардың төгілген қанына
аяушылық болмағаны ма? Әлде сталиндік зұлмат жұмыр
жердегі халықтардың бәріне үрей туғызып, жүректеріне
қорқыныш ұялатып, іштей тұңғиық тереңге тартты ма
екен? Орыстың ақын қызының қазақ елінің аштықтан
қырылып жатқаны жайлы жазған өлеңі де шет тіліне ау-
дарылмапты. Су орнына қан ішіп, сусынын қандырған
көсем саясатының қанды қасіретінің қалыңдығын әлі
талай деректермен, құжаттармен масқаралауға бола-
тын шығар. Бірақ, оның бәрі жау кеткесін қылышыңды
тасқа шаптың кері деп түсінсек, тарихымызды түгендеу
қиынға түсері күмәнсіз. Қаралы заман саясатындағы
күмән мен күдікті, жақсылық пен жамандықты, ескі
мен жаңаны, белгісіз бен белгіліні, бар мен жоқты,
тапқанымыз бен жоғалтқанымызды, өткен замандағы
қанішер тасжүректердің ұрпағының кім болғаны, тағдыр
оларға не сыйлады, бар етті ме, жоқ етті ме, қайғылы ма,
қуанышты ма, жамандық неге тіреп, ұрпағының алды-
нан шығып өкіндірді ме, осындай сұрақтарға жауап та-
68
уып, халқымыздың тарихына қажеттілікті толықтыра
беру үмітсіздің де үмітін жалғап, бір толқып ойға батырар
еді. Тәуелсіздіктің мәнін түсінер еді. Қан қақсаған халық
зары санасын оятар еді, ұлтым, қазағым деп сілкінер еді.
Мейірімділік пен зұлымдықтың мәңгілік бітіспес арпа-
лысын жүрегімен ұғынар еді. Намысты таптаған езгіден
құтылған кезде кейбір пенденің болдым-толдым деп та-
сыраңдауы қандай жиіркенішті! Кейбіреудің көңіліне
ауыр тиіп қалды ма?.. Мейлі. Ұлтымның ұлылығына еш-
бір байлықты, ешбір мансапты, лауазымды, бақ пен тақты
айырбастамаймын. Ұлы халықтың бір перзенті болғаным-
нан артық бақыт керек емес... Мен қырып-жойып өлтірем
десе де өлмейтін қазақпын! Әлемге осылайша жар салуға
еркін құқым бар!.. Асқақ үнім 2020 жылдары жапон-
дар Айға қала салам дейтін кезде де естіліп тұрады... Ал
егер ұйқыға кетсем, Қазақ аспанынан төгілген таң ша-
пағымен қайта оянам. Өйткені, көп күйзелдім, көп қайғы
жұттым, енді Аллаһтың берген мейірімімен қуануға
қақым бар. Қалың ұлтыңмен бірге қуануға не тең келуші
еді! Оны, оқушым, өзің де түсінетін шығарсың... Адамның
бір бақыты қуанышын сезінуі болса керек... Баяғыдай
қанішерлердің «Бірден атыңдар!» деген сөзін ешкім ес-
тімей-ақ қойсын. Бәрің де тойға келіңдер деп қуанып
жүрелік әрқашан...
Достарыңызбен бөлісу: |