46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет37/41
Дата05.02.2017
өлшемі12,74 Mb.
#3473
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

 - 
                                   Болмаса да тыңшысы. 
                                   Бұл күнде жоқ, соң туар, - 
                                   Роман менен сыншысы –  
 
деген  автор  сөзiне  мән  бере  қарап,  ақынның  алғаш  өз  шығармасын  қалай  атауды  бiлмей, 
романның көлемi мен көтерер жүгiнiң  ауырлығын шамалап сезiнгенi айқын аңғарылады. Осы 
тұрғыдан  алғанда,  зерттеушi “Кiм  жазықтыны”  поэма  жанрына  қоса  отырса  да,  бұл 
шығарманың  өз    дәуiрiндегi  өмiрдi  кеңiнен  қамтып  жан-жақты  сипаттауда  бiр  елеулi  қадам 
жасағанын  атап  көрсетедi.  Автор  аталған  поэманың  өзiндiк  ерекшелiктерiмен  қатар,  ең 
алдымен,  қазақ  әдебиетiнде  бұрын  болмаған  дәстүрдi  бастап,  қазақ  халқы  өмiрiнiң  жақсы-
жаман  жақтарын,  сондай-ақ  ондағы  толып  жатқан  кереғар-қайшылықтарды,  өмiрдегi 
әдiлетсiздiктердi  ашып,  көрсете  бiлген.  Осы  сипаттарымен  бұл  туындыны  автор  өлеңмен 
жазылған  роман  демесе  де,  қазақ  халқының  өмiрiн  бейнелейтiн  кесек  шығармалар  қатарына 
қосқанды жөн санайды. 
“Қамар  сұлу”  романының  оқиға  жүйесiнiң  өрбiп  дамуына  келгенде,  жазушы  негiзiнен 
хронологиялық  әдiстi  ұстанып  отырады.  Мұнда  романда  бола  беретiн  шегiнiстер  мен  жарыса 
жүрiп  жататын  қосалқы  оқиғалар  кездесе  бермейдi.  Барлық  оқиға  бiр  ғана  Қамар  сұлудың 
төңiрегiне топталған, өзге кейiпкерлердiң тағдыр-талайы да Қамар сұлуға байланысты көрiнiп 
шешiлiп отырады. 
Автор романда бiр топ жағымды, жағымсыз кейiпкерлердiң жаңа бейнелерiн жасап, күнi 
өткен  көне  салт,  ескi  әдет-ғұрыптарды  аяусыз  да  қатал  сынайды,  жастарды  қашан  да  өз 
бақыттары  үшiн  батыл  күреске  үндейдi.  Осындай  сипаттарымен  бұл  романның  жаңадан 
қалыптаса бастаған қазақ прозасының дамуына зор үлес болып қосылғаны даусыз. 
Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Сұлтанмахмұт  шығармаларының    жаңа  кезеңінің 
басталғанын  көреміз.Оған  дәлел  бір  «Қамар  сұлу»  романының  өзі  төрт  рет  басылыпты.1999 
жылы  Елорда  баспасынан, 2002 жылы  Атамұра  баспасынан, 2009 жылы, 2011 жылдары 
Жазушы  баспасынан  2000 данамен  шығарылған.  Сонымен  бірге  үш  томдық  шығармалар 
жинағы, 1-2 томдарын 2002,2003 жылдары Жібек жолы баспасы шығарса, 3 –томы 2005 жылы 
Алаш  баспасынан  шыққан. «Алаш  ұраны»-  деген  атпен  таңдамалы  шығармалары  Жазушы 
баспасынан  2002, 2003, 2004 жылдары  жарық  көрсе, «Асыл  сөз»  деген  атпен  өлеңдері  мен 
дастандары  ҚАЗақпарат  баспасынан    шығарылды. «Сарыарқаның    жаңбыры»:  өлеңдер  мен 
дастандарын  Раритет  баспасы 2007 жылы  шығарса,  Ан-Арыс  баспасы  өлеңдер,  поэмалар, 
романын 2009 жылы оқырманға тартады. Ерекше атап өтетін бір басылымы Халықаралық Абай 
клубы 2009 жылы  шығарған  Дүние  дөңгелегі  айналады-  деген  атпен    таңдамалысының 
шығарылуы.  Таңдамалы  «Кітап-  ең  сабырлы  ұстаз»-  тақырыбымен  берілген  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Тек  кітап    қана  қайырымдылық  пен 
айуандықтың,  ақиқат  пен  жалғанның  ара  жігін  айнытпай  танып  білуге  үйретеді»  деген 
кітаптың адам өміріндегі ролін айқындауымен ашылған. Сонымен бірге  Б.Сағынтаевтың «Сөз 
сұлтаны-  Сұлтанмахмұт»  және  тарих  ғылымының  докторы,  профессор  Ж.Нұрмағанбетовтың 
«Бір  туар  асыл  ақын»  деген  алғы  сөздері  берілген.  Біз  көріп  отырғандай 10-12 жылдың 
арасында Сұлтанмахмұт шығармалары 14-15 рет жарық көріпті. 
Бұрынғы басылымы бар, бүгінгі басылымы бар Сұлтанмахмұт шығармашылығына сәйкес 
басты-басты  ой  қорытсақ,  олар  мынаған  саяды.  Ол,  ең  алдымен,  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ 
әдебиетi  тарихынан  келелi  орын  алатын  демократ  ақын,  қазақ  халқының  өмiрiн  әр  қырынан 
ашып  суреттеген  реалист  жазушы.  Ол  жастарды  оқу,  бiлiм,  өнерге    шықырып,  жалынды  да 
өршiл  жырларымен  халық  болашағы  үшiн  жанын  ортаға  салып  күрескен  патриот. 1917-1919 
жылдары  Алашорда  тобында  ұлтшылдық  бағытта  жазған  өлеңдерiнiң  өзiнде  ел-жұрт  қамын 
ойлаудан  танған  емес.  Ақын  әрi  жазушы  Сұлтанмахмұт  әдебиетiмiздегi  проза,  поэма,  пуб-
лицистика  жанрларының  жаңа  бағытта  өркендеп  қанат  жаюына,  көркемдiгi  артып  қалыптаса 
дамуына  айтарлықтай  зор  үлес  қосты.  Осының  бәрi  Сұлтанмахмұттың  әдебиетiмiздегi  орны 
мен  шығармаларының мән-маңызын ашып танытса керек. 
 
 
 
 

274 
 
Әдебиеттер 
1.  Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1967. – 114 б.   
2.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиеті.  Т.2. 2-кітап. –   Алматы, 
1965. -523 б.  
3.  Торайғыров С. Шығармалар. Екі томдық.– Алматы, Жазушы,1967.–Т.1.-315 б. Т.2. 317 б. 
4.  ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары. – Алматы, 1963. – 467 б.. 
  
 
 
Мергенбаева К. К., Тілепберген А. 
 
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҚТАР 
 
Қазіргі  кездегі  білім  берудегі  мақсат  жан-жақты  дамыған  өзіне  сенетін  өмірге  икемді 
тұлға қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әр оқытушы заман талабына сай білім 
беруде  жаңалыққа  жаны  құмар  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  жаңа  технологияны  шебер 
меңгеріп білігі мен білімі жоғары болуы тиіс. Ойын түрінде өтетін сабақ, зерттеу, сайыс, ойын 
түрлерінде  өтетін  сабақтар  оқытуының  кәсіби  потенциалын  көтеру  мен  қатар,  студенттердің 
ой-өрісінің, өзіндік ізденісінің дамуына ықпалын тигізеді.  
Ал  біздің  мамандық  бойынша,  білім  берудің    негізгі  мақсаты – баспа  ісін  тәжірибе 
жүзінде оқып үйренуге мүмкіндік жасау, сондай-ақ зертханалық жұмыста баспалық компьютер 
бағдарламаларымен  жұмыс  істей  білуге  үйрету  және  толығымен  меңгеру,  яғни  әрбір 
зертханалық  жұмыс  үшін  дайындықты  тексеру  сұрақтары,  теориядан  мағлұмат,  жұмыстың 
орындалу тәртібі және жұмысты тапсыру сұрақтары беріледі. Зертханалық жұмысты орындау 
барысында қойылатын талаптар жалпы әдістемелік нұсқау бойынша білім беріледі.  
Біріншіден,  сабақтың  типі    –  сабақ  типінің  бір-біріне  ұқсамайтын  бірнеше  жолдарына, 
сабақтың дидактикалық мақсатына, сабақ үрдісінің негізгі кезеңдеріне,  материал мазмұнына,  
оқыту  әдістері  мен  студенттердің  оқу  еңбегін  ұйымдастыру  тәсілдеріне  байланысты  бірнеше 
түрлерін  қолданамыз.  Яғни,  жаңа  білімдерді  хабарлау,  меңгерту;  білімдерді  бекіту,  дамыту, 
білімдік,  біліктік  дағдыны  қалыптастыру;  қайталау,  пысықтау,  дағдыларды  бекіту;  бақылау, 
тексеру;  аралас;  жинақтап  қорыту  және  оқыған  материалдарды  жүйеге  келтіру    сабақтары 
қарастырылады. 
Ал  сабақтың    түрі  жіктемесі  бойынша,  әрбір  сабақ  тұтас  педагогтік  процестің  функ-
циясын  орындайды.  Соның  нәтижесінде  сабақ –  көп  жоспарлы,  құрылымы  әр  түрлі  болып 
жіктеледі.  Сабақтар  дидактикалық  мақсатына  және  сабақ  үрдісінің  негізгі  кезеңдеріне  қарай 
дидактикалық  міндеттеріне,  оның  сабақта  шешілуіне  орай,  оқытудың  әдістері  мен 
студенттердің    оқу  еңбегін  ұйымдастыру  тәсілдеріне  қатысты  жіктеледі.  Яғни,  жаңа  оқу 
материалын өту, білім, дағдыны, қабілетті жетілдіру, жинақтау және жүйелеу, аралас, бақылау 
және білімге, дағдыға, қабілетке түзету енгізу сабақтары қолданылса, сабақтың дәстүрлі түрі: 
кіріспе сабақ, бақылау, бекіту, өзіндік жұмыс, техникалық  құралдармен жұмыс, практикалық 
жұмыс  болса,  сабақтың  дәстүрден  тыс  түрі:  пікір-сайыс,  саяхат  сабағы,  театрландырылған 
сабақ,  конференция  сабағы,  семинар,  баспасөз,  дебат,  жарыс,  ашық  сабақ,  эврикалық  сабақ, 
ойын сабақ,  аукцион сабақтары өткізіледі.  
Әдеттегідей,  сабақтың  әдістері,  сөздік:  әңгіме,  түсіндіру,  дәріс,  анықтау,  сұхбат,  нұсқау, 
дискуссия,  диспут; білімді,  білікті  және  дағдыны  жетілдіру  мен  бекітуді  оқыту  әдістері:  үлгі 
жұмыс бойынша жаттығу, түсінік беретін жаттығулар, нұсқалы жаттығулар, жеке дара, топтық, 
ұжымдық,  шығармашылықтық  практикалық  жұмыстар,  практикалық  оқыту  әдісі:  өндірістік 
оқу  лабораториялары,  іс-тәжірибе,  жаттығу,  оқу - өндірістік  еңбек;  Өндірістік  құралдармен 
жұмыс  істеу,  бақылау,  көрнекілік  әдісі:  иллюстрациялау  (плакаттар,  карталар,  картиналар, 
портреттер),  демонстрациялау  (компьютермен  жұмыс,  іс-тәжірибе  жасау,  техникалық  құрал-
дар,  препараттар),  бейнефильмдерді  демонстрациялау,  оқу  телекөрсетілімін  пайдалану,  кітап-
пен  жұмыс  әдісі:  оқу,  жалпы  қарап  шығу,  цитаттау,  мазмұндау  жоспар  құру,  конспектілеу; 
реферат, эссе жазу, кесте, нұсқа, индуктивтік және дедуктивтік оқыту әдістері; репродуктивтік 
және  оқытудың  проблемалы-ізденіс  әдісі;  оқытушының  басшылығымен  және  өздік  жұмыс 
әдістері; эксперименталды сабақ әдісі: ізденіс әдістері; коммуникативтік әдістер,  интерактивтік 
оқыту әдістері кеңінен тиімді түрде пайдаланады. 

275 
 
Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасында, студент оқытылып отырған 
пәнді  жүйелі  де  дәйекті  түрде  баяндап  беруге  студенттердің  ақыл-ой  қабілеттерін  дамытуға, 
олардың  дүниеге  көзқарасын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Сабақта  студенттер  білім 
жүйелерімен  ғана  емес,  сондай-ақ  танымдық  әрекет  әдістерін  игереді.  Бұл – білім  алуда 
студенттерді дербес жұмысқа тартудың аса маңызды шарты. Сабақты ұйымдастыру формасы: 
экскурсия, семинар, конференция, бригадалық,  жарыс,  сайыс, іскерлік іс, электрондық оқыту, 
эвристикалық  сабақ,  шығармашылық,  өзара  оқыту,  рольдік  ойындар,  мәселе  қойып  оқыту
презентация,  ұжымдық,  біріктірілген,  тренинг,  фронтальдық,  жеке  жұмысты  ұйымдастру, 
топтық жұмысты ұйымдастыру, жаңалық ашу т.б. түрлерін қолдану маңызды. Сондай-ақ, дәрісте 
негізгі  оқу  бағдарлама  бойынша  тақырыпты,  силлабустағы  тақырыбын,  сабақты  оқыту 
мақсатын хабарлау міндетті болып табылады.  
Алайда, өткен тақырып бойынша сұрақтар қоя отырып,  жаңа сабақты түсіндіру де бар. 
Міндетті  түрде  мамандықты  игеру  үшін  тақырыптың  маңыздылығы,  біліктілік  пен  дағдыны 
қалыптастыру  үшін  жасалатын  жұмыстар  тізбегі,  дайын  өнімдерді  үлгі  ретінде  көрсету, 
схемалар  мен  сызбаларды,  плакаттарды  көрсету,  компьютерден,  интерактивті  тақталардан, 
монитордан,  бейнефильмдерден  көрініс  көрсету,  нұсқау  карточкаларының  реттік  қолдануын 
пайдалана  отырып  жұмыс  жасау,  жұмысты  жасауға  арналған  жабдықтар  мен  құрал 
саймандарды пайдалану, жұмысты асықпай жасап көрсету, студенттің өзі жасап көруі мен өзін-
өзі  тексерудің  жолдарын  баяндау,  жұмыс  арасындағы  операцияларды  тексеруді  баяндау, 
алдыңғы  қатарлы  жұмыс  үлгілері  мен  әдістері  туралы  баяндау,  жұмыс  орнын  тиімді 
ұйымдастыру туралы баяндау, кемшілік, қате болуының алдын алу туралы айтылады.  
Студенттердің  жаңа  тақырыпты  меңгергенін    пысықтау,  зертханалық  жұмыстарда,  
сұрақтар  қою,  жауап  алу,  олардың    жаңа  жұмысты  орындап,  көрсетуі  арқылы  нәтижелері 
көрінеді.  Зертханалық  жұмыстарда,  студенттер  өздері  жасайтын  жұмыстар  мен    жаттығулар  
тізбегін  беріп,  оқытушы  жұмыс  орнын  әзірлеуді,  техника  қауіпсіздігін  сақтау  тәртібін, 
біліктіліктерін  бекітуді,  дағдыларын  қалыптастыруларын,  жабдықтарды,  құрал-саймандарды 
дұрыс  қолдануларын,  схема,  сызба,  плакаттарды,  технологиялық  нұсқауларды  дұрыс 
қолданғанын  тексереді.  Зертханалық  жұмыстың  соңында,  қорытынды  шығарылып, 
студенттердің жұмысының сапасына қойылған баллды хабарлап, кездескен қателерді талданып  
талқыланады.  Кейде  сабақтың  соңында  студенттерге  өздерін  бағалауға,  берілген  әрбір 
тапсырма  бойынша  өзін-өзі  бағалауы,  топтың  жұмысын  бағалайды.  Осылайша  әртүрлі 
әдістерді    қолдануда,  студенттердің  ойлау  жүйесін  дамытуда,  білімдерін  игеру  арқылы 
мүмкіндігін  шыңдап,өз  биігіне  көтеретін,  табиғи  қабілеттері  мен  дарындылық  қасиеттері 
ашылған, өздігінен танып, ізденіп, іс әрекет жасайтын, өз бетімен білім алып, дами алатын жеке 
тұлғаны қалыптастыруымызға болады. 
Осы  орайда  жоғарыдағыдай  әдіс-тәсілдермен  өткізілген  жаңа  сабақ,  мақсатына  жетсе, 
студентердің  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырады. Оқытушының  ойлауы, өзінің  жұмыс 
тәжірибесін,  жаңа  тәсілдерді  қолдану  және  бағалау  әрекеттерін  сыни  тұрғыдан  бағалауды 
қамтиды. Бұл сыни тұрғыдан ойлауға, ойлануға мүмкіндік береді. Оқытушы сабақ барысында 
әрбір студенттің неге қабілетті және неге қызығатынын білуге, түсінуге тырысады.  
Қорытындылай  келе,  оқытушы  студентке  білім  міндеті  қоятын  талаптарды  түсінуге, 
жеке  ойлау  үдерістерін  және  олардың  жұмыс  қағидаттарын  зерттеуге,  міндеттерді  орындау 
стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға, нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды 
таңдауға көмектеседі. 
 
 
 
Өмірбекова Р., Аширова А. 
 
КӘСІБИ -БАҒДАРЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ - КОММУНИКАТИВТІК   
БІЛІМ БЕРУДІҢ НАҚТЫ ЖОЛЫ 
 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың    «  Қазақстан- 2050 Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауының  «  Білім  және  кәсіби  машық – заманауи  білім  беру 
жүйесінің,  кадр  даярлау  мен  қайта  даярлаудың  негізгі  бағдарының » 4- бөлімінде: 
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз 
керек.  Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең  озық  жабдықтармен  және  ең  заманауи  өндірістерде 

276 
 
жұмыс  жасау  машығын  меңгеруге  дайын  болуға  тиіс.  Сондай-  ақ  балаларымыздың,  жалпы 
барлық  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу  қажет.  Бала-
ларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды»  деген тұжырымдамасында 
жеткіншек  жастар  мен  болашақ  маманның  сауаттылығы  мен  білім,  біліктілігіне  ерекше  мән 
берілген. 
Қазіргі  замандағы  білім  берудің  негізгі  мақсаты-  қоғамның  талаптарына  сай  бәсекеге 
қабілетті, өмір сүруге бейім, өзіндік пікірі бар жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 
Студенттерді  қызығушылық    факторы  арқылы  ғана  қазақша  кәсіби  сөйлеуге  бейімдеп, 
олардың  танымдық  іс-әрекеттерін  дамытуға  болады.  Адамдардың  бойындағы  сан – алуан 
қызығушылықтардың  біреуі  басым  болады.  Сол    басым  қызығушылық  үйретушінің  өз  әреке-
тіне  аса  қажет.  Кәсіби  қазақ    тілі  сабағында  жоғарыда  аталған  қасиеттерді  мамандыққа 
байланысты    мәтіндермен  жүргізілетін    жұмыс    барысында,  іскерлік  ойындар  мен  жобалық  
жұмыстар арқылы тәрбиелеуге болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. 
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде  оқыту  технологияларының  жаңа  үлгілері,  заман 
талабына  сай әдістер мен тәсілдер ( инновациялық әдіс, модульмен оқыту әдісі, интерактивті 
әдіс,  жобалау  әдісі,  проблемалық  әдіс,  қатысымдық  әдіс  т.б ) ұсынылып  отыр.  Қазақ  тілін 
кәсіби бағдарлы жолмен оқыту әдісі де тиімді әдістердің бірі болып табылады. 
Тіл – коммуникация  мақсатында  қызмет  етеді.  ЖОО-  да  білім  берудегі  маңызды 
мәселелердің  бірі – студенттердің  коммуникативтік  құзыреттіліктерін  арттыру  болып  табы-
лады.  Жеке  тұлғаны  дамыту  мәселелеріне  Қазақстандық  ғалымдар  Ф.  Оразбаева,  Ж.  На-
мазбаева,  С.  Рахметова,  М.  Қараев  т.б  жеке  тұлғаға  бағытталған  және  дамыта  оқытудың 
психологиялық  теориялары  жасалып,  оқу  үрдісіне  енгізілген.  Бұл  бағыт  оқушы  тұлғасын 
қалыптастыруда жаңа тұрғыдан келуді қажет етеді. 
Коммуникативтік  білім беруді келешек маманның меңгеруі нәтижесінде пайда болатын 
жеке  тұлғаның  өзгеріс  толық,  тұлғалық  және  әлеуметтік  интеграцияланған  нәтижені  анықтау 
мәселесін  алға  қойды.  Осындай  интеграцияланған  әлеуметтік - тұлғалық    -  іс-әрекеттік 
ұғымның  білім  берудің  нәтижесі  ретіндегі  жалпы  анықтамасы  болып  мотивациялық  
құндылықты, когнитивті, дүниетанымдық, коммуникативтік құзыреттілік ұғымы танылады. 
«Құзырет»  ұғымы  білім  алушының  жетілуімен  және  оның  еңбек  міндеттерін  орындауға 
тиімді әрекет жасауына және жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. «Құзырет» 
-  бұл  оқу  үдерісінде  жинақталған  білімге,  тәжірибеге,  құндылықтарға,  бейімділіктерге 
негізделген  жалпы  қабілет.  Құзырет  саналы  іс-  әрекет  барысында  қалыптасады.  Құзыретті 
меңгеру студенттің  белсенділігіне тәуелді. Құзыретке ие  болу сол жағдаятқа өзінің  бар білімі 
мен тәжірбиесін бейімдеу. Білімді білім алушының нақты қоғамдық өмірде білімін қолдану, ол 
үшін  оқыту  үдерісінде  құзыретті  дамыту  және  қалыптастыру  үшін  нақты  жағдайлар  тудыру 
қажет. 
Коммуникативтік құзыреттілік төмендегідей компоненттерден тұрады: 
-  коммуникативтік  тәртіп  аймағындағы  білімі ( қажетті  тілдерді  білуі,  педагогика  және 
психология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі). 
-  коммуникативтілік    және ұйымдастырушылық қабілеті ( іскерлік  қатынастарды нақты 
және  жедел  орнату,  белсенділік  таныту,  тұлғаны  дұрыс  қабылдау  және  түсіну  негізінде 
психологиялық  әсер  ету,  қоршаған  ортамен  және  оқшауланған  адамдармен  біріккен  іс-әрекет 
кезінде белсенді әрекет жасау); 
- қазақ халқының рухани және тарихи – мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде 
тіл  үйренушілер  елдің  тарихымен,  мәдениетімен,  әдебиетімен,  халықтың  салт-  дәстүрімен 
танысып, білімдерін молайту; 
- күнделікті оқу үдерісінде ресми- іскери сөйлесуге тән тілдік тұлғаларды, сөз тіркестерін 
меңгеріп, мамандыққа қатысты іс – қағаздарды жазуды үйренуі; 
-  вербальды  және  вербальды  емес  қарым-  қатынас  мәдениет ( сөйлеу  техникасы, 
риторикалық  амалдар,  аргументация  техникасын  және  шарттасуды  жүргізу,  кәсіби 
педагогикалық  әдеп  ережелерін  сақтау,  ұғымдық  категориялық  ақпаратты  мақсатты  түрде 
қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру, вербальды емес құралдарды қолдану). 
Заманауи  білім  беру  үдерісі  ең  алдымен  жеке  тұлғаға  бағытталып,  тіл  үйренушінің 
іскерлігін,  коммуникативтік  құзыреттілігін  дамыту  міндеттерімен  ұштасып  жатқандықтан, 
қазақ  тілінің  білім  мазмұнын  құрудың  әдіснамасын  дұрыс  таңдап  алу  қажеттілігі  туындайды. 
Тілді  қазіргі  заман  талабына  сай  меңгертуде  озық  технологияларды,  ұтымды  әдіс-  тәсілдерді 
пайдалану – еліміздегі ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.Студенттің коммуникативтік 

277 
 
құзыреттілігін  қалыптастыруда  оқытудың  жаңа  инновациялық  әдістерінің  бірі-  ақпараттық 
технологияны  пайдалану.Оқытудың  ақпараттық  технологиясы – тіл  үйренушілерге  білім 
берудің  жаңа  жолдарын  іздестіру,  білім  сапасын  арттыру,  оқу – тәрбие  үрдісінде  оқушының 
жеке тұлғасын қалыптастыру үшін әрекет ету. 
Ақпараттық  технологияларды  оқыту  үрдісінде  тиімді  пайдалану  студенттердің 
мемлекеттік  тілді  терең  меңгерулерін  қамтамасыз  етіп,  танып  білуге    деген  қызығушылығын 
арттырады.  Демек, «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламасында » тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау арқылы еліміздің ертеңіне жауапты  
мамандарды  тәрбиелеу  жолдарының  бірі  ретінде « дүниеге  жауапкершілікпен  қарайтын, 
инновациялық,  шығармашыл  ойлауға  дағдыларды  дүниетанымдық  мәдениеті  жетілген 
адамгершілігі мол және білікті мамандардан жаңа ұрпақ қалыптастыру»міндеті қажет. 
Бұл    үштұғырлы  тіл  саясатын  ұстанып  отырған  егемен  елдің  болашақ  мамандарының 
мемлекеттік  тілде  еркін  сөйлеп,  оны  өзі  қызмет  ететін  салада  қолдана  алуы  олардың  кәсіби 
әлеуеттін арттырумен қатар елжандылық қасиеттерін де қалыптастырудың басты шарты болып 
табылатынының  кепілі. 
 
Пайдаланған әдебиет 
1. Назарбаев Н.Ә. « Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы. Астана, 2013 
2. Шаханова Р. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа 
қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. АДД. -Алматы, 2003 
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. -Алматы, 2000 
 
Resume 
In this article the author examines the texts as the basis of professionally-oriented learning the 
Kazakh language. Offers a series of exercises aimed at the formation of speech activity. Relying on the 
data of modern advanced methods of teaching Kazakh language for text allow scientifically determine 
the content of the work on the development of coherent speech. 
Keywords: vocational-oriented education, communicative activities, information culture, socio-
cultural aspect, perception of the text 
 
 
 
Садықова Р.О., Райымбекова М.Т. 
 
ТАРИХ ПӘНДЕРІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  Республикасының 2015 жылға  дейінгі  білім 
беруді  дамыту  тұжырымдамасында:қазіргі  білім  берудегі  басты  мәселе - білім  мазмұнына 
жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ 
мамандарды  даярлау  екені  атап  көрсетіледі.  Еліміздің  білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  беру 
кеңістігіне  бағыт  алуда.  ҚР  "Білім  туралы"  Заңының 8 бабының 7 тармағында:  білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті – ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтармен  практика 
жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім 
алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу" - деп  атап 
көрсетілген [1]. 
Бүгінгі  күні  республикамызда  білім  беру  жүйесінің  түбегейлі  өзгеріске  ұшырауы 
анықталғаны  баршамызға  аян.  Оның  негізгі  факторы  жаһандану  үрдісіндегі  білім  беру 
саласында  жаңа  моделдердің  дүниеге  келуі,  білім  беру  үрдісінің  ақпараттандырылуы  болып 
табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алдыңғы қатарлы 
мемлекеттердің  тәжірибесімен  танысу  және  соның  нәтижесінде  ұлттық  білім  беру  моделін 
құрастыру  бүгінгі  күні  өте  өзекті  мәселе  болып  табылады,  өйткені  нарықтық  экономикаға 
негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. 
Сонымен қатар жеке  тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып 
отыр.  Ал  бұл,  педагог  жұмысындағы  артықшылық  жанама  педагогикалық  ықпал  жасауға 
берілетіндігін  білдіреді:  тікелей  жасалатын  әдістерден,  лозунгтардан  және  үндеулерден  бас 

278 
 
тартылады, артық дидактизмнен, ескі сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-
қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық 
әрекетті тәрбиелеуші   шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді. 
Негізгі  әдістемелік  инновациялар  бүгінгі  таңда  оқытудың  интерактивті  әдістерін 
қолданумен  байланысты. "Интерактив"  сөзі  бізге  ағылшын  тілінің "interact" деген  сөзінен 
келген. "Іnter"- бұл "өзара", "act" - әрекет ету дегенді білдіреді. 
Интерактивті  сөзі - өзара  әрекет  ету  бейімділігін  білдіреді  немесе  әңгімелесу,  әлде 
кіммен  (адаммен)  не  болмаса  әлде  немен  (мысалы,  компьютермен)  сұхбаттасу  барысында 
болады.  Демек,  интерактивті  оқыту – бұл,  ең  алдымен,  сұхбаттасып  оқыту,  оның  барысында 
оқытушы мен студенттің өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. 
 Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады: 
- білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі; 
-  күрделі  мәселелер  өрісінде  шешілетін  тапсырмаларды  бірігіп  көтеру,  яғни  бірыңғай 
шығармашылық кеңістікке қосылу; 
- тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік; 
-  жақын  эмоциялық  жағдайларды  бастан  бірге  кешіруі,  тапсырмаларды  қабылдау  мен 
жүзеге асыруда бойда болатын үндес сезімдерді бастан кешуі. 
  Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық студенттер таным 
үрдісіне  тартылатындай  болып ұйымдастырылуы  тиіс, олардың  осыған  байланысты  не  біледі, 
нені  ойлайды    түсінуге  және  рефлекстеуге  мүмкіндігі  болуы  тиіс.  Таным  процесінде 
студенттердің  біріккен  іс-әрекеті,  әркім  өзінің  жеке-дара  үлесін  қосатын,  оқу  материалдарын 
меңгеруі,  білім  мен  дағдысы,  идеялары,  іс-әрекет  тәсілдерінің  алмасуы  жүргізіледі.  Және  де 
бұл  мейірімділік  пен  өзара  бір-біріне  қолдау  көрсету  аясында  болады,  ол  тек  қана  жаңа  білім 
алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады[2].  
Интерактивті  әдістердің  мәндік  ерекшелігіне  тоқталатын  болсақ:  бұл  субъектілердің 
өзара  әрекеттестігінің  бір  бағыттағы  белсенділігінің  жоғарылығы,  қатысушылардың  өзара 
әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. 
Интерактивті  әдістерді  пайдалану  кезінде  студенттер  түсіну  процесіне  толық  қанды 
қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. 
Оқытушы  дайын  білімді  бермейді,  студенттерді  өз  бетімен  ізденуге  үйретеді.  Білім  берудің 
дәстүрлі  нысандарымен  салыстырғанда,  интерактивті  оқытуда  оқытушы  мен  студенттердің 
өзара  әрекеттестігі  ауысады:  оқытушы  белсенділігі  студенттердің  белсенділігіне  орын  береді, 
ал  оқытушы  тапсырмалары  олардың  инициативасы  үшін  жағдай  жасаушы  болады.  Яғни, 
оқытушы нұсқаушы қызметін атқарады. 
Оқытушы өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тән фильтр рөлінен бас тартады. 
Интерактивті оқыту интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады. 
Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі 
әдістемелерін  білу  қажет.  Интерактивті  оқыту  өзара  түсінікті,  өзара  әрекеттестікті,  өзара 
байытуды қамтамасыз етеді. 
Интерактивті  әдістерде  ескеретін  жағдай:  ешқандай  жағдайда  да  дәрістік  мате-
риалдардың орнын ауыстырмайды, бірақ оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді ең маңыздысы: 
пікірді,  қатынастарды, мінез-құлық машығын қалыптастырады. 
Интерактивті оқыту әдістеріне білім алу және оны дамыту процесіне белсенді ат салысу 
жатады. 
Интерактивті  әдіске  сондай-ақ  әр  түрлі  көмекші  құралдарды  пайдалана  отырып:  тақта, 
кітаптар,  бейне  материалдар,  слайдтар,  флипчарттар,  постерлер,  компьютерлер  және  т.б. 
жатады.   
Сонымен  қатар,  оқу  процесіне  топтық  пікірсайыстар,  жазбаша  мазмұндамалар  және 
шығармалар, сұхбаттар, бейнефильмдер мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі 
науқандар мен акцияларды өткізу. 
Ал,  ақпараттық  технология  мәселесін  қарастыратын  болсақ,  технология – белгілі  бір 
істегі  адамның  әдісі,  шеберлігі.  Осы  шеберлік  арқылы  оқытушының  өз  сабағын  студенттерге 
жоғары  сатыда  жеткізуіне  мүмкіндік  береді.  Оқытушы  үнемі  шығармашылықпен,  ізденіспен 
жұмыс  жасап  отырса  жаңашылдыққа  жақын  болғаны.  Өзгелердің  үлгісін  өз  ісінде  пайдалана 
білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – студент тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі 
болмақ.  

279 
 
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50 – ден астам оқыту технологиялары қолданысқа 
енгізілгені  белгілі  болып  отыр.  Қазақстан  өз  тәуелсіздігін  алып,  жаңаша  құрылымы  бар 
демократиялық  қоғам  құруға  кіріскеніне  біршама  уақыт  өтті.  Еліміздің  болашағын  жасайтын 
жастар  білімімен  қатар  шығармашылық  қасиеті  жоғары,  өзіндік  көзқарасы  бар,  елге  тұлға 
болатын  азаматтар  болуы  керек.  Ал  азаматтарды  оқытып,тәрбиелеп  шығаратын  негізгі  орта – 
білім ордалары. Соның бірі – ЖОО.  
Тарих  сабақтарында  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  үшін  жаңа 
технологияларды  ұтымды  пайдалану  қажет.  Оқыту  технологияларының  құрылымдық 
элеметтеріне  мыналар  жатады:  мақсат,  мазмұн,  әдістер,  формалар,  құралдар,  нәтиже.  Оқыту 
технологияларына  тән  белгілер:  негізділігі  (кез  келген  технологияның  өзіндік  философиясы, 
өзіндік  тұжырымдамасы  болуы  шарт);  жүйелілігі  (құрылымдық  элементтердің  біртұтастығы); 
басқарылмалығы  (оқыту  үрдісін  жоспарлап,  нәтижесін  бастан – аяқ  тексеруге  болатындығы); 
тиімділігі  (қысқа  мерзімде  аз  шығынмен  жоғары  нәтижеге  жеткізу  тиімділігі).  Барлық 
технологиялардың  мақсаты – пәнді  оқытуда  студенттің  жеке  басының  дара  және  дербес 
ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  өзбетінше  ізденуін  арттырып,  шығармашылықтарын 
қалыптастыру болып табылады. 
Қазіргі  кездегі  оқытушының  басты  мақсаты – білім  мазмұнын  игеруге  және  оны  өзінің 
жеке  білімдік  капиталына  енгізуге  арналған  ақпараттық  ортадағы  берілген  мүмкіндіктерді 
қолдану болып саналады. Тарихты оқыту – өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын 
құрауыштардың  басын  біріктіретін  өте  күрделі  үрдіс.  Қазір  білім  беру  саласында  түрлі 
технологиялар  енгізілуде,  бірақ  олардың  ішінде  қажеттілігін  таңдап,  сабақтың  әр  кезеңінде 
тиімді қолдану – басты талап.  
Ақпараттық  технология  әдістері  тұлғааралық  қарым – қатынасқа  негізделе  отырып, 
«жеке  тұлғаны  дамытуға  бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. 
Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен 
ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады [3].  
Ақпараттық  қоғамның  негізгі  талабы – студенттерге  ақпараттық  білім  негіздерін  беру, 
логикалық  ойлау – құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  ақпараттық  технологияны 
пайдалану  дағдыларын  қалыптастыру.  Ақпараттық  ортада  жұмыс  жасау  үшін  кез  келген 
оқытушы  өз  ойын  жүйелі  түрде  жеткізе  алатындай,  коммуникативті  және  ақпараттық 
мәдениеті  дамыған  интерактивтік  тақтаны  пайдалана  білетін    болуы  тиіс.  Сабақта  жаңа 
технология  ретінде  ақпараттық  технологияны  пайдалану  сабақтың  тиімділігі  мен  сапасын 
арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді [4]. 
Тарих  сабақтарында  ақпараттық  технологияны  енгізу  арқылы  сабақтың  белсенділігін 
арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың 
көлемін  көбейтуге  болады.  Ақпараттық  технологиялардың  бірі – интерактивті  тақта. 
Интерактивті  тақтаның  мүмкіндіктері  оқытушыларға  студенттерді  оқытуда  уақытты  тиімді 
пайдалануға  мүмкіндіктер  береді.  Демонстрациялық  материалдар  дайындау,  топпен  кері 
байланыс  жүргізу  үшін  интерактивті  тақтаның  мүмкіндігі  шексіз.  Тарих  сабақтарында 
мүмкіндігінше компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, тақырыпқа байланысты 
суреттер,  слайдтар,  сызбалар,  кестелер  жасау,  термин  сөздерді  жазу    сабақ  жүргізудің 
мазмұнын  кеңейтіп,  студенттердің  түсінігін  тереңдете  түседі.  Белгілі  бір  тарихи  оқиғаға 
байланысты  видеофильмдерді  де  көрсетуге  болады.  Осы  тарихи    оқиға  туралы  видеофильм 
көрсетіліп болған соң, студенттер көргендері негізінде қысқаша эссе жазып, ой қорытындысын 
жинақтай түседі.  
Оқу  процесі  кезінде  компьютерді  тиімді  пайдалану  және  қолдануда  оң  нәтижеге  ие 
болады.  Студенттердің  өз  бетімен  ізденісі  арқылы  тарих  сабақтарында  шығармашылығын 
дамытуға,  оқу  қызметінің  мәдениетін  қалыптастыруға    дербес  жұмыстарын  ұйымдастыруға 
ерекше  қолайлы  жағдай  қалыптасады.  Студенттер  компьютер,  интернет  ресурстары  арқылы  
қосымша  материалдарды  табудың  жолын  меңгереді.  Меңгерген  материалдардың  негізінде 
студенттердің  ақпараттық  құзыреттілігі  дамиды,  пәнге  деген  қызығушылықтары  артады, 
ақпаратпен  жұмыс  істеу  дағдысы  қалыптасады.  Нақты  мәліметтер  мен  деректерге  сүйеніп, 
материалды  талдауға,  сараптауға,  дәлел  келтіруге,  ақпарат  көздерімен  ғылыми  тұрғыдан 
жұмыс  жүргізе  білуге  дағдыланады.  Қазіргі  таңда  ЖОО-да  кез-келген  мәдени  іс-шаралар 
ақпараттық  технологиялар – интерактивті  тақта,  компьютер,  видеокамера  арқылы  жүзеге 
асырылып  отырғаны  баршамызға  белгілі.  Мұның  өзі  ақпараттандыру  жүйесінің  қазіргі  таңда 
жедел дамығандығын көрсетеді. 

280 
 
Инновациялық  әдістермен  оқытудың  ақпараттық  технологияларын  қолдану  арқылы 
студенттердің  ойлау  қабілетін  арттырып,  ақпарттық  технологиялар  негізінде  ізденушілігін 
дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек 
көздерінен мәліметтерді жинақтау [5]. 
Ақпаратты  технологияларды  пайдалану  арқылы  ЖОО-да  сабақтарды  жаңаша 
ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – 
педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, студенттердің құзыреттілігін 
қалыптастыру,  ақпараттық  технологиялар  мен  инновациялық  оқыту  әдістері  арқылы 
студенттерді  ізгілікке,  елжандылыққа,  адамгершілікке,  имандылыққа,  еңбексүйгіштікке 
тәрбиелеу. 
Қазақстанда  Ж.А.Қараев,  Ш.Т.Таубаева,  Қ.Қ.Қабдықайыров,  М.М.  Жампейісова, 
Ж.С.Сарыпбеков  т.б.  ғалымдардың  зерттеулерінде  оқытудың  жаңа  технологиялары  жан – 
жақты қарастырылады. 
«Қазақстан-2030»  стратегиялық  бағдарламасы  приортитетінің  бірі  ұлттық  білім  моделін 
қалыптастыру  тенденциясымен  және  Қазақстан  білім  беру  жүйесін  бүкіл  әлемдік  білім 
кеңістігіне  кіріктіруіне  сипатталатын  білім  беру  саласы  болып  табылады.  Қазір  бүкіл  әлемде 
индустриялық  қоғамнан  интерактивті  қатынас  жасауға  оны  жүзеге  асыратын  техникалық 
мүмкіндіктерді  дамытып  отыра  алатын  информациялық  қоғамға,  яғни,  негізгі  рөлді 
информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа 
қоғамға көшу процесі қарқынды дамып жатыр. 
Қазақстан  халқына  жолдауында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев: "Қазіргі  таңда  жастарға 
ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте-
мөте  қажет" - деп  көрсеткендей,  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны 
оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет