тигізеді.
берері мол.
ескергеннен қолға алынған жаңалықтар.
биікті бағындырарына сенеміз.
7
zangazet@maiI.ru
№108/1 (2886/1)
1 қазан 2016
(Соңы. Басы 1-бетте)
СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ
«БАСТЫ МӘСЕЛЕ – СОТ
ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОҒАМДЫҚ
СЕНІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ»
Шет елдерде судьялар саясатқа
араласпай тәуелсіз болуы үшін, сот
жүйесінде туындайтын мәселелерді
өздері талқылап, олардың шешу
жолдарын тауып, Жоғарғы Сот, өзге
де құзырлы орындар алдына қою
үшін осындай ұйымдарға бірігеді
екен. Бізде ондай орган болмады.
Ал, жалпы Конституциямыз бойынша
судья саяси партия мүшесі болып,
өзге ұйымдарға да қосыла алмайды.
Әр мекеме мен еңбек ұжымында
құрылатын кәсіподақтың мақсаты
бөлек. Бұл ұйым белгілі бір саланың
емес, тұтас еңбек адамдарының
мүд делеріне, құқыларына қатысты
мәселелер бойынша жұмыс істейді.
Онда сот саласының проблемаларын
алға жылжыту, сот тәуелсіздігі, судья
лар мәртбесіне қатысты әңгіме
айту мүмкін емес. Мұның сыртында
тоқ саныншы жылдардың басында
сот жүйесінің бір бөлігі Әділет
министрлігіне, бір бөлігі Жоғарғы
Сотқа қарайтын. Бұл да сот жүйесі
қызметінің толыққанды жүзеге асуына
үлкен кедергі болды.
Шетелдік әріптестерді тыңдап
отырып, судьялардың бұл дербес
ұйымының сот саласына қатысты осы
секілді маңызды мәселелерді шешудің
құралы бола алатынын пайымдадық.
Сөйтіп, Мақсұт Сұлтанұлы маған
судьялардың осындай қауымдастыққа
бірігудің пайдасын, мүмкіндіктерін
зерделеп, ұйымды құрудың дайындық
шараларымен айналысуға тапсырма
берді. Бірден іске кірісіп, басқа судья
лармен бірлесіп одақтың жарғысы
мен Судьялар кодексінің жобасын
әзірледім. Бұл құжаттар сол жылы
болған Судьялар одағының бірінші
съезінде Елбасы қолдауымен қабыл
данды. Осы жиында одақтың төрағасы
да сайланып, оған бірден сол кездегі
Жоғарғы Сот төрағасы ретінде Мақсұт
Нәрікбаевтың өзі лайық деп танылды.
Мен одақтың хатшылығы қызметін
атқардым.
Осыдан кейін одақтың жұмысын
жандандырып, судьяларға ол жайлы
ақпараттарды жеткізіп тұру үшін
арнайы «Заңгер» деп аталатын
басылым ашылды. Оның алғашқы
редак торы белгілі журналист, Парла
менттің бұрынғы депутаты Сергей
Киселев болды. Сонымен қатар
бүгінде беделді, мәртебелі марапат
ретінде өзіндік салмағы бар «Үш би»
төсбелгісі бекітілді. Оны Өскемендегі
Теңге сарайына тапсырыс беріп,
шығарған едік. Соған үлкен үлес
қос қан, ұйымдастырып шығарған
Шығыс Қазақстан облыстық сотының
төрағасы Асқар Секишев мырза еді.
Бұл марапат судьялардың арасында
көп жыл қызмет еткен тәжірибелі,
сот жүйесінің дамуына үлкен үлес
қосқан азаматтарға, халықаралық
соттардың, басқа мемлекеттердің
Жоғарғы Соттарының төрағаларына
беріледі. Оған ие болғандар арасында
бүгінде Ресейдің арбитраждық
сотының төрағасы Яковлев және
Қазақ станның Жоғарғы Сот төрағасы
Қайрат Мәми бар.
Алғашқы кезден бастап Судьялар
одағы сот жүйесінің тәуелсіздігін
арттырып, судьялар мәртебесін
көтеру, сот қызметін уақыт талабына
сай жетілдіру бағытында белсенді
жұмыс жүргізуге кірісті. Бұл ұйымның
аясында көптеген заңнамаларға,
құқықтық актілерге өзгерістер
енгізілді. Сот билігінің Әділет министр
лігі құрамынан шығуында да осы
ұйымның еңбегі бар. Одақ төра
ғалығына өзім 2001 жылы Судья лар
одағының екінші съезінде сайлан
дым. Сол кезде Жоғарғы Сотты
бас қарған Қайрат Мәми Судьялар
одағына ерекше көңіл бөлді. Соның
арқасында одақ облыстық соттың
төрағаларына ең жақын және судья
лардың тәуелсіздігін қорғайтын,
оларға жанжақты көмек көрсететін
орган ретінде танылды. Судьялар
қызметіне көмек беретін әдістемелік,
зерттеу еңбектері жарыққа шыға
бастады. Судьялар құзырлы орындар
жанынан құрылған жұмыс топтарына
шақырылып, нормативтік актілер,
заңнамалық құжаттар талқылауына
қатысатын болды. Осы ретте Әділет
министрлігінен Жоғарғы Сотқа ауысу
жөнінде Жоғарғы Соттың нормативтік
қаулысы қабылданғанын ерекше
атап өтуге болады. Сот жүйесінің
тәуелсіз орган болуы алғаш осы
құжатта дәйектелген еді. Сондықтан,
еліміз дің сот жүйесі үшін оның рөлі
1991 жылы Қазақстанның егемендік
алған кезінде қабылдаған Тәуелсіздік
деклара циясына тең болды.
Осы сәттен бастап сот жүйесі
жаңаша бағытта дамып, болашаққа
тың қадамдар жасалды. Басылымдарға
сот саласының өзекті мәселелері,
әлемдік даму үрдістері кеңінен жазыла
бастады. Елбасы баяндамаларын
да Жоғарғы Сотқа үлкен сенімділік
білдіріп, сот жүйесінде атқарылып
жатқан жұмыстарға оң баға берілді.
2000 жылдан бастап Судьялар одағы
толыққанды құрылым ретінде аяғынан
тұрып, Халықаралық судьялар одағына
мүше болуына ұсыныс берді. Әлем
дік деңгейдегі бұл мәртебелі ұйым
құрамына қабылдану оңай болмады.
Оған өту кезінде одақтың барлық
Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ, Парламент
Мәжілісінің депутаты, ҚР ҰҒА академигі,
«Құрметті судья» атағының иегері:
жұмыстары зерделеніп, әлемдік
талаптарға сәйкестігі сараланды.
Осыған қомақты үлес қосқан сол
кездегі Жоғарғы Сот судьясы Әуезнұр
Қаженов және Солтүстік Қазақстан
облыстық сотының төрағасы Бекет
Тұрғараев мырзаларды атап кеткенім
дұрыс.
Бүгінде Судьялар одағы сот
жүйесінің белсенді органы. Заң
жүзінде оның мәртебесі, міндеті
толықтай айқындалып, белгіленген.
Ұйым сот жүйесі ардагерлерін
әлеуметтік тұрғыда қолдауға үлкен
маңыз береді. Мереке күндері
олардың басын қосып, кездесу өткізу
одақ құрылғаннан бері дәстүрге
айналған. Сонымен қатар, спорттық
шаралардың өтуі де осы ұйымның
тікелей бастамасы және қолдауымен
жүзеге асуда. Бұл заң бойынша түрлі
шектеулер аясынан шыға алмай
жүрген судьяларды біріктіріп, олардың
бірбірімен ара ласуына дәнекер
болып, қазіргі тілмен айтқанда қарым
қатынасқа корпоративтік рух беріп
отыр.
– Енді қазіргі таңда Судьялар
одағы жұмысын уақыт талабына
сай қалай жетілдіруге болады?
Сот жүйесінде жүргізіліп жатқан
реформалар бұл құрылымға да
біраз міндет жүктеп отырған шығар?
– Жалпы Судьялар одағы сот
жүйесінде жүргізіліп жатқан рефор
малық өзгерістердің бірденбір
қозғаушы күші әрі алға жылжытушысы
ретінде өзін танытқан ұйым. Әсіресе,
судьялардың кәсіби біліктілігін көтеруге
байланысты салмақты ұсыныстар,
олардың тәжірибеде жүзеге асуы
осы ұйымның бастамашылығы, бел
сенділігі арқасында жүзеге асып
жатыр. Мәселен, одақтың мұрындық
болуымен Жоғарғы Соттағы тәжіри
белі, білікті судьялар, ғалымдар
қатыстырылып, конференциялар
мен семинарлар өткізілуде. Мұның
бәрін Судьялар одағының судьялар
тәуелсіздігін арттыруға қосып жатқан
үлесі деп санауға болады.
Судья ең алдымен білікті болу
керек. Екіншіден, тәуелсіз судья
болу үшін мемлекет тарапынан жан
жақты жағдай жасалуы керек. Қазіргі
таңда судьяның жағдайы жаман
емес. Дегенмен, бұл тұрғыда әлі де
ширатып, дамытуды қажет ететін
шаралар бар.
– Мәселен, қай тұрғыда?
– Мысалы, меніңше, кей мәселе
судьялардың тым қағазбастылығынан
туындап отыр. Судья қаншама сот
процесін өткізеді, сот актілерін
дайындап, қаулыларын шығарады.
Оларды жазу керек, жанжаққа
жариялау керек. Бұл олардың уақыты
мен қатар күшін де сарқитын өте
ауқымды жұмыс. Оның салдары,
әрине, істердің қаралу сапасына
да әсер етіп жатады. Бұл мәселені
шешу үшін судьяның жеке аппара
тын күшейту керек. Қазір судьяның
жанында хатшыдан басқа ешкім жоқ.
Оның мойнында да қыруар міндет бар.
Судьяның қағаздарын дайындайды,
сотқа қатысушыларды шақырады.
Сол себептен, осы сот хатшыларының
мәртебесін судьяның оң қолы ретінде
көтеріп, жалақысын да судьяның
деңгейінде өсірсе оң болар еді.
Сонда бұл қызметке білімді, сауатты
мамандар келіп, болашақ судьялық
қызметкерлер резерві сапалы үміткер
лермен толығады.
Тағы бір мәселе – сот жүйесіне
халық әртүрлі баға береді. Шыны
керек, олар жайында қоғамда әділ
емес, саяси тапсырыстарды орын
дайды деген сот қызметінің беделін
төмендететін кереғар пікірлер аз
айтылмайды. Бұған жол бермеу үшін
объективті түрде бір индикатор табу
керек.
Жалпы, әлемдегі ең беделді рей
тинг Дүниежүзілік банктің Флагман
рейтингісі бойынша Қазақстанның сот
жүйесі тиісті талаптарға сай. Бүгінде
ол алғашқы ондықтардың санында
тоғызыншы орында тұр. Жиыр ма
жыл бұрын біз халықаралық рей
тинг бойынша үздіктердің алғашқы
ондығында болуды армандамайтын
да едік. Қазіргі сот жүйеміз жаңа
бағытта дамып келеді. Бұл сала
елімізде толықтай жаңа технология
бойынша жұмыс істейді. Мәселен,
арыз электронды түрде қабылданып,
оған сол сәтінде онлаин режіминде
жауап беріледі. Қазір азаматтарымыз
сотқа бармайақ, онда не болып
жатқанын көріп отырады. Он жылға
жетпейтін уақыт ішінде ақпараттық
технологияның ірі жетістігі – онлаин
жүйесі сот қызметінің ажырамас
одағы, Жоғарғы Сот мұны ескеріп,
арнайы топ құру керек. Моральдық
заңды қалай жасау керек, моральмен
заңды қалай салыстыру керек, заң
моральсыз бола ала ма, болса ол
заңнан қанша үлес алу керек? Осы
сауалдар төңірегінде жүйелі зерттеу
жүргізетін уақыт жетті.
– Бізде тергеу судьясы инсти
туты құрылды емес пе?
– Тергеу судьясы институтының
құрылуы бұл ретте жеткіліксіз. Судья
толыққанды жұмыс істеп, әділетті
шешім қабылдау үшін прокурордың
көптеген құзыреттері жойылу керек.
Оның функциясы тек қана процеске
қатысып, заңдылығын қадағалаудан
аспауы қажет. Прокурорды тергеуге
қатыстыру кеңес заманының тозығы
жеткен талабы. Тергеу ісін тек сот
қана қадағалау керек. Әлемде про
курор қадағалауы деген жоқ. Нақты
бағаны сот қана береді. Себебі, сот
бір биліктің тармағы. Біздегі заң
шығарушы орган, сот, үкіметтен
тұратын үш тармақты билік құрамында
прокурор жоқ. Конституция бойынша
прокурор сот билігіне де, заң шығару
билігіне де, атқарушы билікке де
жатпайды. Шетелде, мысалы Амери
када Әділет министрлігі Бас прокурор
дың лауазымын атқарады.
– Бұған бәлкім судьяларды
тағайындау ісінің демократиялық
принциптен сырт болуы ықпал етіп
отырған болар? Қоғам тарапынан
мұның да сот тәуелсіздігіне кері
әсері бары айтылады. Судья
тағайын далмай, халық тарапынан
сайлану керек деген пікір бар.
– Жалпы, қазір судья болу өте
қиын. Бұл лауазымға жету үшін
көптеген сатылардан өту керек.
Негізі судьяны халықтың сайлауы
керек деген пікірдің жаны бар деп
мәселесі де шешімін тапқан болар
еді. Жалпы, судьяның белсенділігі мен
білімділігінің ең үлкен көрсеткіші ол
екі ортаны мәмілеге келтіре алуында.
Сол себептен заңнамаларға осы талап
дәйекті түрде енгізілу керек.
– Бізде осы шараны жүзеге
асыруды көздейтін «Медиация
туралы» заң бар емес пе?
– Иә, бұл заң жыл өткен сайын жиі
қолданылып келеді. Меніңше біздегі
сот жүйесі әлемдегі басқа елдермен
салыстырғанда ешкімнен кем емес.
Елбасы бес институционалдық рефор
мада бұл салаға айрықша көңіл
бөліп, заңдардың үстемдігін, сот
тардың тәуелсіздігін қамтамасыз
етуді міндеттеді. «100 нақты қадам»
– Ұлт жоспарында бұл тапсырманы
жүзеге асырудың нақты тетіктері
айқындалды. Соған сәйкес, бүгінде
мәселен, кадр сапасын көтеруде
азаматтық меритократия принципі
қолданылып жатыр. Ниет әрине оң.
Дегенмен, меніңше оның тек судьялар
арасында жүзеге асырылуы дұрыс
емес. Сот корпусы тек сот жүйесінің
ғана емес, басқа сала мамандарынан
да жасақталуы керек. Мысалы оның
құрамына неге құқық тақырыбында
жазатын журналистер бармасқа?
Меніңше, сот жүйесі осындай маман
дардан тек қана ұтады.
– Жақында республика судья
ларының жетінші съезі өтпек. Сіз
діңше, осы алқалы жиында сот
жүйесіне қатысты қандай маңызды
мәселе көтерілуі керек?
– Жалпы, сот жүйесі үшін негізгі
мәселе – судьяларға деген қоғамдық
сенім деңгейін көтеру. Бұл тек
Жоғарғы Соттың күшімен жүзеге
асатын шаруа емес. Бұған Үкімет,
Пар ламент, бұқаралық ақпарат
құрал дары түгел мүдделі болып, ат
салысуы керек. Біздегі барлық мәсе
ленің тек сот арқылы шешілетіні,
оған депутат, прокурор, министр
ықпал ете алмайтыны айтылу керек.
Сонымен қатар, әкімдер, министрлер
сынды судьялардың да арнайы портал
арқылы рейтингісі түзілу керек. Халық
тарапынан әр судьяға баға берілу
керек. Бұл судья қызметіне тиімді
бақылау тетігі болады. Өз кезегінде
оның қызметіндегі, ел алдындағы,
отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілігін
арттырады. Әлемде сот қызметі,
судья біліктілігі, оның моральдық кел
беті арнайы индикаторлар бойынша
анықталып, рейтинг түзіледі. Бұл сот
жүйесі қызметінің сапасын көтеретін,
халықтың әділсот төрелігіне сенімін
арттыратын ықпалды тетік. Қазақстан
осы жүйеге келеді деп кәміл сенемін!
– Уақыт тауып ой бөліскеніңізге
көп рақмет.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,
«Заң газеті»
есептеймін. Меніңше, бұл талап
бірінші сатыдағы судьялар үшін
тиімді. Кезінде Кеңес одағында бірінші
сатыдағы судьяны халықтық судьялар
деп атаушы еді. Ол жүйенің де өз
артықшылықтары болғанын мойындау
керек. Процессуалдық вертикалды
қарайтын болсақ, халықпен тікелей
кездесетін бірінші сатыдағы судья.
Сондықтан, меніңше халықпен қоян
қолтық жұмыс істейтін осы судьяны
халық сайлағаны дұрыс.
Себебі, ол халықтың өз ортасында
жүргендіктен оның көңіл күйін, ойын
біледі, заңсыздықты көріп, сезеді
және тәуелсіз болады. Аудандық
судьяларды жаппай сайлау дұрыс
емес шығар. Осы ретте біз билер
сотын тәжірибеге кеңінен енгізу туралы
мәселе көтеріп жүрміз. Заң бойынша
біраз құзыреттер берілген бұл инсти
тут бізде көбіне ұсақ дауларды
қарайды. Егер билер сотын бес жыл
сайын халық сайласа, бұдан тек ұтқан
болар едік. Олар ең бастысы, халыққа
жақын болады. Халық өзі сайлаған соң
оның жұмысын қадағалап отырады.
Қазір сотта қаралатын істер негізінен
ұсақтүйек даулар. Көпқабатты
үйлердегі көршілердің тұрмыстық
кикілжіңдері көп бүгінде. Мұндай
істерді сотта қарау ұзақ уақытты
алады және қаржы шығынын қажет
етеді. Билер соты болса оларды
шақырып алып, бітістіріп, мәселені
бейбіт жолмен шешудің жолын қарас
тырады. Сонымен қатар, билер
соты арқасында жаңа сіз айтқан
шешімдердің әділ, адамгершілікті болу
бөлігіне айналып үлгерді. Бұл үлкен
жетістік. Бұл Елбасымыздың сот
жүйесін қолдауының нақты нәтижесі.
– Дегенмен, судьялар үшін дау
ласушы тараптарды толыққанды
қанағаттандыратын әділ шешім
шығару үлкен мәселе болып отыр
ғаны шындық. Бұған негізгі қол байлау
заңдардағы бірқатар өлшемдер.
Судья заң аясынан шықпау үшін кей
жағдайларда адамгершілікке қарсы,
әділетсіз шешімдер шығарып,
үкім кесуге мәжбүр болады. Заң
шығарушы ұйымның өкілі ретінде
осы жағдайға қалай баға бересіз?
Бұған жол бер меу үшін не істеуге
болады деп ойлайсыз?
– Жалпы, судьяларға көбірек
еркіндік беру керек. Өкінішке қарай,
судьялар бізде заңның аясынан шыға
алмайды. Заңда қабылданған талапты
орындауға мәжбүр. Олай етпесе
қабылдаған шешімі заңсыз болып
табылады. Сол себептен, бұл жерде
қайшылық бар. Мұны он алтыншы
ғасырда әлемге белгілі Эмануэль Кант
деген ғалым: «Заңның адамгершілігі»
деп жазып кеткен. Оның айтуынша,
бұл заңның адамгершілігі негізгі
постулат. Заңда адамгершілік болмаса
адамдар оны заң ретінде қабылдай
алмайды. Әр заң моральды болу
керек. Моральсыз заң – заң емес.
Сол себептен, бұл ғылыми тұрғыдан
алғанда методологиялық проблема.
Өкінішке қарай, бұл мәселе бізде
әлі жанжақты зерттеліп жатқан
жоқ. Сонымен қатар, бұған әлі көңіл
бөлінбеуде. Сол себептен Судьялар
С
удья болу өте қиын. Бұл лауазымға жету үшін
Достарыңызбен бөлісу: