тыс болып кетті.
ұстауға тырысады.
мил лион нәзікжанды өмір сүреді екен.
деттеу қажет.
М
А
М
А
Н
Д
А
Р
Н
Е
Д
Е
Й
Д
І
?
№108/1 (2886/1)
1 қазан 2016
11
zangazet@mail.ru
ТҰҒЫР
Қазақ – елдің елдігін, ке-
меңгер теңдігін сөз арқылы
жеткізіп, сөзге тұрған халық.
Ойға қонымды, сұлу да көр-
кем, нақышты да нұсқалы сөз-
дердің иелері – шешен-билер
болған. Билер айтатын сөз
шешімнің барлығы халықтың
көкейіндегі мен көңілдегісін
жарыққа шығарып, халық
мүддесін іске асыруға бағыт-
талған.
Би болу адамның әлеумет-
тік күй-жағдайына, дәулеті-
не байланысты болмаған. Би
атану өзінен-өзі келмеген. Би
атағына үздік шыққан шешен,
қара қылды қақ жарып, әділ-
дік атаулыны бұра тартпаған
адамдар ғана көтерілген. Бір
сөзбен айтқанда, алдын бол-
жай алатын, сөз құдіретінің
қадірін түсірмейтін, ақыл-па-
расаты жоғары, ұшқыр ойлы,
сөйлеген сайын тасып отыра-
тын білімдар шешен, дарын
иелері ғана би дәрежесіне
көтерілген.
Бұл жерде біз қазақтағы
билік мектебінің даму тарихын,
билер айтқан шешендік сөз-
дердің терең мәнін саралауды
жөн көрдік. Өйткені, олар жай-
лы шығып жатқан баспа мате-
риалдары өте көп. Сондықтан,
халық аузындағы әңгімелер-
ге сүйеніп, билер мектебінің
құрылымдық жүйесіне және
билер қабылдаған шешімдер
түрлеріне, оларды іске асы-
ру қызметтеріне аз-кем тоқ-
талғанды құптадық.
Билер – ата би, төбе би, қа-
тар би, төтен би, бала би болып
бөлінген. Ата би – бұрын билік
құрған, талай елдік істер мен
даулардың тағдырын шешіп
елге танылған, енді қартайып,
билік ісін ізінен ерген кіші
билерге тапсырған адам. Ол
биліктен қарттығына байланыс-
ты қалғанымен, кейінгі билер
қауымы оны ақылшы, кеңесші
ретінде тұтынып, батасын алып
отырған.
Бірде төбе биге Шақшақұлы
Жәнібек (жас жігіт кезінде) ке-
леді. «Еліңде қартың болса,
жазулы тұрған хатың, үйіңнің
қасында биік төбең болса,
ерттеулі тұрған атың» деген
екен атам қазақ. Сізден ақыл
сұрайын деп келдім. Бозбала
болып ерлік қылайын ба, әлде
үлгі алып билік құрайын ба?»
– депті. Сонда төбе би: «Өгізді
өрге салма – қанатың талар,
наданға көзіңді салма – сағың
сынар. Досыңа өтірік айтпа
– сенімің кетер, дұшпаныңа
сырыңды айтпа – түбіңе жетер.
Жақыным деп жаманның малы
үшін жақсының жағасынан
алма – өрісің тарылар. Қару
жисаң мылтық жи – жаяу жүр-
сең таяқ, қарның ашса тамақ.
Әйел алсаң көріктіге қызықпа,
тектіні ал. Айналаңа мақтаншақ
жігіт жинасаң ұятқа қалдырар.
Ұрыншақ атың болса – жаз
жарға, қыс қарға жығар. Елге
бай құт емес, би – құт. Қабыр-
ғадан қар жауса – атан менен
нарға күш, ел шетіне жау келсе
– қабырғалы биге күш. Менен
ақыл сұрасаң, айтарым осы»,
– деген екен.
Төбе би атамыздың ақылын
ұстанған Жәнібек атақты батыр
әрі шешен би болған. Қарап
отырсақ, ата бидің ел-жұртқа
тигізер осындай пайдасы аз
емес.
Төбе би – елдік (мемлекет-
тік) немесе өңірлік (регион)
аумақта сайланып қойылатын
қаламыш билер. Мысалы, та-
рихымыздағы Төле, Қазыбек,
Әйтеке билер өз өңіріндегі
(жүздіктерінде) төбе билер
болған. Төбе билерді сай-
лайтын халық емес, оларды
билер жиынында сайлаған.
Сондықтан да, мұндай билерді
қалаулы, қаламыш билер деп
те атаған.
Ал, қазақ жұртшылығы бо-
йынша төбе билікке сайлан-
ған – Төле би атамыз. Төле
бидің төбе билікке сайлануы
үлкен талқыдан өтіп барып
іске асқан, үш жүздің бірне-
ше билері төбе би сайлауға
жиналған деседі. Сонда Ұлы
жүз билері: «Біздің атамыздың
жасы үлкен (Ақарысты айта-
ды), төбе би Төле би болуы
керек», – депті. Кіші жүздің би-
лері: «Қазақ атамыздың шаңы-
рағы (үлкен үй) бізде, біздің
жолымыз үлкен. Сондықтан,
төбе би Әйтеке би болсын»,
– деген. Сонда Орта жүздің
билері: «Ұлы жүздің үлкендік
жолы, Кіші жүздің үлкен үйлік
жолы бар. Бізде еш жолдық
құқық жоқ. Сондықтан, тө бе
би Қазыбек болуы керек», –
дегенді айтыпты. Осындай кең
талқыдан кейін атақты үш би
талқыға салынып, төбе билікке
Төле биді сайлапты.
Қатар билерге – қазақ би-
лері құрамындағы төбе биден
(Төле би) басқалары, яғни,
бір-бірінен артықшылығы жоқ,
тең құқылы билер жатқан.
Олар – Қазыбек пен Әйтеке
билер. Сол сияқты әр жүз би-
лері құрамында да төбе және
қатар билер болған. Қазақ
жүздеріндегі төбе билер –
Төле, Қазыбек, Әйтекелер.
Олар дың қарауындағылар қа-
тар билер санатына кіргізілді.
Жеке би – әрбір ауыл,
кіші рулық бөліністе би-
лер құрамы болмаған,
олардағы би – біреу
(жеке). Жеке билер
сайланбаған не-
м е с е қ а л а м ы ш
(қа лаулы) би деп
те аталынбаған.
Олар өзінің ше-
шендік қабіле-
т і м е н , ұ н а м д ы ,
өнегелі ісімен елге
танылмаған, билік
ету ісінде сыналған
азаматтарды би деп
саналы түрде мойын-
даған, сөйтіп, олар ел
сеніміне сай билік ісін жүр-
гізіп отырған.
Төтен би – екі ел арасын-
дағы кейбір даулы мәселе-
лерді шешіп келуге ел ара-
сындағы билерден таңдама
билер тобын құрып, өкілетті
етіп жіберілетін билер (төтен-
ше би деп те атаған). Мұн-
дай төтенше би тобын екі
жақ өзінше құрып, кездесуге
жі бе реді екен. Уағдаласқан
жерге екі жақтан төтен билер
келіп, мәселені талқылап, тиіс-
ті келісім-шешімін (билігін) қа-
был дайтын болған. Аталмыш
билер тобы көбінесе ұзаққа
созылған даулы істерді шешіп
келу үшін жұмсалған. Бұл би-
лер тобы сайланбаған, олар
елдің беделді адамдарынан
құрылған.
Бала би – билік дәрежесін
әлі иеленбеген, билік айтуға
талап қылып, өзін әр жерде
көрсете бастаған жеткіншек.
Ал, кейін ондай талапты жас-
тар үйренсін (стажировка) деп,
ірі билер қосшылыққа алып
жүрген. Билік ісі жүріп жат-
қан да жаңағы бала би мұқият
тыңдай отырып, берілген би-
ліктің жетімсіз жақтары болса
немесе билік етуші би то қаулап
қалса, билікке арала сып өз
билігін айтатын болған. Осы
орайда, олардың арасында
бірте-бірте елге танылып, ше-
шен билердің бірі болып кет-
кендері де аз емес.
Ертеректегі бір аңызда Төле
мен Қазыбек Кіші жүз еліне бір
көне дауды тындыруға келеді.
Билердің шешімін тыңдап есік
жақта отырған бала: «Асқар
тау, сенде бір мін бар – елге
асу бермейсің, тасқын су, сен-
де бір мін бар – өтуге өткел
бермейсің, билерде де бір мін
бар – басқаға сөз бермейсің»,
– деп орнынан тұрып кетіп қа-
лады. Төле би мен Қазыбек би:
«Мынау тегін бала емес қой», –
деп шақырып алады да, балаға
істің билігін айтуды тапсырады.
Баланың берген билігіне екі би
риза болысып, оны тағы бір
сынау үшін: «Жігіттің жақсысы
қандай болады?» – деп сауал
қояды. Сонда жаңағы бала:
«Жігіттің жақсысы дұрыс сөзге
тоқтай білген, басқаны сөзіне
тоқтата білген», – депті. Сон-
дағы бала би Әйтеке еді. Ол
халыққа осылай танылды. Сол
кезде Әйтеке небары он алты
жаста екен. Сөйтіп, Әйтеке
дана биге айналыпты. Әйтеке
атамыз айтулы шешен әрі қа-
зақ мемлекетін құрысуға үлес
қосқан мемлекет қайраткері
болған адам. Жалпы, қазақ
билері тарихында атақты би-
лердің көпшілігі істі бала билік-
тен бастағаны мәлім.
Бұдан басқа да қазақтың
ресми емес билері болған.
Олар – ел басқарушысының
өздері (хандары). Олар билік
айтып, халыққа жарлық ететін
болған. Сондай хандардың
қатарында Тәуке мен Абылай
хандардың болғанын айтқан
жөн. Олардың билік, іс-әрекет-
тері халық сүйіспеншілігінен әр
кез орын тапқан.
Қазақ билерінің ойласып
шешетін орталығын билер
кеңесі деп атаған. Олар билер
уағдаластығымен белгілі бір
жерде өтіп, онда ел қамына
байланысты мәселелер қара-
лып, мәмілеге келіп отырған.
Ондай билер кеңес-
т е р і к ө б і н е
К ү л т ө -
бе-
д е ,
О р д а -
ба сында, Түр-
кістанда, Ұлы тау да, Көк-
шетауда, Қа ра тауда, Ала тауда,
Жа йық, Ыр ғыз өңірінде бол ған.
Осы билер кеңесіне үш жүздің
ірі билері түгел қатысып, мәсе-
лені бірлесіп шешкен. Билер
келісіп шешкен іс халыққа жа-
рия етіліп отырған.
Міне, осындай билер кеңес-
тері қазақ даласының кішігірім
өңірлерінде де болып тұрған.
Билер кеңестерінің елдің бір-
лігі мен ынтымағына тигізген
қолайлы әсері аз емес.
Қазақ билер жүйесінің қай-
сысының шешімін алсақ та,
олардың ел басқару ісінде
басшылыққа алынып оты-
ратын күші болған. Сондай
дұрыс шешілген билікті қалың
көпшілік те бар ықыласымен
қолдаған.
Бірлікке, ынтымаққа шақы-
ратын шешімдердің бірі – үш
жүздің билері Ордабасыға
жиналып, елді жоңғар басқын-
шылығына қарсы топтасуға
шақыруынан көрінеді. Соған
орай, қазақ халқы қаһарына
мініп, бар күшін жоңғарларды
талқандауға жұмсады. Нәти-
жесінде ата жауын талқан-
дап, өзінің ұлттық тұтастығын
сақтап қалды.
Билердің өз кезінде ел
басқару ісіне үлкен әсер етіп,
халқымыздың бірлігі мен ын-
тымағына зор ықпалы бол-
ғанын еш уақытта ұмытуға
болмайды. Бірақ, қазіргідей
өркениетті даму жағдайын-
да Қазақ елін би басқарсын,
билердің басқару жүйесіне
көшейік деген пікір айту, әл-
бетте, көңілге қонымсыз бо-
лар еді. Өйткені, билер мен
оның билік ету жүйе сі қазақы
қалпымызға ғана үйлесетін
қасиет. Біздің қазіргі жүз түрлі
ұлт мекендеген көпұлтты рес-
публикамыздың жағдайында
билер жүйесі деген басқару-
дың жаңа түріне көшеміз деу
бос әурешілік. Десек те, ха-
лық құрметтеген билеріміздің
бұрынғы қызметтерін қастер-
лей отырып, олардың шешен-
дік сөз өнерін әлі де дамыта
түсу қазіргі ұрпаққа сын.
Қ.АРГИМБАЕВА,
Ақжар аудандық сотының
судьясы
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫ
«Би – халықтың тірі шежіресі, заңгері,
әрі заң шығарушысы». Бұл анықтама
Қазақ стандағы (Ақмола қаласындағы)
отарлау әкімшілігінде қызмет еткен ерекше
тапсырмалар жөніндегі Ресей чиновнигі
И.Козловтың 1882 жылы қазақтардың әдет-
тік-құқықтық нормалары мен құқықтық
құрылымдарын арнайы зерттеу негізінде
жарияланған еңбегінен алынды. Ол, со-
нымен қатар, билердің «мүлтіксіз әділдігі
мен табиғи дарынды» ұштастыра білгенін
де жазды.
Тағы бір беделді автор Б.Н.Дельвиг
қазақ билерін «әдет құқығының жалғыз
сақтаушылары» деп атаса, ал, А.Крахалев
өз еңбегінде: «Қырғыздардың (қазақтар-
дың) сот әділдігіне қатысты көзқарасы өте
қатал...Әділдіктің болуы – ең маңызды та-
лап», – деп көрсеткен.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесінде би-
лердің маңызы мен мәртебесіне қатысты,
халықтың құқықтық санасына мықтап ен-
ген және дәстүрлі менталитеттің мазмұнын
құраған бірқатар қағидалар мен нормалар
бар. Олар қысқа да нұсқа нақыл сөздерден
көрінеді: «Атаңның баласы болма, адамның
баласы бол» – «Не будь сыном только сво-
его отца, а будь сыном человека»; «Туға-
нына бұрғаны – би-
д і қ ұ д а й
ұрға-
ны» – «Нет
божеской кары больше
для бия, чем его пристрастие в пользу род-
ственника»; «Таста тамыр жоқ, биде бауыр
жоқ» – «Камень не имеет корня, также и
би не имеет родственника». Әділдік пен
ақиқат, оларға жетуге тырысу қазақ құқығы
нормаларына негізделген сот ісін жүргізуге
және билердің соттық шешімдерінің іргелі
негізі болған, яғни, «Атаңның құлы айтса
да, әділдікке басыңды и» – «Поклонись
справедливости, если она высказана даже
и рабом твоего отца»; «Тіл – жүйрік емес,
шын – жүйрік» – «В красноречии важна вы-
разительность, но ценнее истина».
Қазақтар өздерін және өз мемлекеттілі-
гін «Киіз туырлықты қазақ хандығы» деп
атаған. «Көне нысанадағы билер соты әрі
халық соты, әрі сот төрелігі бола білген.
Жалпыэтникалық мүдделер әдет-ғұрып
құқығы нормаларынан жоғары қойылған.
Бұл «Әдет – әдет емес, жөн – әдет» – «За-
коны обычаев – не законы, а законами яв-
ляются те из них, которые выражают общие
интересы» деген ережеден көрінеді.
Сот рудың, аймақтың атынан емес,
тәуелсіз бидің, әділдіктің атынан шыға-
рылды, қазақ құқығында қысқа да нұсқа
ережелерден көрініс тапқан билер билі-
гінің моральдық және императивтік күші
болды, оның негізгі нормасы келесідей
ережелерден көрініс алады: «Тура биде
туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» – «У
беспристрастного бия не бывает на суде
«своих» не «не своих», а если он обзавелся
ими, то он теряет святость своего сана».
Қазақтардағы билер сотының маңызды
ерекшеліктері: ол – қарастырылатын да-
улы істің материалдық-пәндік мазмұнына
қарағанда рухани мазмұнына көбірек көңіл
бөлінгендігі және әділеттілік пен моральдық
қағидаларды басшылыққа алғандығында.
Халықтың санасында үнемі «Ханда қырық
кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің білімі
мен ары бар» – «У властелина хана – ум
сорока людей, а у бия – знание и со-
весть сорока людей»; «Бай мал
сақтайды, би ар сақтайды» –
«Богач – это хранитель скота,
а би является хранителем
совести» деген сөздер
жаң ғырып тұрды.
Осындай мораль-
дық-норма тивтік қағи-
даларды билер ұс-
танған бола тын. Бұл
орай да, атақты Әй те ке
би (1682-1766) келер
ұр паққа мынадай сөз-
дерін қалдырған: «Менің
өмірім – өзгенікі, өлім
ғана өзімдікі болды» –
«Моя жизнь при надлежит
моему народу, а мне принад-
лежит собственная смерть».
Қазақ соты дауласушы тарап-
тарды келісімге келтіруге тырысып
істі шешетін, сондай-ақ, дауды шешу
барысында жеке және қоғамдық сипаттағы
теріс әрекеттерді жоюға тырысты. Осындай
қиын мақсаттарды шешу үшін билер да-
налар мектебінде (өмір мектебінен) оқып,
данагөй ақсақалдардың алдында сыннан
өтіп, өткір ойлы, шешен тілді болуы, сон-
дай-ақ, қазақ құқығының білгірлері болуы
міндетті еді.
Достарыңызбен бөлісу: