АҢдатпа 6-бет 5-бет


көптеген сатылардан өту керек. Негізі судьяны



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата05.02.2017
өлшемі6,99 Mb.
#3484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

көптеген сатылардан өту керек. Негізі судьяны 

халықтың сайлауы керек деген  пікірдің жаны 

бар деп есептеймін. Меніңше, бұл талап бірінші сатыдағы 

судьялар үшін тиімді. Кезінде Кеңес одағында бірінші 

сатыдағы судьяны халықтық судьялар деп атаушы еді. 

Ол жүйенің де өз артықшылықтары болғанын мойындау 

керек.  Процессуалдық  вертикалды  қарайтын  болсақ, 

халықпен  тікелей  кездесетін  бірінші  сатыдағы  судья. 

Сондықтан,  меніңше  халықпен  қоян-қолтық  жұмыс 

істейтін осы судьяны халық сайлағаны дұрыс.

Себебі, ол халықтың өз ортасында жүргендіктен оның 

көңіл күйін, ойын біледі, заңсыздықты көріп, сезеді және 

тәуелсіз болады. Аудандық судьяларды жаппай сайлау 

дұрыс емес шығар. Осы ретте біз билер сотын тәжірибеге 

кеңінен енгізу туралы мәселе көтеріп жүрміз.

 

8

№108/1 (2886/1) 

1 қазан 2016

zangazet@mail.ru



төртінші билік

икипедиялық  мәліметтер  «АқпАрАттық  соғыс» 

сөзіне  мынАдАй  АнықтАмА  береді:  «мАтериАлдық 

және  интеллектуАлдық  сАлАлАрдА  қАндАй  дА 

бір  ұтыс  Алу  мАқсАтындА  бір-бірінің  АқпАрАттық 

ресурстАрынА белсенді АқпАрАттық ықпАл жүргізетін 

қАрсылАстАрдың қАлпы. «АқпАрАттық соғыс» ұғы мы 

АқпАрАттық  ресурстАрдың,  АқпАрАттық  және  теле-

коммуникАциялық  технологиялАрдың,  бұқАрАлық 

АқпАрАттың  электрондық  құрАлдАрының  дАмуынА 

орАй кең қолдАнылА бАстАды. 

у

Ақпараттық соғыстың басты мақса-

ты – қарсы жақты өз ырқына мәжбүр-

леп  көндіру  арқылы  өз  мүддесіне 

сәйкес келетін саяси, экономикалық, 

әскери, әлеуметтік ұтысқа қол жеткі-

зу.  Ақпараттық  соғыс  мемлекеттер, 

одақтар,  қоғамдық,  экономикалық 

және  әскери  құрылымдардың  ара-

сында  жүргізілуі  мүмкін.  Ақпараттық 

соғыстың «психологиялық соғыспен» 

АқпАрАттық 

соғыс Ашық 

қоғАмның 

көрінісі ме?

ұқсастығы басым, өйткені, ақпараттық 

соғыс субъектілерінің мақсаты элек-

тронды  БАқ-тың  қатысуымен  орын-

далады.  Ақпараттық  соғыста  жеңіліс 

табатын негізгі нысандар: ақпараттық 

жүйе, мемлекеттің, қоғамның ақпарат-

тық және интеллектуалдық ресурста-

ры, адамдардың жүйкесі», – делінген.

Ақпараттық  технологиялар  зама-



нында әлеуметтік желілердің миллион-

керек  пе,  керек  емес  пе?  Бірінші-

ден, сені ақпаратқа деген аштық өлім 

оша ғына  жетелеп  барады.  Екіншіден, 

ба қытсыздыққа  душар  етуі  мүмкін 

жағ дай үшін кәсібімен ғана емес, өмі­

рімен  де  қоштасу.  Қажет  пе,  қажет 

емес пе? Осындай қауіпті аймақтарда 

болып келген нағыз кәсіби мамандар 

төмендегідей  кеңестер  ұсынады.  Бұл 

кеңестер Ресейдегі экстремалды жур-

налистика орталығында сараптамадан 

өтіп  талқыланған.  Және  тәжірибеден 

өткен бұл әдістер соғыс пен түрлі апат­

тар аймағында болып келген бірталай 

әріптестерге көмектескен.

1.Сөзіңде  тұру.  Егер  де  біреуге 

ма те риал барысында оның аты­жөнін 

ата мауға уәде берсең, оны орындауға 

тиіссің.

Мақаланың мәтінін баспаға бермес 

бұрын,  оны  кейіпкерге  бір  көрсетіп 

алуға сөз берсең, сөзіңде тұр! Матери-

алға қосылған өтірік оқиғаны әсірелеу, 

жалған факт – кәсіби мамандығыңмен 

қоштасуға, тіпті, өміріңе қауіп төндіре тін 

жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін.

2.  Қолыңда  бар  мәліметті  саудаға 

салма.  Журналист  үшін  ең  мазасыз 

кезең – материал жинау мен оны бас-

паға  дайындау  кезеңі.  Бұл  аралықта 

сіз біреулер үшін қауіпті ақпаратқа ие 

адамсыз. Сізбен келіссөз жасауға әре-

кет  етушілер  табылады.  Сіз  қомақты 

қаржыға ақпаратты сатқыңыз келсе де 

асықпаңыз. Бұл жерде жеке ішкі мәде-

ни этикадан да жоғары бір мәселе бар. 

Ол – сізге айналаңыздың сатқын жур-

налист есебінде қарауы. Яғни, қолында 

бар құнды ақпаратынан оңай айырыла-

тын журналист есебінде сый­құрметіңіз 

болмайды.

3. Ойламаған жерден тұтқынға тү­

сіп немесе кепілге алынып қалса ңыз, 

ешқашан  қарсыласпаңыз.  Өз  қар­

сылығыңыз  арқылы  қылмысқа  барып 

отырған  тараптың  ашу­ызасын  туғы­

зуыңыз  мүмкін.  Бұл  жерде  сізге  тек 

қана мұқият болған жөн. Адамдардың 

түр­сұлбасын, жүрген жерлер мен жағ­

дайды  үнсіз  бақылап,  есіңізге  сақ тап 

отыр ғаныңыз  абзал.  Алайда,  оны  өте 

елеусіз  істеңіз.  Егер  де  сізді  кепілге 

алып  отырған  адамның  біреуін  танып 

қалсаңыз, оны білдірмеңіз. Өз өміріңіз-

ге  қауіп  төнуі  мүмкін.  Мүмкіндік  туа 

қал ған  жағдайда  өзіңіздің  дерегіңізді 

бе руге асығыңыз.

4.  Қару  мен  камера  екеуінің  басы 

ешқашан бір қазанға сыймайды. Яғни, 

журналиске  қару  ұстауға  болмайды. 

Соғыс аумағында, тіпті, қаруды ойнап 

болса да қолыңызға ұстауға болмайды. 

Бұл сіздің өміріңізді қорғай алмайды.

5. Жомарт бол – өзіңіздің әріптес­

теріңізбен  ақпарат  бөлісіп,  бір  тілім 

нан болса да, бірге жеуді үйреніңіз! Бұл 

қайырың ертең өзіңе қайта оралады.

6. Соғыс аумағында аузыңызға ти-

генді жеп үйреніңіз. Соған әркез дайын 

жүріңіз.

7. Қасыңызға кісі ерту керек болса, 

пысық, ширақ, батыр адамды емес, ең 

сабырлы адамды ерткен жөн.

8. Егер де сізден соғыс аумағында 

«қай жақтың журналисісің» деген сауал 

қойылатын болса, мүмкіндігінше бей-

тараптықты  ұстанған  дұрыс.  Егер  бір 

тарапты атасаңыз, өзіңіздің өміріңізге 

қауіп төнді деп есептей беріңіз.

9.  Соғыс  аумағында  әдемі,  сәнді 

киінуге  болмайды.  Сіздің  әдемі  киім­

деріңіз  қарсы  тараптың  қызығу шы­

лығын оятуы мүмкін. Бұл қателік сіздің 

өміріңізге қауіп төндіреді.

10.  Қару­жарақ  сақталған  қоймаға 

жақындамаңыз. Сізді шпиондық әрекет 

жасап жүр деп қабылдап қалуы мүмкін.

Бетті дайындаған 

Жадыра ҚҰДАЙБЕРГЕН

дар санасына ықпал етуі артып келеді. 

Бүгінде  ол  психикалық  ауру  сияқты, 

себебі,  біз  әлеуметтік  желілерге  те-

реңірек  дендеп  барамыз,  олардың 

ықпалы қазір БАқ-тың ықпалынан да 

бірнеше есе жоғары. ендеше, осын-

дай,  ақпараттық  соғыс  әлеуметтік 

желілер  арқылы  жедел  дамып  бара 

жатқан  қоғамда  дәстүрлі  БАқ  қайта 

құрылымдануы қажет секілді. 

қазіргі  уақытта  интернетте  әлем 

бойынша  күніне  2  млрд  адам  оты-

ратын  көрінеді.  олардың  90  пайызы 

әлеу меттік желілердің пайдаланушы-

лары. Яғни, бұл үрдіс әлемдегі ақпа-

раттық  соғыстардың  тез  таралуына, 

тез нәтижеге қол жеткізуіне себепкер 

болуда. осы тұрғыда біз ақпарат тық 

соғыстың  қазіргі  қоғамға  тигізетін 

пай дасы мен зияны туралы білуге әре-

кеттендік.  Әлемдік  проблема  біздің 

де  проблема.  ендеше,  бұл  біз  ғана 

сезіктеніп, біз ғана аяғын аңдап басып 

отырған жағдай емес. Біз сауалнамаға 

тартқан классикалық БАқ өкілдері де 

қазақстандағы ақпараттық қақтығыс-

тардың  бар  екенін  алға  тартты.  «Ау-

руын  жасырған  өледі»  дейді  дана 

халық. Айтудан емес, әрекетсіздіктен 

қорыққан жөн шығар, ендеше.

Есте жүрсін!

ЖуРНАлискЕ 

кЕРЕк кЕңЕс

Журналистика тек қызықты маман-

дық  қана  емес,  қауіпті  де.  Күн  сайын 

журналист  әртүрлі  оқиғаларға  тап 

болады.  Ол  күрделі  оқиға  ғана  емес, 

оның  өміріне  қауіп  төндіретін  апат-

ты  жағдай  болуы  мүмкін.  Осы  жерде 

қазақ  айтатын  «басын  бәйгеге  тігу» 

тіркесі  өзектілігімен  алға  шығады. 

Журналиске  осындай  тәуекелге  бару 

С а у а л н а м а

Есей ЖЕңІсҰлЫ, журналист:

«Бұл қақтығыс 

адамзат барда ешқашан 

тоқтамайды»



– Жиырма жылға жуық журналистік ғұмы-

рымызда ақпараттық соғыстың ірісін де, ұсағын 

да көрдік. Сонда көңілге түйгеніміз мынадай бол-

ды: ақпараттық соғыс адамзат барда ешқашан 

тоқтамайды. Бір-біріне адамгершілік, ізгілік, мейі-

рімділік формулаларын сызып көрсетіп отырған 

әлем қожайындарының үстел астындағы қолы 

шүріппеде тұра береді. Ол шүріппе ешқашан ба-

сылмауы мүмкін, бірақ, ақпараттық соғыс арқылы 

оғы атыла бермек. Осы күні 18 мың ғаламға болмаса 

да, оның құйттай бөлігі – Жер-Анаға қожайындық 

жасағысы келетін елдер қадау-қадау. Азғана. Бірақ, 

бүкіл әлем сол азғана елдердің мүддесімен өмір 

сүріп жатыр. Ал, біздің ақпараттық кеңістік осы 

соғыстың тәжірибе алаңы іспеттес. Оған әсер 

етпей жатқан ел жоқ. Демек, біз алаңсыз ұтылып 

жатырмыз. Балаларға арналған телеарнамыз – 

жалғыз-ақ, орыс тіліндегісі – он. Мемлекеттік 

тапсырысты 12 рес публикалық арна орындайды, 

олардың рейтинг қуу дертіне ұшырап, туған халқы 

барын ұмытып қалатын сәттері көп. Яғни, өзгенің 

бодауында кетуі жиі. Биыл бір қаладағы жастар 

үндінің «Холли» мерекесін тойлапты... Әп-бәре-

келді! «Қазақстанда» майлы ішектей созылып келе 

жатқан «Келіннің», басқа да арналардағы «Киелі 

неке», т.б. сериалдардың тамаша жетістігі бұл. 

Бір отбасында анасы баласын ұрмақ болса, үшін-

ші сыныпта оқитын бала қолын қусырып алып, 

«кешіріңізші, Кришна-Құдай!» деген көрінеді. Міне, 

мұның бәрі жеңіліс қана емес, ақпараттық соғыс-

тағы ойсырай ұтылу... Украинаның шығысына 

соғысқа аттанып, «орыс әлемін» қорғап жүрген 

қазақ қандастарымыз осындай ақпараттық соғыс-

тың құрбандары болмағанда, басқа кім? Жиринов-

скийдің «О, Боже, царя храни!» деген алғысын көр-

сетпеген арна жоқ. Тіршілікті ғана күйттейтін, 

ақпарат құралдарынан қазақы қаны қою өнімді 

іздеп әуре болмайтын адамдар үшін ол да олжа.

Біз ұтылып жатырмыз...

Кішірек ауқымдағы ақпараттық соғыс осыдан 

20 жыл бұрын ғана мемлекет мүддесінің жеңісімен 

аяқталатын. Қазір бәрі жекенің қолында болғасын 

ақпараттық соғыстар да ұсақтала, тұрпайылана 

түсті. Сол «соғыстар» қоғамның моральдық және 

рухани деңгейін қатты түсіріп жатыр. Бірін-

бірі қаралайтын, бірінің төсегіне үңілген қоғамда 

моральдық қуат мықты болады деу қиын... Бірақ, 

айналаға қарасақ, көршілердің де, алыстағы ай-

даһарлардың да көрген күні осы. Соған қарағанда 

ақпараттық үлкен шайқастардан гөрі кішігірім 

«төсек-сахна-үй» деңгейіндегі «соғыстар» қоғамды 

көбірек азғындата ма деймін...

Жандос БӘДЕлҰлЫ, журналист:

«Ақпараттық соғыс – 

ең әділетсіз соғыс»

– Өз басым ақпараттық соғысты ең әділет-

сіз тартыс дер едім. Себебі, ол азғана топтың 

қалың бұқараны жалған ақпаратпен алдап-арбап, 

турасын айтқанда «санасын улап», өздерінің жеке 

мүдделеріне пайдалануды көздейді. Демек, бұл 

журналистиканың дамуына ешқандай пайдасын 

тигізбейді. Сонымен қатар, мұнда пікірді күштеп 

тану, кейбір ақпараттарды бұрмалап көрсету, 

қарсы тарапты орынсыз қаралау секілді журна-

листика мен сөз бостандығының барлық өлшем-

деріне қайшы тәсілдердің ашық қолданылатыны 

белгілі. Мұның ең үлкен мысалдарын біз көршілес 

Ресей телеарналарынан күнделікті көріп жүрміз. 

Ақпараттық соғыс кезінде тараптар БАҚ-тарға 

толық бақылау орнатып, өз қалауы бойынша жұ-

мыс жүргізгісі келеді. Ал, бұл – журналистің кәсіби 

міндетін ойдағыдай атқаруына кедергі келтіру 

деген сөз. Сонымен қатар, әрбір ақпараттың мүд-

деден шығуы қадағаланады. Қаламайтын хабар-о-

шар бұрмаланып беріледі. Бұл – қоғамдық сананы 

манипуляциялау деген сөз. Демек, ақпараттық 

соғыстың өзге де кез келген соғыс түрлері секілді 

зиянынан басқа ештеңесі жоқ. Ал, «ақпараттық 

соғыс бүгінгі қазақ қоғамында бар ма?» дегенге кел-

сек... Бар. Бірақ, жекеленген топтардың арасында 

ғана. Әсіресе, әлеуметтік желілерде «ақпараттық 

тартыстар майданы» қызып тұр.

Қарагөз сМАДІл, журналист:

«Кілтипанның кілті 

өзімізде»

– Соңғы екі жылдағы геосаяси шиеленіс тер мен 

алыс-жақын шетелдердегі мүдделер қақтығысы 

ақпараттық соғыстарға ұласып жатқанын көріп 

отырмыз. Алысқа бармай-ақ, Түркия мен Ресей 

арасы шиеленісіп, одан бұрынырақ Украинаның 

территориялық қауіпсіздігі сынға түскен сәтте 

Қазақстанның ақпараттық кеңістігін негізі-

нен көршілес БАҚ көзқарасы «басып» қалғанын 

еске алсақ жетіп жатыр. Сол уақыттан бері 

Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік мәселесі 

бізде әлі де шешілмей жатқанына байланысты 

қазақы қоғамның алаң көңілін «Открытая Азия 

Онлайн» сайтына берген былтырғы сұхбатында 

белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев өте жақсы 

айтып өткен еді. Иә, саясаттанушының пікірімен 

келіспеске болмас, Украинадағы, кейінгі Түркия-

дағы  жағдайлар  Қазақстанның  ақпараттық 

кеңістігінің еркін, тәуелсіз емес екенін байқатып 

қойды. Бізді қатты алаңдататыны, ақпараттық 

соғыстар уағында шетелдердің мүддесі үшін бір 

ғана қазақ қоғамы екіге жарылып кете алатыны 

болса керек. Яғни, өзге елдердің мүддесін көздеген, 

өзге елдердің сойылын соққан ақпараттық соғыс-

тың салқыны қазақ қоғамына кері әсер етіп, өзге 

ел үшін біртұтас қазақ қоғамы екіге бөлініп-жа-

рылып кетсе, демек, біздің ақпараттық қауіпсіздік 

саламыздың кілтипаны бар деген сөз.

Айдос ҚуАНЫШҰлЫ

әскери психолог:

«Бұдан журналистиканы 

дамып кетеді 

дей алмаймыз»



– Ақпараттық соғыс адамзат тарихымен бірге 

жасасып келе жатыр. Бұл жердегі мәселе – оның 

сипаты мен бүгінгі таңдағы белсенділігінің артқан-

дығында. Әрине, бұл ең алдымен технологиялардың 

жасарып бара жатуының себебінен болса, екінші-

ден, мемлекеттік саясаттың ұстамына көп дүние 

байланысты.

Өзге батыс елдеріне қарағанда біздің елдегі ақпа-

раттық қақтығыстар шоу-бизнестің маңында 

қалып қойды. Рас, мемлекетаралық қарым-қаты-

настар кезінде көршілес елдер болсын немесе өзге 

де Еуропа елдерінен болсын, қай-қайсысы болса 

да, өздерінің ақпарат кеңістіктерінің алдыңғы 

қатарда бәсекеге қабілетті екендігімен мақтаны-

сады. Өйткені, бұл процесс, менің ойымша, оларда 

мүмкіндігінше кәсіби тұрғыда өтетін секілді. 

Ақпараттық соғыстың пайдасы қыруар дей ал-

маймыз. Зиянына қатысты талай дүние ні айтуға 

болады. Мемлекетаралық саясатқа қатысты 

ақпараттық соғыстар бұл ретте көш басында. 

Ақпараттық тәуелсіздігі басым басылым бұл 

тақырыпқа еркін кіре алады. Ақпараттық соғыс 

тек қантөгіс жағдайында өтеді деуге негіз жоқ. 

Бұл майдан журналистиканың лас ойындарының 

бірі. Танымал басылымның не месе атақты телеар-

наның бәсекелесі бас тайтын бұл соғыс қарсыласты 

тұқырту тұрғысында қолдан келгенді аямау керек 

екендігін көрсетеді. Тіпті, ішкі нарықтан бөлек, 

сыртқы мемлекетаралық қақтығыстарда сыртқы 

саясатта қызу жүріп жатыр. Осы шайқаста ақпа-

раттық соғыс жүргізіп жатқан екі мемлекеттің 

көршілес елдерінің ұстанымы, олардың да өзіндік 

принциптері көрініп қалады. Біз секілді дамушы ел-

дер ақпараттық соғыс алаңында тәжірибесін енді 

ғана қалыптастырып келеді. Отандық ішкі ахуал 

ақпараттық соғыстың өз ішімізде қарқынды жүр-

гізіліп жатқанын күнде дәлелдеп жатыр. Ірі ком-

панияларды былай қойғанның өзінде, әлеуметтік 

желілерде жүріп жатқан мұндай қақтығыстар 

бұл саланы керемет өркендетіп, алға ілгерілетіп 

жібереді дей алмаймыз.

Гүлназ НҰРТАЗА, блогер:

«Ақпараттық 

технологиялардың 

ілгерілеуіне септігін 

тигізуде»

– Ақпараттық соғыстың журналистикаға 

тигізетін зияны – ең алдымен, мұнда негізсіз, объек-

тивті емес пікірлердің жүретіндігі. Мұндағы мақ-

сат қарсыласты қалайда тұқыртып, ел алдындағы 

беделін түсіру десек, бұдан халыққа келетін зиян 

– жалған ақпаратқа сенетіндігі. Сеніп қана қой-

майды, бұл жерде жікке бөлінушілік орын алады. 

Адамдар өз ыңғайына қарай тараптарды таңдайды 

да, сол тараптың сөзін сөйлеушіге айналады. Бізде 

қазір елдегі бақытсыздықтың бәріне жаппай Ресей-

ді кінәлай беру үрдісі белең алды ғой. Немесе белгілі 

бір акциялар, болмаса наразы лықтар бой көтерсе, 

біз оған бұл жерде міндетті түрде алып держава 

Американы айыптаймыз. Оны міндетті түрде осы 

екі мемлекет қаржыландырып, солар бастап отыр 

дейміз. Бұның бәрі біздің әділ, ашық, объективті 

пікірді қалыптас тыруға дағдыланбағанымыздың 

көрінісі. Енді бұл жерде ақпараттық соғыстан 

келетін пайда бар дей алмай-

мыз. Оның бір ғана плюсі – 

болуы мүмкін технологиялық 

кеңістікті жеделдетеді. Яғни, 

жаңа бір прогрестердің арқа-

сында ел әлемдік ақпараттық 

технологиялардың озық үл-

гісін меңгеруге үйренеді.


9

zangazet@maiI.ru



№108/1  (2886/1) 

1 қазан 2016

ДІН-ДІҢГЕК

Бүгінгі діни ахуалдағы кемшілік салғырт­

тықтықтың  жемісі.  Қазір  тіркелген  секта, 

діни  ұйым,  бірлестіктер  көп.  Олардың 

жұмысына  да  бақылау  жасау  мүмкін  емес. 

Өйткені,  құжат  бойынша  олардың  атқарып 

отырған  шаруаларының  барлығы  заңды. 

Құқықтық  шеңберден  аттамағандай  сыңай 

танытқанымен, елдегі діни ахуалдың мінсіз, 

дұрыс  жолмен  жүріп  келе  жатпағаны  соңғы 

кездері жиі байқалып жатыр.

«Жастар  дінге  бет  бұрды»,  –  деп  қуанған 

халық  қазір  неге  сақалын  жіберіп,  хиджабын 

жамылған  ұрпағына  үрке  қарайды?  Қасиетті 

діннің  астарынан  қауіп  іздеп,  қорқудың  сыры 

неде? 


Қазақстандағы  діннің  етек  жайған  кезі 

тәуелсіздік алған жылдармен тұспа-тұс келеді. 

Оған  дейін  коммунизмнің  елесі  кезген  елде 

дінсіздік  пен  маскүнемдік  үлкен  мәселеге 

айналған  еді.  Шындығында,  күнде  арақ  ішіп 

отбасының  шырқын  бұзатын  ата-ананың  оғаш 

әрекеттерінен  құтылудың  бірден-бір  жолы 

дін  деп  түсінген  жастар  арамызда  аз  емес. 

Оның  үстіне,  егемендік  алған  елге  алғашқы 

жылдары бәрі таңсық болып, еліктеудің көп орын 

алғаны  белгілі.  Телеарналардан  берілген  түрлі 

фильмдерге  еліктеген  жастардың  қылмысқа 

бой ұрып, жазасын өтеушілер санын көбейткені 

де  осы  кез.  Бала  тәрбиесін  уысынан  шығарып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет