АҢдатпа 6-бет 5-бет



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата05.02.2017
өлшемі6,99 Mb.
#3484
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

С.АЗМАҒАНБЕТОВА,

Шығыс Қазақстан облысының 

№2 кәмелетке толмағандардың 

істері жөніндегі мамандандырылған

 ауданаралық сотының судьясы

Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйесі тарих 

бойы қалыптасқанын, оның әртүрлі ғасыр-

лар  үнімен  үндестігін  баса  айтпаса  бол-

майды. Бір жағынан алғанда, оның консер-

вативтік  сипаты,  екінші  жағынан,  көшпелі 

өркениет ауданында әркез қозғалыста, да-

муда болғандығы сезіледі. Осы кезеңде би 

қазақтың құқықтық дәстүрлерінің сақтау-

шысы ретінде танылған. Бұл оның кәсіптік 

қызметінің міндетті қыры болып табылады. 

Сонымен қатар, би – ұлы дала құқығын ер-

кін талқылаушы әрі оның нормаларын қоғам 

өзгеруіне сай қолданушы.

Елге белгілі Мақаш әкім (Мұқамбетжан 

Шолтырұлы Бекмұхамбетов 1830-1904 жж.) 

Бөкей ордасына келгенде, атақты Малтақан 

биге (1820-1910) арнайы қолқа салып:

–  Малтақан  аға,  дүниеде  «айналайын-

ның» шегі нешеу? Әбден кейігенде «атаңа 

нәлет»  деп  ренжиміз.  Олай  болса  атаңа 

нәлеттің түрі қандай? Осы жайларды түсін-

діре кетсеңіз, – деп сұрапты.

Сонда Малтақан би кідірместен:

 – Е, Мақашжан, бар болғаны осылар-

дың жауабын таба алмай дал болып жүр-

сең, әуелгің үш, кейінгің төрт ағайынды ма 

деп қаламын. Олар: өзің үйде бол-болма, 

ауылыңа  ат  байлаған  ес-дос,  жақын-жа-

ран, кез келген құдайы қонаққа жарқырап 

отырып барын базар етер, берген шайын 

шалып тастаған тоқтыға, тоқтысын жетек-

тетіп мінгізіп жіберер тай-құнанға пара-пар 

етіп,  есте  қалдыратын  ақжарма,  жайсаң 

қатыннан  айналайын!  Содан  соң  жүген 

алып,  жүгіріп  барғаныңда  теріс  айналып, 

артын  бермей,  қасқайып  қарап  тұратын 

ер  қанаты  –  атыңнан  айналайын!  Байтақ 

елге басшы болып тұрғанда қол астындағы 

пақыр-мүшкіл  адамдар,  әлді-хәлділерден 

таяқ жеп, тепкі көріп алдына аңырап кел-

генде байдың малы, бидің ажарына қара-

май, кемді теңгеріп, жылағанды күлдірген, 

құлағанды  сүйеген,  сөйтіп,  төрелігін  дәл 

айтқан хәкімнен айналмас па?

Ал, нәлетің: ес-дос, жора-жолдас  бол-

маса алыс жолдан арып-ашып жеткен құ-

дайы  қонаққа  «үйде  су  жоқ»,  «әбдіреде 

ас жоқ», «аулада отын қалмапты» деп пеш 

ар тында  кіржіңдеп,  аяқ-табақпен  алы-

сып, ошақ басына жоламай қоятын қатын 

–  атаңа  нәлет!  Мойныңа  бұршақ  салып, 

Алла дан  алты  ай  жаз,  үш  ай  күз  сұрап, 

тілеп алған ұл-қызың есейіп, бойжеткенде 

әйелі не күйеуінің пыш-пыш күңкіліне ілесіп, 

жағың  түсіп,  буының  салдыраған  кезде 

өзіңе ақырып-бақырып, төбеңе зікір салса, 

басыңа  әңгір  таяқ  орнатса  нағыз  соның 

өзі – атаңа нәлет! Қысы-жазы екі ауылдың 

арасын шаң қылып, қара суды қақ бөліп іш-

кен көршің көне сырды бөлісіп, жастығыңды 

жаңғыртар  жалғыз  досың  келгенде  біріге 

алмадың деп, сырыңды жатқа жайып, сыр-

тыңнан ғайбаттаса, сол – атаңа нәлет! Ба-

сыңа  бақыт  дарып,  халқыңа  аға  атанған 

шағыңда,  біреуден  қорлық,  озбырлық  не 

қиянат көрген пақырлар мен жаяулар ал-

дыңа келгенде, байдың малы, бидің жағы, 

мырзаның  сыйына  қызығып,  жылағанның 

жанына, дау-дамайдың сырына шым батып, 

үңіле алмаған хәкім – атаңа нәлет! – деп 

жауап беріпті.

Малтақанның жауабына дән риза болған 

Мақаш әкім: «Аға, бәрін де дұрыс айттыңыз. 

Қай-қайсысы да өмірде кездесетін жайлар 

екен. Сізге көптен-көп рақмет!» – деп ри-

зашылығын білдіріпті.

Ертедегі  билер  даналығы  –  бүгінімізге 

де  үлгі,  қазіргі  заман  билері  өз  құнды-

лықтарымыздан терең дәріс алса игі болар 

еді дейміз.

Э.ЖАНСҰЛТАНОВА,

Катонқарағай аудандық сотының 

кеңсе меңгерушісі 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ЕЛГЕ БАЙ ҚҰТ ЕМЕС

БИ – ҚҰТ


АЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДА ЕРТЕДЕН ҚАЛЫПТАСҚАН ӨЗІНДІК ЕЛ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ 

БОЛҒАН. ОЛАР: ЕЛ БАСШЫСЫ – ХАНЫ, ЕЛДІҢ ҚАМЫН ЖЕГЕН ЕРЛЕРІ, СӨЗІН 

СӨЙЛЕГЕН ШЕШЕН-БИЛЕРІ БОЛЫП ІРІКТЕЛГЕН. ЕЛ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ БІРІ – 

БИЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ, ОНЫҢ БИЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗІНДІК ТӘРТІБІ БАР.

Қ

«АТАҢНЫҢ ҚҰЛЫ АЙТСА ДА, 

ӘДІЛДІККЕ БАСЫҢДЫ И»

ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘСТҮРДІ 

САҚТАУШЫ


12

№108/1 (2886/1) 

1 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



БІРІНШІ  БАЙЛЫҚ

–  Біздің  азаматтар  неге  кәсіби 

мамандар  қызметіне  жүгінуге 

құлықсыз, әсіресе, психологтардан 

ат-тондарын алып қашады?

–  Батыста  әр  адамның  жеке 

гинекологі,  стоматологі,  шаш тара­

зы ның  болатыны  сияқты  жеке  пси­

хологінің  болуы  қалыпты  жағдай. 

Олар  өздерінің  жеке  мәселесін  біз 

сияқты  достары  мен  туысқандарына 

емес, психологқа айтып, қиындықтан 

құтылуда  маман  көмегіне  сүйенеді. 

Және оның өзіндік артықшылықтары 

да  көп.  Қазақстандықтар  да  бірте­

бірте кәсіби маман көмегіне жүгіну ге 

дағдыланса,  елімізде  үлкен  проб­

лемаға  айналған  суицид,  ажырасу 

сияқты келеңсіз мәселелердің алдын 

алу мүмкіндіктері көбейер еді. Мұны 

ғ а л ы м д а р   ж о қ қ а   ш ы ғ а р м а й д ы . 

Тәжірибеден  байқағанымыз,  қазіргі 

уақытта  жоғары  білімді,  жетістікке 

жетуді қалайтын, алдына нақты мақсат 

қойған, өз өмірін жақсартқысы келетін 

және барлық жағынан үйлесімді тірлік 

кешуді  көксейтін  адамдар  қандай 

жағдайда  да  психологқа  барудың 

қажеттігін  мойындайды.  Шынын 

айту  керек,  бізде  психологиялық 

кеңес  беру  өте  кенжелеп  қалды. 

Оған  менталитетіміздің  де  әсері 

зор.  Мысалы,  халқымызда  отбасы 

құнды лығы  қашанда  жоғары  орынға 

қойылған.  Отбасылық,  ерлі­зайып­

тылар  арасындағы  мәселелерде 

көбіне  «Бас  жарылса  бөрік  ішінде, 

қол  сынса  жең  ішінде»  қағидасын 

ұстанамыз.  Қандай  да  бір  қиын 

жағдай бола қалса, біз оны көбінесе 

сыртқа шығармай, жеңгемізге, әпке­

мізге, жақын құрбыларымызға құпия 

түрде айтамыз. Ал, батыс халқы кез 

келген  қиындықта  кәсіби  маманға 

барады,  оларда  жасырып­жабу  жоқ. 

Бізде,  керісінше,  әр  адамның  жылап 

баратын  «үйде  немесе  айналасында 

өз  психологі» бар.  



–  Өз  жақын  адамдарыңа  ғана 

мұң шаққанның несі жаман? 

–  Жаны  қиналған  кезде  жақын 

адамыңа  барып  жылағанның,  мұң­

шеріңді ақтарып алғанның жамандығы 

жоқ. Бірақ, бұл тек уақытша жеңілдеу­

ге  жақсы  көмек.  Уақытша  нәрсе 

шын  мәнісіндегі  мәселені  шешпейді. 

Мысалы, тісің ауырғанда дәрі ішесің, 

ауырғаны уақытша тыйылады. Бәрібір 

ол  тісті  емдеу  қажет,  бір  дәрінің 

көмегімен  емделіп  кетпейді.  Бұл  да 

сол  сияқты  танысы  жылап  келген 

адамнан көмегін аямайды, тыңдайды, 

не  істеу  керектігі  жайлы  кеңесін 

береді.  Алайда,  сіздің  өміріңізде 

еш  нәрсе  өзгермейді,  барлығы  сол 

қалпында қалады.

– Оның себебі неде? 

– Өйткені, біз біреуге кеңес бер­

генді ұнатамыз, бірақ, берген кеңесті 

жасағанды  ұнатпаймыз.  Шағым 

айтып келген адамдардың өзі  кейде 

сіз  берген  кеңестің  бәрін  жоққа 

шығарады: «ой, бұған менің уақытым 

жоқ» немесе «мен ешқашан да бұлай 

жасай алмаймын», «мен бұған шыдай 

алмаймын»,  «бұл  өте  қымбат,  менің 

ақшам жоқ» деген сияқты сылтаулары 

көбейеді.  Немесе  күйеуінің  жасаған 

қиянаты жайлы шағымданады, сосын 

оны  басқа  құрбыларының  күйеу­

лерімен салыстырады.  Бұл бір ойын 

сияқты.


–  Клиент  проблемаларының 

ұзақ  уақыт  шешілмеуі  психологқа 

материалдық  тұрғыдан  тиімді 

шығар?  

– Қателесесіз, сіздің жеке өміріңіз­

де  өзгерістер  болып,  жақсы  жаққа 

ауысуына  қызығушылық  танытатын 

жалғыз адам: ол –  психолог. Өйткені, 

ол сізге сапалы психологиялық көмек 

көрсетсе,  бұл  –  оның  жұмысының 

жемісі. Сіздің жетістігіңіз – психологтің 

жетістігі. Сіздің проблемаларыңызды 

ұзаққа  созудың  психолог  үшін  еш 

мәні жоқ.  Менің тәжірибемде екі жыл 

бұрын айырылысқан күйеуін қайтарып 

алғысы  келетін  клиент  болды.  Ал, 

күйеуінің  жаңа  отбасы,  кішкентай 

қызы бар.  

– Екі жыл аз уақыт емес, оның 

талпынысы  қалай  болды,  күйеуін 

қайтарып алуға көмектестіңіз бе?  

– Жоқ, мен оған сұрағын басқаша 

қоюға  көмек  бердім.  Себебі,  оның 

күйеуін  қайтарып  алудың  астарында 

басқа  психологиялық  проблема 

тұр  еді.  Әйел  күйеуінің  өзін  тастап 

к е т к е н і н е   е ш   к ө н д і г е   а л м а ғ а н . 

Мәселенің  астарына  үңіле  келе, 

оның  күйеуін  қайтарып  алу  емес, 

«мені  тастап  кетті»  деген  ойымен 

жұмыс  істеу  керек  болды  Біз  осы 

п р о б л е м а м е н   ж ұ м ы с   ж а с а д ы қ . 

Соңында  ол  бұрынғы  күйеуі  өзіне 

керек  емесін,  оның  қайтпайтынын 

түсінді. Және басқа адамды кезіктіріп 

тұрмысқа шығып кетті.



–  Өте  жақын,  яғни,  жан  досың 

психологтің орнын алмастыра ала 

ма? 

– Жоқ, тіпті, оның психологиялық 

білімі бар психолог болса да алмас­

тыра алмайды.  



–  Басқалар  көмек  күтетін  пси-

холог тардың  өзінде  де  көптеген 

проблема бар, сонда адамға психо-

логияның көмегі қандай? 

–  Психологтар  сиқыршы  немесе 

періште емес, олар да сіз бен біз сияқты 

қарапайым  адамдар.  Зерттеулерге 

сүйенсек, көптеген атақты психологтар 

психологияны көбінесе өзінің басында 

психологиялық  проблемасы  бар 

адамдар таңдайтыны жайлы тұжырым 

жасайды. Олар өз проблемаларымен 

жұмыс  жасап,  емдеуден  өткеннен 

кейін ғана өзгеге көмектесе алмақ. Ал, 

өмірде  көрген­түйгені  аз,  көңілі  шат 

адамдар  психологияға  қызықпайды, 

психолог мамандығын таңдамайды да. 

Өйткені,  оларға  өзгенің  проблемасы 

түсініксіз,  оны түсінгілері де келмейді. 

Өзі  өмірдегі  көп  қиын  жағдайлардан 

өткен,  оны  шешуден  тәжірибесі  бар 

психологтар ғана басқа адамдардың 

жан дүниесін түсініп, қабылдай алады.   



–  Сонда  жақын  адамын  жоғал-

тып, күйзеліске түскен жанға, ондай 

жағдайды  басынан  өткермеген 

психолог көмектесе алмай ма?  

– Міндетті түрде олай емес, бірақ, 

«мұның бәрі оңай нәрсе»  деп қараған 

адам оған  көмектесе алмайды. Кем 

дегенде  сол  адамның  қайғысын  жан 

дүниесінен  өткізе  алатындай  зерде 

керек.  Бұл  психологтің  тәжірибесіне 

байланысты.



–  Бұрын  адамдар  психологсыз 

да  жаман  өмір  сүрген  жоқ  қой. 

Солар да психологиялық проблема-

лар болмаған ба?  

–  Бұрын  адамдар  теледидарсыз, 

ұялы  телефонсыз,  компьютерсіз  де 

өмір сүрді. Демек, қазіргідей ол кезде 

программистер,  дизайнерлер,  тағы 

да  басқа  мамандықтар  болмаған. 

Бүгінде  ақпараттық  технология, 

ғылым, білім қарыштап дамуда. Заман 

өзгерді, адамдардың сұранысы артты. 

Адам факторы барда психологиялық 

проблемалар  міндетті  түрде  қатар 

жүреді. Бұрын да қазіргідей проблема 

аз болмаған. Құран Кәрім, қазақтың 

өлең­жыры,  ертегілері,  даналық 

сөздері  тұнып  тұрған  психология. 

Соларды  ол  заманның  адамдары 

ұрпақ  тәрбиесіне  тиімді  қолдана 

білген. 


–  Қазіргі  кезде  психологиялық 

көмек алуға кімдер көп келеді? 

– Бізге психолог ретінде көбінесе 

20  мен  60  жастың  арасындағы 

әйел  адамдар  көп  келеді.  Бірақ, 

кейінгі  уақытта  бұрынғы  5  жылмен 

салыстырғанда ер­азаматтар көбірек 

келе бастады.

–  Оларды  маман  қызметіне 

жүгінуге көбіне не мәжбүр етеді? 

–  Көбінесе  психологқа  жеке  бас 

мәселелерімен,  махаббат  машақа­

тымен,  отбасылық,  тұрмыстық  жағ­

дай ды  жақсарту  т.б.  проблема лар­

мен  келеді.  Кей  жандарға  отбасын 

сақтауда, сүйіктісімен арақатынасын 

жақсартуда немесе ажырасу кезінде 

қолдау  қажет  болады.  Психо логтар 

негізінен өзін­өзі бағалау деңгейімен, 

қорқыныштармен,  мазасыз данулар­

мен, депрессиямен жұмыс жасайды. 



–  Қорқыныштарды  нақты  айта 

кетсеңіз... 

– Көбінесе адамда жалғыздықтан, 

өлімнен, айырылып қалудан, өзгеріс­

тен,  белгісіздіктен  қорқу  болады. 

Сондайда  адам  қорқынышқа  бой 

алдырып, одан өздігінен шыға алмай 

қалады.  Мұндай  жағдайда  міндетті 

түрде маман көмегі керек. 



– Көбіміз психологқа қай кезде 

баруды  да  түсінбейміз,  мысалы, 

қандай  жағдайда  психологтың 

көмегі шұғыл түрде қажет болады? 

–  Травмалық  жағдай  болған  кез­

де,  қайғыруды  бастан  кешіргенде, 

шешімі жоқ қиындыққа тап болғанда 

психологтің  көмегі  керек  болады. 

Ешқашан да өз қайғыңызбен жалғыз 

қалмаңыз.  Одан  шығудың  жолын 

іздеңіз және оның басты жолы кәсіби 

маман қызметіне жүгіну екенін естен 

шығармаған жөн.     

Сұхбат

Сәуле СМАҒҰЛҚЫЗЫ, Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының психологі:

 «УАҚЫТША КӨМЕК 

МӘСЕЛЕНІ ШЕШПЕЙДІ»

үниежүзілік  Денсаулық  Сақтау  Ұйымының 

1948  жылғы  жарғысының  преамбуласында: 

«Денсаулық  –  бұл  дерттердің  немесе  денелік 

(физикалық)  ақаулардың  жоқтығы  ғана  емес, 

физикалық, психикалық және әлеуметтік бақу-

аттылығының  жай-күйі»  деп  жазылса,  Прези-

дент  Дж.  Кеннеди  1961  жылы  өзінің  Конгрес-

ске  дәстүрлі  жолдауында:  «Құрама  Штаттар 

үшін  №1  проблема  –  бұл  ұлттың  психикалық 

денсаулығы.  Жұмыссыздық,  материалдық 

қиындықтар, дағдарыс кезіндегі қысқартулар, 

Д 

*Жұмысыңа бар күшіңді жұмсап, 

ықыласпен істе. Таңдаған мамандығың 

өзіңе ұнамаса, басқа жұмысқа ауыс. Өмірдің басым 

бөлігі жұмыста өтетіндіктен, оны азапқа айналдырудың 

қажеті жоқ. Бұл өзіңе де, қоғамға да пайдалы.

*Адамдардан көмегіңді аяма. Басқаның қамын ойлау барлық 

адамға тән. Тәкаппарлық пен тоғышарлыққа бой алдырмай, 

көмекке зәру адамға қол ұшын соз, жақсылық жаса. 

Ол адамның қуанғанын көріп, өзің де 

бақытқа кенелгендей боласың.

–  Қоғамымызда  психолог  пен 

психиатрды  шатастыратындар  да 

бар. Тіпті, көбісі психологқа баруға 

ұялады. «Психологқа баратын мен 

жынды емеспін» деген сөздерді жиі 

естиміз.   

–  Өкінішке  қарай,  адамдардың 

арасында  мұндай  түсінік  бар.  Бірақ, 

психиатрия мен психологияның айыр­

машылығы  үлкен.  Психиатр  пси­

хикалық  ауруларды  емдейді,  ал, 

психолог психикасы сау адамдармен 

жұмыс жасайды. Бұл мәселеде тағы 

бір  айта  кетерлік  жайт,  көп  адам­

дар  психологқа  тек  қана  жолы  бол­

ма ғандар  барады  деп  ойлайды. 

Психологқа көбінесе ақылды, білімді, 

жетістікке қол жеткізген, бірақ, өмір­

де,  жұмысында,  бизнесінде,  отба­

сында, өзінде қандай да бір сұрақтар 

туындаған адамдар келеді.   



– Психологқа біреудің сүйреуімен 

мәжбүрлеп  әкелудің  пайдасы  бар 

ма?  

–  Психологқа  күшпен  әкелудің 

қажеті жоқ. Бұдан адамда қарсылық  

туады, сосын ол маман кеңесін тың­

дағысы  да  келмейді.  Онымен  қоса, 

сіздің көндіріп алып келгеніңізден де 

ешқандай әсер болмайды, бұл уақыт 

пен ақшаны босқа жұмсауға әкеледі.  



– Неге олай? 

–  Психолог  жұмысының  бірегей­

лігінің  өзі  осында,  яғни,  клиентпен 

бірігіп  жұмыс  жасау.  Тіс  дәрігеріне 

барғанда «дәрігер, тісім ауырып тұр, 

бір  нәрсе  жасаңыз»  деп  креслоға 

жайғасасыз – болды. Қалғанын дәрі­

гердің өзі жасайды. Сіздің міндетіңіз 

– оның айтқанын істеп тыныш отыру. 

Психологияда  бәрі  басқаша.  Психо­

логтың клиентпен жұмысының нәтижесі   

бірігіп әрекет жасауда ғана көрінеді. 

Сондықтан да, психологиялық жұмыс 

табысты болуы үшін клиентке екі шарт 

қойылады. Біріншісі – клиент көмекті 

өзі сұрауы керек. Екіншісі – клиент өз 

ақшасын төлеуі қажет. Осы екі шарт 

орындалғанда міндетті түрде нәтиже 

болады.

– Мен «психологтар кеңес бер-

мейді»  дегенді  естідім.  Бірақ, 

психологқа  кез  келген  адам  ары 

қарай не істеу керегі жайлы кеңес 

алу үшін бармай ма?

– Шындығында, психологтар кеңес 

бермейді.  Психологтің  мақсаты  –  

адамның  өмірде  не  қалайтындығын 

бейсаналық деңгейден саналы деңгейге 

шығаруға, жете түсінуге мүмкіндік беру. 

Өзіміздің  мінезімізді,  сезімдерімізді, 

қажеттіліктерімізді жете түсінген кезі­

мізде ғана бізде таңдау жүреді. Мысалы, 

бұрыннан  жасап  жүргенімізді  жасай 

береміз  немесе  басқасын  көреміз. 

Өз  проблемаларымызды  және  оның 

себептерін жете түсінген жеткіліксіз. 

Бұл – ішкі дүниемізге деген алғашқы 

қадам.

– Біздің оқырмандарымызға не 

айтасыз? 

–  Мемлекет  басшысының  «Ұлт 

саулығы – табысты болашағымыздың 

негізі» деген сөзі бар. Елімізде психолог 

мамандар бар, қандай да бір шешімі 

табылмай,  ұзаққа  созылған  қиын 

жағдай болса, тартынбай мүмкіндікті 

пайдаланыңыздар. Жан саулығы мен 

тән саулығын сақтау өз қолдарыңызда.

Бетті дайындаған 

Түймегүл ИБАШЕВА,

«Заң газеті»

КОНФЕРЕНЦИЯ 

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН күрес шарасы күшейтілуде

Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен 

туберкулезді  біріктірілген  бақылау  бойынша  халықаралық  конференция  өтті.  Шараға  ҚР  ДСӘДМ, 

Орталық  Азия,  Қытай,  Беларусь,  Ресей,  АҚШ,  Украина,  Оңтүстік  Корея  туберкулезбен  күресу  ұлттық 

орталықтарының,  Дүниежүзілік  Денсаулық  Сақтау  Ұйымының,  USAID,  ЖИТС/АИТВ,  туберкулез  және 

безгекпен күрес бойынша жаһандық күрес қорының, Project HOPE халықаралық ұйымының, АҚШ Ратгерс 

университетінің аурулардың алдын алу мен оны бақылау орталығы және өзге де халықаралық үкіметтік 

емес ұйым өкілдері қатысты.  

Министрдің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының Туберкулезбен күрес ұлттық бағдарламасына саяси 

қолдау көрсетуінің, сонымен қатар, ведомствоаралық және салааралық өзара байланыс нәтижесінде соңғы 

жылдары елімізде аталған ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарды. Халыққа туберкулезге 

қарсы  көрсетілетін  көмектің  сапасын  әрі  қарай  жетілдіру  үшін  оны  бақылаудың  біріктірілген  моделі 

жасалды. Ол аталған аурумен күрестің барлық басым бағыттарын қарастырады. Дүниежүзілік Денсаулық 

Сақтау Ұйымы мен Туберкулезбен күрес халықаралық одағының саясатын ұстана отырып, Қазақстанда 

туберкулезбен күресу шаралары алғашқы медициналық­санитарлық көмек жүйесімен біріктірілді. Мкмлекет 

туберкулезбен  сырқаттанған  адамдарға  қажетті  жеткілікті  қаражат  бөліп  отыр.  Инфекциялық  бақылау 

шаралары күшейтілді. Аталған ауруды диагностикалаудың инновациялық жеделдетілген үлгілерін енгізу 

жалғасуда. 

Екі  күнге  жалғасқан  конференцияда  2016­2035  жж.  арналған  EndTB  ДДСҰ  стратегиясын  Орталық 

Азия  аумағында  жүзеге  асыру,  оның  ішінде  МСАК  ұйымдары  деңгейінде  туберкулезді  емдеу  мен 

диагностикалаудың жеделдетілген үлгілерінің қолжетімділігін арттыру, пациенттер мен дәрігерлердің ортақ 

жауапкершілігін ұлғайту мәселелері талқыланды.

Естеріңізге  сала  кетейік,  туберкулез  қоғамдық  денсаулық  сақтау  саласының,  әсіресе,  Еуразия 

аймағындағы елдердің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. ДДСҰ­ның соңғы мәліметіне сай, жыл 

сайын әлемде туберкулезбен 8,5 млн­ға жуық адам сырқаттанады. Оның ішінде көптеген дәрілерге төзімді 

500 мыңнан астам жағдай тіркелсе, аталған аурудан 1,3 млн адам қайтыс болады.

Туберкулезге қарсы кешенді шараларды сапалы жүзеге асыру нәтижесінде соңғы 10 жылда Қазақстанда 

туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге азайып, өлім­жітім көрсеткіші 5 есеге төмендеген. 



отбасындағы  түсініспеушіліктер  секіл-

ді  сан  сұрақтың  түп  төркінін  иемденген 

депрессия  ертеңгі  болашағымыздың 

бұлыңғыр  бейнесіне  айналмасына  кім 

кепіл?!»  –  дейді.  Бұл  тұжырымдарға 

жүгінсек, дамыған елдер жан саулығын 

ертеден  басты  орынға  қойған.  Біздің 

елде  психологиялық  қызметке  тек 

тәуелсіз дік  алғаннан  кейін  көңіл 

бөлінді. Жалпы, психолог көме-

гіне  сүйенудің  маңыздылығы 

жай лы  Алматы  қалалық 

пси хологиялық  сауық тыру 

орталығының  психологі 

Сәуле  СМАҒҰЛҚЫЗЫМЕН 

ой бөліскен едік.

№108/1 (2886/1) 

1 қазан 2016

13

zangazet@mail.ru



ТАРАЗЫ

ды ұсына отырып, еліміздегі сот және құқық қорғау органдарын жаңарту, 

жетілдіру уақыттың талабы екенін көрсетті. Әлемдегі дамыған 30 елдің 

қатарына кіру жөніндегі ұлттық жоспарда сот жүйесін жетілдіруге 11 қа-

дамның белгіленуінің өзі осының айғағы.

Биылғы жылдың қаңтарынан бастап Ұлт жоспарын орындаудың практи-

калық кезеңіне аяқ бастық. Жыл басынан бастап бес сатылы сот жүйесінің 

үш сатылы сот төрелігіне көшуіміз, судьяларды даярлау мен іріктеуде та-

лаптардың күшейтілуі, жаңа Азаматтық процестік кодекстің қабылдануы, 

Жоғарғы Сотта ірі инвестициялық даулар бойынша алқаның құрылуы, 

республика соттарында сот отырыстарының дыбыс-бейнежазба арқылы 

жүргізілуі және басқа да бірқатар жаңашылдықтардың бәрі де Елбасы 

бастамасымен қабылданған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асы-

рудың нақты шаралары болып табылады.

Ұлт жоспарының 19-қадамында «Судьялардың есеп беру тәртібін кү-

шейту. Судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау керектігі» көзделген. 

Заман көші ілгерілеген сайын құқықтық құжаттардың жаңартылуы заң-

дылық. Осыған орай, Жоғарғы Сотта арнайы шаралар қабылданып, су-

дьялар корпусының талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып 

жаңа Әдеп кодексінің жобасы жасалды. Онда Әдеп кодексін қабылдаудың 

халықаралық тәжірибесі жан-жақты ескерілген. Бүгінде кодекс жобасы су-

дьялар қауымдастығымен келісіліп, Жоғарғы Сот жанындағы халықаралық  

кеңестің отырысында мақұлданды. Сондай-ақ, кодекс жобасы халықара-

лық сарапшылардың да оң бағасын алып үлгерді. 

Жаңа Кодексте қазіргі заман қазысының жалпы этикалық ұстанымдары 

мен кәсіби қызметін атқару кезіндегі, тіпті, отбасы мен тұрмыстағы әдеп 

ұстанымдары бөлек-бөлек үш тарауда берілген. Судьялар одағы дайын-

даған бұл жобада «Судьялар мінез-құлқының Банголор қағидаттары», 

Сот билігі тәуелсіздігінің мәселелері бойынша Киев конференциясының 

ұсынымдары назарға алынған. Судья қызметтік міндеттен тыс уақытта 

да қызмет бабын өзінің жеке басының мүддесімен шатыстырмауы тиіс. 

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, парасаттылық пен жоға-

ры адамгершілікті, кәсіби біліктілікті жандандыру мәселелері де аталған 

кодекстен сырт қалмаған.

Жалпы, осы уақытқа дейін өткізілген әр съезд сот жүйесін дамыту мен 

азаматтардың сот әділдігіне деген сенімін жаңа деңгейге көтергені ақиқат. 

Республика судьяларының басын қосатын съезд биыл жетінші мәрте ұй-

ымдастырылғалы отыр. 1996 жылдан бері әр төрт жыл сайын өтетін бұл 

жиынды судьялар қауымы ерекше ықыласпен, асқан дайындықпен күтеді. 

Себебі, қазылар үшін өз ойын, пікірін ашық айтатын алаңға айналған бұл 

жиында сот жұмысын алға ілгерілетіп, үшінші биліктің әлеуетін көтеретін 

маңызды мәселелер талқыға түседі. 

Қорыта келгенде айтарым, елімізде жалпы сот саласына қатысты жүр-

гізіп отырған реформалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын 

баянды етіп, құқықтық мемлекет құруға септігін тигізеді деп есептеймін.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Елімізді ұлы жетістіктерге жетелеп 

келе  жатқан  Елбасы  Нұрсұлтан  На-

зарбаев туралы қай тұрғыдан айтсақ 

та жарасады. Өйткені Президент ай-

қындап  берген  сындарлы  саясаттың 

өміршең  екеніне  барша  халық  көз 

жеткізіп отыр.

Елімізді  экономикалық  тұрғыда 

дамытуда, сот саласын реформалауға 

ерекше мән берудің арқасында көпте-

ген жетістікке қол жеткіздік. Атап айт-

қанда, қазіргі экономикалық, банктік, 

әлеуметтік,  тағы  басқа  салалардағы 

қол  жеткен  табысымыз,  уақтылы  өт-

кізілген  құқықтық  реформа  болмаса 

осындай  деңгейге  көтерілуі  мүмкін 

емес еді.

Шын мәнінде, біз кейде экономи-

калық жетістіктеріміз туралы көп айта-

мыз да, еліміздегі жеке азаматтар мен 

заңды  тұлғалардың  конституциялық 

құқығын  әділ  қорғайтын  сот  қызметі 

туралы айта бермейміз. Бұл жөнінде 

Президенттің «Қазақстан жолы» атты 

кіта бында: «…сот тық-құқықтық жүйе-

нің тиімділігін қамтамасыз ету эко но-

микалық  проблемаларды  шешуден 

бірден-бір кем соқпайтын міндет еді», 

– деп атап көрсетілген. Елімізде әлеу-

меттік  жағдайдың  жақсарып,  эконо-

миканың  тұрақтануы,  ең  алдымен, 

Елбасының құқық қорғау, соның ішін-

де,  сот  саласындағы  реформаларды 

жүргізудегі сарабдал саясатының ар-

қасында жүзеге асқаны баршамыз ға 

аян.


Менің  ойымша,  Елбасының  тұла 

бойында қай саланы болса да терең 

түсініп,  дәл  сол  саланың  мамандық 

иесіндей  ой  түйетін  ерекше  қабілет 

пен көре білу қасиеті бар. Еліміздегі 

сот қызметінің дұрыс жолға қойылға-

ны, сот төрелігінің әлемдік стандарт-

тарға  сай  дамуы  нәтижесінде  сот 

әділ дігі  кәсіби  деңгейге  көтерілді. 

Мұ ның  қоғамда  тыныштық  орнатуға, 

эконо микалық өрлеуге бірден-бір ке-

пілдік беретінін Тұңғыш Президентіміз 

өз уақытында болжай білді.

Көпшіліктің есінде болар, Респуб-

лика  судьяларының  VІ  съезін  ашу 

сал та натында  сөйлеген  сөзінде  Ел-

басы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақ-

стан-2050» Стратегиясын негізге ала 

отырып:  «…  Осы  бағдарламаның  ең 

негізгі түйіні – сол кезге дейін дүни-

енің  өркендеп  өскен,  ең  байыған  30 

мемлекетінің  қатарына  кіреміз  деп 

отырмыз.  Біз  меже  қылған  биік  бе-

лестер  барлық  саладағы  игіліктерді 

көздейді. Сондықтан, сот жүйесі сол 

елдердің сот жүйесімен бірдей болуы 

керек»,  –    деп  еліміздегі  соттардың 

бұдан әрі атқаратын міндеттеріне кеңі-

нен тоқталған еді.

Президент:  «Қазақстанның  сот 

жүйесі алдыңғы қатарда болуы қажет. 

Бұл  туралы  мен  Стратегияда  нақ-

ты  көрсеттім.  Барлық  құқық  қор ғау 

органдары  ішінен  ең  жоғары  тұрға-

ны  Жоғарғы  Сот  болып  табылады. 

Жо ғарғы  Соттың  абыройы  –  Қазақ-

станның  абыройы,  жалпы  биліктің 

абы ройы», –  деп еліміздегі соттардың 

беделіне  айрықша  баға  берді.  Осы 

ретте сот жүйесін жетілдіруді одан әрі 

тыңғылықты жалғастыруда Елбасымыз 

жасаған  реформалардың  арқасында 

атқа рылған іс-шаралардың өзектілері-

не тоқталып, соттар мен судьялардың 

мерейін  өсірген  игі  істерді  саралап 

бергенім артық болмас. 

Еліміз егемен ел атанып, тәуелсізді-

гімізді  баянды  еткен  ширек  ғасырға 

жуық  уақыттан  бері  өзінің  құ қықтық 

жүйесі, соның ішінде ең өзектісі – сот 

төрелігін заман талабына сай жаңғы-

рту  жылдар  бойы  үздіксіз  жүргізіліп 

келеді.  Оған  нақты  дәлел  келтірер 

болсақ, 1991 жылғы 16 желтоқсанда 

қабылданған «Мемлекеттік тәуелсіздік 

туралы» Конституциялық заңда мем-

лекеттік  билік  жүйесі  үш  тармақта 

– заң шығару, атқару және сот билігі 

бо лып құрылды. Бұл қағидаттар 1993 

жылы  қабылданған  Ата  Заңымызда 

одан әрі нақтыланды. Мем лекет бас-

шысы  сот  жүйесін  осылай  дамыта 

беру бағыттарын белгілей оты рып, әр 

жылғы уақыт талабына сай батыл да 

жаңа қадамдар жасауға ық пал етті.

Елбасының ұйғаруымен 1994 жылы 

«Қазақстан Республикасындағы мем-

лекеттік  құқықтық  реформа  бағдар-

ламасы  туралы»  қаулы  қабылданды. 

Бұл  құжатта  судьялардың  дербестігі 

мен  тәуелсіздігіне  кепілдік  берілді. 

Азаматтардың  құқықтары  мен  бос-

тан дық тарын  сот  арқылы  қорғаудың 

заңдық-құқықтық  алғышарттары  жа-

салып, Қазақстандағы сот жүйесі бір 

арнаға  тоғысты.  Сөйтіп,  сот  тәуел-

сіздігі  зама науи  реформаларға  сай 

қамтамасыз етілді.

Бұдан кейін сот реформасын одан 

әрі же тілдіруде 1995 жылғы Конститу-

цияның ма ңызы зор болды. Мемлекет 

басшысы  аталған  Конституцияның 

сот  жүйесін  дамыту дағы  рөлін:  «Сот 

әділдігін  шын  мәнінде  әді летті  және 

риясыз жүргізуге сот корпусын қа лып -

тастырудың Конституцияда көрсетіл-

ген тетік тері септігін тигізеді», – деп 

нақты  айтып  берді.  Осы  Ата  Заңы-

мызда  жергілікті  жердегі  соттарды 

сайлаудың орнына, енді оларды Пре-

зидент тағайындайтыны, ал мұның өзі 

олардың тәуелсіздігін жергілікті жер-

лердегі әкімшілік ықпалдан қорғайты-

нын,  ал  Жоғарғы  Соттың  судьялары 

Президенттің ұсынысымен Парламент 

Сенатында  сайланатыны  ең  жоғары 

заңдық  тұрғыда  айқындалды.  Сөй-

тіп,  еліміздегі  сот  жүйесінің  буынын 

бекітіп, белін буып берді.

Тұңғыш Президентіміз 1995 жылы 

сот  жүйесін  дамытудың  негізін  қа-

лаған тағы бір құжатқа – «Қазақстан 

Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Астана қаласында 2015 жылғы 6 ма-

мырда өткен Үкіметтің кеңейтілген 

отырысында бес институционалдық 

реформаны жүзеге асырудың 100 

нақты қадамын белгілеп берген бо-

латын. Институционалдық рефор-

ма – бұл бүкіл халықтық іс. Оның 

басты жүзеге асырушысы, тірегі –  

халықтың саналы іс-әре кеті болып 

табылады. 

Мемлекет  басшысы:  «Мен  ре-

фор малар жоспарын Ұлт жоспары 

деп  атадым,  өйткені  рефор малар 

Қазақстанның  әрбір  азаматының 

тікелей қатысуын талап етеді. Ре-

формалар  –  тек  мемлекеттік  ма-

шинаның ғана емес, халықтың ісі», 

– деп атап көрсетті.

Елбасының  «Қа зақстан-2050» 

Стратегиясы – қалыптасқан  мем-

лекет тің жаңа саяси бағыты» атты 

Қазақстан  халқына  Жол дауында: 

«Мен 2050 жылғы Қазақстан – Жал-

пыға  ортақ  еңбек  қоғамы  екеніне  

сенімдімін. Ол – барлығы да адам 

игілігі үшін жасалатын, экономикасы 

мықты мемлекет. Білім беру саласы 

да,  денсаулық  сақтау  саласы  да 

үздік.  Бей бітшілік  пен  тыныштық 

салтанат құрған. Азаматтары еркін 

және  теңқұқықты,  ал  билігі  әділ. 

Онда  заң  үстемдік  етеді»,  –  деп 

тұжырымдаған болатын.

Стратегиялық  жоспардың    түп 

қазығы  –  «Мәңгілік  Ел»  идеясы 

болып табылады. Осы ұлттық иде-

яның  шырағын жаққан Елбасымыз  

халқымыздың әлемде алар орнын 

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, 

егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің 

Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі. 

Азаттықты аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, 

бүгінгі  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуел-

сіздігі туралы» конституциялық заңның 1991 жылы 16 жел-

тоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып 

өтілуде.


Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас уақиғалар 

– ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай 

ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігер-

лі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес 

мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патри-

оттық дәстүр 16 желтоқсан уақиғаларына дейін жалғасты. 

Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін 

білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиға-

лардың  тізбегін  таяудағы  Махамбет  Өтемісұлының  200 

жылдығына  арнаған  сөзінде:  «Ұлы  далада  бірінен  соң 

бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер 

эстафетасы,  біздің  бүгінгі  тәуелсіздігіміздің  бастау  көз-

дері» деп бағалаған болатын. Елдің біртұтастығы мен ты-

ныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары 

мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар 

ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы 

ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – 

бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан 

сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, 

отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриот-

тық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың 

қасиетті борышы болып табылады.

Тәуелсіздігімізді  жариялағаннан  бергі  мезгіл  ішінде 

көптеген  елеулі  табыстарға  қол  жеткіздік.  Бұл  Прези-

дентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының 

нәтижесі  –  Еліміздің  тыныштығы  мен  қауіпсіздігінің,  көп 

ұлтты  Қазақстан  халқының  жарастығы  мен  ынтымақтас-

тығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен 

мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, эконо-

микамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан ха-

лықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі 

замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге 

айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.  

Сондықтан, бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас 

елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, 

өткенге  деген  тағзымды  салауат  пен  болашаққа  деген 

сенімді  үміттің  мерекесі  болып  табылады.  Еліміздің  ұлы 

тарихына,  ата-баба  рухына,  аға  ұрпақтардың  қаһарман-

дық  өмір  жолына  құрметпен  басымызды  иіп,  Отанымыз 

– Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей 

мереке  күні  алға  қарай  тағы  да  берік  сеніммен  қарап, 

болашақтың  тыныш  өмірінің  негізін  қалау  үшін  қазір  де 

бұл  бағыттағы  іс-әрекетті  жалғастыру  керек.  Қоғамдық 

өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда 

патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды 

қойып  отыр.  Ата-бабаларымыздың  алдында  тәуелсіздік 

үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны 

нығайта түсу міндеті тұр. 

Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасы-

мыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуел-

сіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк 

туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет