АҢдатпа 6-бет 5-бет



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата05.02.2017
өлшемі6,99 Mb.
#3484
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ақпарат

Бүгінгінің бас тақырыбы



АҢДАТПА

6-бет

5-бет

(Соңы  3-бетте)

№108/1 (2886/1) 1 қазан 2016

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

«БҮГІНГІ КҮНДІ КӨРГЕН 

ҰРПАҚ БАҚЫТТЫ»

РЕФОРМА — ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІН 

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕПІЛІ

ЕЛБАСЫ СТАРТАП-ЖОБАЛАРМЕН 

ТАНЫСТЫ

Ақорданың  баспасөз  қызметі  Президент 



Нұрсұлтан  Назарбаев  «Павлодар  мемлекеттік 

университетінің Стартап академиясы» ЖШС-де 

болғанын хабарлады. Елбасыға студенттер іске 

асырып, қазір өнім бере бастаған бизнес жоба-

лар мен Павлодар мемлекеттік университетінің 

оқу  үдерісіне  енгізіліп  жатқан  «кәсіпкерлік 

арқылы оқыту» жөніндегі жаңа қағидат жайлы 

баяндалды. «Қазір мемлекет бизнестің дамуы 

үшін барлық жағдайды жасауда. Әлемнің көпте-

ген елінде жастардың студенттік кезеңде өзінің 

стартап-жобаларын бастап, жоғары оқу орнын 

бітіргенде бірталай жетістікке жетуіне мүмкіндік 

беретін  тәжірибелер  бар.  Мұндай  жағдайлар 

еліміздің өзге өңірлерінің жоғары оқу орындары-

ның студенттері үшін де жасалуға тиіс», – деді 

Президент.



А.ҚҰРМАНҒАЛИ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 

ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ 

ШЫҒАРЫЛДЫ

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму 

вице-министрi Бiржан Нұрымбетов ОКҚ брифин-

гiнде  Жұмыспен  қамтудың  аймақтық  кешендi 

жоспарлары арқасында 279,8 мың адам жұмысқа 

тұрғанын  жеткізді.  «Жұмыспен  қамтудың  жол 

картасы - 2020» бағдарламасы мен халықты жұ-

мыспен қамтудың аймақтық кешендi жоспарла-

рының арқасында елде жұмыссыздық көрсеткiшi 

5 пайызды құрады. Биылғы 8 айда «ЖЖК-2020» 

бағдарламасын iске асыру аясында 111,9 мың 

адам  жұмыспен  қамту  шараларына  қатысты. 

Оның iшiнде жұмыссыздар 74,4 мың адам (66,5 

пайыз),  өзiн-өзi  жұмыспен  қамтығандар  саны 

36,2 мың адам (32,4 пайыз) және 1258 адам (1,2 

пайыз) iшiнара жалдамалы жұмыскерлер болып 

табылады», - дедi вице-министр жұмыспен қамту 

шараларының нәтижесімен бөлісіп.

Т.ИБАШЕВА

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ 

ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Атырауда «Atyrau invest-2016» III халықара-

лық инвестициялық форум жұмысы басталды. 

Мемлекеттік  органдар,  ұлттық  компаниялар, 

даму  институттары,  таяу  және  алыс  шетел 

дип ломатиялық  өкілдіктерінің  өкілдері  мен 

шет ел  және  отандық  инвесторлар  қатысатын 

шараның бірінші күні қатысушылар өңірде іске 

асырылған  немесе  іске  асырылу  кезеңіндегі 

негізгі инвестициялық жобалармен танысады. 

Ұйымдастырушысы «Біріккен химиялық компа-

ния» ЖШС мен Атырау облысының әкімдігі болып 

табылатын форумның негізгі міндеті – өңірдің 

әлеуетін көрсету, түрлі саладағы нақты жоба-

ларға инвестиция тарту. 

К.ЫСҚАҚОВА

ЕМОГРАФИЯ  –  КЕЗ  КЕЛГЕН  МЕМЛЕКЕТТІҢ 

АЙРЫҚША  КӨҢІЛ  БӨЛЕТІН  МӘСЕЛЕСІ.  ХА-

ЛЫҚТЫҢ  ӨСІМІНСІЗ  МЕМЛЕКЕТТІҢ  ДАМУЫ 

ТУРАЛЫ АЙТУ МҮМКІН ЕМЕС. СОНДЫҚТАН ДА, 

ҰРПАҚ САНЫН КӨБЕЙТУДІҢ АРНАЙЫ БАҒДАР-

ЛАМАСЫН ЖАСАП, ЫНТАЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІН 

КӨБЕЙТУГЕ БАРЛЫҚ ЕЛДЕР МҮДДЕЛІ. 

Сәті түскен сұхбат



(Соңы 7-бетте)

Алаң жұрт



– Бақытжан Жарылқасынұлы, биыл 

Қазақстан  Республикасы  Судьялар 

одағының  құрылғанына  жиырма  жыл 

толып  отыр.  Еліміз  сот  жүйесінің  қа-

лыптасып, дамуында салмақты орны 

бар  осы    мәртебелі  ұйымның  негізін 

қалаушылардың  бірі  өзіңіз  екенсіз. 

Уақытында  одақтың  тізгінін  ұстап, 

оның  жұмысын  жүргізгеніңізді  де 

білеміз. Тақыр жерден осындай ұйым 

құрып,  оның  жұмысын  алып  жүрудің 

қиындығы аз болмаған болар? Жалпы, 

одақ өзіне артылған үмітті ақтай алды 

ма?

–  Бұл  1996  жылдың  мамыр  айы, 

яғни,  еліміздің  тәуелсіздік  алып, 

әлемдік  қауымдастықтардағы  өз  ор-

нын  айқындай  бастаған  сындарлы 

кезең еді. Жоғарғы Соттың төрағасы 

белгілі  қоғам  қайраткері,  заң  сала-

сының көрнекті өкілі марқұм Мақсұт 

Нәрікбаев  болатын.  Мен  ол  уақыт-

та  Жоғарғы  Соттың  судьясы  болып 

қыз мет жасап жүргенмін. Осы кезде 

Алматының  жанындағы  Қарқаралы 

шипажайында  ЮСАИД-тың  арнайы 

бағдарламасы бойынша судьялардың 

мәслихаты өтіп, оған Американың бір 

топ судьялары қатысты. Жиында әлем-

дегі сот жүйесіне қатысты жаңалықтар 

мен  қабылданып  жатқан  шешімдер 

таныстырылып, саланың даму бағыты, 

жетістіктері  мен  кемшіліктері  жайлы 

келелі  әңгіме  қозғалды.  Қазақстан 

мен өзге елдердің сот жүйесі салыс-

тырылды. Алғаш рет Судьялар одағы 

туралы ұсыныс та осы басқосуда ор-

таға тасталды. 

-НЫҢ  ДЕРЕГІНЕ  СЕНСЕК,  БҮГІНГІ  ТАҢДА  ЖЕР 

ШАРЫНЫҢ  ӘРБІР  АЛТЫНШЫ  ТҰРҒЫНЫ  ТАЗА 

АУЫЗСУҒА  ЗӘРУ  ЕКЕН.  СОНДЫҚТАН  СУ  АХУАЛЫ 

ӘЛЕМ  ЕЛДЕРІНІҢ  БАСТЫ  МӘСЕЛЕСІНЕ  АЙНАЛЫП 

ОТЫР.  АЛ  ТЕЗ  АРАДА  СУ  МӘСЕЛЕСІН  ШЕШУГЕ 

ҰМТЫЛМАСАҚ,  2025  ЖЫЛҒА  ҚАРАЙ  ӘЛЕМДЕГІ 

ӘРБІР ЕКІНШІ АДАМ СУ ТАПШЫЛЫҒЫН СЕЗІНЕТІН 

КӨРІНЕДІ. ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫ ОСЫНДАЙ БОЛЖАМ 

ЖАСАП  ОТЫРСА,  ЕЛІМІЗДІҢ  ГИДРОЛОГ  ҒАЛЫМЫ 

ЖАҚЫПБАЙ  ДОСТАЙҰЛЫ  «2030  ЖЫЛҒА  ҚАРАЙ 

СУДЫҢ БАҒАСЫ МҰНАЙ ҚҰНЫМЕН ТЕҢ БОЛАДЫ» 

ДЕГЕН ҚОРҚЫНЫШТЫЛАУ БОЛЖАМ АЙТУДА.

(Соңы  16-бетте)

Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ, 

Парламент Мәжілісінің депутаты, 

ҚР ҰҒА академигі, «Құрметті судья» 

атағының иегері:

«БАСТЫ МӘСЕЛЕ 

СОТ ҚЫЗМЕТІНЕ 

ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

БҰҰ

Д

Су мәселесінің мұншалықты 

шиеленісуіне  көптеген  жағдай 

әсер  етіп  отыр.  Соның  ішін-

де  су  мәселесінің  туындауына 

адамдардың  жерасты  суларын 

аяусыз  ластауы  түрткі  болуда. 

Мәселен, әлем бойынша су қо-

рының айтарлықтай бөлігін ие-

ленген Ресей елінің жерасты су 

көздерінің 17 пайызын санитар-

лық нормаларға сай келтірмей 

тастағаны анықталған. Ресейлік-

тер ғана емес, су көздерін лас-

тауда әлемнің барлық елі дерлік 

алдына жан салмай тұр. Бүгінде 

ауызсу ретінде халықтың қажеті-

не  жарап  отырған  Тянь-Шань 

мұзарттары  1957  жылдан  бері 

30 пайызға кішірейген. Ал 2025 

жылға дейін оның тек жартысы 

ғана қалады деп күтілуде.



Су әлемдік мәселеге 

айналып отыр

Біраз жылдан бері 22 наурыз 

Дүниежүзілік  су  ресурстары 

күні болып аталып өтіліп келеді. 

Бұл  атаулы  күн  суға  қатысты 

әлдебір  қуанышты  жағдайдың 

әсерінен емес, керісінше, жыл 

өткен сайын суға қатысты мәсе-

лелердің көбеюі, су ресурстары 

жағдайының нашарлауы салда-

рынан белгіленген. Осы орайда 

әлем  бойынша  Әмудария  суы 

деңгейінің соңғы он жыл ішінде 

үшінші  мәрте  қатты  төмендеп 

кеткені жайлы әлем ғалымдары 

дабыл  қағуда.  БҰҰ  Орталық 

Азия елдері басшылары су қо-

рын басқаруда ортақ мәмілеге 

келіп,  Әмудария  өзенін  сақтау 

шараларын қарастырмаса, мұ-

ның арты үлкен апатқа соқты-

руы мүмкін екенін айтуда. 

Кезінде  Әмудария  өзенінің 

Арал  теңізіне  құяр  бөлігі  аза-

юына байланысты теңіз суы ның 

тартылғаны  жасырын  емес. 

Сондықтан Әмудария Арал те-

ңізінің кебін кие ме деген қор-

қыныш  бүгінде  сейілмей  тұр. 

Бұл – мөлдірлігі жөнінен Орта-

лық Азия елдері арасында ғана 

АЛТЫНСЫЗ ӨМІР СҮРУГЕ БОЛАР,

БІРАҚ, СУСЫЗ КҮН КЕШЕ АЛМАЙМЫЗ

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу басталғанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


ДЕМОГРАФИЯНЫ КӨТЕРУ ТЕК 

ҚАРЖЫҒА ТӘУЕЛДІ ЕМЕС

емес,  әлем  бойынша  алдыңғы 

орынды  иеленетін,  байлығы 

мен  шұрайлылығы  үшін  жоға-

ры бағаланған, жетекші су көзі 

саналатын  өзеннің  басындағы 

жағдай.


Су  ресурстарын  қорғауға 

арналған  арнайы  заңның  ба-

рына  қарамастан,  өндірістік 

қалдықтарды суларға төгу, же-

расты  суларын  қалай  болса 

солай пайдаланып қана қоймай, 

оны  түрлі  жолдармен  ластау 

әрекеті тоқтар емес. Гидролог 

мамандар  жерүсті  суларының 

ластануынан  жерасты  сулары 

да  лайланып,  адам  денсаулы-

ғына қауіп төндіретінін айта ды. 

Яғни,  су  сапасының  төмендеуі 

адам  денсаулығына  кері  әсер 

етіп  қана  қоймай,  ауа  райы-

ның  нашарлауына,  экология-

лық  жағдайдың  өршуіне  де 

әкеліп  соғады  екен.  Сулар ға 

қатысты мұндай аяусыз әрекет 

біздің  елімізге  де  тән.  Мәсе-

лен,  осыдан  30  жылдай  бұ-

рын  жасалған  зерттеу  нәти-

жесінде  елімізде  ірілі-ұсақты 

48  мың  көл  бары  анықталған. 

Алайда,  өткен  жылғы  зерттеу 

нәтижесінде  бұлардың  басым 

бөлігінің жойылып, қалғанының 

тұздылығы артқаны анықталған. 

Тұздылығы  артқан  көлдерде 

балық мүлдем тіршілік етпейді. 

Және тұзданудың соңы олардың 

кебуіне алып келеді. Соның мы-

салы, кезінде Арал атырабында 

3 мыңнан астам көл болса, кейін 

солардың 300-дейі ғана қалған.

Қазақстан  да  ұрпақ  санын  көбейту  мақ-

сатында тұғырлы жобалар жасап, қаржылық 

қолдау  көрсетуден  кенде  түсіп  жатқан  жоқ. 

Бір  белгілісі,  демографияны  тек  әлеумет-

тік  жақтан  қамтамасыз  ету  арқылы  көтеру 

мүмкін емес. Әрине, арнайы жәрдемақының 

тағайындалуы, көпбалалы аналарға берілетін 

жеңілдіктер  көлемінің  молдығы  белгілі  бір 

тұрғыда азаматтарды ынталандыруға ықпал-

ды  болуы  мүмкін.  Алайда,  демографиялық 

дүмпу жасалу үшін қаржылық қамқорлықпен 

бірге, азаматтардың денсаулығына, әл-ауқа-

тына,  елдің  экологиялық  жағдайына  да  мән 

берген дұрыс. 


2

№108/1 (2886/1) 

1 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



«Еңбегіне қарай – құрмет»

Кездесу


Тәртіптік кеңес

Пәрмен


ҚҰҚЫҚ

Үздік отбасылар анықталды

Сайыс


ӘДЕП КЕҢЕСІНДЕ ӘДЕБІНЕН 

ЖАҢЫЛҒАН ШЕНДІЛЕР ЖАЗАЛАНДЫ



Сақтықта қорлық жоқ

Чемпионат

КИНОЛОГ-МАМАНДАР 

БӘСЕКЕГЕ ТҮСТІ

Мемлекеттік қызметкерлер арасында 

әдебінен жаңылып, тәртіп бұзып қой-

ғандар құдды бір қыл көпірден өткендей 

күйге түседі. Бұған дейін тамыз айында 

өткен  әдеп  жөніндегі  кеңесте  кодекс 

талабын бұзған 6 лауазымды тұлғаға 

ескерту берілген болатын. Ал, бұл жолғы 

жиында шенеуніктерге қатысты 10 сұрақ 

қаралып, 22 тәртіптік іс бойынша мәселе 

қаралатынын Алматы облысындағы әдеп 

жөніндегі кеңестің төрағасы Серікбай 

Нұрғисаев мәлім етті.

«Жаңылмайтын  жақ,  сүрінбейтін 

тұяқ  жоқ».  Десек  те,  өз  ісіне  сауыс-

қандай  сақ  болуды  мемлекеттік  қыз-

мет керлер  жете  түсінбейтін  сияқты. 

Себебі,  осы  отырыста  кейбір  лауа-

зымды  азаматтардың  мемлекеттік 

қызметке  жүрдім-бардым  қарайтыны 

көзге  шыққан  сүйелдей  көрініп 

тұрды.  Жиында  Талдықорған  қаласы 

прокуратурасының ұсынысы бойынша 

«Талдықорған қаласының жолаушылар 

көлігі  және  автомобиль  жолдары 

бөлімінің»  ММ  басшысы  Н.Амировқа, 

бас мамандар А.Ормановаға, Н.Алтын-

беков ке  қатысты  тәртіптік  іс  қарал-

ды.  Жауапты  тұлғалар  Талды қорған 

қаласы  мен  аумағындағы  екінші 

деңгейдегі көшелерге жөндеу жұмыс-

тарын  жүргізуге  қатысты  бай қауда 

«Ақсұңқарай»  серіктестігін  заңсыз 

жеңім паз  деп  таныпты.  Осы  іске 

байла нысты  түсінік  берген  Н.Амиров 

мырза «Жеке тұрғын үй-коммуналдық 

шаруа шылығынан»  бөлініп  шыққалы 

кадр  тапшылығын  сезініп  отырғанын,  

әлі  күнге  дейін  мекемеде  заңгердің 

жоқтығын  айтып,  кеткен  қателіктерді 

дер  кезінде  түзеткендерін,  мемлекет 

қаржысының талан-таражға түспегенін  

айтты.  Кеңес  мүшелері  Талдықорған 

қаласының  әкімі  Б.Қарасаевқа  хат 

жолдап, лауазымды тұлғаларға мемле-

кеттік  қызметшілердің  әдеп  кодексін 

бұзғаны үшін сөгіс түріндегі тәртіптік 

жаза қолдануды ұсынды.

 Ескелді ауданы прокуратурасының 

ұсынысы бойынша «Ескелді ауданының 

ауылшаруашылық  бөлімі»  ММ  бас-

шы сы  Н.Керікбаев  пен  бас  маман 

Т.Қанапиянов тың тәртібі де осы жиында 

қаралды. Аталған қызметкерлер аудан 

бойынша асылтұқымды ірі қара және 

қой  шаруашылығымен  айналысатын 

Нұржанов, Қадыров, Ожаров және тағы 

басқа шаруашылықтарды субсидиялау 

кезінде  құзырлы  органмен  бекітілген 

субсидиялау  ережесінің  талаптарын 

бұзыпты.  Бір  сөзбен  айтқанда,  мал 

ұсақталып кетпесін деп асылтұқымды 

малдарға ерекше мән берілетінін біле 

тұра, аудандағы лауазымды тұлғалар 

өз істеріне  көзжұмбайлықпен қарапты. 

«Мемлекеттік қызмет туралы» заң-

ның 50-бабының 1-тармағының 4-тар-

мақшасын бұзғаны үшін Ескелді ауда-

нының  әкімі  Ж.Ноғайбековке,  ауыл-

шаруашылық  бөлімінің  басшысы 

Н.Керікбаевқа «қызметке толық сәйкес 

еместігі туралы ескерту» түрін дегі тәр-

тіптік жаза қолда нылмақ. Әдеп кодек сінің 

5-тармағының 3-тар мақ шасын бұзған 

ауыл шаруа шылық бөлі мінің бас маманы 

Т.Қана пияновқа қатаң сөгіс берілді. 

Райымбек  аудандық  прокура тура-

сының ұсынысы бойынша «Райым бек 

ауданының  мәдениет  және  тілдерді 

дамыту бөлімі» ММ басшысы Н.Оқасқа 

қатысты іс те өз шешімін осы жиында 

тапты. Ұсынысты жан-жақты саралаған 

комиссия  тәртіптік  теріс  қылық  бел-

гілерінің  жоқтығына  байланысты  істі 

тоқтатты.  Ал,  Еңбекшіқазақ  ауданы 

прокуратурасының ұсынысы бойынша 

«Еңбекшіқазақ  ауданының  жолаушы 

көлігі  және  автомобиль  жолдары 

бөлімі»  ММ  басшысы  Б.Искаковқа 

қатыс ты  істе  жіберілген  кемшіліктер 

таразыланып,  жауапты  тұлға  сөгіс 

арқалап қайтты.

Бұдан  кейін  Алматы  облысы  про-

куратурасының  ұсынысы  бойынша 

Қарасай ауданы әкімінің орынбасары 

Н.Жұмәділге және Жапаровқа,  Сәулет 

және қала құрылысы бөлімінің басшысы 

О.Жұматаевқа,  Қаскелең  қаласының 

әкімі  Б.Нұрлыбаевқа,  Іргелі  ауылдық 

округінің  әкімі  Қ.Атшабаровқа,  Үш-

қоңыр ауылдық округінің әкімі Ә.Дала-

баев қа,  Ұмтыл  ауылдық  округі нің 

әкімі  С.Байбосыноваға,  Жандосов 

ауылдық  округінің  әкімі  Б.Сейсен-

баевқа, Бірінші май ауылдық округінің 

ә к і м і   М . Қ а р н а қ о в қ а ,   Р а й ы м б е к 

ауылдық  округінің  әкімі  А.Әуесбайға, 

Ә й т е й   а у ы л д ы қ   о к р у г і н і ң   ә к і м і 

Қ.Кикимовке  қатысты  тәртіптік  істер 

қарал ды.  Осының  өзі  тәртіптік  кеңес 

ешкімнің  лауазымына,  атақ-даңқына 

қарамайтынын, мемлекеттік қызметте 

қателікке жол бергендер заңнамаға сай 

жауап беретінін дәлелдей түседі. 

А.БҰЛҒАҚОВ,

«Заң газеті»

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ



Қызылорда  облыстық  соты  Еңбек  күні  мерекесіне  орай, 

«Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет» тақырыбында 

кездесу  өткізді.  Іс-шараға  доғарыстағы  судьялар  Нұргүлсім 

Бесбаева,  Зина  Жаңбыршаева,  Қызылорда  облысы  бойынша 

Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова, 

Қызылорда облысы соттарының жас мамандары және Қорқыт 

Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің  сту-

дент тері қатысты.

Кездесуді  ашқан  Салтанат  Смағұлова  Елбасының  2013  жыл-

ғы  22  қарашадағы  жарлығы  бойынша  Қазақстан  күнтізбесіне 

қыркүйек  айының  соңғы  жексенбісі  Еңбек  күні  деп  белгіленгенін 

айтып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Сонымен бірге 

еңбегімен ұрпаққа үлгі болған доғарыстағы судьялармен өткізіліп 

отырған кездесудің маңыздылығына тоқталды.

Келесі  кезекте  баяндама  жасаған  облыстық  соттың  бас 

маманы  Клара  Ерманова  еңбектің  адамның  өзін  қалыптастыруда 

шешуші рөл атқаратынын жеткізді. Ал, сот саласының доғарыстағы 

судьялары  өздерінің  40  жылдық  еңбек  жолындағы  тәжірибесімен 

бөлісті. Облыстық соттың доғарыстағы судьясы Нұргүлсім Бесбаева 

еңбек жолындағы жетістіктерге адам ең бірінші темірқазықтай мақ-

сатымен, талапшыл арманымен жететінін айтты. Ол «әрбір маман 

өз мамандығын сүюі керек» деді.

Шара  соңында  университеттің  құқықтану  факультетінің  сту-

денттері  Қызылорда  облыстық  сотының  ғимаратында  орналасқан 

сот мұражайымен, сот тарихынан сыр шертетін құжаттар, суреттер, 

соттың  әртүрлі  республикалық  спартакиадалық  жарыстарда 

иеленген дипломдары мен медальдары және мұражайда орналасқан 

құнды  дүниелерімен  етене  танысты.  Студенттерге  соттардың 

атқаратын  қызметі,  оларға  жүктелетін  міндеттері  жайлы  Соттар 

әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова түсіндірді. 

Сондай-ақ,  ол  болашақ  заңгерлерге  «Ұлт  жоспары  –  100  қадам» 

аясында  сот  саласындағы  өзгерістерді,  судьялыққа  үміткерлерге 

қойылатын талаптарды баяндап берді. 

Сот мұражайын аралау барысында студенттер өздерін қызық-

тырған  барлық  сұрақтарға  толыққанды  жауап  алып,  ұйымдас-

тырылған іс-шараға алғысын білдірді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Атырау  облысы  Ішкі  істер  департаментінің  жеке  құрамы 

арасында  салауатты  өмір  салтын  насихаттау  мақсатында 

жүйелі түрде әртүрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. 

Жақында  Отбасы  күні  мерекесіне  орай,  ішкі  істер  органдары 

қызметкерлерінің  отбасылары  арасында  «Әкем,  анам  және  мен» 

атты спорттық ойын түрлерінен сайыс өткізілді.

«Эстафеталық  таяқшалармен  жүгіру»,  «Скакалкамен  секіріп 

жүгіру», «Қаппен секіру», «Үлкен доппен секіру», «Арқан тартыс», 

«Көп  болып  жүгіру»  деп  аталатын  сайыстың  6  кезеңі  бойынша 

ІІД  қызметкерлерінің  отбасынан  құралған  10  команда  өзара  күш 

сынасты. Сайыс барысында жылдамдық, ұйымшылдық, алғырлық 

таныта білген отбасылар жарыс шыңынан көрінді.

Жалпыкомандалық  есеп  бойынша  1-орын  –  Кекілбаевтар 

отбасына, 2-орын – Қарабалиевтар отбасына, 3-орын – Алпановтар 

отбасына берілді. 

Сайысқа  қатысқан  барлық  команда  әртүрлі  аталымдар 

бойынша  марапатталып,  жарыс  жеңімпаздарын  ОІІД  бастығының 

орынбасары,  полиция  полковнигі  Қ.Бахтыгереев  құттықтап,  ІІД 

бастығының грамотасын табыс етті. 

Гүлнәзира МҰХТАРОВА

Жылыту маусымы жеке сектор тұрғындары үшін әдеттегіден 

ерте басталады. Сондықтан, оларға отпен ойнаудың жақсылыққа 

апармайтынын ескерткен артық болмас.

Солтүстік  Қазақстан  облысының  Ішкі  істер  департаментінде  облыстық 

құқық  қорғау  органдары  кинолог-мамандарының  үш  күндік  чемпионаты 

қорытындыланды. Мұндай іс-шара облысымызда алғаш рет өткізіліп отыр. 

Чемпионат ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Чемпионаттың жабылу салтанатына облыстық полиция ведомствосының 

басшылығынан бөлек, СҚО ІІД жанындағы консультативтік-кеңесші органның 

мүшелері мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев қатысты.

Автокөлік пен ғимарат ішінде есірткі іздеу, адамды жүрген іздері арқылы 

іздеп  табу,  кедергілерден  өту,  қаруланған  қылмыскерді  ұстау  –  осы 

төрт  кезеңде  кинолог-мамандардың  басшылығымен  қызметтік-іздестіру 

иттері  сынға  түсіп,  бірнеше  күнге  созылған  сайыста  22  кинолог-маман 

өз  араларында  ең  үздікті  анықтады.  Облыстық  және  қалалық,  аудандық 

полиция ведомстволарының кинологтарымен қатар, бұл чемпионатқа әскери 

бөлімнен, шекара қызметінен, мемлекеттік кірістер, қылмыстық атқару жүйесі 

департаментінен, желілік ішкі істер бөлімінен келген кинологтар қатысты.



Көлікті 

тіркеу 

жеңілдеді

2016 жылдың 26 қыркүйегінен 

бастап ел аумағында көлік құрал-

дарын мемлекеттік тіркеудің экс-

тер риториалдық  принципі  енгі-

зілді. Осыдан бастап кез кел ген 

мамандандырылған  ХҚКО-да 

немесе әкімшілік полициясының 

облыстық  тіркеу  пункттерінде 

елі міз дің  барлық  аймағынан 

келген  көліктерді  иесінің  қай 

жерде  тір келгеніне  қарамастан 

тіркеуге болады.

«Бірінші кезекте бұл жаңалық 

автокөлікті тіркеу процедурасын 

жою  және  азаматтарға  ыңғай-

лы  жағдай  жасау  мақсатында 

енгізілді.  Енді  автокөлікті  иесі-

нің  тұрған  жеріне  қарамастан 

тіркеуге  болады.  Жақында  осы 

жаңалықты  іске  қосуға  ресми 

старт берілді. Бірінші күні біздің 

бөлімшеміз  140  қала  сыртынан 

келген көлік құралдарын тіркеді. 

Болжам  бойынша  бұл  трафик 

уақыт өте келе мегаполис тұр ғын-

дары  мен  транспорттың  жинақ-

талуына  байланысты  айтар-

лықтай  өседі»,–  деп  хабар лады 

Алматы қаласының ІІД Әкімшілік 

полиция басқармасының тіркеу-

емтихан жұмысы бөлімі бастығы-

ның  орынбасары,  полиция  под-

пол ковнигі Нұрлан Аманбек. 

Ішкі істер министрлігінде тір-

кеу-емтихандық  бөлімшелерде 

тұрғындарға  қызмет  көрсетуге 

ы ң ғ а й л ы   ж а ғ д а й   ж а с а у д ы ң 

шара лары  белгіленуде.  Бұрын 

авто көлікті  тіркеу  процедурасы 

жеңілде тілген:  көлікті  тіркеуге 

қажетті  құжаттар  тізімі,  заңды 

тұлғалар жарғысы жойылды, көлік 

құралдарын тір кеу туралы куәлік 

көшірмесін  беру  барысында 

көлік құралын қарау тоқтатылды 

(жоғалған,  бүлін ген  жағдайда). 

Сондай-ақ,  жүргізуші  куәлігін 

берудің  экстерриториал дық 

принципі  енгізілді.  Әр  азамат 

тіркелген  жеріне  қарамас тан, 

кез келген аймақтың мамандан-

дырылған  ХҚКО-нан  жүргізуші 

куәлігін ала алады, А, А1, В, В1 

категориясындағы (подка тегория-

сындағы)  жүргізуші  куәлігін  алу 

үшін  міндетті  түрде  авто мек-

тептерде оқу талап етілмейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет