Жігіт Жаманға:
– Қайдан келесің, – деп сұрады.
Жаман:
– Әйел жоғалтып, соны іздеп келемін, – деді.
Жігіт те:
– Ой менде әйел жоғалтып жүрмін, енді екеуіміз бірігіп іздейік, – деді. Сонымен бұлар жүре бергенде
тағы бір жаяу келіп бұларға қосылды. Екеуі келген жігіттен сұрады, ол да өздері сияқты әйел жоғалтып
жүр екен, енді үшеуі жолдас болып, әйелдерін бірге іздеп жөнелді. Гүлжаһар қашып отырып, бір биік ақ
күмбезді үйге келді. Келсе өтетін қақпаның жанында әдемі бақша тұр екен, Гүлжаһар бақшаға қызығып
кетіп, бір жемісті ала берген кезде, еркекше киініп алған тымағы түсіп кетіпті. Онан кейін Гүлжаһар
күзетші шалға:
– Ата, мына тымағымды алып беріңізші, – деді. Шал келіп, қыздың тымағын алып беріп жатып қызды
көріп қалып, қызға ғашық болып қалып, қызды босатпай, «мен сені аламын», – деп атының шылбырынан
алып жібермей қойды. Қанша жалынғанмен жібермейтінін білгеннен кейін қыз, «мені алатын болсаң,
барып моллаңнан ұлықсат сұрап некеңді қиғыз, сонан кейін тиемін», – депті. Шал «жарайды» деп
молладан ұлықсат алуға кеткенде, қыз тағы қашып кетіпті. Одан құтылып иен далаға шығып кетіпті. Шал
молладан неке қиюға ұлықсат алып, қызды ертіп келейін деп жүгіріп келсе қыз жоқ, қашып кетіпті. Сөйтіп
шал қызды іздеуге дайындалып жатқанда, шалға үш жігіт келіп шалдан жөн сұрады. Шал айтты «әйелім
қашып кетіп, соны іздеуге шыққалы тұрмын» дейді. Үш жігіт «жарайды, бізді әйел іздеп келеміз, бізге
қосылыңыз» депті. Шалды қосып алып бұлар іздей берсін, иен даламен келе жатқан Гүлжаһар қырық
қарақшыға кез болып қалады. Қызды ұстап алғын қарақшылардың қырқы да қызға ғашық болып, «мен
алам, мен алам», – деп өзара таласа бастапты. Қыз айтты:
– Мен сендердің бәріңе тимеймін, жеке біреуіңе тиемін. Сондықтан мен сендерге бір сөз айтамын, егер
ықтияр болсаңдар, – деп еді, қарақшылар «жарайды, ықтиярмыз» деп шулады. Гүлжаһар айтты:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
889 bet
– Мен осылай тұрамын, сендер қырық аттарыңды осы жерге байлап, он шақырым жерге жаяу барып,
маған қарай жарысасыңдар. Сонда мен қай озып келгеніңе тиемін, – дейді. Бұған қырқы мақұлдап,
аттарын бір біріне байластырып, қырқы жаяу жарысуға кеткенде, Гүлжаһар қырық аттың барлығының
артқы аяқтарын балтамен шауып сындырып, қырқынан тағы қашып құтылыпты. Сонымен Гүлжаһар қыз
бір шаһарға келіп, кете берген кезде, шаһарда жиналған бір топ кісі бір құсты ұшырып жүр екен. Ұшқан
құс Гүлжаһарға қарай ұшып келеді, артынан төрт-бес кісі шауып келеді. Құс ұшып келіп сразы
Гүлжаһардың басына қонды. Қуған кісілер де келіп, құсты Гүлжаһаржың басынан алып, Гүлжаһарды
жиналып тұрған көп халыққа алып келді. «Құс мына жігіттің басына қонды» деп Гүлжаһар еркекше
киінген, ішкім айырмайды. Сонан кейін халық «жарайды, патшамыз өліп қалды, патша сайламасқа бола
ма, жұл жігіттің басына бақыт құсы қонса патша болсын» деп халық патша сайлайды. Сонымен Гүлжаһар
патша сайланып, халыққа үкім айта бастайды. өзіне арнап көз ұшындағы жерді көріп болжайтын қылып,
биік зауалмен үй салдырады. Сонда отырып уәзірлеріне бұйырық берді, көше-көшенің шетіне қарауыл
қойдырып, «сырттан қалаға кім келсе маған алып кел» деді. Бұлар қарауылдай берсін, қырық қарақшыға
келелік, бұл қырқы айтқан он шақырым жерге барып, барлығы жаяу жарысып, титықтап, дымы құрып
келсе қыз жоқ, аттарына мініп қуайын десе барлық аттардың артқы аяғы сынған жүруге жарамайды «қап
бізге істеген екен» деп қырқы іздеп келе жатып, төрт жаяуға кез болыпты. Қырқы:
– Ее, қайда бара жатырсыңдар, – деп сұрапты.
Сонда төрт жаяу:
– Біз әйел жоғалтып, іздеп жүрміз, – деген екен, сонда қырық қарақшы «ее, онда бірге іздеп, жодас
болайық» деп қырық төрт болып, әйел іздеп жөнеле беріпті. Сөйтіп бұлар Гүлжаһар тұрған қалаға келіп
көшеге кіре бергенде күзетші тұрған қарауылдар ұстай алып, патшасына алып келеді. Бұлардан патша
біртіндеп жауап алды. Ең алдымен өзін сандығымен алып қашқан патшаны дарға астырып өлтірді. Екінші
болып, қырық қарақшыны и өзін түнде атпен алып қашқан жігітке түгел дүре салдырып, енді мұнан былай
адамға қиянат жасамасқа арыздарын алып қоя берді. Содан кейін өзін аламын деп қақпадан босатпаған
шалға астына ат, үстіне киім кигізіп қайтарды. Өзінің Жаманын таза шомылдырып, киіндіріп, барлық
халқына айтып, сол жерде Жаманға некесін қиғызып, өз орнына патша қойып, халқынан ұлықсат сұрап,
ырзалығын алып, сөйтіп Жаманын тәрбиелеп өзі ақылшы болып жүре берді. Гүлжаһар күншілік жердегі
жанды заттарды көріп, болжап отырады екен. Өзінің салдырған биік үйінде төңірекке көз жіберіп отыр
еді, түстік жерде бір кедей нашар шалдың өзі арық тұлпарымен бір бірешке жүкпен батбаққа түсіп кетіп,
шыға алмай жатқанын көріп, екі семіз арғымақ беріп, кісі жіберіп айтты «осы екі арғымақты қиянат
қылмай, шалға апарып беріп, берсе тұлпарын алып кел» деді. Оның тұлпар екенін Гүлжаһар біліп тұр.
Жіберген кісі дереу екі арғымақпен шалдың арбасына жегіп, тез арбаны жұлып алып шалға айтты «мына
арық атыңды екі арғымаққа айырбастайсың ба» деп еді, шал қуанып «айырбастаймын, бірақ мені мазақ
қылып жүрмесеңдер» депті. Жігіт екі арғымақты беріп, арық атты алып, патшаға алып келді. Сонымен
Гүлжаһар тұлпарды бөлек сарайға сақтап, әбден бабына келгенше бір кісіге күттіріп, өзі екі үші күнде бір
қарап қойып жүрді. Тұлпар әбден бабына келген соң Гүлжаһар күншілік жерге көз жіберіп, болжап қараса
баяғы өзінің әкесі бірнеше кісімен аңға шығып жүргенін көріп, тезірек өзінің жаманын тұлпарға мінгізіп,
айтты: «Қазір пәлен жерде менің әкем аң қарап жүр, соған барып жет, сен барған кезде менің әкем барлық
жолдасымен бір киікті қуып келе жатады, соны барысымен сен қоса қуып жетіп, құрықтап ұстап алып,
әкеме сыйла да, жауап қатпай жүріп кет», – дейді. Сонымен Жаман тұлпарымен соқтырып кетіп,
айтқанындай қуып келеді екен, Жаман қуып жетіп, киікті құрықпен ұстап тірідей Гүлжаһардың айтқанын
істеп, сыйлауға беріп, ұстауға беріп жүріп кетіпті. Ертеңіне Гүлжаһар тағы айтты «менің әкем сол жерге
тағы келді, тұлпарға мініп тез жет. Қазір әкемнің алдынан алтын киік қашады, бірақ олар жете алмайды,
сен бар да алдымен киікті алып қуып жет те тағы құрықпен ұстап тірідей сыйла да, жүріп кет» деді. Тағы
айтқанындай келсе алтын киікті қуып жете алмай келеді екен, алдымен киікті құрықпен ұстап тағы
патшаға сыйлау деп үн қатпай жүріп кетіпті. Сонан кейін патша жолдастарына айтты:
– Япыр-ау, кеше менің тұлпарым жете алмай қойған киікті осы жігіт ұстап сыйлау деп беріп кетті. Бүгін
міне алтын киікті сыйлау деп беріп кетті. Бұған қалай дейсіңдер, – деп уәзірлерімен кеңесті. Бұлардың
бірі о деді, бірі бұ деді, сөйтіп еш нәрсеге ұйғарып шеше алмады. Сонымен Жаман үйіне келді, Гүлжаһарға
айтқаныңды орындадым деп хабарлады. Бұдан кейін Гүлжаһар аңда жүрген әкесіне кісі жіберіп «пәлен
жерде аң аулап пәлен шаһардың патшасы жүр. Соны қасындағы нөкерлерімен біздің патшамыз қонаққа
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
890 bet
шақырады деп ертіп кел», – деп кісі жібереді. Сонымен жіберген кісісі барып, патшаға «сіздерді
нөкерлеріңізбен біздің патшамыз бүгін келіп қонақ болсын деп бізді жіберді», – деді.
Бұл патша атказ еткен жоқ, «жарайды қонаққа шақырса барамыз» деп нөкерлерімен жіберген кісісімен
бірге жүрді. Бұлардың келе жатқанын біліп Гүлжаһар да алдымен күтіп тұрып қонақтарды түсіріп алып
қонақ үйлеріне әкеп күтіп өзінің патша Жаманын әңгімелесіп отыр деп бірге отырғызды. Гүлжаһар өзі
қонақ басқарам деп шығып кетіп, әкесін жақсылап күтіп жатыр. Тамағын әбден жөндеп бергеннен соң,
екі патшаның қасына әңгімелесуге келіп отырып:
– Я, тақсыр патша, қалай біздің патша жақында сайланған, сіз сияқты ескіден істеген патша емес, патша
болуға, сізбен әңгімелесуге жарай ма екен, – деп сұрады Гүлжаһар. Әкесі патша:
– Ой, ханым бәйбіше-ай, ұнады ма дейсіз, бұл жақында патша болса да, келешегі бар, сөзі орнықты патша
көрінеді, сіз қалай мені сынап отырсыз ба? Сонда да сіз сияқты жас ханымдарға көз салып жүруге
жараймын, – деп күлді.
Сонда Гүлжаһар басындағы пердесін ашып «мені танисың ба» деп әкесінің бетіне қарай үңіліп еді,
Гүлжаһардың әкесі патша қызын танып, көзі алайып, есінен танып құлады. Аздан соң патша есін жинап
қызын бас салып жылады. Сонда Гүлжаһар айтты:
– Ее әке, жақсыны жаман ететін кім екеніне көзің жетті ме? «Міне осыны адам қыл» деп берген жаманың
осы бүгін сізбен бірге тізелесіп тамақ ішіп отырған патшаң сіздің алдыңыздан қашқан екі киікті де ұстап
сізге сыйлады, жаманды жақсы ететін әйел екеніне көзің жетті ме, – деді қызы.
Сонда әкесі патша:
– Менен қателік кетті, мен ақылсыз екенмін, – деп қызымен жылап көрісіп, сенің ақылдылығыңды
білмедім, – деп сол жерде патшалағын қызының күйеуіне беріп, өзі орнынан түсіп, Жаман Гүлжаһардың
арқасында екі шаһарға патша болып билеп тұрыпты.
10. Ханша мен баласы
Бар екен де жоқ екен. Аш екен де тоқ екен. Ілгері заманда бір патша болыпты. Оның он екі жасар баласы
мектепте оқып жүріпті. Осылай байып жүргенде, бір күндері болғанда патшаның бір биесі бес-алты күн
жоғалып кетіп, оны жылқышы іздеп жүргенде ол бие бір көлдің жағасынан табылыпты.
Ол биеге жылқышы жақынырақ барса, қасында бір жылқы тұрған екен, жылқышыны көріп, ол жылқы
суға түсіп кетіпті. Жылқышы биесін жылқысына қосып қойып, балаға келіп болған нәрселерді осылай да,
осылай деп айтыпты. Осылай болып жүріп, бір жыл болғаннан кейін жаңағы бие туыпты. Бие туған заман
бала құлынын үйіне алып келдіріп, өз қолында тәрбиелей бастайды.
Бір күні патша аңға шығып, аңнан үш-төрт күн кешігіп калыпты. Патшаның қатынының ашынасы бар
екен. Патшаның аңға кетіп қалғанын біліп, патшаның қатынына келеді. Келіп патшаның қатынына айтады:
– Сен патшаны өлтір, сонан кейін мен аламын, – дейді.
Қатын:
– Мен патшаны қалай қылып өлтіремін? – дейді.
Ашынасы айтыпты:
– Әуелі сен балаңды өлтіріп алсаң, кейін патшаны өлтіруің қиын емес, – дейті.
Қатын айтады:
– Баламды қалай қылып өлтіремін?
Ашынасы былай дейді:
– Сен ас қылып, ішіне у салып балаң келгенде берерсің, соны жеп балаң өліп қалады, – дейді. Онан соң
патшаны тезірек өлтірерсің, – депті. Ертеңінде баланың анасы баласына ішіне у салып ауқат қылып қояды.
Бала молдасынан қайтып келіп, атының алдына кірсе, аты қайғылы болып тұрғанын көреді. Бала:
– Ей, жануар, неге кайғырасың? - дегенде кұдайдың кұдіретімен тіл бітіп, аты да айтады:
– Мен сенің өлуіңе қайғыланып тұрмын, – дейді. Бала: «Қалай?» дегенде, ат айтады:
– Сенің анаң ашынасының сені өлтір деген тілін алып. Сені өлтірмек үшін ауқат қылып қойды. Егер соны
жесең, сен өлесің, – дейді. Бала қапа болып үйіне барады. Шешесі баласын көріп, үстіне түсіп:
– Кел, қарағым, сен келгенше саған ауқат қылып қойып едім, жей ғой! – дейді.
Бала шешесінің қолындағы асты ала салып:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
891 bet
– Апа, далаға апарып жеймін», – деп далаға шығып бара жатып қолынан түсіріп жіберіпті де, азар болып,
көшеден ауқат жеп, қайтадан молдасына кетеді. Ертеңіне ашынасы келіп «не қылдың» дегенде. қатын
баланың азар болып, ауқатын төгіп кеткенін айтады.
Ашынасы былай депті:
– Ендеше, ертең келгенде қаттама қылып бергін, оны төге алмайды, – депті. Баланың шешесі ертеңіне
қаттама қылып даярлап қояды. Бала молдасынан қайтып келе жатып атының алдына кірсе, аты тағы басын
төмен салып тұр екен. Бала мұны көріп:
– Ей, жануар, неге бүгін тағы қапа болын тұрсың? – дегенде, аты балаға жауап береді:
– Ей, сен білмейсің, шешең саған қаттама қылып қойды. Егер соны жесең өлесің, – дейді.
Бала үйіне келген соң, шешесі:
– Кел, қарағым, саған май салып қаттама қылып қойдым, – деп балаға қаттаманы алып береді. Бала
шешесінің қолынан қаттаманы алып, итті шақырып итке тастағанда, итті жеген заман өлтіріпті. Бала тағы
шешесімеи араз болып, молдасына кетіп қалды.
375 - Бөлім: Қазақ ертегілері (8)
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2072
Үш күн өткізіп ашынасы келіп «не қылдың» дегенде, тағы баланың істеп кеткен нәрселерін түсіндіріп
айтады. Ашынасы мұны естіп айтады:
– Сен әуелі балаңның бағып жүрген атын өлтір. Балаңа ақыл беріп жүрген сол ат, – дейді.
– Қалай қылып өлтіремін, балам өлтіргізбейді, – дегенде оған ашынасы айтады:
– Байың келгенде сен кесел бол. Мен қатын тәуіп болып тұрамын. Сонда патшаға мені айтасың, – депті.
Қатын патшаның аңнан қайтып келеді деген хабарын естіп, сол күні кесел болып қалады. Ойбайлап
төрден есікке, есіктен төрге аунайды. Патша аңнан келіп кірсе, қатыны қиналып жатқанын көріп, патша
сасып:
– Ойбай, қатын, енді не қыламыз? – дегенде, қатыны айтады:
– Пәлен жерде қатын тәуіп бар, соны алдыр, – дейді. Патша тездеп адам жіберіп, қатынның ашынасын
алдырады. Ол қатынын тамырын ұстап көріп:
– Ей, патша, бұл қатынның кеселі жаман, бұдан жазылу қиын, – дейді.
ІІатша:
– Айналайын, қалай қылып болса да осы қатынды жазын бер, – дейді.
Тәуіп:
– Қатының жазылады, егер тұлпардың етін жесе, – депті.
Патша айтады:
– Қайдан табамыз? – деп сұрайды.
Тәуіп:
– Мына бағып жатқан балаңның аты тұлпар, – депті. Патша баласын шақыртыпты. Әкесі шақырған соң
бала келе жатып атына келеді. Келсе, аты қабағын жерге салып тұр екен. Бала:
– Ей, жануар, неге қапасың? – десе:
– Ілгері сенің өлуіңе қапа болсам, енді өзімнің өлуіме қапамын, – депті. Енді сен атаңның алдына бар.
Атаңның сөзін қайтарма. Мені сояр кезде үш рет шыңғырамын, бірінші –жібімді шешіп далаға шығарған
кезде, екінші – жығып аяғымды байлаған кезде, үшінші –соймақ болып пышақ таяп тұрған кезде. Егер
сонда жетсең жеттің, жетпесең мен де, сен де өлгенің, – депті. Бала ойланып атасына келеді. Атасы
баласына айтады:
– Балам, шешең кесел басып қалыпты. Мына тәуіп тұлпардың еті дәрі дейді. Сенің мына бағып жатқан
атың тұлпар дейді. Соны сойып берейік, соны сен қалай көресің? – дейді.
Бала айтады:
– Қандай қылайын, шешемнен артық болыпты дейсіз бе? Сойсаңыз соярсыз, – деп, бала молдасына
қайтып кетеді. Патша атты соймақшы болып, атты шешіп алғанда ат шыңғырады. Және алып келіп
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
892 bet
жыққанда бір шыңғырады. Бала мұны естіп, әдеппен молдасынан сұрап далаға шығады да, қашып береді.
Бала келіп жеткенде және шыңғырады. Енді сояйын деп тұрғанда бала жетіп келіп:
- Е, ата, мен осы атты туғаннан бері бағып-бағып бір мінбей кетіп барамын. Мұны мен бір мінбеппін. Бұл
да, менде арманда болып қалмайық, – депті. Атасы баласының бұл сөзін қабыл алып, балаға және атқа
керекті болған аспаптарын даяр қылып береді. Бала атты мініп бір қорғанды айналдырып шауып келіп
айтады:
– Ата, кімге ұқсаймын?
Атасы:
– Атана ұқсайсың, – депті. Және айналып шауып келіп айтады:
– Ата, кімге ұқсаймын?
– Перизатқа ұқсайсың, – деп жауап береді.
Бала:
– Қайыр, қош, көргенше аман-есен болып тұрыңыз! – деп атына қамшы ұрғанда, аты бір айлық жолға
әкеліп қояды. Сол жерде бір қойшының киімін жаңа киіміне айырбастап алып, өзінде болған аспап-құрал,
киім-кешектерін аттың үстіне таңып, аттың қылынан түтеткіні алады да, атты қоя береді. Өзі қойшының
киімін киіп алып, сол жердегі болған қалаға жөнеледі.
Баланы көріп шаһар қақпасының есігіне тұрған қарауылы ұстайды:
– Қайда барасың?
– Білмеймін.
– Қайдан кепесің?
– Білмеймін.
Не айтса да, «білмеймін» деп жауап береді бала. Оны Білмеймін деп атайды. Қарауылшы:
– Ой, тентек екен, мейлі кете берсін, – деп қоя береді. Бала барғаннан барып, патшаның тағының алдына
барын отырады. ІІатша көріп:
– Ананы ұстап әкел! – деп бұйрық қылады. Патшаның уәзірлері ұстап әкеледі. ІІатша:
– Қайдан келесің?
– Білмеймін.
– Бұл жерде не ісің бар еді?
– Білмеймін.
Патша: «Бұл ақымақты өлтір», – дегенде, уәзірлері айтады:
– Тақсыр, мұны өлтіріп не қыласыз. Мұны үлкен бауға алып барып қоя берсек, сол жерде жүреді де, –
депті.
Патша бұл сөзге «мақұл» депті.
Баланы патшаның бауына алып барып қояды. Қарауылшы ол балаға ауқатын апарып беріп тұратын болды
Бала құдайдан тілеп:
– Ей, құдай, осы орман бүтін бәрі қырқылып, күл болып қалсын. Және дуалдарына шейін құлап жоқ
болсын, – деп. Құдайдан тілек тілегенде, ағаштары күл болып, дуалдары жоқ болып кетіпті.
Патшаның қарауылшылары келіп көрсе, бәрі қырқылып, күл болып, дуалдары кұлап жатыр. Қарауылшы
«не қылдың» десе, «білмеймін» деп, басқа жауап бермеді. Қарауылшы патшаға хабар жібереді.
«Білмеймін» бауларды бір түннің ішінде күл қылып, дуалдарын жығып тастапты», – дейді.
Патша адам жіберсе, бәрі құлап қалған. Мұны көріп патша «Білмеймін» бір әжетке жарап қалар» деп,
баланы күтіп тұрды.
Бала:
– Құдай, баулары тағы бұрынғыдай болса екен, – деп кұдайдан күні-түні сұрай, бұл жерді бастағысынан
да жақсы қылып, баулар, қауындар пісіргізіп қойды. Және «бір хауыз болса екен» деп айтқан заман, бұл
да болды.
Білмеймінге ауқат алып келушілер көрсе, жақсы бау болған оны ешкім мақтап болар емес. Мұны көріп
патшаға хабар жібереді. Патша келіп көрсе, өте көңілді болған. Патша: «Мұны қандай қылдың, бұл қайдан
болды?» деп сұраса: «Білмейін!» – деп жауап береді. Онан кейін баланы патша күтіп тұратын болды.
Бір күні сол патшаның үш қызы баудың мақтауын естіп келеді. Сонда бала хауызға түсіп шомылып жатыр
еді. Қыздарды көріп хауыздың жағасында тұрғанда, үлкен екі қыз мұны сезбеді. Кішкене қыз көріп, балаға
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
893 bet
ғашық болып қалды. Бірақ апаларына айтқан жоқ. Онан кейін бұлар үшеуі де патшаға қауын алып барды.
Патша үлкенінің қауынын сойып еді, жаман болды. Бұдан кейін және біреуінікін сойып еді, ол да
жаманырақ шықты. Ең соңынан кішкене қызының қауынын сойып көріп еді, шырын шықты. ІІатша
мұның себебін уәзірлерінен сұрағанда олар айтты:
– Үлкен қызың күйеуге берістен өтіпті, ендігі қызыңыз да өтіп қалыпты. Бірақ кішкене қызыңыз күйеуге
тиер уағы жетіпті, – денті.
Патша қыздарын күйеуге бермек болып, елін жинап той қылмақ болыпты. Онан патша қыздарын
мұнараның басына шығарып қойып, бір-біреуінің қолына бір алмадан беріп қойыпты. «Кімді қаласаң,
соны ұр» – депті.
Бүтін патшаға қарасты халықтары мұны естігеннен кейін бәрі жиылып келіп, патшаның қызының
алдынан өте береді. Патшаның үлкен екі қызы қалаған жігітін алмамен ұрып, екеуі екі жігітке тиіп кетеді.
Патша бұған қайран қалып, халқын қызының алдынап екі-үш рет өткізеді. Қызы ешкімді қаламайды.
Патша: «Менің қол астымдағы адамнан ешкім қалды ма екен?» – дегенде уәзірі: «Білмеймін қалды», деп
жауап береді. Патша:
– Білмеймінді алып келіңдер, – депті.
Жасауыл тез барып, Білмеймінді алып келеді. Білмеймін патша қызының алдынап өткенде, қыз
алмасымен ұрды. Патша бұл қызына қапа болып:
– Алып барып есекханаға кішкене қызым меи күйеуімді апарып қойыңдар, – депті.
Патша бір күні екі күйеуін шақырып алып:
– Мен киік етін жегім келеді маған аң етін әкеліп беріңдер, - депті.
Патшаның екі үлкен күйеуі екі атына мініп, аңға шықпақшы болады. Мұны бала біліп патшаның қызына:
– Тұр, сен атаңа бар, маған да бір ат, мылтық берсін, – депті. Қыз атасына барып: Ата, күйеуіңіз ат, мылтық
тауып берсін, аңға шығып келемін, – дейді. ІІатша:
– Ол ақымақ аңға шыққанда не бітіреді дейсің? – дегенде, уәзірлері айтады:
– Ей, патша, оған бір жаман ат, бір жаман мылтық берсеңіз далаға шығып түк те бітірмей қайтып келеді,
– дейді. Патша мақұл көріп, жаман ат пен жаман мылтық береді. Бала көшеде жүрген иттердің бес-
алтауын жіпке байлап алып, мылтығын желкесіне асып алып, иттерді тақымына басып алып, қыңсылата
жөнеледі. Мұны көріп көшедегі балалар оның соңынан еріп, иттерін ұрып, қаладан шығарып тастап келеді.
Бір таудың панасына барып жатса, бір киік таудан ойнап келіп баланың алдына келгенде, бала:
– Ішегің шырынға, етің зарарға айналсын, – деп, мылтықпен атқанда, киік сол жерде құлап қалады. Бала
киікті алып келе жатса, екі бажасы құрдан-құр келе жатыр екен. Баланы көрін балаға жалынады:
– Бажа, киігіңнен бізге де бермесең. патша алдында шерменде болатын ұқсаймыз, – дейді.
Бала қабыл алып, өзі ішек-шабағын алады да, екеуіне киікті береді. Бұлар қайтып келіп, патшаға
әрқайсысы жақсылап ауқат қылады да, әрқайсысы өзі апарып береді.
Патша екі үлкен қызымның ауқатын жеп көрсе, тіпті ащы, одан соң жемейді. Кейін кішкене қызы ішек
шабақты жуып-тазалап, астауға салып, ауқатып көріп тазалап, даярлап болған соң, ауқаттың арасына
тезек көміп қояды. Қыз әкеліп атасының алдына қояды. Атасы ренжіп жемейді. Қызы айтады:
– Енді көңілім үшін лас дәмін татып көрің, – дейді. Патша дәмін татып көрсе, шырын екен. Патша жеген
сайын, шырын бола бастайды. Жеп отырғанда ішінен тезек шыға келеді. Патша оны алып тастап жей
берді. Енді арада үш-төрт күн өткеннен кейін патша екі күйеуін тағы аңға жібереді. Бала бажасының аңға
кеткенін біліп, атына мініп бұл да соңынан шығады да, бірақ бұл тұлпардан алып қалған жалын түтетіп
жібергенде, ілгергі тұлпары алдына келеді. Бала құдайдан сұрап: «Ей, құдай, осы жерге бір там салғыз,
оның ішінде киік, әртүрлі аңдар ойнап жүрсін», – деп құдайдан тілеген екен. Баланың айтқанындай болып
қалыпты. Патшаның екі күйеуі келе жатса, бір қорған көрінеді. Ол екеуі қайран болып, «бұл ілгері өткенде
жоқ еді, қайдан келіп қалды» деп ойланып, қорғанның ішіне кіреді. Кірсе, ішінде түрлі аңдар: киік, бұғы,
ұлан дегендей бәрі де секіріп, ойнап жүр. Үй алдында бір жақсы ат байланып тұр. Бұлар таң-тамаша
қылып тұрғанда ішінен бала шыға келеді. Баладан екеуі: Достарыңызбен бөлісу: |