Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата06.02.2017
өлшемі1,34 Mb.
#3496
1   2   3   4   5   6   7
операцияларына  арнап  қолайлы  және  айқын  интерфейспен  қамтамасыз  етеді,
сонымен  қатар WINDOWS ортасында  іске  қосылатын  программаларға  жаңа
мүмкіншіліктер береді.
1985 жылы Microsoft фирмасы WINDOWS графикалық  операциялар
жүйесін, ал 1990 жылы 3.0 версиясын  шығарған 3.0 версиясынан  бастап
WINDOWS-тың  кеңінен  қолдануы  арқасында, ол  ІВМ  тектес  компьютердің
стандарты болып табылады.
1995 жылы Microsoft фирмасы  ОЖ-нің  бөлінуі  керек  етпей  жаңа
WINDOWS 95 (графикалық  интерфейсі) бар  ОЖ  ойлап  тапты. Бұл  ДК
құрылығыларының  модельдері 286 мен 386 лардың – 486, Pentium жаңа
модельдеріне тез ауысуына мүмкіндік туғызды.
Көрнекті  көлемді  қасиеттері  және  жақсы  графикалық  интерфейсі  бар
WINDOWS 95 – жаңа ОЖ, әлемге әйгілі Microsoft фирмасының мақтанышы.
WINDOWS-тың  сыртқы  қарапайымдылығының  астында  ДК-дің  мыңдаған
санына арналған оңай және күшті операциялық жүйе тығылып жатыр.
WINDOWS 95 негізі  болып – іске  қосылған  қосымшалар  мен  байланыс
жүйенің  іске  қосылуы  мен  оның  графикалық  интерфейсінің  құрылуын
қамтамассыз  етіп  программалық  құрылғылардан  тұратын  ядросы  жатады.
WINDOWS 95-тің  ядросы 3 деңгейден  тұратын WINDOWS-тың  алдыңғы
версияларының жалпы құрылымын сақтап қалды.
Өзінің  жеке Kernel ядросы, GDI графикасының құрылғыларын және USER
қосымшасымен қарым-қатынаста болатын құрылғылар. Бірақ та WINDOWS 95-
ке бұл құрылғыларды екі есе арттыруға тура келді және оларды 16- разрядтағы
мен 32 разрядта жұмыс жасайтын микропроцессорларға қолдануы тиіс болды.

31
Кез-келген  басқа  программалық  өнім  сияқты WINDOWS 95-тің  де  өз
плюстары мен минустары бар. Бұл қабықшаның артықшылығы келесіде: файл
концепциясының  қалмауы, біріңғай  программалық  интерфейс, WINDOWS 95-
тің  көп  есептілігі, әртүрлі  басқа  да  құрылғыларды  қолдауы, әртүрлі
қосымшалар  арасында  деректер  алмасу  жеңілділігі, True Type шрифтерін
қолдауы, мультимедианың құрамын қолдауы.
WINDOWS-тің  тағы  бір  кемшілігі  көп  есептіліктің  толық  болмауы;
Сонымен  қатар WINDOWS 95-тің  енгізу  шығару  жүйелері  анағұрлым
жақсарған.
WINDOWS-те  дискмен  жұмыс  істеу  жүйесіне  ерекше  көңіл  бөлінген,
осында IDE, ESDI, SCSI интерфейс контроллерлары бар.
Енгізу  шығару  операцияларының  жылдамдығын  ақпараттарды  тасу
дискілері мен қарым-қатынасының жылдамдығы көп әсер етеді. WINDOWS 95
(жазу, санау, көшіру, файл  мен  директорияларды  жою) файлдың
операцияларын орындау жылдамдығын кәдімгідей көтерген.
WINDOWS жұмыс  істеу  негізі
.
Компьютерде  барлық  деректер  аты  мен
кеңейтілуі  бар  файлдарда  сақталынады. Аты  кеңейтілуімен  қосқанда 255
символды құрай алды.
Барлдық файлдар  дисклерде (дискеталар немесе  қатты диск) сақталынады,
әр  дискінің  өз  аты  бар. WINDOWS 95 операцияның  жүйесінде  әрбір
программаға  немесе  документке  сәйкес  пиктограммалар  бар (сурет,
программаны немесе документі мінездейтін сурет).
Жұмыс  столы. WINDOWS 95-тің  негізгі  жұмысы Desktop жұмыс  столінде
өтеді, ол  интерфейс  элементтерінің  орналасу  тәртібін  сақтайды. Элементтер
пикторграммалармен (астында  түсіндірме  жазуы  бар) белгіленген. Кез-келген
жұмыс столінде келесі элементтер орналасқан:
Менің компьютерім (My computer) – компьютерлердегі барлық папкаларды
шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес;
Желілік  аймақ- ( Сетевое  окружение-Network Neighborhood) – компьютер
желіге қосылған кезде, желілік ресурстарды көрсетеді;
Қапшық- (Корзина-Recycle Bin) – папкалармен файлдарды өшіреді;
Енгізілетін (Inbox) – электронды  пошта  арқылы  келетін  ақпараттарды
сақтайтын пошталық жәшік;
Портфель (My Brifcase) – бірден  бірнеше  компьютерде  өңделетін
файлдарды синхрондайды;
The Microsoft Network – Microsoft желісін  қосуға  және  қолдануға
мүмкіншілік жасайды;
The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу.
Сонымен  қатар  экранда  Тапсырмалар  панелі Есептер  тақтасы (Taskbar)
орналасқан, мұнда  негізгі  менюді  қосатын  Пуск- Бас  меню- (Start) кнопкасы
мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді.
Бас  менюдің  көмегімен  кез-келген  программаны  немесе  документті  ашуға
болады, себебі  мұнда  ішкі  менюлердің  сан  алуан  түрлері  кездеседі. “Пуск”
жолының көмегімен кез-келген керек файлды тауып алуға болады. “Настройка”
пунктінің  көмегімен  кез-келген  программаны  немесе  документті  тез  және

32
қолайлы түрде іске қосуға, “жұмыс століне” ярлыгын қоюға юолады. Сонымен
қатар қолданушы контексті меню көмегімен де ярлык құра алады.
Контексті  меню-(Тәуелді)-дегеніміз  тышқанның  оң  жақ  батырмасын  басу
арқылы  шақырылған  меню,  ол  келесі  мүмкіншіліктерді  орындай  алады: қиып
алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, жіберу, орналастыру. Бұлар
жұмыс століне жаңа мүмкіншіліктер береді.
Жұмыс столінің түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты,
оны  керек  емес  қағаздармен  толтырмай, оларды  реттеп (My computer)
папкасына  салып, жұмыс  столінде  таза, негізгі  керек  қосымшаларды  ғана
қалдыруға болады.
WINDOWS терезесі. WINDOWS-тың  кез-келген  терезесі  экраның  төрт
бұрышты  аймағы  болып  табылады. Трезенің  жоғарғы  бөлігінде  тақырыптың
аты  бар  жол (Title Bar) орналасқан. Тақырыптың  аты  бар  жолдың  ортасында
терезенің аты жазылады, ал оң және сол бөліктерінде жүйелі менюдің жинақтау
және ашу батырмалары бар.
WINDOWS пен жұмыс жасағанда экранда 3 түрлі терезе ашылуы мүмкін: -
программа терезесі (терезе аталуы);
Программа  терезесінің  екінші  рет  қайталап  ашылатын  терезелер  мен
сұраныстардан мынадай айырмашылығы бар:
- программа  терезесінің  жоғарғы  жолының  ортасында  программа  аты
шығады, ал  екінші  рет  қайталап  ашылатын  терезелерде – шығарылатын
ақпараттың сипатталуы, сұраныс терезесінде  - сұраныс аты шығады;
-   программа  терезесінің  аты  бар  жолының  төменгі  жағында  меню  жолы
орналасады;
- программа терезелерінде жинақтау батырмасы болады;
- программалар құрған қайтадан екінші рет ашылатын терезе;
- сұраныс терезесі (қосымша терезелер).
Бұлар  әдетте  аз  мерзімге  қандай  да  бір  ақпаратты  немесе  сұранысты
шығару  үшін  ғана  шығады. Сұраныс  терезесі  әрқашан  басқа  программалар
терезесінің  үстіне  шығады. Олардың  өлшемі  және  жинақтау  немесе  ашу
батырмалары болмайды.
Көмек. WINDOWS-тың  барлық  программаларының  меню  жолында  Көмек
(Help) пункті  болады. Оның  көмегімен  пайдаланылатын  программа  туралы
және  олардың  меню  пунктері  туралы  толық  ақпарат  алуға  болады. Кейде  бұл
анықтамалық F1 клавишасына  контесті – тәуелді  болады, бұл  кнопканы
басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады.
Мүндай  қосылған  анықтамалар WINDOWS-қа (Win Help. Exe) көмегімен
кіреді, сондықтан  бұл  анықтаманы  қолдану  үшін  осы  программаның  файл
дерегін қалдырса болғаны.
WINDOWS-ң  қосылған  анықтамалығы – гипертекст  принципіне
негізделген: белгісіз  терминдерді түсіндіретін және  керек  ақпаратты  тез  арада
анықтайтын тоғысқан сілтемелер.
Жұмысты  аяқтау
. WINDOWS-та  жұмысты  аяқтау  үшін  барлық  белсенді
қосымшаларды  тоқтатып  терезелердің  барлығын  жауып SHUT DOWN

33
утилитын  пайдалану  керек. Ол  жұмысты  аяқтаудың  қарапайым  диалогті
терезесін ашады:
ЗАВЕРШИТЬ РАБОТУ (Shut down the computer);
ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР (Restart the computer);
ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ  КОМПЬЮТЕР  В  РЕЖИМЕ  ЭМУЛЯЦИИ MS DOS
(Restart the computer in MS – DOS mode).
Егер  қандайда  бір  қосымшалар  жабылмаған  болса, онда WINDOWS  өзі
жабуға арналған диалогті терезені шығарып жабуды талап етеді. Егер қосымша
жұмыс істеп тұрса, онда ол файлды диске көшіріп жабу керек.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [3] – c, [20] – c, [21] – c.
Бақылау сұрақтары:
1. ОЖ қандай модулдерден тұрады?
2. Компьютермен  жұмыс  жасаған  кезде  жедел  жадыда  ОЖ-ның  қандай
модулдері болуы керек?
3. RОМ (ТСҚ) жадысы неге энергияға байланысты және ОЖ-ні жүктемелеу
кезінде оның атқаратын ролі?
4. MS-DOS мүмкіншіліктерін ата?
5. Операциялық жүйе дегеніміз не?
3.3 Құжаттарды  дайындау  және  редакторлау  жүйесі. Формулалар  және
мәтіндер редакторлары.Word-та мәтінді форматтау. Кестемен жұмыс. Құжаттағы
безендірулер.
Дәріс конспектілері:
Қолданбалы  программалар
.
ПК-ді  жұмыс  істету  үшін  ыңғайлы  құрал
ретінде  пайдалануға  мүмкіндік  береді. Ойындар  мен  оқу  программаларын
айтуға  болады. Осы  қолданбалы  программалар  мен  пакеттер  ақпараттық
қабықшаны 
қолдануға 
ыңғайлы 
ақпаратты – есептеу 
құрылғыға
айналдырады.Қолданбалы  программалар  белгілі  бір  аймаққа  жұмыс  жасайтын
маманға  немесе  жәй  пайдаланушыға  және  арнайы  программамен  жұмыс
істейтін  адамдарға  арналған  қолданбалы  кең  профилді  бола  алады. Мысалы:
функциональдық  есептеулер  немесе  құжаттар  құру  үшін  арналған
программалар және де тар профилді: электрокардиограмма анализдерінде және
электрондық өнім жобаларында қолданылады және т.с.с.
Құжаттарды дайындау және редакторлау жүйелері.
Компьютерді қолдану немесе өңдеу қәзіргі заманғы есептеу техникасының
даму  интенсивтігіне  әкеп  соғады  мұнда  мәтіндік  құжаттарды  құру  үшін
редактордың  дайындау  түрлері  көп  қолданылады. ІBM- типіндегі
компьютерлерге  сәйкес  ең  көп  тараған  мәтіндік  редакторлардың  бірі WORD.
Бұл WІNDOWS операциялық  жүйесінің  комерциялық  қосымшасы  болып
табылады. WORD мүмкіншіліктері  тек  мәтін  құрумен  ғана  шектелмейді. Ол

34
одан  да  көп  операцияларды  жасайды. Бірақ  бұл  программалық  қабықшаны
оқып үйрену үшін тізбектей жәй түрінен күрделі түріне өту керек.
Word
  мәтіндік  редакторын  жұмыс  істету  үшін  осы  қосымшаның
пиктограммасын  басу  керек. Осы  пиктограммаға  бару  үшін “Пуск” басқышын
басамыз одан, “Программы” менюін таңдаймыз одан “Mіcrosoft Word” пункті
таңдалады (басқа  варианттар “Word немесе “Mіcrosoft Offіce”. Яғни  бұл
жағдайда
Word
  бос  құжатпен  терезе  түрінде  экранға  шығады. Мұнда
Word
терезесі  толық  экран  түрінде  беріледі, ал  құжаттардың  екінші  терезесі
негізгімен бірігіп кетеді).
Қосымшамен  жұмыс  аяқтау  үшін  тақырып  жолының  оң  жағында
орналасқан “Закрыть- Жабу” басқышын  басу  керек. Бұдан  кейін  қосымшаның
жұмысы  аяқталады. Редакторланатын  құжаттармен  жұмыс  істеп  болғаннан
кейін ол қосымшадан шыққыңыз келген жағдайда автоматты түрде оны сақтау
керек  пе, жоқ  па  жайындағы  ақпарат  шығады. Яғни  құжаттардағы  өзгертуді
сақтайын ба деген терезе.
Word терезесі  негізінен  терезе  тақырыбы  және  терезе  басқыштары, меню
жолдары, инструменттер  панелі, сызғыштар, айналдыру  сызықшалары  және
жолдар күйінен тұрады.
(состоит  из: Заголовка  окна  и  кнопок  окон, строки  меню, панелей
инструментов, линеек, полос прокрутки и строки состояния ) .
Бас  меню  немесе  негізігі  меню  деп  аталатын  менюде  келесі  пункттер
орналасқан, онда  олар  өзіндік  мәндері  бірдейлері  бойынша  біріккен. Кез –
келген әрекеттер осы менюде орналасқан пункттер арқылы орындалатындығын
есте  сақтаған  дұрыс. Меню  пункттерінде  біріккен  қосымша  пункттердің
белгіленуі:
“Файл” - файлдармен  байланысты  барлық  операциялар  соның  ішінде
баспаға шығару және беттер форматы;
“Правка” - алмасу  буферімен  байланысты  барлық  операциялар  соның
ішінде  жолдарды  ауыстыру  және  өзгерту, сондай – ақ  соңғы  орындалған
операцияларды қайталау немесе болдырмау;
“Вид”  - құжат  варианттарын  қарауға  және  оларға  колонтитулдар  беруге
мүмкіндік беретін операциялар;
“Вставка” – обьектілерді енгізе отырып қосуға байланысты операциялар;
“Формат” - абзацқа, шрифтке  және  форматтауға  байланысты  барлық
операциялар;
“Сервис” - тасымал, синоним, орфографиясын тексеруге арналған қосымша
функциялар , сондай – ақ Word-ты орналастыру;
“Таблица” – кестелерді өңдеу мен құруға байланысты барлық операциялар;
“Окно” - Word-тың  екіншілік  терезесіне  байланысты  операциялар, соның
ішінде бірнеше құжаттармен жұмыс істеу кезінде;
“ ? ”  - анықтамаға қатыстының барлығы.
Инструментер  панелі  ашылатын  тізімдер  және  басқыштардан  тұрады.
Мәтіндерді  форматтау  және  редакторлауға  байланысты  ең  жиі  қолданылатын
функциялар инструменттер панелінде орналасады (сур 3).

35
Форматтау  сызғыштарының
белгіленуі  беттегі  мәтіннің  орналасуын
көрсетеді. Оның көмегімен оң және сол жақта (вертикалды сызғыштың болуы
оны  жоғары, төмен  өзгертуге  де  мүмкіндік  береді) берілген  шегіністерді
өзгертуімізге, қызыл жол беруімізге болады.
Айналдыру  сызықтары  өзінің  кішігірім  өзгешеліктері нюанстары  болмаса
стандартты сызғыштардан өзгешелігі аз. Горизанталды сызықтың сол жағында
кішкентай  төрт  басқыш  орналасқан. Бұл  басқыштар  құжатты  көру  режимына
жауапты. Ал  вертикалды  айналдыру  сызықтарында  біріншілік  элементтерден
басқа  екілік  үшбұрышты  екі  басқыш  орналасады. Ол  басқышқа  басу  арқылы
экран бетін бір бетке төмен немесе жоғары жылжытуға болады.
Күйлер  жолы  экранның  төменгі  жағында  күйлер  жолы  орналасады. Онда
маңызды ақпарат орналасады, мысалы:
- ағымдағы бет;
- ағымдағы бөлім;
- ағымдағы бет / құжат бетінің жалпы саны.
- ары қарай курсордың ағымдағы орыны бейнеленеді:
- құжаттың жоғарғы шетінен арақашықтығы;
- жол ( ағымдағы позициясынан бастап санағанда);
- курсордың сол жағындағы символдар саны немесе бағандар.
Келесі өрісте редакторлаудың ағымдағы режимі  бейнеленеді. Сондай – ақ
күйлер  жолында  басқыш  функциялары  мен  меню  қосымшалары  жайында
анықтама немесе ағымдағы операция шығады.
Контексті – тәуелді меню деп пайдаланушы қолданатын ең көп кездесетін
командаларға  қатынас  жасайтын, тышқанмен  кез  келген  жерде  шақырылатын
менюді атаймыз. Оны контексті – тәуелді деп атау себебі, тышқан қай обьектіні
көрсетсе сол обьектімен жүргізілетін әрекеттер тізімі шақырылады.
Word игеретін  ақпараттық  анықтамаларға  тоқталу  керек. Анықтаманы
шақыру берілген қосымша үшін Mіcrosoft жүйесін шақырады.
Программа жайындағы және Mіcrosoft фирмасының пайдаланушыларының
жүйесі  жайлы  және  техникасы  жайлы   барлық  ақпаратты Mіcrosoft Word-қа
хабарлайды.
Өзіндік  мүмкіндік  бере  отырып  мәтіндік  редактор  секретарь  жұмысын
автоматтандырады.
Сериялық құжат құру этаптары үш этаптан тұрады:
1. Құжаттың өзгермейтін  бөлігін көрсететін, шаблонды файл құру
2. Берілген  құжаттың  өзгеретін  бөлігін  сақтау  базасы  болатын, деректер
көзін құру
3. Дайын құжаттарды біріктігу
Шаблон – бұл  сырт  беті  бір  біріне  ұқсас  және  көп  көлемде  құрылатын
құжат үшін арналған негіз.
Шаблонды құжат құру үшін құрудың екі түрін қолдануға болады:
1. Кейінірек  құжат  шаблонына  қойылатын  стилдер  жиынын  қалдыру
арқылы. (Формат-Стиль)
2. Ескі құжат негізі арқылы.

36
Деректер  көзі  СЕРВИС  менюінде  болатын  СЛИЯНИЕ  командасының
көмегімен құрылады. Деректер көзі кішірек деректер базасы болып көрінеді.
Сериялы құжаттарда сервистік функцияларды қолдану үшін, соның ішінде
жиі  кезесетін  мәтіндерді  қою  үшін  сервистік  функциялардың  бірінің  арнайы
кодын көрсететін, қойылым алаңдарын қолдана отырып істеуге болады. Ондай
кодтарды  шақыру  үшін Ctrl+F9 басқыштарының  комбинациясы  қолданылады.
Функция  коды  экран  бетінен  шығатын  фигуралы  жақша  жұбына  жазылады.
Кодты  өңдеу  үшін  курсорды  фигуралы  жақшаның  ішіне  орналастырып F9
басқышын басу керек.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [4] – c, [5] – c, [6] – c.
Бақылау сұрақтары:
1. WORD редакторы қандай программалық пакет құрамына кіреді?
2. Қандай мәтіндік редакторларды білесіз?
3. Мәтіндік құжат дегеніміз не?
4. Айналдыру сызықтары және  жүгірту дегеніміз не?
5. Мәтінді форматтау дегеніміз не?
6. Форматтаудың қандай түрлері кездеседі?
7. Алмасу буфері дегеніміз не және оның қолданылуы?
 3.4 Компьютерлік  графика  негіздері. Графикалық  редакторлар.  Wіndows-
тағы бейнелермен жұмыс.  Paіnt графикалық редакторы.
Дәріс конспектілері:
Машиналық  графика  қәзіргі  кезде  толық  қалыптасқан  ғылым. Әртүрлі
бейнелерді  алу  үшін– жәй  сызбалардан  бастап  табиғи  реалистік  бейнелерге
дейін, аппараттық  және  программалық  қамтамалар  қолданылады. Ондаған
жылдар бұрын мұндай құралдар жүзеген доллар тұратын, ал қәзірге кезде оның
бағасын  он  есе  түсті  десек  болады.  Машиналық  графика  ғылыми  және
инженерлік пәндердің, ақпараттарды беру және оны тез түсіну кезіндегі барлық
жағдайында  қолданылады. Сондықтан  кез – келген  ғалым  немесе  инженер
оның  негізін  білуге  міндетті. Машиналық  графика  бизнеске,, медицинаға,
жарнамаға  және  барлық  көңіл  көтеру  индустриясында  пайдаланады. Барлық
іскерлік  жиналыстар  кезінде, машиналық  графика  және  басқа  да  кеңселік
жұмыстарды  жеңілдетуге  арналған  құралдар  мен  демонстрациялық  сайдтарды
көрсету  норма  болып  табылады. Медицинада  ішкі  органдарды  компьютер
томографиясымен  берілген  деректер  бойынша  үшөлшемді  бейнелеуді  алу
болып  табылады. Сондай - ақ  қәзіргі  кезде  телевидение  мен  жарнамалық
өнеркәсіпте машиналық графика мен компьютерлік мультипликацияға көшуде.
Көңіл  көтеру  индустриясы  да  машиналық  графиканы  қолдана  отырып  көркем
фильмдер мен видео ойындар шығаруда.

37
Қәзіргі  кездегі  машинналық  графика – бұл  толық  өңделген  пән. Жаңаруға
байланысты  жазықтар  мен  қисықтардың  геометриялық  түрлендірілу
элементтері зерттелген, сондай – ақ кесіп тастау, көрінбейтін сызықтарды және
жазықтарды, түсін, текстурасын  және  мөлдір  эффектілерді  жою, расторлық
сканерлеу әдістері дамытылуда.
Машиналық  графиканың  өнімі  бейнелеу  болғандығын  ескере  отырып  бұл
пәнді  оқу  үшін  оны  көзжетерлік  бөліктерге  бөлу  керек. Бұл  бейнелер  әртүрлі
мақсаттарда қолданылады. Мысалы, ол техникалық сызба, пайдалану бойынша
жетекшілікпен деталдар бейнелері және илюстрациясы, іскерлік диаграммалар,
жобаланатын  ғимараттар  немесе  берілген  конструкцияның  архитектуралық
түрі, мултьфильм  кадрлары  немесе  жарнамалық  иллюстрациялардың  әртүрлі
бейнелерінен  тұрады. Машинлық 
графикада 
фундаментальды
байланыстырушы  звено  болып  бейнелер  табылады, сәйкесінше,  біз  келесені
білуіміз керек:
-   машиналық графикада бейнелер көрсетіледі;
-   бейнелер визуализациялану үшін дайындалады;
-   алдын ала дайындалған бейнелер салынады;
-   бейнемен қарым қатынас іске асырылады.
Негізінен барлық бейнелердің ішінде мәтіндік ақпараттар болады. Литерлер
аппараттық  та, программалық  та  бейнелермен  генерацияланады  да, соңғы
кезекте оларға кез – келген бөліктен қатынас жасай беруге болады. Аппараттық
генерациялау  кезіндегі  бейнеленетін  литерлер  тікелей  шығару  кезеңіне  дейін
код  түрінде  сақталады. Ал  литерді  түрлендіру  үшін  тек  шектелген
мүмкіншіліктерді  ескеріп  отыру  керек, мысалы, масштабтау  коэфиценттері
және  бұрылу  бұрыштарының  жиынтығы. Ережеге  байланысты, аппаратты
генерацияланатын литерлерді кесіп тастау мүмкін емес: оларды толық бейнелеу
керек немесе бейнелеудің керегі жоқ.
Paіnt графикалық редакторы
Жәй және күрделі суреттер салу үшін Paіnt  сурет салу құралын қолдануға
болады. Бұл  суреттерді  қара – ала  немесе  түрлі – түсті  етіп  файл  түрінде
сақтауға  болады. Салынған  суреттерді  баспаға  шығаруға, басқа  құжаттарға
қоюға  немесе жұмыс столының фоны  ретінде қолдануға болады. Сондай – ақ
Paіnt арқылы  сканермен  түсірілген  фотосуреттерді  көруге, өзгертуге  болады.
Paіnt - ты  қолданған  кезде  негізгі  келесі  мәселелер  орындалады: түзу  сызық
салу, горизонтальды сызық салу, вертикальды немесе еңкейген сызықтар салу,
берілген аймақты белгілі бір түспен бояу т.с.с.
Суретерді  немесе  обьектілерді  айналдыру  және  көлеңкесін  салу  үшін
Рисунок
  менюіндегі
Отразить/повернуть
  командасын  және
Действие
тобындағы варианттардың бірін орындау керек.
PowerPoіnt  редакторы. Презентация құру.
Презентация  құру  үшін  бірінші  кезекте  оның  анығырақ  схемасын
(құрылымын) тапсырыс  берушімен  келісіп  алу  керек. Тізбектей  берілген
кадрлар түріндегі құрылым ең ыңғайлы болып табылады.
Бұл схема түріндегі құрылым негізгі үш блоктан тұрады.

38
1. Басы. Сауда  агентеріне  арналған  презентацияларды  товар  жайындағы
қысқаша ақпараттармен бастауға болады.
2. Негізгі  бөлім. Презентацияның  бұл  бөлімінде  товар  қасиеті,
тағайындалуы  және  оның  эксплуатациясы  жайындағы  сұрақтарға  жауап
беретін барлық ақпараттар болуы керек.
3. Қорытынды бөлім. Мұнда оның таратылуы мен сатып болғаннан кейінгі
көретін  пайда  жайындағы  сұрақтарға  тоқталуға  болады  да, содан  кейін
қорытынды ұйымдастырылатын сайттарға көшу керек.
Презентация құру  жұмысын  тездету үшін арнайы дизайн  шаблондары  мен
презентация  шаблондары  өңделген  профессиональды  түрде  жасалған
программа  пакеттері  бар, онда  презентацияны  безендіру  үшін  стандартты
тақырыптар және дайын стилдер орналасқан.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [4] – c, [5] – c, [6] – c.
Бақылау сұрақтары:
1. Бейнелерді компьютердің қай пакетінде сақтау ұсынылған?
2. Paіnt редакторында сурет салудың қандай инструменттері кездеседі?
3. Құю дегеніміз не және ол қалай орындалады?
4. Paіnt  редакторында  сурет  салу  кезінде  қандай  фигуралардың  жұмысы
автоматтандырылған?
5. Paіnt-та  иллюстрацияларды  қандай  файл  форматтарында  сақтауға
болады?
3.5 Сандық ақпаратты өңдеу. Кестелік процессорлар. EXCEL-де электронды
кесте құру. Электронды кестелерді редакторлау.
Дәріс конспектілері:
MS EXCEL программасы  электронды  кестелерді  өңдеуде  және  осы
аймақтың тенденциясын дамытуда нарық лидері болып  табылады.
MS EXCEL программасының  жаңа  версиясындағы  негізгі  жетістігіне 3
өлшемді құжаттардың пайда болуын жатқызуға болады. Файлдар мен  кестелер
арасындағы байланыстар жеңілдетілді, жанама меню пункттері кеңейтілген, ал
қосымша программалық құралдар күрделі есептерді шешуге мүмкіндік береді.
Әр  түрлі  көмекшілер  жұмыс  істеп  отырған  адамға  функциялар  мен
нұсқаулар беріп, шығарылып жатқан есептің жеңіл жолын ұсынады.
MS EXCEL программасында  кез  келген  уақытта  анықтама  беретін  ішкі
жүйе  ұйымдастырылған. Осындай  енгізілген  жаңалықтар  жұмыс  істеуде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет