Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата06.02.2017
өлшемі1,34 Mb.
#3496
1   2   3   4   5   6   7
жеңілдіктер береді және программаны игеруді  тезедетеді.
Ең  маңызды  программаның  кеңейтілулеріне  профессионалдарға  арналған
Visual Basic (VBA) программалау  ортасы  жатады. VBA толық  программалау
пакеттерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа EXCEL программасына енгізілген жаңалықтарға
- Файлдар –менеджері, файлдар туралы толық ақпарат береді;

39
- Сұхбаттық терезелер - регисторлар;
- Форматтауға арналған шарт белгілер;
- Диаграммаларға тез активтендіруге арналған Drag&Plotмеханизмі.
Жұмыс  құжаттарымен  жұмыс  істеуге  арналған  процедураларды
қарастырайық. Жұмыс парақтарын кестелер құру, статистикалық бағалауларды
есептеу, мәліметтер  қорын  басқару, диаграммаларды  дайындау  үшін
қолданады. Оладың  әрқайсысы үшін EXCEL программасы  жеке құжат құрып,
дискіде файл түрінде сақтайды.
Файл  өзара  байланысқан  жұмыс  парақтарынан  тұрады, олар 3 өлшемді
құжатты құрайды (блокнот, жұмыс папкасы) 3 өлшемді құжаттардың көмегімен
пайдаланушы  бірмезгілде  бірнеше  кестелермен, диаграммаларды  тікелей
пайдаланып, олармен жұмыс істеу тиімділігін арттырады.
Жаңа үшөлшемді құжат әзірлеу
.
Жаңа құжат құру үшін меню қатарынан File
–New директивасын шақырамыз. Экранға Book –2 құжаты шығады:
EXCEL пограммасы  жаңа  құжаттарға Book атын  және  ағымдағы  реттік
номерді 
береді. Жаңа 
құжатты 
Құрал-саймандар 
тақтасындағы
(Пиктографиялық тақта) 1-ші шарт белгісі арқылы құруға болады.
Жаңа жұмыс құжатын іске қосу
Дискіден жұмыс құжаты сақталған файлды іске қосу үшін меню қатарынан
File – Open директивасын  шақыру  керек. Сол  сияқты  Құрал-саймандар
тақтасындағы  шартбелгіні  пайдалануға  болады. Екі  жағдайда  да  файлды  іске
қосу  үшін  Сұхбаттық  терезе  ашылады. Бұл  терезеге  диск  және  файл
орналасқан  директория  көрсетіледі. Егер  таңдау  дұрыс  жүргізілсе, онда  сол
жақты  файлдар  тізімі  көрсетіледі, сол  жерден  керек  файл  атын  таңдайсыз.
Файл  атын  белгілегенде  ол File name – жолында  пайда  болады, бұдан  соң
сұхбаттық терезені ОК – батырмасы арқылы жабылады немесе ізделінген файл
атында екі рет тышқан батырмасын шерту керек.
Құжатты сақтау
Дайындалған құжатты алғашқы  сақтау кезінде меню қатарынан File –Save
as... командалар тізбегін орындайды. Бұдан кейін ашылған сұхбаттық терезеде
сақталатын  файлдың  атын, диск  және  орналасатын  директорияны  көрсету
керек.  Excel  программасы үнсіздікпен стандартты файл атын ұсынады-  Book[
рет номері], қолданушы бұл атты кез келген атпен ауыстыруына болады. Файл
атында  келесі  таңбаларды  қолдану  қолайсыз - #, $, %, ^,& . Excel
программасындағы файлдардың кеңейтілулері - . xls, бұны өзгертуге болмайды.
Барлық енгізулер аяқталғаннан кейін Ок-батырмасы баслады.
Резервтік көшірмелерді әзірлеу
Резервтік  көшірмені  дайындау  үшін, меню  қатарынан File –Save As
командалар тізбегін орындап, ашылған диалогтік терезеде Options командалық
батырмасын  басып, келесі  ашылған SaveOptions терезесінде Always Create
Backup опциалық  батырмасын  басамыз. Сонымен  енді  файлды  сақтау  кезінде
автоматты түрде резервтік көшірмелер жасалып отырады.
Құжатты автоматты түрде сақтау

40
Меню қатарынан Tools-Add-Ins командалар тізбегін орындап, Кеңейтілулер
менеджерін  шақырамыз. Ашылған  терезеде AutoSave- опциясын іске қосамыз,
содан Ок-батырмасы арқылы терезе жабылады.
Бұдан  кейін  меню  қатарынан  Tools командасын  орындағанда AutoSave
диалогтік терезесі ашылып, онда  құжатты сақтау интервалдарын көрсетеміз.
Мәліметтерді қорғау
Пароль  енгізу  үшін  меню  қатарынан  File –Save As командалар  тізбегін
орындаймыз. Ашылған сұхбаттық терезедегі  Options командалық батырмасын
пайдаланып,  SaveOptions терезесі  ашылады, бұл  жердегі Protection Password-
енгізу жолына жеке паролді көрсетуге болады, сонда файлды іске қосу кезінде
осы пароль сұралады.
SaveOptions терезесін  жапқаннан  кейін, Confirm Password терезесі
ашылады, бұл  жерде  енгізілген  пароль  рассталады. Егер  паролді Write
Reservation Password – енгізу жолына жазсақ, файлды ашу кезінде осы паролді
сұрайтын  сұхбаттық  терезе  ашылады, бұл  жерде  паролді  енгізіп  н/е ReadOnly
батырмасын шертеміз. Соғңы жағдайда файлды тек қана оқуға болады, дискіге
сол атпен көшіруге болмайды.
Кестелік есептеулер
Формулалар  мен  функцияларды  қолдану  мүмкіндігі  электрондық
кестелермен  жұмыс  істеудің  негізгі  қасиеттерінің  бірі. Бұл  кестедегі  сандық
мәндерге статистикалық талдаулар жасауға мүмкіндік береді.
Ұяшықтарға  енгізілетін  формула “=” белгісінен  басталып, ары  қарай
математикалық  теңдіктер  жазылады, олар  аргументтерден, арифметикалық
операциялардан  және  функциялардан  тұрады. Формулалардағы  аргументтер
ретінде  сандар  және  ұяшық  адрестері  пайдаланылады. Арифметикалық
операциялар үшін келесі белгілер пайдаланылады: +; - ; * ; / .
Формулада  сонымен  қатар  басқа  жұмыс  беттеріндегі  ұяшықтарға  немесе
басқа  файлдағы  кестелерге  сілтемелер   кездесуі  мүмкін. Орнатылған
формулалар  Менеджері  пайдаланушыға  үлкен  кестедегі  қатені, қате
сілтемелерді табуға көмектеседі. Формулаларды енгізуді жеңілдету үшін теңдік
белгісінен  кейін  пайдаланылатын  ұяшықтарды  тышқан  батырмасы  арқылы
нұсқауға болады.
Күрделі формулаларды пайдаланудың мысалы:
Жұмысты орындауға кеткен уақыт  С-бағанында көрсетілген, D бағанында
бір жұмыс сағатының бағасы көрсетілген, Е бағанында осы жұмысқа төленетін
ақы  аралық  соммасы  көрсетілген. Е16 ұяшығында  барлық  жұмыстарының
жалпы  қосындысын  көрсету  керек. Бұл  үшін  келесі  формуланы  жазамыз:
Е12+Е13+Е14. Шықан  сомманы 0.15 көбейтеміз, қосылған  бағаның  салығын
есептеу үшін Е17:=Е16*0.15 ұяшығында жазамыз.
Соңғы  төлеуге  арналған  сомманы  есптеу  үшін  аралық  сомманы  қосып
аламыз  сосын  нәтижені 0.15 көбейтеміз. Сандарды  қосау  үшін SUM()
фунцциясын  қолдануға  болады, онда  формула  мына  түрде  болады:
Sum(E12:E14)*0.15.
Ұяшықты редакциялау үшін алдымен оны белгілейміз. Келесі қатарында Ғ2
батырмасын  басып, редакциялау  режимін  қосу  керек. Excel программасында

41
ұяшыққа  сілтеме  жасау  оңай. Сілтеме  қойылғанан  кейін  ол  автоматты  түрде
жаңарады.
Сәйкес ұяшықтың адресін жаңа жұмыс бетінде орналастыру керек, мысалы
В3 ұяшығына қарау үшін Sheet2 жұмыс бетінде мына формуланы енгізу керек:
Sheet2 !В3.Егер  беттің  аталуы  арасында  пробел  болса, онда  ол  тырнақшаға
алынады. Ұяшық  адрестері  латын  әріптерімен  жазылады. Екі  ұяшықты
ақпаратттарды  байланыстыруды  оңайлату  үшін  нақты  ұяшықтары  белгіні
буферге  көшіреміз  және  нәтиже  шығатын  ұяшықты  белгілейміз. Paste Special
дерективасын Edit менюінан  диалогтар  терезесінің Paste Link батырмасын
басамыз.
Айталық, барлық ұяшықтар тобының соммасын есептеу керек болсын, бұл
үшін  барлық  ұяшықтарды  белгілеп  алып  әрқайсына  формулалар  жазу  керек.
Insert менюінда  белгіленген  ұяшықтар  тобының  аттарын Name ішкі  менюіна
немесе Define дерективасына шақыру керек. Define Name диалогтар терезесінде
осы  тооптың  атын  енгізіңіз. Топтың  аты  әріптен  басталу  қажет  және 255
символдан  аспау  қажет. Пробелдар  пайдаланбайды. Топтың  аты  ұяшықтар
адресімен  бірдей  болмау  керек. Осы  терезеде  блокнотқа  арналған  топ  аттары
тізімі көрсетілген.
Егер сіздің кестеңізде жолдар мен бағаналардың атары бар болса, онда бұл
аттарды  осы  аймақтардың  аты  ретінде  алуға  болады. Бұл  үшін  көрші
жолдармен  ұяшықтарды  және  жолдарды  белгілеп  алу  керек, Insert Name
менюіна Create дерективасын  таңдау  қажет. Ашылған  диалог  терезеден
аттардың орналасқан жері таңдап ОК кнопкасын басу керек.
Егер Define Name диалогтар  терезесін  шақырсақ, онда Excel программасы
белгіленген жолдармен бағаналарға осы аттарды бергенін көреміз.
Диаграммаларды құру және көркемдеу
Графикалық диаграммалар кестедегі сандардың бос бағаналарын
көркемдейді. Excel 5-ші версиясында жаңадан диаграммалар конструктары
шыққан, онда «көрсетілімдік сапа» диаграммаларын құруға болады.
Әдемі  үштік  диаграмма  тек  қана  көзге  көрнеклікке  ғана  емес  документ
сапасының  жақсаруына  мүмкіндік  жасайды. Диаграмманы  кестенің  жанына
орналастыруға болады немесе оны басқа жұмыс бетіне орналастыруға болады.
Диаграммалар  конструктары Excel программасында  өте  бір  күшті  құрылғы
болып табылады.
Диаграмманы  тұрғызу  көмегімен  бірнеше  қадамдар  жасауға  болады.
Конструкторға  кестенің  ортасы  диаграмманың  типі, жазбасы  және  түсі
көрсетіледі. Конструктор  диаграммасын  шақыру  үшін  негізгі  тақтада
пиктограмма берілген.
Конструктор  диаграммасы  диаграмманың  орналасқан  жері  туралы
ақпаратты  күтеді, сондықтан маус тышқан  көрсеткіші  пиктограмма  формасын
алады. Сіз  диаграмма  орналасатын  жұмыс  бетінің  бос  орында маус  тышқан
көрсеткішінің  көмегімен  төртбұрыш  қоюыңыз  қажет. Бұл  үшін тышқанның
маустың  сол  батырмасын  басып, жібермей, төртбұрыштың  аймақтарын
көрсетіп қоюмыз қажет. Егер диаграмманы бөлек бетте құру керек болса, онда

42
Insert менюінің Chart ішкі  менюін  таңдап  ондағы As New Sheet директивын
таңдаңыз.
Осыдан  кейін  крнструктор  диалогты  терезе  ашады, мұнда  бес  қадам
арқылы  диаграмма  құру  қажет. Бірақта  алдымен  диаграмма  ненің  негізінде
құрылатынын, қай  кестеден  деректер  алу  керек  екенін  және  позициясын
көрсету қажет. Бұл үшін бірінші қадамда тышқанның маус  көмегімен барлық
жолдар мен бағаналарды және кестені белгілеп алу қажет.
Келесі екі қадамды орындау үшін, Next батырмасын басып, берілген типтің
үлгілері  мен  диаграммалар  түрінен  керегін  таңдаңыз. Төртінші  қадамда
конструктор алдын ала диаграммаларды қарап шығу үшін мүмкіндік жасайды.
Соңғы  бесінші  қадамда  диаграмманың  атын  беру  керек. Қорыта  келе Finish
батырмасын  басыңыз, сонда  жұмыс  бетінің  көрсетілген  аймағында  диаграмма
пайда болады.
Тізімдерді өңдеу
Тізімдер  біртекті  деректер  жиынымен  тиімді  жұмыс  істеуге  мүмкіндік
жасайды. Тізім дегеніміз біртекті құрылғысы бар реттелген деректердің жиыны.
Мысалы, абоненттердің фамилиясы және телефон нөмірі жазылған телефондық
анықтама  тізім  болып  табылады. Тізімнің  әр  элементті  деректер  бірнеше
аландарға  бөлінген  бір  жолда  орналастырады. Excel программасында  тізімдер
кестенің  өңдеу  операциясының  арнайы  бір  түрі  болып  табылады; тізімдер –
дерекқордың  ішкі, жолдары  немесе  алаңдары (бағаналары) болып  табылады.
Автоматты  фильтрлар  анықталған  бір  тапсырма  орындалуы  кезінде  ғана
тізімнің бөліктерін шығарады.
Техникалық жағынан алғанда тізімдер қарапайым кесте сияқты, бұлар үшін
Excel программасы  толықтырылған  өңдеу  операциясын  жүргізеді. Мысалы,
тауарлар  тізімінің  алаңдарын: артикул  нөмері, тауар  аты, бағасы  және  оның
қоймада  бар  болуы  сияқты  деректер  жазуға  болады. Алаңдар  атын Excel
программадағы  тізімде, алаңды  іздеуге  және  өңдеу  үшін  алады. Бұл  атаулар
кесте бағаналары атауымен сәйкес болады.
Жұмыс  бетінің  бірінші  жолына  тізімнің  жеке  бөлек  алаңдарының  атын
енгізіңіз. Олардың арасында бос бағаналардың қалуын қадағалаңыз. Бұл жолды
Excel программасы тізім тақырыбы жолы ретінде қарастырады. Келесі жолдан
бастап өз деректеріңізді енгізіңіз.
Data менюінен Form директивасын  шақырған  соң  диалогтік  терезе
ашылады, мұнда  бірінші  жолдың  программа  тізім  тақырыбы  туралы  сұрайды.
“ОК” батырманы дұрыстығы үшін басу керек.
Бұдан кейін деректер енгізу үшін диалогтік терезе ашылады, мұнда тізімнің
әр  алаңына  енгізу  алаңы  сәйкес  болады. Барлық  алаңдар  деректермен
толтырылғаннан  кейін, енгізілген  элементті  тізімге  қосу  үшін NEW
батырмасын  басыңыз. Содан  кейін  келесі  деректер  элементін  енгізу  керек.
Қорытындыда Close батырмасын  терезені  жабу  үшін  қолданыңыз. Кез  келген
жаңа тізімді бөлек жұмыс бетіне құру керек.
Data менюінен Form директивасын  шақырғаннан  соң  диалог  терезесінде
тізімнің бірінші элементі шығады. Іздеу режиміне ену үшін Criteria батырмасын
басыңыз. Диалог  терезесінің  түрі  өзгереді, Criteria батырмасы Form

43
батырмасына  өзгереді. Енгізілген  белгі  іздеу  критериясының  белгісі  болады.
Енгізу барысында  алаңдар ретін өзгертпеңіз.
Енді Find Next командалық  батырмасын  басыңыз. Excel программасы
тізімнің  бірінші  элементінен  бастап, керек  элементі  іздеуді  бастайды. Егер
программа  қажет  элементті  тапса, ол  диалогты  терезеге  шығады. Егер  іздеу
шартын  қанағаттандыратын  тағы  бір  элементті  табу  керек  болса, Find Next
батырмасын басыңыз. Егер іздеуді кері бағытта жүргізу керек болса, Find Prev
командалық  батырмасына  басыңыз. Іздеуде  әртүрлі  критерияларды
араластыруға  болады. Мысалы, кейбір  алаңдар  белгісі  берілген  саннан  үлкен
болса  немесе  берілген  символдар  тізбегінен  сәйкес  болса, іздеу  элементтерін
енгізуге болады.
Егер  іздеу  критериясын  бірде-бір  элемент  қанағаттандырмаса, дауыс
сигналы  естіледі. Бірнеше  іздеу  критериялары  берілсе, программа  берілген
шартты қанағаттандыратын элементті ғана табады.
Деректерді талдау
Excel программа  үлкен  тізімдерді  талдау  үшін  арнайы  құралдар
қарастырылған.
Деректерді  талдау  деп – кесте  деректері  бағынатын, белгілі  бір
заңдылықтар  мен  тенденцияларды  түсінетін  әдістерді  айтамыз. Excel
программасының  версиясына  енген (Pivot Table) тірек  кестесі  тізім
деректерінің  өзара  қатынасын  талдауға  арналған. Тірек  кестесі, кесте
конструкторы көмегімен қадам арқылы жасалады. Тірек кестесінің құрылымын
интерактивті  режимде  алаңдар  атын  кестенің  бір  бөлігінен  екінші  бөлігіне
ауыстыру арқылы өзгертуге болады.
Тірек  кестелерінен  басқа Excel программасында  деректерді  жиын  арқылы
талдау  әдісі  бар. Теңдеуді  шешуді  іздеу  директивасы  өте  пайдалы, мұнда
анықталған қатынасты  қанағаттандыратын  берілген  алаң  белгісі арқылы басқа
белгілер табылады.
Data менюінен Pivot Table директивасының  диалог  терезесінен  тірек
кестелерінің  констуркторын  ашыңыз. Бұл  терезеде 4 қадам  арқылы  тірек
кестесін құруға болады.
Бірінші  қадамда  деректер  түсуінің  алыну  көзін  көрсету  керек. Егер
алынатын  деректер  тізімде  бар  болса, MS Excel List or Database селекторлық
батырмасын басып, келесі қадамға Next батырмасы арқылы көшіңіз.
Екінші  қадамда  тізім  орналасқан  жұмыс  бетінің  ортасын  көрсету  қажет.
Мұнда құрылатын тірек кестесіне тізімнің бір бөлігі ғана қажет болса, тізімнің
жарты бөлігін ғана беруге болады.
Үшінші қадамда (Layout) тірек кестесінің құрылымы беріледі. Алаңның оң
жағында  тізім  атаулары  орналасады, ал  ортада – тірек  кестесінің  құрылымы
ұсынылады. Бұл  алаңда, жол, бағана  дәне  деректер  алаңы  бар  болады. Кесте
құрылымын беру үшін жолдар мен алаңдар дерегін тышқанның маус көмегімен
енгіземіз. Тірек  кестесін  құрғанда  келесі  ережелерді  ұстаныңыз. Деректерге
талдау  жасалатын  алаңдар  аттарын Data деректер  алаңына  сүйретіп  әкеліңіз.
Жол  аттары  жазылады ROW-ға, және  бағана  аттары  жазылатын Column-ға
классификацияланатын алау аттарын беру қажет. Келесі қадамға өту үшін Next

44
батырмасын  басыңыз. Төртінші  қадамда  кесте  құруға  арналған  бірнеше
опцияларды  беруге  болады. Pivot Table енгізу  алаңына Starttng Cele адресі
көрсетіледі. Pivot Table Name енгізу  алаңында  кесте  аты  көрсетіледі.егер
бақылау  индикаторында Grand Totals for Columns және Grand Totals for Rows
енгізу  қажет, сонда  тірек  кестесінің  әрбір  жолы  мен  әр  бағанында  жалпы
соммалар  есептелетін  болады.  Тірек  кестесі  мен  алынатын  тізімнің  арасында
статистикалық байланыс бар, ол байланыс тек кесте құрғанда ғана бар болады.
Тізім деректерін өзгерткенде тірек кесті өзгермейді. Тізім мен кесте мазмұнын
шығару үшін Data менюінен Refresh Data шақыру қажет.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [8] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. Қолданбалы программалық қамтаманың құрамы.
2. Сериялы құжаттарды дайындау принциптары.
3. Презентация өңдеу этаптары.
4. Excel –де адресациялау түсінігі?
5. Адресация типтері.
6. Диаграмма түрлері.
3.6 Деректер  қорын  басқару  жүйесі. Деректер  қорының  құрылымдық
элементтерінің  негізгі  түсінігі. Деректер  моделдерінің  түрі. Инфологиялық
модель  құрудың  реляциялық  әдістемесі. ДҚБЖ  кестелерінің  функциональды
мүмкіндіктері. ДҚБЖ –мен жұмыс істеудің негізгі технологиялары.
Дәріс конспектілері:
Деректерді  интеграциялау  концепциясына  негізделген  қәзіргі  ақпараттық
жүйелер  сақталатын  үлкен  көлемді  деректер  бар, құрылымы  күрделі  болып
келеді  және олар көптеген  пайдаланушылардың  әртүрлі деңгейлеріндегі талап
тілектерін қанағаттандыруы керек.
Негізгі ұғымдар
Кез – келген  ақпараттық  жүйенің  нақты  дүниедегі  обьектілер  жайлы
деректерді  өңдеу. Кеңінен  түсіндірер  болсақ  деректер  қоры  дегеніміз – нақты
дүниедегі  белгілі  бір  сала  бойынша  бар  обьектілер  бойынша  мағұлыматтар
жиынтығы. Пәндік (салалық) аумақ  деп  нақты  дүниенің  бір  бөлігін  айтамыз.
Бұл  бөлік  басқарудағы  ұйымдастыру  мәселелерін  зерттеу  үшін  ең  соңында
оның жұмысын автоматтандыру үшін керек. Мысалы, кәсіпорын, жоғарғы оқу
орыны  т.б.с.с. Деректер  қорын  құрғанда  пайдаланушы  әртүрлі  белгілері
бойынша реттеп, одан көптеген басқа да белгілердің жинақталуы бойынша тез
таңдау жүргізе алады. Мұндай жұмысты, егер деректер құрылымы тәртіптелген
болса  ғана жүргізуге болады. Құрылымдық түр жасау – ол деректерді  көрсету
тәсілдері жөнінен  келісім жасау  деген  сөз. Құрылымдық түрі жоқ деректердің
мысалы ретінде мәтіндік файлды келтіруге болады.

45
Деректер  қорының  пайдаланушысы  ретінде  әртүрлі  қолданбалы
программалар, программалық кешендер жүре алады. Соңғы пайдаланушы деген
атқа  ие  ретінде  әр  сала  мамандары  болады. Қәзіргі  кездегі  деректер  қоры
технологияларында, ДҚ құру, оны жұмыс қалпында ұстау пайдаланушылардың
ДҚ-на  қатынап  отыруын  қамтамасыз  етіп  отыру  деген  сияқты  көптеген
қызметтерді  арнайы  программалық  құрал – деректер  қорын  басқару  жүйесі
басқарады.
Деректер қоры (ДҚ) – белгілі бір пәндік аумаққа жататын құрылымдық түрі
бар деректердің атауы бар жинағы.
Деректер қорын басқару жүйесі  - ДҚ  құруға, оны  актуалды  күйде  ұстауға
ондағы  керек  ақпаратты  іздеуді  ұйымдастыруға  қажет  программалық  және
тілдік құралдар кешені.
ДҚ – дағы  деректерді  басқарудың  орталықтандырылған  сипаты, қордағы
сақталатын  ақпаратқа  әкімшілік  қызметін  жүктейтін  адамның (не  адамдар
тобының) болуын қажет етеді.
 Деректер қорының жүйеленуі
Деректерді  өңдеу  технологиясы  бойынша  ДҚ  орталықтандырылған  және
үйлестірілген  деп  бөлінеді. Орталықтандырылған  ДҚ- да  бір  ғана  есептеу
жүйеісінің  жадында  сақталады. Егер  бұл  есептеу  жүйесі  ЭЕМ  желісінің
компонентасы  болса, онда  бұндай  қорғау  үйлестірілген  қатынау  болады. ДҚ
пайдаланудың  мұндай  тәсілі  әдетте  дербес  компьютерлердің (ДК) жергілікті
желілерінде  қолданылады. Үйлестірілген  ДҚ  есептеу  жүйесінің  әртүрлі  ЭЕМ
сақталатын, Өзара  қиылысатын  немесе  бірін  бірі  қайталайтын  бөліктерден
тұрады. Мұндай  қормен  жұмыс  істеу  үлестірілген  деректер  қорын  басқару
жүйесі  (ҮДҚБЖ) көмегімен іске асады. Деректерге қатынау тәсілдері бойынша
ДҚ  жергілікті  қатынау  ДҚ  және  қашықтағы  немесе  желілі  қатынау  ДҚ  деп
бөлінеді. Желілік  қатынау  тәсіліндегі  деректер қорының  орталықтандырылған
жүйелерінде әртүрлі архитектура болады:
∙ файл-сервер;
∙ клиент-сервер.
Файл-сервер
.
  Желілі  қатынау  ДҚ  жүйелерінің  архитектурасы  бойынша
желідегі  бір  машина  негізгі (орталық) болып  бөлінеді (файлдар  сервері). Бұл
машинада  басқалары  пайдаланатын  орталықтандырылған  ДҚ  сақталады.
Желідегі басқа машиналар, пайдланушы жүйелерінің орталықтандырылған ДҚ
қатынауын  қамтамасыз  ететін  жұмыс  станцияларының  қызметін  атқарады.
Пайдаланушы  сұратуларына  сәйкес  деректер  қоры  файлдары  жұмыс
станцияларына  жіберіп, сонда  өңделеді. Бір  түрлі  деректер  бірнеше
сұратулардың  жиі  түсуі  ақпараттық  жүйенің  жұмыс  жылдамдығын  азайтады.
Пайдаланушылар  жұмыс  станцияларында  жергілікті  ДҚ  құрып, оны  өздері
жеке пайдалана алады. Файл – сервер концепциясы шартты түрде 1.1 суретінде
бейнеленген.
Клиент-сервер. Бұл  концепция  бойынша  орталық  машина (ДҚ  сервері)
орталықтандырылған ДҚ сақтаумен бірге деректерді өңдеудің негізгі қызметін
өзі  қамтамасыз  етуі  керек. Клиент (жұмыс  станциясы) сұрату  жасаған
деректерді  серверден  іздеп  оны  табу  қажеттігі  болады. Табылған  деректер

46
(файлдар  емес) желі  бойынша  серверден  клиентке  қарай  жіберіледі. Клиент –
сервер  архитектурасының  ерекшелігі SQL – сұрату  тілін  пайдалану  болып
табылады. Клиент – сервер  концепциясы  шартты  түрде 1.2 суретте
бейнеленген.
Сурет 1.1 Файл – сервер  принципі  бойынша  ДҚ- дағы  ақпаратты  өңдеу
схемасы
Сурет 1.2 Клиент-сервер  принципі  бойынша  ДҚ-дағы  ақпаратты  өңдеу
схемасы
Деректер қорының  құрылымдық элементтері
Деректер қоры ұғымдары мынадай құрылымдық элементтер ұғымдарымен:
өріс, жазба, файл (кесте) тығыз байланысты. (сурет1.3)
Ө  р  і  с, - ақпараттың  бөлінбейтін  бірлігі – реквезитке  сәйкес  келетін
деректерді  логикалық  ұйымдастырудың  қарапайым  бірлігі. Өрісті  сипаттау
үшін мына көрсеткіштер қажет:
А т ы , мысалы, Фамилиясы , Аты, Әкесінің аты, Туған мерзімі;
т и п і, мысалы, символды, сандық, календарлық;
ұ з ы н д ы ғ ы, мысалы, 15 байт және де таңбалардың ең көп саны енеді;
д ә л д і г і, сандық деректтер үшін, мысалы, екі сандық бөлшек бөлігін беру
үшін екі ондық таңба.

47
Сурет 1.3 ДҚ-ның негізгі құрылымдық элементтері
Жазба – логикалық байланыстағы өрістер жиынтығы. Жазба данасы – оның
өрістерінің нақты мәні бар жазбаның жеке іске асқан түрі.
Файл (кесте) – бір құрылымның жазба даналарының жиынтығы.
Файл жазбаларының логикалық құрылым сипаты сурет 1.4 көрсетілгендей,
өрістер мен олардың жазбалар тізбегінен тұрады.
Файл аты
Өрісі
Өріс форматы
Аты
(белгіленуі)
Толық
атауы
Кілт белгісі
Типі Ұзынд
ығы
Дәлдігі
(сандар
үшін)
1 аты

N аты
Сурет1.4 Файл жазбаларының логикалық құрылымы
Файл жазбасының құрылымында мәндері кілт болатын өрістер көрсетіледі:
жазба  данасын  білдіретін  бірінші  кілт (БК) іздеу  және  топтау  белгілері
қызметін атқаратын  екінші  кілт (ЕК) (екінші  кілт  мәні бойнша  бірнеше  жазба
табуға болады).
Деректер үлгілерінің түрлері.
Кез – келген ДҚ ядросы ретінде деректер үлгісі бола алады. Деректер үлгісі
дегеніміз  деректердің  құрылымдарының  жиынтығының  деректер  бүтіндігін
шектеу және деректермен операциялар жасау.
Деректер  үлгісі – деректер  құрылымы  жиынтығы  мен  оларды  өңдеу
операциялары. ДҚБЖ  иерархиялық, желілік  немесе  реляциялық  үлгілеуге
немесе осы үлгілердің белгілі бір жиынындағы комбинациясына негізделген.
Деректер  үлгісінің  үш  негізгі  типін  қарастырайық: иерархиялық, желілік,
реляциялық.
Иерархиялық дерктерді үлгілеу.
Иерархиялық  құрылым  бір – бірімен  белгілі  бір  ережелер  бойынша
байланысқан  элементтер  жиынтығын  береді. Иерархиялық  байланыстағы

48
обьектілер  бағытталған  граф (төңкерілген  ағаш) құрады. Оның  түрі 2.1
суретінде бейнеленген.
Иерархиялық  құрылымның  негізгі  ұғымдарына  мыналар  жатады: деңгей,
элемент (түйін), байланыс. Түйін  дегеніміз  белгілі  бір  бьектіні  сипаттайтын
деректер атрибуттарының жиынтығы. Схемада иерархиялық ағаштың түйіндері
граф  төбелері  ретінде  бейнеленген. Төменгі  деңгейдегі  әр  түйін, жоғары
деңгейдегі  бір  түйінмен  ғана  байланысқан. Иерархиялық  ағаштың  ешқандай
төбеге  бағынбаған, ең  жоғарғы  деңгейде  орналасқан  бір  түйіні  бар (ағаш
түбірі). Тәуелді (бағыныңқы) түйіндер  екінші, үшінші  т.б. деңгейлерде
орналасады. ДҚ – дағы  ағаштар  саны  түбір  жазбалары  санымен  анықталады.
ДҚ әрбір жазбаға түбір жазбадан тек бір жол болады (иерархиялық). Мысалы:
2.1. суретінде  көрсетілгендей  С4 жазбасы  үшін  өтетін  жол  А  және  В3
жазбалары арқылы өтеді.
Сурет 2.1. Иерархиялық құрылымды ДҚ- графикалық бейнеленуі
Желілік деректерді үлгілеу
Желілік  құрылымда  алдыңғы  аталған  негізгі  ұғымдардағы (деңгей, түйін,
байланыс) әр элемент кез – келген басқа элементтен байланыста бола алады.
Реляциялық деректерді үлгілеу
Реляциялық
  деген  ұғым (ағыл.
relatіon -
қатынас) ДҚ  жүйелерінің  маманы
белгілі американдық  Е. Кодданың есімімен байланысты.
Бұл 
үлгілер 
деректер 
құрылымының 
қарапайымдылығымен,
пайдаланушыға  ыңғайлы  кесте  түрінде  сипаттайды  және  бұл  үлгіде
қатынастардың  және деректерді  өңдеуде  реляциялық есептеулердің  формалды
алгебралық аппаратын қолдану мүмкіндігі бар.
Реляциялық  деректерді  екі  өлшемді  кесте  түрінде  ұйымдастыруға
бағытталған. Әр реляциялық кесте екі өлшемді массив түрінде беріледі де, мына
қасиеттерге ие болады:
-    кестенің әр элементі – деректердің бір элементі;
-  кестедегі бағандардың  бәрі біркелкі, яғни  бағандағы барлық  элементтер
бір типте (сандық, таңбалық т.б.) және бәрінің  ұзындығы бірдей;
-   әр бағанның өзіне ғана тән (уникальный) аты бар;
-   кестеде бірдей жолдар жоқ;
-   кестеде жолдар мен бағандардың орналасу тәртібі әркелкі;
Қатынастар кесте түрінде  беріледі. Кестедегі  жолдар  кортеж немесе  жазба
деп, ал  бағандар  қатынастар  атрибуты  немесе  домен, өрістер  деп  аталады. Бір

49
мәнді  жазбаны  анықтайтын  өрісті – қарапайым  кілт  деп (кілтік  өріс) атайды.
Егер  жазбалар  бірнеше  өрістермен  анықталса, онда  мұндай  кестенің құрамды
кілті бар  деп  есептеледі. Екі  реляциялық  кестені  байланыстыру  үшін  бірінші
кетенің  кілтін  екінші  кестенің  кілтінің  құрамына  енгізу  керек (кілттер  бір –
бірін қайталауы мүмкін).Басқа жағдайда бірінші кестенің құрылымына сыртқы
кілтті енгізу қажет. Сыртқы кілт екінші кестенің кілті болады.
Инфологиялық үлгі құрудағы реляциялық жол
Ақпараттық обьект
 –
бұл дүниенің, заттың (нақты обьект, іс, процесс, оқиға)
логикалық  байланыстағы  реквизиттер  түріндегі (ақпараттық  элементтер)
жиынтығының сипаты. Ақпараттық обьектілердің дүниелік сипатының мысалы
ретінде: цех, қойма, материал, жоғарғы  оқу  орны, студент, емтихан  тапсыру
т.б.с.с. қарастыруға  болады. Белгілі  бір  реквизиттік  құрамдағы  және
құрылымдағы  ақпараттық  обьект  класс (тип) құрайды. Оған  өзіне  ғана  тән  ат
беріледі (таңбалық белгімен), мысалы: студент, сессия, стипендия. Ақпараттық
обьектінің  іске  асыру – даналар  жиынтығы  көп. Олардың  әрбіреуі
реквизиттердің нақты мәндері мен кілт мәндерімен анықталады (қарапайым бір
реквизит  немесе  құрамды  бірнеше  реквизит)Ақпараттық  обьектінің  басқа
реквизиттер  тек  сипатталады. Сонымен  бірге  бір  реквизиттер  бір  ақпараттық
обьектілер үшін кілттік болса, басқа ақпараттық обьектілер үшін сипатталатын
болуы мүмкін.
Деректер  кестелерге  әртүрлі  тәсілдермен  топталуы  мүмкін, яғни  бір –
бірімен  байланысқан  ақпаратық  обьектілердің  ұйымдасқан  әр  түрлі
жиынтықтары  болуы  мүмкін. Бұл  қатынастардағы  атрибуттар  топталуы
рационалды  болуы  керек, Яғни  бір – бірін  қайталайтын  деректерді  азайтуға,
және  оларды  өңдеп, жаңалап  тұратын  процедураларды  оңайлатуға  мүмкіндік
болуы керек.
Деректерді  енгізгенде, өзгерткенде, жойғанда  белгілі  бір  қатынастар
жиынтығы  қатынастар  қалыптылығы  деп  аталатын  талапты  қанағаттандырса
онда  оның  басқаларға  қарағанда  жақсы  қасиеттерге  ие  болуға  мүмкіндігі  бар.
Қатынастар  қалыптылығы – деректер  қорындағы  қайталауды  болдырмайтын,
онда  сақталатын  деректердің  өзара  қарама  қайшылығын  болдырмайтын, ДҚ
жүргізуге кететін еңбекті азайтатын (енгізу, жөндеу) қатынастарды (кестелерді)
қалыптастыруға  керек  шектеулердің  формальды  аппараты. В.Коддол
қатынастардың  үш  түрлі  қалыпты  формасын  анықтады  және  ол  кез – келген
қатынасты үшінші  (ең жетістікті) қалыпты формаға түрлендіретін механизмді
ойлап тапты.
Бірінші қалыпты форма
Егер  қатынастар  атрибуттары  қарапайым  болса (бөлінбейтін) , онда
қатынас, қалыпты  немесе  бірінші  қалыпты  түрге  келтірілген  деп  аталады.
Қатынастарды  бірінші  қалыпты  формаға  түрлендіру  реквизиттер (өрістер)
санының өсуіне және кілттің өзгеруіне әкеліп соғады.
Мысалы, мына қатынас  Студент =
(Номері,
 Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты,
Күні, Группасы) бірінші қалыпты формада.

50
Екінші қалыпты форма
Қатынастарды  екінші  қалыпты  формаға  келтіру  үшін  ең  алдымен
функциональдық  тәуелділік  және  толық  ұғымдарын  түсіндіре  кетейік.
Ақпараттар  обьектісінің  сипатталған  реквизиттері  олардың  барлығына  ортақ
кілтпен  логикалық байланыста. Бұл  байланыс реквизиттердің функциональдық
тәуелділігі деп аталады.
Реквизиттердің функциональды тәуелділіктері – ол ақпараттар обьектісінің
бір  данасындағы  кілттік  реквизиттің  бір  мәніне  сипатталатын  реквизиттің  тек
бір  мәні  сәйекес  келетін  тәуелділік. Функциональдық  тәуелділіктің  мұндай
анықтамасы  пәндік  аумақтың  реквизиттерінің  барлық  байланыстарын
талдағанда өзіндік ақпараттық обьектіге бөліп қарауға мүмкіндік береді.
Толық  функциональды  тәуелділік – ол кілттік  емес  атрибуттар  тәуелділігі.
Бұл  жағдайда  әр  кілттік  емес  атрибут  кілттен  функциональды  түрде  тәуелді
болады, бірақ  құрамды  кілттің  ешқандай  бөлігінен  функциональды  түрде
тәуелді емес. Қатынас екінші қалыпты формада мына жағдайда болады: егер ол
бірінші  қалыпты  формада  болса  және  әрбір  кілттік  емес  атрибут  құрамы
кілттен функциональды тәуелді түрде болса.
Үшінші қалыпты форма
Үшінші  қалыпты  форма  ұғымы  транзитивті  емес  тәуелділік  ұғымына
негізделеді. Транзитивті  тәуелділік  мына  жағдайларда  байқалады: егер
сипатталатын  реквизиттің  екеуінің  бірі  кілттен  тәуелді  болса, ал  екіншісі
бірінші  сипатталған  реквизиттен  тәуелді  болса.Егер  қатынас  екінші  қалыпты
формада  болса  және  әр  кілттік  емес  атрибут  бірінші  кілттен  транзитивті  емес
тәуелділікте болса. Сипатталатын реквизиттердің транзитивті тәуелділігін алып
тастау  үшін  бастапқа  ақпараттық  обьектілердің “бөлу”-ін  орындау  қажет.
Соның  нәтижесінде  реквизиттердің  бір  бөлігі  бастапқы  ақпараттық
обьектілерге бөлінеді және басқа ақпараттық обьектілердің құрамына  (мүмкін
жаңадан құрылған) енеді.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [9] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. Деректер  қорының  анықтамасын  беріңіз  және  оның  мақсатын
сипаттаңыз
2. ДҚБЖ анықтамасын беріңіз және оның мақсатын сипаттаңыз.
3. Деректер үлгісінің қандай түрлерін білесіз?
4. Обьектілер арсындағы байланыстардың қандай түрлерін білесіз?
5. Қатынастарды қалыптастыру принципі дегеніміз не?
6. ДҚБЖ негізгі функциональдық мүмкіндіктері қандай?
7. ДҚБЖ  пайдаланып ақпаратты өңдеудің технологиялық процестерінің
негізгі кезеңдерін атаңыз және сипаттаңыз?

51
4 – Дәріс.  Дәріс тақырыбы:
МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.
4.1  Мультимедиялық  технологияның  негізгі  ұғымдары. Мультимедиа
аппараттық  құралдары. Мультимедиапрограммалық  құралдары. Мультимедиа
технологиясы.
Дәріс конспектілері:
“Мультимедиа” термині  “мульти” — көп, и “медиа” — орта, тасушы, хабар
құрамы  деген  сөздерден  құралған, және  оны  жобалап “көпқұралды” деп  те
аударуға болады.
Мультимедиа — әр  түлрі  компьютерлік  технологияларға  арналған
жинақталған  ұғым. Бұл  технологияларда  бірнеше  ақпараттық  орталар
қолданылуы  мүмкін. Мысалы  графика, мәтін, бейне, фотосурет, жылжымалы
бейнелер (анимация) дыбыстық эффектер, жоғарға сапалы дыбыстық қоршама.
Мультимедиа-компьютері — бұл  мульти  медиа  технологияларын  іске
асыратын, аппараттық  және  программалық  құралдармен  жабдықталған
компьютерлер.
Мультимедиа  ұғымы  мынаны  білдіреді: ақпаратты  компьютерде
бейнелеудің  әртүрлі  тәсілдерін: мәтін, графика, дыбыс, бейнелер  біріктіру.
Мультимедианы  көптеген 
программалар 
өздерінің 
жұмыстарында
пайдаланады. Бұл компьютерлік ойындар, презентациялық программалар және
аудиомен, видеомен жұмыс істейтін программалар.
Мультимедиа қолдану аймағы
·
Компьютерлік  технологияларды  пайдаланып  оқыту  арнайы  жүргізілген
зерттеулер мыналарды көрсетеді: адамның миында естіген ақпараттың төрттен
бірі, көргеннен  үштен  бірі, көру  және  есту  әсерлері  бірге  болғанда - 50%, ал
егер оқу процесінде оқушыға мультимедиа қолданбалары көмегімен белсенді іс
- әрекетті орындаса — 75% ақпарат қабылданады екен.
·
Ақпараттық және жарнамалық қызмет.
Сауықтар, ойындар, виртуальды 
дүние 
жүйелері 
мультимедиа
технологиясын екі компонента құрады: - аппараттық және программалық.
Мультимедиа  аппараттық  құралдары Негізгілері - тактілік  жиілігі 100-200
МГЦ, өнімділігі  жоғарғы  компьютер, желел  жадысы 8-64 МБайт, винчестер
жинақтауыш сыйымдылығы  1-2 ГБайт  және одан  да жоғары, иілгіш магнитті
дискілік жинақтауышы бар, манипуляторлары бар, стереодинамигі мен мульти
медиа  маниторы  бар  және SVGA бейне  адаптері  бар  компьютерлер. Арнайы
қосқышы  бар CD-ROM, TV- тюнерлері, фрейм-грабберлері, графикалық
акселераторлары, оның  ішінде  үш  өлшемді  графиканы  көрсету  мүмкіндігі  бар
бейнені  қайталау  платасы, бейне  тізбектерін  енгізу  құрылғылары, орнатылған
микшерлері  бар  дыбыстық  платалар, нақты  музыкалық  аспаптардың  үнін
қайталай алатын, музыкалық синтезаторлар, құлақ құралдары бар акустикалық
жүйелер және т.б.
Мультимедиа  программалық  құралдары
Мультимедия  қолданбалары –
энциклопедиялар, көптеген  пәндерді  оқып  үйренуге  арналған  интерактивті
курстар, ойындар, сауықтар. Интернетпен  жұмыс, тренажерлер, сауда

52
жарнамасының  құралдары, электрондық  презентациялар, қоғамдық орындарда
орнатылып әртүрлі ақпаратты беретін ақпараттық киоскілер және т.б.с.с.
Мультимедиа  қолданбаларын  құру  құралдары – көру – бейнелеу
редакторлары, мамандандырылған  графикалық  редакторлар, дыбыстық
ақпаратты  жазуға , құруға, жөндеуге  арналған  құралдар. Бұлар  дыбыстық
файлдарды  программаға  енгізу  мүмкіндігін  береді. Сигналдың  амплитудасын
өзгертеді,фонды  алып  тастайды  не  бір-біріне  қосады, белгілі  бір  уақыттық
бөлікте  деректер  блогын  кесіп  алып  тастайды, не  енгізеді, сонымен  бірге
бейнелер сегменттерімен жұмыс істейтін программалар, яғни түсті, политраны
өзгертеді, гипермәтіндерді іске асыратын программалар т.б.с.с.
Мультимедия  технологиялары – басқа  программалар  жұмыс  істеп
тұрғандағы  компьютер  маниторына  теледидар  сигналдарын  қабылдап
шығарады. Кейбір бейнекадрларды цифрлық түрде бейнені басып алу, - «басып
алу» немесе «құрсап қою».
Анимация – суреттің  қимылдап  тұруын  бейнелейтін  суреттер  тізбегін
қайталау.
Дыбыстық  эффектер – музыкалық  аспаптардың  үнін, табиғат  үндерін
немесе 
компьютерде 
жазылған, цифрланған, құрылған 
музыкалық
фрагменттерді цифрлық түрде сақтау.
Үшөлшемді (3D) графика – ұзындығы,ені, тереңдігі бар бейнелер көмегімен
құрылған графика.
MІDІ (Musіcal Іnstrument Dіgіtal Іnterface- музыкалық  саймандардың
цифрлық  интерфейсі) музыкасы  - музыканы  шығарғанда  және  жазғанда
цифрлық  музыкалық  аспаптарды  компьютерге  қосуға  мүмкіндік  беретін
стандарт. Виртуальды  дүние (Vіrtual Realіty, VR). «Виртуалды»  деген  сөз
мынаны  білдіреді: «өзін  шын  сияқты  іске  асыратын  және  көрсететін».
Виртуалды  дүние  бұл  пайдаланушыға  үлгілеу  әлеміне  кіріп  онда  іс-әрекет
жасауға мүмкіндік беретін компьютерлік үлгілеудің жоғарғы даму формасы. Ол
кезде  пайдаланушының  көру, есту, ұстау  және  лютерлі  сезінулері  компьютер
генерациялаған имитациямен ауыстырылады.
Виртуалды  дүние  құрылғыларының  белгілері: нақты  уақыттық  масштабта
үлгілеу, қоршаған жағдайды нақты деңгейде имитациялау; қоршаған төңірекке
әсер ету мүмкіндігінің болуы және бұл жағдайда кері байланыстың да болуы.
Виртуалды дүниені қолдану мысалы: архитектуралық құрылыс компаниясы
тапсырыс берушіге  құрылыс  басталмай тұрып болашақ  салынатын құрылысқа
«еніп», соның  үлгілеу  әлемінде  болуын  қамтамасыз  ететін  программалық
қамтама. Ол кезде пайдаланушының көру, есту, ұстау және лютерлі сезінулері
компьютер генерациялаған имитациямен ауыстырылады.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [9] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. Мультимедиалық программалық қамтама дегеніміз не?
2. Мультимедиалық аппараттық қамтама дегеніміз не?

53
3. Теледидар сигналдарын өңдейтін құрылғылар қалай аталады?
4. Қысылған бейне ақпаратты өңдеуге арналған аппараттық құралдар қалай
аталады?
5. Мультимедиалық құжаттардың басқалардан ерекшелігі?
4.2  Мультимедиа  стандарттық  құралдары. Дыбыс  реттеуіші. Лазерлік
ойнағыш. Әмбебаб ойнағыш. Дыбыс жазғыш программасы.
Дәріс конспектілері:
Мультимедиа - комплексті ұғым. Бір жағынан ол құжаттардың ерекше типін
көрсетеді, басқа  жағынан  программалық  және  аппараттық  қамтаманың
айрықша 
класын 
білдіреді. Мультимедиа 
құжаттардың 
әдеттегіден
ерекшеліктері  мынада: оларда  дәстүрлі  мәтіндік, графикалық  деректерден
басқа  дыбыстық  және  музыкалық  обьектілер, анимацияланған  графика
(мультипликация), бейне  фрагменттер  болады.
Мультимедиа  программалық
қамтамасы
 – мультимедиа құжаттары мен обьектілерін құруға / немесе қалпына
келтіруге  арналған  программалық  құралдар.
Мультимедиа  аппараттық
қамтамасы
– Мультимедиа  программалық  қамтасы  құруға, сақтауға  және
қайталауға  арналған  жабдықтар. Бұларға  дыбыстық  карта  СD ROM - диск
жетегі және  дыбыстық колонкалар жатады. Жабдықтардың бұл тобын базалық
мультимедиалық  комплект  деп атайды.
Соңғы жылдары мультимедиа аппараттық құралдар класы тез дамуда. Оған
қәзір теледидар сигналдарын өңдеуге және телеграммаларды қалпына келтіруге
(ТВ - тюнерлер) арналған  құрылғылар  енеді. Сонымен  бірге  қысылған  бейне
аппаратты  өңдеуге  арналған  аппараттық  құралдар.(МРЕС) декодерлер ,
цифрлық бейне дискілерді қайталауға арналған диск жетектер (DVD),  компакт
–дискілерді  жазатын  жабдықтар (СD ROM және CD-RW) және  басқа  да
көптеген құралдар.
Мультимедиа  аппараттық  қамтамасы  болған  жағдайда (тым  болмаса
мультимедиа  комплексінің  базалық  көлемінде) – WINDOWS ОЖ-ны
мультимедиалық  обьектілер  мен  құжаттарды  құруға, сақтауға  және
пайдалануға  мүмкіндік  береді. Осы  мақсатқа  лайықталған  программалық
құралдар – программалар- стандарттар – сауықтар, категориясына кіреді.
Мультимедианың негізгі стандартты құралдарына мыналар жатады: дыбыс
реттеуші, лазерлік ойнағыш, әмбебаб ойнағыш және дыбыс жазғыш.
Дыбыс реттеуші.
Дыбыс  реттеуші  программасы  барлық  компьютерлік  жүйенің  дыбысын
реттейтін  базалық  реттеуішке  жатады. Яғни  ол  дыбыс  қаттылығының  барлық
түрін  реттейді. Программалық  және  аппараттық  құралдар  дыбыстары  осы
дыбыс  ретеуіш  қойылған  шек  көлемінде  жұмыс  істейді, дыбыс  реттеуіштерді
индекация  тақтасында  орнатып  болған  соң  оған  таңбаша  құрылады.
Тышқанның  сол  жақ  басқышын  осы  таңбашада  шерту  арқылыреттеуіш –
мастер ашылады.

54
Ол  компьютерде  орнатылған  барлық  дыбыс  құрылғыларына  әсер  етеді.
Тышқанның  осы  таңбашада  оң  жақ  басқышын  шерту  кеңейтілген  терезені
ашады  да, дыбысты  анықтауға  болады: стерео  баланс  және  әр  құрылғыға  өз
дауыс тембірін беруге болады.
Лазерлік ойнағыш.
Лазерлік  ойнағыш  программасы  СD ROM диск  жетегі  көмегімен
музыкалық аудио дискіні іске қосуға арналған. Программа дыбыс жолдарының,
экран  элементтерін  басқара  алатын  СD ойнағыштарын  басқара  алады  да
көшірме  алу  тізімдерін  құра  және  редакторлай  алатын, қайта  көшірмесін  алу
режимінің  жұмыс  жасауын  басқарады (үздіксіз  көшірмесін  алу, кездейсоқ
көшірмесін алу, таныса отырып көшірмесін алу).
Әмбебап ойнағыш.
Әмбебаб  ойнағыш  бағдарламасын  аудиодиск  ретінде  қолдануға  болады,
бірақ  ол  лазерлік  ойнағыш  сияқты  сондай  кең  көлемді  қызметтер  атқара
алмайды (оның  дыбыс  тізімімен  жұмыс  жасайтын  құралдары  жоқ). Ал  басқа
жағынан  алып  қарағанда  ол  жоғары  жан – жақтылығымен  өзгешеленеді  және
дыбыс  жазып  қана  қоймай, сонымен  қатар  әр  түрлі  форматтағы
бейнекөріністерді  де  суреттеп  береді. Электронды  мәтінді  құжаттарда
мультимедиалық  оюбектілер  кездескен  кезде  дәл  осы  стандартты  құрал
Wіndows бейнеленеді.
Ән/ дыбыс жазу программасы.
Ән  жазу  программасы  музыка  жазу  файлдарын  өз  бетінше  даярлауға
арналған. Дыбыс  көзі  ретінде  микрофон,
CD-ROM
диск  қондырғысы  немесе
сыртқы  қондырғылар  қолданылуы  мүмкін. Программаның  күнделікті  өмірде
қолданып  жүрген  магнитофонның  басқару  құралдарына  ұқсас  графикалық
басқару элементтері бар. Жасалған дыбыстық файлдар кейбір әсерлер (ән жазу
жылдамдығының  өзгеруі, дыбыс  қаттылығы, 4 эхо  әсері, ойнағышты
айналдыру) салдарынан  шектеулі  түзетулерден  өтуі  мүмкін. Программа
кішігірім  өлшемдегі  аудиоклиптар жасауға мүмкіндік береді. Оларды  жүйелі
шаралардағы  дыбыстық  схемеларды  безендіруге  пайдалануға  болады. Оны
OLE-
сервері ретіндеде қолдануға болады, ал қажет болған жағдайда дыбыстық
обьектіні мәтіндік құжатқа енгізуге болады.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [10] – с,  [11] –  с, [12] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. Мультимедиа дегеніміз не?
2. Дыбысты қатйту реттеуіші қандай қызмет атқарады?
3. Әмбебаб  ойнатқыш қандай функция атқарады?
4. Дыбыс жазу программасы қандай қызмет атқарады?
5. Лазерлік ойнатқыш міндеті қандай?
6. Компак – дискілердегі дыбыс қандай параметрмен жазылған?

55
5 – Дәріс.  Дәріс тақырыбы: КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ  ЖӘНЕ  ИНТЕРНЕТ
ТЕХНЛОГИЯЛАР.
 5.1 Жүйелер  туралы  жалпы  мәліметтер, компьютерлердің  өзара  жүйелі
жұмыс істеу алғы шарттары мен қажеттілігі. Глобальді  және локальді жүйелер.
Локальді  жүйелердің  негізгі  технологиялары, протокол  және  стандарттары.
Байланыс  жүйесінің  аппаратуралары  және  сипаттамалары. Мәлімметтерді  беру
тәсілдері (асинхронды, синхронды, симплексті, дуплексті).
         Дәріс конспектілері:
Компьютерлік желі – бұл араларында ақпарат тасушысы жоқ, өзара ақпарат
алмаса алатын компьютерлік жиынтығы. Жүйе құрамына кіретін компьютерлер
өзара ақпараттар алмаса алатын, байланыс каналдары арқылы жалғасуы керек,
ал 
компьютерлерде 
жүйелер 
жұмысын 
байланыстыратын, басқару
бағдарламасын  ұйымдастыратын  арнайы  бағдарламаны  қамтамасыз  ететін
қондырғы орнатылуы қажет. Компьютерлік жүйе тораптардың (компьютерлер,
жұмыс  станциялардың  және  т.б) жиынтығынан  және  оларды  жалғастырып
тұрған тармақтардан тұрады.
Жүйе тармағы — бұл бір-бірімен байланысты тораптарды жаалғайтын жол.
Жүйе тораптары үш типті болады:
·
Шеткі торап — тек бір тармақтың соңында орналасқан;
·
Аралық торап — бірден көп тармақтардың соңында орналасқан;
·
Бір-бірімен  байланысты  торап — бұндай  тораптар  негізінен  бір-ақ
жолмен байланысқан.
Компьютерлердің  жүйеге  әртүрлі  қосылуын  оның  топологиясы  деп
аталады.
Жүйе топологиясының ең көп тараған түрлері:
 Сызықтық  жүйе.  Тек  екі  соңғы  және  кез-келген  аралық  тораптан  тұрады,
сонымен қатар кез-келген екі тораптың арасында тек қана бір-ақ жол болады.
Шығыршық  тәрізді  жүйе. Бұл  жүйе  бойынша  әрбір  торапқа  екі  тармақтан
қосылады.
Ағаш тәрізді жүйе. Екіден  көп соңғы  тораптардан  және  қалай  болғанда  да
екі аралық тораптан тұрады және екі тораптың арасында тек бір жол.
Жұлдыз тәрізді жүйе. Тек бір ғана аралық тораптан тұратын жүйе.
Ұя сияқты (тәрізді) жүйе. Кем дегенде екі тораптан тұратын және олардың
арасында екі немесе одан да көп жол бар.
Толық  байланысқан  жүйе. Кез-келген  екі  тораптың  арасында  тармағы
(бұтақы) бар. Компьютерлік  жүйенің  ең  басты  сипаттамасы-оның
архитектурасы.
Жүйе  архитектурасы - ол  мәліметтер  жіберу  жүйесінің  тарату  құрылымы,
оның  топологиясы,, құрылғысы (керек-жарағы) және  олардың  жүйедегі  өзара
әрекетінің ережесі. Жүйе архитектурасы көлемінде ақпаратты кодпен хабарлау
мәселелері, оның  адресіне  жіберу, үздіксіз  келіп  түсетін  хабарларды  басқару
жүйесінің  жағдайындағы  және  сипаттаудың  нашарлауы  кезіндегі  қателіктерді
бақылау мен талдау мәселелері қаралады.
Өте кең тараған  архитектуралар:

56
·
Ethernet (англ. ether — эфир) — кең тарататын жүйе. Бұл жүйенің барлық
станциялары алады деген сөз. Топологиясы-сызықтық, жіберу жылдамдығы 10
немесе 100 Мбит/сек.
·
Arcnet (Attached Resource Computer Network –ресурстары  біріктірілген
компьютерлік  жүйе-кең  тарататын  жүйе. Физикалық  топологиясы –ағаш
тәрізді. Мәліметтер жөнелту жылдамдығы 2,5 Мбит/сек.
·
Token Rіng (эстафеталық шығыршық жүйе, маркер жіберу (беру) жүйесі)
– шығыршық жүйедегі мәліметтер жіберу принципі – бір-бірімен байланысқан
тораптардан әрбір тораптың қысқа қайталанбайтын ерекше беттері –маркердің
жүйелігін  тосады. Маркердің  келуі  хабарды  сол  тораптан  келесі  торапқа
жіберуді көрсетеді. Мәліметтерді жіберу жылдамдығы 4 немесе 16  Мбит/сек.
·
FDDІ (Fіber Dіstrіbuted Data Іnterface) — мәліметтерді  көп  талшықты
байланыс 
жүйелеріне 
жоғары 
жылдамдықпен 
жіберудің 
жүйелік
архитектурасы. Жіберу  жылдамдығы - 100 Мбит/сек. Топологиясы — қос
шынжыр  немесе  аралас  (жұлдыз  тәрізді  немесе  ағаш  тәрізді  жүйелерді  қосу
арқылы). Жүйедегі  станциялардың  ең  көп  мөлшері – 1000. Құрал-жабдықтың
құны өте жоғары.
·
АТМ (Asynchronous Transfer Mode) — болашағы  мол, әзірге  ең  қымбат
архитектура, бір  жүйемен  сандық, бейне  көріністік  және  дыбыстық
мәліметтерді  қамтамасыз  етеді. Жіберу  жылдамдығы 2,5 Гбит/сек-қа  дейін.
Байланыс жолы оптикалық.
Қарапайым  компьютерлік  жүйе  бір-бірімен  онша  алыс  тұрмаған  екі
компьютерді жалғастыру арқылы пайда болады. Олар нуль модем деп аталатын
(10-20 м. мөлшердегі) арнайы  кабель  арқылы  келесі  немесе  параллель  тұрған
компьютерлерге  қосылады. Осындай  уақытша  қосу  туралы  компьютерлік
байланыс  деп  аталады. Ол  осылай  қосылып, содан  соң  оны  кез-келген  соңғы
компьютер  пайдаланушысының  алып  тастауына  болады. Қазіргі  кезде
жоғарыда  көрсетілген  қосу  түрін, кабелсіз  бірден  байланыстыруды  жүзеге
асыратын  инфрақызыл  порттар  жетілдірілуде. ТКБ (ПКС-орысша) тура
компьютерлік байланыс негізінен портативті және станционарлық жеке жұмыс
компьютерлері  арасындағы  мәліметтер  мен  алмасу  үшін  пайдаланылады,
мысалы, офистік  компьютерлер, әйтсе  де  мұндай  мәлімет  алмасу  екі
стационарлық және компьютерлік арасында да болуы мүмкін.
Локальді есептеу жүйесі. Бір-бірімен соншалықты қашық орналаспаған, (50-
100 м алшақ) бір арасында әрдайым ақпараттық алмасу ұйымдастыруды қажет
ететін  компьютерлер  осы  мақсатқа  арналған  арнайы  кабельдермен
станционарды  түрде  жалғастырылады. Көрсетілген  жүйенің  түрі  локальді
есептеу жүйесі деп аталады. (ЛЕЖ) немесе (ЛВС) LAN- Local Area Net.
Құқықты  белгіленген  каналдар  телефон  немесе  оптикалық  кабельдер,
сонымен  қоса  спутниктік  немесе  радиканалдар  көмегімен  жүзеге  асырылады.
Әдетте  белгіленген  каналдар  арқылы  бір  мекеменің  жүйеге  қосылмаған
компьютерлері  біріктіріледі (қосылады). Жүйеден  алынып  тасталған
компьютерлердің  көпшілігін  байланыстыратын  жүйені  бөлінген  жүйе  деп
атайды. Мекемелердің  мұндай  бөлінген  жүйлеріне, кіру  тек  қызметтері
міндеттерін орындауларына байланысты тұлғаларға ғана рұқсат етілген. Бұндай

57
түрдегі  жүйелер  өз  функциялары  бойынша  локальді  жүйеге  ұқсас  және
региональды немесе metropolіtan Area Net – MAN деп аталады.
Мекменің региональды жүйесінде құрылған арнайы коммуникативтік хабар
алмасу  жүйесі (электронды  почта, факс, құжаттармен  бірігіп  жұмыс  жасау)
корпоративті деп аталады.
Глобальды  жүйе. Дүние  жүзіне  таралған, әрдайым  өте  жоғары  үлкен
көлемдегі  әртүрлі  ақрааттарды  алу  мүмкіндігін  беретін  каналдар  жүйесіндегі
компьютерлер және коммерциялық негіздегі, тілек білдірушілердің барлығына
рұқсат берілген жүйе глобольді жүйе деп аталады немесе Wіde Area Net- WAN.
Осындай жүйелердің ең белгілі өкілі ИНТЕРНЕТ, дегенмен басқа да глобольді
жүйелер (MSN – Mіcrosoft on Lіne, Amerіca on Lіne және т.б).
Компьютераралық байланысты ұйымдастырудың үш негізгі тәсілі бар:
·
қатар тұрған компьютерді олардың коммуникациондық порттарын басып
өтетіндей арнайы кабельдермен қосу;
·
бір  компьютерден  екіншісіне  модем  арқылы  өткізілген  немесе
спутниктик байланыстың көмегімен мәлімет жіберу;
·
компьютерлерді компьютерлік жүйеге біріктіру (қосу).
Екі  компьютер  арасындағы  байланысты  ұйымдастыруда  көбінесе  бір
компьютерге  ресурстар  мен  жабдықтаушы (поставщик) ролі (бағдарлама,
мәлімет  және  т.с.с.), ал  басқасына – бұл  ресурстарды  қайталанушы  ролі
бекітіліп  беріледі. Бұндай  жағдайда  бірінші  компьютер  сервер, ал  екіншісі –
клиент  мен  немесе  жұмысшы  станциясы  деп  аталады. Арнайы  бағдарламамен
жабдықталған  компьютер – клиентке  жұмыс  істеуге  болады (под  упр. спец.
прогр. обеспеч).
Сервер (англ. serve — обслуживать) — бұл құнды ресурстарды бағдарлама,
мәліметтеу  және  шеткі  құрал-жабдықтарға  бірігіп  пайдалануды  басқаратын
еске сақтау қабілеттінің мөлшері көп, жоғары өнімді компьютер.
Клиент (басқаша, жұмысшы станция) — сенрвердің қызметіне кіре алатын
кез-келген компьютер. Жүйелік сервер HP LD PRO.
Мысалы, орталық  мәліметтер  базасы  орналасқан  қуаты  күшті  компьютер
сервер  бола  алады, ал  бағдрламасы  қажетіне  қарай  серверден  сұрайтын  жай
компьютер клиент болады. Кейбір жағдайда компьютер бір мезгілде клиент те
де, сервер  де  бола  алады. Бұл - өзін  де  бар  ресурстар  мен  сақталған
мәліметтерді  басқа  компьютерлерге  бере  алады  және  бір  мезгілде  олардың
ресурстары  мен данныйларын  деректерін  пайдалана  алады. Пайдаланушының
атынан  сервердің  қызметін  алатын  қолданбалы  бағдарламаны  да  клиент  деп
атайды.   Осыған  сәйкес, бағдарламамен  қамтамасыз  етілген  компьютерді
басқа компьютерге қызмет көросетуі сервер деп аталады-және де компьютерді
де атауға болады.
Телефон  жүйесінің  көмегі  арқылы  байланыс. Алшақтағы  жеке
компьютермен  уақытша  байланыс  модем  деп  аталатын  қондырғы  арқылы
жүзеге асырылуы мүмкін. (АТС арқылы телефон жүйесі) (факс модем). Бұндай
байланыс тәсілі коммутирлік канал бойынша байланыс деп аталады. Модемнің
көмегі  арқылы  жай  компьютерлік  арасында  ақпарат  алмастыруды

58
ұйымдастыруға болады, офистің локальді немесе глобальді жүйесіне қосылуға
болады.
Бірнеше компьютерлерді біріктіретін жүйелермен қоса терминалдар жүйесі
де  бар  немесе  қуаты  күшті (мэйнфеймдар) компьютерлерді  арнайы
қондырғылар  мен  байланыстыратын  жүйесі  бар. Бұл  жүйелер  өте  күрделі,
алайда  қысылмаған  кезде  олардың  жұмыс  істеуі  мүмкін  емес  немесе  типті
мәнін  жоғалтады. Терминалдық  қондырғылар  мен  жүйелерге  банкоматтар,
дүкендегі кассалық аппараттар жүйесі және т.б мысал бола алады. Терминалдар
жүйесі  кең  тарағанымен  олар  компьютерлер  жүйесінің  принциптерінен, типті
басқа санау техникаларында құрылады.
Жүйе  қондырғларын  өзара  қосу  үшін  арнайы  құрал-жабдықтар
пайдаланылады:
·
Жүйелік  кабельдер (сыртқы  түрі  түтік  тәріздес  оқшауланған  екі
коаксиальдық  концентриялы  өткізгіштер; көп  тамшықты; айқасқан  екі  электр
өткізгішінен құралған қос кабелдер және т.б).
·
Коннекторлар (біріктіргіштер) кабельдерді  компьютерлерге  қосатын
коннекторлар; кабельдердің 
бөліктерін 
қосатын 
алмалы-салмалы
ажыратқыштар.
·
Жүйелік  интерфейсті  адаптерлер  мәліметтерді  қабылдау  мен  жөнелтуге
арналған. Мәлімметтер  беру  ортасына  кіру  белгілі  бір  протоколға
сәйкестендіріле  отырып  жүзеге  асырылады. Олар  жүйеге  қосылған
компютерлердің  жүйелік  блоктарына  қондырылады. Адаптерлердің  алмалы-
салмалы ажыратқыштарына жүйелі кабель қосылады.
·
Трансиверлер мәліметтерді кабель бойынша жіберу  сапасының  мөлшерін
арттырады, жүйеден  келіп  түскен  ескертпелер  мен  келіспеушілікті  табу  үшін
жауап береді.
·
Хабтар
(концентраторлар) коммутирлік  хабтар (коммутаторлар)
компьютерлік  жүйелердің  топологиялық, функционалдық  және  жылдамдық
мүмкіншіліктерін  кеңейтеді. Әр  типті  хаб  әр  алуан  кабельді  системалар
жүйесінің  сегменттерін (учаскелерін) біріктіруге  мүмкіндік  береді. Хаб
портына жеке торды да, сондай-ақ басқа хабты да  немесе кабельдің сегментін
(учаскесін) қосуға болады.
·
Қайталамалар (репитеры) кабельдің  үлкен  ұзындығы  бойымен  берілетін
ескертпелерді күшейтеді.
Локальды  жүйелерді  біріктіре  қосу  үшін  өзара  жүктелген  міндеттері  мен
мүмкіндіктері 
бойынша 
ерекшеленетін 
төмендегідей 
қондырғылар
пайдаланады:
Көпір (англ.
· Brіdge) — екі  локальды  жүйені  байланыстырады. Жүйе
араларындағы  мәліметтерді  өзгеріссіз  пакет  түрінде  жіберіледі. Көпірлер
барлық  жүйелерді  локальды  мәліметтер  легінен  сақтай  отырып  пакеттерді
фильтрден өткізе алады (сүзеді) және де тек басқа жүйе сегменттеріне арналған
ақпараттарды жібереді.
Маршрутизатор (англ.
· Router) жалпы  протокол  мен  жүйелерді  көпірге
қарағанда  тиімді  біріктіреді. Ол, мысалы  үлкен  хабарламаларды  өте  ұсақ
бөлшектерге  бөлуге  мүмкіндік  туғызады  да  осынысы  арқылы  әр  түрлі

59
көлемдегі  пакеттері  бар  локальды  жүйелердің  өзара  әрекеттерін  қамтамасыз
етеді.
Маршрутизатор пакеттерді белгілі мекен-жайға жібере алады, (көпірлер тек
қажетсіз  пакеттерді  фильтрлейді (сүзеді) пакеттердің  адресін  табуына  өте
жақсы жол және басқа да әрекеттер таңдайды. Жүйелер күрделі, әрі көп болса,
маршрутизаторды қолданудың пайдасы өте мол.
Көпірлік 
маршрутизатор (англ.
· Brouter) — бұл  көпір  мен
маршрутизатордың  гибриді. Ол  мүмкін  болған  жерде  алдымен  маршрутты
орындауға  талпынады, ал  содан  соң  сәтсіз  жағдай  бола  қалса  көпір  тәртібіне
(режиміне) көшеді.
Шлюз (англ.
· GateWay), Шалюздың  көпірден  өзгешелігі – біріктірілетін
жүйелер  протоколдарының  әр  түрлілігінде. Бір  шалюзден  түскен  хабарлама
екіншісіне  сол  жүйенің  талаптарына  сәйкестендіріліп  өзгереді. Сөйтіп,
шалюздер  жүйелерді  біріктіріп  қана  қоймай  біріңғай  жүйе  ретінде  жұмыс
істеуге  мүмкіндік  туғызады. Локальды  жүйелер  де  шалюздің  көмегімен
универсалды (жан-жақты) қуаты  күшті  компьютерлерге – мэйнфреймдерге
қосылады. Сымсыз  жүйелер кабель өткізуге қиынға  соғатын, пайдасыз немесе
тіпті  мүмкін  болмаған  жағдайдағы  орындарда  қолданылады. Мысалы, тарихи
ғимараттар, металл  немесе  темірбетондарды  едені  бар  өнеркәсіп  үйлерінде,
қысқа 
мерзімге 
жалға 
алынған 
офистар, қоймалар, көрмелерде,
конференцияларда және т.б
“Барлығы-Бәрімен” топологиясы. Бұндай  жағдайда  жүйе  радио –
адаптерлер 
көмегімен 
жүзеге 
асырылады. Жан-жақты 
бағытталған
антенналармен  жабдықталған  жүйелік  радио-адаптерлер  радиотолқындарды
ақпарат жеткізу ортасы ретінде пайдаланады. Бұндай жүйе “Барлығы-бәрімен”
топологиясы  арқылы  жүзеге  асырылады  және 50-200 м  қашықтықта  жұмыс
істеуге  қабілетті. Жүйенің  сымсыз  және  кабельді  бөліктерінің  арасындағы
байланыс  үшін  арнайы  кіру  нүктесі (немесе  радиокөпір) деп  аталатын
қондырғы  пайдаланылады. Екі  жүйелік – сымсыз  және  кабельді  адаптер
орнатылған жәй (простой) компьютерді пайдалануға болады.
“Нүкте-нүкте” топологиясы. Сымсыз  жүйені  қолданудың  басты, маңызды
аймағының  бірі-мәліметтерді  жіберу  инфраструктуралары (жалпыға  бірдей
кабельді  жүйе, жоғары  сапалы  телефон  байланысының  жолдары  және  т.б)
болмаған  жерлердегі  локальды  жүйелердің  шалғай  сегменттері  арасындағы
байланыстарды  ұйымдастыру  болып табылады. Бұл біздің  мемлекетімізге тән.
Шалғайдағы екі сегмент арасына сымсыз көпір енгізу үшін бағытталған типтегі
антеннасы бар радиокөпір пайдаланылады.
“Жұлдыз” тәрізді  топология. Егер  жүйеге  бірнеше  сегмент  біріктірілсе,
онда “жұлдыз” типті  топология  қолданылады. Бұндай  жағдайда  орталық
торапқа  жан-жаққа  бағытталған, ал  шалғай  тораптарға – бағытталған
антенналар  қондырылады. Жұлдыз  тәріздес  топологияның  жүйелері  әр  алуан
конфигурациядағы жүйелерді құрауы мүмкін. Сымсыз жүйелік магистарль баяу
модемдерді пайдаланудан бас тартуға жағдай (мүмкіндік) жасайды.

60
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [14] – с,  [15] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютераралық байланыстың қызметі қандай?
2. Коммуникация  протоколы деген не?
3. Мәліметтер неге пакеттердің көмегімен жіберіледі?
4. Жүйелік топологияның негізгі түрлерін сипаттаңыздар.
5.  Локальды  жүйелер  қай  облыстарда  және  қандай  мақсаттарда
қолданылады?
6. Интернет жүйесінің негізгі қызмет көрсетуін (сервисін) атап беріңіздер.
 
5.2  Локальды  жүйенің  негізгі  технологиясы,  протоколдары  мен
стандарттары. Жүйені  басқарудың  бағдарламалық  компонентері. Интернет.
Электронды почта.
Дәріс конспектілері:
Жүйеге  біріктірілген  компьютерлер  әрқашан  басқарудың  арнайы
бағдарламаларының  басшылығымен  жұмыс  істейді. (екі  жеке  компьютерді
біріктіру  жағдайында  бұндай  бағдарламаларды  жеке  компьютерлердің  өзара
әрекеттерін басқару бағдарламасы деп атау дәлірек). Жүйелерді басқарудың әр
алуан  бағдарламасы – жүйелік  бағдарламалар  бар. Байқауымызша, ең  кең
тараған жүйелік бағдарламалар Novel (Novell Netware бағдарламасы), Mіcrosoft
(Wіndows NT-сервер, Mіcrosoft жүйелері), Lantastіc фирмаларының
бағдарламалары.
Жеке  компьютерлерді  қосу  тәсілі  және  жүйелерді  басқаруда  қолданылған
бағдарламалар  жүйенің  түрін, пайдаланушыға  берілген  мүмкіндіктер  мен
жүйедегі жұмыстың технологиясын анықтайды.
Бірнеше  компьютердің  біріктірілуі  пайдаланушыға  жүйедегі  бір
компьютерден  екіншісіндегі  ресурстарға  кіру  мүмкіндігін  әрқашан  беру
мақсатында  жасалады. Бір  компьютердің  ресурсы  екіншісіне  ашық  болады,
бұны  бөлінетін  немесе  жүйелік  ресурс  деп  атайды. Ресурстарын  пайдалануға
беретін  жүйе  компьютері – сервер (хост), ал  пайдаланушы – клиент. Осыған
сәйкес жүйені басқару бағдарламасы екі бөліктен:
-  Серверде  қондырылған  және  оның  жұмысымен  барлық  жүйені
басқаратын жүйелі операциялық системадан;
- Клиент  компьютерде  орналасқан  және  сервермен  бірлескен  әрекетті
қамтамасыз ететін клиенттік бөліктен (клиент бағдарламасынан) тұрады.
Серверден  және  клиенттегі  бағдарламалар  жүйенің  түріне  байланысты
бірдей де және әр алуан болуы да мүмкін. Негізінде жеке-компьютер-клиентте
пайдаланушыға  әр  түрлі  мүмкіндіктер  туғызатын  бірнеше  түрлі  клиент-
бағдарламалар  орналасуы  мүмкін, алайда  уақыттың  әр  кезеңінде  олардың  тек
біреуі ғана жұмыс істеуі мүмкін.
Жүйемен  жұмыс  істеу  үшін  берілген  протоколға  сәйкес  мәліметтер
жіберуді  қамтамасыз  ететін  арнайы  жүйелік  бағдарламаның  болуы

61
қажет.коммуникация  протоколдары  жіберілген  барлық  мәліметтердің  көмегін
белгіленген  мөлшердегі  пакеттер  мен  жеке  блоктарға  бөлуді  бұйырады.
Соңынан  пакеттерді  дұрыс  реттеп  жинап  алу  үшін  пакеттер  номерленеді.
Пакеттегі мәліметтерге қосымша мынадай үлгідегі ақпарат қосылады:
Алушының
(қабылдаушының
) мекен-жайы
Жіберушінің
мекен-жайы
Ұзындығы
Мәліметтер
(не бар
екендігі)
Бақылаушы
жиынтық
алаңы (шеті)
Пакеттің  бақылаушы  жиынтығы  қателерді  бақылайтын  ақпараттардан
тұрады. Бірінші  рет  ол  қатені  компьютердің  жіберуімен  есепке  алады. Пакет
жеткізілген (табыс  етілген) соң  бақылаушы  жиынтық қабылдаушы компьютер
арқылы  есепке  алады. Мазмұны  сәйкес  келмесе, онда  жіберілген  пакеттегі
мәліметтер  жөнелткен  кезде  зақымданған  дегенді  білдіреді. Бұндай  пакет
лақтырылып тасталады да қайтадан пакетті жіберуге автоматты түрде сұраныс
жасалады. Қондырғылар байланыс орнату кезінде коммуникациялық каналдар,
протоколдармен  келісімге  келу  үшін  ескертпелермен  алмасады. Бұл  процесс
байланыстың растығын дәлелдегені. (англ. HandShake — рукопожатие).
Интернет (англ. Іnternet — жүйелер арасы) — дүние жүзіндегі ондаған мың
жүйелерді біріктірген әлемдік алып компьютерлік жүйе. Оның қызметі – тілек
білдірушіні  кез-келген  ақпаратпен  үнемі  қамтамасыз  ету. Интернет  шексіз
ақпараттық  ресурстар  пайдалы  мағлұмат, оқу, ойын  ұсынады  білетін
адамдармен 
араласуға 
мүмкіндік 
туғызады, қашықтықтағы 
қызмет
көрсетулерді, файлдарды электронды почта жіберуді және де басқа ақпараттық
ресурстарды  ұсынады. Интернет  дүние  жүзіндегі  адамдарды  бір-бірімен
араласуы үшін жаңа, ешқайда баламасы жоқ тәсілдермен қамтамасыз етеді.
Жүйенің  арқасында (тегін  немесе  орынды  ақы  төлеу  арқылы) орасан  көп
ақпараттар  алуға  болады. Сонымен, пайдаланушы  кез-келген  мемлекеттегі
өзінің  қызығушылығымен  бөлісетін  адаммен  интернет  арқылы  байланыса
алады немесе электронды кітапханадан құнды мәліметтер ала алады, тіпті егер
олар әлемнің басқа шетінде болса да.
Қажетті  ақпарат  спутник, мұхит  түбі, таулар  мен  теңіздер, кабельдер  мен
радио  арқылы, аралық  компьютердің  ұзын  тізбек  жолдарынан  өтіп  санаулы
секундта оның компьютерінде болады.
Интернет  өкіметтер, ғылыми  және  ағарту  мекемелері, коммерциялық
құрылымдар  мен  әлемнің  барлық  бөлігіндегі  миллиондаған  жеке  адамдар
есебінен қаржыландырылады, бірақ оның анық иесі болып ешкім есептелмейді.
Жүйені шақырылған ерікті адамдардан құралған “Интернет архитектурасының
Кеңесі” басқарады.
Жүйе 1984 жылы  құрылған, қазір  оны  мөлшермен  алғанда  қырық
миллиондай адам пайдаланады. Интернет уақыт сайын өзгеріп отырады, себебі
өздері үшін бағдарлама жазып, одан кейін оны тілек білдірушілерге тарататын
маман қолданушылары көп.

62
Жаңа серверлер үнемі пайда болады, ал бұрынғылары өз “репертуарларын”
жаңартады. Ақпараттар легі үздіксіз өсуде.
Интернетпен байлансыудың ең кең тараған және арзан тәсілі – модем және
телефон  жүйесі  арқылы  байланысу. Осыған  байланысты  Интернетке  қосудың
қызмет  көрсету  көлемдері  мен  бағасы  жағынан  бір-бірінен  өзгешеленетін  үш
түрі бар:
1. почталық — кез-келген Интернетті қолданушымен тек электронды почта
арқылы алмасуға рұқсат береді, ең арзан түрі;
2. on-lіne тәртібінде
 сеанстік
 (“тікелей байланыста”) — диалогтік тәртіптегі
жұмыс — жүйесінің барлық мүмкіндігі сеанс уақытында;
3. тура (жеке), ең  қымбат  тұратын — барлық  мүмкіншілігі  кез-келген
уақытта.
Сеанс 
тәртібіндегі 
жұмыс 
кезінде 
Интернетке 
кіру 
көбінесе
провайдерлерден (англ. provіde — рұқсат  беру, қамтамасыз  ету), Интернеттің
кейбір  бөліктеріне  кіруге  және  оның  пайдаланушыларына  алуан  түрлі
қызметтерді жеткізіп беретін фирмалардан сатып алынады.
Интернеттің  кейбір  маршрутизаторлардың  көмегімен  өзара  байланысатын
учаскелерді  әр  түрлі  архитектурадағы  жүйелерді  ұсынады. Жіберілетін
мәліметтер, пакеттер  деп  аталатын  кішігірім  тиісті  бөліктерге  бөлінеді. Әрбір
басқа пакеттерге қатысы жоқ пакет жүйе бойынша орналастырылады.
Интернеттегі  жүйелер  бір-бірімен  шексіз  байланыста  болады, себебі
мәлімет  беруге  қатысатын  барлық  компьютерлер TCP/ІP комуникациясының
біркелкі протоколын пайдаланады.
Шындығында TCP/ІP протоколы — жүйедегі  мәліметтерді  жіберудің  әр
түрлі аспектілерін анықтайтын әр басқа екі протокол.
·
TCP протоколы (Transmіssіon Control Protocol) — қателері бар пакеттерді
автоматты  түрде  қайтадан  жіберетін, мәліметтерді  жіберетін  басқару
протоколы; бұл  протокол  жіберілген  ақпараттарды  пакеттерге  бөлу,
қабылдаушы  пакеттеріндегі  ақпараттардың  дұрыс  қалпына  келтіруі  үшін
жауапты;
·
ІP протокол (Іnternet Protocol) — жүйеаралық  өзара  әрекеттердің
протоколы. Ол  пакетті  адресіне  жіберу  және  қажет  пунктіне  беру  жолында
тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол.
TCP/ІP протоколы  бойынша  ақпараттарды  жіберу  схемасы  мынадай: ТСР
протоколы  ақпаратты  пакеттерге  бөліп, оларды  нөмірлейді; одан  соң  ІP
протоколының  көмегімен  барлық  пакеттер  қабылдаушыға  тапсырылады, сол
жерде  барлық  пакеттердің  қабылданғаны  жайында  ТСР  протоколының
көмегімен тексеріледі; барлық паекттер қабылданып болған соң ТСР протоколы
оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.
Әрбір  Интернетке  қосылған  компьютерлердің  бағалары  бірдей, өте  сирек
кездесетін  екі  мекен-жайы: сандық  ІP-мекен-жай (цифровой  ІP-адрес) және
символды домналық мекен-жайы (символический доменный адрес) бар. Мекен-
жайды (адрестерді) тағайындау  мынадай  схема  бойынша  жүргізіледі: Жүйелі
ақпараттық  Орталық  халықаралық  ұйымы  локальды  жүйелердің  қожалары

63
(иелеріне) мекен-жайлардың  топтамасын  береді, ал  қалғандары  нақты  мекен-
жайларды өз еріктеріне бөледі.
ІP-компьютердің адресі, оның ұзындығы 4 байт. Әдетте бірінші және екінші
байттар  жиі  адресін, ал  үшінші  байт  жүйе  бөлімшесінің  мекен-жайын, ал
төртіншісі – бөлімше  жүйенің  тармағының адресін  анықтайды. ІP-ке ыңғайлы
бөлу  үшін  адрес  нүктелермен  бөлініп 0-ден 255-ке  дейінгі  төрт  таңбалы
сандармен жазылады, мысалы: 145.37.5.150. Жүйе адресі — 145.37; адрес жүйе
бөлімшесінің — 5; компьютердің жүйедегі адресі — 150.
Сандық  адрестен  домналық (англ. domaіn — област), адрестің
айырмашылығы оның символикалығында және оны адам есте жақсы сақтайды.
Домналық  адрсетің  мысалы, barsuk.les.nora.ru. бұл  жердегі  домна barsuk —
компьютердің  анық  атауы, өз  ІP-адресі  бар, домна les — өзі  компьютерге
берілген топтың атауы, домна nora les — домнасына атау берген өте ірі топтың
атауы, және  т.с.с. Домналық  адрес  мәліметтер  жіберу процессінде  ІP-адресіне
өзгереді.
Интернет жүйесінің негізгі сервиздері.
World Wіde Web (WWW, “Әлемдік өрмекші торы”) — гипертекстік, дәлірек
айтқанда, Интернет  ресурстарын  іздеудің  гипермедиалық  ақпараттық  жүйесі
және оған кіру.
Гипертекст — компьютер  экранында  текст  элементтері  арасындағы
мағыналық  байланыстарды  тауып  көрсетіп  отырып, бір  элементтен  екіншісіне
оңай  көшіруге  жағдай  жасайтын  ақпараттық  құрылым. Гипертекстағы
тәжірибеде кейбір сөздердің асты сызылады немесе басқа түрге боялады. Сөзді
бөліп  көрсету  бұл  сөзге  қатысты  тақырып  кейбір  құжаттармен  қатысы  бар
екендігін және онда өте толық қаралатынын білдіреді.
Гипермедиа — егер гипертексті анықтауда “текст” сөзін кез-келген дыбыс
графика  бейнелеу  деген  ақпараттық  түрлеріне  ауыстырғанда  не  шықса, сол
текстік  ақпараттпен  қатар  басқа  да  кез-келген  қос, мысалы, кодталған  дыбыс
немесе  графиканы  байланыстыруға  болатындықтан  мұндай  гипермедиалық
нұсқаулар  болуы  мүмкін. Егер  бағдарлама  дүние  жұзілік  картаны  көрсетсе,
компьютерді  пайдаланушы  тышқанның  (комп. тетігі) көмегімен  картадан
қандайда бір континенті таңдаса, бағдарлама сол мезетте ол туралы графикалық
дыбыс және текстік ақпарат бере алады.
 WWW жүйесі HTTP  гипертекстің  жіберетін  протокол  деп  аталатын
мәліметтер жіберетін арнайы протоколда ұйымдастырылған (құрылған). HTTP
“эйч-ти-ти-пи”, деп оқылады, HyperText Transfer Protocol).
Барлық WWW жүйесінің  ішіндегілері  саит (англ. sіte — участке) деп
аталатын. WWW-беттерден тұрады.
WWW-беттері (cайттар) — World Wіde Web жүйесінің  гипермедиалық
құжаттары. Олар HTML (Hypertext markup language) гипертекстік
таңбаларының тілінің көмегімен жасалады.
HTML тілі құжаттар текстіне арнайы бұйрықтық фрагментер— тэги (англ.
tag — "этикетка, ярлык") қосуға  құқсат  береді, осылайша  бұл  құжаттармен
басқа  текстерді, графика, дыбыс, бейнелі  байланыстыруға  мүмкіндік  болады,
әртүрлі  дәрежедегі  тақырып  аттарына  тапсырма  беруге, текстерді  абзацтарға

64
бөлуге кестелер сызуға болады және т.б. мысалы, құжаттық тақырыбы мынадай
түрде болуы мүмкін:  Шабдалымы жақсы көретіндер клубы 
Бір WWW – бетіне  бір  серверде  орналасқан, сілтемелерінің  қатынасы
түптелген және мағынасы байланысты гипермедиялық құжаттардың жиынынан
құрайды (мысалы, қандайда бір музей немесе оқу орындарының ақпараттары ).
Беттің  әрбір  құжаты  өз  қатарында, бірнеше  мәтіннің  экрандық  бетін  және
бейнесін  орналастырады (құрайды). Әрбір WWW – біттің  өзінің  (англ.
“homepage”) “бастапқы  парағы” – гипермедиялық  құжат  болады, беттің
бастапқы  құрылған  бөліктерінің  құрамындағы  сілтемелер. “Бастапқы
парақтың” адрестері Интернетке беттің адресі  ретінде тарайды.
Жеке дербес беттер
 –
бұлар WWW-беттер формаларына болмаса ұйымдарға
жатпайды, бұл  жеке  адамға  арналған. Бұндай  беттердің  мазмұны  және
безендірілуі  тек автордың өзіне байланысты.
WWW-жүйесімен жұмыс жасау барысында қолданушы программа – клиент
жүйесімен жұмыс жасай алады, бұл
браузерлер
 деп аталады.
      Браузерлер (англ. browse — парақтау, қарастыру) — программалары
көмегімен WWW жүйесімен  диалог  құрады: WWW беттерін  қарастырады,
WWW-cерверлері мен Интернет ресурстары арасында қарым қатынас жасайды.
Жүздеген  браузер – программалары  бар. Ең  көп  тараған  браузерлер:
Netscape Navіgator және Mіcrosoft Explorer.
WWW  браузерлері  кез – келген  сервер  типтерімен  олардың
протоколдарын  қолдана  отырып  қарым – қатынаста  бола  алады. Кез – келген
серверден  алған  ақпаратты WWW  браузер  бейнелеу  үшін  оңай, стандартты
түрде  экран  бетіне  шығарып  бере  алады. Бұл  кезде  протоколдар  арасындағы
ауысулар пайдаланушыға білінбейді.
Telnet – алыстатылған  қатынас  программасы. TELNET протоколының
көмегімен  Интернетте  жұмыс  істейтін  басқа  есептеу  жүйесіне  шығуға
мүмкіндік беретін программа. Бұл программа екі компоненттен тұрады: клиент-
компьютерінде  орындалатын  клиент - программасы, және  сервер –
компьютерінде орындалатын  сервер - программасы.
Клиент - программасы функциялары:
·
сервермен байланыс орнату;
·
абоненттен  кіріс  деректерді  алу, оларды  стандартты  форматқа  келтіріп
серверге жіберу;
·
сұраныс  нәтижесін  стандартты  форматта  серверден  алу  және
пайдаланушыға ыңғайлы форматта оны қайта форматтау.
Сервер - программасы функциялары:
·
Стардартты түрде сұранысты күту;
·
Осы сұранысқа қызмет көрсету;
·
Клиент – программасына нәтижені жіберу.
Telnet — Интернетпен  байланыстың  қарапайым  және  әмбебаб  құралы
болып табылады.

65
Ftp файлдарды  жіберу  программасы. FTP (Fіle Transfer Protocol — “файл
жіберу  протоколы”) протоколының  көмегімен  Интернеттегі  файлдардың
көшірмесін бір жерден екінші жерге ауыстырады. Жалпы пайдалану файлдары
бар  компьютерлерді, FTP-серверлер  деп  атайды. Интернетте 10 Терабайттан
артық тегін файлдар мен программалар бар.
Электрондық  пошта (Electronіc maіl, англ. maіl — пошта, қысқ. E-maіl, “и-
мэйл” деп  оқылады). Электронды  пошта  желілері  мен  Интернет  ішіндегі
мәтіндік  хабарламаларды  жеткізу  үшін  арналған. Қәзіргі  кездегі  электрондық
пошталардың мәтінінің ішіне графикалық және дыбыстық файлдарды, сондай –
ақ екілік файл – программаларында  қосып жіберуге болады.
Электронды поштаны қолданатын әрбір абонентке өзіндік дербес пошталық
адрес  беріледі. Оның форматы келесі  түрде  болады: <пайдаланушы  аты> @ <
пошталық  сервер  аты>. Мысалы: earth@space.com, мұндағы earth —
пайдаланушы  аты, space.com — компьютер  аты, @ — “коммерциялық  эт ”
бөлуші символ.
E-Maіl арқылы  түсетін  хабарламалар , компьютерде  арнайы “пошталық”
алушыға  бөлінген  дискілік  аймақ  жадысында  сақталады (оның “пошталық
жәшігі”), оны ол арнайы клиент – программасының көмегімен оқылады.
Ал хабар  жіберу үшін абоненттің электрондық адресін  білу  керек. Сапалы
түрде  жіберген  жағдайда  электронды  хат  дүние  жүзінің  кез – келген  жеріне
жетеді.
Usenet (от Users Network) телеконференция  жүйесі. Бұл  жүйе  әртүрлі
бағытта  коллективті  талқылаулар  жүргізу  үшін  қолданылады. Usenet –тің
қәзіргі  кезде  мыңдаған  дискуссиялық  топтары(NewsGroups)  бар, олардың
әрқайсысының  тақырыптары  болады.  Яғни  телеконференциялар  бірнеше
топтарға бөлінеді:
·
news — телеконференция жүйесіне қатысты сұрақтар;
·
comp — компьютерлер және программлық қамтама;
·
rec — сауықтар, хобби және өнер;
·
scі — ғылыми  - зерттеу қызтеті және қосымшалар;
·
soc — әлеументтік сұрақтар;
·
talk — әртүрлі талас жүргізілетін сұрақтар дебаты;
·
mіsc —барлық қалғандары.
Интернет желісіндегі ақпаратты іздеу жүйесі
Интернетте  кез – келген  тақырыптағы  ақпараттар  көрсетіледі. Бірақ  одан
ақпаратты  табу  оңай  жұмыс  емес. Содықтан  Интернеттен  жаңа  ақпаратты  тез
алу үшін ақпаратты іздеу жүйесі өңделген.
Интернеттен  ақпаратты  іздеу  жүйесінің  барлығы  арнайы  бөлінген
компьютерлердегі  мықты  жабдықталған  каналдармен  жабдықталуы  керек.
Олар бір минут ішінде тегін мыңдаған клиенттерге қызмет көрсетеді.
Іздеу жүйелерін екі топқа бөлуге болады:
·
адам – редакторлармен қалыптастырылатын пәндік каталогтар;
·
адам 
көмегінсіз 
компьютердің 
арнайы 
программаларымен
қалыптастырылатын автоматты индекстер.

66
Пәндік  каталогқа  негізделген  жүйелер. Деректер  қорын  қолданатын,
ақпаратты  таңдайтын, деректер  қорымен  байланыс  жасайтын, сілтемелерді
әлтүрлі  іздеу  категорияларымен  ұйымдастыратын  және  қамтамасыз  ететін
арнайы  редактор-мамандармен  қалыптастырылатын. Пәндік  каталогы  бар
компаниялар WWW-cерверлер мен  басқа  да  желілік  ресурстарды каталогтарға
орналастыра алады және дүние жүзіне тарата алады. Мұның арқасында клиент
ақпараттарын  жаңалай  отырып  өзінің  каталогтар  тармағын  құра  алады. Ол
тармақтың  жоғарғы  деңгейінде  “бизнес”, “ғылым”, “өнер”сияқты  элементтер
болуы  мүмкін. Осындай  жұмыстың барысында  олар үлкен көлемдегі  деректер
қорымен жұмыс істей алады.
Автоматты индекстер. Оларды айта кетпеуге болмайды. Кілттік сөз арқылы
бір  деректер  қорынан  бірнеше  секунд  ішінде  Интернет  желісінің WWW-
парақтарының барлығын қарап шығуға, іздеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Автоматты индекс үш бөліктен тұрады:
·
робот - программалары;
·
осы роботпен жиналатын деректер қоры;
·
пайдаланушы жұмыс істейтін осы базадағы іздеу интерфейсі.
Бұл барлық компоненттер адам көмегінсіз жұмыс жасайды.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [14] – с,  [15] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. ІP-адрес дегеніміз не?
2. WWW жүйесі пайдаланушыларға қандай қызмет көсетеді?
3. Интернет желісінде ақпаратты іздеу жүйесі қалай ұйымдастырылған?
4. Гипермәтіннің гипермедиадан ерекшелігі неде?
5. Браузер дегеніміз не?
6.   Электронды пошта қалай жұмыс істейді?
5.3 Гипермәтіндік технология. HTML тілі.
Дәріс конспектілері:
HTML құжаттары - бұл  кез - келген  мәтіндік  редакторда  құрыла  алатын
(мысалы-NE, Лексикон, Emacs және  тағыда  басқа)  жәй  мәтіндік  форматтағы
(сондай-ақ ASCII түріндегі) файл. Web қоршауларының  кейбіреулері HTML
редакторларын  береді (tk WWW for X Window System және NEXT
компьютерлері үшін ) олар WISIWYG стилінде жұмыс істеуге себебін тигізеді..
Қазіргі кезде WYSIWIG редакторларының бірнеше түрі бар. Мысалы: HotMetal
for SunSparcstations және HTML Edit for Macintoshes. HTML құрамымен
танысудан  бұрын  осы  көрсетілген  редакторлардың  бірімен  танысуыңызға
болады.
Сіз  құжатты  осы  процесті  орындау  үстінде  қолдануыңызға  болады.
Мысалы, NCSA Mosaic. Бұны File менюінен OpenLocal командасын  қолдана
ашыңыз. HTML файлын  редактоpлегеннен  кейін, өзгерістерді  сақтап  алыңыз.

67
NCSA Mosaic-ке  қайтып  келіп Reload (қайта  жүктемелеу) құжат  жасаңыз.
Өзгерістер дисплей экранына шығады.
Максимальді мүмкін болатын HTML құжат.
Сіздің алдыңызда HTML құжатының клипі
 жәй HTML мысалы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет