Мәліметтер базасы
Қарапайым мәліметтер базасы бір компьютер дискісінің бір
немесе бірнеше файлына орналасады. Мәліметтер базасы
104
‰лкен компания ‰шін құрылған болса, ондайда бір мәліметті
бір мезгілде бірнеше компаниялардың филиалдары қолдану
‰шін, компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп
мәліметтер базасын серверге негізгі ЭЕМ орналастыру қажет.
Желінің жұмыс станциялары терминал рөлін атқарып, қажетті
мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасы ның басқару
ж‰йесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен алып
отырады. Мәліметтер базасын басқару ж‰йесі орналасқан
серверге сұраныс т‰скеннен кейін, керекті мәліметтер жұмыс
станцияларына жіберіліп отырады. Мұндайда база орналасқан
сервер құрамында монитор мен пернелер тақтасы болғанымен,
олар пайдаланылмайды. Северлік компьютер әр жерде орна-
ласқан ЭЕМ-дермен, яғни мәліметті пайдаланушымен, тек
желілік байланыс арқылы ғана мәлімет алмаса алады.
Терминалды енгізу-шығару құрылғысы рөлінде, дербес
компьютерде тұрғандықтан, мәліметтерді қосымша өңдеуде
м‰мкіндік туады. Мәлімет өңдеу тәсілі, терминалдар саны
көбейген сәтте ж‰йенің жұмыс өнімділігін арттыруға ‰лкен
себебін тигізеді.
Жұмыс станциясы операциялық ж‰йе ретінде пайдаланыл-
са, мәліметтер базасынан сұралатын мәлімет мәтіндік фор-
матында немесе электрондық кестесі форматында көрсетіледі.
Құжаттарды форматтап алғаннан кейін, лазерлік баспаға
шығару құрылғысы желіге жалғанған қағазға басып алуға
болады. Бұл әрекетті жеке пайдаланатын компьютерде іске
асыру м‰мкін емес.
Егер бір файлдағы мәлімет қажет болып қалса, ол файлды
желімен жұмыс істеу барысында барлық компьютерлерге
көшірудің қажеті жоқ. Жергілікті желіге қосылған ЭЕМ-дер
ішінен олардың бірін файл-серверін пайдалануға болады,
ондай компьютерлердің дискісінің көлемі ж‰здеген Мб, тіпті
ондаған Гб-қа да жетуі м‰мкінОсындай дискіні кез-келген
жұмыс станциясындағы компьютер өз дискісі сияқты пай-
даланады.
Егер көпшілікке керекті мәлімет файл-сервер дискісінде
жазылса, онда желідегі барлық жұмыс станциялары, сол
мәліметтен жұмыс атқара алады. Файл-сервердің сыртқы жады
ретінде компакт-дискіні, оқитын құрылғыны немесе мәліметті
105
қайта жаза алатын магниттік-оптикалық дискілерді пайдала-
нуға да болады. Компакт-дискіден мәлімет алу құрылғысы
арзан тұрады, сол себепті қазіргі кезде ол әрбір жұмыс
станциясында бар. Бірақ мұнда да тек файл-серверге ғана
орналастырып, әрбір станция біраз қаржы ‰немдей алады. Ал,
магниттік оптикалық диск немесе жоғары көлемді (бірнеше Гб)
-қа да жетуі м‰мкін. Мұндай дискіні кез келген жұмыс
станциясындағы компьютер өз дискісіндей пайдалана алады.
Көлемді мәлімет көпшілікке керек болғанда, оны ортақтаса
пайдаланудың ең тиімді т‰рі-компьютерлерді жергілікті же-
лімен байланыстыру. Компьютерлер желіге қосылмаған болса,
онда мәліметтерді бұрынғысынша дискеттер арқылы көшіруге
тура келеді.
Екі компьютерді бір-бірімен байланыстырудың тағы бір
тәсілі — мәліметтерді тізбекті т‰рде тасымалдау порты
арқылы оларды кабельмен біріктіру.
Мысалы, дискіден басқа компьютер дискісіне 100 Мб
мәлімет көшіру қажет болсын. Бұл ‰шін қанша дискет және
қанша уақыт керек болар еді. Ал, компьютерлер желісі мұндай
мәліметті файл–сервер дискісіне бір рет көшіреді де, әрі қарай
сол дискіден мәліметті керек кезінде ала береді немесе
керектілерін сол файл — серверден желі арқылы дискіге
көшіріп алуға болады.
Жергілікті желі мәтіндік мәліметтерді жұмыс станциялары
арасында жылдам таратады. Ол ‰шін тізімнен керектіні тауып,
мәтінді пернелерде теріп, сұхбат терезесіндегі ОК-ды басу
жеткілікті.
Ыңғайлы тәсіл электрондық почтаны пайдалану. Оның
жұмысы кәдімгі почта сияқты:хатты жазып, конвертке салып,
адресін толтырып, оны почта жәшігіне салу керек. Электрон-
дық почта осыған ұқсас, хат мәтінін теріп, оны файлға жазу.
Одан кейін арнаулы почта бағдарламасын іске қосып, оған хат
адресі мен файлдың атын енгізу керек. Бағдарлама желі арқы-
лы хатты барар жеріне дереу жеткізеді (онда айрықша “ Элек-
трондық адрес “болуы тиіс, жергілікті желідегі тәрізді ком-
пьютер аты немесе компьютер иесінің иденфикаторы көр-
сетіледі).
106
Желідегі бір компьютер почталық сервер рөлін атқарады.
Ол хаттарды қабылдап, оларды адресаттар “ почта жәшігіне “
салады немесе әркімнің сұрауы бойынша келген хат беріледі
және де қабылдап алынған почта басқа желілерге жөнелтіледі.
Әрбір компьютер ортақтастырылған факс–модемді өзінікі
тәрізді пайдалана алады, бірақ мұндай кезде желіге қосылған
барлық станциялар факстарын бір-ақ телефон каналы арқылы
жіберіп отырады. Желілік байланыс телефон каналын ‰немді
пайдалануды қамтамасыз ететді.
Бейнелік конференция-жергілікті желілерді пайдалану-
дың жаңа т‰рі. Бейнелерін көрсетіп, конференцияға қатысу
‰шін, әрбір компьютер иесі бейнекамера және дыбыстық
адаптермен жабдықталуы тиіс. Арнаулы бағдарламалар, адам
бейнесімен дыбысты жұмыс станциялары арасында таратады.
Компьютерлік бейне, конференциялар арқылы алыста отырып
мәжіліске қатысу м‰мкіндігін береді.
5.1. Жергілікті желі
Компьютерді (жұмыс станциясы немесе серверді) желіге
қосу арнайы желі адаптерді арқылы орындалады. Желі адап-
тері бөлек, бірақ кейде компьютер құрамында болуы да
м‰мкін.
Көптеген фирмалар шығаратын желі адаптерлерінің көп-
теген т‰рлері бар. Желі адаптерлері қызметне қарай екі топқа
бөлінеді. Қарапайым жергілікті желіде шиналық немесе жұл-
дыз тәрізді топология болады. Шоғырланған сымдар арқылы
байланыстын шиналық топологияның негізгі кемшілігі-кабель
‰зілісі, желі жұмыс істемейді. Жұлдыз тәрізді топологияда әр-
бір компьютер өз кабелімен жеке қоректену блогы бар тарат-
қыш құрылғыға жалғанады. Мұнда бір кабель ‰зілгенмен, тек
бір жұмыс станциясы ғана істен шығады да, желі қалған стан-
циялармен жұмыс істей береді. Шиналық топологияға қараған-
да, мұндағы зиян әлденеше рет төмен болады.
Соңғы кезде бір мекемеде орналасқан жергілікті радио-
торапты желілер кең тараған. Мұның артықшылығы- бірінші-
ден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанмен бағасы онша
107
қымбат емес, екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желі-
лермен оңай байланысады.
Радиоторапты желілірдің негізгі кемшілігі - олардағы
информация тасымалдау жылдамдығының өте төмен деңгейде
болуы, ол 10Мбит/сек мөлшілерінен аса алмайды. Келешекте
радиожелілер кеңінен қолданылады.
Олардың обьективті себебі:
— радиожеліні іске қосуға кететін қаражат осы тәрізді
кабельдік жергілікті желіні іске қосудан арзан;
— ескі мекемелерде қабырғаларын тесіп, кабель ж‰ргізу
оңай емес;
— радиожеліні тарихи бағалы деп есептелетін мекемелерге
ж‰ргізу ыңайлы, өйткені кабель ж‰ргізу ‰шін тарихи ескерт-
кішті қорғау орындарының келісімі керек;
— кабель ж‰ргізуге м‰мкіндык жоқ, ал жергілікті желіні
кеңейту керек.
Субъективті себептері:
— кабелдік желіге қарағанда қайта құру оңай, мысалы жаңа
торап қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т. с. с.
— жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға
тиіс жеке пайдаланылатын ноутбуктерді қосу ыңғайлы;
— жергілікті желілерді қолданылатын бағдарламалық
жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады.
Біріншісі–арнаулы файл-серверлер бөлініп бөлінген желі-
лер, бұлардың құрамындағы бір немесе бірнеше компьютер-
лерде арнаулы желілік операциялық ж‰йе (Novell NetWare.
ІBM Lan Manager) іске қосылады. Олардың негізгі қызметі —
әрбір жеке компьютер иесіне желі ресустарын пайдалануды
қамтамасыз ету, бірінші кезекте, серверлік дискілерді және
желі баспаға беру құрылғысын бөліп беріп отырады.
Жеке компьютерлер бір-бірімен, тек файл-сервермен байла-
нысады. Мысалы, олар файл-сервер дискісіне мәлімет жаза
алады немесе басқа жазған файлдарды оқи алады және желі
баспаға беру құрылғысына мәтінді басып шығарады. Жұмыс
станциялары арасында мәлімет алмасу, теория тұрғысынан
м‰мкін болғанменен, практика ж‰зінде іске асырылмаған.
Екінші топ–бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе
баспа сервері ретінде қолданылатын жеке компьютер болмай-
108
ды. Кез келген станциядадан өз компьютерін сервер ретінде
пайдаланып, басқа компьютермен мәлімет алмаса береді, құ-
рылғыларын да ортақтастыру м‰мкіндігі бар. Мұның мысалы
ретінде MS Wіndows for Worggroups немесе Wіndows 98
желілерін қарастыруға болады. Бір рангілік желі компьютерлер
арасындағы мәлімет алмасу жиі және ‰лкен көлемде ж‰ргі-
зілгенде өте ыңғайлы. Бірақ мәлімет алмасу тек файлдарды
алу, берумен шектелмейді.
Кез келген мәлімет ‰шін (объектіні) алмасу буферіне (Clі-
poard) жазып, содан кейін желідегі компьютерлердің бәрінің де
сол объектімен пайдалануын қамтамасыз етуге болады.
Жалпы желілер
Басқа мекемелерден мәлімет алу (беру) жиі кездесетін
болса, онда модемді алып, компьютерлер жалпы желілерінің
біріне қосылу қажет.
Модемдер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі модем
кәдімгі адаптер тәрізді компьютер қорабы ішінде орналасады.
Көптеген алып ж‰руге арналған блокнот-компьютерлерге де
ішкі модем болады, олар қосымша қызмет ретінде факстер
қабылдап, оларды жібере де алады. Қазіргі сыртқы модемдер
де факстермен жұмыс істей береді. Сыртқы модемдер қорек-
тену блогы бар шағын корпусқа орналастырып, асинхронды
тізбекті адаптер портына кабель арқылы қосылады. Ком-
пьютерді жалпы желімен байланыстыру ‰шін модем сатып
алып, оны кез келген бір телефонға жалғау жеткілікті.
Д‰ние ж‰зінде көптеген жалпы компьютерлік желілер бар,
бірақ олардың арасында ең белгілілері болып Іnternet Sprіnt
RcІkom Fіdonet есептеледі.
Хабарласу
Желіні таңдау тәсілі әрт‰рлі жолдармен ж‰ргізіледі. Жалпы
желілер: ақылы және тегін пайдаланылатын топтарға бөлінеді.
Ақылы желі почтаны жылдам жеткізіп, жоғарғы деңгейде
қызмет көрсетеді. Ал, тегін желі, әрине, шектеулі м‰мкіндік-
термен қызмет жасайды.
Ақы төлей алмайтын жағдайда Fіdonet тегін желісіне
қосылған жөн. Ол ‰шін модем арқылы кез келген хабарлан-
дыру шығаратын электрондық тақтаға (BBS) телефон соғып
сол ж‰йенің операторымен хабарласу керек. Желіге қосылу
109
ережелері де (BBS) электрондық тақтасында мәтіндік файл
т‰рінде жазылып тұрады. Ж‰йе операторы Fіdonet жалпы
желісіндегі т‰йініне қосады немесе басқа бір т‰йінді ұсынуы
м‰мкін.
5.2. ІNTERNET желісі
ІNTERNET желісі планетаның кез келген н‰ктесін бір-
бірімен бейнелі т‰рде байланыстырады.
ІNTERNET -тек желі ғана емес, ол–желілердің желісі. Ол
көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, д‰ниедегі
ең ‰лкен компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік н‰ктелері өкімет мекемелерінде,
университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кі-
тапхана ж‰йелерінде, мектептерде орналасқан.
ІNTERNET информация магистралына өте ұқсас, универ-
ситет, институт, мектеп терминалдары арқылы оған жеңіл
кіруге болады, ол ‰шін ІNTERNET-тегі ж‰йенің номерін теру
керек. Мұнан кейін керекті желі н‰ктесімен байланысып, қа-
жетті материалдарға қол жеткізуге болады .
ІNTERNET желісін сипаттау, оны телефон ж‰йесімен са-
лыстырумен қалыптасқан. ІNTERNET компаниясы бірнеше,
онда жиналған мәліметтер т‰седі.
ІNTERNET-пен байланысты провайдер компаниясы ж‰зеге
асырады. Оған қосылудың бірнеше т‰рі бар:
•
тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолда-
ры);
•
қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
•
почталық байланыстар.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс–жеке компьютер тіке-
лей ТСР/ІР желісіне қосылған (Transmіssіon Control Protokol/
Іnternet Protokol — тасымалдауды басқару протоколы/интер
желі протокол) т‰рде болады, бұл ІNTERNET-тің бір шеткі
бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты
байланыста негізгі компьютермен жалғасып тұрады. Мұндай
байланыс белгіленген немесе тұрақты тікелей байланыс т‰рі
деп аталады. Олар тек ірі компаниялар мен корпорацияларда
болады.
110
Қосылып тұратын тікелей байланыс көбінесе SLІP, СSLІP
немесе РРР деп аталады (Serіal Lіne Іnternet Protokol — тізбекті
желі ‰шін Іnternet протоколы, Compessed Slіp — тығыздалған
Slіp, Poіnt-to-Poіnt Prorokol — “н‰кте-н‰кте” протоколы). Ал
Xseromote деп аталатын байланыс т‰рі сирек кездеседі, бұл да
ТСР/ІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға
негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл т‰р тұрақты қосылып
тұрмайтын байланыстан кейін тұрады.
Почталық байланыс. Іnternet-пен қосыла алатын бірнеше
почталық байланыс т‰рлері бар. Провайдер CompuServe
Amerіca Onlіne болып келген компьютерлер бірден Іnternet-пен
почталық байланысқа кіре алады. Почталық байланыстар же-
лілік шлюздер (network gateways) деп аталады, олар интернет
желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады. UUCP
деген почта байланыс т‰рі, онда байланыс жұмыс істейтін
бағдарлама арқылы орнатылады.
5.3. Іnternet-пен байланысу
Кенеттен бір файл керек болып қалды және оның қай жерде
екені белгілі. Сол файлды компьютеріге қалай әкелуге болады.
Ол ‰шін “файлды тасымалдау протоколы” деген ж‰йе
қолданылады (ҒТР). Практикада бұл термин жиі кездеседі. ҒТР
арқылы қызмет ететін арнаулы бағдарламасы бар желіге қо-
сылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Оның мәліметте-
рімен қатынас жасау ‰шін стандартты кіру сұхбатын орындау
керек. Оның бір мысалы:
Open etp. relcom. su nameіd password — FTP-серверге
кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
— Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау;
— ftp. relcom. su–FTP-серверінің қажетті информациямен
толықтырылған аты;
— password — сұраушы адамның паролі немесе оның
почталық адресі;
— ҒТР-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын
командалар тізімін HELP командасы арқылы алуға болады.
Netscаpe Navіgator және Іnternet Explorer тәрізді ыңғайлы
графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байла-
111
нысты әрбір жұмыс керек кезінде “тышқан” -ды басуға ғана
тірелген.
Іnternet Explorer-ді жұмысқа қосар алдында желімен
алыстан қатынас жасау бағдарламасы іске кіріседі, ол про-
вайдер серверімен компьютерді байланыстырады.
Саймандар тақтасындағы“тоқта” сайманын кез келген кезде
басып, ҒТР-серверімен компьютердегі байланысын тоқтатуға
болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алынса, “алға”
және “артқа” саймандары сол мәтін бойынша жылжу м‰м-
кіндігін береді. “Таңдамалы” (избранное) сайманы арқылы қа-
былданған парақты бумаға сол к‰йінде сақтауға болады. ҒТР-
серверімен сеанс аяқталғанда ол мәтінді қарап шығуға болады.
Релком желісінің серверімен жұмыс істегенде ҒТР-сервері
мен компьютердегі символдарды белгілеу сәйкес келмеуі
м‰мкін, өйткені Мұндай жағдайда, мәтін символдары кодта-
рын т‰рлендіру ‰шін басты меню пунктін пайдаланған жөн.
Онда “т‰р” пунктінің “параметрлер” қатарын таңдаса, сол
командаға сәйкес терезе экранға шығады.
WORLD WІDE WEB
World Wіde Web (WWW не Web), яғни “д‰ниеж‰зілік
өрмек” информацияны іздеп б‰кіл д‰ние ж‰зінде “электрондық
саяхат” жасайтын гипертексттік ж‰йе болып табылады.
Web ж‰ейсімен қатынас құру
Web ж‰йесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNІX
операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін компа-
ниясының арнайы команда арқылы WWW браузермен оңай
байланысу жолы бар. Оны іске қосу ‰шін www немесе unіx
сөздерін енгізу керек.
Бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navіgator,
бірақ Wіndows ж‰йесі өз Іnternet Explorer бағдарламасының
ішкі браузерімен болады, себебі олармен жұмыс істеуге ыңғай-
лы. Егер кейбір себептермен іnternet Explorer-мен жұмыс жаса-
мау ‰шін, онда Netscape Navіgator браузерімен немесе бас-
қасына оңай ауысуға болады.
Іnternet Explorer немесе Navіgator іске қосылса, браузер
автоматты т‰рде өз серверімен байланыс орнатады.
Web каталогтары
Кітапхананың ж‰йелік каталогтары тәрізді жасалып, олар
әрт‰рлі рубрикаларға бөлінеді. Көптеген серверлердегі тізім-
112
дерде әрбір т‰йінді тақырып қысқаша сипатталады да, одан
негізгі тақырыпқа көшу жолы көрсетіліп тұрады.
Егер жалпы сипаттағы мәлімет ізделсе, іздеуді Web ката-
логтарынан бастаған жөн. Іздейтін сервер толық жауап тап-
паса, онда сұраған нақты болмағаны немесе керекті сөз тіркесі
дәл табылмаған деп есептеледі. Мұндайда басқа жене қысқа
сөздерді пайдалана отырып, тағы да іздеу жұмысын ж‰ргізу
қажет. Ал, егер табылған мәлімет көп болса, онда ол өте кең
ұғымды болып кеткені, қайта сұрақ қойып, нақты терминдерді
пайдаланып, іздеу варианттарын шектеу қажет.
Орысша мәтіндер табу мақсатында CompTek фирмасының
серверіне шығуға болады. Ол фирма орыс тіліндегі мәтін
ерекшеліктерін есепке алатын іздеу ж‰йесін жасаған. Бұл
сервердің тағы бір ерекшелігі — кодтарды сәйкестендіре
отырып өзгертеді.
113
6. ТЕСТІК СҰРАҚТАР
1. Информация деген термин қайдан алынған?
•
Мәлімет
•
Ақпарат
•
Латынның іnformatіon сөзі
•
Оқулық
•
Байланыс
2. Бит деген не ұғым?
•
Сан
•
Код
•
Таңба
•
Екілік таңба
•
Символ
3. Сегіз разрядты екілік сан қалай бейнеленеді?
•
Тізбек
•
Екілік код
•
байт
•
Әріптер
•
Таңбалар
4. Информатика пәні нені оқытады?
•
Информацияны жинау, сақтау, т‰рлендіру, жеткізу,
пайдалану, зерттеу
•
компьютерді білу
•
Жаңа технологиялар
•
Мәліметтер жиыны
•
Дербес компьютер
5. Дербес компьютер қай жылдан бастап дамыды?
•
1965
•
1987
•
1970
114
•
1898
•
1945
6. Кәдімгі информациялық технология деген не?
•
Информациялық технология
•
Дербес компьютер
•
Қағаз ж‰зіндегі информация
•
Жаңа технологиялар
•
Компьютерді білу
7. Жаңа информациялық технология деген не?
•
Жаңа технологиялар
•
Компьютерді білу
•
Дербес компьютер арқылы информацияны дайындау,
жинау, жеткізу
•
Иформация жиыны
•
Дербес компьютер
8. Информациялық процесстер деген не?
•
Дербес компьютер
•
Информациялық ж‰йелер
•
Адамдар
арасында,
техникалық
құрылғыларда
информацияны жеткізу, жинақтау, т‰рлендіру
•
Компьютерлік сауаттылық
•
Автоматталған технология
9. ЭЕМ-ді пайдаланып оқу, жазу, есептеу, сурет салу
және информацияны іздеу деген не?
•
Дербес компьютерді білу
•
Бағдарламалау
•
Компьютерлік сауаттылық
•
Информацияны өңдеу
•
ЭЕМ-ді қолдану
10. Жұмыста және ‰йде адамның пайдалануына арнал-
ған шағын компьютерді қалай атайды?
•
Есептеуіш машина
115
•
Дербес компьютер
•
Компьютер
•
ЭЕМ-нің желілері
•
Компьютерлік сауаттылық
11. Компьютерлік ж‰йелер неше құрамнан тұрады?
•
8
•
4
•
5
•
7
•
3
12. Компьютерлік ж‰йелерді пайдаланудың неше себебі
бар?
•
5
•
3
•
8
•
4
•
2
13. Барлық есептеу, информацияны өңдеу қайда орын-
далады?
•
Орталық процессор
•
енгізу құрылғысы
•
пернелер
•
еске сақтау құрылғысы
•
компьютерде
14. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор деге-
німіз не?
•
Интегралдық процессор
•
микропроцессор
•
Орталық процессор
•
Енгізу құрылғысы
•
Компьютер
116
15. Компьютерге информация қайдан енгізіледі?
•
Пернеден
•
Дискеттен
•
Енгізу құрылғысы
•
Қағаздан
•
Тышқаннан
Достарыңызбен бөлісу: |