Т. Хакімова компьютерлік өҢдеудің


Wіndows операциялық ж‰йесінде жұмыс істеу



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата06.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#3504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Wіndows операциялық ж‰йесінде жұмыс істеу 
Wіndows-та кез-келген әрекеттер командалар арқылы орын-
далады,  командалар  тізімі  меню  деп  аталады.  Меню  жолында 
командалар  орналасады,  ол  әр  бағдарламасы  ‰шін  басқаша 
болуы  м‰мкін.  Менюдің  бөлімдері  (командалары)  өз  алдына 
меню  құрауы  м‰мкін,  ол  екінші  меню  деп  аталады,  оның  өз 
командалары болады.  
Барлық  қолданбалы  бағдарламалар  терезесінің  бастапқы 
жолында  меню  жолы  тұрады.  Барлық  Wіndows  бағдарлама-

 
13
ларында  Файл,  Т‰зету  (Правка),  Т‰р  (вид),  Көмек (?) менюі 
орналасқан.  
Файл менюінде файлмен жұмыс істеу командалары, Т‰зету 
менюінде  т‰зету  амалдарын  орындайтын  командалар,  Т‰р 
менюінде  информацияны  әрт‰рлі  жолмен  бейнелейтін  және 
саймандар  тақтасындағы  пернелерді  экранға  шығаратын  ко-
мандалар  орналасады.  Көмек (?) менюі  арқылы  қолданбалы 
бағдарламада  жұмыс  істеу  туралы  жан-жақты  анықтама  алуға 
болады.  
Меню  командаларын  орындау  өте  оңай,  керек  командаға 
курсорды апарып, тышқан пернесімен басып отыру керек. Кез-
келген  объектімен  (файл,  сурет  т.  б.)  жұмыс  істеу  ‰шін  алды-
мен керек объектіні тышқанмен белгілеп алу керек.  
Жылжыту  және  Көшіру  амалын  орындау  ‰шін  керек  файл-
ды (немесе басқа да кез-келген объектіні, алдымен буферге алу 
(сақтау)  керек,  одан  кейін  Т‰зету  менюінде  Қою  (Вставить) 
командасы  арқылы  керек  жерге  қою  керек.  Жылжыту  амалын 
орындау  ‰шін  буферге  аларда  Т‰зету  менюінде  Қию  (Вы-
резать) командасын қолдану керек, ол кезде файл ескі орнында 
өшіріледі.  Көшіру  амалын  орындау  ‰шін  буферге  аларда 
Т‰зету  менюінде  Көшіру  (Копировать)  командасын  орындау 
керек, ол кезде файл ескі орнында да сақталады.  
Буфер  дегеніміз  жедел  жадта  орналасқан  аралық  жад,  ол 
Wіndows-та  барлық  бағдарламалар  ‰шін  ортақ.  Бір  бағдарла-
мадан  басқа  бағдарламаға  кез-келген  объектіні  (сурет,  фраг-
мент, мәтін т. б.) көшіру ‰шін объектіні алдымен буферге сақ-
тап, (Көшіру командасын орындау керек), буферден керек бағ-
дарламаға қоя салуға болады (Қою командасы арқылы).  
Жиі  қолданылатын  командалар  менюмен  қатар  саймандар 
т‰рін бейнеленеді. Саймандар т‰рі деп әрт‰рлі суретше кескін-
делген кішкен квадратты (төртбұрышты) айтады, ол квадратты 
басса  басқа  т‰ске  боялып,  перне  сияқты  болады,  соған  қарап 
оны,  перне  деп  атаған.  Пернелер  саймандар  тақтасында 
орналасады.  Т‰р  (Вид)  менюінде  Саймандар  тақтасы  (Панель 
инструментов)  командасын  орындап,  ашылған  қабаттасқан 
менюден керек тақтаны басса болғаны, ондағы пернелер экран-
ға шығады. Пернелер қызметімен танысу ‰шін, тышқан көрсет-
кішін  пернеде  ұзағырақ  ұстаса,  жанында  қысқаша  т‰сініктеме 

 
14
шығады  және  жағдай  жолында  толығырақ  т‰сініктеме  пайда 
болады.  Саймандар  т‰рі  бекітілген  команданы  орындау  ‰шін 
оны  басса  жеткілікті,  мысалы  Қию  командасы  кішкентай  қай-
шы  суретімен  белгіленген,  керек  фрагментті  курсормен  бел-
гілеп  алып,  сол  қайшыны  басса,  фрагмент  “қиылып” (ескі  ор-
нында  қалмайды)  буферге  алынады  (Әрине  бұл  тәсіл  Т‰зету 
менюін басып, одан соң ашылған тік менюден Қию (Вырезать) 
командасын басқаннан тез).  
Wіndows-та  бір  әрекетті  бірнеше  тәсілмен  орындауға  бола-
ды: 
1.
 
Меню командалары арқылы; 
2.
 
Пернелердің көмегі арқылы; 
3.
 
Объектінің  жанама  менюі  (Тышқанды  қолдану  тақыры-
бындағы  ескертуге  қарау  керек)  арқылы  ж‰зеге  асыруға  бо-
лады.  
Әр тәсілдің өз ерекшелігі бар, мысалы, пернелерді қолдану, 
тіл білмеген жағдайда жаңа бағдарламаларды игеруге ыңғайлы, 
пернелерде жиі қолданылатын командалар көрсетіледі 
 
2. МӘТІНДІК ИНФОРМАЦИЯНЫ ӨҢДЕУ 
 
ЭЕМ  мен  адамның  өзара  іс-әрекетттерінде  информация 
әрт‰рлі формада келтірілуі м‰мкін. Экранда немесе сөз т‰рінде 
және тағы басқа мәтіндік информацияны өңдеуге болады.  
Мәтіндік  информацияны  енгізу,  теру  және  өзгерту  ‰шін 
мәтінді  өңдеудің  арнайы  ж‰йесі  қолданылады  (оларды  әдетте 
мәтіндік редакторлар деп атайды).  
Мәтіндерді  ЭЕМ-де  өңдеудің  негізгі  артықшылығы — ин-
формацияны  өзгерту,  көбейту  және  көшіріп  жазудың  же-
ңілдігі. ¶лкен мәтінге өзгерістер енгізгенде оның негізгі бөлімі 
өзгеріссіз  қалады  да,  өзгерістер  мәтіннің  өзгертілетін  шағын 
бөлігіне  ғана  енгізіледі.  Егер  мәтіннің  ‰зіндісі  ЭЕМ-нің  зер-
десіне  енгізілген  болса,  онда  оны  қайтадан  енгізбей-ақ,  басқа 
мәтіндерге  көшіріп  жазуға  болады.  Мәтін  енгізілгеннен  кейін, 
қанша  уақыт  өтсе  де,  кез-келген  уақытта  оның  жаңа  көшір-
месінің қажетінше бірнеше данасын басып шығаруға болады.  
ЭЕМ  мәтінге  қолданылатын  амалдарды  автоматтандыруға 
м‰мкіндік  береді,  мысалы,  б‰кіл  мәтіндегі  бір  сөзді  басқа 

 
15
сөзбен  ауыстыруға  (ол  сөз  қанша  рет  кезддескен  болса  да), 
мәтіннің  қажет  ‰зіндісін  немесе  белгілі  бір  суретке  сілте-
мелердің барлығын оңай табуға м‰мкіндік береді.  
Мысалы,  мәтінге  қосымша  бір-екі  сөз  қосып  жазу  керек 
болсын,  онда  б‰кіл  мәтін  қалқып  кетеді,  бұрын  бір  жолдан 
екінші  жолға  тасымалданып  жазылған  сөздер  енді  жолдың 
ортасында  болуы  м‰мкін,  ал  жол  ортасындағы  сөз — жолдың 
шетіне ауысуы м‰мкін. Жаңа сөздер қосылғаннан кейін ңтегісң 
мәтін алу ‰шін сөздердің жаңадан орналасу жағдайын есептеп, 
оларды  жолдары  бойынша  орналастыру  қажет.  Осындай 
творчестволық  емес,  техникалық  жұмысты  қазіргі  заманғы 
мәтінгдік  өңдеу  ж‰йелері  ешқандай  қиындықсыз  орындай 
алады (мұндай жұмыс — мәтінді қалыпқа келтіру (форматтау) 
деп аталады).  
ЭЕМ–де  мәтінмен  жұмыс  істегендей  тағы  бір  жақсы  м‰м-
кіндік — ол  өзгерістерді  кері  қайтару,  яғни  мәтіннің  алдыңғы 
к‰йлерін қалпына келтіру. Өзгерістерді кері қайтарудың көме-
гімен  қателесіп  өшірілген  жолдарды,  абзацтарды  және  тарау-
ларды қалпына келтіруге болады. Өзгерістерді кері қайтарудың 
көмегімен  қателесіп  өшірілген  жолдарды,  абзацтарды  және 
тарауларды қалпына келтіруге, мәтіннің өткен вариантына кері 
оралуына болады.  
Мәтін, бағыттаушы және терезе. Мәтіндерді өңдеу ж‰йеле-
рімен жұмыс істегенде экран сол арқылы мәтінді көріп отыра-
тын  терезенің  қызметін  атқарады.  Бұл  жағдайда  мәтінді 
«мәтіннің»  арғы  жағында  орналасқан  ұзын  қағаз  орамы  (сви-
ток) т‰рінде кескіндеген ыңғайлы.  
Бағыттаушы  (курсор)  деп  аталатын  арнайы  белгі  мәтіннің 
қай жеріне әріпті қою, өзгерту немесе қай жерінен әріпті алып 
тастауға болатындығын көрсетеді. Стрелкалары бар пернелерді 
баса  отырып,  курсорды  мәтін  бабымен  жылжытуға  болады. 
Терезенің  сыртында  қозғалған  кезде  курсор  терезенің  жақ-
тауына тіреледі де, оны жылжытады. Әрине, бұл жағдайда мо-
нитор  экраны  орнында  қалады,  тек  кескінделетін  мәтін  өзге-
реді. Курсор төмен жылжығанда, мәтін экран бойымен жоғары 
жылжып төмен т‰седі.  
Кейде  бірнеше  мәтіндермен  бірдей  жұмыс  істеу  керек  бо-
лады.  Бұл  жағдайда  экранда  бірнеше  терезе  бейнеленеді  және 
әрбір терезеде өзінің мәтіні кескінделеді.  

 
16
2.1. MS WORD мәтіндік құжат 
 
MS WORD — мәтіндік  құжаттарды  дайындауға,  т‰зетуге 
және  қағазға  басып  шығаруға  арналған  Wіndows  ж‰йесінің 
қосымша бағдарламасы. Ол, мәтіндік және графиктік мәлімет-
терді  өңдеу  барысында  ж‰зден  аса  операцияларды  орындай 
алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.  
Қазіргі  компьютерлік  технологияда  орындауға  болатын  кез 
келген  операция  бұл  ортада  ж‰зеге  асырыла  береді.  Мысалы, 
басқа  ортада  дайындалған  мәтіндік  фрагменттер,  кестелер, 
суреттер  сияқты  неше  т‰рлі  объектілерді  байланыстыра  оты-
рып  осы  ортаға  енгізуге  болады.  Мұнда  құжаттар  мен  кесте-
лерді  көрікті  етіп,  безендіруге  қажет  көптеген  дайын  ‰лгілер 
(шаблондар), стильдер, бірден орындалатын ішкі макробағдар-
ламалау  тілі,  қарапайым  графиктік  бейнелерді  салатын  құрал-
саймандар және т. с. с. орналасқан.  
WORD — редакторын  орнату,  оны  іске  қосу  және  оны-
мен жұмыс істеуді аяқтау 
WORD -пен жұмыс істеуді бастау ‰шін Wіndows ж‰йесінің 
басқа бағдарламалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инстал-
ляциялық) дискеттерден немесе компакт дискіден компьютерге 
жазып  орнатып  алу,  яғни  құру  керек.  Орнатылған WORD ре-
дакторын іске қосу біршене жолмен орындалады: 
1.
 
Басқару тақтасындағы іске қосу (Пуск) менюінің Атқару 
(Выполнить)  командасы  арқылы,  бұл  тәсіл  редактордың  қо-
сымша параметрлерін бекіту м‰мкіндігін береді.  
2.
 
Бағдарламалардың  Mіcrosoft Offіce  тобындағы WORD 
шартбелгісінде тышқанды екі рет басу арқылы.  
3.
 
Wіndows ж‰йесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пай-
далану арқылы.  
4.
 
WORD  редакторына  дайындалған  құжаттың  шартбел-
гісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет басу арқылы т. б.  
Редактормен  жұмысты  аяқтау  кез  келген  стандартты  тәсіл-
дермен ж‰ргізіле береді, мысалы: 
— Файл-Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы. 
— WORD негізгі терезесінің ж‰йелік менюіндегі Жабу (Зак-
рыть) командасын орындау арқылы. 

 
17
—  тышқан  курсоры  терезе  тақырыбы  аумағында  тұрғанда, 
курсорды  сол  жақ  шеттегі  ж‰йелік  меню  шартбелгісіне  алып 
барып, тышқанды екі рет басу немесе менюдің Жабу (Закрыть) 
командасын орындау арқылы. 
— редактор терезесінің тақырып қатарының оң жақ жоғар-
ғы бұрышындағы Жабу белгісіне (x) басу арқылы. 
— Тікелей Alt+F4 пернелерін басу арқылы.  
Егер  бағдарламамен  жұмысты  аяқтау  барысында  мұның 
алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, 
онда  редактор  экранға  қосымша  сұхбаттасу  терезесін  шыға-
рып,  өзгертілген  құжатты  дискіге  жазу  (Иә-Да)  керектігін,  не 
жазбауды (Жоқ-Нет) растауды өтінеді.  
WORD редакторының экраны 
Word  редакторының  терезе  элементтері  келесі  жолдардан 
тұрады: 
— тақырып жолы; 
— жатық меню; 
— саймандар тақтасы; 
— сызғыштар; 
— жағдай жолы; 
— айналым жолақтары; 
— құжатты көру және өлшемдеу режимдерінің саймандары. 
ЗАП-макрокомандаларды  жазу  (Записать)  режимі  іске  қо-
сылған екпінді к‰йде екенін көрсетеді.  
ИСПР — т‰зетулерді (Исправления) белгілеу режимі екпін-
ді  к‰йде,  олар  құжаттың  соңғы  нұсқасына  қандай  өзгерістер 
енгізілгенін білдіреді.  
ВДЛ-белгілеулерді  кеңейтетін  (расширить  выделения)  Ғ8 
пернесі  екпінді  к‰йде,  яғни  фрагментті  белгілеп  алып,  оны 
кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим белгілеулер көлемін 
Ғ8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөлемге 
т. б.) көрсетіп тұрады. Белгіленген көлемді кішірейту Shіft +f8 
арқылы, ал белгілеуді тоқтату Esc арқылы орындалады.  
ЗАМ-символдарды  ауыстыру  (заменить)  режимі  екпінді 
к‰йде, символдарды ығыстырып енгізу тәртібі (вставка) орын-
далса,  ол  сұр  т‰ске  боялады.  Бір  тәртіптен  екіншісіне  ауысу 
ІNSERT-ті басу арқылы ж‰ргізіледі.  

 
18
Көлденең орналасқан горизонталь белдеу (сызғыш) арқылы 
тышқан көмегімен мына әрекеттерді жасауға болады: 
— абзац алдындағы жаңа жолдың басын көсетуге болады 
—  беттің  сол  жақ  және  оң  жақ  шеттерінде  қалдырылуға 
тиісті бос орындар (поля) аумағын көрсетуге 
—  мәтін  ішіндегі  кесте  (таблица)  бағаналарының  (тік  жол-
дары) енін 
—  көлденең  табуляция  позицияларын  өзгертуге,  олардың 
жаңа мәнін бекітуге болады.  
Тік вертикаль белдеу (сызғыш) терезесінің сол жақ жақтауы 
бойында орналасқан.  
Көру  режимдерінің  саймандары  қалып  қатары  маңындағы 
көлденең  жылжу  алаңының  сол  жақ  шетінде  орналасады  да, 
мыналардан тұрады: 
— кәдімгі режим (обычный режим) сайман т‰рі — бұл көру 
режимі  келісім  бойынша  редакторға  кіргенде  бірден  орнаты-
лады. 
— беттерді белгілеу (разметка страниц) режимі мәтін қағаз-
да қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып 
есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді т‰зету өте ыңғайлы, өйт-
кені қағаз шеттері (поля) айқын көрініп тұрады 
—  құрылым  (структура)  режимі,  мәтінді  т‰йіндеп  құжатты 
толық  бейнелемей,  тек  тақырыптарын  көрсете  алады,  сол 
себепті  мәтін  тақырыптарын  бастан  аяқ  қарап  отырып,  оны 
бақылау м‰мкіндіктерін береді.  
Саймандар (инструменттертақтасы командалар мен іс-әре-
кеттерді  жылдам  орындау  ‰шін  ең  ыңғайлы  жағдай  жасайды. 
Оны  пайдалану  тышқан  тетігінің  немесе  соған  ұқсас  басқа 
сайманның  көмегімен  ж‰ргізіледі.  Саймандар  тақтасы  белгілі 
бір  команданы  орындау,  сол  командаға  сәйкес  сайманның  т‰-
рін тышқанмен басу арқылы орындалады.  
Стандартты және Форматтау саймандары, саймандар тақта-
сында  орналасқан.  Бұл  екі  тақтадан  басқа WORD редакто-
рында  бірсыпыра  әрекеттерді  атқаратын  (Сурет  салу,  Көмек 
алу т. б.) саймандар тақталары орналасқан.  
Терезенің  негізгі  элементінің  бірі,  бірнеше  мәтіндік  құжат-
тар  қатар  орналаса  алатын  терезелерден  тұратын,  ашық  т‰ске 
боялған жұмыс аумағы (рабочая область) болып саналады.  

 
19
“Құжатты ашу” сұқбат терезесінің м‰мкіндіктері 
“Құжатты  ашу”  терезесінің  немесе  Саймандар  тақтасында-
ғы сайманның белгісінің — қосымша м‰мкіндіктері: 

 
файлды іздеу; 

 
мәтінді құжатты ашу; 

 
файлды басқа орынға жылжыту; 

 
файлды қиып алу, алмасу буфері арқылы; 

 
файлдың көшірмесін алу; 

 
жарлық жасау; 

 
файлды өшіру; 

 
файлдың атын өзгерту; 

 
файлдың қасиеттерін қарап шығу; 

 
файлды ашпай-ақ оны жылдам көріп шығу; 

 
файлдағы мәліметті тек оқу ‰шін ашу; 

 
файлды қағазға басып алу; 

 
бумадағы файлдарды реттеу ‰шін. 
“Құжатты  ашу”  сұхбат  терезесі  кішігірім  информациялық 
— іздеу ж‰йесінің функциясын атқара алады. Көрсетілген бар-
лық  іс-әрекеттер  “Құжатты  ашу”  сұхбат  терезесінің  басқару 
тақтасы  мен  тышқанның  оң  жағы  арқылы  ашылатын  контек-
стік менюлер ж‰йесі көмегімен орындалады.  
“Құжатты ашу” терезесінің басқару тақтасы командасының 
атқаратын қызметтерін былай суреттеуге болады (солдан оңға 
қарай): 

 
Бір  деңгей  жоғары  шығу — бумалар  сатысымен  жоғары 
бір деңгейге көшу ісін атқару.  

 
Өз  бумаңды  ашу — пайдалануға  арналған  буманы  аша-
ды. Өз бумаңа салып қою.  

 
Майда белгілер — бумалар тізімін олардың шартбелгіле-
рі мен атын жазу арқылы көрсетеді.  

 
Кесте — бумалар тізімі кесте т‰рінде олардың соңғы өз-
гертілген мерзімімен бірге көрсетіледі.  

 
20

 
Қасиеттерін  көрсету — экранға  осы  құжат  туралы  мә-
ліметтерді  шығару:  жасалған,  не  өзгертілген  уақыты,  көлемі 
және т. б. мәліметтер.  
Ішкі мазмұнын шығару — құжатты экранда жылдам көр-
сетеді.  
Командалар  мен  режимдер — оқу,  қағазға  басу,  іздеу,  сұ-
рыптау командаларының тізімінен тұрады.  
Егер файл жөнінде, кесте т‰рінде берілген мәліметтер жет-
кіліксіз болса, онда қасиеттерін шығару командасына басу қа-
жет.  Сол  кезде  берілетін  қосымша  мәліметтерден  іздеп  отыр-
ған керекті файл осы екенін немесе осы емес екенін анықтауға 
болады.  
Ішкі  мазмұнын  шығару — командасын  пайдаланып  құжат-
ты  ашпай-ақ,  оны  бас  жағын  жылдам  көріп  шығуға  болады. 
Бұл м‰мкіндік іздеу ж‰йесі арқылы ішкі мәтінге ұқсас бірнеше 
файл  тапқанда  өте  қажет  болады.  Табылған  файлдар  ішінен 
керектісін оқи отырып анықтайды.  
Бос құжатты ашу 
Бос құжатты ашу ‰шін: 
1.
 
Файл-Жасау (Файл-создать) командаларын таңдау керек. 
Мұның  нәтижесінде  “Құжатты  ашу”  сұхбат  терезесі  пайда 
болады.  
2.
 
Сол терезеде “Кәдімгі ” т‰рін таңдап алып, ОК нұсқауын 
басу  қажет.  Осы  әрекетті  басқа  жолмен CTRL+N пернелерін 
немесе стандартты саймандар тақтасындағы “Жасау” (Создать) 
командасын басу арқылы да іске асыруға болады. Нәтижесінде 
“Кәдімгі”  т‰ріне  сәйкес  жаңа  құжат  ашылады,  бірақ  экранға 
сұхбат терезесі шығарылмайды.  
Дискіде бұрын жазылған құжатты ашу 
Ол ‰шін, мына тәсілдердің бірі қолданылады: 
— файлды ашу меню командалары 
— CTRL+О пернелерін қатар басу арқылы 
— стандартты саймандар тақтасындағы Ашу командасының 
сайманына басу 
“Құжатты  ашу”  терезесі  экранға  шыққанда, WORD-та  бұ-
рын жасалған дискінің ағымдағы бума ішіндегі құжаттар тізімі 
беріледі.  

 
21
Бұл терезе бірінші рет ашылғанда, экранға WІNWORD (не-
месе  Мои  документы)  бумасының  құжаттары  тізімі  шығады. 
Бірақ  терезе  ашыларда,  экранға  одан  өзге  бума  құжаттарында 
шығару  м‰мкіндігі  бар.  Ол  ‰шін  оларды  алдын  ала  Сервис- 
Параметрлер  меню  командаларының,  бұл  терезе  екінші  рет 
“Орналасу” деген парағындағы бірден ашылуға тиісті буманың 
аты  енгізілетін  өріс  қатарына  қажетті  буманың  атын  жазып 
қою керек.  
Дискідегі құжатты ашу ‰шін: 
1.
 
Файл-Ашу (Файл-открыть) меню командаларын орындау, 
сонда  экранға  “Құжатты  ашу”  терезесі  шығады.  Сол  терезеде 
көрсетілген бумадағы барлық файлдар тізімі көрінеді. Буманың 
өз аты сол терезенің Бума (Папка) деген өріс қатарында көрінуі 
тиіс. Керекті құжат аты тізім ішінде көрініп тұрғанда, оны таң-
дап алу қажет.  
2.
 
Егер  керекті  құжат  ағымдағы  бумада  жоқ  болса,  басқа 
бумалар  мен  дискілерді  көру  ‰шін  “Бума”  өріс  қатарындағы 
бағыттауыш  таңба  тұрған  сайманның  т‰рін  басса,  жаңа  тізім-
дер пайда болады.  
3.
 
Тізімнен  керекті  файл  бар  керек  дискіні  таңдап  алу. 
Мысалы, ол D: дискісі болсын. Сонда D: дискісінің барлық бу-
маларының  тізімі  төменгі  ‰лкен  терезеге  шығады.  Әр  бума 
атының  қасында  жабық  бума  тәрізді  пиктограмма  көрініп  тұ-
рады.  
4.
 
Бумалар тізімінен керектісін таңдаса, мысалы, TІNІS бу-
масын, сонда TІNІS сөзі жоғарғы өріс қатарына шығып, ал тө-
менгі  негізгі  терезеге  сол  TІNІS  бумасының  ішіндегі  мәлімет-
тер тізімі шығады.  
5.
 
Негізгі  терезедегі  бір  буманы,  мысалы, “CARІNA”,  таң-
далды. Енді бұл сөз жоғарғы өріс қатарына шығып, оның ішін-
дегі  файлдар  тізімі  төменгі  негізгі  терезеге  шығады.  Қайтадан 
жоғарғы деңгейдегі бумаларды қарау ‰шін арнайы сайманның 
т‰рін пайдалану керек.  
6.
 
Егер  керекті  файл  ашық  терезеде  тұрса,  онда  келесі 
қадамға  көшу  керек.  Әйтпесе  келесі  төменгі  деңгейдегі  ішкі 
бумаларға  көшіп,  солардың  ішіндегі  мәліметтерді  көру  қажет, 
т. с. с. керекті файл табылғанша саты бойынша төмендей беру 

 
22
қажет.  Ең  төменгі  файлдар  деңгейінде,  олардың  атына  сәйкес 
шартбелгісі мәтіні бар парақтарға ұқсап тұрады.  
7.
 
Ашылған  терезедегі  тізімнен  керекті  файлды  тышқан 
арқылы  таңдап  алып,  осыған  балама  тәсілі  ретіндегі  “Файл” 
атты өріс қатарына бірден файлдың атын енгізуге болады.  
8.
 
Соңында ОК-ды басу керек.  
Егер файл тұрағы белгілі болса, оны тауып алып ашу жеңіл, 
егер белгісіз болса, онда файлды ашу негізінен, оны іздеу про-
цесстеріне айналады.  
WORD  редакторы  соңғы  өңделген  бірнеше  файл  аттарын 
есте  сақтайды.  Әдетте  олар  Файл  менюінің  тізімдері  соңында 
орналасады.  Олардың  кез  келгенін  тышқанмен  белгілеп,  жыл-
дам  ашып  алуға  болады.  Жұмыс  істеген  құжатты  ашу  ‰шін, 
Файл  менюінің  тізімінен,  соған  сәйкес  файлдың  атын  таңдап, 
тышқанды  басу  жеткілікті.  Есте  сақталатын  файлдар  санын 
Сервис-Параметрлер командаларының ішіндегі “Жалпы” пара-
ғының көмегі мен алдын ала анықтап алуға болады.  
Басқа форматтағы файлдарды ашу 
WORD  редакторында WordPerfect, Works, WordStar, DOS 
ортасының WORD сияқты басқа бағдарламаларда дайындалған 
форматы  бөлек  файлдарды  да  ашуға  болады.  Ол  ‰шін  Файл- 
Ашу  (Файл-открыть)  командаларының,  Файл  типі  қатарында 
керекті  типті  таңдау  қажет,  немесе  барлық  файлдарды  көруге 
болатын  “Барлық  файлдар”  деген  қатарды  таңдап,  солардың 
ішінен қажеттісін таңдаса жеткілікті.  
Құжатты сақтау 
Мәліметті алғашқыда файлға жазып дискіде сақтау ‰шін: 
1.
 
Файл-Басқаша сақтау командаларын орындау немесе Ғ12 
пернесін басу арқылы.  
2.
 
Файл  аты  деген  өріс  қатарына  құжатқа  қойылатын  атты 
енгізіп, немесе WORD-тың ұсынған атын қабылдап, яғни жаңа 
ат енгізбесе де болады.  
3.
 
Шашырап шығатын төмен т‰сетін бума тізімін шығарып, 
алдымен дискіні таңдап алу керек. Оның аты жоғарғы кішкене 
терезеге  шығады,  ал  төменгі  негізгі  терезеде  сол  дискідегі 
бумалар  тізімі  көрінеді.  Бұл  жұмысты  орындағанда,  А,  В 
таңбаларымен  иілгіш  диск,  сондықтан  көбінесе  С,  Д  сияқты 

 
23
қатты  дискілерді  таңдаған  жөн,  оны  Диск  деген  өрісте  белгі-
леп, мысалы, Д дискісін таңдауға болады.  
4.
 
Бумалар  тізімінен  файл  орналастыратын  бума  атын 
белгілеп,  мысалы  TІNІS  атын  таңдауға  болады.  Белгіленген 
бума аты жоғарғы терезеде, ал негізгі терезеде — сол буманың 
TІNІS ішіне кірітін басқа бумалар мен файлдар тізімі тұрады.  
5.
 
Қабаттасқан  ішкі  бумалардан  да  керектісін  таңдап  алу 
қажет, мысалы, керектісі “CARІNA” ішкі бумасы болсын.  
6.
 
Бумалар деңгейлерін толық қарастырып керектісін 
таңдап алған соң, сақтау командасын басу қажет. Осылай 
сақталған құжатты кейіннен тауып алу өте жеңіл.  
7.
 
Мәтіннің құрамына кіретін, оны сипаттай алатын сөз тір-
кестерінде алуға болады, олар қасиеттер сұхбаттасу терезесіне 
енгізіліп,  кеійннен  өзгертуге  немесе  толықтырып  қоюға  бо-
лады.  Сервис  менюінің  ішкі  Статистика  парағы  өздігінен  тол-
тырылып отырады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет