Айгерім қҰдАЙБЕРГЕНовА
елбасы нұрсұлтан назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы «барша үшін тегін
кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталады. оған қатысу жас
қазақстандықтарға, әсіресе қыздарға, олардың өмірлерінде пайдаға асатын арқаулық еңбек
дағдыларын тегін алуға мүмкіндік береді.
Жамбыл политехникалық колледжінде
қыздарға лайықты өңіріміздің басым сала-
ларына қажетті «химиялық технология және
өндіріс», «үйлер мен ғимараттарды салу және
пайдалану», «сәндік-қолданбалы өнер және
халықтық кәсіпшілік» мамандықтары бой-
ынша кадрлар даярланады. Техникалық және
кәсіптік білім беруді дамыту арқылы қоғамда
орта таптың үлесі артады. Баршамызға
белгілі, орта тап кез келген мемлекеттегі
саяси-экономикалық және әлеуметтік
тұрақтылықтың кепілі. Бұл жоба ТМД
мемлекеттері түгілі, басқа дамыған мем-
лекеттерде де жоқ деуге болады. Жамбыл
политехникалық колледжі - халықаралық
жобаларды жүзеге асыруға қатысу арқылы
әлемдік тәжірибе жинақтаған оқу орны. 2008-
2011 жылдары экономист–бухгалтерлерді
дайындауда «Қыздардың (әйелдердің)
кәсіби білімі және ҚР Білім жүйесін ре-
формалау процесіне қолдау көрсету» қазақ-
герман жобасы табысты жүзеге асырылды.
2012-2014 жылдары ҚР Білім және ғылым
министрлігі («Кәсіпқор» Холдингі) және
Наньянг Политехник (Сингапур) арасында
өзара түсінісу жөніндегі Меморандум ая-
сында оқыту ұйымдастырылды. Колледж
Түркияның Халық білімі министрлігімен
(MoNE), Ынтымақтастық және келісімділік
агенттігімен (ТIKA) және Жапонияның
халықаралық ынтымақтастық агенттігімен
(JICA) ұйымдастырылған ІATE жобасын
жүзеге асыруға қатысты. Жобалар аясын-
да колледж оқытушылары біліктіліктерін
Сингапурда, Түркия елінің Стамбул, Измир
қалаларында арттырып келді. Сонымен қатар
«Қазақстан Республикасындағы техникалық
және кәсіптік білімді қолдау» Евроодақ
жобасы бойынша колледж оқытушылары
Германия елінде кәсіптік тағылымдамадан
өтті. «Техникалық және кәсіптік білімді
жаңғырту» жобасы аясында Дүниежүзілік
Банк Заемдарының қолдауымен 57 млн.
теңге грант ұтып алып, «өнеркәсіптегі
механоөңдеу, бақылау-өлшеуіш аспапта-
ры және автоматикасы» мамандығының
оқу базасы жаңартылды, оқытушылар
мен өндірістік оқу шеберлері Франци-
яда, Белоруссияда біліктілік арттыру
курстарынан және тағылымдамадан өтті.
Қыздар да жұМысшы
МаМандығын игеруде
Қоғамдық келісім – береке бастауы
елбасы ұсынған «ұлт жоспары – қазақстандық
арманға бастайтын жол» атты мақаласы елімізде 5
институционалдық реформаны іске асыруға бағытталған
«100 нақты қадам» – біздің бүгінгі басты бағдарламамыз
екені айдан анық.
Өңірде саяси тұрақтылық пен өзара
келісімнің арқасында барлық сала-
ны қамтыған реформалар ойдағыдай
ж ү з е г е а с ы р ы л уд а . Б ү г і н г і қ о л
жеткізген жетістіктер мен бағындырған
белестеріміздің барлығы осы ұлттар мен
ұлыстар арасындағы ауызбіршіліктің
арқасы деп нық сеніммен айта аламын.
Ерекше бір атап өтетін жағдай, 1995
жылы Қазақстан халқы Ассамблея-
сы құрылып, бұл институт елімізде
тұрып жатқан түрлі этностардың
бірлігі мен ынтымағын нығайтып
бекемдеуде аса зор рөл атқарды. Ассам-
блея 20 жыл ішінде қоғамдық келісімді,
тұрақтылықты нығайтуда ауқымды іс-
шаралар жүргізді. Ассамблея жаны-
нан «Достық үйі», «Қоғамдық келісім»
коммуналдық мемлекеттік мекемелері
құрылып, «100 нақты қадам» деп атала-
тын Ұлт жоспарында ұлтаралық татулық
мәселесіне басты назар аудара отырып,
86-қадамда Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді
жобасын жүзеге асыруда нақты жұмыстар
атқарды. Аймақтағы Қазақстан халқы
Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық
келісім» коммуналдық мемлекеттік
мекеме сі бүгінде 26 этно-мәдени
бірлестіктердің басын біріктіре отырып,
Елбасының «Ұлт жоспары - қазақстандық
арманға бастайтын жол» мақаласында
көрсетілген нақты тапсырмаларды
жүзеге асыру мақсатында өз жұмыстарын
бастап кетті. Мақаланың «Реформалар
табысы - ұлт бірлігіне бастар жол»
бөлімінде қазақстандықтардың азаматтық
біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға
бағытталған 4-ші реформаның мәні
ашық және нақты айтылған. Біртектілік
пен біртұтастық және тұрақтылықты
қалыптастыруда бүкіл жұмысымызды
біздер қоғамдық келісім, бірлік айнала-
сында атқаратын боламыз.
Р.БАУШЕНов,
«қоғамдық келісім» КММ
басшысының орынбасары.
Дуальдік оқыту жүйесі бойынша кол-
ледж оқытушылары шет елдерде - Гер-
мания, Сингапур, Финляндия, Түркия,
Ұлыбритания, Франция мемлекеттерінде
біліктіліктерін арттырды. Қазіргі таңда
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Трир
қаласының (Германия) Кәсіптік палатасының
ұсынысына сәйкес «электромеханикалық
құралдары техникалық пайдалану, қызмет
көрсету және жөндеу» мамандығы бой-
ынша «Кәсіпорындарда дуальдік оқытуды
ұйымдастыру» халықаралық жобасына
қатысудамыз.
Соңғы жылдары елімізде қыздардың
ерте есею үрдісі байқалып келе жатыр.
Статистикаға сүйенсек, бойжеткендердің
көбісі 19-22 жаста тұрмысқа шығады екен,
яғни орта мектепті бітіре сала, кейбір қыздар
отау құрады. Колледжде жұмыспен қамту
орталығымен бірлесе отырып «Барша үшін
тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жоба-
сы аясында келешек өмірінде өз орнын табуға
септігін тигізетін, қыздардың арқаулық еңбек
дағдыларын алу мүмкіндіктері зерделеніп,
экономика қажеттіліктеріне сай курстар ашу
жоспарлануда. Мұның әлеуметтік жағдайды
жақсартуға, жас бойжеткендерге жұмысшы
мамандығын аз уақытта игеріп, отбасын
асырауға ықпал ететіні анық.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «100 нақты
қадам» Ұлт жоспарының 77-ші қадамында
экономиканың алты негізгі саласы үшін 10
алдыңғы қатарлы колледж және 10 жоғары
оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу,
кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа
оқу орындарына тарату белгіленді. Осы
мақсатта ҚР Білім және ғылым министрлігі
және «Кәсіпқор»
Холдингі
жүргізген іріктеу
негізінде еліміздің
811 колледждері
ішінен таңдалған
10 колледждің
қатарына Жамбыл
политехникалық
колледжі еніп,
«Кәсіпқор»
Холдингі мен кол-
ледж арасында келісімшарт жасалды.
жанар оРЫНБАЕвА,
жамбыл политехникалық
колледжінің директоры.
он саусағынан бал тамған...
жоғары сапалы сәулетшілерді бүгінде өте қажет етеді өндірісте.
жас сәулетшілер-бітірушілердің жұмысқа орналасу үшін бүгін қандай
мүмкіншіліктері бар, қандай келешегі бар, оларға жұмыс орнында қандай
шарттар қойылады деген сұрақтар туындайды қоғамда.
ТарМУ «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің
«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының ұжымы жұмыс
берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл кездесуге
«СШЭжҚ» факультетінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі декан
орынбасары Е.Рүстем, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының
меңгерушісі К.Сұлтанаев, Тәжірибе және жұмысқа орналастыру
бөлімінің инспекторы П.Ильясова, «Кұрылысконсалтинг» ЖОФ АҚ
Ұлттық орталығының директоры Д.Медеттегі, «BS ARCHI GROUP»
ЖШС бас сәулетшісі Б.Сыздықов, «Тараз Аркон» ЖШС директоры
И.Момбеков, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының доценті,
т.ғ.к. Е.Ашимов, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының
оқытушылары, АРХ-211-1,3,5 топтарының студенттері қатысты. Жиын-
да Д.Медеттегі: «Біздің мекемеде бүгін ТарМУ-дың жеті түлегі жұмыс
істейді, оның ішінде үшеуі сәулетшілер. Сонымен қатар, мен біраз жыл
ТарМУ бітірушілерінің дипломдық жобаларына рецензент жұмыстарын
атқарып жүрмін. ТарМУ студенттері әртүрлі тәжірибелерін біздің
мекемеде өтуде» - деді.
- Жас мамандар жұмысқа орналасу үшін таңдаудан және сынақтан
өтеді. ҚР Еңбек Кодексі бойынша сынақ мерзімі үш ай болады.
Осы мерзімде жіберілген бөлім басшыларының байқауында және
қадағалауында жас маман жұмыс істейді. Сынақ мерзімі аяқталғаннан
соң, мекеме басшысы бөлім басшыларымен ақылдасып, жас маманды
жұмысқа тұрақты алуын немесе алмауын шешеді. Сонымен қатар оқу-
өндірістік тәжірибелерде республикамыздың және шет мемлекеттердің
тарихи сәулеттік ескерткіштерімен танысқандары өте зор, мұндай
шаралардан студенттердің біліктілігі жоғарылайды, - деді ол. «Жас
маман-сәулетші жұмысқа орналасуға келгенде, әртүрлі компьютерлік
сызу бағдарламаларын игеріп келуі тиіс: AUTOCAD, ATLANTIS,
LUMION, СORELDRAW, ARCHICAD. Сонымен қатар, жас маманның
жаңа ұжым мүшелерімен тіл табысуы, ол мекеменің бекітілген жұмыс
кестесін, тәртібін сақтауы да өте маңызды. Нормативтік құрылыс
құжаттарды игеріп, пайдалануды білгені міндетті. Тараз қаласында
құрылыс кезінде көптеген ережелер бұзылады, атап кетсек: орталық
алаңдағы ғимараттардың сыртқы әрлеу жұмыстары, Желтоқсан
көшесіндегі «Жүрек» медицина орталығы, Төле би даңғылындағы жаңа
қонақ үй ғимараты, Жамбыл даңғылындағы «Алматы» мейрамханасы.
Сонымен қатар, құрылыс кезінде көптеген өртке қарсы ережелер, жаңа
ғимараттардың құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде көшенің
бойындағы Бас жоспар бойынша құрылыс және қызыл сызықтары
ескерілмейді, осындай жағдайда көшенің бойында бір ғимарат алға
шығып, бір ғимарат артқа кетіп, сөйтіп заңсыз әрекеттер туындай-
ды. Біздің мекеменің есіктері оқу бітірушілерге дипломдық жобалау
кезеңінде консультациялар беруге, студенттердің өндірісте тәжірибеден
өтуіне қолдан келген көмек көрсету үшін әрқашанда ашық» - деді жи-
ында сөз алған Б.Сыздықов. Және басқосуда И.Момбекова, Е.Ашимов,
П.Ильясовалар өз пікірлерін білдіріп, «Сәулет және құрылыс өндірісі»
кафедрасының меңгерушісі К.Сұлтанаев қатысушыларға алғысын
білдірді.
М.НоҒАЙБЕКовА,
тарМУ «Сәулет және құрылыс өндірісі»
кафедрасының аға оқытушысы.
студенттерге жол сілтеді.
жас «бас Құрылысшыға»
жұМыс бар Ма?
9
// «Жамбыл - Тараз» // №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл //
болашақ
жас мамандарды
жұмыспен қамту - өзекті
мәселе. әсіресе, жоғары
яки арнайы оқу орнын
жаңа бітірген, игерген
мамандығына машықтанып
үлгермеген жастарға оңай
емес. оның үстіне, қаржылық
дағдарыс қыспаққа алған
мына заманда екі қолға бір
күрек табу - қиынның қиыны.
тигу-де «бітіруші- 2016»
жәрмеңкесі өтті.
Индира БАЙқоНЫС
Оған ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов,
облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
басшысының орынбасары Сейдахмет Сейтбе-
ков, қала әкімдігінің жастар қатысушылармен
жұмыс жасау бөлімінің басшысы Нұрлан
Қабылқұлов, қала және аудан мектептерінің
директорлары мен студенттер қатысты.
- Жалпы, Таразда үш жоғары оқу орны
бар. Оның екеуі мемлекеттік болса, жеке
меншігі тек ТИГУ. Біз заман ағымынан қалмай,
студенттерімізге жоғары сапалы білім беріп
келеміз. Бүгінде оқу орнымыздың 7 корпу-
сы бар. Биыл спорт кешеніміз пайдалануға
беріледі. Ал келесі жылы 370 студентке арналған
жатақхананың құрылысын бастайтын боламыз,-
деді ректор Ерболат Саурықов.
- Сіздер білесіздер, 2009 жылдан бастап жас
мамандарды жұмысқа орналастыру мақсатында
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қолға
алынды. 5-6 жылдың ішінде қаншама жастар өз
мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты.
Биыл аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін
республикалық бюджеттен біздің өңірге 38 мил-
лион 78 мың теңге бөлінді. Бұл қаржы 1500 адам-
ды қамтуды көздеп отыр,-деді облыс әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы басшысының орын-
басары Сейдахмет Сейтбеков.
Сейдахмет Сейтбеков жастарға «Ди-
пломмен ауылға» бағдарламасының да тиімді
тұстарын тәпіштеп түсіндіріп берді. Бұған
қос ол ҚР білім, денсаулық және халықты
әлеуметтік қорғау министрліктерінің ортақ
сайты ашылғанын, онда республика бойынша
бос жұмыс орындары жарияланып тұратынын,
жас түлектерге осы порталға өз түйіндемелерін
жіберуге кеңес берді.
Мұнан кейін университет ішіндегі бірқатар
факультеттердің декандары мен кафедра
меңгерушілері сөз алып, биылғы түлектер жай-
ында кеңінен мағлұмат берді.
Жиын аяқталғаннан соң, студенттер
жұмыс беруші білім мекемелеріне өздерінің
түйіндемелерін тапсырды. Жұмыс берушілер та-
рапынан бір байқағанымыз, мектептерге матема-
тика, физика, химия пәндерінің мұғалімдері аса
қажет екен. Мәселен, №23 мектеп директорының
орынбасары Жанболат Тұрысбеков өзі қызмет
атқаратын білім ордасына да физика мен матема-
тика пәндерінің мұғалімдері қажет екенін және
мектепте ер азаматтар аз болғандықтан, оларға
да сұраныстың жоғары екенін айтты.
- Әрине, жұмысқа келгенде жас мұғалімдер
көп нәрсені білмейді. Біз белгілі бір уақыт
арасында олармен келісімшартқа отырамыз.
Сол мерзімде өз-өздерін білікті жас маман
ретінде көрсете білген ұстаз тұрақты жұмысқа
қабылданады,-деді ол.
- Елбасының жүргізіп отырған көреген
саясатының арқасында Қазақстанда түрлі
бағдарламалар бар. Олардың қатарында
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы, «Ди-
пломмен ауылға» және үш министрліктің
бірлесе құрған порталында бос жұмыс орын-
дары жарияланып тұрады. Мен осы портал-
ды үнемі бақылап отырамын. Еліміздің қай
түкпірінен жұмыс табылса, қуана-қуана іске
кірісемін. Географ ретінде, отандық туризмнің
дамуына өз үлесімді қосқым келеді,-деді «гео-
графия» мамандығы бойынша төрт жыл бойы
білім алып, қолына дипломын алғалы отырған
Дастан Әбдеш.
Физик -
математиктер
сұранысқа ие
облыс әкімдігінің жастар мәселелері басқармасының мәліметінше,
облысымызда жастар саны 277 674 адамды құрайды. бұл жалпы халық
санының 25,3 пайызын құрап отыр. соның ішінде 108 731-ге жуық жас
қалада тұрса, 169 043-тен астамы ауылдық жерлерді мекен етеді. ал
олардың арасында жұмыссыз жүргендер 4,1 пайыз шамасында екен.
жастар ресурстық орталығының мүмкіндігі зор
Арайлым ШАБдЕНовА
Жастар – елді алға бастайтын қозғаушы күш. Демек, оларға қатысты кез келген мәселені шешу мемлекет
үшін, оның болашағы үшін аса маңызды. Еліміздің түкпір-түкпірінде тетігі іске қосылған Жастар ресурстық
орталықтары да әу баста, міне, осындай мақсатта, яғни оларды толғандырған түйіткілдердің түйінін тарқату үшін
құрылған еді. Жыл басында жұмыстарын бастаған облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің алғашқы
қадамы жеміссіз де емес. Оған дәлел, ағымдағы айдың басында аталмыш мекемеге жұмыс іздеп келген Әбілқайыр
Айтбай бүгінде орталықтың көмегімен жұмысқа тұрған.
– Мен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ды «мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша былтыр
тәмамдадым. Дипломымды қолға алып, маман атанғаннан кейін жұмыс табуым қиынға соқты. Достарым арқылы
Жастар ресурстық орталығының маған көмектесе алатынын естігенімде, құжаттарымды алып осында келдім.
Бүгінде мекеме қызметкерлерінің кеңесінің арқасында «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы Тараз қаласы
әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде алты айлық іс-тәжірибеден өтудемін. Мұндай орталық мен қатарлы барлық
жастарға зор мүмкіндік сыйлайтынына сенімім мол, – дейді Әбілқайыр Маратұлы.
қайырымдылық
10
// «Жамбыл - Тараз» // №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл //
тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 мейірімді іс» акциясы аясында №1 Қарттар және мүгедектер
үйіне Қ.сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері «әлем қандай ғажап!» атты концерт
ұйымдастырды.
Қариялардың аҚ батасын алды
ата балаға сыншы.
Арайлым БАқЫтжАНқЫзЫ
Аталмыш шараның басты мақсаты – балалардың бой-
ында еліміздің өркендеуіне үлесін қосқан қарттарымызға
деген құрмет пен қамқорлық сезімін қалыптастыру. Сах-
на шымылдығын «Тойла» әнімен ашқан өнерпаз жастар
қарттардың көңіл-күйін бір марқайтқаны жылы жүздерінен
байқалып-ақ тұрды. Әрбір көрсетілген қойылымға, шырқалған
ән мен биге қосылып тербелген әжелер мен аталар көздеріне
жас алды. Бұл – қуаныш жасы. Концерттік бағдарлама аясын-
да балалар үйінің тәрбиленушілерінен өзге осы мекеменің
қызметкерлері де өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында
«Мен, сен және ол» атты әсем әуенді барлық қатысушылар
хормен шырқап, қарттарға ізгі тілек жазылған әуе шарларын
сыйға тартса, үлкендер өнерпаз жастарға ақ баталарын берді.
бір жүректен мың жүрекке
жастар – ата-бабаларымыз салып кеткен
дара жолдың мұрагері, кешегінің тұяғы,
келешегіміздің тұтқалары. тарихымыз сенім
артқан иманды жастар – ұлт келбеті.
Ақерке БЕКқҰЛовА,
студент
Жалынды ықылас пен жасампаз iстiң
иесi – жастар. Жақсылық үшін, халық
үшін, елі үшін білек сыбана қызмет ететін
қуат негізі – жағаласса жыртқызбаған
жағасын, тайғақ кешсе тайдырмаған тағасын,
үлкенін құрметтеген арда алаштың қайсар
ұлдары жастарда. Қайсар рух пен қара
күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен
бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі
бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік
тұғырын биіктетті. Осындай дархан еліміздің
көк байрағының астында жақсылық пен
мейірімділік үшін қайырымдылықты жалау
еткен жастар бүгінде игі іс бастап, халыққа
жәрдем көрсетуде. Осы орайда, халықтың
ақ батасын алып жүрген «Жүректен
жүрекке» қайырымдылық қорын тілге
тиек етелік. Аталмыш қор Қазақстанның
барлық қалаларында өз ісін жүргізуде.
Ал «Жүректен жүрекке» Тараз қалалық
қорының құрылғанына небәрі екі айдан
астам уақыт болса да, 20-дан аса отбасыларға
жиі көмек көрсетіп, мүгедек балалар үйінің
бүлдіршіндерімен дос болып үлгерді. Бүгінде
жалғызбасты, көп балалы, денсаулығы
төмен, әлеуметтік жағдайы нашар, қандайда
болсын бір көмекке мұқтаж адамдарға
мейірім қолын созу мақсатында құрылған
еріктілер қорында 60-тан аса адам бар.
Әлбетте, жүректен жасалған бір жақсылық
мың жүрекке жетеді. Қайырымдылық – адам
жанының нұры. Игілік жасаған пенденің
жүрегі жібіп, нұрлана түспей ме? Жаратушы
Алла да қасиетті Құран Кәрімнің «Бақара»
сүресінің 148 аятында: «Жақсылық істеуде
жарысыңдар» деген. Қазіргі заманда кез
келген адам мейірімге мұқтаж. Алма-ке-
зек қоғамда жастар тәрбиесі елең еткізіп,
ортадағы қазақы дүниетанымымызға жат
түрлі оқиғалар қабырғаға тас боп бататыны
жасырын емес. Жастар – болашаққа апара-
тын алтын көпір. Осы алтын көпірді салу
жолында түрлі оқиғаларға кез боп жатамыз.
Бірақ бұл көріністерден жаныңды тыныш-
тандырып, жүрекке қуаныш, кеудеңе рух
ұялататын жалынды да иманды жастардың
болғаны – жеңіс!
Ақша құнсызданып, ел берекесі
қашқан кезеңде жастар жалау етіп алған бұл
бастама - құптарлық әрі қуантарлық іс. Әр
пайдалы амалдың артында рухани тәрбие
тұтқа боп тұратыны баршаға мәлім. Ал жас
бастаса, үлкендердің қолдауы – құламас
бәйтерекке тең. «Жүректен жүрекке» Тараз
қалалық қайырымдылық қоры өздеріне
алғаш қолдау білдіріп, ақылшы да бола
білген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойын-
ша өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің
имамдарына, қыздар сауат ашу курсының
ұстаздарына алғыстарын жеткізуде. Иман
ордасының қолдауымен қор әр жұма сай-
ын жәрмеңке өткізіп, түскен қаражатты,
әдетінше, мұқтаждарға жұмсайды. Айта
кетелік, жақында Мәуліт мерекесінде жастар
үлкен көлемді жәрмеңке жасап, қариялардың
батасына кенелді.
Алдағы уақытта қор мүшелері дәстүрлі
жәрмеңке жұмыстарын жандандырып,
мешітке тазалық жұмыстарын көбейтуді,
«10 мейірімді қадам» жобасы аясында
отбасыларға азық-түлік, дәрі-дәрмекпен
жәрдем көрсетуді, мұқтаждарға киім
үлестіруді, балаларды саяхатқа шығаруды,
тал егу, мүгедек балалар үйінде іс-шара
ұйымдастыру сынды істерді жоспарлап
отыр. Қоғамның белсенді мүшесі болып,
адам жанын мейірімділікке, бұқараны
жақсылыққа шақыруды көздеген жастар
бірігіп, жұдырықтай жұмыла игі іс атқаруға
қашанда әзір. Және қайырымдылыққа үлес
қосам дегендерге қор есігін айқара ашпақ.
Шын мұқтаждың разылығы жүректен
жүрекке жетіп, адам көңілі гүлдене түспей
ме? Ал мейірімді қоғам барда, мейірлі
болашақ үміт нұрын төгері сөзсіз. «Бір адам
құдық қазса, мың адам су ішеді» демей ме
дана халқымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |